О безопасности граждан на водоемах области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың өзен-көлдерінде азаматтардың қауіпсіздігін сақтау туралы
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 04.12.2006 № 328 қаулысымен.
Жыл сайын алынып отырған шараларға қарамастан облыстық өзен-көлдерiнде қайғылы оқиғалардың саны азаймай отыр.
Көпшiлiк демалатын орындар мен жағажайлар адамдардың суға кету қауiпсiздiгiн сақтау нормаларына сай жабдықталмайды, онда профилактикалық шаралар жеткiлiксiз жүргiзiледi.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-III ЗРК Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабының талаптарына сәйкес және "Табиғат және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" 1996 жылғы 5 шiлдедегі N 19-I ЗРК Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабын басшылыққа ала отырып облыс әкiмияты облыстық өзен-көлдерiнде азаматтардың қауiпсiздiгiн сақтау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Орал қаласының және аудандардың әкiмдерi облыстың өзен-көлдерiнде азаматтардың қауiпсiздiгiн сақтауды қамтамасыз етудiң нақты шараларын алып, "Батыс Қазақстан облысының өзен-көлдерiнде азаматтардың қауiпсiздiгiн сақтаудың мiндеттi ережелерi туралы" 1999 жылдың 6 қаңтарында N 21-4 облыстық мәслихат-жиналысы бекiткен шешiмiне сәйкес өзен-көлдердiң жағалауындағы демалыс орындарында арнаулы жағажайлар жасап, жүзу құралдарын жалға беретiн пункттер ашуды қалыпқа келтiрсiн.
Облыстық санитарлық-эпидемиялық және суға кеткендердi құтқару қызметi мекемелерiнiң берген дайындық актiлерiнсiз демалыс орындарын ашуға жол берiлмесiн.
Тармақ 2
2. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Тыныбеков) жағажайларда және оның аумағында қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық суға кеткендердi құтқару күзетi (Ним) штаттағы құтқару постыларын, станцияларды әзiрлеу, балаларға арналған жағажайлардың тереңдiгiн байқау, олардың әзiрлiгiн тексерiп жағажайларға паспорттар берудi ретке келтiрсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық бiлiм басқармасы (Қасымбеков) балалардың демалыс лагерлерiнде балаларды жүзуге үйретудi ұйымдастырсын және "Өзен-көлдерде азаматтардың қауiпсiздiгiн сақтаудың мiндеттi ережелерi" жөнiнде нұсқаулар өткiзсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқармасының бастығы А. Ф. Маючийге жүктелсiн.