Об определении критериев по выбору видов отчуждения районного коммунального имущества Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Акимовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 18 тамыздағы № 256
қаулысына қосымша
Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
№
Өлшемшарт атауы
Иеліктен айыру түрі
1
Мемлекеттің алдағы уақытта аудандық коммуналдық мүлікті бақылауда мүдделігінің болмауы
Аукцион түріндегі жекешелендіру
2
Аудандық коммуналдық мүлікті сату шарттарын белгілеу қажеттілігі (қызмет түрін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, еңбек ақы бойынша берешекті өтеу)
Тендер түріндегі жекешелендіру
3
Жалдаушылар (жалға алушылар) және сенімгерлік басқарушылар тиісті шартты тиісінше орындаған жағдайда
Тікелей атаулы сатылым