Об утверждении Правил приема в Академию финансовой полиции Агентства финансовой полиции РК Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
ҚР Қаржы полициясы агенттiгiнiң Қаржы полициясы академиясына қабылдау Ережелерiн бекiту туралы Ескерту: Күші жойылды - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясының) Төрағасының 28.06.2006 N 108 бұйрығымен. Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2001 жылғы 18 мамырындағы N 366 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарына қабылдаудың бiртектi Ережелерiне сәйкес Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қосымша берiлген Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгiнiң Қаржы полициясы академиясына қабылдау Ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қаржы полициясы агенттiгiнiң кадр аппараттары осы бұйрықты зерделеудi және оқуға түсушiлерге дер кезiнде мәлiметтер берудi ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Қаржы полициясы академиясының бастығы оқуға түсуге үмiткерлердi қабылдауды бекiтiлген Ережелерге сәйкес қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Салық полициясы комитетiнiң 2000 жылғы 25 мамырдағы N 51 бұйрығының күшi жойылды деп саналсын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы полициясы агенттiгiнiң кадрлар басқармасының бастығы Қ.Т. Әбiлдинге және Қаржы полициясы академиясының бастығы (М.Ш. Қоғамовқа) жүктелсiн.
Басқа 6. Қаржы полициясы агенттiгi Қаржы полициясы академиясына қабылдау ережесі
Қаржы полициясы агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 6 маусымдағы N 80 бұйрығымен бекiтiлген Қаржы полициясы агенттiгi Қаржы полициясы академиясына қабылдау ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және бiлiм министрлiгiнiң 2001 жылғы 18 мамырындағы N 366 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Ғылым және бiлiм министрлiгiнiң 2001 жылғы 25 наурыздағы N 247 "Бiртектi ережелерiн бекiту жөнiндегi" бұйрығына қосымшалар мен өзгертулер енгiзуге байланысты осы ереже дайындалды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгi Қаржы полициясы академиясының (бұдан әрi - Академия ) күндiзгi оқыту бөлiмiне жалпы орта және жоғарғы кәсiптiк бiлiмi бар қаржы полициясы мен кеден қызметкерлерiне қойылатын талаптарға жауап беретiн қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Тармақ 3
3. Академияның тыңдаушылар құрамын қалыптастыру мамандарды дайындаудың мемлекеттiк сұранысына орай iске асырылады.
Тармақ 4
4. Академияның күндiзгi оқыту бөлiмiне түсетiн азаматтар кешендi тест түрiнде түсу емтихандарын тапсырады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Ғылым және бiлiм министрлiгiнiң мемлекеттiк бiлiм стандарты және тесттен өткiзу ұлттық орталығының технологиясы бойынша (бұдан әрi - МБО және ТӨҰО) кешендi тесттен өткен азаматтарға мемлекеттiк сертификат берiледi.
Тармақ 6
6. Академияға азаматтарды қабылдау, бекiтiлген реттiк 3 кезеңмен жүзеге асырылады: бiрiншi кезеңде - медицина, дене тәрбиесi және психологиялық көрсеткiштерi бойынша аумақтық мамандар даярлау талабын есепке ала отырып, Академияның қабылдау комиссиясы талапкерлер құрамын қалыптастырады; екiншi кезеңде - Академия мемлекеттiк бiлiм стандарты және тест өткiзу ұлттық орталығы әзiрлеген технологияға сәйкес кешендi тестiлеу түрiнде түсу емтихандарын өткiзедi; үшiншi кезеңде - Академияның мандаттық комиссиясы тыңдаушылар қатарына қабылдауды өткiзедi.
Тармақ 7
7. Талапкерлердiң талабы бойынша қазақша немесе орыс тiлдерiнде орта жалпы бiлiм беретiн мектептердiң бағдарламасына сай төрт пән бойынша кешендi тестер өткiзiледi. Тесттен өткiзудiң мiндеттi пәндерi болып табылатындар:
Тармақша 1
1) 021600 "Құқықтану" мамандығы бойынша Жалпы тарих - басымды пән Математика Қазақстан тарихы Қазақ немесе орыс тiлi
Тармақша 2
2) 080100 "Кеден iсi" мамандығы бойынша Жағрафия - басымды пән Математика Қазақстан тарихы Қазақ немесе орыс тiлi
Тармақ 8
8. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 30. Әрбiр тест тапсырмаларының дұрыс жауабы бiр ұпаймен бағаланады.
Тармақ 9
9. Кешендi тестке үш астрономиялық сағат бөлiнедi.
Тармақ 10
10. Тестi қайтадан тапсыруға рұқсат берiлмейдi.
Тармақ 11
11. Сырттай оқыту бөлiмiне кәсiптiк орта бiлiмi немесе жоғарғы кәсiптiк бiлiмi бар азаматтар қабылданады, қысқартылған бiлiмдiк бағдарламасы бойынша екiншi жоғарғы бiлiм алу ақылы негiзде жүргiзiледi.
Тармақ 12
12. МБО және ТӨҰО технологиясы бойынша әзiрленген мемлекеттiк құпиямен жұмыс iстеудi талап етпейтiн мамандықтарға кешендi тест өткiзу арқылы Академияның сырттай оқыту бөлiмiне оқуға түсушiлер ақылы негiзде жүзеге асырылады. Академияға кәсiптiк орта бiлiмi немесе жоғарғы кәсiптiк бiлiмi бар азаматтар қабылданады, қысқартылған бiлiмдiк бағдарламасы бойынша екiншi жоғарғы бiлiм алуды ақылы негiзде жүргiзудi Академияның қабылдау комиссиясы сұхбаттасу түрiнде жүзеге асырады. Көрсетiлген санаттардың оқу iсiнiң жұмысын ресiмдеу Академияда жүргiзiледi. Оқуға түсушiлер келесi құжаттарды тапсырады: арыз, 086-У нысаналы медициналық анықтама, Академияның қабылдау комиссиясымен куәландырылған бiлiмi жөнiндегi құжаттың көшiрмесi, 3х4 көлемдi үш бейнесуретi. Құжаттарды қабылдау оқуға түсушiнiң жеке куәлiгiнiң негiзiнде iске асырылады.
Тарау 2. 2. Оқуға қабылдауды ұйымдастыру
2. Оқуға қабылдауды ұйымдастыру
Тармақ 13
13. 15 шiлдеге дейiн талапкерлердiң жеке iстерiн қабылдау жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. 21-22 шiлде айына талапкерлердiң келуi жоспарланды.
Тармақ 15
15. 23-31 шiлде аралығында медицина, дене тәрбиесi және психологиялық көрсеткiштерi бойынша iрiктеу жүргiзiп Академияның қабылдау комиссиясы талапкерлер құрамын қалыптастырады.
Тармақ 16
16. Қаржы полициясы академиясы базасында өткiзiлетiн, Қаржы полициясы академиясына түсетiн тұлғаларға 2 тамызда кешендi тест өткiзу жүргiзiледi.
Тармақ 17
17. Қабылдау комиссиясының төрағасы - Академия бастығы оқуға түсушiнi тәртiп бұзғаны үшiн және басқа да мәтiндi себептер негiзiнде iрiктеушi органның өкiмiне қайтаруға құқылы.
Тармақ 18
18. Сырттай оқыту бөлiмiне келiп түскен жеке iстердi қабылдау 30 тамызға дейiн жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Тест өткiзу
3. Тест өткiзу
Тармақ 19
19. МБО және ТӨҰО әзiрлеген технология бойынша кешендi тест өткiзiледi.
Тармақ 20
20. МБО және ТӨҰО бойынша кешендi тестi өткiзу нәтижелерiн дайындау кешендi тест өткiзу орынында атқарылады.
Тармақ 21
21. Кешендi тесттен өтудiң нәтижелерi тест өткiзiлген күнi жарияланады.
Тармақ 22
22. Тест аяқталғаннан кейiн дұрыс жауаптардың кодтары iлiнедi.
Тармақ 23
23. Аймақтық комиссия тесттен өткiзiлгеннен кейiн үш тәулiк iшiнде кешендi тестер нәтижелерi бойынша әрбiр қатысушыға белгiленген үлгiде мемлекеттiк сертификат бередi.
Тармақ 24
24. Тесттен өткiзу нәтижелерiмен келiспеушi азаматтың тест нәтижелерiн қайта қарауды талап етiп арыздануға құқығы бар. Аймақтық комиссияның төрағасы бекiткен, аймақтық комиссияға тестiң нәтижесi жарияланғаннан кейiн шағым арыз бiр тәулiк iшiнде ұсынылады және қаралады.
Тарау 4. 4. Академияға қабылдау
4. Академияға қабылдау
Тармақ 25
25. Академияның тыңдаушылар қатарына қабылдау кешендi тест нәтижелерi, дене тәрбиесi дайындығының емтихан қорытындысы, медициналық және психологиялық көрсеткiштерi бойынша, сондай-ақ кадрларды даярлаудың территориалдық принциптерiн сақтай отырып Академияның мандаттық комиссиясының шешiмiмен қабылданады.
Тармақ 26
26. Қабылдау 3 тамызда өткiзiледi.
Тармақ 27
27. Мемлекеттiк сертификат ұпайларының көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда оқуға алынуға құқық беретiн жеңiлдiктер - жетiмдер және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, қайтыс болған және қызмет бабымен мүгедек болған қаржы полициясы мен кеден қызметкерлерiнiң балалары, үздiк аттестаты немесе үздiк дипломы барлар.
Тармақ 28
28. "Алтын белгiсiмен" марапатталған азаматтар, орта бiлiм, бастапқы кәсiптiк және орта кәсiптiк бiлiм беретiн ұйымдардың түлектерi, Құқықтану және Кеден iсi мамандықтарына сәйкес пәндер бойынша ғылыми және халықаралық олимпиадалар (I, II, III дәрежедегi дипломдармен марапатталған) мен республикалық жеңiмпаздар Академияға түсу үшiн кешендi нысандағы тест тапсыру емтихандарын тапсырмай-ақ қабылданады.
Тармақ 29
29. Кешендi тесттен өтуде 40 ұпайдан кем жинаған талапкерлер Академия тыңдаушыларының қатарына қабылдануға жiберiлмейдi.
Тармақ 30
30. Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешiмi Академия бастығының бұйрығымен ресiмделiнедi. Бұйрықтың көшiрмесi өндiрiстен қол үзiп оқуға қабылданғандардың жол сапарға шығуы, еңбек демалысы және сырттай оқуға түсушiлердiң басқа да жеңiлдiктер алуларына негiз бола алады.
Тармақ 31
31. Академияның тыңдаушылар қатарына қабылданбаған азаматтар iрiктеушi органдар өкiлеттiлiгiне жеке iстерiмен және қабылданбаған себептерi көрсетiлiп қайта жiберiледi.
Тармақ 32
32. Академияға қабылдаудың қорытындысы бойынша келесi есеп берiм ұсынылады:
Тармақша 1
1) Қаржы полициясы агенттiгiне бiр апта мерзiмi iшiнде: қабылдауды өткiзу және ұйымдастыру бойынша текстiк қорытынды қабылдау есебi, қабылдау туралы бұйрықтардың көшiрмелерi.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Ғылым және бiлiм министрлiгiне 10 күн мерзiм iшiнде: белгiленген нысандар және мерзiмдер бойынша ақпарат; қабылдауды өткiзу және ұйымдастыру бойынша мәтiндi қорытынды есеп; қабылдау туралы бұйрықтар көшiрмелерi.