Об утверждении Правил приема сточных вод в системы водоотведения населенных пунктов Күшін жойған
Басқа 0
Елді мекендердің су бұружүйелеріне ағынды сулардықабылдау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-1-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице - министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күнтезбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі
№ 546 бұйрығымен
бекiтiлген
Елді мекендердің су бұру
жүйелеріне ағынды суларды қабылдау
қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау ережесі (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы
9 шілдедегі Су кодексінің 37-1-бабына 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және елді мекендердің су бұру жүйелеріне (бұдан әрі – су бұру жүйесі) ағынды суларды қабылдау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ағынды суларды қабылдау – тұтынушылардың су бұру жүйелеріне ағызатын ағынды суларын жинауды, тасымалдауды, тазалауды және бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
Тармақша 2
2) бақылау құдығы – тұтынушының (қосалқы тұтынушының) ағынды суларының сынамасын іріктеуге және оның көлемін есепке алуға арналған оның су бұру жүйесіне қосылуы алдындағы тұтынушының су бұру желісіндегі соңғы құдық;
Тармақша 3
3) бақылау сынамасы – су бұру жүйесіне бұрылатын өнеркәсіптік ағынды сулардың құрамын анықтау мақсатында (зиянды заттардың және олардың шоғырлануының болуы) бақылау құдығынан алынған өнеркәсіптік ағынды сулардың сынамасы;
Тармақша 4
4) есептеу құралы – нормаланған метрологиялық сипаттамасы бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын әрі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген су көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;
Тармақша 5
5) зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануы (бұдан әрі – ЗЗЖБШ) – тұтынушының су бұру жүйелеріне ағызатын өнеркәсіптік ағынды суларының құрамындағы зиянды заттардың жол берілетін шамасы;
Тармақша 6
6) қосалқы тұтынушы – меншігінде немесе өзге де заңды негізде тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылған су бұру жүйелері бар және оның жүйелерін шарт негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 7
7) қызмет көрсетуші – сумен жабдықтау мен су бұрудың толық технологиялық үдерісін жүзеге асыратын және тұтынушыларға сумен жабдықтау және су бұру жөнінде қызметтер көрсету мақсатында елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін пайдаланатын, сондай-ақ тұтынушылардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйіне техникалық қадағалауды жүзеге асыратын, тұтастай алғанда елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің дамуын реттейтін және бақылайтын су шаруашылығы ұйымы (сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорны);
Тармақша 8
8) май сүзгіш – құрамында май бар ағынды суларды су бұру желісіне ағызу алдында оқшау тазалауға арналған құрылғы;
Тармақша 9
9) оқшау тазарту құрылыстары – тұтынушының өзінің ағынды суларын су бұру жүйесіне ағызу алдында оларды тазартуға арналған құрылыстары мен құрылғыларының жиынтығы;
Тармақша 10
10) өнеркәсіптік ағынды сулар – жеке немесе заңды тұлғалар суды өндірістік мақсатта пайдаланғаннан кейін ағызатын ағынды сулар;
Тармақша 11
11) ағынды суларды жаппай ағызу – су бұру жүйесіне өнеркәсіптік ағынды суларды шығынды 1,3 еседен астам ұлғайтып және зиянды заттардың жол берілетін шектен 2 еседен астам шоғырландырып ағызу;
Тармақша 12
12) су бұру желілері – су бұруға арналған құбыржолдар, коллекторлар, арналар және олардағы құрылыстар жүйесі;
Тармақша 13
13) елді мекеннің су бұру жүйесі – елді мекеннің ағынды суларын жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
Тармақша 14
14) су бұру жүйесіне шығару – ғимараттан немесе құрылыстан су бұру желісіндегі бірінші құдыққа дейінгі құбыржол;
Тармақша 15
15) тазарту құрылыстары – елді мекеннің ағынды суларын қабылдауға, зарарсыздандыруға, тазартуға және табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызуға арналған, сондай-ақ шөгінділерді өңдеуге және кәдеге жаратуға арналған құрылыстар;
Тармақша 16
16) тұтынушы – меншігінде немесе өзге де заңды негізде су бұру жүйелері бар, су бұру жүйелеріне қосылған және қызмет көрсетушінің су бұру қызметтерін келісім-шарт негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 17
17) тұтынушының су бұру жүйесі – тұтынушының меншігіндегі немесе өзге де заңды негіздегі және ағынды суларын жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
Тармақша 18
18) шартты түрде таза ағынды сулар – сапасы оларды өнеркәсіптік сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға немесе су объектілеріне қосымша тазартпай ағызуға мүмкіндік беретін ағынды сулар.
Тарау 2. 2. Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау тәртібі
2. Елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау тәртібі
Тармақ 3
3. Су бұру жүйелеріне:
құрамында топырақ, құм, құрылыс және тұрмыстық қоқыстар, май және құбырларды, құдықтарды бітейтін заттар бар сулар;
құрамында оқшау тазарту құрылыстарының тұнбалары, өндірістің қатты қалдықтары бар сулар;
айналымдық және қайталап сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға жататын сулар (бассейндер мен бұрқақтардан аққан сулар, бу конденсаты, кәріз және шартты түрде таза ағынды сулар);
өнеркәсіп алаңдарының аумағынан аққан жер үстіндегі ағын су;
жаңбыр, еріген, табиғи және суғару-жуу сулары;
мұз сынықтары және қар;
бөлінудің әр түрлі кезеңіндегі радионуклидтерден тұратын сулар қабылдауға жатпайды.
Тармақ 4
4. Су бұру жүйесіне Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексі талаптарының негізінде олардағы қолданылатын тазарту технологиясына сәйкес тазарту құрылғыларындағы тазартуға жататын ағынды суларды қабылдауға жол беріледі.
Тармақ 5
5. Су бұру жүйелерінің жұмыс қабілетіне қауіп төндіретін, келесі келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтыратын заттар (материал) бар, ағынды сулар су бұру жүйелеріне қабылдауға жатпайды:
Тармақша 1
1) су бұру объектілерін зақымдану және жұмыс тәртібін бұзатын келесі себептер:
канализациялық жүйелерге, басқада құрылыстар мен жабдықтарға коррозияны жоятын, абразивті немесе механикалық әсер ететін;
канализациялық жүйелерде және тазартқыш құрылыстарда өртке қауіпті, жарылыс қаупі және токсикалық газды ауа араластары;
су бұру жүйелерінің тазартқыш құрылыстарында ағынды суларды тазартудың биологиялық процесін бұзатын, сонымен қатар тазартуға көнбейтін, тұрақты, токсикалық, биожинақталған заттардың ағынды суларда болуы себебінен;
Тармақша 2
2) су бұру жүйелерінің сенімділікті және тоқтатапай қызмет етуін бұзатын, сонымен қатар жұмыс су ағымына қарсы келтіруді туғызатын және жүйдердің бөлінуінің азаюы салдарынан;
Тармақша 3
3) су бұру жүйелерін қарап жүрген персоналдарға денсаулыққа кері әсер тигізетін жағдай тудыратын;
Тармақша 4
4) қоршаған ортаға қауіпсіз шөкпені пайдаға асыру жағдайы мүмкн болмаған жағадайда.
Тармақ 6
6. Суды коммуналдық-тұрмыстық тұтыну үшін пайдаланатын тұтынушылардан (жеке тұлғалар) ағынды суларды қабылдау шектеусіз жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұтынушылардың су бұру желілері немесе жүйелері су бұру желілеріне қосылғанға дейін май сүзгіштермен жабдықталады.
Тармақ 8
8. Су бұру жүйелеріне қосылмаған тұтынушылардың шығарылатын коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік ағынды суларын қабылдау жабдықталған төгу пункттерінде жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік ағынды суларды бірлесіп бұру және тазарту мүмкіндігі тазарту құрылыстарының қазіргі бар технологияларын ескере отырып, соңғысының құрамымен анықталады.
Тармақ 10
10. Елді мекеннің коммуналдық-тұрмыстық ағынды суларымен бірлесіп бұруға және тазартуға жататын өнеркәсіптік ағынды сулар су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстарының жұмысын бұзбауы, су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстары элементтерінің материалына қиратушы ықпал етпеуі және температурасы 40°С-тан аспауы және олардың құрамында:
су бұру жүйесінің желілері мен құрылыстарында жарылыс қауіпті және улы газдар мен қоспаларды жинауға қабілетті жанғыш қоспалар, қышқылдар, улы және ерітілген газ тәрізді заттар;
су бұру жүйесінің элементтерін ластайтын немесе оларға шөгетін заттар мен бұйымдар;
ЗЗЖБШ мәндерінен асатын және ағынды суларды биологиялық тазартуға кедергі келтіретін зиянды заттар;
тиісті пайдалану түріндегі су айдындарының суында шекті рұқсат етілген шоғырлану мәндері белгіленбеген заттар;
минералды ластанулар;
қауіпті бактериялық ластанулар;
500 мг/л астам өлшенген және балқитын заттар;
ерітілмеген майлар, сондай-ақ шайыр мен мазут;
оттегін химиялық тұтыну оттегін биохимиялық тұтынудан (бұдан әрі – ОБТ) (толық) 1,5 еседен асатын заттар
қышқыл ерітіндісі pH 6,5 – 9,0 сыртында;
кәсіпкерлік бөлмелерде және тазартқыш құрылыстарының аймағының жұмыс зонасының ауасын ластауға әкілеіп соқтыратын, сасық және басқа ұшатын заттар көлемі.
қауіпті бактериялық және вирусты ластаулар (санитарлық эпидемиологиялық талаптармен рұқсат берілген заттарды қоспағанда);
тазартқыш ауаның (шаң газ тазартқыш жабдықтар), техникалық су дайындау станциясының қалдықтары, сонымен бірге қазандықтардың, жылу электр станицяларының қалдықтары, ион алмасудың шайыры, активтенген көмір, су дайындау жүйелерінің концентрациялық регенерациялық ертінділері;
мал соятын жерлердің және қайта өңделген еттердің әр түрлі қатты қалдықтары, каныга, тұтас қан, былғары және терінің қайта өңделген қалдықтары, мал шаруашылығы, аң шаруашылығы және құс шаруашылығы қалдықтары, сонымен бірге нысаптар болмауы тиіс.
Тармақ 11
11. Су бұру жүйесіне өнеркәсіптік ағынды суларды қабылдау:
өнеркәсіптік ағынды суларды қабылдау үшін су бұру жүйесінің жеткілікті қуаттылығы;
өнеркәсіптік ағынды суларды тазарту технологиясымен қамтамасыз ету ағып келетін ластануларды шекті жол берілетін ағызудың (бұдан әрі - ШЖБА) нормативтік талаптарына дейін жою;
қызмет көрсетушінің техникалық шарттарының талаптарын орындау;
тұтынушының өнеркәсіптік ағынды суларының оларда ЗЗЖБШ-ның болу талаптарына сәйкестігі жағдайлары кезінде жол беріледі.
Тармақ 12
12. Осы Қағиданың 10-тармағының талаптарын қанағаттандырмайтын тұтынушының (қосалқы тұтынушының) өнеркәсіптік ағынды сулары ЗЗЖБШ-ға қол жеткенге дейін оқшау тазарту құрылыстарында алдын ала тазартылуға жатады.
Тармақ 13
13. Өнеркәсіптік ағынды суларда таза, шартты түрде таза және басқа суларды қоса отырып, ЗЗЖБШ-ға қол жеткізуге жол берілмейді.
Тармақ 14
14. Су бұру жүйесіне қабылданатын өнеркәсіптік ағынды сулардағы ЗЗЖБШ-ны есептеу кезінде қызмет көрсетуші мынадай талаптарды басшылыққа алады:
ОБТ бойынша бағаланатын органикалық заттардың болуы зертханалық жолмен бақыланады, бұл ретте су бұру жүйесіне ағызылатын өнеркәсіптік ағынды судың ОБТ тазарту құрылыстарына ағып келетін және оларды жобалау кезінде қабылданған өнеркәсіптік ағынды сулардағы ОБТ-дан асып кетпеуі тиіс;
тазарту құрылыстарында жойылатын зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген су объектілеріне тазартылған өнеркәсіптік ағынды сулардың ШЖБА нормативіне сәйкес анықталады;
тазарту құрылыстарында жойылмайтын зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануы су объектілерінің суындағы олардың ЗЗЖБШ және коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік ағынды сулар көлемдерінің ара қатынасына байланысты анықталады.
Тармақ 15
15. Тазарту құрылыстарына ағып келетін өнеркәсіптік ағынды сулардың құрамында тазарту құрылыстарының жұмысы үшін жол берілмейтін болып табылатын зиянды заттардың шоғырлануы анықталған кезде қызмет көрсетуші оларды анықтаған күні бұл туралы жазбаша түрде немесе телефонограммамен мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарға хабарлайды. Қызмет көрсетуші бір уақытта бақылау талдауларын жүргізеді және осы ағызуға жол берген тұтынушыларды анықтайды.
Тармақ 16
16. Өнеркәсіптік ағынды суларды талдау нәтижелері бойынша ЗЗЖБШ асып кеткен кезде тұтынушы өнеркәсіптік ағынды суларды су бұру жүйесіне ағызуын тоқтатады және ластануды ЗЗЖБШ-ға дейін төмендету жөнінде жедел шаралар қабылдайды. Ластанудың артуын тудырған себептерді жойғаннан кейін қызмет көрсетуші сынамаларды қайта алуды жүргізеді.
Тармақ 17
17. Бірыңғай ластанулар кездесетін бірнеше кәсіпорындардың өнеркәсіптік ағынды суларын жалпы оқшау тазарту құрылыстарында тазартуға жол беріледі.
Тармақ 18
18. Тұтынушылардың су бұру жүйесінде өзара іс-әрекеті эмульсиялардың, улы немесе жарылыс қаупі бар газдардың, сондай-ақ үлкен мөлшердегі ерімейтін заттардың (құрамында кальций немесе магний және сілтілі ерітінділердің тұздары, сода мен қышқыл сулар, натрий және су сульфиді, құрамындағы сілтілер, хлор, фенол шектен тыс өнеркәсіптік ағынды сулар) пайда болуына алып келуі мүмкін өнеркәсіптік ағынды сулардың бірігуіне жол берілмейді.
Тармақ 19
19. Қышқыл және сілтілі өнеркәсіптік ағынды сулар су бұру жүйесіне ағызғанға дейін бейтараптандыруға немесе орталандыруға жатады.
Тармақ 20
20. Өнеркәсіптік ағынды суларды су бұру жүйелеріне қабылдау бақылау құдығы арқылы жеке-жеке шығарып жүзеге асырылады. Өнеркәсіптік ағынды сулардың шығыны және сапасын бақылау үшін көрсетілген шығарулар құрылғылармен жабдықталады. Көрсетілген су бұру қызметтерінің көлемі ағынды суларды есептеу құралының көрсеткіштері бойынша анықталады.
Тармақ 21
21. Тұтынушы пайдалану кезеңінде пайдаланылатын су бұру жүйелерін ақаусыз күйінде ұстайды және су бұру жүйесіне ағызылатын өнеркәсіптік ағынды суларға талдау жүргізеді.
Тармақ 22
22. Су бұру жүйелеріне өнеркәсіптік ағынды суларды ағызуды жүзеге асыратын тұтынушылар қызмет көрсетушінің тұтынушының өнеркәсіптік ағынды суларынан сынамалар алуды, талдауды және олардың көлемін есепке алуды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 23
23. Өнеркәсіптік ағынды сулардың құрамын талдауды жүргізу үшін сынамаларды қызмет көрсетуші (өндірістік бақылау үшін) немесе тұтынушы (жол берілетін шоғырланудан артық шоғырлануда зиянды заттарды ағызуға жол бермеу үшін) оқшау тазарту құрылғылары кешеніне дейін және одан кейін алады, ал олар болмаған кезде бақылау құдықтарында, сондай-ақ су бұру желісіне әрбір шығару бойынша бақылау құдықтарында ағызылатын өнеркәсіптік ағынды сулардың мөлшерін өлшеу жолымен алынады.
Тармақ 24
24. Тұтынушылардың су бұру жүйелеріндегі өнеркәсіптік ағынды сулардың сынамаларын алуды қызмет көрсетуші тұтынушының өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады.
Қызмет көрсетуші ағынды сулардың сынамаларын алудың графигін тоқсан ішінде бір реттен аз емес анықталады.
Тармақ 25
25. Өнеркәсіптік ағынды сулардың сынамалары мен талдауларын жоспарлы алуды жүргізу қызмет көрсетушінің есебінен, ал тұтынушының тапсырысы бойынша оның есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Тұтынушы қызмет көрсетушінің жазбаша талабы бойынша бұрылатын өнеркәсіптік ағынды сулардың көлемі, сапалы құрамы және оларды әрбір шығару бойынша су бұру жүйесіне ағызу режимі туралы мәліметтерді ұсынады.
Тармақ 27
27. Өнеркәсіптік ағынды суларды жаппай ағызуға жол берілмейді.
Тармақ 28
28. Өнеркәсіптік ағынды суларды жаппай немесе авариялық ағызуға жол берген тұтынушы бұл туралы жазбаша түрде немесе телефонограммамен қызмет көрсетушіге тез арада хабарлайды және өнеркәсіптік ағынды суларды жаппай немесе авариялық ағызудың салдарын жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Тармақ 29
29. Қызмет көрсетуші тұтынушылардың өнеркәсіптік ағынды суларын жаппай немесе авариялық ағызу жағдайлары туралы оларды анықтаған күні мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына және қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарға хабарлайды.
Тармақ 30
30. Су бұру жүйесіне нөсер және тасқын суларды қабылдауды қызмет көрсетуші осындай ағызуды жүзеге асыратын тұтынушымен жасалған нөсер және тасқын суларды қабылдауға арналған шарт негізінде жүргізеді.