О создании в области межведомственной комиссии по вопросам борьбы с бедностью Күшін жойған
Басқа 0
Облыста кедейшілікпен күресу мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссия
құру туралы
Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ө өкімімен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы "Кедейшілікпен күресу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссия құру туралы" N305 Қаулысына сәйкес және 2000-2002 жылдарға арналған кедейшілікпен күресу мәселелері жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің жанынан кедейшілікпен күресу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Кедейшілікпен күресу мәселелері жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін (N1 қосымша).
Тармақ 3
3. Кедейшілікпен күресу мәселелері жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның құрамы бекітілсін (N2 қосымша).
Тармақ 4
4. Қалалар және аудандар әкімдері кедейшілікпен күресу мәселелері жөнінде осындай комиссия құрсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Е.Л.Тоғжановқа жүктелсін.
Басқа 1. Кедейшілікпен күресу мәселелері жөніндегі
облыстық ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Облыс әкімінің
2001 жылғы 11.06
N119 шешіміне N 1 қосымша
Кедейшілікпен күресу мәселелері жөніндегі
облыстық ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Кедейшілікпен күресу мәселелері жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссия (одан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 маусымдағы N833 Қаулысымен бекітілген 2000-2002 жылға арналған кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күресу жөніндегі бағдарламаның орындалу мониторингін жүзеге асыру мақсатында құрылды.
Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі актілерін, өзге де нормативті құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алатын облыс әкімі жанындағы ақылшы-кеңесші орган болып табылады.
Тарау ii. II. Облыстық ведомствоаралық комиссияның міндеттері және қызметі
II. Облыстық ведомствоаралық комиссияның міндеттері және қызметі
Комиссияның негізгі міндеттері мен қызметі:
- облыстағы кедейшілікке тән аспектілерді зерттеу;
- облыстағы әлеуметтік қорғау жүйесі жағдайын талдау;
- қазіргі кездегі аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі бағдарламаның тиімділігін талдау;
- тұрғындардың кедей бөліктеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге қайырымдылық, демеушілік құралдарды қатыстыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге көмек көрсету;
- қоғамдық бірлестіктер үшін халықаралық қайырымдылық ұйымдар көмектерін қатыстыру және тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- кедейшілікпен күресу міндеттерін ескеретін және тұрғындардың кедей бөлігінің мүдделерін ескере отырып, жергілікті бюджеттерді құру жөніндегі ұсынымдарды қоса алғанда облыстық деңгейде жоспарлау тетіктерін енгізу, кедейшілік проблемаларын шешуге, ақпараттық және жұмыс тәжірибесімен алмасумен байланысты жергілікті атқару органдарының басқару қызметін (және оны бағалау критерийлерін) жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- әлеуметтік қызмет көрсетулерді және кедейшілік деңгейін төмендетуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
- кедейшілікпен күресу жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстардағы облыстық ведомстволар мен басқармалар арасындағы талас жағдайларды шешуге көмек көрсету.
Тарау iii. III. Облыстық ведомствоаралық комиссия құқықтары
III. Облыстық ведомствоаралық комиссия құқықтары
Комиссия:
Тармақ 1
1. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қызмет көрсетулерді жетілдіру және кедейшілік деңгейін төмендету жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу үшін мүдделі мемлекеттік органдар мамандарын қатыстыра отырып, жекелеген мәселелер бойынша жұмысшы топтар құруға;
Тармақ 3
3. Комиссия құзырына қатысты мәселелер жөнінде заңды тұлғалардан қажетті ақпараттарды заңмен белгіленген тәртіп бойынша сұрауға;
Тармақ 4
4. Комиссия мүшелері отырысында Комиссия құзырына қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардардың жауапты өкілдерін тындауға құқылы;
Тармақ 5
5. Заңмен белгіленген тәртіп бойынша Комиссия құрамын өзгерту туралы ұсыныс енгізуге;
Тармақ 6
6. Комиссияға қатысты мәселелер шешуге қатыстыруға құқылы.
Тарау iv. IV. Облыстық ведомствоаралық комиссияның қызметін ұйымдастыру
IV. Облыстық ведомствоаралық комиссияның қызметін ұйымдастыру
Комиссияны төраға басқарады. Жұмысты ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, Комиссияның ұсынымдарын дайындауды комиссия хатшысы жүзеге асырады.
Комиссияның жұмысшы органы облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы болып табылады.
Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, алайда тоқсанына кем дегенде бір рет өткізіледі.
Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу орнын және уақытын Комиссия мүшелерімен келісім бойынша Комиссия төрағасы белгілейді әрі нақтылайды.
Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен қабылданады және ол қабылданған болып табылады.
Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатқа ие болады.
Тарау v. V. Облыстық ведомствоаралық комиссия қызметін тоқтату
V. Облыстық ведомствоаралық комиссия қызметін тоқтату
Комиссия қызметін тоқтату негіздері:
Тармақ 1
1. Комиссия қызметі мерзімінің өтіп кетуі;
Тармақ 2
2. Комиссияға жүктелген міндеттерді орындау;
Тармақ 3
3. Бұрын Комиссиға жүктелген міндеттері жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе өзге де комиссия құру;
Тармақ 4
4. Комиссия міндеттерін орындауға мүмкіндік тудырмайтын немесе олардың орындалуын мақсатсыз ететін өзге де жағдайлар.
Осы тармақта көрсетілген жағдайлар болған жағдайда Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Комиссияның жұмысшы органы болып табылатын басқарма Қарағанды облысының әкіміне облыс әкімінің тиісті шешімінің жобасын енгізеді.
Осы тармақта көрсетілген тәртіп Комиссия құрамы мен функцияларына өзгертулер енгізу қажет болған жағдайда да қолданылады.
Басқа 2. Кедейшілікпен күресу мәселелері жөніндегі
облыстық ведомствоаралық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің
2001 жылғы 11.06
N119 шешіміне N 2 қосымша
Кедейшілікпен күресу мәселелері жөніндегі
облыстық ведомствоаралық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Тоғжанов Ералы
Лұқпанұлы
- облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Тармақ 2
2. Әбілаев Әнуар
Ерғазыулы
- облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы, комиссия
төрағасының орынбасары;
Тармақ 3. Комиссия мүшелері:
3. Үрістенова Марбан
Жакеновна
- экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас
басқармасының талдау және жоспарлау бөлімінің
бастығы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Тармақ 4
4. Абт Николай
Викторович - "Оргкомитет МЖК" ЖАҚ бас директоры, облыстық
Мәслихат депутаты
Тармақ 5
5. Андреева Вера
Михайловна
- мәдениет департаменті бастығының орынбасары
Тармақ 6
6. Бүркеева Светлана
Маратовна
- облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және
әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының
орынбасары
Тармақ 7
7. Дю Борис - Қарағанды облыстық аумақтық қоршаған ортаны
қорғау басқармасы бастығының орынбасары
Тармақ 8
8. Ивкин Александр Михайлович - мүгедектердің ерікті қоғамының төрағасы
Тармақ 9
9. Кирсанов Евгений
Александрович
- "Жолаушылар көлігін басқару қызметі" облыстық
коммуналдық мелекеттік кәсіпорын директоры
Тармақ 10
10. Қасқырбаева Ғалия
Наханбекқызы
- облыстық статистика басқармасы бастығының
орынбасары
Тармақ 11
11. Краскова Любовь
Степановна
- аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі
аймақтық қордың атқарушы директоры
Тармақ 12
12. Кенжебаев Нұрлан
Жақсыбайұлы
- денсаулық сақтау басқармасы бастығының
орынбасары
Тармақ 13
13. Молотовник
Аделаида Константиновна
-облыстық қаржы басқармасы
бастығының орынбасары
Тармақ 14
14. Мәжитов Темірболат
Мәжитұлы
- облыстық ауыл шаруашылығы
департаменті бастығының орынбасары
Тармақ 15
15. Мештаев Ахат
Даниярұлы
- облыстық білім беру департаменті бастығының
орынбасары
Тармақ 16
16. Нұрахметова Гаухар
Сердалықызы
- облыстық отбасы және әйелдер істері жөніндегі
комиссия хатшысы
Тармақ 17
17. Сидоров Ввячеслав
Михайлович
- "Испат-Кармет" ААҚ КД кәсіподақ комитеті
бірлестігінің төрағасы
Тармақ 18
18. Фомин Николай
Алексеевич
- облыстық монополияға қарсы комитет
директорының орынбасары