Об установлении ограничительных мероприятий в зимовке «Боздак» Кокжиринского сельского округа Тарбагатайского района Күшін жойған
Басқа 0
Тарбағатай ауданы Көкжыра
ауылдық округiнің «Боздақ»
қыстағында шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 488 ұсынысы негiзiнде, Көкжыра ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Көкжыра ауылдық округiнің «Боздақ» қыстағындағы жабайы мысықтанқұтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысына (Б. Қажыкенов), тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық
бақылау және қадағалау Комитетінің
Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесі басшысы Б. Қажыкенов
«20» тамыз 2015 жыл