Об утверждении Правил формирования, хранения и использования государственных ресурсов семян хлопчатника Күшін жойған
Басқа 0
Мақта тұқымының мемлекеттік
ресурстарын қалыптастыру,
сақтау және пайдалану
қағидаларын бекіту туралы
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________Б. Сұлтанов
2015 жылғы 28 шілде
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________ Е. Досаев
2015 жылғы 06 тамыз
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 7 шілдедегі
№ 4-3/610 бұйрығымен
бекітілген
Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органдар – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары;
Тармақша 2
2) мақта өңдеу ұйымы – меншiк құқығында мақта тазалау зауыты бар, шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеу жөнiнде қызметтер көрсететiн заңды тұлға;
Тармақша 3
3) мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстары – тұқымдық мақсаттар үшiн пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының тұқым материалына қажеттiлiгiн тұрақты қамтамасыз ету үшiн құрылған және арналған мақта тұқымының мемлекеттiк қорлары;
Тармақша 4
4) мамандандырылған ұйымдар – «Сатып алу және тауар интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ оларға сыйақы мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 қаулысымен айқындалған отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін және оның терең өңдеу өнімдерін сатып алуды, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу, тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар.
Тармақ 3
3. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану жергілікті атқарушы орган мен мамандандырылған ұйымдар арасында мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сенiмгерлік басқару жөніндегі үлгі шартын жасасу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 тіркелген) бекітілген мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мамандандырылған ұйымдар мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыруға, сақтауға және пайдалануға байланысты қызмет нәтижелерi бойынша жергілікті атқарушы орган белгiлеген тiзбе, нысандар бойынша және мерзiмдерде жергілікті атқарушы органға есептiлік бередi.
Тарау 2. 2. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану тәртібі
2. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру
1-параграф. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыру
Тармақ 5
5. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын қалыптастыруды жергілікті атқарушы орган мамандандырылған ұйымдар арқылы:
Тармақша 1
1) республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен аттестатталған өндiрушiлерден мақта тұқымын сатып алу;
Тармақша 2
2) бұрын берiлген тұқымдық несиелердi қайтару;
Тармақша 3
3) мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сатудан түскен қаражатқа аттестатталған өндiрушiлерден мақта тұқымын сатып алу жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарына жеткiзiлетiн мақтаның сорттық тұқымы Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген сорттарға жатуы, ал сорттық және себу сапалары бойынша мына талаптарға жауап беруi тиiс:
Тармақша 1
1) элита тұқымы – сорттық тазалықтың бiрiншi санаты және себу стандартының бiрiншi сыныбы;
Тармақша 2
2) бiрiншi-екiншi репродукция тұқымы – сорттық тазалықтың екiншi санатынан және себу стандартының екiншi сыныбынан төмен емес.
Тармақ 2. 2-параграф. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сақтау
2-параграф. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сақтау
Тармақ 7
7. Мақтаның мемлекеттiк тұқым ресурстары мақта өңдейтiн ұйымдарда бүлiнуден, басқа дақылдармен және сорттармен араласып кетуден толық сақтауды қамтамасыз ететiн арнайы бөлiнген қоймаларда сақталады.
Тармақ 8
8. Мамандандырылған ұйымдар мен мақта өңдеу ұйымдары мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарының сандық-сапалық сақталуын қамтамасыз етедi.
Тармақ 9
9. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сақтау жөнiндегi шығыстар оны өткізуден түскен қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Мақта өңдеу ұйымдары жергілікті атқарушы органға және мамандандырылған ұйымдарға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын сақтау жөнiндегі есепті бередi.
Тармақ 3. 3-параграф. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын пайдалану
3-параграф. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын пайдалану
Тармақ 11
11. Мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарын пайдалануды тұқымдық несие беру және сату, сондай-ақ мақта өңдеу ұйымына мақта тұқымын сақтау жөнiндегi көрсетілетін қызметке төленетiн ақы есебiнде беру арқылы мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Тұқымдық несиенi беру бөлiнетiн несие құнының 3 пайызын құрайтын мөлшердегi қайтару коэффициентiн ескере отырып, қайтарымдылық және коммерциялық негiзде жүргiзiледi.
Тармақ 13
13. Тұқымдық несие алу үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер (бұдан әрі – АШТӨ) мамандандырылған ұйымдарға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымдық несие алуға өтiнiш, жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, АШТӨ-нің алатын тұқым несиесін қайтару жөніндегі міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі үшін екінші деңгейдегі банктің кепілдікті шығаруға әзір екендігі туралы ниет-хатын және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкінің кепiлдiгiн тапсырады.
Мамандандырылған ұйымдар тапсырылған құжаттарды он жұмыс күні ішінде қарайды.
Оң шешім қабылданған жағдайда, мамандандырылған ұйымдар шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде АШТӨ-мен шарт жасасады, шартта АШТӨ-ге бір ай ішінде банктік кепілдік тапсыру көзделеді. Банктік кепілдік тапсырылғаннан кейін мамандандырылған ұйымдар оны екі жұмыс күні ішінде қарайды және үш жұмыс күні ішінде тұқымдық несие беру туралы өкім береді.
Теріс шешім қабылданған жағдайда, АШТӨ-ге бас тарту себебі көрсетілген үш жұмыс күні ішінде дәлелді жауап жолданады.
Тұқымдық несиенi беруден бас тарту жоғарыда көрсетілген құжаттардың толық болмау себептеріне байланысты болады.
Тармақ 14
14. Тұқымдық несиенi қайтару несие беру шартында көрсетiлген мерзiмдерде шиттi мақтамен, ағымдағы жылғы өнiм мақтасының сорттық тұқымымен немесе мақтаның мемлекеттiк тұқым ресурстарын сақтауды жүзеге асыратын мақта өңдеу ұйымдарына жеткiзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Мақта тұқымын сату алдын ала төлем немесе Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкiнiң кепiлдiгi бар болған жағдайда жүзеге асырылады. Мақта тұқымын сатып алу кезiнде сатып алушылар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандандырылған ұйымдарға мақта тұқымын сатып алуға өтiнiштi және жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн тапсырады.
Тармақ 16
16. Мақта тұқымын сақтау мерзiмi аяқталған жағдайда, мамандандырылған ұйымдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айырбастау шарты негiзiнде мақтаның мемлекеттiк тұқым ресурстарын айырбастауды жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Мамандандырылған ұйымдар жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарының болуы және қозғалысы жөнiнде ақпарат бередi.
Басқа 1
Мақта тұқымының мемлекеттiк
ресурстарын қалыптастыру, сақтау және
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
Нысан
201 _ жылғы _____ тоқсандағы мақта тұқымының мемлекеттiк
ресурстарын сақтау жөніндегі есеп
______________________________________________________
(мақта өңдеу ұйымының атауы)
Р/с №
Дақыл
Сорт
Көлемi (тонна)
Есептік құны (мың теңге)
кестенің жалғасы
Сапалық құрамы және сипаттамасы
Кондициялық тұқым (тонна)
Санаты
Репродукциясы
Себу стандартының сыныбы
Өнiмдiлiгi
Кондицияға жатпайтын тұқым (тонна)
1
2
3
элита
1
2
1
2
3
Басшы ________________ _________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Ескертпе: тоқсан сайын есептік тоқсан аяқталғаннан кейін 25-күні тапсырылады.
Басқа 2
Мақта тұқымының мемлекеттiк
ресурстарын қалыптастыру, сақтау және
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
Нысан
20__ жылғы «___» ________
Тұқымдық несие алуға
өтiнiш
Өтініш беруші _______________________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________________
Телефон, факс _______________________________________________________
________________________________ мақта өңдеу кәсіпорнында сақтауда
(атауы)
тұрған, _________________________ арналған ____________тонна көлеміндегі
(мақсатын көрсету) (жазбаша)
тұқымдық несиені беруіңізді сұраймын.
________________ 20 ____ жыл_________________________________________ (өтініш берілген күні)
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Өтініш беруші ____________ ___________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөр орны
Басқа 3
Мақта тұқымының мемлекеттiк
ресурстарын қалыптастыру, сақтау және
пайдалану қағидаларына
3-қосымша
Нысан
20__ жылғы «___» ________
Мақта тұқымын сатып алуға
өтініш
Өтініш беруші _______________________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________________
Телефон, факс _______________________________________________________
________________________________ мақта өңдеу кәсіпорнында сақтауда
(атауы)
тұрған, _________________________ арналған __________ тонна көлеміндегі
(мақсатын көрсету) (жазбаша)
мақта тұқымын сатуды сұраймын.
________________ 20 ____ жыл_________________________________________ (өтініш берілген күні)
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Өтініш беруші ____________ ___________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөр орны
Басқа 4
Мақта тұқымының мемлекеттiк
ресурстарын қалыптастыру, сақтау және
пайдалану қағидаларына
4-қосымша
Нысан
20_ жылғы «___»
__________ мақта тұқымының мемлекеттiк ресурстарының болуы және қозғалысы
Мақта өңдеу ұйымының атауы
20_ жылғы «___»______
мақта тұқымының
болуы
20_ жылғы
_______ _ _______
аралығындағы есепті
кезең үшін кіріс
20_ жылғы
_______ _ _______
аралығындағы есепті
кезең үшін шығыс
20_ жылғы
«___»______
мақта тұқымының
болуы
Басшы ________________ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Орындаушы ________________ _______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Ескертпе: мамандандырылған ұйым жергілікті атқарушы органға айына бiр рет 29-күнге дейін тапсырады.