Об утверждении Правил направления государственных служащих на подготовку, переподготовку и повышение квалификации за рубеж Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру үшін шет елге жіберу Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы"   Заңының 5 бабы 1 тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру үшін шет елге жіберуге ұсынылып отырған ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Мемлекеттік қызметтерді кадрлық қамтамасыз ету Департаментіне (В.А. Цойға) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі келісілген Бұйрығымен бекітілген 2001 ж. 2 шілде
Басқа 4. Шет елдерде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеруге жiберу Ережесi
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік Төрағасының 2001 жылдың 16 мамыр N 02-2-4/81 Шет елдерде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеруге жiберу Ережесi
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңының 5 бабы тармағының 7) тармақшасына сәйкес жасалынды және шет елдерде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және білiктілiгiн көтеруге /бұдан әрi - оқытуға/ жiберудің шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Шет елдерде мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту былайша жүзеге асырылуы мүмкiн:
Тармақша 1
1) халықаралық келiсiмдер негiзiнде;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк қызметшiлердi мемлекеттiк және әлеуметтiк бағдарламалары ауқымында;
Тармақша 3
3) шет ел үкiметтерінің, халықаралық ұйымдардың және тағы басқалардың шақыруы бойынша.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк қызметшiлердi шет елдерде оқыту мына қаржы көздерi есебiнен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк бюджет қаржысынан;
Тармақша 2
2) әртүрлi халықаралық ұйымдардың, оқу орталықтарының, халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдардың әрi донор - елдердің қаржысынан;
Тармақша 3
3) қолданылып жүрген заңда тиым салынбаған басқа да қаржылардан.
Тармақ 4
4. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар /бұдан әрi - мемлекеттiк органдар/ шетелдiк ұйымдардан оқуға шақыру алғаннан кейiн 3 жұмыс күн iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi Агенттiкке /бұдан әрi - Агенттiк/ тиiстi ақпараттарды жолдайды.
Тармақ 5
5. Агенттiк, егер шақыру қағазы адрестiк /атаулы/ болса және мемлекеттiк органның нақты жобасын /бағдарламасын/ iске асыруға бағытталған жағдайлардан басқа, ұсынылып отырған оқыту тақырыбы және қызмет мамандығына сәйкес, жетi күнтiзбелiк күн iшiнде осы ақпараттарды басқа мүдделi мемлекеттiк органдарға жолдайды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттiк қызметшiнi шет елде оқытуға iрiктеу және жiберу, оқытуға қажеттілiктi айқындау негiзiнде, кандидаттардың еңбектерiн ескере отырып тиiстi мемлекеттiк органдар, Агенттiкпен келiсе отырып жүзеге асырады. Мемлекеттiк қызмет кадрлерiн есеп және мониторинг жүргiзу және төмендегi мемлекеттiк қызметкерлердi шет елге оқуға жiберу талаптарын ұстану мақсатында, мемлекеттiк органдар Агенттiкке ұсынылып отырған үмiткерлер тiзiмiн ұсынады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттiк қызметшiлердi шет елдерде оқытуға жiберу кезiнде төмендегі шарттар сақталынуы тиiс:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк қызметшi өзiн шет елде оқытуға жiберетiн мемлекеттiк органда жұмыс iстейтiн болуы керек;
Тармақша 2
2) оқытудың тақырыптық бағдарламасы мен курстары атқаратын лауазымдық қызметтiк мiндеттерiне немесе үмiткердің мамандығына сәйкес және мемлекеттiк органның негiзгi бағыттарына, мақсаттары мен мiндеттерiне жауап беруi тиiс;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк қызметшi оқуды аяқтағаннан кейiн мемлекеттiк органның басшылығына мiндеттi түрде есеп бередi.
Тармақ 8
8. Мемлекеттiк қызметшi шет елде оқуды аяқтағаннан кейiн 30 күнтiзбелiк күн iшiнде мемлекеттiк органның кадрлық қызметiне iссапар, оқытудың бағдарламасы туралы есеп беруге және тиiстi оқудан өткендiгiн айғақтайтын құжаттар /диплом, сертификат, куәлiк ж.т.б./ көшiрмесiн тапсыруға мiндеттi.
Тармақ 9
9. Мемлекеттiк органдар келесi жылдың 10 қаңтарына дейiн бекiтiлген үлгi /1 қосымша/ бойынша жылдың қорытындысы бойынша шет елде оқып жатқан қызметкерлер тiзiмiн Агенттiкке бередi.
Тармақ 10
10. Шет елде даярлаудан, қайта даярлаудан және бiлiктiлiгiн көтеруден өткен мемлекеттiк қызметшiлер туралы мәлiметтер Агенттіктің деректер жүйесiне енгізiледi.
Басқа 24. Шет елдерде даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін көтеруге өткен мемлекеттік қызметшілер туралы мәлімет
N 1 қосымша Шет елдерде даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін көтеруге өткен мемлекеттік қызметшілер туралы мәлімет ____________________________________________________________________ Облыстың (Астана, Алматы қалаларының), мемлекеттік органдардың атаулары 200 ___ жылдың қорытындысы бойынша ____________________________________________________________________ Р/ Қызметкер. Кате. Құры.  Курс. Ел    Өткі. Қаржы. Оқуды Серти. Ес N  дің тегі,  го.   лымдық тың   және  зу    ланды. ұйым. фикат  кер аты, әке.  риясы бөлім. атауы өткі. мер.  ру     дас.  куә.  ту сінің аты       шесімен       зу    зімі  көзі   тыру. лігі атқара.       орны               шылар (серти. тын                                    фикат лауа.                                  нөмі. зымы                                   рі) ____________________________________________________________________  ____________________________________________________________________