О маршрутах и графиках движения автомобильного и электрического пассажирского транспорта Южно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Оңтүстiк Қазақстан облысы автомобильдiк және электрлiк жолаушылар көлiгiнiң жүру бағытымен кестесi туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 23.05.2000 № 225 шешімімен.
Жолаушыларды автомобиль және электр көлiктерiнде тасымалдау қызметiнiң нарықтық аясының одан әрi қарай дамуы, оның нәтижелi қызмет етуi, жүру сызбасының ашылуына, жабылуына, өзгеруiне байланысты қалыптасқан нормалар мен ережелердi сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдiк және атқару органдары туралы" Заңының 43-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 маусымдағы "Жалпы көпшiлiк пайдаланатын қалалық жолаушылар көлiгiн монополиясыздандыру туралы" Қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. "Жалпы көпшiлiк пайдаланатын қалалық автобус және троллейбус бағыттарын ұйымдастыру тәртiбi туралы" Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмшiлiгi көлiк Департаментi бастығы (Алиев М.У.) бекiтiлген Ережеге сәйкес, қалалық автобус бағыттарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiмiнiң орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары Қ. Iзбасқановқа жүктелсiн.
Басқа 4
Облыс әкімінің
1997 ж. 15 қыркүйектегі
№ 193 шешімімен бекітілді
Жалпы көпшілік пайдаланатын қалалық автобус бағыттарын ұйымдастыру тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1.1
1.1. Осы ереже жаңа немесе ішінара өзгертілген автобус немесе тролейбус бағыттарын ашу барысындағы даярлық жұмыстарын орындаудың дәйектілігін, сонымен бірге, сәйкес құжаттарды толтыру тәртібі қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы маусымдағы № 773 "Жалпы көпшілік пайдаланатын қалалық жолаушылар көлігін монополиясыздандыру туралы." Каулысына сәйкес және Қазақ ССР-ң автомобильдік көлік Министрлігінің 1983 ж-ғы 1 ақпандағы № 8 "Автобус бағыттарын ұйымдастырудың тәртібі туралы" бұйрығы негізінде жасалынды.
Тармақ 1.2
1.2. Оңтүстік Казақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің жолаушыларды тасымалдауды ұймдастыру жөніндегі бұйрықтар, өкімдер мен шешімдер Казақстан Республикасының Заң жобасы және осы Ережеге сәкес болуы тиіс.
Тармақ 1.3
1.3. Барлық тасымалдаушылар осы Ережені білуге міндетті және жетекшілікке алуы тиіс.
Тармақ 1.4
1.4. Осы. Ережені сақтау жауапкершілігі облыс әкімшілігінің көлік департаментіне және жолаушыларды тасымалдауды басқару Орталығына жүктеледі.
Тармақ 1.5
1.5. Автобус немесе троллейбус бағыттары қалыптасқан, үйлесімді түрде жабдықталған және автобустар немесе троллейбустардың соңғыдан бастапқы жүру пунктіне дейінгі қозғалысының мүмкіңдігінше қысқа жолы болып табылады.
Тармақ 1.6
1.6. Қалалық автобус және троллейбус бағыттарының бастапқы және
аралық аялдама пунктерінде жолаушылардың назарына автобустар мен
тролейбустардың кезеңдік жүру интервалы көрсетілген кесте ілінеді.
Қалалық автобустар мен троллейбустар аялдамасындағы жүру интервалы 15 минуттан астам көрсеткішінің құрамында аялдаманың аты, нөмірі және бағыттың аты, осы аялдамадан шығу уақыты көрсетіледі.
Тармақ 1.7
1.7. Автобус және троллейбус бағыттары мақсаттарына қарай халықты сапардағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы көпшілік пайдаланатын бағыттармен және ірі кәсіпорыңдар қызметкерлерін жұмысқа және жұмыстан тасымалдайтын арнайы бағыттар болып бөлінеді.
Тармақ 1.8
1.8. Қалалық бағыттарға қала сызығының шегінде өтетін автобус және бағыттары жатады.
Тармақ 1.9
1.9. Қалалық бағыттарда автобустар мен троллейбустардың қысқа мерзімдегі (үдеме қимыл сағаты) ең көп толымы отыру орындарының толуы және тұруға арналған алаңның 1 кв. м. пайдалы алаңға 8 адам туру есебінде мүмкіндік беріледі.
Тармақ 1.10
1.10. Автобус және троллейбус бағыттары қозғалу мерзіміне байланысты үздіксіз, мезгілдік және уақытша болып бөлінеді. Автобус және троллейбус қозғалысының үздіксіз бағытында олардың қозғалысы бүкіл жыл ішінде ұйымдастырылады, мезгілдік бағытта - жыл сайын белгілі бір мерзім (мезгіл) ішіңде.
Уақытша бағыттар белгілі бір уақытқа ұйымдастырылып, соңынан жабылады.
Тармақ 1.11
1.11. Автобустар қимылын ұйымдастыру сипатына қарай бағыттар кәдімгі
барлық аялдама пунктерінде тоқтайтын автобустар, жедел саны кемітілген
аялдамаларда тоқтайтын, экспрестік - соңғы пунктер аралығында аялдамасыз қатынас жасайтын бағыттар болып бөлінеді.
Тармақ 1.12
1.12. Әрбір қалалық автобустар мен троллейбустар бағытына 1-ден 100-ге дейін реттік номері беріледі. Экспрестік бағыттың нөміріне «Э» әріптік индексі қосылады.
Тармақ 1.13
1.13. Автобус немсе троллейбус бағытының ашылуымен даярлық жұмыстар бірге жүреді. Ол өзіне мыналарды қосады:
- қалалықтар сұрамын зерттеу.
- болуы мүмкін жолаушылар ағының анықтау.
- бағыттың ашылу орындылығының техникалық-экономикалық дәлелдемесін құрастыру.
- трассаның маршрутты таңдауы және МАИ-мен бірге жол шарттарын тексеру.
Тарау ii. II. БАҒЫТТЫН АШЫЛУ ТӘРТІБІ
II. БАҒЫТТЫН АШЫЛУ ТӘРТІБІ
Тармақ 2.1
2.1. Жаңа бағыттардың ашылуы және қимылдары бағыттық өзгеруі кестелердің ең көп санын және қалалық бағыттардағы қозғалғыш құрамның түрін қалыптастыратын шама шегінде жүзеге асады.
Тармақ 2.2
2.2. Жаңа автобустар мен троллейбустар бағытын ұйымдастыру былайша жүргізіледі:
- қалалық - қала Әкімнің шешімі бойынша, поселкі көлік Департаментінің бастамасы бойынша.
- арнайы - тасымалдаушының кәсіпорны мен ұйыммен келісім шартқа тұрү негізінде және көлік Департаментімен келісімде;
Тармақ 2.3
2.3. Маршрут жолын тексеру және аялдама пунктерінің орналасу жерін анықтау үшін комиссия құрылады, ол комиссияның құрамына:
- көлік Департаменті;
- жолаушылар тасымалдауды басқару Орталығы;
- МАИ органдары өкілдері кіреді.
Комиссия төрагасы болып көлік Департаментінің қызметкері тағайыңдалады.
Тармақ 2.4
2.4. Жаңа бағыттың ашылуы немесе қызметтегі бағыттың сызбасын өзгертілуі барысында ең бірінші кезекте қызметті тұтынушылар (жолаулар) қызығушылығы қарастырылады.
Тармақ 2.5
2.5. Шығыны көп , бірақ әлеуметтік маңызы бар бағыттарды ашу барысында шығынды өтеу мәселесі (дотация беру жолымен; жол ақысын қымбаттату, жеңілдіктер беру немесе салықтық бағасын кеміту және т.б.) қарастырылады.
Тармақ 2.6
2.6. Жаңа бағыттың сызбасының жасалуын, жүру кестесі мен техникалық-экономиқалық дәлелдемесін жолаушылар тасымалдауды басқару Орталығы шығарады.
2.7 Дайындалған мәлімет көлік Департаментінің талқылауына беріледі, одан соң бағыт қала поселкі Әкімімен бекітіледі, және ашық тендерге жіберіледі.
Тармақ 2.8
2.8. Жаңа бағытты ашуга қызығушы барлық тасымалдаушылар оның қызмет ету құқығына талаптануына болады, тендерге қатысу ақысын төлеуде төлемге бағыттың ашылуына кеткен ЖТБО-ң шығындары кіреді.
Тармақ 2.9
2.9. Тендер комиссиясының жеңімпазды анықтағаннан кейін, Тапсырыс беруші бағыттың қызмет етуіне мердігермен шарт жасасады.
Тармақ 2.10
2.10. Тендер комиссиясының шешімінен кейін технико-экономикалық дәлелдемесі, сызбасы, жүру кестесі, көліктің түр және бір данасы мердігерге, ал екінші данасы Тапсырыс берушіге берілетін ерекше шарттары бар бағыттың паспорты қарастырылады.
Тармақ 2.11
2.11. Қажеттілікке байланысты комиссия бір күн ішінде тендерге шығарылатын бағыттың экономикалық көрсеткіштерін нақтылау мақсатында бағытты жүргізіп байқайды.
Тармақ 2.12
2.12. Қазметтегі бағыттың жүру сызбасының өзгертілуі Тапсырыс берушінің (көлік Департаменті) осындай қажеттіліктерді анықтайтын жағдайлардың пайда болуына байланысты бастамасы негізінде жүзеге асады. (Жолаушыларды құрайтын жаңа объектілердің пайда болуы, кәсіпорындардың іске қосылуы, жаңа объектілердің соғылуы, белгілі бір көшелер бөлігінің жүгін жеңілдету және т.б.). Тендерде ұтып алынған бағыт сызбасының өзгертілуі жан-жақтың жазбаша келісімі негізінде жасалынады.
Тарау iii. III. БАҒЫТТАҒЫ ТАКСИЛЕР ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН БАҒЫТТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
III. БАҒЫТТАҒЫ ТАКСИЛЕР ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН БАҒЫТТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ
Тармақ 3.1
3.1. Бағыттагы таксилер қызмет ететін жол бағыттары жалпы көпшілік пайдаланатын бағыттарға көмекші болып табылады және жолаушылар көлігіне қызмет көрсету түрлері аясының кеңеюі мақсатын көздейді.
Тармақ 3.2
3.2. Жаңа бағыттардың ашылуы және қызметтегі бағыттардың өзгертілуі қалыптасқан кестелер санының шегінде жүзеге асады.
Тармақ 3.3
3.3. Барлық жол бағыттары қызметтегі жалпы көпшілік пайдаланатын бағыттаға параллель түрде ашылады. Бағыт нөмірі негізгідей сондай сандық белгіде болады, тек оның қасына "БТ" деген әріптік индекс қоса жазылады.
Тармақ 3.4
3.4. Облыс орталығында бағыттағы таксидің жалпы көпшілік пайдаланатын аялдамаларда жолаушылар тасымалдайтын көліктердің жиынтығы жанында (темір/жол вокзалы, Жоғарғы базар, "Озеро", Ордабасы алаңы, автовокзал) тоқтауға болмайды. Бағыттагы такси осы пункттердегі аялдамасын жалпы көпшілік пайдаланатын аялдамалардан 20 – 25 метр бері, не әрі ұйымдастыруы керек.
Тармақ 3.5
3.5. Жалпы көпшілік пайдаланатын бағыттарды толық бағыттағы таксилермен алмастыруга тыйым салынады. Қызметтегі жалпы көпшілік
пайдаланатын бағыттардың жүру сызбасы негізінде тасымалдаушыларға бағыттағы таксидің жол бағытын ашуына рұқсат беріледі.
Бірақ жалпы көпшілік пайдаланатын автобустардың орындайтын рейстер санының және сыйымдылығының 25 процент аспауы тиіс.
Тармақ 3.6
3.6. Жаңа бағыттардың ашылуы, қызметтегілерді істегі ережелер мен қалыптасқан кестелер саны негізінде тәртіпке келтіру көлік Департаментінің бастамасы бойынша жүзеге асырылып қала, поселкі Әкімдерімен бекітіледі.
Тармақ 3.7
3.7. Істегі негізгімен сәйкес келмейтін жаңа дербес бағыт ашылған жағдайда оған жалпы көпшілік пайдаланатын бағыттардың ашылуы үшін қалыптасқан тәртібі толығымен міңдеттеледі. Дербес жол бағытының бағыттағы таксиіне 100-ден 200-ге дейінгі нөмір беріледі.
Тарау iv. ІV. БАҒЫТТЫҢ ЖАБЫЛУ ТӘРТІБІ
ІV. БАҒЫТТЫҢ ЖАБЫЛУ ТӘРТІБІ
4.1 Бағыттың жабылу мәселесін осы бағытқа қызмет ететін тасымалдаушының бастамасы негізінде көлік Департаменті қарастырады. Бағыттың жабылу негіздемесі болып оның шығындылығы табылады. Егер, бағыттың әлеуметтік маңызы зор болатын болса, онда ол бағыттың басқа тасмалдаушыға берілу мәселесі, берілген маршрутқа жәрдем қаржы беру, жол ақысын қымбаттату немесе өтемақының басқа да түрлерін беру мәселесі қарастырылады.
Тармақ 4.2
4.2. Көлік Департаменті әлеуметтік маңызын жоғалтқан есебінде бағытты жабу немесе басқа тасымалдаушыға беру ұсынысымен шыға алады.
Бірінші жағдайда қала (поселкі) Әкімінің шешімімен жабылады. Егер бағыт тендерде тасымалдаушының ұтып алуымен байланысты болса, онда Тапсырыс беруші мен Мердігердің арасыдағы шарт екі жақтың келісімі бойынша жойылады. Екінші жағдайда көлік Департаментінің бұйрығы негізінде беріледі.
Тармақ 4.3
4.3. Тендерде ұтып алынған бағыттың сызбасының өзгертілуі жан-жақтың жазбаша келісмі негізінде бекітіледі.
Тармақ 4.4
4.4. Автобус бағытының ашылуы, сызбасының өзгеруі немесе жабылуы, автобустардың аялдама пункттерінің орналасуы және жұмыс тәртібі жөнінде халық жергілікті баспа арқылы және теледидар арқылы, автобустар немесе троллейбустар қимылының басталуына не аяқталуына 5 күн жетпей хабарланады.