Об утверждении Правил предоставления в аренду и доверительное управление водохозяйственных сооружений, обеспечивающих водоснабжение городов и сельских населенных пунктов Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-1-бабының 8-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _____________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 26 тамыз
Басқа 8. Қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау мен су бұруды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға алу және сенімгерлік басқаруға беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілде № 555 бұйрығымен бекiтiлген Қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау мен су бұруды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға алу және сенімгерлік басқаруға беру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау мен су бұруды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға алу және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі 37-1-тармағының 8-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және коммуналдық меншiктегi қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды және су бұруды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын (бұдан әрi – жалға алу (сенімгерлік басқару) объектісі) жалға алу және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) басқару органы – акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган;
Тармақша 2
2) жалға алу (сенімгерлік басқару) бойынша тендерге қатысушы –мемлекеттік емес заңды тұлға, сондай-ақ тендерге қатысуға жіберілген жеке тұлға;
Тармақша 3
3) жалға алу (сенімгерлік басқару) объектісі – қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтаумен қамтамасыз ететін су шаруашылығы ұйымдарының мүліктік кешені, акцияларының пакеті (қатысу үлесі), сондай-ақ қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін сумен жабдықтау және су бұру жүйелері немесе олардың элементтері;
Тармақша 4
4) жалға алу теңгерімін ұстаушы – жалға алу объектісі жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;
Тармақша 5
5) жалға алу (сенімгерлік басқару) шарты – жалға беруші (сенімгерлік басқару) құрылтайшысы мен жалдаушы (сенімгерлік басқарушы) арасында жасалған жалға алу (сенімгерлік басқару) шарты;
Тармақша 6
6) жалға беру бойынша тендер – жалға беруші өзі ұсынған бастапқы шарттар негізінде жалға беруші үшін ең жақсы шарт талаптарын ұсынатын тендерге қатысушылардың бірімен шарт жасасуға міндеттенетін тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін объектілерді жалға беру жөніндегі сауда-саттық нысаны;
Тармақша 7
7) жалға беруші (сенімгерлік басқару құрылтайшысы) – жергілікті атқарушы орган;
Тармақша 8
8) жалдаушы (сенімгерлік басқарушы) – жалға берушімен (сенімгерлік басқару құрылтайшысымен) жалға беру (сенімгерлік басқару) шартын жасасқан жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
Тармақша 9
9) кепілдік жарнасы – жалға алу (сенімгерлік басқару) бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақша сомасы;
Тармақша 10
10) сенімгерлік басқару бойынша тендер – мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы үшін ең үздік шарт талаптарын ұсынған тендерге қатысушылардың бірімен оның ұсынған бастапқы шарттарының негізінде мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы шарт жасасуға міндеттенетін сенімгерлік басқару объектісін сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттық нысаны;
Тармақша 11
11) тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжай бойынша Интернет желісінде орналасқан, мемлекеттік мүліктің жалға беру шарттары бойынша тізілім деректеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс (одан әрі – тізілім).
Тарау 2. 2. Қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін жалға алу (сенімгерлік басқару) объектілерін жалдауға (сенімгерлік басқаруға) беру тәртібі
2. Қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін жалға алу (сенімгерлік басқару) объектілерін жалдауға (сенімгерлік басқаруға) беру тәртібі
Тармақ 3
3. Жалға алу (сенімгерлік басқару) объектісін беру туралы шешімі жалға берушімен (сенімгерлік басқару құрылтайшысымен) қабылданады. Жалға алу (сенімгерлік басқару) объектілері жалдауға (сенімгерлік басқаруға), мерзімі бес жылдан қырық тоғыз жылға дейін, оларды пайдалану мерзіміне байланысты, кейінгі сатып алу құқығысыз беріледі.
Тармақ 4
4. Шартпен белгіленген мерзімі өткеннен кейін жалға алу (сенімгерлік басқару) шартының қолданылуы тоқтатылады.
Тармақ 5
5. Жалға алу (сенімгерлік басқару) объектілерін жалға алу (сенiмгерлiк басқару) тендер негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Жалға алу (сенімгерлік басқару) объектілерін нысаналы мақсаты бойынша одан әрi пайдалану оларды жалға алудың (сенiмгерлiк басқаруға берудiң) мiндеттi шарты болып табылады.
Тармақ 7
7. Жалға алу (сенімгерлік басқару) объектілерін жалдауға (сенiмгерлiк басқаруға) беру кезiнде: технологиялық циклдың сақталуын қамтамасыз ету; сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін тиісті пайдалануды қамтамасыз ету, судың ысырабын қысқарту; озық технологияларды, энергия тиімді жабдықты енгізу; табиғатты қорғау іс-шараларын өткізу; жаңа жұмыс орындарын құру немесе бар санын сақтау; белгіленген уақыт мерзімі ішінде сенімгерлік басқару объектісі бойынша мәмілелерді жасасу немесе айқындалған әрекеттерді болдырмау; жалға алу (сенімгерлік басқару) объектілерінде терроризмге қарсы іс-шараларды өткізу бойынша талаптар қойылады.
Тармақ 8
8. Жалға алу (сенімгерлік басқару) объектілері қалалар мен ауылдық елді мекендер ішінде жалға (сенімгерлік басқаруға) беріледі.
Тармақ 9
9. Жалға алу (сенімгерлік басқару) объектісін жалдауға (сенiмгерлiк басқаруға) жалға беруші (сенімгерлік басқару құрылтайшысы) береді.
Тармақ 10
10. Жалға алу объектісінің теңгерімін ұстаушысы жалға алу объектісін жалға беру үшін жалға берушіге объектілердің атауы, саны, өлшем бірлігі, қысқаша сипаттамасы, орналасқан жері, жалға алу беру мерзімі, нысаналы мақсаты қамтылған ақпарат (одан әрі – ақпарат) береді. Ақпаратпен бірге жалға алу объектісінің теңгерімін ұстаушысы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған, ақпарат берген күннен бастап алты айдан кешіктірмей тапсырылатын жалға алу объектісін бағалау туралы есеп береді. Жалға алу объектісінің теңгерімін ұстаушысы ақпаратың дұрыстығын қамтамасыз етеді. Ақпаратты жалға беруші ақпарат ұсынылған сәттен бастап он күнтізбелік күннің ішінде қарайды. Ұсынылған ақпаратты қараудың нәтижелері бойынша жалға беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) жалға беру объектісін жалға беру туралы;
Тармақша 2
2) жалға беру объектісін жалға беруден бас тарту туралы.
Тармақ 11
11. Жалға беруші объектіні жалға беру туралы шешім қабылдағаннан кейін он бес күнтізбелік күннің ішінде Қағидалардың 10-тармағына сәйкес жалға алу объектісінің теңгерімін ұстаушысы ұсынған ақпаратты қараудың нәтижелері бойынша Тізілімде мынадай ақпарат орналастыруды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) жалға алу объектісінің атауын, санын, өлшем бірлігін, қысқаша сипаттамасын, орналасқан жерін, жалға беру мерзімін, нысаналы мақсатын көрсете отырып жалға берілетін объекті туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) жалға алу объектісінің теңгерімін ұстаушысы және иесі туралы мәліметтер (пошталық мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы);
Тармақша 3
3) жалдау бойынша тендер өткізу жолымен объектіні жалға беру туралы мәліметтер.
Тармақ 12
12. Басқару органы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысына акциялары (үлестері) не мүліктік кешені объекті болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, соңғы үш қаржы жылындағы қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпаратты, объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсыныстарды және тендерге қатысушыларға қойылатын талаптарды береді. Өзге объектілер бойынша басқару органы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысына объектінің сипаттамасын, объектінің баланстық құны туралы мәліметтерді және объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсыныстарды және қызметінің ерекшелігін ескере отырып тендерге қатысушыларға қойылатын талаптарды ұсынады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестері сенімгерлік басқаруға беру объектісі болып табылатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың лауазымды адамдары мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының жазбаша сұрауы бойынша олар белгілеген мерзімде объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау үшін қажетті мәліметтерді жеті жұмыс күні ішінде береді.
Тармақ 14
14. Жалға алу объектісі бойынша жыл сайынғы жалдау төлемінің ең төменгі мөлшерлемесі осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген бағалау туралы есеппен расталған жалға берілетін бағалау құнының 0,1 пайызын құрайды. Жалдау бойынша тендерде қатысу үшін кепілдік жарнасы ай сайынғы жалдау төлемі мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 15
15. Сенімгерлік басқару бойынша тендерге қатысу үшін кепілдік жарнасы әрбір сенімгерлік басқару объектісі үшін бөлек белгіленеді. Активтер құны 250000 айлық есептік көрсеткіштен артық болмаса, кепілдік жарна мөлшері сенімгерлік басқару құрылтайшысымен дайындалған сенімгерлік басқару объектісінің бағалау туралы есеппен расталған сенімгерлік басқаруға берілетін актив құнының 0,5 пайызын құрайды. Активтер құны 250000 айлық есептік көрсеткіштен артық болса, кепілдік жарна мөлшері сенімгерлік басқару құрылтайшысымен дайындалған сенімгерлік басқару объектісінің бағалау туралы есеппен расталған сенімгерлік басқаруға берілетін актив құнынының 0,1 пайызын құрайды.
Тармақ 16
16. Жалдау бойынша тендерді өткізуге дайындалу, өткізу және нәтижелерін рәсімдеу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының (бұдан әрі – Мүліктік жалдауға беру қағидалары) 17-тармағына, 29-тармағының үшінші бөлігіне және 35-тармағын қоспағанда, Мүліктік жалдауға беру қағидаларымен белгіленеді.
Тармақ 17
17. Сенімгерлік басқару бойынша тендерді өткізуге дайындалу, тендерлік құжаттаманың мазмұны, тендерді өткізу, нәтижелерін ресімдеу тәртібі және сенімгерлік басқару шартының мазмұны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларының (одан әрі – Сенімгерлік басқаруға беру қағидалары) 12, 20 тармақтарын, 38-тармағының 2)-тармақшасын, 39 және 40-тармақтарын қоспағанда, Сенімгерлік басқаруға беру қағидаларымен белгіленеді.
Тармақ 18
18. Жалға алу (сенімгерлік басқару) бойынша тендер комиссиясының құрамына жалға берушiнiң (сенімгерлік басқару құрылтайшысының), теңгерім ұстаушының, басқа да мүдделi мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкiлдерi енгiзiледі. Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері тендерлік комиссиясының құрамына (кейін дауыс беру және шешім қабылдау құқығысыз) байқаушы ретінде қосылады. Тендерлік комиссия құрамының саны кемінде бес адамды құрайды. Комиссия жалға берушінің шешімімен құрылады. Тендерлік комиссияның хатшысы жалға берушiнiң (сенімгерлік басқару құрылтайшысының) өкiлі болып табылады. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссиясының мүшесі емес және тендерлік комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
Тармақ 19
19. Жалға алу (сенімгерлік басқару) шартына қол қойылғаннан кейін он жұмыс күнінің ішінде жалға алу (сенімгерлік басқару) объектісі жалға алу (сенімгерлік басқару) объектісін қабылдау-тапсыру актісі бойынша жалға алушыға (сенімгерлік басқарушыға) береді, қабылдау-тапсыру актісі еркін нысанда жасалады.