Об утверждении натуральных норм обеспечения территориальных органов, находящихся в ведении Комитета экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан, специальными транспортными средствами Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы автокөлік құралдарымен;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы су көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________ Б.Сұлтанов
2015 жылғы 8 қыркүйек
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы
автокөлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 317 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы
автокөлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Арнайы автокөлік құралының атауы*
Арнайы автокөлік құралының функционалдық мақсаты
Арнайы автокөлік құралының пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер
Арнайы автокөлік құралының саны
Арнайы автокөлік құралы
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдар
Алматы қаласы бойынша Экология департаменті
3
Алматы облысы бойынша Экология департаменті
4
Атырау облысы бойынша Экология департаменті
4
Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті
4
Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті
4
Павлодар облысы бойынша Экология департаменті
4
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті
4
Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті
4
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті
4
Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті
4
Ақтөбе облысы бойынша Экология департаменті
4
Қостанай облысы бойынша Экология департаменті
4
Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті
4
Астана қаласы бойынша Экология департаменті
3
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті
4
Ақмола облысы бойынша Экология департаменті
4
Ескертпе: * арнайы автокөлік құралы - жеңіл автомобиль базасындағы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы бақылауды жүзеге асыру үшін арналған көлік құралы.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы
су көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 317 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы
су көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Арнайы су көлік құралының атауы*
Арнайы су көлік құралының функционалдық мақсаты
Арнайы су көлік құралының пайдалануға құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер
Арнайы су көлігінiң саны
Теңiз
Өзен
Арнайы су көлік құралы
Каспий теңізі бассейнінде, Ертіс өзенінде және трансшекаралық өзендерде қоршаған ортаны қорғау саласында арнайы су көлігінде бақылауды жүзеге асыру (судың, түп шөгінділерінің және атмосфералық ауаның ластануын талдамалық бақылау)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдар
Атырау облысы бойынша Экология департаменті
1
1
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті
1
Ескертпе: * арнайы су көлік құралы - ішкі су жолдарда және өзге су қоймаларда бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын кеме.