О проекте Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налогового кодекса) Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) жобасы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жоба "САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТIН БАСҚА ДА МIНДЕТТI ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ" ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСI (САЛЫҚ КОДЕКСI) ЖАЛПЫ БӨЛIМ
Бөлім 1. 1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-ТАРАУ. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-ТАРАУ. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Кодекс реттейтiн қатынастар
1-бап. Осы Кодекс реттейтiн қатынастар Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгілеу, жүргiзу және есептеу мен төлеу тәртiбi бойынша билiктiк қатынастарды реттейдi.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының салық заңдары осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануын осы Кодекс көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
Тармақ 2
2. Осы Кодексте көзделмеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша мiндет ешкiмге жүктелуге тиiс емес.
Тармақ 3
3. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер осы Кодексте белгiленген тәртiпте және жағдайларда белгіленедi, енгiзiледi, өзгертiледi немесе күшiн жояды.
Тармақ 4
4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерiнiң арасында қайшылықтар бар болса, салық салу мақсатында осы Кодекстiң нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа салық қатынастарын реттейтiн нормаларды салықтық емес заңдарға енгiзуге тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартпен осы Кодексте жазылғандағыдан өзге ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Салық заңдарының қолданылуы
3-бап. Салық заңдарының қолданылуы
Тармақ 1
1. Салық заңдарының күшi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
Тармақ 2
2. Салық заңдарының күшi жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, және олардың құрылымдық бөлiмшелерiне қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы Кодекстiң жаңа салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеу немесе олардың күшiн жою, қолданылып жүрген салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің ставкаларын өзгерту бөлігінде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi көздейтiн Қазақстан Республикасының заңдары олар қабылданғаннан кейiнгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолдануға енгізiлуi мүмкін.
Бап 4. 4-бап. Келiсiм-шарт бойынша салық салудың тұрақтылығы
4-бап. Келiсiм-шарт бойынша салық салудың тұрақтылығы Салық заңдары салық салу тұрақтылығына кепiлдiктi мынадай жағдайларда бередi:
Тармақша 1
1) тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органмен жасалған келiсiм-шарттарда айқындалған салық режимi келiсiм-шарттардың қолданылу мерзiмiнде сақталады.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушылар арасында 1996 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттарында, сондай-ақ осы жер қойнауын пайдаланушылармен бұрын жасалған келiсiм-шарттардың орындалуы үшiн көрсетiлген күннен кейiн жасалған жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттарында және мiндеттi салық сараптамасынан өткен, 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттарында айқындалған салық режимi келiсiм-шарттарда белгiленген мерзiм бойы сақталады.
Тармақша 3
3) 1994 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес акцизделетiн өнiмдi өндiрушiлерге тiкелей салықтар бойынша берiлген салық режимi осы келiсiм-шарттарда белгiленген жағдайларда сақталады.
Бап 5. 5-бап. Салық заңдарының өзгеруiнен кепiлдiк
5-бап. Салық заңдарының өзгеруiнен кепiлдiк
Тармақ 1
1. Салық заңдарына өзгерiс енгізу салдарынан шетелдiк инвестордың жағдайы нашарлаған немесе жақсарған жағдайда, "Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген кепiлдiктер қолданылады. Бұл ретте, нашарлау немесе жақсару оның жағдайының нашарлауы немесе жақсаруы болған салық кезеңiнде шетелдiк инвестордың қаржылық жағдайына ықпал жасайтын қаржы-шаруашылық қызметiнiң көрсеткiштерi, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң (акциздерден басқа) барлық түрлерi бойынша жиынтығында айқындалады.
Тармақ 2
2. Шетелдiк инвестордың жағдайының нашарлау немесе жақсару фактiсi мемлекеттiк уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша айқындалады.
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптерi
6-бап. Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптерi
Тармақ 1
1. Салық заңдары салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеудің мiндеттiлігі, салық салудың айқындығы, әдiлдiгi, салық жүйесiнiң бiртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптеріне негізделедi.
Тармақ 2
2. Салық заңдарының ережелерi осы Кодексте белгiленген салық салу принциптерiне қайшы келмеуге тиiс.
Бап 7. 7-бап. Салық салу мiндеттiлігінiң принципi
7-бап. Салық салу мiндеттiлігінiң принципi Салық төлеушi салық заңдарына сәйкес мемлекет алдындағы туындаған салық мiндеттемелерiн толық көлемде және белгіленген мерзiмдерде орындауға мiндеттi.
Бап 8. 8-бап. Салық салу айқындығы принципi
8-бап. Салық салу айқындығы принципi Қазақстан Республикасының бюджетке төленетiн салық және басқа да мiндеттi төлемдерi айқын болуға тиiс. Салық салудың айқындығы салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерi туындауының, орындалуы және тоқтатылуының барлық негiздерi мен тәртiбiн салық заңдарынан белгiлеу мүмкiндігін білдiредi.
Бап 9. 9-бап. Салық салу әдiлдiгі принципі
9-бап. Салық салу әдiлдiгі принципі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы салық сату жалпыға бiрдей болып табылады.
Тармақ 2
2. Жеке сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады.
Бап 10. 10-бап. Салық жүйесiнiң бiртұтастығы принципi
10-бап. Салық жүйесiнiң бiртұтастығы принципi Қазақстан Республикасының салық жүйесi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық салық төлеушiлерге қатысты бiртұтас болып табылады.
Бап 11. 11-бап. Салық заңдарының жариялылығы принципi
11-бап. Салық заңдарының жариялылығы принципi Салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер ресми басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға жатады.
Бап 12. 12-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
12-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Кодексте пайдаланылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
Тармақша 1
1) қайырымдылық көмек - оларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатымен жеке тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдарға олардың жарғылық қызметiн қолдау мақсатында қайтарымсыз негізде берiлген мүлiк;
Тармақша 2
2) сыйақы - кредиттер (заемдар) үшiн берiлген; мүлiк үшiн қаржы лизингі немесе сенiмгерлiк басқару бойынша; депозит және борыштық бағалы қағаздар бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша берiлген (алынған) төлемдер;
Тармақша 3
3) ұтыстар - конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, ұтыс ойындары бойынша, салымдар мен бағалы қағаздар бойынша ойындарды қоса алғанда, алынатын заттай және ақшалай түрдегi табыстардың кез-келген түрлерi;
Тармақша 4
4) грант - мемлекеттер Yкiметтерi, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының Yкiметіне, заңды тұлғаларға (соның ішiнде резидент еместерге), сондай-ақ жеке адамдарға белгілi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн адамдарға қайтарымсыз негізде берiлген мүлiк;
Тармақша 5
5) гуманитарлық көмек - халықтың өмiрiн және тұрмыс жағдайын жақсарту үшiн шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жiберiлген азық-түлiктер, халық тұтынатын тауарлар, техника, керек-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрi-дәрмектер, өзге де заттар түрiнде, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне қайтарымсыз берілген мүлiк;
Тармақша 6
6) дивидендтер - акциялар бойынша төленуге тиiстi кiрiс; оның қатысушылары, құрылтайшылары арасында заңды тұлға бөлетін таза кiрiстiң бөлiгі; заңды тұлғаны тарату кезiнде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесiн алған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық қорға салым ретiнде енгізген мүлкiн қоспағанда, бөлiнетiн мүлiктен түсетін кiрiстер;
Тармақша 7
7) қатысу үлесi - заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың акционерлiк қоғамдарды қоспағанда, бiрлесiп құрған ұйымдары, консорциумдары мүлкiнен қатысу үлесi;
Тармақша 8
8) басқа да мiндеттi төлемдер - белгілi бiр мөлшерде жүргiзілетiн бюджетке мiндеттi ақша (алымдар, баждар, төлемақылар және төлемдер) аударымдары;
Тармақша 9
9) жеке кәсiпкерлер - кәсiпкерлiк қызметiн заңды тұлға құрмай жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлғалар;
Тармақша 10
10) заңды тұлғаның өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi - оның функцияларының бiр бөлiгiн орындайтын, орналасқан жерi бойынша стационарлық жұмыс орындарымен жабдықталған заңды тұлғадан кез-келген аумақтық оқшауланған бөлiмше. Жұмыс орыны, егер ол бiр айдан артық мерзiмге құрылса, стационарлық болып саналады;
Тармақша 11
11) жанама салықтар - салық төлеушiнiң кiрiстер немесе мүлкiне тiкелей байланысты емес баға немесе тарифке үстеме түрiнде белгіленген салықтар;
Тармақша 12
12) (оң, терiс) бағам айырма - шетелдiк валютамен жасалған операция бойынша пайда болған айырма. Ұлттық валютада бухгалтерлiк есеп операцияларында көрсетiлуi нәтижесiнде осы операциялар бойынша операция жасалған күн мен есеп айырысу күнi арасында осы айырма пайда болады.
Тармақша 13
13) тұлға - заңды тұлға және жеке тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шетел мемлекетiнiң азаматы, азаматтығы жоқ тұлға; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға, оның құрылымдық бөлiмшелерi, олар құрылған мемлекетте заңды тұлға мәртебесi бар-жоқтығына қарамастан, дербес заңды тұлға ретiнде айқындалатын, осы Кодекстiң мақсаттары үшін шетел мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес құрылған шетелдiк заңды тұлға, компания және басқа да корпоративтiк құрылым.
Тармақша 14
14) халықаралық ұйым - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбеге кiретiн мемлекетаралық (үкiметаралық) ұйым;
Тармақша 15
15) есептеу әдiсi - оған сәйкес оларды сату және мүлiктi кiрiске алу мақсатында кiрiстер мен шығыстар жұмыстардың орындалуы, қызметтердiң көрсетiлуi, тауарлардың тиелуi сәтiнен бастап есептелетiн салық есебiнiң әдiсi;
Тармақша 16
16) салықтар - осы Кодекске сәйкес мемлекет белгiлеген белгiлi бiр мөлшерде жүргізілетiн, қайтарымсыз және баламасыз сипаттағы бюджетке бiржақты тәртiпте төленетiн мiндеттi ақшалай және заттай төлемдер;
Тармақша 17
17) салық берешегi - бересi сомасы, сондай-ақ айыппұлдар мен өсiмдердiң төленбеген сомасы;
Тармақша 18
18) салық төлеушi - бюджетке салық және басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылатын тұлға;
Тармақша 19
19) салық агентi - осы Кодекске сәйкес төлем көздерiнен ұсталған салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша мiндеттемелер жүктелген заңды тұлға, жеке кәсiпкер;
Тармақша 20
20) бересi - есептелген және мерзiмiнде төленбеген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары;
Тармақша 21
21) негізгi қаражат - қызмет көрсету мерзiмі бiр жылдан астам материалдық активтер;
Тармақша 22
22) тiкелей салықтар - салық төлеушiнiң кiрiсi мен мүлкiнен тiкелей төленген салықтар;
Тармақша 23
23) сату - айырбастауды қоса алғанда, сату, қайтарымсыз беру мақсатында тауарлар тиеу, жұмыстар және қызметтер ұсыну, сондай-ақ кепiлге берiлген тауарларды кепiл ұстаушыға беру;
Тармақша 24
24) мыналарға:
Тармақша а
а) пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк құралымдарды қайта өңдеу процесiнде жер қойнауын пайдалану құқығына;
Тармақша б
б) бағдарламалық қамтамасыз ету, патенттер, сызбалар немесе модельдер, тауарлық таңбалар авторлық құқықтарын немесе басқа да ұқсас түрлердiң құқықтарын пайдалану немесе пайдалану құқығына роялти төлем;
Тармақша 25
25) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi - филиал, өкiлдiк және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмше;
Тармақша 26
26) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы - Тауарлар сипаттамасы және кодтауының үйлестiрілген жүйесiмен негiзделген тауар сыныптамасының кодтар жүйесi;
Тармақша 27
27) уәкiлеттi мемлекеттiк орган - мемлекет алдында салық мiндеттемесiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
Тармақша 28
28) Қазақстан Республикасының органдары - уәкiлеттi органдар, салық органдарын қоспағанда, бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi есептеудi және (немесе) жинауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң уәкiлеттi органдары;
Тармақша 29
29) салық төлеушiнiң электрондық құжаты - белгіленген электрондық нысанда жасалған және берілген, шартты белгi салынған және электронды қолтаңбамен куәландырылған және ол қабылданып, өңделiп, бiрдейлiгi расталғаннан кейiн есептiк күшi бар құжат;
Тармақша 30
30) салық төлеушiнiң электронды қолтаңбасы - электрондық құжаттардың шынайылығын, тұтастығын және авторын қамтамасыз ететiн арнаулы криптографиялық құрал.
Тармақ 2
2. Салық заңдарындағы "резидент", "резидент емес" деген ұғымдар және салық заңдарының басқа да өзiндiк ұғымдары мен терминдерi осы Кодекстiң тиiстi баптарында айқындалған мағынада пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Осы Кодексте пайдаланылған Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңдар салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, осы заңдардың салаларында пайдаланылатын мағынада қолданылады.
Тарау 2. 2-ТАРАУ. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ АГЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI. САЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ӨКIЛДIК
2-ТАРАУ. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ АГЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI. САЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ ӨКIЛДIК
Бап 13. 13-бап. Салық төлеушiнiң құқықтары
13-бап. Салық төлеушiнiң құқықтары
Тармақ 1
1. Салық төлеушi мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы, салық заңдарындағы өзгерiстер туралы салық органдарынан ақпарат алуға;
Тармақша 2
2) салықтық қатынастары мәселелерi бойынша мүдделерiн жеке не өз өкiлi арқылы бiлдiруге;
Тармақша 3
3) салықтық бақылау нәтижелерiн алуға;
Тармақша 4
4) салықтық бақылау бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу және төлеу жөнiнде салық органдарына түсiндiрме тапсыруға;
Тармақша 5
5) салық мiндеттемелерiнiң орындалуы жөнiнде бюджетпен есеп айырысудың жайы-күйi туралы жеке шоттан көшiрме алуға;
Тармақша 6
6) белгiленген тәртiпте салық қызметi органдарының лауазымды тұлғаларының салықтық тексеру актiсi бойынша хабарламасына және әрекетiне (әрекетсiздiгіне) шағым жасауға;
Тармақша 7
7) салық құпиясын сақтауды талап етуге.
Тармақ 2
2. Салық төлеушiнiң салық заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.
Бап 14. 14-бап. Салық төлеушiнiң мiндеттерi
14-бап. Салық төлеушiнiң мiндеттерi
Тармақ 1
1. Салық төлеушi мыналарға мiндеттi:
Тармақша 1
1) осы Кодекске сәйкес салық мiндеттемелерiн уақытылы және толық көлемде орындауға;
Тармақша 2
2) салық органының анықталған салық заңдарын бұзушылық туралы талаптарын орындауға, сондай-ақ салық органдары олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде заңды қызметiне кедергi жасамауға;
Тармақша 3
3) салық қызметi органдарының лауазымды адамдарын салық салу объектiсi және салық салумен байланысты объектi болып табылатын мүлiктi тексеруге салық органдарының ұйғарымы негiзiнде жiберуге;
Тармақша 4
4) салық есептерi мен құжаттарды осы Кодексте көзделген тәртiпте тапсыруға;
Тармақша 5
5) қолма-қол ақшаны, сондай-ақ қолма-қол төлеудi алмастыратын басқа да құжаттарды пайдалану арқылы төлемдердi жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Мемлекеттiк тiзілімге енгізiлген қазыналық зердесi бар бақылау-кассалық машинаны бақылау чегiн бере отырып, пайдалануға.
Тармақ 2
2. Салық төлеушi осы Кодексте көзделген өзге де мiндеттердi орындайды.
Бап 15. 15-бап. Салық агентiнiң құқықтары мен мiндеттерi
15-бап. Салық агентiнiң құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Салық агентiнiң салық төлеушiнiкi сияқты құқықтары бар және сол сияқты мiндеттердi мойнына алады.
Тармақ 2
2. Салық агентi:
Тармақша 1
1) осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiне сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықтарды дұрыс және уақтылы есептеуге;
Тармақша 2
2) салық төлеушiден тиiстi салықтарды ұстап қалуға және осы Кодексте көзделген тәртiпте және мерзiмде оларды бюджетке аударуға;
Тармақша 3
3) салық төлеушiлерге төленген кiрiстердiң, сондай-ақ ұсталған және бюджетке аударылған салықтар сомасының есебiн, соның iшiнде әрбiр салық төлеушi бойынша жеке есеп жүргізуге;
Тармақша 4
4) тiркеу есебiнде тұрған жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiне белгiленген тәртiпте салық есебiн тапсыруға да мiндеттi.
Бап 16. 16-бап. Осы Кодекспен реттелетін салық қатынастарының өкілдiгі
16-бап. Осы Кодекспен реттелетін салық қатынастарының өкілдiгі
Тармақ 1
1. Салық төлеушi салық заңдарымен реттелетiн қатынастарға заңды немесе уәкілетті өкiлi арқылы қатысуға құқылы.
Тармақ 2
2. Салық төлеушiнiң заңды өкiлi болып, заң немесе оған құрылтайшы құжаттары негізiнде салық төлеушiнiң мүддесiн бiлдiруге өкiлеттiк алған тұлға танылады.
Тармақ 3
3. Салық төлеушiнiң уәкiлеттi өкiлi болып салық төлеушiнiң салық органдарымен қатынастарда өзiнiң мүдделерiн бiлдiруге өкiлеттiк берген жеке немесе заңды тұлға танылады. Салық төлеушiнiң уәкiлетті өкiлi салық төлеушi беретiн сенiмхаттың негізiнде iс-әрекет жасайды, сенiмхатта оның өкiлеттiктерiнiң нақты тiзбесi көрсетіледi.
Тармақ 4
4. Салық төлеушiнiң салық заңдарымен реттелетiн қатынастарға жеке қатысуы оны өкiл алу құқығынан айырмайды, сондай-ақ өкілдiң қатысуы салық төлеушiнi аталған қатынастарға дербес қатысу құқығынан айырмайды.
Тармақ 5
5. Салық төлеушi өкілінiң салық заңдарымен реттелетiн қатынастарға сол салық төлеушiнiң қатысуына байланысты жасаған әрекеттерi (әрекетсiздiгi) салық төлеушiнiң әрекеттерi (әрекетсiздiгі) болып танылады.
Тарау 3. 3-ТАРАУ. САЛЫҚ ҚЫЗМЕТIНIҢ ОРГАНДАРЫ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫ.
3-ТАРАУ. САЛЫҚ ҚЫЗМЕТIНIҢ ОРГАНДАРЫ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫ. САЛЫҚ ҚЫЗМЕТI ОРГАНДАРЫНЫҢ БАСҚА ДА МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРМЕН ӨЗАРА IС-ҚИМЫЛЫ
Бап 17. 17-бап. Салық қызметi органдарының құрылымы мен мiндеттерi
17-бап. Салық қызметi органдарының құрылымы мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Салық қызметiнiң органдары салық органдарынан және салық полициясы органдарынан тұрады. Салық органдары уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен аумақтық салық органдарынан тұрады. Салық полициясы органдары уәкiлеттi мемлекеттiк органның Салық полициясы комитеті мен салық полициясының аумақтық органдарынан тұрады.
Тармақ 2
2. Аумақтық салық органдарына облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттерi, ауданаралық салық комитеттерi, аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттерi жатады.
Тармақ 3
3. Салық полициясының аумақтық органдарына облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық полициясының басқармалары, салық полициясының ауданаралық (аймақтық) бөлiмдерi немесе аудан, қала және қала аудандары бойынша салық полициясының бөлiмдерi жатады.
Тармақ 4
4. Салық қызметінің аумақтық органдары тиiстi жоғары тұрған салық қызметi органына тiкелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға қатысы жоқ.
Тармақ 5
5. Салық органдарына салық және бюджеттерге төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң толық түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын қамтамасыз ету жөнiнде, сондай-ақ салық төлеушiлердiң салық мiндеттемелерiн орындауда салық бақылауын жүзеге асыру жөнiнде мiндеттер жүктеледі.
Тармақ 6
6. Салық полициясы органдарына табыстарын жасыру немесе кемiтiп көрсету, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектілерiн жасырып қалу және салық мiндеттемесiн орындаудан өзгедей жалтару мақсатында жасаған қылмыстарды анықтау, жолын кесу мен тергеу жөнiндегі мiндеттер жүктеледi.
Тармақ 7
7. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық қызметi органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Аумақтық салық органдарының, аумақтық салық полициясы органдарының бiрiншi басшыларын қызметке уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы тағайындайды.
Бап 18. 18-бап. Салық органдарының құқықтары
18-бап. Салық органдарының құқықтары
Тармақ 1
1. Салық органдары:
Тармақша 1
1) осы Кодексте көзделген салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге және бекiтуге;
Тармақша 2
2) өзiнiң құзыретi шегiнде салықтық мiндеттемелерiн туындату, орындату, тоқтату жөнiнде түсіндіру мен түсiнiктеме берудi жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) осы Кодексте белгіленген тәртiпте салық бақылауын жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) салық төлеушiлердiң салық мiндеттемелерiн орындауға қатысты ақша құжаттарына, бухгалтерлiк кiтаптарына, есептерiне, сметаларына, қолда бар ақшаға, бағалы қағаздарына және басқа да құндылықтарына, есептерiне, декларацияларына және өзге де құжаттарына Қазақстан Республикасының заң актілерiмен белгiленген талаптарды орындап, тексеру жүргiзуге;
Тармақша 5
5) салық төлеушiден уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандар бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердi есептеу және төлеу (ұстау және аудару) бойынша құжаттар, оларды толтыру жөнiнде түсiндiрмелер, сондай-ақ салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының дұрыс есептелгендігін және уақытылы төленгендiгiн (ұсталғандығын және аударылғандығын) растайтын құжаттар берудi талап етуге;
Тармақша 6
6) салықтық тексерудi жүзеге асыру барысында егер деген негiздер болған жағдайда, бұл құжаттарды жойылады, жасырылады, өзгертiледi немесе ауыстырылады белгiленген тәртiпте салықтық бұзушылық жасалғаны туралы куәландыратын құжаттарды салық төлеушiден алып қоюға;
Тармақша 7
7) орналасқан жерiне қарамастан, табыс табу үшiн пайдаланылған кез келген салық салу объектілерi мен салық салуға байланысты объектiлердi тексеруге, салық төлеушінің мүлiктерiне (тұрғылықты үй-жайдан басқа) түгендеу жүргізуге;
Тармақша 8
8) салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерiн қолдануға және салық төлеушіден салықтық берешегiн осы Кодекске сәйкес мәжбүрлі тәртiпте өндiрiп алуға;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртiпте салық төлеушiге әкiмшілік айыппұлдар салуға;
Тармақша 10
10) уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiпте Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша салық төлеушіден электрондық құжаттар түрiндегi ақпаратты алуға;
Тармақша 11
11) тексерiлетiн салық төлеушiден салық салуға байланысты мәселелер бойынша банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан оның банк шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәлiметтердi коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген талаптарын сақтай отырып, алуға;
Тармақша 12
12) осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда, салық төлеушiнiң салық мiндеттемесiн жанама әдiспен айқындауға;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соттарға талап-арыз беруге құқылы.
Тармақ 2
2. Салық органдарының заң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтары бар.
Бап 19. 19-бап. Салық органдарының мiндеттерi
19-бап. Салық органдарының мiндеттерi
Тармақ 1
1. Салық органдары:
Тармақша 1
1) салық төлеушiнiң құқықтарын сақтауға және мемлекеттің мүдделерiн қорғауға;
Тармақша 2
2) салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн орындауы жөнiнде салық бақылауын жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) салық төлеушілердiң, салық салу объектілерi мен салық салумен байланысты объектiлердiң есебiн, есептелген және төленген салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есебiн белгіленген тәртiпте жүргізуге;
Тармақша 4
4) салық есебiнiң белгіленген нысандарын толтыру тәртiбiн түсiндiруге;
Тармақша 5
5) салықтық тексерудi нұсқамалар бойынша қатаң жүргізуге;
Тармақша 6
6) осы Кодекс ережелерiне сәйкес салық құпиясын сақтауға;
Тармақша 7
7) салық мiндеттемелерiнiң орындалуы жөнiнде хабарламаны осы Кодексте көзделген мерзiмдер мен жағдайларда салық төлеушiлерге тапсыруға;
Тармақша 8
8) салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша оның салық мiндеттемелерiн орындауы жөнiндегi бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйi туралы оның жеке шотынан көшiрменi үш күн мерзiмнен кешiктiрмей беруге;
Тармақша 9
9) салық төлеушiлерге берiлетiн салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiнiң орындалуы фактiсiн растайтын түбiртектер көшiрмесiнiң бес жыл бойы сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 10
10) мемлекет меншігіне айналған мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және сату тәртiбiнiң сақталуын, сондай-ақ оны сатудан түскен ақшаның бюджетке толық және уақытылы түсуiн бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақ 2
2. Салық органдары салықтық тексеру барысында кiрiстерiн жасыруы немесе кемiтiп көрсетуi бойынша, салық салуға жататын және салық салуға байланысты объектілердi жасырып қалу, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден өзгедей жалтару бойынша заңдарда салық полициясы органдары тергеу жүргiзуiне жатқызылған, қылмыстар жасалды деп жорамалдауға мүмкiндiк беретiн фактілердi анықтаған кезде, заң актілеріне сәйкес iс жүргiзу шешiмiн қабылдау үшiн материалдарды салықтық тексеру актiсi бекiтiлген күннен бастап, үш жұмыс күнi iшiнде салық полициясы органдарына жiберуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Салық органдары, сондай-ақ, салық заңдарымен көзделген өзге де мiндеттердi орындайды.
Бап 20. 20-бап. Салық полициясы органдарының құқықтары
20-бап. Салық полициясы органдарының құқықтары
Тармақ 1
1. Салық полициясының органдары салық заңдарын бұзуға байланысты қылмыс белгiлерiн көрсететiн негіздер жеткіліктi болған кезде, салық органының ұйғарымы негізiнде салық органымен бiрлесiп салықтық тексерудi жүргiзуге құқылы.
Тармақ 2
2. Бiрлескен салықтық тексеру нәтижелерi бойынша тексеру туралы акт жасалады, соның негiзiнде салық полициясының органы белгіленген мерзiмде мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
Тармақша 1
1) қылмыс белгілерi бар салықтық құқық бұзушылық анықталған жағдайда - қылмыстық iс қозғау туралы;
Тармақша 2
2) қылмыс белгiлерi жоқ салықтық құқық бұзушылық анықталған жағдайда - қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы және материалдарды салық төлеушi есепте тұрған жердегi салық органына жiберу туралы.
Бап 21. 21-бап. Салық полициясы органдарының мiндеттерi
21-бап. Салық полициясы органдарының мiндеттерi Салық полициясының органдары салық заңдарын орындау жөнiнде:
Тармақша 1
1) салық төлеушiнiң құқықтарын сақтауға және мемлекеттiң мүдделерiн қорғауға;
Тармақша 2
2) заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен тәртiпте жедел iздестiру әрекеттерiн, анықтау, алдын-ала тергеу жүргізуге;
Тармақша 3
3) осы Кодексте көзделген жағдайлар мен тәртiпте салық тексерулерiн жүргiзуге;
Тармақша 4
4) осы Кодекске сәйкес салық құпиясын сақтауға;
Тармақша 5
5) салық органының жазбаша сұратуы негізiнде салықтық тексерулерге қатысуға;
Тармақша 6
6) салық мiндеттемелерiн орындаудан жалтарған салық төлеушiлердi іздестіруді жүзеге асыруға мiндеттi.
Бап 22. 22-бап. Мүдделер жанжалы
22-бап. Мүдделер жанжалы Салық қызметi органдарының лауазымды тұлғаларына:
Тармақша 1
1) мұндай лауазымды тұлғада тiкелей желi бойынша туыстық қатынасы бар;
Тармақша 2
2) лауазымды тұлғада немесе оның туысқанында тiкелей желi бойынша тiкелей немесе жанама қаржылай мүдделi салық төлеушi қатысында кәсiптiк мiндеттемелерiн жүзеге асыру тоқтатылады.
Бап 23. 23-бап. Кеден органдарының салықты өндiрiп алу жөнiндегі өкiлеттігі
23-бап. Кеден органдарының салықты өндiрiп алу жөнiндегі өкiлеттігі Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан тауарлар өткiзiлген кезде кеден органдары осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi өндiрiп алуды жүзеге асырады.
Бап 24. 24-бап. Уәкiлеттi органдардың өкiлеттiктерi
24-бап. Уәкiлеттi органдардың өкiлеттiктерi Бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi өндiрiп алу бойынша уәкiлеттi органдардың өкілеттiгiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiмi айқындайды.
Бап 25. 25-бап. Салық қызметi органдарының кеден және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылы
25-бап. Салық қызметi органдарының кеден және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылы
Тармақ 1
1. Салық органдары орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды, бiрлескен бақылау шараларын қолданады, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк органдар салық заңдарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi орындауда салық қызметi органдарына жәрдемдесуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Салық қызметi және кеден органдары оларға жүктелген салық бақылауын жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi өзара iс-қимыл жасау арқылы орындайды.
Бап 26. 26-бап. Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау
26-бап. Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау
Тармақ 1
1. Салық қызметi органдарының лауазымды адамдары қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңмен қорғалады.
Тармақ 2
2. Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарының өмiрi республикалық бюджет қаражаты есебiнен мiндеттi түрде сақтандыруға жатады.
Тармақ 3
3. Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметi органдары лауазымды адамының денесiне орташа зақым түсiрілген жағдайда, оған республикалық бюджет қаражатынан бес айлық жалақы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi, кейiн бұл сома Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлi адамдардан өндiрiп алынады.
Тармақ 4
4. Қызметтегі жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметi органдары лауазымды адамының денесiне кәсiби қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтiн ауыр зақым түсiрiлген жағдайда, оған республикалық бюджет қаражатынан бесжылдық ақшалай үлесi мөлшерiнде, кiнәлi адамдардан кейiн сомасы өндiрiлiп алынатын, бiржолғы жәрдемақы беріледi, сондай-ақ оның лауазымдық жалақысы мен зейнетақысының мөлшерi арасындағы айырма (өмiр бойы) төленедi.
Тармақ 5
5. Жұмыс істеген кезiнде өз қызметiн жүзеге асыруына байланысты салық қызметi органдарының лауазымды адамы қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның (қайтыс болған адамның) отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлерiне):
Тармақша 1
1) қаза тапқан адамның (қайтыс болған адамның) соңғы лауазымы бойынша республикалық бюджет қаражатынан онжылдық ақшалай үлес мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi;
Тармақша 2
2) асыраушысынан айрылуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде және тәртiпте мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалады.
Тармақ 6
6. Қызметтiк мiндетiн орындауына байланысты салық қызметi органдары лауазымды адамдарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян, сондай-ақ салық қызметi органдары лауазымды адамдарының отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян, осы соманы кейiн кiнәлi адамдардан өндiрiп ала отырып, республикалық бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтеледi.
Бөлім 2. 2-БӨЛIМ. САЛЫҚ МIНДЕТТЕМЕСI 4-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2-БӨЛIМ. САЛЫҚ МIНДЕТТЕМЕСI 4-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 27. 27-бап. Салық мiндеттемесi
27-бап. Салық мiндеттемесi
Тармақ 1
1. Салық органына тiркеу есебiне тұруға салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектілердi анықтауға, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салық есептерiн жасауға, оны белгіленген мерзiмде ұсыну мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi оның күшiне байланысты төлеуге салық төлеушi мiндеттi салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған салық төлеушiнiң мiндеттемесi салық мiндеттемесi болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекет салық органы атынан салық төлеушiден оның салық мiндеттемелерiн толық көлемiнде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда осы Кодексте көзделген тәртiппен оларға мәжбүрлеп орындату шараларын және қамтамасыз ету жөнiндегi тәсiлдердi қолдануға құқылы.
Бап 28. 28-бап. Салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер
28-бап. Салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер Мүлiк және салық төлеушiнiң салық мiндеттемесiнiң туындауынан болған әрекеттер салық салу объектiлерi және салық салуға байланысты объектiлер болып табылады. Әрбiр салық және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша салық салу объектiсi және салық салуға байланысты объектi осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiне сәйкес айқындалады.
Бап 29. 29-бап. Салық базасы
29-бап. Салық базасы Салық базасы салық салу объектiсi мен салық салуға байланысты объектiнiң құндық, заттық немесе өзге де сипаттамасын бiлдiредi.
Бап 30. 30-бап. Салық ставкасы
30-бап. Салық ставкасы
Тармақ 1
1. Салық ставкасы салық базасын өлшеу бiрлiгiне есептелетiн салық мөлшерiн бiлдiредi.
Тармақ 2
2. Салық ставкасы теңгемен, айлық есептiк көрсеткiшпен және процентпен немесе салық базасын өлшеу бiрлiгiне абсолютті сомада белгiленедi.
Бап 31. 31-бап. Салық кезеңi
31-бап. Салық кезеңi Осы Кодекстің Ерекше бөлiмiне сәйкес жекелеген салық пен басқа да мiндеттi төлемдерге қатысты белгiленген уақыт кезеңi салық кезеңi болып түсiнiледi, оның аяқталуы бойынша салық жылы айқындалады және салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы есептеледi.
Тарау 5. 5-ТАРАУ. САЛЫҚ МIНДЕТТЕМЕСIН ОРЫНДАУ
5-ТАРАУ. САЛЫҚ МIНДЕТТЕМЕСIН ОРЫНДАУ
Бап 32. 32-бап. Салық мiндеттемесiн орындау
32-бап. Салық мiндеттемесiн орындау
Тармақ 1
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындауды дербес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Салық төлеушi салық мiндеттемелерiн орындау үшiн мынадай iс-әрекеттер жасайды:
Тармақша 1
1) салық органына тiркеу есебiне тұрады;
Тармақша 2
2) салық салу объектілерi мен салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды жүргізедi;
Тармақша 3
3) салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектілердi, салық базаларын және салық ставкаларын ескере отырып, салықтар және бюджетке төленуге тиiстi басқа да мiндеттi төлемдер сомасын есептейдi;
Тармақша 4
4) салық салу объектілерi мен салық салуға байланысты объектiлерден алынатын салық есептерiн жасайды және белгіленген тәртiп пен мерзiмдерде салық органдарына ұсынады;
Тармақша 5
5) салық заңдарында белгiленген тәртiпте және мерзiмдерде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген және есептелетiн сомаларын, сондай-ақ салық мiндеттемелерi орындалмаған жағдайларда, салық өсiмдерi мен айыппұлдарын төлейдi. Салық төлеушi салық мiндеттемелерiн осы Кодексте белгiленген тәртiп пен мерзiмдерде орындауы тиiс.
Тармақ 3
3. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн мерзiмiнен бұрын орындауға құқылы.
Тармақ 4
4. Қолма-қол ақшасыз төлеу нысанында орындалатын салық мiндеттемесi банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер немесе ұйымдардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылығы есебiне салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын аударған күнiнен бастап орындалды деп есептеледi. Қолма-қол ақшамен төлеу нысанында орындалатын салық мiндеттемесi банкке немесе өзге де уәкiлеттi органға ақша енгізiлген күннен бастап, орындалды деп есептеледi.
Тармақ 5
5. Салықтар төлеу жөнiндегі салық мiндеттемесi осы Кодекстің 42-бабында белгiленген тәртiпте есептеме жүргізу жолымен орындалуы мүмкiн.
Тармақ 6
6. Салық агентi орындайтын салық мiндеттемесi бюджетке салықтар сомасы қайта есептелген күннен бастап орындалды деп есептеледi.
Тармақ 7
7. Салық мiндеттемесi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттардың ережелерiмен заттай нысанда төлеу немесе шетелдiк валютамен төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, теңгемен орындалады.
Бап 33. 33-бап. Салық мiндеттемесiн орындау кезiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу
33-бап. Салық мiндеттемесiн орындау кезiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу
Тармақ 1
1. Салық төлеушi және салық агентi салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын дербес есептейдi.
Тармақ 2
2. Осы Кодекстің Ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң жекелеген түрлерінің сомасын есептеу жөнiндегі мiндет салық органына және уәкiлетті органдарға жүктелуi мүмкiн.
Бап 34. 34-бап. Салық органдарын салық мiндеттемесінің орындалуы жөнiнде хабардар ету
34-бап. Салық органдарын салық мiндеттемесінің орындалуы жөнiнде хабардар ету
Тармақ 1
1. Салық органының салық төлеушiге жiберген соңғы салық мiндеттемесiн орындау қажеттілігі туралы жазбаша хабарламасы жазбаша хабарлау болып танылады.
Тармақ 2
2. Жазбаша хабарлама түрлерi төменде санамаланған түрлермен шектеледi және салық органы салық төлеушiге мынадай мерзiмдерде:
Тармақша 1
1) осы Кодекстiң 33-бабы 2-тармағына сәйкес салық органы есептеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң сомалары туралы есептелген күннен бастап 3 жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
Тармақша 2
2) салықтық тексеру нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiм мен айыппұлдардың есептелген сомасы туралы салықтық тексеру актiсi бойынша шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күнiнен кешiктірмей;
Тармақша 3
3) басқа да салықтар бойынша салық мiндеттемесiн орындау үшiн бюджетке артық төленген салықтар сомаларына есептеме жүргізу сомалары туралы есептеме жүргiзiлген күннен бастап 5 жұмыс күнiнен кешіктірмей;
Тармақша 4
4) мерзімінде орындалмаған салық мiндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде қолданылатын шаралар туралы 50-баптың 1-тармағының
Тармақша 1
1) және 2) тармақшаларында және 51-баптың 1-тармағында көрсетiлген мерзiмдер аяқталғанға дейiн және (немесе) салықтық тексеру басталған сәтте;
Тармақша 5
5) салықтық берешекті өтеу бойынша салық мiндеттемесiн мәжбүрлеп орындату жөнiндегі қолданылатын шаралар туралы мәжбүрлеп орындату шараларына қолданылғанға дейiн 5 жұмыс күнiнен кешiктірмей;
Тармақша 6
6) дебиторлардың банктiк шоттарындағы ақшаны өндiрiп алу айналысы туралы өндiрiп алу айналысына дейін 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
Тармақша 7
7) камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық органдары анықтаған құқық бұзушылықтарды жою туралы салық есебiнде тәртiп бұзушылық анықталған күннен бастап 2 жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
Тармақша 8
8) шағымды қарау нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiм мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы шағым бойынша шешiм қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей жiбередi.
Тармақ 3
3. Хабарламада салық төлеушiнiң тегі, аты, әкесiнiң аты немесе толық атауы; салық төлеушінің тiркеу нөмiрi; хабардар еткен күнi; салық мiндеттемесiнiң сомасы; салық мiндеттемесiн орындау жөнiндегі талап; хабарлама жiберу үшiн негiздеме; шағымдану тәртiбi көрсетiледi. Жазбаша хабарламалардың нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Тармақ 4
4. Жазбаша хабарлама салық төлеушiге (өкiлiне) қол қоюы арқылы немесе жіберiлген фактiсiн растайтын өзге де тәсiлмен жеке тапсырылуы тиiс.
Тармақ 5
5. Осы баптың 1-тармағында көзделген ережелер салық агентiне жіберілетiн жазбаша хабарламаға қатысты да қолданылады.
Бап 35. 35-бап. Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерi
35-бап. Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерi
Тармақ 1
1. Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерi осы Кодекспен белгiленедi. Мұның өзiнде, осы Кодексте белгiленген мерзiм iшiнде оның басталуы айқындалған нақты оқиғалар немесе заңды iс-әрекеттерден кейiн келесi күнi аяқталады. Мерзiм осы Кодексте белгiленген кезеңнiң соңғы күнi бiтедi. Егер мерзiмнiң соңғы күнi жұмыс емес күнге келсе, мерзiм келесi жұмыс күнiнің соңында аяқталады.
Тармақ 2
2. Салық органдары салықтық бақылау нәтижелерi бойынша салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, өсiмдер мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарлама жiберген жағдайда, салық мiндеттемесi салық төлеушiге хабарлама тапсырылған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде орындалуға жатады.
Тармақ 3
3. Салықтық тексеру нәтижелерi бойынша салық органдарының хабарламасында көрсетiлген салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, өсiм мен айыппұлдардың есептелген сомаларымен (төлем көздерiнен ұсталатын жеке табыс салығы, акциздердiң есептелген сомаларынан басқа) салық төлеушi келiскен жағдайда, салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмi 60 жұмыс күнiне ұзартылуы мүмкiн. Бұл ретте, көрсетiлген сома әрбiр ұзартылған мерзiм күнiне есептелген өсiммен және осы кезеңде әрбiр 15 жұмыс күнi сайын тең үлеспен бюджетке төлеуге жатады.
Бап 36. 36-бап. Салық төлеушiнiң салық берешегiн өтеу тәртiбi
36-бап. Салық төлеушiнiң салық берешегiн өтеу тәртiбi Салық берешегiн өтеу мынадай тәртiпте жүргiзiледi:
Тармақша 1
1) есептелген өсiм;
Тармақша 2
2) есептелген айыппұлдар;
Тармақша 3
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасы.
Бап 37. 37-бап. Таратылатын заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн орындауы
37-бап. Таратылатын заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн орындауы
Тармақ 1
1. Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегiн аталған заңды тұлғаның ақшасы, соның iшiнде оның мүлкін сатудан алынған ақша есебiнен қолданылып жүрген заңдарда белгiленген кезек тәртiбiнде өтеледi. Мұның өзiнде, таратылатын заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң салық берешегi де өтеледi. Тарату кезеңiнде туындаған салық мiндеттемесi туындаған мерзiмiне қарай және салық заңдарында белгiленген тәртiпте орындалады.
Тармақ 2
2. Егер таратылатын заңды тұлғаның мүлкі салық берешектерiн толық көлемде өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, салық берешегiнiң қалған бөлiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда, таратылатын заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары) өтейдi.
Тармақ 3
3. Егер таратылатын заңды тұлғада артық төленген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары бар болса, онда көрсетiлген сомалар осы Кодекстiң 42-бабында белгiленген тәртiпте таратылатын заңды тұлғаның салық берешегiн өтеу шотына есептеуге жатқызылады. Таратылатын заңды тұлғаның салық берешегi болмаған кезде, салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасы осы заңды тұлғаға қайтаруға жатады.
Бап 38. 38-бап. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесiн орындау
38-бап. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесiн орындау
Тармақ 1
1. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның салық мiндеттемесiн орындау оның құқықтық мұрагерiне (құқықтық мұрагерлерiне) жүктеледi.
Тармақ 2
2. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның мұрагерлерiне, сондай-ақ салық мiндеттемесiн орындаудағы құқықтық мұрагерлерiнiң қатысу үлесiн белгiлеу азаматтық заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы осы заңды тұлға құқықтық мұрагерiнiң (құқықтық мұрагерлерiнiң) салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi оның салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгертуге негiз болып табылмайды.
Тармақ 4
4. Ол қайта ұйымдастырылғанға дейін заңды тұлғаның артық төлеген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерiнiң сомасын салық органы қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның мұрагерiнiң басқа салық мiндеттемелерiн орындауы есебiне жатқызады.
Тармақ 5
5. Қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салық берешегi болмаған жағдайда, осы заңды тұлғаның артық төлеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасы оның құқықтық мұрагерiне қайтаруға жатады.
Бап 39. 39-бап. Қайтыс болған адамның салықтық берешегін өтеу
39-бап. Қайтыс болған адамның салықтық берешегін өтеу
Тармақ 1
1. Қайтыс болған адамның, оның қайтыс болған күнi пайда болған салық мiндеттемесi бойынша салықтық берешегiн оның мұрагерi (мұрагерлерi) мұраға қалдырылған мүлiк құны және ол алынған күннен мұрадағы үлесiне барабар өтейдi.
Тармақ 2
2. Мұрагерi болмаған жағдайда, жеке тұлғаның оның қайтыс болған күнi пайда болған салықтық берешегi өтелген болып есептеледi.
Бап 40. 40-бап. Сот хабарсыз жоғалған деп таныған адамның салық мiндеттемесiн орындау
40-бап. Сот хабарсыз жоғалған деп таныған адамның салық мiндеттемесiн орындау
Тармақ 1
1. Адамды сот хабарсыз жоғалған деп таныған жағдайда, мұндай адамға қатысты салық мiндеттемесi шешiм шығарылған күннен бастап тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Сот хабарсыз жоғалған деп таныған адамның салық берешегін хабарсыз жоғалған адамның мүлкiн басқаруға қорғанушы орган өкiлеттiк берген тұлға өтейдi.
Тармақ 3
3. Егер белгiленген тәртiппен хабарсыз жоғалған деп танылған адамның мүлкi салық берешегін өтеу үшiн жетпейтiн болса, онда хабарсыз жоғалған адамның салық берешегiнің өтелмеген бөлiгін салық органы сот шешiмi негiзiнде есептен шығарады.
Тармақ 4
4. Адамды хабарсыз жоғалды деп тану туралы сот шешiмi күшiн жойған кезде, салық мiндеттемесi бойынша ескiрген шағымның белгіленген мерзiмiне қарамастан, бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегiн қайта төлеу күшiне енедi.
Бап 41. 41-бап. Салық мiндеттемесi бойынша шағымның ескiру мерзiмi
41-бап. Салық мiндеттемесi бойынша шағымның ескiру мерзiмi
Тармақ 1
1. Салық органы салық кезеңi аяқталғаннан кейiн 5 жыл iшiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомасын есептеуi немесе қайта қарауы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Салық төлеушi салық кезеңi аяқталғаннан кейiн 5 жыл iшiнде немесе салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің артық төленген сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
Тарау 6. 6-ТАРАУ. САЛЫҚ МIНДЕТТЕМЕСIН ОРЫНДАУ БОЙЫНША БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ КЕЗIНДЕ САЛЫҚТАР ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТIН БАСҚА ДА МIНДЕТТI ТӨЛЕМДЕРДIҢ АРТЫҚ ТӨЛЕНГЕН СОМАЛАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУ
6-ТАРАУ. САЛЫҚ МIНДЕТТЕМЕСIН ОРЫНДАУ БОЙЫНША БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ КЕЗIНДЕ САЛЫҚТАР ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТIН БАСҚА ДА МIНДЕТТI ТӨЛЕМДЕРДIҢ АРТЫҚ ТӨЛЕНГЕН СОМАЛАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУ
Бап 42. 42-бап. Салық мiндеттемесiн орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу кезiнде салық төлеушiлердiң артық төленген салық сомаларын есепке алу
42-бап. Салық мiндеттемесiн орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу кезiнде салық төлеушiлердiң артық төленген салық сомаларын есепке алу
Тармақ 1
1. Салық кезеңiнде бюджетке төленген және төлеуге есептелген салық сомасы арасындағы айырма бюджетке артық төленген салық сомасы болып танылады.
Тармақ 2
2. Бюджетке артық төленген салық сомасы салық төлеушiнің өтiнiшi бойынша салық берешегiн өтеу есебiне мынадай тәртiппен:
Тармақша 1
1) салықтың осы түрi бойынша өсiм мен айыппұлдар өтеу есебiне;
Тармақша 2
2) салықтардың басқа да түрлерi бойынша өсiм мен айыппұлдар өтеу есебiне;
Тармақша 3
3) салықтардың басқа да түрлерi бойынша бересiн өтеу есебiне;
Тармақша 4
4) осы салықтың түрi бойынша алдағы төлемдердiң есебiне есепке алуға жатады.
Тармақ 3
3. Артық төленген салық сомасын есепке алуды, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, осы бапта белгіленген тәртiппен бюджетке төленетiн салықтарды төлейтiн жер бойынша салық органы жүргiзедi.
Тармақ 4
4. Бюджетке артық төленген салық сомасы басқа салық төлеушiнiң салық мiндеттемесi бойынша берешектi өтеу есебiне есепке алуға жатпайды.
Бап 43. 43-бап. Салық мiндеттемесiн орындаған кезде салықтар және бюджетпен төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомаларын қайтару
43-бап. Салық мiндеттемесiн орындаған кезде салықтар және бюджетпен төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомаларын қайтару
Тармақ 1
1. Салықтың артық төленген сомасы осы Кодекстiң 43-бабында көзделген есепке алуларды өткізгеннен кейiн салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша оның банктiк шоттарына аударуға жатады.
Тармақ 2
2. Салықтың артық төленген сомасын қайтаруды, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салықты төлейтiн жер бойынша аумақтық салық органы қайтару туралы өтiнiш берілген күннен бастап 30 жұмыс күнi iшiнде жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағымен белгiленген артық төленген салықтың мерзiмiнде қайтарылмаған сомасына көрсетiлген мерзiм бұзылған кезде, белгіленген мерзiмiнiң әрбiр бұзылған күнi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген әрбiр қайтару күнiне қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,5 еселенген мөлшерiнде өсiм есептеледi.
Тармақ 4
4. Егер осы Кодекстiк Ерекше бөлiмiнде басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасы қайтарылуды көздесе, онда қайтару осы бапқа сәйкес жүргiзіледi.
Тарау 7. 7-ТАРАУ. САЛЫҚТАРДЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША САЛЫҚ МIНДЕТТЕМЕЛЕРIН ОРЫНДАУ МЕРЗIМДЕРIНIҢ ӨЗГЕРТIЛУI
7-ТАРАУ. САЛЫҚТАРДЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША САЛЫҚ МIНДЕТТЕМЕЛЕРIН ОРЫНДАУ МЕРЗIМДЕРIНIҢ ӨЗГЕРТIЛУI
Бап 44. 44-бап. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемелерiнiң орындалу мерзiмдерi өзгертiлуiнiң ұғымы және жалпы шарттары
44-бап. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемелерiнiң орындалу мерзiмдерi өзгертiлуiнiң ұғымы және жалпы шарттары
Тармақ 1
1. Салықтар (төлем көзiнен ұсталатын салықтардан және акциздерден басқа) төлеудiң осы Кодекспен белгіленген мерзiмiн салық төлеушiнiң негiзделген өтiнiшi негізiнде күнтiзбелiк жылдың 10 айынан асырмай неғұрлым кеш мерзiмге ауыстыру салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгерту деп танылады.
Тармақ 2
2. Өзгертiлген мерзiм бойынша салық мiндеттемелерiн орындау құқығы оларды қайтып беруге жатпайды.
Тармақ 3
3. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгерту осы Кодекстің 49-бабына сәйкес салық төлеушiнi салықтар сомаларын уақытылы төлемегенi үшiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, өсiм төлеуден босатпайды.
Тармақ 4
4. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгерту осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде белгіленген жағдайларды есептемегенде салық төлеушiнiң мүлкiн кепiлдiкке алу немесе банк кепiлдік арқылы жүргізіледi.
Тармақ 5
5. Салық төлеушiнің мүлкiн кепiлдiкке алу және банктiң кепiлдiк беруi арқылы салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгерту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Бап 45. 45-бап. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемелерiнiң мерзiмiн өзгерту туралы шешiмдер қабылдауға уәкiлетті орган
45-бап. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемелерiнiң мерзiмiн өзгерту туралы шешiмдер қабылдауға уәкiлетті орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келiсiмi бойынша осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушi тiркеу есебiнде тұрған жердегi жергіліктi атқарушы органның ұсынысы негізiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмiн өзгерту туралы шешiм қабылдайды.
Бап 46. 46-бап. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң күшiн тоқтату
46-бап. Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң күшiн тоқтату Салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмнiң күшi, салық төлеушінің уәкiлетті мемлекеттiк органның шешiмi бойынша салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту шарттарын бұзған жағдайда, мерзiмінен бұрын тоқтатылады.
Бап 47. 47-бап. Салық төлеушiнiң кепiлдiкке салынған мүлкiн өндiрiп алуды және сатуды талап ету тәртiбi
47-бап. Салық төлеушiнiң кепiлдiкке салынған мүлкiн өндiрiп алуды және сатуды талап ету тәртiбi
Тармақ 1
1. Салық органы салықтарды төлеу бойынша салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмiн өзгерту туралы шешiмнiң күшi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда, уәкiлеттi мемлекеттiк орган шешiмiнiң негізiнде салық төлеушiнiң кепiлдiкке салынған мүлкiн өндiрiп алуға не банк кепiлдігінiң орындалуын талап етуге құқылы.
Тармақ 2
2. Салық төлеушiнiң кепiлдiкке салған мүлкiн сату билiк ету шектелген мүлкiн сатуға белгiленген тәртiпке сәйкес жүргізіледi.
Тарау 8. 8-ТАРАУ. МЕРЗIМIНДЕ ОРЫНДАЛМАҒАН САЛЫҚ МIНДЕТТЕМЕСIН ОРЫНДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘСIЛДЕРI
8-ТАРАУ. МЕРЗIМIНДЕ ОРЫНДАЛМАҒАН САЛЫҚ МIНДЕТТЕМЕСIН ОРЫНДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘСIЛДЕРI
Бап 48. 48-бап. Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi
48-бап. Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi
Тармақ 1
1. Салық төлеушiнiң белгiленген мерзiмде орындалмаған салық мiндеттемелерiн орындау мынадай:
Тармақша 1
1) төленбеген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер сомасына өсiм есептеу;
Тармақша 2
2) банктiк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтату;
Тармақша 3
3) мүлкiне билiк етудi шектеу тәсiлдерiмен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағындағы ережелер салық агенттерiне де қатысты қолданылады.
Бап 49. 49-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомаларына өсiмдер
49-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомаларына өсiмдер
Тармақ 1
1. Мерзімі өткен салық мiндеттемесінің сомасына есептелетiн осы баптың 3-тармағында белгiленген мөлшер өсiм болып танылады.
Тармақ 2
2. Өсiм сомасы салық берешектерiн өтеу бойынша салық мiндеттемесiн мәжбүрлеп орындатудың басқа да шараларын, сондай-ақ салық заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершілік шараларын қолдануға қарамастан есептеледi және төленедi.
Тармақ 3
3. Өсiм мерзiмi өткен әрбiр күнi үшiн, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 1,5 еселенген мөлшерiнде бюджетке төлеген күнiн қоса алғанда, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер төлеу мерзiмi күнiнен кейiнгі күннен бастап мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн есептеледi.
Тармақ 4
4. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, айыппұлдардың сомаларын банктiк шоттардан кезегiн сақтамай есептен шығарғаны үшiн, сондай-ақ салық төлеушiлердiң Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылығы есебiне салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер сомаларын банктiк шоттардан есептен шығарылған есептi (қайта есептеудi) кешiктiргенi үшiн банктер немесе кейбiр банктiк операциялар түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға өсiм есептеледi.
Тармақ 5
5. Сот шешiм қабылдаған сәттен бастап банкрот деп танылған болмаса, оған қатысты мұндай шешiмнiң күшiне енген күнiнен бастап мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылданған салық төлеушiнiң құралған бересiнiң сомасына өсiм есептелмейдi.
Тармақ 6
6. Өсiм банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешiм күшiне енген сәттен бастап, бересi құралуының бiрден бiр себебi қызмет көрсететiн банктiң таратылуы болып табылған жағдайда, бересi сомаларын уақытылы өтемегенi үшiн мәжбүрлеп таратылған банктердiң несие берушiлерiне есептелмейдi.
Тармақ 7
7. Акциялардың қосымша эмиссияларын шығару туралы сот шешiмi күшiне енгiзiлген сәттен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейiн акциялардың қосымша эмиссияларын шығару сот шешiмi бойынша жүргізiлетiн өтеу үшiн бересi сомасына өсiм есептелмейдi.
Тармақ 8
8. Адамды хабарсыз жоғалған деп тану туралы сот шешiмi күшiне енген сәттен бастап, оның күшi жойылғанға дейiн бересi сомасына өсім есептелмейдi.
Бап 50. 50-бап. Салық төлеушiнiң банктiк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
50-бап. Салық төлеушiнiң банктiк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
Тармақ 1
1. Банктiк шоттар (корреспонденттiктен басқа) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте мынадай:
Тармақша 1
1) салық төлеушiнiң салық есебiн тапсыру мерзiмдерiнiң аяқталуы бойынша 10 жұмыс күнi ішiнде тапсырмаған;
Тармақша 2
2) белгiленген төлеу мерзiмi күнiнен бастап 30 жұмыс күнi аяқталуы бойынша салықтық берешектердi өтемеген;
Тармақша 3
3) салық органын салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлердi салықтық тексеруге және зерттеуге жiбермеген жағдайларда жүргiзiледi. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру осы Кодекстiң 34-бабында белгiленген мерзiмде салық төлеушiнiң жазбаша хабарламасымен жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Салық төлеушiнiң банктiк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкiмi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып белгіленген нысанда шығарылады.
Тармақ 3
3. Салық төлеушiнiң банктiк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкiмi банктердiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың сөзсiз орындауына жатады.
Тармақ 4
4. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар оны алған күннен бастап күшiне енедi.
Тармақ 5
5. Банктiк шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебiн жойған күннен кейiнгі 1 жұмыс күнiнен кешiктiрмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған салық органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнiң күшiн жояды.
Бап 51. 51-бап. Салық төлеушiнiң мүлкiне билiк етудi шектеу туралы шешім шығару
51-бап. Салық төлеушiнiң мүлкiне билiк етудi шектеу туралы шешім шығару
Тармақ 1
1. Заңды тұлғаның банктiк шоттары бойынша шығыс операциясын тоқтата тұру туралы шешiм шығарылған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде салықтық берешектер өтелмеген жағдайда, мүлiкке иелiк етуге шектеу жүргiзіледi. Бұл ретте заңды тұлғаға осы Кодекстiң 34-бабында белгiленген мерзiмдерде хабарлама жiберiледi. Мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда шығарылады.
Тармақ 2
2. Салық төлеушiнiң мүлкiне билiк етудi шектеу туралы шешiм меншiк (қаржы лизингiне берiлген мүлiктен басқа) немесе шаруашылық жүргiзу құқығымен тиесілi мүлiкке қатысты (мүлiктi шаруашылық жүргізуге беру туралы шартта оны иелiктен айыруға тыйым салынған жағдайлардан басқа) шығарылады.
Тармақ 3
3. Салық берешегi сомасы туралы салық төлеушiнiң жеке шотында бар деректердiң негізiнде салық органы мүлкiне билiк етудi шектеу туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 4
4. Мүлiкке иелiк етудi шектеу туралы шешiм негiзiнде салық төлеушiге мүлiктi иелену, пайдалану және билiк ету шарттары туралы ескертiле отырып, салық берешегi сомасына мүлiктiң тiзбесiнiң актiсiн жасау жүргiзiледi. Мүлiкке билiк етудi шектеу тiзбесi салық органы айқындайтын рынок бағасы негiзiнде жүргізiледi және уәкiлеттi орган белгілеген тәртiпте және нысанда екi дана болып жасалатын актiмен ресiмделедi. Салық органы мүлiкке билiк етудi шектеу кезiнде қатысқан салық төлеушiге мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнiң көшiрмесiн және мүлiк тiзбесi актiсiнiң көшiрмесiн тапсыруға мiндеттi.
Тармақ 5
5. Салық төлеушi салықтық берешек сомаларын өтегеннен кейiнгi 1 жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органы мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Тарау 9. 9-ТАРАУ. САЛЫҚ БЕРЕШЕГIН МӘЖБҮРЛЕП ӨНДIРIП АЛУ ШАРАЛАРЫ
9-ТАРАУ. САЛЫҚ БЕРЕШЕГIН МӘЖБҮРЛЕП ӨНДIРIП АЛУ ШАРАЛАРЫ
Бап 52. 52-бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары
52-бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары
Тармақ 1
1. Салық органдары салық төлеушiге мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерiн қолданғаннан кейiн мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдануға құқылы. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдану осы Кодекстiң 34-бабына сәйкес салық төлеушiге жiберiлген хабарлама негiзiнде жүргiзiледi. Салықтық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алу мынадай тәртiпте жүргiзіледi:
Тармақша 1
1) банктiк шоттарда бар ақшасының есебiнен;
Тармақша 2
2) қолма-қол ақшасының есебiнен;
Тармақша 3
3) дебиторларының шоттарынан;
Тармақша 4
4) билiк ету шектелген мүлкiн сату есебiнен;
Тармақша 5
5) қосымша акциялар эмиссияларын мәжбүрлеп шығару.
Бап 53. 53-бап. Банктiк шоттардағы ақшаның есебінен салық берешегі сомаларын өндiрiп алу
53-бап. Банктiк шоттардағы ақшаның есебінен салық берешегі сомаларын өндiрiп алу
Тармақ 1
1. Декларациялар және (немесе) есеп айырысулар бойынша, сондай-ақ салықтық тексеру нәтижелерi бойынша салық төлеушiге есептелген салық берешегi сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық төлеушiнiң келiсiмiнсiз салық берешегi сомасын банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртiбiмен өндiрiп алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Салық төлеушiнiң банктiк шоттарынан салық берешегі сомасын өндiрiп алу салық органының инкассалық өкiмi негізiнде жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Салық берешегі сомасын бюджетке өндiрiп алуға инкассалық өкiм салық төлеушiнiң банктiк шоттары ашылған банкке немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға жiберiледi және бiрiншi кезектегi тәртiппен орындауына жатады.
Тармақ 4
4. Инкассалық өкiм Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiмен белгiленген нысан бойынша ұсынылады және салық берешегі сомаларын өндiрiп алуды жүргізетiн салық төлеушiнiң немесе салық агентiнің сол банктiк шотына нұсқамасы болады.
Тармақ 5
5. Салық төлеушiнiң теңгелiк банктiк шоттарында ақша болмаған жағдайда, салық берешегiн өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген теңге бағамына шетелдiк валюта қолдана отырып, өндiрiп алынған күнi салық төлеушiнiң валюталық банктiк шоттарынан жүргізiледi.
Тармақ 6
6. Банктiк шоттарда ақша жеткіліктi болған кезде салық берешегi сомаларын өндiрiп алуға инкассалық өкiмдi аталған өкiмдi алған күннен кейiнгi 1 операциялық күннен кешiктiрілмей банк немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым орындайды.
Тармақ 7
7. Салық төлеушiнiң банктiк шотында ақша жеткілiксiз немесе болмаған жағдайда, осы шотқа ақша түсуiне қарай инкассалық өкiм орындалатын болады.
Бап 54. 54-бап. Қолма-қол ақша есебiнен салық берешегі сомасын өндiрiп алу
54-бап. Қолма-қол ақша есебiнен салық берешегі сомасын өндiрiп алу
Тармақ 1
1. Салық берешегін қолма-қол ақша есебiнен өндiрiп алу банктiк шотта ақша болмаған жағдайда жүргiзіледi.
Тармақ 2
2. Бухгалтерлiк (кассалық) құжаттар бойынша көрсетiлген салық төлеушiнiң қолма-қол ақшасын (соның iшiнде шетелдiк валютада) салық органының алып қоюы қолма-қол ақша есебiнен салық берешегі сомасын өндiрiп алу ретiнде танылады.
Тармақ 3
3. Салық төлеушiнiң қолма-қол ақшасы есебiнен салық берешегі сомасын өндiрiп алуды салық берешектерiн өтеуге қатысты салық мiндеттемелерiн мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану туралы хабарламаның негiзiнде салық органдары жүргiзедi.
Тармақ 4
4. Қолма-қол ақшаны алып қою мемлекеттiк уәкiлеттi орган бекіткен нысан бойынша алып қою туралы актiмен ресiмделедi.
Тармақ 5
5. Салық төлеушіден қолма-қол ақшаны алып қою өндiрiп алынған күнiнен бастап 1 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, оларды салық төлеушiнiң бюджетке келесi аударылымынан банктiк шоттарына есептеу үшiн банкке немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсырылуы тиiс. Банк шоттары болмаған кезде салық төлеушiден қолма-қол ақшаны алып қою өндiрiп алынған күнiнен бастап 1 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей бюджетке тапсырылады.
Бап 55. 55-бап. Салық төлеушiнiң салық берешегі сомаларын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу
55-бап. Салық төлеушiнiң салық берешегі сомаларын оның дебиторларының шоттарынан өндiрiп алу
Тармақ 1
1. Салық төлеушiнiң банктiк шоттарында ақша және қолма-қол ақша болмаған жағдайда, салық органы құралған салық берешегi шегінде үшiншi тұлғаның (бұдан әрi - дебиторлар) мүліктiк шоттарындағы ақшаны өндiрiп алуды жүргiзуге құқығы бар. Мұның өзiнде, дебиторларға салық төлеушiнiң салық берешегiн өтеу есебiне оның банктiк шоттарындағы ақшаны өндiрiп алуды жүргiзу туралы хабарламалар жiберiледi. Дебитор хабарлама алынған сәттен бастап 20 жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберушi салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушiмен бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысулардың салыстырма актiсiн бередi.
Тармақ 2
2. Салық төлеушi мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiнде мынадай мәлiметтер болуы тиiс:
Тармақша 1
1) салық төлеушi мен оның дебиторының атауы, олардың тiркелу нөмiрлерi;
Тармақша 2
2) салық төлеушi мен оның дебиторы есепте тұратын салық органының атауы;
Тармақша 3
3) салық төлеушi мен оның дебиторының банктiк шоттарының деректемелерi;
Тармақша 4
4) салық төлеушiнiң алдындағы дебитордың берешек сомасы;
Тармақша 5
5) салық төлеушi мен оның дебиторының заңды деректемелерi, мөрлерi және қойылған қолдары;
Тармақша 6
6) салыстыру актiсiнiң жасалған күнi.
Тармақ 3
3. Өзара есеп айырысуды салыстыру актiсiнiң негiзiнде салық органы салық төлеушінің салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмдi дебитордың банктiк шотына ұсынады.
Тармақ 4
4. Салық төлеушi дебиторының банкi немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстiң 53-бабында белгiленген талаптарға сәйкес салық төлеушiнiң салықтық берешегінiң сомасын өндiрiп алу туралы салық органы ұсынған инкассалық өкiмдi орындауға мiндеттi.
Тармақ 5
5. Өзара есеп айырысуды салыстыру актiсінің болуы немесе болмауына қарамастан, хабарламасын табыс еткен сәттен бастап 90 жұмыс күнi iшiнде салық төлеушi пайдасына дебитор төлем жүргізген жағдайда, салық органы жүргiзiлген төлем сомалары шегiнде салық төлеушiнiң салық берешегi сомасын өндiрiп алу туралы инкассалық өкiмiн дебитордың банктiк шотына ұсынуға құқылы.
Бап 56. 56-бап. Салық төлеушiнiң билiк ету шектелген мүлкiн сату есебiнен салық берешегін өндiрiп алу
56-бап. Салық төлеушiнiң билiк ету шектелген мүлкiн сату есебiнен салық берешегін өндiрiп алу
Тармақ 1
1. Салық органдары салық төлеушi заңды тұлғаның және жеке кәсiпкердiң келiсiмiнсiз оның банктiк шоттарында ақша, дебиторлардың қолма-қол ақшасы және банктiк шоттарында ақшасы болмаған жағдайларда салық берешегiнiң сомасы шегiнде салық төлеушінің билiк ету шектелген мүлкiн өндiрiп алуды жүргiзуге құқылы.
Тармақ 2
2. Салық төлеушi билiк етудi шектелген мүлiктiң сақталуын және тиiсiнше күтiмiн қамтамасыз етуге мiндетті. Олай болмаған жағдайда, салық төлеушi Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарына сәйкес аталған мүлiкке қатысты заңсыз әрекетi үшiн жауапқа тартылады және билiк ету шектелген мүлiктi аукционға дайындау жөнiндегі шығындарды өтеуге мiндеттi.
Бап 57. 57-бап. Салық төлеушiнiң билiк ету шектелген мүлкiн сатудың тәртiбi
57-бап. Салық төлеушiнiң билiк ету шектелген мүлкiн сатудың тәртiбi
Тармақ 1
1. Билiк ету шектелген мүлiктi сату өткiзiлу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мамандандырылған аукционда (бұдан әрi - аукцион) жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Аукционға жеке және заңды тұлғалар, оның ішiнде мүлкiне билiк ету шектелген салық төлеушi сатып алушылар ретiнде қатыса алады.
Тармақ 3
3. Егер оған кемiнде екi қатысушы қатысса, аукцион өткiзiлдi деп есептеледi.
Тармақ 4
4. Аукцион барысында тауарға соңғы бағаны ұсынған қатысушы, аукцион нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюы тиiс.
Тармақ 5
5. Хаттамада сатып алушы, тауардың атауы, тауардың бастапқы құны мен сатылу бағасы туралы, сондай-ақ сатып алу-сату шартына қол қою жөнiндегі тараптардың мiндеттемелерi және сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқандығы үшiн сатып алушының жауапкершiлігі туралы мәлiметтер көрсетіледi. Аукционның нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi сатып алушыға тапсырылады және сатып алу-сату шартын жасасуға оның құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
Тармақ 6
6. Аукцион аяқталатын күннен кейiнгі бiр күннен кешiктiрместен сатып алушы және сатушы аукцион нәтижелерi туралы хаттаманың негiзiнде мүлiктi сатып алу-сату шартына қол қояды, онда шарттың нысанасы, тараптардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершілігi, толық сату құны, бюджетке берешек сомаларын есептеу үшiн бюджет шоттарының кодтары көрсетіледi.
Тармақ 7
7. Түпкiлiктi есеп айырысу сатып алу-сату шартын жасасқаннан кейiн жүргізіледi. Аукцион аяқталғаннан кейiнгі 5 жұмыс күнi iшiнде сатып алушы сатып алынған тауар үшiн төлемнiң сомасын енгізуi тиiс.
Тармақ 8
8. Егер сатып алушы сатып алу (тауар) үшiн төлемнiң сомасын көрсетiлген мерзiм iшiнде енгізбесе, онда сатып алу-сату шарты бұзылды деп есептелiнедi және сатып алушы енгiзген аванс сомасы қайтарылуға жатпайды. Мамандандырылған аукционды ұйымдастырушы бағасы соңғының алдында (неғұрлым жоғары) болған басқа қатысушыға тауарды ұсынады және сатып алуға оның келiсiмi болған жағдайда онымен хаттамаға қол қояды, осы хаттаманың негiзiнде сатып алушы мен сатушының арасында сатып алу-сату шарты жасалады.
Тармақ 9
9. Салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алуды аяқтау туралы салық органының жазбаша хабарламасын алғаннан кейiн салық төлеушінің сатылған мүлкi оның балансының есебiнен шығарылуға жатады.
Тармақ 10
10. Егер салық төлеушi аукцион өткiзгенге дейiн берешегiн өтесе, онда аукционды ұйымдастыру жөнiндегі осы сәтке дейiн жүргізiлген барлық шығыстарды салық төлеушi өтейдi.
Тармақ 11
11. Егер салық төлеушiнiң мүлiгi аукционға кемiнде екi рет қойылғаннан кейiн толық немесе iшiнара сатылмай қалған болса, салық органы салық төлеушiге оны қайта бағалауды (арзандатуды) жүргізу жөнiнде ұсыныс жасайды және сонымен бiр мезгiлде құнын түсiретiн айырманы өтеу мақсатында қосымша мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм шығарады.
Бап 58. 58-бап. Салық төлеушi (акционерлiк қоғам) акцияларының мәжбүрлi қосымша эмиссиясы
58-бап. Салық төлеушi (акционерлiк қоғам) акцияларының мәжбүрлi қосымша эмиссиясы Осы Кодекстiң 52-бабында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейiн салық төлеушi (акционерлiк қоғам) салық берешегі сомаларын өтемеген жағдайда, салық органдары акциялардың мәжбүрлi қосымша эмиссиясы туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
Бап 59. 59-бап. Салық төлеушiнi банкрот деп тану
59-бап. Салық төлеушiнi банкрот деп тану
Тармақ 1
1. Осы Кодекстiң 52-бабында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейiн салық берешегі сомаларын заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер өтемеген жағдайда, салық органы белгiленген тәртiппен оны банкрот деп тану жөнiнде шара қолдануға құқылы.
Тармақ 2
2. Банкрот деп танылған заңды тұлғаны тарату тәртiбi банкроттық туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 10. 10-ТАРАУ. САЛЫҚ МIНДЕТТЕМЕЛЕРIН ТОҚТАТУДЫҢ НЕГIЗДЕРI
10-ТАРАУ. САЛЫҚ МIНДЕТТЕМЕЛЕРIН ТОҚТАТУДЫҢ НЕГIЗДЕРI
Бап 60. 60-бап. Жеке тұлғаның салық мiндеттемесiн тоқтату
60-бап. Жеке тұлғаның салық мiндеттемесiн тоқтату Жеке тұлғаның салық мiндеттемесi:
Тармақша 1
1) қайтыс болғанда;
Тармақша 2
2) оның қайтыс болғанын жариялау туралы сот шешiмi күшiне енгеннен бастап тоқтатылады.
Бап 61. 61-бап. Заңды тұлғаның салық міндеттемесiн тоқтату
61-бап. Заңды тұлғаның салық міндеттемесiн тоқтату Заңды тұлғаның салық мiндеттемесi:
Тармақша 1
1) толық таратылғанда;
Тармақша 2. ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
2) қосылуы (қосылған заңды тұлғаға қатысты), бiрiгуi, бөлiнуi және қайта құрылуы жолымен толық қайта ұйымдастырылғаннан кейiн тоқтатылады. ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
Бөлім 3. 3-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тарау ii. II-ТАРАУ. САЛЫҚТАР ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТIН БАСҚА ДА МIНДЕТТI ТӨЛЕМДЕРДIҢ ТYРЛЕРI
II-ТАРАУ. САЛЫҚТАР ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТIН БАСҚА ДА МIНДЕТТI ТӨЛЕМДЕРДIҢ ТYРЛЕРI
Бап 62. 62-бап. Жалпы ережелер
62-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгiленген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер қолданылады.
Тармақ 2
2. Салықтар тiкелей және жанама болып бөлiнедi. Қосылған құн салығы мен жанама салықтарға жатады.
Тармақ 3
3. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасы "Бюджет жүйесi туралы" Заң және тиiсті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдарда айқындалған тәртiпте тиiстi бюджеттердiң кiрiстерiне түседi.
Бап 63. 63-бап. Салықтар
63-бап. Салықтар
Тармақ 1
1. Корпорациялық табыс салығы
Тармақ 2
2. Жеке табыс салығы
Тармақ 3
3. Қосылған құн салығы
Тармақ 4
4. Акциздер
Тармақ 5
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салықтары
Тармақ 6
6. Әлеуметтiк салық
Тармақ 7
7. Жер салығы
Тармақ 8
8. Көлiк салығы
Тармақ 9
9. Мүлiк салығы
Бап 64. 64-бап. Алымдар
64-бап. Алымдар
Тармақ 1
1. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркелгенi үшiн төленетiн алым
Тармақ 2
2. Жеке кәсiпкерлердiң мемлекеттiк тiркелгенi үшiн төленетiн алым
Тармақ 3
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтың және олармен жасалған мәмiленiң мемлекеттiк тiркелгенi үшiн алым
Тармақ 4
4. Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiркелгенi үшiн төленетiн алым
Тармақ 5
5. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн төленетiн алым
Тармақ 6
6. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердiң мемлекеттiк тiркелгенi үшiн төленетiн алым
Тармақ 7
7. Көл, өзен және шағын көлемдi кемелердiң мемлекеттiк тiркелгенi үшiн төленетiн алым
Тармақ 8
8. Азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiркелгенi үшiн төленетiн алым
Тармақ 9
9. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргенi үшiн төленетiн алым
Тармақ 10
10. Аукциондық сатулардан төленетiн алым
Тармақ 11
11. Елтаңба алымы
Тармақ 12
12. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн төленетiн лицензиялық алым
Бап 65. 65-бап. Төлемдер
65-бап. Төлемдер
Тармақ 1
1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлем
Тармақ 2
2. Жер бетiндегі көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлем
Тармақ 3
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем
Тармақ 4
4. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем
Тармақ 5
5. Орманды пайдаланғаны үшiн төлем
Тармақ 6
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлем
Тармақ 7
7. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлем
Тармақ 8
8. Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем
Тармақ 9
9. Сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлем
Бап 66. 66-бап. Мемлекеттiк баж
66-бап. Мемлекеттiк баж Мемлекеттiк баж
Бап 67. 67-бап. Кеден төлемдерi
67-бап. Кеден төлемдерi
Тармақ 1
1. Кеден бажы
Тармақ 2
2. Кеден алымдары
Тарау 12. 12-ТАРАУ. САЛЫҚ ЕСЕБI МЕН САЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕСІНІҢ ЕРЕЖЕСI
12-ТАРАУ. САЛЫҚ ЕСЕБI МЕН САЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕСІНІҢ ЕРЕЖЕСI
Бап 68. 68-бап. Салық есебiнiң ережесi
68-бап. Салық есебiнiң ережесi
Тармақ 1
1. Салық төлеушi салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлерiн есептеу әдiсi бойынша және осы Кодексте белгіленген тәртiппен және шарттармен айқындалады.
Тармақ 2
2. Салық салу мақсатында шетелдiк валютада кез-келген операция: операция жасалған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң ресми бағамы бойынша; Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң ресми бағамы болмағанда валюта бойынша - АҚШ долларына қатысы бойынша кросс-бағам бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен қайта есептеледi.
Тармақ 3
3. Салық мақсаттары үшiн тауарлық-материалдық қорларды есепке алу бухгалтерлiк есепке алу жөнiндегі ережелерге сәйкес жүргізіледi.
Тармақ 4
4. Баспа-бас операциялар барлық салықтарға қатынасында қолданатын баға, осы операцияларды шот-фактуралармен мiндеттi ресiмдеу бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату сияқты қаралады.
Бап 69. 69-бап. Есептiк құжаттаманы жасау және сақтау
69-бап. Есептiк құжаттаманы жасау және сақтау
Тармақ 1
1. Салық салу объектілерi мен салық салуға байланысты объектілердi анықтау, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн негiз болып табылатын бастапқы құжаттар, бухгалтерлiк есептiң тiзілiмдерi және өзге де құжаттар есептiк құжаттамаға жатады.
Тармақ 2
2. Есептiк құжаттама қағазда, электронды жеткiзушiлерде жасалады және осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, есептiк құжаттама жасалған салық кезеңiнен бастап, келесi кезең үшiн осы Кодексте белгiленген талап-арыздың ескiруi мерзiмi iшiнде сақталады.
Тармақ 3
3. Қызметiн жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушiлердiң есептiк құжаттамасы келiсiм-шарттың қолданылуы аяқталғаннан кейiн салық кезеңiнен бастап келесi кезең үшiн талап-арыздың ескiруi мерзiмi iшiнде сақталады.
Тармақ 4
4. Тiркелген активтердiң құнын растайтын, соның iшiнде қаржы лизингі бойынша берiлген (алынған) есептiк құжаттама осындай активтердiң амортизациялық кезеңi iшiнде, бiрақ осы Кодексте белгіленген талап-арыздың ескiруi мерзiмiнен кем емес мерзiм сақталады. Салық салу мақсатында амортизациялауға жатпайтын тiркелген активтердiң құнын растайтын есептiк құжаттама олардың сатылған сәтiнен бастап осы Кодексте белгiленген талап-арыздың ескiруi мерзiмi iшiңде сақталады.
Тармақ 5
5. Бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есепке алу тiзілімiн салық төлеушi қазақ немесе орыс тiлiнде жасайды. Шет тiлде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде, салық органы олардың қазақ немесе орыс тiлiне аударылуын талап етуге құқылы.
Тармақ 6
6. Есептiк құжаттама электронды жеткiзушi құралдарға түсiрiлген кезде салық органдарының талабы бойынша салық төлеушi мұндай құжаттардың қағазға түсiрілген көшiрмесiн беруге мiндеттi.
Бап 70. 70-бап. Бөлек есеп және оны жүргізудiң тәртiбi
70-бап. Бөлек есеп және оны жүргізудiң тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы Кодексте салық салудың әртүрлi шарттары белгіленген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер салық салу объектiлерi мен салық салумен байланысты объектiлердiң бөлек есебiн жүргізуге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Салық төлеушілер бөлек есептi бухгалтерлiк есеп деректерi негiзiнде есеп айырысуды жүзеге асыру арқылы жүргiзедi. Осы есеп айырысулар (егер жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартпен өзгеше көзделмесе, онда жер қойнауын пайдаланушылар үшiн - әрбiр кен орны бойынша) әрбiр қызмет түрi бойынша бөлек жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Белгiлi бiр қызмет түрiне жатқызылған барлық кiрiстер мен шығыстар тиiстi есептеу құжаттамасымен растауға тиiс.
Бап 71. 71-бап. Салықтық есеп беру
71-бап. Салықтық есеп беру
Тармақ 1
1. Салықтық есептер Қосарланған салық салуды болдырмау туралы келiсiмнiң нормаларын қолдану үшiн берілетiн салық төлеушiнiң салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң әрбiр түрi бойынша, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жасаған салық декларацияларын, есептердi, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес электронды мониторингке жататын, салық төлеушiлер беретiн құжаттама болып табылады.
Тармақ 2
2. Салық декларациясы, есебi - бұл салық салу объектiлерi мен салық салумен байланысты объектiлер туралы, сондай-ақ салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге және төлеуге байланысты салық мiндеттемелерiн және басқа деректердi есептеу туралы мәлiметтерi болуы тиiс салық төлеушiнiң осы Кодексте белгiленген тәртіпке сәйкес салық органдарына берiлген салық агентiнiң жазбаша өтiнiшi және (немесе) электронды құжат.
Тармақ 3
3. Салық декларациясында көрсетiлуге тиiстi белгiлi бiр көрсеткiштер болмаған жағдайда, ол бойынша мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлеген оның тиiстi қосымшалары берілмейдi.
Бап 72. 72-бап. Салық есебiн жасау мен тапсырудың тәртiбi
72-бап. Салық есебiн жасау мен тапсырудың тәртiбi
Тармақ 1
1. Салық есебiн салық төлеушi, не оның өкілі, салық агентi осы Кодекске сәйкес уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша дербес жасайды.
Тармақ 2
2. Салық есебi қағазға, электронды жеткiзушi құралдарда қазақша немесе орысша жасалады. Салық есебi электронды жеткiзушi құралдарға жазылған кезде салық төлеушi салық органдарының талабы бойынша бұл құжаттардың көшiрмелерiн қағазға түсiрiп беруге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Салық есебiне салық төлеушi (басшы және бас бухгалтер) қол қоюға, сондай-ақ салық төлеушi заңды тұлғаның мөрiмен расталуға тиiс. Салық есебiн электронды түрде жасаған кезде электронды құжат заңды тұлға басшысының және бас бухгалтердiң электронды қолымен, электронды мөрмен куәландырылуы тиiс. Салық төлеушi жеке тұлға болмаған, не iс-әрекет жасауға қабiлетсiз болған жағдайда, салық есебiне оның өкiлi қол қояды және куәландырады.
Тармақ 4
4. Салық төлеушiнiң өкiлi, соның iшiнде салық төлеушiнiң салық есебiн жасау жөнiнде қызмет көрсететiн аудиторы оған қол қоюға, мөр басуға және өзiнiң салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрiн көрсетуге мiндеттi.
Тармақ 5
5. Салық есебiн салық төлеушi және салық агентi, сондай-ақ мұндай есептi оның өкiлi жасаған жағдайда, салық есебiнде көрсетiлген деректердiң дұрыстығы үшiн жауапкершілiк салық төлеушiге, салық агентiне жүктеледi.
Тармақ 6
6. Салық төлеушi салық есебiн тиiстi салық органына осы Кодексте белгiленген тәртiпте және мерзiмдерде тапсырады.
Тармақ 7
7. Салық төлеушi қайта ұйымдастырылғанда (таратылғанда) қайта ұйымдастырылған (таратылған) әрбiр салық төлеушiге салық кезеңi басталғаннан қайта ұйымдастырылу немесе тарату аяқталған күнге дейiн бөлу, тарату және тапсыру баланстарына сәйкес бөлек салық есебi жасалады. Мұндай есеп салық органдарына қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешiм қабылданған күннен бастап 15 күн iшiнде тапсырылады.
Тармақ 8
8. Салық төлеушiлер салық есебiн өз қалауы бойынша:
Тармақша 1
1) өзi әкелу тәртiбiмен;
Тармақша 2
2) почта арқылы хабарлама жасалатын тапсырыстық хат бойынша;
Тармақша 3
3) уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген жағдайларда, ақпаратты компьютерлiк өңдеуге рұқсат ететiн электронды түрде тапсыруға құқылы.
Тармақ 9
9. Почтаға, телеграфқа немесе байланыстың өзге ұйымдарына осы Кодекс белгiлеген мерзiмiнiң соңғы күнiнiң жиырма төрт сағатына дейiн тапсырылған салық есебi мерзiмiнде берілген деп саналады, почта ұйымы қабылдау уақыты мен күнiн белгiлеген жағдайда.
Тармақ 10
10. Салық есебi алдын-ала камералдық бақылаусыз қабылданады.
Бап 73. 73-бап. Салық декларациясын тапсыру мерзiмiн ұзарту
73-бап. Салық декларациясын тапсыру мерзiмiн ұзарту
Тармақ 1
1. Осы Кодексте белгiленген салық декларациясын ұсынуға осы Кодексте белгіленген мерзімге дейiн салық төлеушiден жазбаша өтінiш алынғанда, уәкiлеттi мемлекеттiк орган салық декларациясын тапсырудың кезеңiн екi айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.
Тармақ 2
2. Салық декларациясын тапсыру мерзімiн осы бапқа сәйкес ұзарту салықты төлеу мерзiмiн өзгертпейдi.
Бап 74. 74-бап. Салық есебiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу
74-бап. Салық есебiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу
Тармақ 1
1. Салық есебiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізуге осы Кодексте көзделген талап-арыздың ескiруi мерзiмiнiң iшiнде рұқсат етiледi.
Тармақ 2
2. Салық төлеушінің салық есебiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізуi осы өзгерiстер мен толықтыруларға қатысты салық кезеңi үшiн қосымша декларация толтыру жолымен жүргізiледi.
Тармақ 3
3. Қосымша декларацияда тиiстi жолдарда бұрын берілген декларациямен салыстырғанда анықталған сома айырмасы ғана көрсетiледi.
Бап 75. 75-бап. Салық есебiн сақтау мерзiмi
75-бап. Салық есебiн сақтау мерзiмi
Тармақ 1
1. Салық есебi осы Кодексте белгiленген талап-арыздың ескiруi мерзiмiнiң iшiнде салық төлеушiде және салық органында сақталады.
Тармақ 2
2. Салық төлеушi заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оны қайта ұйымдастырылған тұлғаның қызмет кезеңi үшiн салық есебiн сақтау жөнiндегі міндетте оның құқықтық мұрагеріне жүктеледі.
Тарау 13. 13-ТАРАУ. ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIНIҢ САЛЫҚ ЕСЕБIНIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
13-ТАРАУ. ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIНIҢ САЛЫҚ ЕСЕБIНIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
Тармақ 1. 1. Трансферттік бағалар қолдану кезiндегі салық салу ерекшелiктерi
1. Трансферттік бағалар қолдану кезiндегі салық салу ерекшелiктерi
Бап 76. 76-бап. Трансферттiк бағалар қолдану кезiндегі бақылау
76-бап. Трансферттiк бағалар қолдану кезiндегі бақылау
Тармақ 1
1. Салық салу мақсаттары үшiн егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң) мәмiле тараптары көрсеткен бағасы қабылданады.
Тармақ 2
2. Салық органдары мәмiлелер бойынша бағалардың дұрыс қолданылуын мынадай жағдайларда бақылайды:
Тармақша 1
1) өзара байланысты тараптар арасындағы;
Тармақша 2
2) тауар алмасу (бартерлiк) операциялар бойынша;
Тармақша 3
3) бiркелкi қарсы талаптарды (талапқа жол берген кезде есептеудi қоса алғанда) есепке алу жолымен жүзеге асырылатын мәмiлелер жөнiндегi мiндеттемелердi орындау кезiнде;
Тармақша 4
4) осы Кодекстiң 136-бабы 2-тармағында көрсетiлген шетелдiк мемлекеттерде тiркелген (тұратын) немесе банктiк шоты бар адамдармен не салық салудың жеңiлдiгi режимi қолданылатын тiркелген (тұратын) жерi бойынша мәмiлелер жасаған кезде;
Тармақша 5
5) салық жеңiлдiктерi немесе осы Кодекстiң 142-бабында белгiленген өзгеше ставка белгiленген заңды тұлғалармен және жеке кәсiпкерлермен мәмiлелер жасау кезiнде;
Тармақша 6
6) мәмiлелер, жасалғаннан бұрынғы жылғы салық кезеңiнiң соңғы екi жылы үшiн салық декларацияларының деректерi бойынша залалы бар заңды тұлғалармен мәміле жасалған кезде;
Тармақша 7
7) Осы тармақтың 1)-6) тармақшаларының қолданылуына жатпайтын сыртқы сауда мәмiлелерi бойынша мемлекеттiк бақылау тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) рыноктағы бағаларынан белгілi бiр жағына 10 проценттен артық мәмiле бағасынан ауытқушылық фактiсi анықталған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Салық органы рыноктағы бағалардан мәміле бағасының ауытқуы фактiсi анықталған кезiнде салық салу объектілерiне түзету енгiзедi. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өсiмдер мен айыппұлдарды қолданып рыноктағы бағасын ескере отырып, басқа да салық салу объектілерi мен салық салуға байланысты объектілерi анықталса, егер осы мәмілелерден түскен кiрiстер немесе шығыстар сияқты есептелген қосылған құн салығын, акциздi (акцизделетiн тауарлармен мәмiле жасалған жағдайда), жер қойнауын пайдаланушылардан роялти, кеден төлемдерi, заңды тұлғалардың табыс салығын салық салу объектiлерiне түзету енгізу негізiнде есептеу жүргізiледi.
Бап 77. 77-бап. Өзара байланысты тараптарды анықтау
77-бап. Өзара байланысты тараптарды анықтау Өзара байланысты тараптар болып араларындағы мәмiленiң (операцияның) экономикалық нәтижелерiне тiкелей және (немесе) жанама әсер ете алатын ерекше өзара қарым-қатынасы бар заңды және (немесе) жеке тұлғалар танылады. Мұндай ерекше өзара қарым-қатынасқа, соның iшiнде мынадай шарттар:
Тармақша 1
1) бiр тұлға екiншi тұлғаға аффилиирленген тұлға деп танылады;
Тармақша 2
2) егер мұндай қатысудың үлесi 25 проценттен кем болмаса (резидент еместiң үлесi - 10 процент), бiр тұлға тiкелей және (немесе) жанама түрде екiншi тұлғаға қатысады (басқаруда, бақылауда, капиталда);
Тармақша 3
3) тiкелей және (немесе) жанама түрде (басқаруға, бақылауға, капиталға) қатысатын тұлғалардың барлығы бiр тұлға, әрбiр осындай тұлғалардың тiкелей және (немесе) жанама қатысуы капиталдың 25 проценттен кем емес үлесiн құрайды (резидент еместер үшiн - 10 процент);
Тармақша 4
4) егер жай серiктестiктiң шарты бойынша осы тұлға салымының мөлшерi қатысушылардың бүкiл салымының жалпы мөлшерiнiң 20 проценттен астамын құраса немесе осы тұлғаның пайдасына бөлiнуге тиiстi серiктестiктiң кiрiс үлесi серiктестiктiң жалпы кiрiсінің 20 проценттен астамын құраса, тұлға және жай серiктестiк;
Тармақша 5
5) егер бiр және сол қатысушының қатысу үлесi қатысушылардың әрбiр осындай серiктестiктегі қатысушылардың бүкiл салымының жалпы көлемiнiң 20 проценттен астамын құраса, жай екi серiктестiк;
Тармақша 6
6) мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарты бойынша сенiмгерлiк басқару шартының құрылтайшысы және сенiмгерлiк басқарушы;
Тармақша 7
7) егер мүлiктi сенiмгерлiк басқарудың екi шарты бойынша да бiр тұлға сенiмгерлiк басқарудың құрылтайшысы болып табылса, екi сенiмгерлiк басқарушы;
Тармақша 8
8) мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарты бойынша сенiмгерлiк басқарушы және пайданы сатып алушы;
Тармақша 9
9) ұйым капиталына осындай қатысудың үлесi 20 проценттен астамын құраса, сенiмгерлiк басқарудың құрылтайшысы тiкелей немесе жанама қатысатын сенiмгерлiк басқарушы және ұйым;
Тармақша 10
10) егер мүлiктi сенiмгерлiк басқарудың екi шарты бойынша да бiр тұлға сенiмгерлiк басқарудың құрылтайшысы болып табылса, мүлiктi сенiмгерлiк басқарудың бiр шарты бойынша сенiмгерлiк басқарушы және мүлiкті сенiмгерлiк басқарудың екiншi шарты бойынша пайданы сатып алушы;
Тармақша 11
11) мүлiктiң меншiк иесi осы мүлiкке (иеленуге, пайдалануға, билiк етуге) қатысты мүлiктi меншiктенудiң бiр немесе бiрнеше құқығы берілген және тұлға;
Тармақша 12
12) лауазымдық жағдайы бойынша бiр тұлға екiншi бiр тұлғаға бағынысты болса;
Тармақша 13
13) тұлғалар еншiлес кәсiпорындар болып табылса немесе үшiншi бiр тұлғаның тiкелей немесе жанама бақылауында тұрса;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес некелі қатынаста, туыстық қатынаста немесе бала асырап алушы және асыранып алынған бала, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы ретiндегi қатынастарда тұратын адамдар жатады.
Бап 78. 78-бап. Рыноктағы бағаларды белгілеу тәртібі
78-бап. Рыноктағы бағаларды белгілеу тәртібі
Тармақ 1
1. Рыноктағы бағаларды белгiлеу үшiн салық органдары мынадай әдiстердi қолданады:
Тармақша 1
1) салыстыруға келетiн бақыланбайтын баға әдiсi;
Тармақша 2
2) "шығындарға қосу" әдiсi;
Тармақша 3
3) кейiннен сату бағасы әдiсi.
Тармақ 2
2. Салыстыруға келетiн бақыланбайтын баға әдiсi тиiстi рынокта ұқсас (олар болмаған кезде - бiртектi) тауарлар, қызметтер бойынша тауарлардың, қызметтердiң мәмiлелерi жасалған кезде қолданылады және сатушымен байланысы жоқ сатып алушыға салыстыруға келетiн жағдайда сатылған ұқсас (олар болмаған кезде - бiртектi) тауарлардың, қызметтердiң рыноктағы салыстырмалы бағасын белгiлейдi. Тауардың (жұмыстың, қызметтiң) рыноктағы бағаларын айқындау кезiнде ұқсас (олар болмаған кезде - бiртектi) тауарлармен (жұмыстармен, қызметтермен) салыстырмалы жағдайда жасалған мәмiлелер осы тауарды (жұмыстарды, қызметтi) сату сәтiне жасасқаны және (немесе) жасалғаны бойынша бағалар туралы ақпарат ескеріледi. Ұқсас (олар болмаған кезде - бiртектi) тауарлардың, қызметтердiң рыногындағы мәмiлелердiң экономикалық (коммерциялық) шарттары егер де мұндай шарттардың айырмасы бағаға әсер етпесе немесе осы Кодекстiң 76-бабына сәйкес түзетілуi мүмкiн болса, салыстырмалы деп танылады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағы 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген әдiстер ұқсас тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тиiстi рыногiнде осындай тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша мәмiлелер болмаған кезде немесе мұндай тауарларға (жұмыстардың, қызметтердiң) бұл рынокта ұсыныстың болмауынан, сондай-ақ ақпарат көздерiнiң болмауы не оларға қол жеткiзу мүмкiн болмауы себептi тиiстi бағаларды айқындау мүмкiн болмаған кезде қолданылады.
Тармақ 4
4. "Шығындарды қосу" әдiсi мұндай жағдайда тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң рыноктағы бағасы жұмсалған шығындар (шығыстар) сомасы мен үстеме бағаның сомасы ретiнде айқындалады. Бұл ретте тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiруге (сатып алуға) және (немесе) сатуға жұмсалған тiкелей және жанама шығындар (шығыстар), тасымалдау, сақтау, сақтандыру бойынша шығындар (шығыстар) және өзге де шығындар (шығыстар) ескерiледi. Үстеме баға қызметтің осы саласындағы қалыптасқан орташа пайда нормасын қамтамасыз ететiндей болып айқындалады.
Тармақ 5
5. Кейiннен сату бағасы әдiсi, мұндай жағдайда тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) рыноктағы бағасы сатып алушының мұндай тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi кейiннен сатқандағы (қайта сатқандағы) бағасының және қайта сатқан кездегi (аталған сатып алушы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатушыдан сатып алуы жөнiндегi бағаны есепке алмай), сатып алушыдан шыққан шығындардың (шығыстардың) расталған, сондай-ақ оның үстеме бағасының арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Үстеме баға қызметтiң осы саласындағы қалыптасқан орташа пайданың нормасын қамтамасыз ететiндей болып, айқындалады.
Бап 79. 79-бап. Мәмiле жасау кезiнде қолданылатын бағалардың рыноктағы бағасынан ауытқу шамасына әсер ететiн шарттар
79-бап. Мәмiле жасау кезiнде қолданылатын бағалардың рыноктағы бағасынан ауытқу шамасына әсер ететiн шарттар
Тармақ 1
1. Нарық бағасынан мәмілелер бағаларының ауытқуы шамасын анықтау кезiнде мәмiлелердiң мынадай шарттары: жеткiзілетiн тауарлардың (мәселен, тауар партиясының көлемi), ұсынылатын қызметтердiң, орындалатын жұмыстардың саны (көлемi); міндеттемелерді орындаудың мерзiмдерi; мәмiлелердiң осындай түрiнде, әдетте, қолданылатын төлемдердiң шарттары, сондай-ақ бағаға әсер ете алатын өзге де шарттар секiлдi жағдайлар; өзара бағынысты емес тұлғалар арасында мәмiлелер жасалған кезде қолданылатын бағаның кәдiмгi шегерiмдерi немесе бағаның үстемақысы ескеріледi. Көбiнесе мыналарға байланысты шегерiмдер мен үстемақылар: тауарлар (жұмыстарға, қызметтерге) тұтынушы сұранысының мезгілдiк ауытқуы; тауарлар сапасын немесе басқа да тұтынушылық қасиетiн жоғалтқанда; тауарларды сатудың немесе сақталу мерзiмдерiнiң аяқталуы (аяқталу) күнiнiң жақындауы; маркетинг саясатымен, соның iшiнде ұқсас емес жаңа тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) нарықтағы жылжуы кезiнде, сондай-ақ тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) жаңа нарықтағы жылжуы кезiнде; тұтынушыларды олармен таныстыру мақсатында тауарлардың тәжiрибелi үлгiлерiн және нысандарын сату ескерiледi.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларға сәйкес пайда болған нарықтық бағалардан мәмiлелер жасау кезiнде пайдаланылатын бағалардан ауытқу мөлшерi салық салу объектiлерiн түзетудi жүзеге асыру үшiн негіз болып табылмайды.
Бап 80. 80-бап. Нарықтық бағаларды анықтау үшiн пайдаланылатын ақпарат көздерi
80-бап. Нарықтық бағаларды анықтау үшiн пайдаланылатын ақпарат көздерi
Тармақ 1
1. Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) нарық бағасын анықтау үшiн:
Тармақша 1
1) тауарлардың (тауарлардың, қызметтердiң) нарықтық бағалары туралы ресми ақпарат көздерi деп танылған;
Тармақша 2
2) биржалық котировкалар туралы ресми көздер деп танылған;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органдардың ақпараттық базасы;
Тармақша 4
4) салық төлеушiлердiң салық органына беретiн ақпараттары қоса алғанда, кез-келген ақпарат көздерiн пайдаланылады.
Тармақ 2
2. Сыртқы сауда мәмiлелерi кезiндегі нарық бағасын айқындау үшiн Қазақстан Республикасының заңдары, халықаралық келiсiмдер, конвенциялар, сондай-ақ келiсушi мемлекеттердiң өкiлеттi органдарымен келiсiлген нарық бағасын айқындау тәсiлдерi қолданылады.
Тармақ 3
3. Нарық бағасы бойынша ресми ақпарат тiзiлiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Тармақ 2. 2. Басқа да жағдайлардағы салық салу ерекшелiктерi
2. Басқа да жағдайлардағы салық салу ерекшелiктерi
Бап 81. 81-бап. Қаржы лизингі
81-бап. Қаржы лизингі
Тармақ 1
1. Лизинг берушi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалынған лизинг шарты бойынша лизинг алушыға амортизацияға жататын негізгі қаражаттарды беруi, егер мынадай шарттарға жауап берсе қаржы лизингi болып табылады:
Тармақша 1
1) лизинг шарты айқындалған тiркелген баға бойынша негізгі қаражаттарды сатып алу бойынша лизинг алушы меншiгiне негізгі қаражаттарды беру немесе лизинг алушыға құқық беру;
Тармақша 2
2) қаржылық лизингтiң мерзiмi негізгі құралдардың пайдалы қызметi мерзiмiнiң 80 процентiнен асып кетсе беру. Салық салу мақсатында мұндай мәмiле лизинг алушы сатып алған негiзгi қаражаттар сияқты қаралады. Бұл ретте, лизинг алушы негiзгі қаражаттардың иесi, ал, лизинг төлемдерi лизинг алушыға ұсынылған несие бойынша төлем ретiнде қаралады. Лизингiге (лизинг бойынша) берiлген (алынған) негiзгi қаражаттар құны лизингтiң қаржылық шартын жасасқан сәттен айқындалады. Салық салу мақсатында сыйақы сомасына лизингтiк төлемдердi бөлу тәртiбiн және салық кезеңi бойынша негiзгі құралдарды сатып алуға лизинг берушiге оның шығындарын өтеу сомасын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгілейдi.
Тармақ 2
2. Осы баптың мақсаты үшiн қаржы лизингi мерзiмiне лизинг алушының шартына сәйкес қаржы лизингiн ұзартуға құқығы бар қосымша мерзiм қосылады.
Бап 82. 82-бап. Жалпы үлестік меншiк
82-бап. Жалпы үлестік меншiк Мүлiкке жалпы үлестiк меншiк немесе кәсiпкерлiк қызметтi бiрлесiп жүргiзу не өзге де келiсушілік туралы екi және одан артық иеленушiнi, бiрақ заңды тұлғаны құрамауды көздейтiн келiсушілік болған жағдайда, салық салу объектiлерi мен салық салуға байланысты объектiлер осы Кодексте белгiленген тәртiппен тиісiнше әрбiр иелiк етушiнiң өзiнде ескерiледi және салық салынады.
Бап 83. 83-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiлерiн айқындау тәртiбi
83-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiлерiн айқындау тәртiбi
Тармақ 1
1. Есеп жүргізу тәртiбiн бұзған, зiлзала немесе басқа да төтенше және еңсерiлмес жағдайлардың салдарынан есептiк құжаттамалардың жойылғанынан немесе жоғалуынан салық салу объектілерi мен салық салуға байланысты объектілердi айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, салық салу объектілерiн жанама тәсiл (активтер, мiндеттемелер, айналымдар, шығындар (шығыстар)) негізiнде салық органдары айқындайды.
Тармақ 2
2. Егер жеке тұлға өзiндік тұтынуына жұмсалған шығынға, соның iшiнде мүлiк сатып алуға сәйкес келмейтiн кiрiс көрсетсе, салық органы өткен кезеңдер кiрiстерi есебiнен оларға жұмсалған шығындар негiзiнде кiрiс пен салық айқындалады.
Тармақ 3
3. Кірiс, сондай-ақ басқа да тұлғалар мен органдар аталған кiрiстi алу заңдылығына бәсекелескен жағдайларда, салық салуға жатады.
Тармақ 4
4. Егер сот шешiмi бойынша кiрiс Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда бюджетке алып қоюға жатса, онда көрсетiлген кiрiс оған төленген салық сомасын шегеруге өндiріліп алынады.
Бөлім 4. 4-БӨЛIМ. КОРПОРАТИВТIК ТАБЫС САЛЫҒЫ 14-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
4-БӨЛIМ. КОРПОРАТИВТIК ТАБЫС САЛЫҒЫ 14-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 84. 84-бап. Төлеушiлер
84-бап. Төлеушiлер
Тармақ 1
1. Корпорациялық табыс салығын төлеушілерге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырушы резидент емес заңды тұлғалар (бөлiм бойынша бұдан әрi - салық төлеушiлер) жатады.
Тармақ 2
2. Арнайы салық режимiн қолданушы заңды тұлғалар корпорациялық кiрiс салығын осы Кодекстiң 378-386, 393-405-баптарына сәйкес төлейдi.
Бап 85. 85-бап. Салық салу объектiлерi
85-бап. Салық салу объектiлерi Корпорациялық кiрiс салығы салынатын объектiлер болып табылатындар:
Тармақша 1
1) салық салынатын кiрiс;
Тармақша 2
2) төлем көздерiне салынатын кiрiс;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырушы резидент емес заңды тұлғаның таза кiрiсi.
Тарау 15. 15-ТАРАУ. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН КIРIС
15-ТАРАУ. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН КIРIС
Бап 86. 86-бап. Салық салынатын кiрiс
86-бап. Салық салынатын кiрiс Салық салынатын кiрiс, жиынтық жылдық кiрiс пен осы бөлiмде көзделген шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Жиынтық жылдық кiрiс осы кодекстiң 98-бабына сәйкес түзетуге жатады.
Тармақ 1. 1. Жиынтық жылдық кiрiс
1. Жиынтық жылдық кiрiс
Бап 87. 87-бап. Жиынтық жылдық кiрiс
87-бап. Жиынтық жылдық кiрiс
Тармақ 1
1. Резидент-заңды тұлғаның жиынтық жылдық кiрiсi салық кезеңi iшiнде олардың Қазақстан Республикасынан және одан тысқары жерлерден алуға тиiс кiрiстерден тұрады. Қызметiн Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес-заңды тұлғаның жиынтық жылдық кiрiсi осы кодекстiң 184-бабына сәйкес айқындалады.
Тармақ 2
2. Жиынтық жылдық кiрiске салық төлеушi кiрiстерiнiң барлық түрлерi, соның ішінде мыналар қосылады:
Тармақша 1
1) тауарлар сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетiн кiрiс;
Тармақша 2
2) үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизацияға жатпайтын активтердi сату кезiнде құн өсiмiнен түсетiн кiрiс;
Тармақша 3
3) мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн кiрiстер;
Тармақша 4
4) күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн кiрiстер;
Тармақша 5
5) мүлiктi жалға тапсырудан түсетiн кiрiстер;
Тармақша 6
6) банктердiң құрылған провизияларының, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымдардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерiнiң мөлшерiн азайтудан түскен кiрiс;
Тармақша 7
7) қарызды қайтару талабын қайтып алудан түсетiн кiрiстер;
Тармақша 8
8) кәсiпкерлiк қызметтi шектеуге келiсiм алғаны және тоқтатқаны үшiн түскен кiрiс;
Тармақша 9
9) iстен шыққан негiзгi қаржы құнының топтық құн балансынан асып түсуiнен немесе шыққан активтiң қалдық құнынан түскен кiрiстер;
Тармақша 10
10) кен орындарын әзiрлеу салдарларын жою жөнiндегі нақты шығыстардың сомаларына кен орындарын әзiрлеу салдарларын жою қорына артық есептелген сомадан алынатын кiрiстер;
Тармақша 11
11) жалпы үлестiк меншiктен кiрiстi бөлу кезiндегі алынатын кiрiстер;
Тармақша 12
12) айыппұлдар, өсiмақылар және басқа да санкциялар түрлерi;
Тармақша 13
13) бұрын жүргiзiлген шегерiмдер бойынша алынған өтемақылар;
Тармақша 14
14) қайтарымсыз берiлген мүлiктер, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер;
Тармақша 15
15) дивидендтер;
Тармақша 16
16) сыйақылар;
Тармақша 17
17) оң бағамдық айырмашылық;
Тармақша 18
18) ұтыстар;
Тармақша 19
19) роялти;
Тармақша 20
20) әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған кiрiстердiң шығыстардан асып түсуi енгiзіледi.
Бап 88. 88-бап. Сатылған тауарлардан (жұмыстардан, қызмет көрсетулерден) түскен кiрiс
88-бап. Сатылған тауарлардан (жұмыстардан, қызмет көрсетулерден) түскен кiрiс
Тармақ 1
1. Қосылған құнға салынатын салықты және акциздi қоспағанда, сатылған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, ұсынылған қызмет көрсетулердiң құны тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан түскен кірiс болып табылады.
Тармақ 2
2. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатудан түскен кiрiс мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) тауарлар толық немесе iшiнара қайтарылғанда;
Тармақша 2
2) мәмiле шарты өзгергенде;
Тармақша 3
3) сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн келiсiлген өтемақылар өзгергенде;
Тармақша 4
4) осындай төлемдердi шетел валютасында алу жағдайларынан басқа, жiберiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төлем алу түзетуге жатады. Кiрiстердi түзету көрсетiлген өзгерiстер болған салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша жүргiзiледi.
Бап 89. 89-бап. Тұрған үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын басқа да активтердi сату кезінде құнының өсуiнен түскен кiрiс
89-бап. Тұрған үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын басқа да активтердi сату кезінде құнының өсуiнен түскен кiрiс
Тармақ 1
1. Үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизацияға жатпайтын басқа да активтердi сату кезiнде құнының өсуiнен құралатын кiрiс. Амортизацияға жатпайтын активтерге:
Тармақша 1
1) жер учаскелерi;
Тармақша 2
2) аяқталмаған құрылыс объектiлерi;
Тармақша 3
3) орнатылмаған жабдықтар;
Тармақша 4
4) салық төлеушінің тауар өндіруінде, жұмыстарды орындауында, қызмет көрсетулерінде пайдаланылмайтын негізгі құралдар және материалдық емес активтер;
Тармақша 5
5) ашық акционерлік қоғамдардың акцияларын қоса алғанда, бағалы қағаздар;
Тармақша 6
6) кез-келген ұйымдық-құқықтық нысанның заңды тұлғада қатысу үлесi;
Тармақша 7
7) салық салу мақсатында амортизацияға жатпайтын басқа да активтер жатады.
Тармақ 2
2. Өсiм осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған активтердi сату құнының және олардың баланстық құнының арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Оларда сату болған айдың бiрiншi күнi бухгалтерлiк баланста көрсетiлген активтердiң құны баланстық құн болып табылады.
Тармақ 3
3. Кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын үйлердi, ғимараттарды, құрылыстарды сату кезiнде құн өсiмi салық есебiнде айқындалатын сату құны мен қалдық құнның арасындағы айырма ретiнде анықталады.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздарды сату (жабу) кезiнде құн өсiмiн анықтағанда құн өсiмiн сату (жабу) құны мен құнды қағаздар сатып алу құнының арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Бап 90. 90-бап. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түскен кiрiс
90-бап. Мiндеттемелердi есептен шығарудан түскен кiрiс
Тармақ 1
1. Мiндеттемелердi есептен шығарудан алынатын кiрiстерге:
Тармақша 1
1) мiндеттемелердi салық төлеушіден оның несие берушiсiнiң есептен шығаруы;
Тармақша 2
2) осы Кодекске сәйкес күмәндi деп танылған міндеттемелерден басқа, Қазақстан Республикасының заң актыларында белгіленген талап қою мерзiмiнің аяқталуына байланысты мiндеттемелердi есептен шығару;
Тармақша 3
3) сот шешiмi бойынша мiндеттемелердi есептен шығару.
Тармақ 2
2. Мiндеттемелердi есептен шығару нәтижесiнде алынған кiрiс сомасы есептен шығарылған кредиторлық берешек сомасына тең.
Бап 91. 91-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша кiрiс
91-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша кiрiс Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша туындаған, сондай-ақ осы Кодекстiң 153-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалатын қызметкерлерге есептелген кiрiстер және басқа да төлемдер бойынша және туындаған сәттен бастап үш жыл iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттеме күмәндi болып танылады және дебитор - салық төлеушiнің жиынтық жылдық кiрiсiне қосылуға жатады.
Бап 92. 92-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктердiң, ұйымдардың құрылған провизияларының көлемiн төмендетуден түскен кiрiстер
92-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктердiң, ұйымдардың құрылған провизияларының көлемiн төмендетуден түскен кiрiстер Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы банктердiң, ұйымдардың құрылған провизияларының мөлшерiн төмендетуден түскен кiрiстерге провизияларының азайтылған сомалары нәтижесiнде пайда болған айырмашылық жатады.
Бап 93. 93-бап. Қарыз талабына орын беруден түскен кірiстер
93-бап. Қарыз талабына орын беруден түскен кірiстер Негiзгі борыштан тыс төленетiн және алынған борыш құнының сомаларын қоса алғанда, сомалар арасындағы оң айырма ретiнде айқындалатын салық төлеушiнiң кiрiстерi қарыз талабына орын беруден түскен кiрiстер болып табылады.
Бап 94. 94-бап. Баланс тобы құнының негізгi қаражатынан шыққан құнның өсуiнен түскен кiрiстер
94-бап. Баланс тобы құнының негізгi қаражатынан шыққан құнның өсуiнен түскен кiрiстер Егер топтың негiзгі қаражатынан шыққан құн салық кезеңiнiң аяқ  шенiнде топтың баланстық құнынан асып түссе жиынтық жылдық кiрiске енгізiлуi тиiс. Осы топтың құн балансы салық кезеңiнiң аяқ шенiнде нөлге тең болады.
Бап 95. 95-бап. Кен орындарын игеру салдарын жою бойынша нақты шығыстар сомасынан кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына есеп аударулардың өсу сомасынан түскен кiрiстер
95-бап. Кен орындарын игеру салдарын жою бойынша нақты шығыстар сомасынан кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына есеп аударулардың өсу сомасынан түскен кiрiстер
Тармақ 1
1. Егер кен орындарын игеру салдарын жою жөнiндегi нақты шығыстар көрсетiлген қорға жасалған аударымдардан төмен болған жағдайда айырма жер қойнауын пайдаланушының жиынтық жылдық кiрiсiне енгізiлуге жатады.
Тармақ 2
2. Егер жер қойнауын пайдаланушы тиiстi мемлекеттiк уәкiлетті орган бекіткен, кен орындарын игеру зардаптарын жою бағдарламасында көзделген кезеңде кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізбеген жағдайда аударымдар сомасы кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына (резервтік қор) олар жұмсалуға тиіс салық кезеңінің жиынтық жылдық кірісіне енгізілуге жатады.
Бап 96. 96-бап. Бұрын жүргізiлген шегерiмдер бойынша алынған өтемақылар
96-бап. Бұрын жүргізiлген шегерiмдер бойынша алынған өтемақылар
Тармақ 1
1. Бұдан бұрын жасалған шегерiмдер бойынша өтемақы түрiнде алынған кiрiстерге:
Тармақша 1
1) бұдан бұрын шегерiмге жатқызылған, бiрақ содан кейiнгi салық кезеңдерiнде өтелген күмәндi деп танылған талаптардың сомалары;
Тармақша 2
2) шығындарды (шығыстарды) жабуға арналған мемлекеттiк бюджет қаражатынан алынған сомалар;
Тармақша 3
3) салық төлеушінің шығыстардың (залалдарын) орнын толтыру жөнiндегi алынған, басқа да өтемақылар.
Тармақ 2
2. Алынған өтемақы, ол өтелген салық кезеңiнiң кiрiсi болып табылады.
Бап 97. 97-бап. Қайтарымсыз алынған мүлiк
97-бап. Қайтарымсыз алынған мүлiк
Тармақ 1
1. Салық төлеушi қайтарымсыз алған кез-келген мүлiк, сондай-ақ жұмыстар мен қызмет көрсетулер егер өзгесi осы баппен көзделмесе, оның кiрiсi болып табылады.
Тармақ 2
2. Мыналар кірiс ретiнде:
Тармақша 1
1) жарғылық капиталға салым ретiнде алынған мүлiк;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмi негiзiнде мемлекеттiк органнан немесе мемлекеттiк кәсiпорыннан мемлекеттiк кәсiпорынның қайтарымсыз негiзде алынған негізгi қаражаттар қаралмайды.
Тармақша 3
3) мемлекеттiк бюджеттiң қаражатынан алынған субсидиялар.
Бап 98. 98-бап. Жиынтық жылдық кiрiстi түзету
98-бап. Жиынтық жылдық кiрiстi түзету
Тармақ 1
1. Заңды тұлғалардың жиынтық жылдық кірiсiнен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасындағы төлем көзiне бұрын салық салған Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғаларынан алынған дивидендтер;
Тармақша 2
2) олардың эмитент алған номиналдық құнынан, өз акциялары құнының асып түсуi;
Тармақша 3
3) "Қазақстан қаржы биржасы" жабық акционерлiк қоғамының ресми "А" тiзiмiнде тұрған акцияларын сату кезiнде құн өсiмiнен алынатын кiрiс;
Тармақша 4
4) мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
Тармақша 5
5) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда iзгілiк көмек түрiнде алынған және мақсаты бойынша пайдаланылған мүлiктiң құны;
Тармақша 6
6) зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына бағытталған инвестициялық кiрiстер алынып тасталуға тиiс.
Тармақ 2
2. Активтер мен мiндеттемелердi бағалаудың салық төлеушi осының алдындағы салық кезеңiнде қолданған әдiсiнен өзге әдiсiне көшкен кезде салық төлеушiнiң жиынтық жылдық кiрiсi бағалаудың жаңа әдiсiн қолдану нәтижесiнде алынған оң айырма сомасына ұлғаюға және теріс айырма сомасына азаюға жатады. Активтер мен мiндеттемелердi бағалаудың өзге әдiсiне көшудi салық төлеушi салық органымен келiсiм бойынша салық кезеңiнiң басынан бастап жүргiзедi.
Тармақ 2. 2. Шегерiмдер
2. Шегерiмдер
Бап 99. 99-бап. Шегерiмдер
99-бап. Шегерiмдер
Тармақ 1
1. Жиынтық жылдық кiрiстi алумен байланысты салық төлеушілердiң шығыстары салық салынатын кiрiстi айқындау кезiнде шегеруге жатқызылады. Салық төлеушiнiң жиынтық жылдық кiрiс алуымен байланысты емес шығындары шегеруге жатпайды.
Тармақ 2
2. Шегерiмге жатқызылған шығыстардың регламентi осы бөлiммен айқындалған. Шегерiмдердi жиынтық жылдық кiрiстi алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде салық төлеушi жүргізедi. Бұл шығыстар келесi кезеңнен басқа, олар нақты есептелген салық кезеңiнде шегерiлуге жатады. Алдағы кезеңде шығатын шығыстар оларға қатысты салық кезеңiнде шегерілуге жатады.
Тармақ 3
3. Табиғи монополистер келтiрген залалдар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiлеген нормаларының шегiнде шегерiлуге жатады.
Тармақ 4
4. Егер сол бiр шығындар шығыстардың бiрнеше баптарында көзделсе, салық салынатын кiрiстi есептеу кезiнде көрсетiлген шығындар тек бiр рет шегерiледi.
Бап 100. 100-бап. Қызмет бабындағы iссапарлар кезiнде және өкілдiк шығыстар бойынша өтемақылар сомаларын шегеру
100-бап. Қызмет бабындағы iссапарлар кезiнде және өкілдiк шығыстар бойынша өтемақылар сомаларын шегеру
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының шегінде шегерілімге жататын қызметтiк iссапарлар кезiндегі өтемақыларға:
Тармақша а
а) iссапар жасалатын жерге баруға және қайтуға нақты жүргізiлген шығыстар;
Тармақша б
б) бронь үшiн шығыстар ақысын қоса алғанда, тұрғын үйдi жалдауға нақты жүргізiлген шығыстар;
Тармақша в
в) салық кезеңi үшiн салық төлеушiнiң бiр қызметкерiне есептелген орташа тәулiктiк жалақысынан 50 процент мөлшердегі, бiрақ төрт айлық есептiк көрсеткiштен артық емес iссапарда болған уақыты үшiн тәуліктiк ақы. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қызметтiк iссапарлар кезiндегі өтемақылар сомалары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген нормалар шегінде шегерiмге жатады.
Тармақ 2
2. Өкiлдiк шығыстарға өзара ынтымақтастық орнатуды немесе оны сақтауды жүргізетiн мақсаттағы адамдарды, сондай-ақ директорлар кеңесiнiң, тексеру комиссиясының отырысына, акционерлер жиналысын өткiзуге келген қатысушыларды қабылдау және қызмет көрсету жөнiндегі салық төлеушiнiң шығыстары жатады. Өкiлдiк шығыстарға көрсетiлген адамдардың ресми қабылдауын өткiзу, оларды көлiкпен қамтамасыз ету, келiссөз кезiнде дәмхананың (фуршеттiк) қызмет көрсету ұйым штатында тұрмайтын аудармашылардың қызметiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар жатады. Банкеттер, уақыт өткiзулер, көңiл көтерулер немесе демалыстар ұйымдастыруға арналған шығыстар шегерiлмейдi және өкiлдiк шығыстарға жатпайды. Өкiлдiк шығындарға Қазақстан Республикасының Үкiметі белгiлеген нормалар шегінде шегерiлiмге жатқызылады.
Бап 101. 101-бап. Сыйақылар бойынша шегерiмдер
101-бап. Сыйақылар бойынша шегерiмдер
Тармақ 1
1. Сыйақылар бойынша шегерiмдер:
Тармақша 1
1) құрылыс кезеңiнде төленетін және құрылысқа алынған несиелер (заемдар) бойынша сыйақыны қоспағанда, алынған несие (заемдар) бойынша, соның iшiнде қаржылық лизинг түрiндегі сыйақы;
Тармақша 2
2) сенiмдi басқармадан алынған мүлiк үшiн сыйақы;
Тармақша 3
3) шығару шарттарына сәйкес облигация иесi эмитентiнiң төлеген проценттерi (купон) мен дисконттары;
Тармақша 4
4) депозиттер бойынша сыйақы болып табылады.
Тармақ 2
2. Сыйақы бойынша шегерiм мынадай мөлшерде:
Тармақша 1
1) несиелер бойынша, соның ішінде теңгемен алынған қаржы лизингі, депозиттер, облигациялар бойынша, сондай-ақ сенiмгерлiк басқармасынан алынған мүлiк үшiн - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң ресми қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенуi шегінде;
Тармақша 2
2) шетелдiк валютада алынған несиелер (заемдар), депозиттер бойынша - Лондондық банкаралық рыноктың 2 еселiк ставкасы шектерiнде жүргізiледi. Шегерiлiмге жатқызылатын сыйақылардың ең көп сомасы салық салынатын кiрiстiң 50 процентiн қоса сыйақы түрiндегi салық төлеушiнiң кiрiс сомасымен шектеледi. Салық салынатын кірiс осы баптың мақсатында сыйақы бойынша кiрiстер мен шығыстардың есебiнсiз салық төлеушiнiң жиынтық жылдық кiрiстерi мен шегерiмдерi арасындағы айырмашылық ретiнде айқындалады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiсiнiң қайта қаржыландыру ставкасы және Лондондық банкаралық рыноктың ставкасы несиенi, (заемды), депозиттi, облигацияларды, сондай-ақ мүлiктi ресiмдеу сәтiнен бастап қолданылады.
Тармақ 4
4. Шартқа сәйкес кредит (несие) сыйақыны есептеу үшiн құбылмалы ставкаларды белгiлейтiн жағдайларда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасы және Лондондық банкаралық рыноктың ставкасы шартқа сәйкес құбылмалы ставкалары өзгерген күні қолданылады.
Бап 102. 102-бап. Төленген күмәндi мiндеттемелер бойынша шегерiмдер
102-бап. Төленген күмәндi мiндеттемелер бойынша шегерiмдер Егер бұдан ертерек кiрiс деп танылған күмәндi мiндеттемелер төленген жағдайда, салық төлеушi жүргiзiлген төлемнiң шамасындағы шегерiм жiбередi. Осындай шегерiм бұрын төлем жасалған салық кезеңiнде кiрiстерге жатқызылған шама шектерiнде жүргізiледi.
Бап 103. 103-бап. Күмәндi талаптар бойынша шегерiмдер
103-бап. Күмәндi талаптар бойынша шегерiмдер
Тармақ 1
1. Күмәндi талаптар - Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме құрмастан жүзеге асырушы шетелдiк резидент емес-заңды тұлғалар өткiзген және кiрiс есептелген күннен бастап үш жыл iшiнде қанағаттандырылмағандарды есептемегенде, тауарларды сату, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер нәтижесiнде туындаған талаптар, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеушi-дебиторды банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған және сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша пайда болған талаптар да күмәндi болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Кодекске сәйкес күмәндi деп танылған талаптар шегерiмге жатады. Салық төлеушiнiң күмәндi талаптарды шегерiмге жатқызуы мына шарттарды сақтағанда:
Тармақша 1
1) олар шегерiмге жатқызылған сәтке бухгалтерлiк есепте көрсетiлген жағдайда;
Тармақша 2
2) белгіленген тәртiппен ресiмделген мына құжаттар: фактура-шоттар; көрсетілген немесе почта арқылы берiлген жазбаша нысанда дебиторға кiнәрат; салық төлеушiнiң тiркеуде тұрған жерi бойынша салық органына және кінәрат-арыз жұмыстарының нәтижесiмен дебиторға жазбаша үндеу; сот органына қабылдаған арыз өтiнiш болған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттардан (талап арызынан басқа) басқа қосымша дебиторды банкрот деп танитын сот шешiмi мен оны мемлекеттiк Тiзiлiмнен шығару туралы әділет органдарының шешiмiн тапсыру қажет. Жоғарыда аталған жағдайлар сақталған кезде, салық төлеушi дебитор - салық төлеушi банкрот болып танылған салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша күмәндi талаптың сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.
Тармақ 4
4. Коммуналдық қызмет және байланыс қызметi бойынша халықпен есептесу кезiнде күмәндi талаптар пайда болған кезде, осы баптың 2-тармағының 2)-тармақшасында көрсетiлген жағдайларды сақтау талап етілмейдi.
Бап 104. 104-бап. Резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiмдер
104-бап. Резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiмдер
Тармақ 1
1. Өзiнiң қызметiн заңдарға сәйкес жасалған келiсiм-шарттың негiзiнде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы кен орнында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың аяқталуына байланысты кен орнын игеру зардаптарын жою қорына (резервтiк қор) аударымдар сомаларын шегерiмге жатқызады.
Тармақ 2
2. Кен орнын игеру зардаптарын жою қорына аударымдар жасау мөлшерi мен тәртiбiн жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шартпен белгiленедi.
Тармақ 3
3. Банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы банктер және ұйымдар күмәнді және үмiтсiз деп танылған несиелер жөнiндегi құрылған провизиялар (резервтер) мөлшерiн арттыру бойынша сомаларын шегеруге құқығы бар. Несиелердi күмәндi және үмiтсiз санаттарға жатқызу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі айқындайды.
Тармақ 4
4. Осы бапта көзделген шегерiмдердi қоспағанда, резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiмдер жасалмайды.
Бап 105. 105-бап. Ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарына жұмсалатын шығындар бойынша шегерiмдер
105-бап. Ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарына жұмсалатын шығындар бойынша шегерiмдер Тіркелген активтерді сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстарды және күрделі сипаттағы басқа да залалдарды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен байланысты ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарына жұмсалатын шығындар шегерімге жатады. Жобалау-сметалық хаттама, орындалған жұмыстар актісі және тиісті ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарын жүргізуді растайтын басқа да құжаттар осындай шығыстарды шегеруге жатқызу үшін негіз болып табылады.
Бап 106. 106-бап. Сақтандыру төлемдерi бойынша шығыстарды шегеру
106-бап. Сақтандыру төлемдерi бойынша шығыстарды шегеру
Тармақ 1
1. Жинақтаушы және қайтарылатын сипаттағы шарттар бойынша сақтандыру төлемдерiн есептемегенде, сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушы төлеген сақтандыру төлемдерi шегерiмге жатады.
Тармақ 2
2. Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiне) қатысушы-банктердің ұжымдық кепiлдендiру (сақтандыру) жүйесi жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) кепiлдендiрiлуiне (сақтандыруына) байланысты аударылған мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарының сомаларын шегерiмге жатқызуға құқылы.
Бап 107. 107-бап. Әлеуметтiк төлемдерге арналған шығыстарды шегеру
107-бап. Әлеуметтiк төлемдерге арналған шығыстарды шегеру Қызметкерлердiң уақытша еңбекке қабiлетсiздiгiне, жүктi болуына және босануына байланысты демалысқа ақы төлеу жөнiнде салық төлеушiлердiң нақты жұмсаған шығындары шегерiмге жатады. Шегерiмге, сондай-ақ еңбек мiндеттерiн орындауы кезiнде мертiгуiмен не денсаулығының өзге де зақымдануымен қызметкерлерге келтiрiлген зиянды өтеуге, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты төлем жасауға бағытталған шығыстар шегерiмге жатады.
Бап 108. 108-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерiмдер және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шегерiмдерi
108-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерiмдер және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шегерiмдерi
Тармақ 1
1. Бағалау және көркейту кезеңінде пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргізуге жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығыстар жалпы әкiмшiлiктiк шығыстар жеке топты құрап, жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 процент мөлшерiнде амортизацияның шектi нормасынан жоғары болмайтын нормалар бойынша пайдалы қазбаларды өндiру басталған сәттен берi амортизациялық аударымдар түрiнде жиынтық жылдық кiрiстен шегерiп тасталады. Осы шығыстар мыналарды қоспағанда, табиғи ресурстарға геологиялық зерттеу және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргізу кезеңiнде жасалған келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы алған кiрiстер сомасына оларды азайту жолымен түзетуге жатады:
Тармақша 1
1) пайдалы қазбаларды өткiзу кезiнде алынған кiрiстердi;
Тармақша 2
2) осы Кодекстiң 98-бабына сәйкес жиынтық жылдық кiрiстен алып тасталуға тиiс кiрiстердi.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағымен белгіленген тәртiп, сондай-ақ табиғи ресурстарды геологиялық зерттеу, игеру немесе пайдалану құқығын сатып алуға байланысты салық төлеушінің материалдық емес активтерге жұмсаған шығыстарға да қолданылады.
Тармақ 3
3. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрлердi оқытуға және аймақтардың әлеуметтiк саласын дамытуға нақты жұмсаған шығыстары жер қойнауын пайдалану шарттарында белгiленген сомалар шегiнде шегерілімге жатады.
Бап 109. 109-бап. Терiс бағамдық айырма бойынша шегерiмдер
109-бап. Терiс бағамдық айырма бойынша шегерiмдер
Тармақ 1
1. Салық төлеушiнiң жиынтық жылдық кiрiс алуына байланысты терiс бағамдық айырма осы бапта көзделген тәртiппен шегерiмге жатады.
Тармақ 2
2. Құрылыс кезеңiндегі төлемдер бойынша туындаған және құрылысқа алынған несиелер (заемдар) жөнiндегi терiс бағамдық айырма объект құнына енгiзіледi.
Тармақ 3
3. Шегерiлiмге жатқызылатын терiс бағамдық айырманың ең көп сомасы осы тармаққа сәйкес алынған салық салынатын кiрiстiң 50 процентiн қоса оң бағамдық айырма түрiнде салық төлеушiнiң кірiс сомасымен шектеледi. Салық салынатын кiрiс осы баптың мақсатында бағамдық айырма бойынша кiрiстер мен шығыстардың есебiнсiз салық төлеушiнiң жиынтық жылдық кiрiстерi мен шегерiмдерi арасындағы айырмашылық ретiнде айқындалады.
Бап 110. 110-бап. Салықтар шегерiмi
110-бап. Салықтар шегерiмi
Тармақ 1
1. Есептелген шектерде мемлекеттiк бюджетке төленген салықтар шегерiмге жатады, оларға мыналар:
Тармақша 1
1) жиынтық жылдық кiрiс айқындалғанға дейiн алып тасталатын салықтар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында және басқа да мемлекеттерде төленген корпорациялық табыс салығы;
Тармақша 3
3) әсiре пайдаға салынатын салық қосылмайды.
Тармақ 2
2. Өткен салық кезеңi үшiн ағындағы салық кезеңiне төленген салықтар оларға төлем жүргізiлген сол салық кезеңiне шегерiмге жатады.
Бап 111. 111-бап. Шегерiлiмге жатпайтын шығыстар
111-бап. Шегерiлiмге жатпайтын шығыстар
Тармақ 1
1. Шегерілімге мыналар:
Тармақша 1
1) жиынтық жылдық кiрiс алуға байланысты емес шығыстар;
Тармақша 2
2) құрылысқа және негізгі құралдарды сатып алуға жұмсалған шығыстар мен басқа да күрделi сипаттағы басқа да шығыстар;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк бюджетке енгізiлуге жататын (енгiзiлген) айыппұлдар және өсiмақылар;
Тармақша 4
4) осы бөлiмнiң ережелерiне сәйкес салық салуға жатпайтын кiрiстердi алуға байланысты шығыстар бойынша шегерiмдер;
Тармақша 5
5) бюджетке Қазақстан Республикасының нормативтi-құқықтық актiлерiмен белгіленген нормадан артық төленуге тиiсті (төленген) алымдар мен басқа да мiндеттi төлем сомалары жатпайды;
Тармақ 3. 3. Салық есебiнiң ережесi және тiркелген активтер бойынша шегеру
3. Салық есебiнiң ережесi және тiркелген активтер бойынша шегеру
Бап 112. 112-бап. Тiркелген активтер
112-бап. Тiркелген активтер
Тармақ 1
1. Тiркелген активтер - салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн және жиынтық жылдық кiрiс алу үшiн пайдаланылатын негiзгі құралдар мен материалдық емес активтер.
Тармақ 2
2. Материалдық емес активтер - жиынтық жылдық кiрiс алу үшiн ұзақ мерзiмдi (бiр жылдан артық) кезең iшiнде пайдаланылған материалдық емес объектiлер.
Бап 113. 113-бап. Тiркелген активтердiң құны
113-бап. Тiркелген активтердiң құны
Тармақ 1
1. Негізгі қаражаттардың бастапқы құнына оларды сатып алу, өндiру, салу, монтаждау және орнату жөнiндегі шығындар енгізiледi.
Тармақ 2
2. Құрылтайшылар негiзгi қаражаттарды жарғылық капиталға, олардың салымы ретінде енгізген кезде осы құралдардың бастапқы құны, бiрақ, олардың нарық құнынан аспайтын құны қатысушылар, құрылтайшылар арасында келiсiлген құн болып табылады. Негiзгі қаражаттарды өтеусiз алған кезде бастапқы құн аталған қаражаттардың қабылдау-беру актiсiнің деректерi бойынша, бiрақ олардың нарықтық құнынан жоғары болмауымен айқындалады.
Тармақ 3
3. Құрылысқа алынған және құрылыс жүргiзу кезеңiнде төленетiн (төленуге жататын) несиелер (заемдар) үшiн сыйақы құрылыс объектiсiнiң құнына енгiзiледi.
Тармақ 4
4. Қатысушылардың, құрылтайшылардың шығындарын қоса алғанда, оларды сатып алу жөнiндегi шығындар материалдық емес активтердiң бастапқы құны болып табылады.
Тармақ 5
5. Тiркелген активтердiң құны осы бөлiммен белгіленген тәртiппен және шарттармен амортизациялық аударымдарды есептеу арқылы шегерiмге жатқызылады.
Бап 114. 114-бап. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу
114-бап. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу
Тармақ 1
1. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу амортизациялық топтар бойынша жүргізiледi. Тiркелген активтер бойынша салық салу мақсатында амортизациялық аударымдарды есептемеудi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсу бойынша мемлекеттiк өкiлеттiк орган айқындайды.
Тармақ 2
2. Әрбiр топ бойынша амортизациялық аударымдар амортизация нормаларын, бiрақ салық кезеңiнiң аяқ кезiнде топтың құн балансымен салыстырғанда осы бөлiмнiң 117-бабында белгiленген шектi нормадан жоғары болмайтын амортизациялық нормаларды қолдану жолымен есептеледi. Салық төлеушi жойылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда амортизациялық аударымдар салық кезеңiндегі қызмет кезеңiне түзетiледi.
Тармақ 3
3. Үй-жайлар, құрылыстар мен ғимараттар бойынша амортизациялық аударымдар әрбiр объект бойынша жеке-жеке айқындалады.
Бап 115. 115-бап. Амортизациялық топтардың құн балансын айқындау
115-бап. Амортизациялық топтардың құн балансын айқындау
Тармақ 1
1. Әрбiр амортизациялық топ бойынша салық кезеңiнiң бас кезiнде топтың құн балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады.
Тармақ 2
2. Салық кезеңінің аяқ кезiндегі топтың құн балансы ретінде: салық кезеңінің алдында есептелген амортизация сомасына азайтылған, сондай-ақ осы Кодекстiң 118-бабына және 120-бабының 2-тармағына сәйкес жасалған түзетулер ескерiлген осының алдындағы салық кезеңiнің аяқ кезiндегі топтың құн балансы ретiнде айқындалатын салық кезеңiнiң бас кезiндегі топтың құн балансы, қосу осы Кодекстiң 116-бабына сәйкес айқындалған құн бойынша салық кезеңiнде келiп түскен тiркелген активтер, алу осы Кодекстiң 116-бабына сәйкес айқындалған құн бойынша салық кезеңiнде шығып қалған тiркелген активтер, қосу жалға алынған негiзгi құрал-жабдықтарды жөндеуге жұмсалған шығыстар.
Бап 116. 116-бап. Тiркелген активтердiң келiп түсуі және шығып қалуы
116-бап. Тiркелген активтердiң келiп түсуі және шығып қалуы
Тармақ 1
1. Сатып алу, өтеусiз алу, жарғылық капиталға салым ретiнде алу кезiнде келiп түскен тiркелген активтерi топтардың құн балансын осы Кодекстiң 113-бабына сәйкес айқындалған құнға арттырады.
Тармақ 2
2. Шығып қалатын тiркелген активтер топтардың құн балансын:
Тармақша а
а) сату кезiнде - сату құнына;
Тармақша б
б) есептен шығару, жоғалту, жою, бүлдiру жоғалтып алу кезiнде - сақтандыру шартына сәйкес сақтандырушыға төлейтiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру төлемдерiнiң сомасына кемiтедi.
Тармақ 3
3. Егер тiркелген активтiң бiр бөлiгі ғана iске асырылса, тіркелген активтiң құны сату сәтiнде қалған және сатылған бөлiктiң арасында бөлiнедi.
Бап 117. 117-бап. Тiркелген активтер амортизациясының шектi нормалары
117-бап. Тiркелген активтер амортизациясының шектi нормалары
Тармақ 1
1. Амортизацияға жататын тiркелген активтер амортизацияның мынадай шектi нормаларымен топтарға бөлiнедi: ____________________________________________________________________ Топтар      Тiркелген активтердiң атауы              Амортизацияның N                                                  шектi нормасы (%) ___________________________________________________________________ I    Yй-жайлар, құрылыстар 1    Үй-жайлар, құрылыстар                                        8 ___________________________________________________________________ II   Ғимараттар 1    Мұнай және газ скважиналары                                  20 2    Мұнай-газ қоймалары                                          10 3    Кеме қатынайтын, су каналдары                                10 4    Көпiрлер                                                     7 5    Бөгендер, плотиналар                                         7 6    Өзен және теңiз айлақтық құрылыстары                         7 7    Кәсіпорындардың темір жолдары                                8 8    Жағалауды бекiтетiн, жағалауды қорғайтын құрылыстар          7 9    Резервуарлар, цистерналар, бөшкелер және басқа да ыдыстар    8 10   Iшкi шаруашылық және шаруашылық аралық суару желiсi          7 11   Жабық коллекторлық-қашыртқылық желі                          7 12   Әуе кемелерiнiң ұшу-қону жолдары, шағын жолдары, тұратын     8 орындары 13   Парктер мен хайуанаттар парктері ғимараттары                 8 14   Сауықтыру-спорт ғимараттары                                  10 15   Теплицалар мен парниктер                                     10 16   Өзге құрылыстар                                              7 ____________________________________________________________________ ІІІ  Беру құрылғылары 1    Электр берiлiс және байланыс құрылғылары мен желiлерi        10 2    Ішкі газ құбырлары мен құбыр желілері                        8 3    Су құбырлары, канализациялық және жылу желілері              7 4    Өзгелер                                                      7 ____________________________________________________________________ ІV   Күш машиналары мен жабдықтары 1    Техникалық жылу жабдықтары                                   15 2    Турбиналық жабдықтар мен газ турбиналық қондырғылар          15 3    Электр двигательдерi мен дизель-генераторлар                 10 4    Кешенді қондырғылар                                          8 5    Өзге де күш машиналары мен жабдықтары (икемді көліктен       7
Тармақша басқа
басқа) ____________________________________________________________________ V    Қызмет түрлерi бойынша жұмыс машиналары мен жабдықтары (икемдi көлiктен басқа) 1    Қара, түстi металлургия машиналары мен жабдықтары            20 2    Химия өнеркәсібі машиналары мен жабдықтары                   20 3    Мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсiбi машиналары           20 мен жабдықтары 4    Мұнай-газ өндiру машиналары мен жабдықтары                   15 5    Тау-кен байыту өнеркәсiбi машиналары мен жабдықтары,         25 жүк көтергiштiгi 40 тонналық және одан да жоғары карьер автосамосвалдарын қоса алғанда 6    Электронды өнеркәсіп жабдықтары                              20 7    Құрылыс материалдарын өндiру жөнiндегi машиналар             20 мен жабдықтар 8    Ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз өнеркәсiбi машиналары            20 мен жабдықтары 9    Полиграфия өнеркәсібі машиналары мен жабдықтары              15 10   Жеңіл өнеркәсiп машиналары мен жабдықтары                    20 11   Тамақ, балық, ет және сүт өнеркәсібі жабдықтары              20 12   Сауда және қоғамдық тамақтандыру машиналары мен жабдықтары   15 13   Көлiк, машиналар мен механизмдер өндiруге арналған           20 жабдықтар 14   Ауыл шаруашылық тракторлары, машиналары мен жабдықтары       20 15   Құю өндiрiсiне арналған машиналар мен жабдықтар, абразив     20 және алмаз өндірiсiнiң жабдықтары 16   Коммутациялардың және деректер берудiң сандық электронды     25 жабдықтары, сандық жүйелердiң, хабарлардың жабдықтары, сандық өлшеуiш байланыс техникасы 17   Спутниктiк, ұялы байланыс, радиотелефон, пейджинг және       15 транкинг байланысы жабдықтары 18   Хабар тарату жүйесi коммутациясының ұқсас жабдықтары         10 19   Киностудиялардың арнайы жабдықтары, медициналық және         8 микробиологиялық өнеркәсiп жабдықтары 20   Өзге салалардың машиналары мен жабдықтары                    10 ____________________________________________________________________ ІV   Басқа машиналар мен жабдықтар (икемдi көлiктен басқа) 1    Өнеркәсiптiк тракторлар                                      20 2    Металл жонатын жабдықтар                                     15 3    Компрессорлық машиналар мен жабдықтар                        15 4    Ұста-пресс жабдықтары                                        15 5    Насостар                                                     20 6    Көлiк-жүк көтеру, жүк тиеу-түсiру машиналары мен             15 жабдықтары, жер қазу, карьер және жол құрылысы жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтар 7    Қазық қағу жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтар,     20 ұнтақтау-үгу, сорттау, байыту жабдықтары 8    Су астындағы техникалық жұмыстарға арналған машиналар        20 мен жабдықтар 9    Электрмен дәнекерлеуге және кесуге арналған машиналар        10 мен жабдықтар 10   Технологиялық процестерге арналған ыдыстардың барлық түрi    8 11   Өзге де машиналар мен жабдықтар                              10 ____________________________________________________________________ VІІ  Икемдік көлік 1    Жылжымалы темір жол составы                                  15 2    Теңіз, өзен кемелері, балық өнеркәсiбi кемелерi              10 3    Автомобиль көлiгiнiң жылжымалы составы, өндiрiстiк көлiк     10 (жеңiл автомобильдер мен таксиден басқа) 4    Жеңіл автомобильдер мен такси                                7 5    Магистралды құбырлар                                         15 6    Коммуналдық көлік                                            10 7    Әуе көлiгi                                                   15 8    Өзге де көлiк құралдары                                      7 ____________________________________________________________________ VІІІ Компьютерлiк, перифериялық құрылғылар мен деректер өңдеу жөнiндегі жабдықтар 1    Компьютерлер                                                 25 2    Перифериялық құрылғылар мен деректер өңдеу жөнiндегі         20 жабдықтар ____________________________________________________________________ ІХ   Басқа топтарға енгізiлмеген тiркелген активтер 1    Көпжылдық ағаш-бұталар                                       8 2    Материалдық емес активтер                                    15 3    Офис жиhазы                                                  10 4    Аспаптар, өндiрiстiк және шаруашылық саймандар мен заттар    8 5    Көшіру-көбейту техникасы                                     15 6    Өлшеу және реттеу приборлары мен құрылғылары,                10 лабораториялық жабдықтар ____________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Салық төлеушi, тiркелген активтер бойынша пайдалануға алғаш қосылған, пайдаланудың алғашқы салық кезеңiнде, үш жылдан кем емес жиынтық жылдық кiрiс алу мақсатында осы тiркелген активтердi қолданған шақта, амортизацияның екiеселiк нормасы бойынша амортизациялық аударымды есептеуге құқы бар. Осы тiркелген активтер пайдаланудың алғашқы салық кезеңiнде топтың құн балансынан бөлек есептеледi. Келесi салық кезеңiнде осы тiркелген активтер топтарға сәйкес құн балансына қосуға жатады.
Бап 118. 118-бап. Тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер
118-бап. Тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер
Тармақ 1
1. Топтың барлық тiркелген активтерi iстен шығып қалғаннан кейiн осы топтың құн балансы салық кезеңiнiң аяқ кезiнде шегерiмге жатады.
Тармақ 2
2. Егер топтың құн балансы салық жылының аяқ кезiнде 100 айлық есептiк көрсеткіштен аз соманы құраса, салық төлеушi топтың құн балансының көлемiн шегерiмге жатқызуға құқылы.
Бап 119. 119-бап. Қаржы лизингі шарттары бойынша берiлген (алынған) тiркелген активтер
119-бап. Қаржы лизингі шарттары бойынша берiлген (алынған) тiркелген активтер
Тармақ 1
1. Қаржы лизингiсiне (лизинг бойынша) берілген (алынған) тiркелген активтердiң құны лизинг алушы топтың құн балансында ескерiледi.
Тармақ 2
2. Егер активтер оларды қаржы лизингісiне беруге дейiн топтың құн балансына енгізiлсе тиiстi топтың құн балансы лизинг берушiде қаржы лизингiсiне берiлген тiркелген активтердiң құнына азайтылуға тиiс.
Бап 120. 120-бап. Жөндеу шығындары бойынша шегерiмдер
120-бап. Жөндеу шығындары бойынша шегерiмдер
Тармақ 1
1. Осы топқа енетiн негізгі құрал-жабдықтарды жөндеуге салық төлеушi жұмсаған нақты шығыстар бойынша әрбiр топ жөнiнде шегерiм жасауға рұқсат етiледi.
Тармақ 2
2. Әрбiр топ бойынша негізгі құрал-жабдықтарды жөндеуге жұмсалған шығыстар сомасы топтың салық кезеңiнiң аяқ шенiндегi құн балансының 15 процентi мөлшерiнде шегерiледi. Топтың көрсетiлген шектен асу сомасы құн балансын көбейтедi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк бюджеттен алынған субсидиялар есебiнен жөндеуге жұмсалған шығыстар шегерiмге жатпайды және топтың құн балансын көбейтпейдi.
Тармақ 4
4. Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеуге жалгер жұмсаған және жалдау шартына сәйкес жалға берушi өтемеген шығыстар тиiстi жалгер тобының құн балансын көбейтуге жатқызылады және осы бөлiмге сәйкес амортизациялық аударымдарды есептеу арқылы шегерiлiп тасталуға тиiс.
Тармақ 4. 4. Ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттар бойынша кiрiстер мен шегерiмдер
4. Ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттар бойынша кiрiстер мен шегерiмдер
Бап 121. 121-бап. Ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттар бойынша кiрiстер мен шегерiмдер
121-бап. Ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттар бойынша кiрiстер мен шегерiмдер
Тармақ 1
1. Ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарттарға қатысты кiрiстер мен шегерiмдер олардың нақты орындалу бөлігінде салық кезеңi iшiнде ескерiледi. Ұзақ мерзiмдi келiсiм (шарт) қолдану мерзiмi бiр жылдан асатын тауарларды жiберу, жұмыстар атқару, қызмет көрсету болып табылады.
Тармақ 2
2. Келiсiм-шарттың орындалу үлесi осы келiсiм-шарт бойынша жалпы шығыс сомаларымен бiрге салық кезеңiнiң соңына дейiн жұмсалған шығыс сомаларын салыстыра тексеру арқылы айқындалады.
Тарау 16. 16-ТАРАУ. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДIҢ КЕЙБIР САНАТТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ЖӨНIНДЕГI ЖЕКЕЛЕГЕН ЕРЕЖЕЛЕР
16-ТАРАУ. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДIҢ КЕЙБIР САНАТТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ЖӨНIНДЕГI ЖЕКЕЛЕГЕН ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1. 1. Сақтандыру ұйымдарына (қайта сақтандыру) салық салу
1. Сақтандыру ұйымдарына (қайта сақтандыру) салық салу
Бап 122. 122-бап. Салық салу объектiсi
122-бап. Салық салу объектiсi
Тармақ 1
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша салық кезеңi ағымында алынуға (алынған) тиiстi сақтандыру төлемдерi түрiндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн жүзеге асырудан түскен кiрiс сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының корпоративтi табыс салығының салық салынатын объектiсi болып табылады.
Тармақ 2
2. Жиынтық жылдық табыс және осы Кодекспен көзделген шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде есептелген салық салынатын кiрiс осы баптың 1-тармағында көзделген және сақтандыру төлемдерiн орналастырудан алынған (алынатын) инвестициялық кiрiстен басқа кiрiстер бойынша корпоративтi табыс салығы салынатын объект болып табылады.
Бап 123. 123-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кiрiстерi мен шығыстарын есепке алу
123-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының кiрiстерi мен шығыстарын есепке алу Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық салу мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн жүзеге асырудан түскен кiрiстер бойынша, инвестициялық кiрiсті қоса алғанда, және осы Кодекстiң 122- баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызметтерден түскен кiрiстер және шығыстар бойынша бөлек есепке алу жүргізуге мiндеттi.
Бап 124. 124-бап. Корпоративтiк табыс салығының ставкалары
124-бап. Корпоративтiк табыс салығының ставкалары
Тармақ 1
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары негізiнде сақтандырушылардан алынуға тиiстi (алынған) сақтандыру төлемiнiң сомаларына осы Кодексте белгіленген шегерiмдердi жүзеге асырмастан 10 проценттік ставка бойынша корпоративтiк табыс салығын салуға жатады.
Тармақ 2
2. Осы Кодекстiң 122-бабының 1-тармағында көзделген кiрiстер мен инвестициялық кiрiстерден басқа, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен алынған басқа да кiрiстерге осы Кодекстiң 142-бабы 1-тармағында көзделген ставка бойынша корпоративті табыс салығы салынуы тиiс.
Бап 125. 125-бап. Корпоративтiк табыс салығын төлеу мерзiмдерi
125-бап. Корпоративтiк табыс салығын төлеу мерзiмдерi
Тармақ 1
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары негізiнде сақтандырушылардан алынуға тиiстi (алынған) сақтандыру төлемi түрiндегі кiрiстер бойынша корпоративтiк табыс салығын салық кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiнiң сомалары алынатын (алынған) ағымдағы айдың болжамды 1/12 шығатын 20 күнiнен кешiктiрмей төлейдi.
Тармақ 2
2. Осы Кодекстiң 122-бабы 1-тармағында көзделгендердi және сақтандыру төлемдерiн орналастырудан түскен инвестициялық кiрiстердi есептемегенде, салық кезеңi iшiнде алынған (алынуға тиiстi) кiрiстер бойынша осы Кодекстiң 133-бабымен белгіленген тәртiпте аванстық төлемдер төленедi.
Бап 126. 126-бап. Декларация және корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп айырысу
126-бап. Декларация және корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп айырысу
Тармақ 1
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру төлемдерi түрiндегі кiрiстер бойынша тоқсаннан кейiнгі айдың 15 күнiнен кешiктiрмей тоқсанға есептелген корпоративтiк табыс салығы бойынша салық органдарына есеп бередi.
Тармақ 2
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша осы Кодекстiң 144-бабында белгіленген мерзiмдерде барлық кiрiстер бойынша декларация беруге мiндетті.
Тармақ 3
3. Түпкiлiктi есеп айырысу және корпоративтi табыс салығын төлеу осы Кодекстiң 134-бабында белгiленген мерзiмдерде жүргiзiледi.
Тармақ 2. 2. Басқа санаттағы салық төлеушiлерге салық салу
2. Басқа санаттағы салық төлеушiлерге салық салу
Бап 127. 127-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу
127-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу
Тармақ 1
1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн коммерциялық емес ұйым қызметiн қоғамдық мүддеде жүзеге асыратын, акционерлiк қоғамдар мен тұтыну кооперативтерiнен басқа азаматтық заңдарға сәйкес коммерциялық емес мәртебесi бар және мынадай шарттарға сәйкес келетiн:
Тармақша 1
1) осындай ретте кiрiс алу мақсаты жоқ;
Тармақша 2
2) қатысушылар арасында алынған таза кiрiстi немесе мүлiктi таратпайтын ұйым танылады.
Тармақ 2
2. Коммерциялық емес ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелер жатады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағында көзделген шарттарды сақтау кезiнде, коммерциялық емес ұйымдардың кiрiстерi, грант, сөз сөйлеу және мүшелiк жарналар, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк түрiнде және өтеусiз негiзде алынған аударымдар мен қайырмалдық қаражаттарын қоса алғанда, коммерциялық емес ұйымдардың кiрiстерiне салық салуға жатпайды.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген шарттарды сақтамаған жағдайда коммерциялық емес ұйымдардың кiрiстерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.
Тармақ 5
5. Мүлiктi жалға беруден алынған кірiстi қоса алғанда, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырудан алынған кiрiс осы Кодексте белгіленген тәртiппен салық салуға жатады. Бұл ретте, коммерциялық емес ұйымдар жалпы белгiленген тәртiппен салық салуға жататын осы бапқа сәйкес салық салу мен кiрiстерден босатылған кiрiстер бойынша дербес есепке алуды жүргiзуге мiндеттi.
Бап 128. 128-бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
128-бап. Әлеуметтiк салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
Тармақ 1
1. Әлеуметтік салада қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай қызмет түрлерi болып табылатын:
Тармақша 1
1) косметологиялық қызметтердi қоспағанда, медициналық қызметтер көрсету;
Тармақша 2
2) мектеп жасына дейiнгi балаларға, мектептен тыс білім беру, жалпы орта, бастауыш, орта, жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орны білімiнен кейiнгі, қайта даярлау мен осы қызмет түрлерiн жүргізуге құқығына тиiстi лицензия бойынша біліктілігiн көтеру саласында білім беру қызметтерiн көрсету;
Тармақша 3
3) ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық-ойын-сауық iс-шараларынан басқа), мәдениет (шоу-бизнестен басқа) саласындағы қызмет, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау жөнiндегі, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi қорғау және оларды әлеуметтiк қамсыздандыру саласында қызметтер көрсету ұйымдары жатады.
Тармақша 4
4) кiтапхана қызметiн көрсету.
Тармақ 2
2. Әлеуметтiк саладағы қызметтi жүзеге асырушы кәсiпорындарға, сондай-ақ мынадай шарттарға сәйкес келетiн: - салық кезеңiнде мүгедектердiң саны қызметкерлердiң жалпы санынан кемiнде 60 процентiн құрайтын; - салық кезеңiнде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу жөнiндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 60 процентiн құрайтын кәсiпорындар жатады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген ұйымдардың кiрiстерi, грант, қайырымдылық көмек, қайтарымсыз берiлген мүлiк, қайтарымсыз берiлген аударымдар мен қайырмалдықтар негiзде алынған қаражаттарды қоса алғандағы қаражаттар көрсетiлген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға бағытталған кезде салық салуға жатпайды.
Тармақ 4
4. Осы бапта көзделген шарттарды бұзған кезде алынған кiрiстер осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.
Тарау 17. 17-ТАРАУ. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН КIРIСТI ТҮЗЕТУ
17-ТАРАУ. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН КIРIСТI ТҮЗЕТУ
Бап 129. 129-бап. Салық салынатын кiрiстi түзету
129-бап. Салық салынатын кiрiстi түзету
Тармақ 1
1. Салық төлеушiнiң салық салынатын кiрiсiнен салық салынатын кiрiстiң екi проценттiк шегiнде алып тастауға мынадай шығыстар жатады:
Тармақша 1
1) салық төлеушiнiң балансында тұрған әлеуметтiк сала объектiлерiн ұстауы салық төлеушiлердiң нақты шығарған шығыстары;
Тармақша 2
2) коммерциялық емес ұйымдарға қайтарымсыз берiлген мүлiктер;
Тармақша 3
3) жеке тұлғаларға берiлген атаулы әлеуметтiк көмек.
Тармақ 2
2. Мүгедектердiң еңбегiн пайдаланушы салық төлеушiлер мүгедектердiң еңбегiн төлеуге шығарылған шығыстар сомаларынан 2 еселiк және жалақының және мүгедектерге төленетiн басқа да төлемдердiң есептелген әлеуметтiк салық сомаларынан 50 процент мөлшерiнде шегерiмдер алуға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Салық төлеушiлер оларды кейiн лизинг алушыға берумен үш жылдан артық мерзiмге берілген негiзгi қаражаттардың қаржы лизингiсi бойынша алынған сыйақы сомаларына салық салынатын кiрiстi азайтады.
Тармақ 4
4. Қызметiнiң негiзгі түрi ауыл шаруашылығын несиелеу болып табылатын, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйымдар осындай қызметтiң түрлерiнен алынған кiрiс сомаларына салық салынатын кiрiстi азайтады.
Тармақ 5
5. Егер салық төлеушi пайдалануға алғаш қосылған тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар осы Кодекстiң 117-бабының 2-тармағына сәйкес үш жылдық мерзiм бiтпегенге дейiн жүргiзсе, шығарған шегерiм сомасы сол салық кезеңiнде активтердi жүзеге асырған салық төлеушiнiң салық салу кiрiсiн көтеруге жатады.
Тарау 18. 18-ТАРАУ. ЗАЛАЛДАР
18-ТАРАУ. ЗАЛАЛДАР
Бап 130. 130-бап. Залал ұғымы
130-бап. Залал ұғымы
Тармақ 1
1. Кәсiпкерлiк қызметтен болатын залал деп шегерiмдердiң түзетілген жиынтық жылдық кiрiстен асып түсуi танылады.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздарды өткiзуден болатын залал оларды сатып алу құны мен сату құны арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Бап 131. 131-бап. Залалдарды ауыстыру
131-бап. Залалдарды ауыстыру
Тармақ 1
1. Кәсiпкерлiк қызметтен болатын, оның iшiнде салық төлеушінің үш жылдан кем емес мерзiмде кәсiпкерлiк қызметiнде пайдаланылатын тұрғын үйлер, құрылыстар, ғимараттардан келген залалдар алдағы салық кезеңдерінің салық салынатын кiрiсi есебiнен өтеу үшiн үш жылға дейiнгі мерзiмге толық ауыстырылады. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттар бойынша жүзеге асырылатын қызметпен байланысты пайда болатын залалдар жетi жылға дейiнгі мерзiмге толық ауыстырылады. Осы баптың ережелерi осы Кодекстiң 117-бабының 2-тармағына сәйкес салық кезеңiнде салық төлеушiден амортизациялық аударымдарға жатқызу нәтижесiнде алынған шегерiм залалдарға қолданылмайды.
Тармақ 2
2. "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының ресми "А" тiзiмiнде тұрған ашық акционерлiк қоғамдардың акцияларын сатуды есептемегенде, бағалы қағаздарды сату кезiнде пайда болатын залалдар "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының ресми "А" тiзiмiнде тұрған ашық акционерлiк қоғамдардың акцияларын сатуды есептемегенде, басқа бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен кiрiс есебiнен өтеледi. Егер осы залалдар олар орын алған кезеңде өтеле алмайтын болса, олар алдағы уақытқа үш жылға дейiнгі мерзiмге ауыстырылып, "Қазақстандық қор биржасы" жабық акционерлiк қоғамының ресми "А" тiзiмiнде тұрған ашық акционерлiк қоғамдардың акцияларын сатуды есептемегенде, басқа бағалы қағаздарды сату кезiнде алынған құн өсiмiнен түскен кірiстер есебiнен өтелуге тиiс.
Тарау 19. 19-ТАРАУ. КОРПОРАТИВТIК ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ТӘРТIБI МЕН ТӨЛЕУ МЕРЗIМДЕРI
19-ТАРАУ. КОРПОРАТИВТIК ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ТӘРТIБI МЕН ТӨЛЕУ МЕРЗIМДЕРI
Бап 132. 132-бап. Корпоративтiк табыс салығының сомасын айқындау
132-бап. Корпоративтiк табыс салығының сомасын айқындау Корпоративтiк табыс салығы салық кезеңi үшiн 133-баппен белгiленген тәртiппен айқындалады және осы Кодекстiң 142-бабында белгiленген ставка бойынша төленедi.
Бап 133. 133-бап. Аванс төлемдерiнiң сомаларын айқындау
133-бап. Аванс төлемдерiнiң сомаларын айқындау
Тармақ 1
1. Салық төлеушiлер салық кезеңi iшiнде аванстық төлемдердi енгiзу жолымен корпоративтi табыс салығын төлейдi.
Тармақ 2
2. Салық кезеңi iшiнде төленетiн корпоративтік табыс салығының аванс төлемдерiнiң сомалары алдыңғы салық кезеңi үшiн төленетiн корпоративтiк табыс салығы туралы салық декларациясында көрсетiлген нақты салық мiндеттемелерiнiң сомасын ескере отырып салық төлеушi бойынша айқындалады.
Тармақ 3
3. Корпорациялық табыс салығы туралы декларация тапсырылғанға дейiнгі кезең үшiн аванс төлемдерiнiң сомасы осының алдындағы салық кезеңi үшiн төленген орташа айлық аванс төлемдерiнiң мөлшерiнде айқындалады.
Тармақ 4
4. Салық төлеуші төлеуге жататын аванстық төлемдердің сомасы салық кезеңі ішінде тең үлестермен төленеді.
Тармақ 5
5. Корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге жататын аванстық төлем сомаларымен есеп айырысу салық төлеушiнiң тiркеу орны бойынша салық органына есеп беруден кейiнгi жылдың 20 қаңтарына дейiн салық төлеушiмен құралады және берiледi.
Тармақ 6
6. Корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация тапсырғаннан кейiнгi салық төлеушi корпоративтiк табыс салығы туралы декларация тапсыру күнiнен бастап 20 жұмыс күнi ішiнде ұсынады.
Тармақ 7
7. Салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша залал шеккен салық төлеушілер, жаңадан құрылған салық төлеушiлер, сондай-ақ салық салынатын кiрiсi жоқ салық төлеушiлер салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20 күнiне дейiн салық кезеңi iшiнде төленуге тиiстi аванстық төлемдердiң болжамды сомаларының есебiн беруге мiндеттi.
Тармақ 8
8. Салық төлеушi салық органына жазба түрiндегі негiзделген өтiнiшiн бергенде салық кезеңi iшiнде аванс төлемдерiнiң сомасының түзетілген есебiн салық органымен келiсе отырып беруге құқылы.
Бап 134. 134-бап. Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзiмдерi мен тәртiбi
134-бап. Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзiмдерi мен тәртiбi
Тармақ 1
1. Салық төлеушілер осы Кодекстiң 143-бабымен белгіленген салық кезеңi iшiнде корпоративтiк табыс салығы бойынша аванс төлемдерiн бюджетке осы Кодекстiң 133-бабына сәйкес айқындалған мөлшерде ағымдағы айдың 20-ынан кешіктiрмей төлеп тұруға мiндетті.
Тармақ 2
2. Салық кезеңi iшiнде енгізiлген корпоративтiк табыс салығының аванс төлемдерiнiң сомалары салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияда айқындалған корпоративтiк табыс салығын төлеу есебiне есептеледi.
Тармақ 3
3. Салық төлеушi декларация тапсыру үшiн белгіленген мерзiмнен кейiн 10 жұмыс күнiнен кешiктірмей салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi түпкіліктi есебiн (төлемiн) жүзеге асырады.
Бап 135. 135-бап. Құрылымдық бөлiмшесi бар салық төлеушiнiң корпоративтiк табыс салығын төлеуiнiң ерекшелiктерi
135-бап. Құрылымдық бөлiмшесi бар салық төлеушiнiң корпоративтiк табыс салығын төлеуiнiң ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелердi, олардың тұрған орны бойынша салық органдарына тiркеу есебiне қоюға және өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн тіркеу есебiне қойғаны туралы өзінің тiркелген орны бойынша салық органына хабарлауға мiндетті.
Тармақ 2
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлердiң корпоративтiк табыс салығын есептеуi мемлекеттік уәкiлетті орган белгiлеген тәртiппен салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша құрылымдық бөлiмшелер бойынша аванстық төлемдер мен корпоративтiк табыс салығының сомаларын бөлумен заңды тұлға бойынша бiртұтас жүргiзіледi.
Тармақ 3
3. Салық төлеушілер өзінің құрылымдық бөлiмшелерi үшiн корпоративтiк табыс салығын орналасқан жерi бойынша, болмаса Астана, Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстық бюджеттерге төлеудi жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлер өзiнiң тiркелген орны бойынша салық органына салық кезеңiнде төленуге тиiстi аванстық төлемдер бойынша есеп айырысу және осы Кодекстiң 133-бабында белгіленген мерзiмде құрылымдық бөлiмшелердiң тiркелген орны бойынша салық органдарына есеп айырысудың көшiрмесiн беруге мiндеттi. Астана, Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстық бюджеттерге құрылымдық бөлiмшелер үшiн аванстық төлемдер төлеу кезiнде есеп айырысу көшiрмелерi Астана, Алматы қалаларының тиiстi салық органдарына немесе облыстардың салық органдарына ұсынылады. Есеп айырысу көшiрмесi салық төлеушiнiң тiркелген орны бойынша салық органымен куәландырылған болуы керек.
Тармақ 5
5. Құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлер өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiркелген орны бойынша салық органдарын мемлекеттiк уәкілеттi орган белгілеген тәртiппен және нысанда салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша құрылымдық бөлiмшелер төлеуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомалары туралы хабарлауға мiндеттi.
Бап 136. 136-бап. Шетелдiк салықты есепке алу
136-бап. Шетелдiк салықты есепке алу
Тармақ 1
1. Салық төлеушiлер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден алынған кiрiстер бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төленген табыс салығының сомасы Қазақстан Республикасында корпоративтiк табыс салығын төлеу кезiнде есепке алынады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген есепке алынатын сомалардың мөлшерi салық төлеушiлермен әрбiр мемлекетте алынған кiрiстер бойынша нақты төленген салық сомаларынан туындайтын әр мемлекет бойынша жеке айқындалады. Есепке алынатын сомалардың мөлшерi осы Кодекстің 142-бабында белгіленген ставка бойынша осы кiрiске Қазақстан Республикасында есептелуi мүмкiн сомалардан аспауға тиiс.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағы қосарланған салық салудан жалтару және кірiстер мен мүлiктерге салық салудан жалтарудың алдын алу туралы конвенция жасасқан мемлекетте ұсталатын салыққа қолданылмайды, мұндай Конвенциялардың қосымшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент заңды және жеке тұлғаларының кiрiсi немесе мүлкiне Қазақстан Республикасында салық салу жатады.
Бап 137. 137-бап. Салық салу жеңiлдiгi бар мемлекеттерден алынған кiрiс
137-бап. Салық салу жеңiлдiгi бар мемлекеттерден алынған кiрiс
Тармақ 1
1. Егер резидентке резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталының 10 және одан астам проценттерi тiкелей және жанама тиiсті немесе жеңiлдетiлген салық салу мемлекетiнде өз кезегiнде кiрiс алатын осы резидент емес заңды тұлғаның дауыс беру акцияларының 10 және одан астам проценттерiне ие болса, онда резидентке қатысты заңды тұлға кiрiсiнiң осы бөлiгі оның салық салынатын кiрiсiне енгiзіледi. Бұл ереже, резиденттің, сондай-ақ заңды тұлға құрмайтын кәсiпкерлiк қызмет ұйымдарының басқа нысандарына қатысуға қолданылады.
Тармақ 2
2. Шетелдiк мемлекет осы Кодекске сәйкес айқындалатын осы мемлекеттегi салық ставкасы 1/3-тен төмен болса, жеңiлдетiлген салық салынатын мемлекет ретiнде қарастырылады немесе қаржы ақпаратының құпиялығы туралы заң болса немесе мүлiктiң нақты иесi немесе кірiстiң нақты иесi туралы құпияны сақтауға мүмкiндiк бередi.
Тарау 20. 20-ТАРАУ. ТӨЛЕМ КӨЗIНЕН ҰСТАЛАТЫН САЛЫҚ
20-ТАРАУ. ТӨЛЕМ КӨЗIНЕН ҰСТАЛАТЫН САЛЫҚ
Бап 138. 138-бап. Төлем көзiнен алынатын кiрiстер
138-бап. Төлем көзiнен алынатын кiрiстер
Тармақ 1
1. Төлем көзiне салық салынатын кiрiстерге:
Тармақша 1
1) дивидендтер;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiнің лицензиясы бар банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы банктерде және ұйымдарда олардың салымдары бойынша жеке тұлғаларға төленетiн сыйақыларды есептемегенде, депозиттер бойынша сыйақы;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша сыйақыны есептемегенде, борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша сыйақы жатады;
Тармақша 4
4) ұтыстар;
Тармақша 5
5) резидент еместердiң осы Кодекстiң 184-бабына сәйкес айқындалатын қазақстандық көзден алған кiрiстерi жатады.
Бап 139. 139-бап. Төлем көзiнен ұсталатын салықты есептеу тәртiбi
139-бап. Төлем көзiнен ұсталатын салықты есептеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Салық сомасы төлем көзiнен салық салынатын төленiп отырған кiрiске осы Кодекстiң 142-бабының 2-тармағында белгiленген ставканы қолдану жолымен айқындалады.
Тармақ 2
2. Салық агентi осы Кодекстiң 138-бабында көзделген кiрiстердi төлеу кезiнде төлем көзiнен ұсталатын салықты ұстап қалуға мiндеттi.
Бап 140. 140-бап. Төлем көзiнен салықты аудару мерзiмдерi
140-бап. Төлем көзiнен салықты аудару мерзiмдерi Егер осы кодексте өзгеше көзделмесе, салық агенттерi төлем көзiнен ұсталған салық сомаларын төлем жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiнгi 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей аударуға мiндеттi.
Бап 141. 141-бап. Төлем көзiнен ұсталатын салық бойынша есеп беру
141-бап. Төлем көзiнен ұсталатын салық бойынша есеп беру
Тармақ 1
1. Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталған салық сомалары бойынша есеп берудi тоқсаннан кейiнгі айдың 15 күнiнен кешiктiрмей беруге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Төлем көзiнен ұсталған салық сомалары салық кезеңi үшiн салық агентiнiң корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілуге жатады.
Тарау 21. 21-ТАРАУ. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ
21-ТАРАУ. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ
Бап 142. 142-бап. Салық ставкалары
142-бап. Салық ставкалары
Тармақ 1
1. Осы Кодекстiң 131-бабында белгiленген тәртiппен ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық төлеушiнiң салық салынатын кiрiсi 30 проценттiк ставка бойынша салық салынуға жатады.
Тармақ 2
2. Төлем көзiнен салық салынатын кiрiстерге 15 проценттiк ставка бойынша төлем көзiнен салық салынуға жатады.
Тармақ 3
3. Резидент еместердiң осы Кодекстiң 184-бабына сәйкес айқындалатын қазақстандық көздерден алынатын кiрiстерiне осы Кодекстiң 186-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.
Тармақ 4
4. Корпоративтiк табыс салығына қосымша резидент еместiң заңды тұлғаның таза кiрiсi осы Кодекстiң 190-бабында белгiленген тәртiппен 15 проценттiк ставка бойынша салық салынуға жатады.
Тарау 22. 22-ТАРАУ. САЛЫҚ КЕЗЕҢI ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
22-ТАРАУ. САЛЫҚ КЕЗЕҢI ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
Бап 143. 143-бап. Салық кезеңi
143-бап. Салық кезеңi
Тармақ 1
1. Күнтiзбелiк жыл корпорациялық табыс салығы үшiн салық кезеңi болып табылады.
Тармақ 2
2. Егер ұйым салық кезеңiнен кейiн құрылған болса, ол үшiн бiрiншi салық кезеңi салық кезеңiнiң соңына дейiн оның құрылу күнiнен бастап уақыт кезеңi болып табылады.
Тармақ 3
3. Егер ұйым салық кезеңiнiң аяғына дейiн таратылса (қайта ұйымдастырылса), осы кезең басталғаннан тарату (қайта ұйымдастыру) аяқталған күнге дейiнгі кезең ол үшiн соңғы салық кезеңi болып табылады.
Тармақ 4
4. Егер салық кезеңi басталғаннан кейiн құрылған ұйым осы салық кезеңiнiң аяғына дейiн таратылса (қайта ұйымдастырылса), құрылған күннен тарату (қайта ұйымдастыру) аяқталған күнге дейiнгi кезең ол үшiн салық кезеңi болып табылады.
Бап 144. 144-бап. Салық декларациясы
144-бап. Салық декларациясы
Тармақ 1
1. Корпоративтiк табыс салығын төлеушілер осы Кодекстiң 378-386, 393-405-баптарына сәйкес арнайы салық режимiнде қолданылатын заңды тұлғаларды есептемегенде, есеп беретiн салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 1 наурызына дейiн салықтық тiркелген орны бойынша салық органына корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация бередi.
Тармақ 2
2. Корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi декларация декларациядан және олардың салық салу объектілерi туралы ақпараттарды ашу бойынша қосымшалардан және корпоративтiк табыс салығы бойынша салық салуға байланысты объектiлерден тұрады.
Бөлім 5. 5-БӨЛIМ. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ
5-БӨЛIМ. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ
Тарау 23. 23-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
23-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 145. 145-бап. Төлеушiлер
145-бап. Төлеушiлер Осы Кодекстiң 147-бабында (бөлiм бойынша бұдан әрі - салық төлеушiлер) белгiленетiн салық салу объектілерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушi болып табылады.
Бап 146. 146-бап. Резидент емес жеке тұлғаларға салық салу ерекшелiктерi
146-бап. Резидент емес жеке тұлғаларға салық салу ерекшелiктерi Қызметiн Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстiң 192-196-баптарында белгіленген жағдайды қоспағанда, 145-180-баптарға сәйкес жеке табыс салығы бойынша салық есептеу, төлеу және жеке табыс салығы бойынша салық декларациясын тапсыруды жүргiзедi.
Бап 147. 147-бап. Салық салу объектiлерi
147-бап. Салық салу объектiлерi Осы Кодекстiң 148-бабында көрсетiлген кiрiстердi қоспағанда, жеке табыс салығы салынатын объектiлер мыналар:
Тармақша 1
1) төлем көздерiне салынатын кiрiс;
Тармақша 2
2) төлем көздерiне салынбайтын кiрiс.
Бап 148. 148-бап. Салық салуға жатпайтын кiрiстер
148-бап. Салық салуға жатпайтын кiрiстер Жеке тұлғалардың кiрiсiнің мынадай түрлерiнен салық алынбайды:
Тармақша 1
1) салық жылы үшiн 480 еселенген айлық есептiк көрсеткiш шегiнде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрілетiн адамдардың, I және II-топтағы мүгедектердiң, сондай-ақ бала кезiнен мүгедек болған ата-аналардың бiрiнен;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердiң ресми кiрiсi;
Тармақша 3
3) шетел мемлекетiнiң мемлекеттiк қызметте жүрген шетелдiк жеке тұлғаның, олардың салынуға жататын ресми кiрiсi;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн Қазақстан Республикасының шетелдерде дипломатиялық және онымен теңестiрілген өкiлдiктерiнде қызметтерде жүрген жеке тұлғаларының шетелдiк валютадағы ресми кiрiсi;
Тармақша 5
5) тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген еңбекақының ең аз мөлшерiнде мемлекеттiк бюджет және гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстар мен кәсiби оқытуларды орындауға байланысты төлемдер;
Тармақша 6
6) гранттар қаражаты есебiнен төлемдер (еңбекақы түрiндегі төлемдерден басқа);
Тармақша 7
7) мемлекеттiк стипендиялар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде білім беру ұйымдарында оқитындарға төленетiн стипендиялар;
Тармақша 8
8) жүктiлiгi мен босануы бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ бала немесе қыз асырап алған әйелдерге (еркектерге), Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде әлеуметтiк жәрдемақылар;
Тармақша 9
9) осы Кодекстiң 100-бабымен белгіленген мөлшерде қызметтiк iссапарлар кезiнде төленетiн өтемақылар;
Тармақша 10
10) қызметкердiң ұйымымен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқанда, не ауысқан кездегi жолы, мүлкiн көшiруi, үй-жай жалдауы бойынша құжатты түрде расталған шығыстардың өтемақысы;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңдармен белгiленген мөлшерде дала жағдайында геологиялық-барлау топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен қамтылған қызметкерлердi далалық азық-түлiкке қою;
Тармақша 12
12) тұрғын үйдi жалдау бойынша төленетiн өтемақылар немесе өндiрiс объектiсiнде болуы кезеңiнде вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдарға олардың тiршiлiк ету қызметiн қамтамасыз ету үшiн жұмыс берушінің тұрғын үйлердi, сондай-ақ жұмыс орындарына дейін және кері қарай жеткiзуіне және жұмыстарды орындау мен ауысымаралық демалыс үшiн жағдайлар жасауына байланысты шығындар;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде күнделiктi жұмыс жолын байлаған немесе тарау сипаты болса, не қызмет көрсететiн учаскелер шегiнде қызметтiк жолсапарларға байланысты ақы төлеу;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген арнайы берiлген киiмнiң, арнайы аяқкиiм мен басқа да жеке қорғану құралдарының және алғашқы медициналық көмектiң, сабынның, зарарсыздандыратын құралдардың, сүт немесе басқа да тең бағалы азық-түлiктер;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерге еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде мертiгуiне немесе денсаулығына зақым келуiне байланысты келтiрiлген зиянды өтеу (жоғалтқан табысы бөлiгiнде өтеуден басқа);
Тармақша 16
16) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде өмiрiне және денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiндегi мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру өтемдерi;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс берушiнiң қызметкерлердiң өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты оқуына және бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған шығыстары;
Тармақша 18
18) шарттың қолданылу кезеңiнде сақтандырудың кез-келген түрiне төленген кезде сақтандыру оқиғасына байланысты сақтандыру өтемiнiң сомалары;
Тармақша 19
19) қызметкерлердi сақтандырудың, олардың еңбек қызметімен байланысты мiндеттi сақтандыру түрлерi кезiнде жұмыс берушiмен төленетiн сақтандыру өтемiнiң сомалары;
Тармақша 20
20) балаларға және асырауындағы жандарға алынған алименттер;
Тармақша 21
21) әскери қызметшiлердiң мерзiмдiк әскери қызметтен (оқудан) өтетiн жерi бойынша, не оқу немесе тексеру жиындарында болған жерi бойынша алатын тәулiк ақының барлық түрлерi;
Тармақша 22
22) 30 еселiк айлық есептiк көрсеткiш шегiнде қызметкерлерге босану кезiнде медициналық қызмет көрсету ақысына (косметологиялықтан басқа), жерлеуге берілетiн жылына бiр реттен артпайтын материалдық көмек;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ядролық сынақ алаңындағы ядролық сынақтардың немесе экологиялық апаттан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік қорғау жөнiндегі жеңiлдiктердi төлеуi;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн еңбекақы төлеуден басқа мекен-жайлық әлеуметтік көмек, жәрдемақы мен өтемақы төлеу;
Тармақша 25
25) зейнетақыларды төлеу жөнiндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерi;
Тармақша 26
26) ерiкті зейнетақы жарналарының есебiнен жүзеге асырылатын зейнетақылық және сақтандыру төлемдерi;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң лицензиясы бар банк операцияларының жүзеге асыратын жекелеген банктер мен ұйымдар мен банктердегi олардың салымдары бойынша жеке тұлғаларға төленетiн сыйақы;
Тармақша 28
28) бұрын төлем көзiне салық салынғаны, осы салықтың төленгенiн растайтын құжаты бар дивидендтер сомасы, сыйақылар, ұтыстар;
Тармақша 29
29) басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алу түрiндегi жеке тұлға алған мүлiктiң құны;
Тармақша 30
30) гуманитарлық, қайырымдылық көмек түрiнде алынған мүлiктердiң құны;
Тармақша 31
31) сот шешiмi бойынша танылған моральдық және материалдық нұқсан сомасы.
Бап 149. 149-бап. Салық ставкасы
149-бап. Салық ставкасы
Тармақ 1
1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген кiрiстерден басқа салық жылы үшiн салық төлеушінің кiрiсiне мынадай ставкалар бойынша салық салынуға жатады: ____________________________________________________________________ 15 есе жылдық есептiк        Салық салынатын кiрiс сомасынан 5 көрсеткiшке дейiн            процент ____________________________________________________________________ 15 еседен 40 еселiк жылдық   15 есе жылдық есептiк көрсеткiштен есептiк көрсеткiшке дейiн    салық сомасы + одан асатын сомадан 10 процент ____________________________________________________________________ 40 еседен 600 еселiк жылдық  40 есе жылдық есептiк көрсеткiштiң есептiк көрсеткiшке дейiн    салық сомасы + одан асатын сомадан 20 процент ____________________________________________________________________ 600 есе және одан жоғары     600 еселiк жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 30 процент ____________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түрiндегi кiрiс 15 процент ставкасы бойынша салынады.
Тармақ 3
3. Адвокаттардың кiрiсi 10 проценттiк ставка бойынша салынады.
Тарау 24. 24-ТАРАУ. ТӨЛЕМ КӨЗIНЕ САЛЫНАТЫН КIРIСТЕР
24-ТАРАУ. ТӨЛЕМ КӨЗIНЕ САЛЫНАТЫН КIРIСТЕР
Бап 150. 150-бап. Төлем көзiне салынатын салық төлеушiнiң кiрiстерi
150-бап. Төлем көзiне салынатын салық төлеушiнiң кiрiстерi Төлем көзiне салынатын кiрiстерге мыналар жатады:
Тармақша 1
1) қызметкердiң кiрiсi;
Тармақша 2
2) бiр жолғы төлемақы түрiндегі кiрiс;
Тармақша 3
3) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерi;
Тармақша 4
4) дивидендтер, сыйақы мен ұтыстар түрiндегі кiрiстер;
Тармақша 5
5) стипендиялар;
Тармақша 6
6) сақтандыру шарттары бойынша кiрiстер;
Бап 151. 151-бап. Салықты есептеу және төлеу мерзімі
151-бап. Салықты есептеу және төлеу мерзімі
Тармақ 1
1. Жеке кiрiс салығын есептеу мен ұстап қалуды, егер осы Кодекспен өзгеше көзделмесе салық агенттерi төлем көзiне салынатын кiрiстен төлейтiн күннен кешiктiрмей жүргiзедi.
Тармақ 2
2. Салықты аударуды кiрiстi, егер осы Кодекспен өзгеше көзделмесе, төлеу күнiнен келесi есептi айдың бес жұмыс күнi iшiнде салық агенттерi жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Арнайы салық режимiн қолданатын, салық агенттерiнiң жеке табыс салығын төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi Кодекстің 378-405-баптарымен белгiленген.
Бап 152. 152-бап. Салықтық есеп айырысу
152-бап. Салықтық есеп айырысу
Тармақ 1
1. Әрбiр тоқсан үшiн салық агентi салық органдарына төлем көзiне салынатын кiрiстер бойынша, есептi тоқсаннан кейiнгі айдың 15-нен кешiктiрмей жеке табыс салығы жөнiндегі есеп айырысуды тапсырады.
Тармақ 2
2. Арнайы салық режимiн қолданатын салық агенттерi жеке табыс салығы бойынша есептi осы Кодекстiң 378-405-баптарына сәйкес 66, 67-тарауларына сәйкес жүргiзеді.
Тармақ 1. 1. Төлем көзiне салық салынатын қызметкердiң кiрiсi
1. Төлем көзiне салық салынатын қызметкердiң кiрiсi
Бап 153. 153-бап. Төлем көзiне салық салынатын қызметкердiң кiрiсi
153-бап. Төлем көзiне салық салынатын қызметкердiң кiрiсi
Тармақ 1
1. Төлем көзiне салық салынатын қызметкердiң табысы осы Кодекстiң 156-бабында көзделген салықтық шегерiмдер сомасына азайтылған жұмыс берушi төлейтiн кiрiс болып табылады.
Тармақ 2
2. Материалдық, әлеуметтiк игiлiктер немесе өзге де материалдық игiлiктер түрiндегі кiрiстердi қоса алғанда, жұмыс берушi төлейтiн ақшалай немесе заттай нысандағы кез-келген кiрiс қызметкердiң кiрiсiне жатады.
Бап 154. 154-бап. Қызметкерлердiң заттай нысандағы кiрiсi
154-бап. Қызметкерлердiң заттай нысандағы кiрiсi
Тармақ 1
1. Қызметкерлердiң заттай нысандағы кiрiсi:
Тармақша 1
1) заттай нысандағы еңбекақы;
Тармақша 2
2) қызметкер алған тауарлар, қызметкер жұмысының мүддесiне орындалған, қайтарымсыз негiзде қызметкерге қызмет көрсетулер;
Тармақша 3
3) қызметкердiң үшiншi тұлғадан алған жұмыс берушiнiң тауарлар құнының (жұмысының, қызметiнiң) ақысы;
Тармақ 2
2. Тауарлар (жұмыс, қызмет) құны, қосымша құн мен акциздерге сәйкес салынған салық сомасын қоса алғанда, қызметкерлердiң заттай нысандағы кiрiсi болып табылады.
Бап 155. 155-бап. Қызметкердiң материалдық игілiк түрiндегі кiрiсi
155-бап. Қызметкердiң материалдық игілiк түрiндегі кiрiсi Қызметкердiң материалдық игілiк түрiндегі алған кiрiсi, оның iшiнде мынандай түрде:
Тармақша 1
1) қызметкердiң іске асыратын тауарлар құны (жұмысының, қызметiнiң) мен сатып алған бағасы немесе осы тауарлардың (жұмысының, қызметiнiң) өзiндiк құнының арасындағы терiс айырмашылығы;
Тармақша 2
2) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оның алдындағы мiндеттемесi мен қарыз сомасын есептен шығару;
Тармақша 3
3) өз қызметкерлерiн сақтандыру бойынша сақтық мiндеттемесiн төлеген жұмыс берушiнiң шығыны;
Тармақша 4
4) төменгi ставка бойынша жұмыс берушiнiң несие құралдарын пайдаланған қызметкердiң алған материалдық игiлігі;
Тармақша 5
5) қызметкердiң қызметiмен байланысты емес шығынын қайтару бойынша жұмыс берушiнiң шығыны.
Бап 156. 156-бап. Салықтық шегерiмдер
156-бап. Салықтық шегерiмдер Төлем көзiне салық салынатын қызметкердiң табысын анықтарда, әрбiр ай үшiн салық кезеңi iшiнде шегеруге мыналар жатқызылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген айқындалған кiрiстi есептеудің айына сәйкес бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi сомасы. Шегерiмге құқық сұрыптау кiрiс бойынша салық төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде тек қана бiр жұмыс берушiге ғана берiледi;
Тармақша 2
2) Салық төлеушi берген өтiнiш және растайтын құжаттар негiзiнде асырауындағы адамы пайда болған айдан бастап жұмыскердiң асырауында тұратын адам әрбiр жанұя мүшесiне бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегі қосымша шегерiмдер. Қосымша шегерiмдер бiр жанұя мүшесi салық төлеушiге ғана қолданылады. Жанұя ретiнде бiрге тұратын және жалпы бiр шаруашылық жүргiзетiн ерлi-зайыптылар, балалары мен ата-анасы (оның iшiнде уақытша болмағандар) танылады. Асырауында тұратын адам - бiр айлық есептiк көрсеткiшiнен аспайтын айына жеке-дара табыс көзi бар немесе салық төлеушінің табыс есебiнен өмiр сүретiн жанұя мүшесi;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде жинақтаушы зейнетақы қорларына төлейтiн мiндеттi зейнетақы жарналары.
Бап 157. 157-бап. Салықты есептеу немесе ұстап қалу
157-бап. Салықты есептеу немесе ұстап қалу
Тармақ 1
1. Жеке табыс салығының салық кезеңiнде сомасы төлем көздерiне салық салынатын қызметкердiң табысына осы Кодекстiң 149-бабының 1-тармағында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы белгіленедi.
Тармақ 2
2. Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу осы баптың 3-тармағымен белгiленген тәртiппен ұлғаю нәтижесiмен әрбiр есептi кезең үшiн жүргiзіледi.
Тармақ 3
3. Есептi кезең үшiн төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығының сомасы ағымдағы салық кезеңi iшiнде бұрынғы есептi кезең үшiн ұсталған салық сомасына азайтылған қайта есептеу коэффициентi кiрiсiне салық кезеңi үшiн есеп айырысу сомасына есептелген жеке табыс салығы ретiнде айқындалады. Салық кезеңi үшiн есеп айырысу сомасы төлем көзiне салық салынатын бұрынғы есептi кезең үшiн жұмыскердiң кiрiстер сомасына кiрiстi қайта есептеу коэффициентiн көбейту жолымен айқындалады. Кiрiстi қайта есептеу коэффициентi салық кезеңi басынан бастап өткен айлардың санына салық кезеңiнде айлардың жалпы санына қатынас ретінде айқындалады.
Тармақ 2. 2. Төлем көзіне салынатын бiр жолғы төлемдерден түскен кiрiстер
2. Төлем көзіне салынатын бiр жолғы төлемдерден түскен кiрiстер
Бап 158. 158-бап. Бiр жолғы төлемдерден түскен кiрiстер
158-бап. Бiр жолғы төлемдерден түскен кiрiстер Бiр жолғы төлемдерден түскен кiрiске Қазақстан Республикасының заңдарына, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарға сәйкес жасалуы бойынша салық төлеушiлер кiрiсi, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленетiн басқа да бiр жолғы төлемдер жатады.
Бап 159. 159-бап. Салық сомаларын есептеу
159-бап. Салық сомаларын есептеу Жеке табыс салығының сомасы салық жылы үшiн төлемақы көзiне салық салынатын бiр реттiк төлемақылардан кiрiске 149-баптың 1-тармағымен белгiленген ставкалар пайдалану жолымен айқындалады.
Тармақ 3. 3. Төлем көздерiне салынатын жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi
3. Төлем көздерiне салынатын жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi
Бап 160. 160-бап. Төлем көздерiне салынатын зейнетақы төлемдерi
160-бап. Төлем көздерiне салынатын зейнетақы төлемдерi Төлем көздерiне салық салынатын зейнетақы төлемдерiне төлемдерден басқа салық төлеушiлердiң зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын төлемдер жатады.
Бап 161. 161-бап. Салық сомаларын есептеу
161-бап. Салық сомаларын есептеу Жеке табыс салығының осы Кодекстiң 157-бабымен белгiленген тәртiппен айқындалады.
Тармақ 4. 4. Төлем көздерiне салынатын дивидендтер, сыйақылар және ұтыстар
4. Төлем көздерiне салынатын дивидендтер, сыйақылар және ұтыстар
Бап 162. 162-бап. Салық сомаларын есептеу
162-бап. Салық сомаларын есептеу Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаларға төленетiн дивидендтер, сыйақылар мен кiрiстерi 149-бабында көрсетiлген ставканы қолдану жолымен айқындалады.
Тармақ 5. 5. Стипендиялар
5. Стипендиялар
Бап 163. 163-бап. Стипендиялар
163-бап. Стипендиялар Табыс көзiнен алынатын стипендиялар осы Кодекстiң 148-бабы 7-тармақшасында көзделген сомалардан басқа, сондай-ақ мәдениет, ғылым, бұқаралық ақпарат қызметкерлерiне және басқа жеке адамдарға төлеуге тағайындалған ақша сомалары бiлiм беру ұйымдарында оқып жүргендерге арналған сомалар болып табылады.
Бап 164. 164-бап. Салық сомаларын есептеу
164-бап. Салық сомаларын есептеу Жеке табыс салығының сомалары төленетiн стипендия сомасына осы Кодекстiң 149-бабында белгіленген ставканы қолдану жолымен айқындалады.
Тармақ 6. 6. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша алынған кiрiстер
6. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша алынған кiрiстер
Бап 165. 165-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша алынған кiрiстер
165-бап. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша алынған кiрiстер Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары жүргізетiн сақтандыру төлемдерi сомаларынан асатыны жеке тұлғаның кiрiсi есептеледi.
Бап 166. 166-бап. Салық сомаларын есептеу
166-бап. Салық сомаларын есептеу Жеке табыс салығының сомалары осы Кодекстiң 149-бабының 1-тармағына сәйкес белгiленген жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша алынған кiрiс ставканы қолдану жолымен есептеледi.
Тарау 25. 25-ТАРАУ. ТӨЛЕМ КӨЗIНЕ САЛЫҚ САЛЫНБАЙТЫН КIРIС
25-ТАРАУ. ТӨЛЕМ КӨЗIНЕ САЛЫҚ САЛЫНБАЙТЫН КIРIС
Бап 167. 167-бап. Төлем көзiне салық салынбайтын кiрiс
167-бап. Төлем көзiне салық салынбайтын кiрiс
Тармақ 1
1. Салық төлеушiнiң төлем көзiне төленуге салық салынбайтын кiрiсiне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) мүлік кiрiсi;
Тармақша 2
2) жеке кәсiпкердiң салық салынбайтын кiрiсi;
Тармақша 3
3) адвокаттардың кiрiсi;
Тармақша 4
4) басқа кiрiстер.
Бап 168. 168-бап. Салық төлеу мерзiмдерi
168-бап. Салық төлеу мерзiмдерi
Тармақ 1
1. Жеке табыс салығын төлеудi аванстық төлемдердi енгiзгенiн ескере отырып салық жылының жиынтығы бойынша, осы Кодекспен белгiленген жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларацияны өткiзудi белгіленген 10 күннен кешiктiрмей салық төлеушi дербес жүргiзедi.
Тармақ 2
2. Арнайы салық режимiнде қызметтi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлерi жеке табыс салығын осы Кодекстiң 378-392, 399-405-баптарында белгiленген тәртiпте төлеу жүргізеді.
Тармақ 1. 1. Мүлiктiк кiрiс
1. Мүлiктiк кiрiс
Бап 169. 169-бап. Мүлiктiк кiрiс
169-бап. Мүлiктiк кiрiс
Тармақ 1
1. Салық төлеушiнiң мүлiк кiрiсiне жататындар:
Тармақша 1
1) кәсiпкерлiк қызметте қолданылмайтын мүлiк сатудан құнның өсуi:
Тармақша а
а) жеке меншiк құқығындағы 1 жылдан кем емес жылжымайтын мүлкi;
Тармақша б
б) "Қазақстандық биржа қоры" ашық акционерлiк қоғамының ресми "А" тiзiмiнде тұрған, сондай-ақ заңды тұлғада қатысу үлесi бар ашық акционерлiк қоғамдардың акцияларынан басқа бағалы қағаздар;
Тармақша в
в) асыл тастар мен қымбат металдар, зергерлiк бұйымдар және олардан жасалған, құрамында асыл тастар мен қымбат металдар бар басқа да заттар, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариаттар;
Тармақша 2
2) осы Кодекстің 158, 159-баптарына сәйкес төлем көзiне салық салынатын кiрiстен басқа мүлiктi жалға беруден алынған кiрiс.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының тармақшасында көрсетiлген мүлiктi сату құн өсiмiнен түскен кiрiс оны сатып алу бағалау құны мен мүлiктi сатудан алынған кiрiс арасындағы айырымы болып табылады.
Бап 170. 170-бап. Салықты есептеу
170-бап. Салықты есептеу Жеке табыс салығының сомасын салық төлеушi дербес осы Кодекстiң 149-бабының 1-тармағында белгіленген мүлiктiк кiрiс сомасына ставкалар қолдану жолымен айқындалады.
Тармақ 2. 2. Адвокаттар кiрiсi
2. Адвокаттар кiрiсi
Бап 171. 171-бап. Адвокаттар кiрiсi
171-бап. Адвокаттар кiрiсi Адвокаттық қызметтi жүзеге асырғаннан түскен кiрiстердiң барлық түрi, сондай-ақ қорғау мен өкiлдiкке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған сомалар адвокаттар кiрiсi болып табылады.
Бап 172. 172-бап. Салықты есептеу және төлеу
172-бап. Салықты есептеу және төлеу
Тармақ 1
1. Адвокаттардың кiрiсi бойынша жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 149-бабының 3-тармағында белгiленген ставканы қолдану жолымен жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Адвокаттардың кiрiсi бойынша жеке табыс салығының сомасы есептi айдан кейiнгi айдың 5 күнiнен қалмай төленедi.
Тармақ 3. 3. Жеке кәсiпкердiң салық салынатын кiрiсi
3. Жеке кәсiпкердiң салық салынатын кiрiсi
Бап 173. 173-бап. Жеке кәсiпкердiң салық салынатын кiрiсi
173-бап. Жеке кәсiпкердiң салық салынатын кiрiсi Жеке кәсiпкердiң салық салынатын кiрiсi осы Кодекстiң 86-131-баптарына сәйкес айқындалады.
Бап 174. 174-бап. Салық сомалары мен аванстық төлемдердi есептеу
174-бап. Салық сомалары мен аванстық төлемдердi есептеу
Тармақ 1
1. Салық сомалары мен аванстық төлемдердi есептеу 150-баптың 1-тармағында көрсетілген кiрiстер бойынша жеке табыс салығының сомасы мүлiктiк кiрiс сомасына ставкалар қолдану жолымен айқындалады.
Тармақ 2
2. Салық сомалары мен аванстық төлемдердi есептеу бойынша жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 133-135-баптарына сәйкес жүргізiледi.
Тармақ 3
3. Арнайы салық режимiнде қызметтi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлерi жеке табыс салығын осы Кодекстiң 378-392, 399-405-баптарында белгіленген тәртiппен төлеу жүргiзедi.
Тармақ 4. 4. Басқа да кiрiстер
4. Басқа да кiрiстер
Бап 175. 175-бап. Төлем көзiне салық салынбайтын басқа кiрiстер
175-бап. Төлем көзiне салық салынбайтын басқа кiрiстер Салық төлеушiнiң төлем көзiне төленуге салық салынбайтын басқа кiрiсiне, осы тараудың 1, 2, 3-параграфтарында көрсетiлген, төлем көздерiнен алмайтын, соның iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден алынған кiрiстер жатады.
Бап 176. 176-бап. Салықты есептеу
176-бап. Салықты есептеу 175-бапта көрсетiлген кiрiстер бойынша жеке табыс салығының сомасы алынған кiрiс сомасына осы Кодекстiң 149-бабының 1-тармағымен белгiленген ставкаларын қолдану жолымен салық төлеушi айқындайды.
Тарау 26. 26-ТАРАУ. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ ЖӨНIНДЕГI ДЕКЛАРАЦИЯ ЖӘНЕ ҰСЫНУ МЕРЗIМДЕРI
26-ТАРАУ. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ ЖӨНIНДЕГI ДЕКЛАРАЦИЯ ЖӘНЕ ҰСЫНУ МЕРЗIМДЕРI
Бап 177. 177-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларациясы
177-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларациясы Жеке табыс салығы кiрiсi және салық салынатын кiрiсi бар салық төлеушiлер уәкiлетті мемлекеттiк орган белгілеген нысанда жеке табыс салығы бойынша мынадай салық төлеушiлер:
Тармақша 1
1) төлем көзiнен салық алмайтын кiрiстерi бар адамдар;
Тармақша 2
2) салық кезеңiнде 2000 айлық есеп көрсеткiшi сомасынан жоғары iрi сатып алулар жасаған салық төлеушiлер;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерден кiрiс алушы жеке тұлғалар;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасынан тысқары шет ел банкiлерiнде ақшасы бар жеке тұлғалар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихатының депутаттары, сондай-ақ мерзiмдi әскери қызметтерiн өтеп жүрген әскери қызметшiлердi қоспағанда, мемлекеттiк қызметкерлер үшiн көзделген заң нормалары таратылатын тұлғалар;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Парламентi мен мәслихаттарының депутаттары сайлау кезiнде, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтерiн өтеп жүрген әскери қызметшiлердi қоспағанда, мемлекеттiк қызметкерлер үшiн көзделген заң нормалары таратылатын тұлғалар мемлекеттік қызметте сатылап жылжу кезiнде, мемлекеттiк лауазымға тағайындалғанда декларация тапсырады.
Бап 178. 178-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация беру мерзiмдерi
178-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация беру мерзiмдерi
Тармақ 1
1. Жеке табыс салығы бойынша декларация салық органына жергiлiктi салықтық тiркеу бойынша келесi салық жылынан кейiнгi жылдың 1 наурызына дейiн беріледi.
Тармақ 2
2. Арнайы салық режимiн қолданушы жеке тұлғалар арнайы салық режимi таратылатын қызметiне түскен кiрiстерi бойынша жеке табыс салығы жөнiндегі декларация ұсынбайды.
Бап 179. 179-бап. Шет ел салығын есептеу
179-бап. Шет ел салығын есептеу Қазақстан Республикасынан тыс төленген жеке табыс салығының сомалары осы Кодекстiң 136-бабының 2 және 3 тармақтарында белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасында салық төлеу кезiнде есептеледi.
Бап 180. 180-бап. Салық төлемiн растамау
180-бап. Салық төлемiн растамау 177-баптың 2, 3, 5 және 6 тармақшаларына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларация ұсынушы салық төлеушiлер жеке табыс салығын төлегенiн растамаған жағдайда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы расталмаған кiрiс сомасына осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағында белгіленген ставкаларды қолдану жолымен жүргізiледi.
Бөлім 6. 6-БӨЛIМ. РЕЗИДЕНТ ЕМЕСТЕРГЕ САЛЫҚ САЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
6-БӨЛIМ. РЕЗИДЕНТ ЕМЕСТЕРГЕ САЛЫҚ САЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тарау 27. 27-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
27-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 181. 181-бап. Жалпы ереже
181-бап. Жалпы ереже Осы бөлiм резидент емес болып табылатын заңды және жеке тұлғалардан алынатын Қазақстан Республикасындағы көздерден кiрiстердi корпоративтiк және жеке табыс салығымен салық салу ерекшелiктерiн ашады.
Бап 182. 182-бап. Резиденттiк және резидент еместiк
182-бап. Резиденттiк және резидент еместiк
Тармақ 1
1. Осы Кодекстiң мақсаты үшiн Қазақстан Республикасының резиденттерi болып Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе өмiрлiк мүдделерi Қазақстан Республикасында бар не осы баптың 4-тармағында көрсетiлген жеке тұлғалар танылады.
Тармақ 2
2. Жеке тұлға деп осы салық кезеңiнде аяқталатын кез-келген он екi айлық кезеңде 183 күнтiзбелiк күндерден кем емес Қазақстан Республикасында орналасқан тиiстi салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындар танылады. Сондай-ақ егер төменде көрсетiлген әрбiр салық кезеңiне коэффициенттердi қолданумен айқындалған ағымдағы салық кезеңiнде және бұрынғы екi салық кезеңдерiнде Қазақстан Республикасындағы болу күнiнiң саны 183 күнтiзбелiк күннен кем еместi құрайтын болса, әдетте Қазақстан Республикасында тұратын жеке тұлға болып танылады: есептi салық кезеңiндегі болу күндерiнiң саны - 1, бұрынғы бiрiншi салық кезеңiндегі болу күндерiнiң саны - 1/3, бұрынғы екiншi салық кезеңiндегi болу күндерiнiң саны - 1/6. Егер жеке тұлға ағымды салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында 30 күнтiзбелiк күндерден кем тұрған болса, онда осындай жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын деп танылмайды. Осы тармақтың мақсаты үшiн жеке тұлға Қазақстан Республикасында осы тұлғаның келуi аяқталатын жылдан кейiнгі жылда егер бұл тұлға резидент болмайтын болса, Қазақстан Республикасында келудiң соңғы күнiнен кейiнгi кезең үшiн резидент емес ретiнде қаралады.
Тармақ 3
3. Жеке тұлғаның өмiрлiк мүдделерiнің орталығы мынадай қағидаларды бiр уақытта орындау кезiнде Қазақстан Республикасында орналасқан ретiнде қарастырылады:
Тармақша 1
1) жеке тұлғада Қазақстан Республикасының азаматтығы бар немесе Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты бар (тұруға рұқсат);
Тармақша 2
2) жеке тұлғаның жанұясы және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында тұрады;
Тармақша 3
3) кез-келген уақытта оның тұруы және (немесе) оның жанұя мүшелерiнiң тұруы үшiн жеке тұлғаға және (немесе) оның жанұя мүшелерiне жеке меншiк құқығындағы немесе өзге де негiздерде тиiстi мүлiктiң Қазақстан Республикасында бар болуы;
Тармақ 4
4. Олардың тұру уақытына және осы баппен көзделген басқа да өлшемдерге қарамастан Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдамастан Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты туралы өтiнiш берген жеке тұлғалар резиденттер болып табылады: мемлекеттiк билiк органдарының, оның iшiнде дипломатиялық, консулдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ аталған жеке тұлғалардың жанұя мүшелерiнiң шетелге іссапарға жiберiлгендер; ұдайы халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын қазақстандық заңды тұлғаларға немесе Қазақстан Республикасының азаматтарына тиiстi көлiк құралдары экипаждарының мүшелерi; Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде орналасқан әскери базалардың, әскери бөлiмдердiң, топтардың, контингенттердiң немесе құрылымдардың әскери қызметшiлер және азаматтық персоналы; Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан және Қазақстан Республикасының меншігі немесе Қазақстан Республикасының субъектілері болып табылатын объектілерде жұмыс істейтіндер (оның ішінде концессиялық шарттар негізінде жұмыс істейтіндер); оқу немесе практика кезеңінің бар мерзімінде оқу немесе практика өту мақсатымен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген студенттер, өтілшілер және практиканттар; сабақ беру немесе аталған жұмыстарды орындау кезеңі ішінде сабақ беру, кеңес беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан оқытушылар және ғылыми қызметкерлер.
Тармақ 5
5. Осы Кодекстің мақсаты үшін резиденттер деп Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және (немесе) Қазақстан Республикасында олардың орны тиімді басқарудағы (басқарудың нақты органдары) өзге де заңды тұлғалар. Тиімді басқару орны (басқарудың нақты органы) деп негізгі басқару және заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін стратегиялық коммерциялық шешімдер негізінде қабылдау орны танылады.
Тармақ 6
6. Осы Кодекстің мақсаты үшін резиденттер емес деп осы бапқа сәйкес резидент болып табылмайтын заңды және жеке тұлғалар танылады.
Бап 183. 183-бап. Резидент еместердің тұрақты мекемесі
183-бап. Резидент еместердің тұрақты мекемесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы резидент еместің тұрақты мекемесі уәкілетті тұлға арқылы қызметті жүзеге асыруды қоса кәсіпкерлік қызметін толық және жартылай жүзеге асыратын ол арқылы тұрақты қызмет орны деп танылады:
Тармақша 1
1) тауарларды өндіру, ұқсату, жинақтау, сұрыптау, пакеттеу, жеткізу, сатумен байланысты қызметін жүзеге асыру мерзіміне қарамастан қызмет атқаратын кез-келген орыны;
Тармақша 2
2) қызметті жүзеге асыру мерзіміне қарамастан резиденттік басқарудың кез-келген орны, филиал, бөлім, өкілдік, бюро, контора, офис, кабинет, агенттік, фабрика, шеберхана, цех, лаборатория, дүкен, қойма;
Тармақша 3
3) көмірсутектерін өндіру орындарын қоса, табиғи ресурстарды өндірумен байланысты қызметті жүзеге асырудың кез-келген орны: шахта, рудник, мұнай және (немесе) газ скважинасы, карьер, жер үсті немесе теңіз мұнарасы және жұмысты (қызмет көрсетуді) жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан скважиналар;
Тармақша 4
4) құбыр жеткізумен, газ жеткізумен, барлаумен және (немесе) табиғи ресурстарды барлаумен, орнатумен, монтажбен, жинақтаумен, қоюмен, жіберумен және жабдыққа қызмет көрсетумен, ойын автоматтарын пайдаланумен (приставкаларды қоса), компьютерлік желілер мен байланыс каналдарын, аттракциондарды, қызмет көрсетудің мерзімін қарамастан көлік және өзге де инфрақұрылыммен байланысты қызметті (оның ішінде қызметтің бақылау және қадағалауды жүзеге асыру) кез-келген жүзеге асыру.
Тармақ 2
2. Құрылыс алаңы, монтаждау немесе жинақтау объектісі, жобалау жұмыстарын жүргізу жұмысты жүзеге асырудың мерзіміне қарамастан тұрақты мекеме құрады. Бұл орайда, құрылыс алаңы (объектісі) мәселен мүліктің, оның ішінде тұрғын-үй, ғимарат салу және (немесе) монтаждық жұмысты жүргізу, көпірлердің, жолдардың, каналдардың құрылысы және (немесе) жөндеу, тұрба жүргізуді салу, энергетикалық, технологиялық немесе өзге де жабдықты және (немесе) ұқсас жұмыстарды жүзеге асыру объектілерді тұрғызу және (немесе) жөндеу бойынша қызметті жүзеге асыру орны түсініледі. Құрылыс алаңы (объект) пайдалануға берілген объектіні (орындалған жұмыстың көлемі) қабылдау туралы актіге қол қойылған күннен бастап келесі күннен күшін жояды.
Тармақ 3
3. Резидент емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрады, егер:
Тармақша 1
1) сақтандыру жарналарын жинауды жүргізсе және (немесе) Қазақстан Республикасында уәкілетті агент арқылы сақтандыру және қайта сақтандыру қаупін жүзеге асырса;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында осы мақсаттар үшін жалданған қызметкерлер немесе персонал арқылы кез-келген тізбектелген осы салық кезеңінде аяқталатын он екі айлық кезеңде 90 күнтізбелік күннен астам тоқтаусыз қызмет көрсетсе;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған жай серіктестікке (бірлескен қызмет туралы шартқа) қатысушы болып табылса;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасында ақылы негіздегі өткізетін және (немесе) осында мүліктерді сату жүргізілетін көрмені ұйымдастырса;
Тармақша 5
5) келісім-шарт қатынастары негізінде резидентке немесе резидент еместерге Қазақстан Республикасында оның мүддесін атынан келісім-шарт (шарт, келісім) жасауға әрекет етеді және құқық беріледі.
Тармақ 4
4. Осы бапта көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезінде уақытша немесе кезеңдік үзілістер тұрақты мекемені таратуға алып келмейді.
Тармақ 5
5. Осы резидент еместің атынан келісім-шартқа қол қоюға уәкілеттік берілмеген, делдал (тапсырма шарты, комиссия, консигнация немесе басқа да ұқсас шарт негізінде жұмыс істейтін брокер және (немесе) өзге де тәуелсіз агент) арқылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент емес тұрақты мекеме құрмайтын ретте қарастырылмайды. Тәуелсіз мәртебесі бар делдал деп резидент еместен заңды да экономикалық тәуелсіз болып табылатын және өзінің әдеттегі (негізгі) қызметінде іс-әрекет жасайтын тұлға түсініледі.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған резидент емес заңды тұлғаның еншілес компаниясы осы баптың 3-тармағының 5-тармақшасының ережелеріне жауап беретін еншілес және басты компаниялардың арасында қатынастар тумаса, басты компаниясының тұрақты мекемесі ретінде қарастырылмайды.
Бап 184. 184-бап. Резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы табыс көздерінен алған кірістері
184-бап. Резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы табыс көздерінен алған кірістері Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент еместердің кірістері деп кірістердің мынадай түрлері танылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден түскен кірістер;
Тармақша 2
2) қызмет көрсетудің нақты орналасқан жеріне қарамастан тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметіне байланысты резидентпен немесе резидент емес көрсететін басқару, қаржылық, кеңестік, аудиторлық, маркетингтік, заң, адвокаттық, агенттік қызметтерінен алынатын кірістер;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы өз қызметімен байланысты резидент және резидент еместердің талап құқығына жол беру кірістері;
Тармақша 4
4) тауарларды жеткізуге сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша және (немесе) жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жасалған келісім-шарттар (шарттар, келісімдер) бойынша Қазақстан Республикасында қызметімен байланысты резиденттердің және (немесе) резидент еместердің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл санкциялары);
Тармақша 5
5) осындай заңды тұлғада қатысу үлесін сатудан және заңды тұлғадан түсетін дивидендтер түріндегі кірістер;
Тармақша 6
6) мыналардан сыйақылар түрінде алынған кірістер: резиденттерден, егер осы резидент еместердің берешегі олардың тұрақты мекемесіне немесе мүлкіне жататын болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемелері немесе мүлкі бар резидент еместерден;
Тармақша 7
7) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметіне байланысты резиденттерден немесе резидент еместерден алынатын роялти түріндегі кірістер;
Тармақша 8
8) резиденттер шығарған бағалы қағаздарды, кез келген түрдегі қарыздық міндеттемені сату кезіндегі құн өсуінен кірістер;
Тармақша 9
9) осындай мүлікте қатысу үлесін сатудан кірістерді қоса Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікті сату кезіндегі құн өсуінен кірістер;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасында орналасқан мүлікті жалға беруден алынған кірістер;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымалы мүліктен алынатын кірістер;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасында туындайтын сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері нысанындағы кірістер;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасында халықаралық жеткізілімдерде халықаралық байланыс және көлік қызметінде телекоммуникациялық қызметтен кірістер;
Тармақша 14
14) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша немесе еңбек шарты (келісім-шарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен кірістер;
Тармақша 15
15) резиденттер төлейтін ұтыстар;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасында тұрумен байланысты төленетін қосымша ақылар;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген нормадан жоғары, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыстан барлық нормадағы жеке тұлғалар резидент еместердің жеке тұтынуындағы шығыстарды өтеу;
Тармақша 18
18) резиденттер жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;
Тармақша 19
19) өнер қызметкерлеріне төленетін кірістер: Қазақстан Республикасындағы қызметтен театр, кино, радио, теледидар артистерінің, музыканттардың, суретшілердің, спортсмендердің қайсысына төлем жүргізілгеніне қарамастан кірістері;
Тармақша 20
20) басшылардың қаламақылары және (немесе) осындай басқару тұлғаларына жүктелген міндеттерді нақты орындау орнына қарамастан резидент заңды тұлғаның жоғары басқару органдарының мүшелері (директорлар кеңесі, басқару немесе өзге де осындай орган) алатын өзге де төлемдер;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасында жеке (кәсіби) тәуелсіз қызмет көрсетуден алынған кірістер;
Тармақша 22
22) осындай мүліктен кірісті қоса Қазақстан Республикасында орналасқан тегін алынған мүліктен алынған кірістер;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасындағы қызмет негізінде туындайтын бұрынғы тармақшаларда тегін алу нысанындағы кірістер.
Тарау 28. 28-ТАРАУ. ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ ҚҰРМАЙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КІРІСТЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
28-ТАРАУ. ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ ҚҰРМАЙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КІРІСТЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
Бап 185. 185-бап. Төлем көзінен кіріс салығын ұстауды есептеудің тәртібі
185-бап. Төлем көзінен кіріс салығын ұстауды есептеудің тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Кодекстің 184-бабымен белгіленген, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемемен байланысты емес резидент емес заңды тұлғаның табыстарына осы Кодекстің 186-баптың белгіленген ставкалар бойынша шегерімді жүргізбестен төлем көзінен табыс салығы салынуға тиіс.
Тармақ 2
2. Төлем көзінен салық салу мыналарға тиіс емес:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда операциялары бойынша тауарларды жеткізумен байланысты төлемдер;
Тармақша 2
2) резидент банктердің корреспонденттік шоттарын ашумен және енгізумен байланысты және олар бойынша есеп айырысуларды жүргізуден түскен кірістер;
Тармақша 3
3) "Қазақстандық қор биржасы" жабық акционерлік қоғамының ресми "А" тізімінде тұрған акцияларды сату кезіндегі құнның өсуінен түскен кірістер;
Тармақша 4
4) мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасынан тыс біртұтас тұрба құбыры жүйесі бойынша тасымалданатын шикі мұнай сату құнының сапасы бойынша түзетуге байланысты төлемдер.
Тармақ 3
3. Төлем көзінен резидент еместің кірістеріне табыс салығын салу басқа мемлекеттердегі өз бөлімшелерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына осы резидент еместердің өз кірістерімен иеленуге қарамастан жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Бюджетке төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу бойынша міндет пен жауапкершілік кіріс төлеуші (соның ішінде қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асырушы резидент емес) тұлғаға жүктелген. Осындай тұлға осы Кодекстің 12-бабы 1-тармағына сәйкес салық агенті болып танылады.
Тармақ 5
5. Төлем көзінен салық төлем нысанына және кіріс төлемін жүзеге асыру орнына қарамастан жүргізіледі.
Бап 186. 186-бап. Төлем көзіндегі кіріс салығының ставкалары
186-бап. Төлем көзіндегі кіріс салығының ставкалары Резидент еместердің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеге байланысты емес көздерден алатын кірістері төлем көзіне мынадай ставкалар бойынша табыс салығын салуға жатады: ___________________________________________________________________
Тармақша 1
1) қатысу үлесінен және сыйақыдан түскен дивидендтер, кірістер                                                15 процент ___________________________________________________________________
Тармақша 2
2) тәуекелдерді сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйақылары        10 процент ___________________________________________________________________
Тармақша 3
3) халықаралық байланыста телекоммуникациялық қызметтер көрсетуден немесе халықаралық тасымалдаулардағы көлік    5 процент қызметтерін көрсетуден түскен кірістер ___________________________________________________________________
Тармақша 4
4) осы баптың 1)-3)-тармақшаларында аталған кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 184-бабында белгіленген       20 процент кірістер ___________________________________________________________________
Бап 187. 187-бап. Төлем көзінде табыс салығын төлеу тәртібі мен мерзімдері
187-бап. Төлем көзінде табыс салығын төлеу тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 1
1. Резидент емес заңды тұлғаның кірісінен ұсталатын төлем көзінен табыс салығы мемлекеттік бюджетке төленуге жатады:
Тармақша 1
1) ондағы төлем жүргізілген айдың аяқталуынан кейінгі 5 жұмыс күні ішінде - төленетін кіріс сомалары бойынша;
Тармақша 2
2) корпоративтік табыс салығы туралы декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін 10 жұмыс күні ішінде - есептелген, бірақ шегерімге жатқызылған кезде төленбеген кіріс сомалары бойынша.
Тармақ 2
2. Кірістің төлемі деп қолма-қол және (немесе) қолма-қол ақшасыз нысандағы ақша қаражаттары, бағалы қағаздар, тауарлар, мүлікті, жұмысты орындау, қызмет көрсету түсініледі.
Бап 188. 188-бап. Салық органдарына есеп беру
188-бап. Салық органдарына есеп беру Салық агенттері осы Кодекстің 185-бабына сәйкес төлем көзінен табыс салығын ұстап қалу бойынша туындаған келесі есеп беру тоқсанындағы айдың 15-інші күнінен кешіктірмей тоқсан сайын төленген (есептелген) кірістер мен ұсталынған салықтар туралы салық органына есеп беруге міндетті.
Тарау 29. 29-ТАРАУ. ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР КІРІСТЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
29-ТАРАУ. ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР КІРІСТЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
Бап 189. 189-бап. Тұрақты мекеме арқылы қызметті жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау ерекшеліктері
189-бап. Тұрақты мекеме арқылы қызметті жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын кірісін айқындау ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын резидент емес-заңды тұлға корпоративтік табыс салығын есептеу және төлеу тәртібін, осы Кодекстің 85-144-баптарына сәйкес және осы баптың ережелерін ескеріп жүргізеді.
Тармақ 2
2. Тұрақты мекеме арқылы қызметті жүзеге асыратын резидент емес-заңды тұлғалардың кірістеріне қызметімен байланысты кірістің барлық түрлері жатады.
Тармақ 3
3. Егер резидент емес-заңды тұлға тұрақты мекеме арқылы немесе осыған ұқсас қызметті Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын болса, онда осындай қызметтен түскен кірістер тұрақты мекеме арқылы қызметтен түскен кірістерге жатады.
Тармақ 4
4. Шегерімдерге осы Кодекске сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстардан басқа тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында кіріс алумен, Қазақстан Республикасында немесе одан тысқарыда шығынға ұшырағанын қарамастан қызметті жүзеге асырумен тікелей байланысты шығыстар жатады.
Тармақ 5
5. Резидент емес-заңды тұлға мынадай ретте, талап қойылған сомалардың тұрақты мекеменің шегерімдеріне жатқызуға құқықтары бар:
Тармақша 1
1) осы резидент емес заңды тұлғаның пайдалану немесе жеке меншік не интеллектуалдық меншікті пайдалану немесе беру құқығы үшін роялти, қаламақы, алым және басқа да төлемдер;
Тармақша 2
2) қызмет көрсеткені үшін, комиссиялық кірістер;
Тармақша 3
3) осы резидент емес-заңды тұлғаларға берілген несие бойынша сыйақылар;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасында резидент емес-заңды тұлғаның қызметінен кіріс алуға байланысты емес шығыстар;
Тармақша 5
5) құжатта расталмаған шығыстар;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс зиян шеккен резидент емес-заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстары.
Бап 190. 190-бап. Тұрақты мекеме арқылы қызметінен резидент емес-заңды тұлғаның таза кірісіне салық салу тәртібі
190-бап. Тұрақты мекеме арқылы қызметінен резидент емес-заңды тұлғаның таза кірісіне салық салу тәртібі
Тармақ 1
1. Резидент емес-заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен алынған таза кірісіне 15 процент ставкасы бойынша салық салынады. Таза кіріс есептелген корпорациялық кіріс салығының сомасын алып тастағандағы салық салынатын кіріс таза кіріс деп танылады.
Тармақ 2
2. Таза кіріске есептелген салық сомасы корпорациялық табыс салығы туралы декларацияда көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Резидент емес заңды тұлға тұрақты мекеме арқылы қызметінің таза кірісіне салық төлеуді корпорациялық табыс салығы бойынша декларация беру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі 10 жұмыс күн ішінде жүргізуге міндетті.
Бап 191. 191-бап. Жекелеген жағдайларда резидент емес заңды тұлғалардың кірістеріне салық салу тәртібі
191-бап. Жекелеген жағдайларда резидент емес заңды тұлғалардың кірістеріне салық салу тәртібі Салық органында тіркелмеген Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметтен резидент емес заңды тұлғаның кірісі шегерімдерді жүргізбестен төлем көзінен табыс салығын салуға жатады. Бұл орайда, салық агенті ұстайтын төлем көзінен табыс салығы тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент еместің салық міндеттемелерін өтеу есебіне шегерімге жатады.
Тарау 30. 30-ТАРАУ. РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КІРІСТЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
30-ТАРАУ. РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КІРІСТЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ ТӘРТІБІ
Бап 192. 192-бап. Төлем көзіндегі табыс салығын есептеу, ұстау және төлеу тәртібі
192-бап. Төлем көзіндегі табыс салығын есептеу, ұстау және төлеу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Кодекстің 184-бабында белгіленген резидент емес-жеке тұлғаның осындай тұлғаның тұрақты мекемелермен байланысты емес кірістері мыналардан басқа, осы Кодекстің 185-187-баптарындағы ережелермен айқындалған мерзімде және тәртіпте төлем көзінен салық салуға жатады:
Тармақша 1
1) осы баптың 2-тармағында көзделген кірістер;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы жеке кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістер;
Тармақша 3
3) банк депозиттері бойынша сыйақылар;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда операциялары бойынша тауарларды жеткізуге байланысты төлемдер;
Тармақша 5
5) "Қазақстандық қор биржасы" жабық акционерлік қоғамының ресми "А" тізімінде тұрған акцияларды сату кезіндегі құнның өсуінен түскен кірістер;
Тармақша 6
6) мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақылар.
Тармақ 2
2. Резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстің 153-бабына сәйкес айқындалған еңбекақысы түріндегі кірістері осы Кодекстің 151-157- баптарының ережелерінде белгіленген тәртіпте және мерзімдерде бірақ, осындай кірістерге қатысты шегерімдерді жүзеге асырмастан төлем көзіне салуға жатады. Мемлекеттік бюджетке төлем көзінен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу жөніндегі міндеттеме мен жауапкершілік кіріс төлеуші (соның ішінде қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асырушы резидент емеске) тұлғаға жүктеледі. Мұндай тұлға осы Кодекстің 12-бабы 1-тармағына сәйкес салық агенті болып танылады. Салық агенті төлем көзінен төленетін салықты кіріс төлемі жүзеге асырылған орнына және төлем нысанына қарамастан ұсталады.
Бап 193. 193-бап. Салық органдарына есеп беру
193-бап. Салық органдарына есеп беру Салық агенттері есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін тоқсан сайын салық органдарына резидент емес-жеке тұлғалар төлеген кірістер мен ұстап қалынған салықтар туралы есеп беруге міндетті.
Бап 194. 194-бап. Қызметі тұрақты мекеме құруға алып келетін резидент емес-жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу тәртібі
194-бап. Қызметі тұрақты мекеме құруға алып келетін резидент емес-жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент емес-жеке тұлғалар осы Кодекстің ережелеріне және 189-баптың 5-тармағына сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстардан басқа осындай кірістерге қатысты тікелей шегілген шегерімдер сомасына кішірейтілген осындай қызметпен байланысты кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады. Резидент емес жеке тұлға көрсететін тәуелді жеке қызметтер (жалға алу бойынша жұмыс) осы жеке тұлғаның тұрақты мекемені құруға алып келеді.
Тармақ 2
2. Жеке кәсіпкерлік қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлғалардан жеке табыс салығын есептеу мен төлеу, салық салынатын кірісті айқындау тәртібі осы бапқа және осы Кодекстің 195, 167-176-баптарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Бап 195. 195-бап. Жеке табыс салығының және аванстық төлемдердің тәртібі мен төлеу мерзімдері
195-бап. Жеке табыс салығының және аванстық төлемдердің тәртібі мен төлеу мерзімдері
Тармақ 1
1. Мынадай резидент емес жеке тұлғалар жеке табыс салығын аванстық төлемдерін енгізу жолымен төлейді:
Тармақша 1
1) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлік қызметтен кірістер алушы жеке тұлғалар - резиденттер;
Тармақша 2
2) салық агенттерінен басқа, осы Кодекстің 184-бабы 14-тармағында көзделген резидент еместерден Қазақстан Республикасынан тыс кіріс алушы резидент емес жеке тұлғалар;
Тармақ 2
2. Қызметін жүзеге асырған кезең үшін жеке табыс салығы бойынша аванстық және төлем төлеуді осы бапта және осы Кодекстің 174-бабында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде осы баптың 1-тармағында аталған резидент емес жеке тұлға жүргізеді.
Тармақ 3
3. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыру кезеңінде тең үлеспен төленетін жеке табыс салығы бойынша аванстық төлем сомалары жеке табыс салығының болжамды сомасы туралы өтініште көзделген салық сомасынан шығып айқындалады.
Тармақ 4
4. Аванстық төлемдердің енгізілген сомалары ағымдағы салық кезеңі үшін резидент емес-жеке тұлғаға есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есептеледі.
Тармақ 5
5. Жеке табыс салығын төлеу және соңғы есеп айырысу салық кезеңі үшін, бірақ Қазақстан Республикасынан кеткенге дейінгі 10 жұмыс күнінен кешіктірмей жеке табыс салығы бойынша декларация беру күнінен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
Бап 196. 196-бап. Жеке табыс салығының болжанған сомасы туралы өтініш және жеке табыс салығы туралы декларация
196-бап. Жеке табыс салығының болжанған сомасы туралы өтініш және жеке табыс салығы туралы декларация
Тармақ 1
1. Осы Кодекстің 195-бабында көрсетілген резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасына келу күнінен бастап 30 жұмыс күнінен кешіктірілмеген мерзімде қызметін жүзеге асыру кезеңі үшін болжанатын табыс салығының сомасы туралы өтінішті келу орны бойынша салық органдарына беруге міндетті.
Тармақ 2
2. Мына резидент емес жеке тұлғалар жеке табыс салығы туралы декларацияны осы Кодекстің 178-бабында белгіленген мерзімде немесе кәсіпкерлік қызметі тоқтаған және Қазақстан Республикасынан кеткен жағдайда осы салық кезеңінде кеткенге дейінгі 10 жұмыс күнінен кешіктірмей келген орны бойынша салық органдарына ұсынады: осы кодекстің 195-бабында көзделгендер; салық кезеңінде 500 айлық есептік көрсеткіштерден астам Қазақстан Республикасындағы көздерден кіріс алған немесе 30 күнтізбелік күндерден астам Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырушылар.
Тарау 31. 31-ТАРАУ. КОНВЕНЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
31-ТАРАУ. КОНВЕНЦИЯЛАР ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 197. 197-бап. Конвенцияны қолданбау шарттары
197-бап. Конвенцияны қолданбау шарттары Қосарлама салық салуды болдырмау және кіріске немесе мүлікке (капиталға) салық салудан жалтарудың жолын алу туралы Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын (бұдан әрі - Конвенциялар) ережелері егер осы мемлекеттің резиденті болып табылмайтын басқа тұлғаның мүддесінде Конвенция ережелерін осы резидент олармен жасалған осындай Конвенция мемлекеттің резидентіне қолданылмайды.
Бап 198. 198-бап. Конвенцияны әкімшіліктендіру тәртібі
198-бап. Конвенцияны әкімшіліктендіру тәртібі Конвенцияларды әкімшіліктендіру осы кодекстің 197-207-баптарының ережелеріне сәйкес мемлекеттік уәкілетті орган белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 199. 199-бап. Резидент емес-заңды тұлғаның бас офисінің басқарушылық және жалпы әкімшіліктендіру тәсілдерін шегерімдерге жатқызу
199-бап. Резидент емес-заңды тұлғаның бас офисінің басқарушылық және жалпы әкімшіліктендіру тәсілдерін шегерімдерге жатқызу Егер тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен резидент емес заңды тұлға салық салынатын кірісті айқындау кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс ескерілген салық салынатын кірісін айқындау мақсатында шеккен басқару және әкімшілік шығыстарын шегерімге жатқызатын болса, онда Қазақстан Республикасынан тыс шеккен аталған шығыстар және Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеге шегерімдер сомасы мынадай әдістердің бірі бойынша айқындалады:
Тармақша 1
1) шығыстарды тепе-тең бөлу әдісі;
Тармақша 2
2) шығыстарды тура (тікелей) жатқызу әдісі. Тұрақты мекемеге шегерімге басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын жатқызу тәсілі (шығыстарды тең бөлудің әдісі кезінде пайдаланылатын есептік көрсеткіштердің тәртібін қоса) тек салық органымен келісім бойынша ғана өзгертілуі мүмкін және жыл сайын қолданылады.
Бап 200. 200-бап. Шығыстарды тепе-тең бөлу әдісі
200-бап. Шығыстарды тепе-тең бөлу әдісі
Тармақ 1
1. Тепе-тең бөлу әдісін пайдалану кезінде тұрақты мекеменің шегеріміне жатқызылатын осы Кодекстің 199-бабында ескерілген басқару және жалпы әкімшілік шығыстары шығыстардың осындай сомасын жүргізу және есептік көрсеткіш ретінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Есептік көрсеткіш мына көрсеткіштердің бірі бойынша айқындалады:
Тармақша 1
1) аталған есепті кезең үшін тұтастай алғанда резидент емес заңды тұлғаның жалпы жиынтық кіріс сомасына есепті кезең үшін тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметті жүзеге асырудан резидент емес-заңды тұлға алған жиынтық кіріс мөлшерінің қатынасы;
Тармақша 2
2) үш көрсеткіш бойынша орташа шегін айқындау: аталған есепті кезең үшін тұтастай алғанда резидент емес заңды тұлғаның жалпы жиынтық кірісіне есепті кезең тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асырудан резидент емес-заңды тұлғадан алынған жиынтық кіріс мөлшеріне қатынасы; осындай есепті кезең үшін тұтастай алғанда резидент емес-заңды тұлғаның жалпы негізгі қаражаттар құнына есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің қаржы есеп беруінде көрсетілген негізгі қаражаттардың құнына қатынасы; осындай есепті кезең үшін тұтастай алғанда резидент емес заңды тұлғаның персоналына еңбекақы төлеу қорының жалпы мөлшеріне есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс істейтін персоналдың еңбекақы төлеу қорының мөлшеріне қатынасы. Есептік көрсеткіштің жоғарыда аталған есептерінің бірін резидент емес-заңды тұлға дербес айқындайды.
Тармақ 3
3. Есептік жолмен айқындалған басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасы растайтын құжаттар болса ғана тұрақты мекеменің шегеріміне жатқызылады.
Тармақ 4
4. Растайтын құжаттар болып мыналар табылады:
Тармақша 1
1) есептік көрсеткіштен резидент емес заңды тұлға айқындағаннан байланысты - қаржылық есеп беру, резидент емес заңды тұлғалардың жиынтық жылдық кірісінде ашылатын шешімін табумен бірге резидент емес заңды тұлғаның корпоративтік салығы бойынша декларациялар, негізгі қаражаттардың корпоративтік салық, алғашқы және қалдық туралы декларация бойынша шығыстарда ескерілген оның ішінде, басқару және әкімшілік шығыстарының сомаларын көрсетумен және шешімін табумен бірге әр бап бойынша шешімін табумен бірге шығыстар, есепті жыл үшін корпоративтік, қаржылық немесе өзге де есеп беру туралы декларация көшірмелері;
Тармақша 2
2) резидент емес-заңды тұлғаның қаржы есеп беруіндегі аудит бойынша аудиторлық тұжырымның көшірмесі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеге шегерімге жатқызылатын аталған шығыстардың сомасын айқындау есебі.
Тармақ 5
5. Пропорционалды бөлуге жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын оларды шешумен немесе қаржы, салық есеп беруін көрсету жағдайында осындай шығыстар тұрақты мекеменің шегеріміне қабылданбайды.
Тармақ 6
6. Басқару және әкімшілік шығыстарын бөлу әдісінің есеп саясатын қолданбау жағдайында осы әдіс тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен салық салу кірісін айқындау мақсатында пайдаланылуы мүмкін емес.
Бап 201. 201-бап. Тікелей (тура) шығысқа жатқызу әдісі
201-бап. Тікелей (тура) шығысқа жатқызу әдісі
Тармақ 1
1. Егер осындай басқару және жалпы әкімшіліктің резидент еместерінің шығыстары тікелей (тура) жатқызу әдісін пайдалану кезінде олар тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен кірістерді алу мақсаты үшін тікелей шеккен немесе айқындалса, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің шегеріміне жатқызылады. Аталған шығыстар растайтын құжаттар бар болса ғана тұрақты мекеменің шегеріміне жатады.
Тармақ 2
2. Растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) тұрақты мекеме арқылы қызметтен табыс алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында резидент-емес заңды тұлға шеккен, шығыстарды растайтын алғашқы бухгалтерлік құжаттар;
Тармақша 2
2) резидент емес-заңды тұлғаның алғашқы бухгалтерлік құжаттарының көрмелері және тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында табыс алу мақсатында пайдаланылатын үшінші тұлғалардың қызмет көрсетулері.
Бап 202. 202-бап. Тұрақты мекеме құруға алып келмейтін Қазақстан Республикасының қызметтен резидент еместердің кірістеріне қатысты қолданылатын рәсім
202-бап. Тұрақты мекеме құруға алып келмейтін Қазақстан Республикасының қызметтен резидент еместердің кірістеріне қатысты қолданылатын рәсім
Тармақ 1
1. Осы бапта көзделген рәсім осы Кодекстің 203 және 206 баптарында көрсетілген кірістерден басқа жағдайларда тұрақты мекеме құруға алып келмейтін Қазақстан Республикасындағы қызметтен резидент еместердің кірісіне қолданылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы көздерден кіріс алушы осы баптың 1-тармағында көрсетілген резидент емес осы баппен қарастырылған төлемдерді жүзеге асыру тәртібін қолдануға құқығы бар. Осы баптың ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті табыс көзінен жеке табыс салығын ұстап мемлекеттік бюджетке аударуы тиіс.
Тармақ 3
3. Кiрiс алатын резидент емес, салық агентi және салық агентiмен айқындалған резидент-банк (бұдан әрi - банк) уәкілеттi мемлекеттiк орган бекiткен нысан бойынша шартты банк салымы туралы шарт жасайды.
Тармақ 4
4. Салық агентi шартты банк салымы туралы шартқа қол қою күнiнде салық органына осындай шарттың мемлекеттiк тiлде немесе орыс тілiндегi көшiрмесiн, сондай-ақ шартты банк салымына табыс салығын аударуды растайтын төлем құжатын жiберуге мiндеттi.
Тармақ 5
5. Резидент емеске кiрiстi төлеу сәтiнде салық агентi осы Кодекстiң 186-бабында айқындалған ставка бойынша төлем көзiнен табыс салығын ұстап қалуды жүргiзуге және резидент еместiң пайдасына шартты банк салымына ұстап қалынған салық сомасын аударуға мiндеттi.
Тармақ 6
6. Конвенция шарттарын орындау кезiнде табыс салығының бұрын ұсталған сомасын қайтару мақсатымен резидент емес уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен тәртiпте және нысан бойынша өтiнiштi салық органына ұсынады.
Тармақ 7
7. Салық органы аталған өтiнiштi және қажеттi құжаттарды қарайды, резидент емеске және банкке өтiнiш бойынша шешiмдi қабылдап хабарлайды.
Тармақ 8
8. Салық органы куәландырған ұстап қалынған табыс салығын қайтаруға өтiнiштi алу кезiнде осындай өтiнiштi берген резидент емеске банк есептелген банк сыйақыларымен бiрге өтiнiште көрсетілген шектерде шартты банк салымында орналасқан сомаға иелiк етуге құқық береді.
Тармақ 9
9. Салық органының жағымсыз шешiмiмен келiспеген жағдайда осындай шешiмдi алу күнiнен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде оның шешiмiне шағымдану туралы салық органына хабарлаумен бiрге Конвенцияның ережелерiн қолданудың дұрыстығына қатысты мәселенi қайта қарау туралы өтiнiшпен уәкілеттi мемлекеттiк органға (қажеттi жағдайда, резиденттiк елдiң құзыреттi органын тартумен, жүгiнуге құқығы бар.
Тармақ 10
10. Өтiнiш бойынша жағымсыз шешiмдi қабылдау кезiнде және салық органының шешiмiне шағымдану туралы резидент еместен хабарламаны белгіленген мерзiм iшiнде алмаған жағдайда Конвенция ережелерiн қолданудан бас тартуға жiберу күнiнен бастап 10 жұмыс күнi аяқталуы бойынша салық органы резидент еместiң кiрiстерiне салық салудан босатуға бас тарту туралы куәландырылатын құжатпен қоса мемлекеттiк бюджетке есептелген банк сыйақыларымен шартты банк салымында орналасқан және өтiнiште аталған соманы аудару туралы инкассалық иеленудi банкке жiбередi.
Тармақ 11
11. Осы баптың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды салық органдарынан алу кезiнде банк мемлекет бюджетiне есептелген банк сыйақыларымен бiрге шартты банк салымына орналасқан табыс салығының сомасын аударуға мiндеттi. Өндiрiп алынған салықтың осындай сомасы мемлекет бюджетi алдындағы резидент еместiң мiндеттемесiн өтеу шотына ұстап қалуға жатады.
Тармақ 12
12. Резидент емес және салық агентi салық органының қандай-да бiр шешiмдi қабылдамай шарты банк шотында орналасқан табыс салығы сомасына иелiк етуге құқығы жоқ.
Тармақ 13
13. Банк банк кiнәсi бойынша болған мемлекет бюджетiне ұсталған табыс салығын уақтылы аудармағаны үшiн және шартты банк салымы туралы шарттың қағидасын бұзғаны үшiн жауап бередi.
Тармақ 14
14. Мемлекет бюджетiне шартты банк салымына орналастырылған табыс салығын аудару бойынша салық мiндеттемесiн орындау мүмкiндiгi болмаған жағдайда мемлекеттiк бюджетке төлем көзiнен салықты уақтылы аудармағаны үшiн айыппұл санкциялары және банк сыйақылары, табыс салығын аудару бойынша мiндеттеме салық агентiне жүктеледi.
Тармақ 15
15. Салық агенттерi:
Тармақша 1
1) шарты банк салымына орналастырылған;
Тармақша 2
2) Конвенция ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент еместерге төленген;
Тармақша 3
3) Мемлекет бюджетiне аударылған табыс салығының сомасын есепке алуға міндетті.
Бап 203. 203-бап. Халықаралық тасымалдау мен халықаралық байланыс бойынша телекоммуникациялық қызмет көрсетуден көлiк қызметiн көрсетуден табыс кiрiстерiне Конвенцияларды қолдану рәсiмi
203-бап. Халықаралық тасымалдау мен халықаралық байланыс бойынша телекоммуникациялық қызмет көрсетуден көлiк қызметiн көрсетуден табыс кiрiстерiне Конвенцияларды қолдану рәсiмi
Тармақ 1
1. Конвенция ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес заңды тұлға алатын Қазақстан Республикасы бiр тараптың бiрi болып табылатын халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн көрсетуден кiрiстер қосымша әкiмшілiк рәсiмдерiн резидент емес заңды тұлғаның резиденттiгiн растайтын құжатты жыл сайын беруден басқа қолданбастан салық салудан босатуға жатады. Конвенция ережелерiн заңға қайшы қолданғаны үшiн, сондай-ақ салықты мемлекет бюджетiне толық емес және уақытылы аудармағаны үшiн салық агентi жауапкершiлiкте болады. Бұл орайда, салық агентi есеп беру тоқсанынан кейiнгi айдың 15 күнiнен кешiктiрмей тоқсан сайын мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша Конвенция ережелерiн қолдану туралы салық органына есеп беруге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Конвенция ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес заңды тұлға алатын Қазақстан Республикасы бiр тараптың бiрi болып табылатын халықаралық тасымалдардағы көлiк қызметiн көрсетуден кiрiстер егер ол осындай қызметпен байланысты (резидент емес заңды тұлғаның резиденттiгiн растайтын құжатты жыл сайын беруден басқа және корпоративтiк табыс салығы туралы декларация) Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесi болса, қосымша әкiмшілiк рәсiмдерiн қолданбастан салық салудан босатуға жатады. Бұл орайда, резидент емес заңды тұлға халықаралық тасымалдардағы (Конвенцияға сәйкес салық салуға жатпайтын) көлiк қызметiн көрсетуден және Қазақстан Республикасының (салық салуға жататын) аумағында көлiк қызметiн көрсетуден кiрiстер сомасына жеке есеп жүргiзуге мiндеттi. Конвенцияға сәйкес салық салудан босатуға жататын салық салынатын кiрiстiң сомасы кiрiстерге салық салудан босатылғандарға қатысты шеккен кiрiстер мен шығыстардың жеке есебiнiң принципi бойынша есептелген корпоративтiк табыс салығы туралы декларацияны салық салынатын кiрiстiң жалпы сомасынан алынып тасталады.
Тармақ 3
3. Конвенция ережелерiн терiс қолдануға, сондай-ақ мемлекет бюджетiне салықты толық емес және уақтылы аударуға жауапкершiлiк Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi бар резидент емес заңды тұлға артады.
Тармақ 4
4. Конвенция ережелерiн қолдануға құқығы бар және Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай Қазақстан Республикасы бiр тараптың бiрi болып табылатын халықаралық тасымалдарда көлiк құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың кiрiстерi осы Кодекстiң 202-бабында белгiленген тәртіпте салық салудан босатылады.
Бап 204. 204-бап. Дивидендтерге, сыйақыларға (проценттерге), роялтиге Конвенцияны қолдану рәсiмi
204-бап. Дивидендтерге, сыйақыларға (проценттерге), роялтиге Конвенцияны қолдану рәсiмi
Тармақ 1
1. Егер Қазақстан Республикасы көздерiнен, резидент еместiң дивидендтер, сыйақылар (мүдделер), роялти түрiндегi табыстары Конвенцияға сәйкес төмендетiлген ставка бойынша салық салынуға жатса, салық агентi тиiстi салық органына хабарламадан кейiн ғана тиiстi жүргiзген Конвенциямен айқындалған ставка бойынша төлем көзiнен табыс салығын ұстап қалуды кiрiстi төлеу сәтiнде құқығы бар. Мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша салық органының шешiмiнсiз Конвенциямен белгіленген ережелерiн қолдануға өтiнiш беру жолымен резидент емес жүргізедi.
Тармақ 2
2. Салық агентi Конвенция ережелерiн терiс қолданғаны үшiн, сондай-ақ мемлекет бюджетiне салықты толық емес және уақтылы емес аударғаны үшiн жауапкершiлiк көтередi.
Бап 205. 205-бап. Тұрақты мекеме арқылы қызметтен таза кiрiске Конвенцияны қолдану рәсiмi
205-бап. Тұрақты мекеме арқылы қызметтен таза кiрiске Конвенцияны қолдану рәсiмi
Тармақ 1
1. Тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен таза кiрiс алатын және Конвенцияның ережелерiн қолдануға құқығы бар резидент емес-заңды тұлға резидент емес-заңды тұлғаның резиденттiгiн растайтын құжатты беруден басқа қосымша әкiмшілік рәсiмдерiн қолданбастан тиiстi Конвенциямен көзделген ставка бойынша таза кiрiске салық төлеуге құқылы.
Тармақ 2
2. Резидент емес-заңды тұлға тиiстi салық ставкасы қолданылған негiзде Конвенция атауына және таза кiрiске салық сомасын корпоративтi табыс салығы ставкасы туралы декларацияны көрсетуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Конвенция ережелерiн дұрыс қолданбауға, сондай-ақ мемлекет бюджетiне салықты толық емес және уақтылы аудармауға жауапкершілікті таза кiрiс алушы резидент емес заңды тұлға атқарады.
Бап 206. 206-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден өзге де кiрiстерге Конвенцияны қолдану рәсiмi
206-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден өзге де кiрiстерге Конвенцияны қолдану рәсiмi
Тармақ 1
1. Осы Кодекстiң 202-205 баптарында көрсетiлгеннен басқа Қазақстан Республикасындағы көздерден кiрiс алушы резидент еместер кiрiс төлеуге дейiн салық агентінің тіркеу орны бойынша салық органына Конвенцияның ережелерiн қолдануға мемлекеттiк уәкілеттi орган белгілеген нысан бойынша өтiнiш бередi.
Тармақ 2
2. Салық органы өтiнiштi қарайды және өтініште көрсетiлген ақпарат дұрыс болған жағдайда берiлген өтiнiшке қол қояды.
Тармақ 3
3. Конвенция ережелерiн қолдану дұрыс болмаған жағдайда салық органы резидент емеске дәлелдi негiздегі бас тартуды ұсынады.
Тармақ 4
4. Резидент емес салық органының терiс шешiмiмен келiспеген жағдайда Конвенцияның ережелерiн қолданудың дұрыстығына қатысты мәселенi қайта қарау туралы өтiнiштi уәкілеттi мемлекеттiк органға жүгінуге құқығы бар.
Бап 207. 207-бап. Конвенцияның ережелерiн қолдануға өтiнiш берген кездегі жалпы талаптар
207-бап. Конвенцияның ережелерiн қолдануға өтiнiш берген кездегі жалпы талаптар
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк уәкiлетті орган белгiлеген нысан бойынша Конвенцияның ережелерiн қолдануға өтiнiштi мынадай талаптарды орындау кезiнде салық органы қабылдайды:
Тармақша 1
1) өтiнiштi қоса ұсыным: жұмысты (қызмет көрсетудi) орындауға немесе өзге де мақсатқа келiсiм-шарттар (шарттар, келiсiмдер) көшiрмелерi; құрылтай құжаттарының көшiрмелерi; халықаралық тасымалдарда көлiк қызметтерiн көрсетуден кiрiстер сомасының шешiмi; резидент еместердiң әртүрлi жұмыстарды орындауы кезiнде - атқарылған жұмыстардың актiсi, құрылыс жұмыстарын, шотты немесе көрсетілген қызмет көрсетулердi растайтын төлем құжатын орындау кезiнде - объектiнi пайдалануға беру кезiнде тапсыру актiсi;
Тармақша 2
2) есептелген және (немесе) төленген кiрiстердi және ұсталған салықтарды растайтын бухгалтерлiк құжаттарды салық агентiнiң беруi;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасымен Конвенция жасалған өтiнiш берушiнiң өтiнiш берушi мемлекеттiк уәкiлеттi немесе құзыреттi органның өтiнiш берушi резиденттiгiн растау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарт немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте резидент еместiң резиденттiгiн растайтын құжатты немесе өтiнiштi дипломатиялық не консулдық жүзеге асыру.
Бап 208. 208-бап. Қазақстан Республикасында ұсталған және төленген салық сомасы туралы анықтама
208-бап. Қазақстан Республикасында ұсталған және төленген салық сомасы туралы анықтама Резидент еместiң талап етуi бойынша салық органы Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кiрiстердің сомалары және ұсталған салықтар туралы анықтаманы бередi.
Бөлім 7. 7-БӨЛIМ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
7-БӨЛIМ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
Тарау 32. 32-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
32-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 209. 209-бап. Қосылған құнға салынатын салық ұғымы
209-бап. Қосылған құнға салынатын салық ұғымы Қосылған құнға салынатын салық ұғымы тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер өндiрiсi мен айналым процесiнде оларды өткiзгенi үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тауарлар импорты кезiнде бюджетке аударылатын, айналымға салынған салық құнының бiр бөлiгiн бiлдiредi. Салық төлеушiлердiң бюджетке қосылған құнға төлеуге тиiстi қосылған құнға салынатын салық сатылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн есептелген қосылған құнға салынған салық сомасы мен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төленуге тиiс қосылған құнға салынған салық арасындағы айырмашылық ретiнде айқындалады.
Бап 210. 210-бап. Салық салу объектiлерi
210-бап. Салық салу объектiлерi Мыналар қосылған құнға салық салынатын объектілер болып табылады:
Тармақша 1
1) салық салынатын айналым;
Тармақша 2
2) салық салынатын импорт.
Бап 211. 211-бап. Төлеушiлер
211-бап. Төлеушiлер
Тармақ 1
1. Осы кодекстiң 212-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке тұрғызылған немесе тұрғызылуға мiндеттi тұлға қосылған құнға салынатын салық төлеушi болып табылады.
Тармақ 2
2. Тауарлар импорты кезiнде осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес қосылған құнға салынатын салық төлеушiлер болып табылады.
Тарау 33. 33-ТАРАУ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ ҚОЮ
33-ТАРАУ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ БОЙЫНША ЕСЕПКЕ ҚОЮ
Бап 212. 212-бап. Қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке қою талабы
212-бап. Қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке қою талабы
Тармақ 1
1. Тұлға осы баптың 3-тармағында белгiленетiн сату бойынша айналым ең аз мөлшерден асатын болса, тауарларды сату, жұмыстарды, қызмет көрсету бойынша айналым мөлшерi оның жиынтығы бойынша кез-келген кезең (он екi айлықтан астам емес) аяқталуы күнiнен бастап 15 күнтiзбелiк күндерден кешiктiрмей қосылған құнға салық бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш бередi.
Тармақ 2
2. Сату бойынша айналымды айқындау кезiнде осы Кодекстiң 230-бабына сәйкес босатылатын, сондай-ақ егер мұндай мүлiктер кәсiпкерлiк қызмет мақсатында қолданылмаса жеке тұлғалардың жеке мүлiктерiн сату бойынша айналым есепке алынбайды. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін шаруа (фермер) қожалығы үшiн арнайы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асырушы салық төлеушi сату бойынша айналымның мөлшерiн айқындау кезiнде осы арнайы салық режимiне кiретiн қызметтi жүзеге асырудан түскен сату бойынша айналымды есепке алмауы мүмкiн. Заңды тұлғалардың құрылымдық бөлiмшелерi болған жағдайда, сату бойынша айналым көлемi осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлiмшелерiнiң сату жөнiндегi айналымын есепке алып айқындалады.
Тармақ 3
3. Сату бойынша айналымының ең азы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кезеңнiң соңғы айына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 5000-еселiк шегiн құрайды.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бiрақ салық салынатын айналыммен байланысты қызметтi жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарланған тұлға қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке қою туралы салық органына өз еркiмен өтiнiш бере алады.
Тармақ 5
5. Тұлға қосылған құн салығы бойынша ол есепке қою туралы өтініш беруге мiндеттi болған немесе ерiктi түрде өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап қосылған құнға салынатын салық төлеушi болады. Қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке қою туралы өтініш салық органына ол мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірілмей берілген жағдайда, мұндай тұлға салық органы оған қосылған құнға салынған салық бойынша есепке қою туралы Куәлiк берген күннен бастап қосылған құнға салынған салық төлеушi болады.
Тармақ 6
6. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган қосылған құнға салынатын салық бойынша салық төлеушiнiң өтiнiшiмен оның бөлiмшелерiн қосылған құнға жеке салық төлеушiлер ретiнде қарастыра алады.
Тармақ 7
7. Құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құнға жеке салық төлеушiлер деп танылған қосылған құнға салынатын салық төлеушi, осы баптың 6-тармағына сәйкес, құрылымдық бөлiмшелерi тұратын жердегi салық органына қосылған құнға салынатын салық бойынша оларды есепке қою туралы өтiнiш беруге (немесе өздерiнiң бөлiмшелерiне тапсырма берудi беруге) мiндеттi.
Тармақ 8
8. Қосылған құнға салынатын салық бойынша тұлғаны есепке қойған кезде, оның осы Кодекстiң 43-тарауына сәйкес есепке қою күнiне тауарлар қалдығы бойынша қосылған құнға салынатын салық сомасын есептеуге құқығы бар.
Тармақ 9
9. Салық органы тұлғаның өтiнiшiнсiз, осы баптың 1-тармағында көзделген реттер белгiленген кезде, оны қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке қоюға құқылы.
Бап 213. 213-бап. Қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке қою туралы куәлiк
213-бап. Қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке қою туралы куәлiк
Тармақ 1
1. Қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке қойған кезде аумақтық салық комитетi тұлғаға оның қосылған құнға салынатын салық төлеушi ретiнде есепке қойылғаны туралы куәлiк беруге мiндеттi, онда:
Тармақша 1
1) тұлғаның атауы және оның деректемелерi;
Тармақша 2
2) осы Кодекстiң 521-бабына сәйкес салық төлеушiге берiлетiн салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
Тармақша 3
3) осы Кодекстiң 212-бабының 5-тармағына сәйкес тұлға қосылған құнға салынатын салық төлеушi болған күн көрсетіледi. Қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке қою туралы куәлiктiң бланкасы қатаң есеп бланкасы болып табылады және салық төлеушiге ақшаны өндiрiп алмастан берiледi. Қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке қою туралы куәлiктiң нысаны мен оны беру тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Кодекске сәйкес белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке қойылғаны жөнiндегi куәлiк қосылған құнға салынатын салық төлеушіде сақталады. Қосылған құнға салынатын салық бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлiк салық органына қайтарылуға тиiс.
Бап 214. 214-бап. Қосылған құнға салынатын салық бойынша есептен шығару
214-бап. Қосылған құнға салынатын салық бойынша есептен шығару
Тармақ 1
1. Қосылған құнға салынатын салық төлеушi, егер соңғы он екi айлық кезеңде салық салынатын айналым мөлшерi ең аз салынатын айналым мөлшерiнен асып кетпесе, тiркелген жерiндегі салық органына оны қосылған құнға салынатын салық бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге құқылы. Мұндай құқықты қосылған құнға салынатын салық төлеушi қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке қойылған кезден бастап кем дегенде екi жыл өткеннен кейiн пайдалана алады.
Тармақ 2
2. Егер қосылған құнға салынатын салық төлеушi болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметiн тоқтатқан жағдайда, осындай тұлға осы қызметiн тоқтатқан салық кезеңiнен кейiнгi алты айдың аяқталуынан кешiктiрмей оны қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтiнiш беруге мiндеттi. Салық органы қосымша құн салығын төлеушi болып табылатын әрекетсiз заңды тұлға тапқан жағдайда, қосымша құн салығы бойынша есептен шығаруды уәкiлеттi мемлекеттiк органы белгiлеген тәртiпте салық органы жүргізедi.
Тармақ 3
3. Қосымша құн салығын төлеушi болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, Салық төлеушілердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен алып тастау күнiнен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуға жатады.
Тармақ 4
4. Тұлғадан қосылған құн салығы бойынша оны есептен шығару туралы өтiнiш берген кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң бiрiншi күнiнен бастап қосылған құнға салынатын салық төлеушi болуын тоқтатады.
Тармақ 5
5. Қосылған құнға салынатын салық бойынша есептен шығару кезiнде осы Кодекстiң 241-бабына сәйкес қосылған құн салығы есептемеге жатқызылған оның қалдық тауарлары (соның iшiнде негiзгi қаржы), бюджетпен өзара есеп айырысу мақсатында салық салынатын айналым ретiнде қарастырылады.
Тарау 34. 34-ТАРАУ. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ИМПОРТ
34-ТАРАУ. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ИМПОРТ
Бап 215. 215-бап. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сату жөнiндегі айналым
215-бап. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сату жөнiндегі айналым
Тармақ 1
1. Тауарға қатысты сату бойынша айналым мынаны бiлдiредi:
Тармақша 1
1) тауарға, оның ішiнде меншiк құқығын беру мынаны білдiредi: тауарды сатуды; тауарды тиеп-түсiрудi, оның ішiнде басқа тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулердi алмастыратын; тауарлар экспортын; төлемдердi кешiктiрiп төлеу, оның iшiнде негiзгi қаржылық лизингке берумен тауарды тиеп-түсiрудi; тауарды қайтарымсыз берудi; жарғылық капитал жарнасын; жұмыс берушiнiң жалданбалы қызметкерге жалақысы есебiнен тауарлар берудi;
Тармақша 2
2) комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп-түсiрудi;
Тармақша 3
3) кепiл берушiнiң қарызды қайтармаған жағдайында кепiл ұстаушының кепiл мүлкiн (тауарын) беру;
Тармақша 4
4) кәсiпкерлiк қызмет мақсатында алынған тауарларды кәсiпкерлiк қызметке қатысы жоқ шаралар өткiзу үшiн, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушiнiң не оның жалдамалы қызметкерлерiнiң, қатысушылардың немесе басқа да тұлғалардың пайдалануы;
Тармақша 5
5) осы Кодекстiң 212-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер болып табылатын бiр заңды тұлғаның басқа құрылымдық бөлiмшеге екiншi құрылымдық бөлiмшенiң тауарын тиеп-түсiруi.
Тармақ 2
2. Жұмыстарды, қызмет көрсетудi iске асыру бойынша айналым кез-келген қызмет көрсетудi немесе жұмыстарды орындауды, соның ішінде қайтарымсыз, сондай-ақ шектемеудi қоса тауарды сатудан бөлек сыйақы үшiн кез-келген қызметтi бiлдiредi:
Тармақша 1
1) мүлiктердi уақытша иеленуге және мүлiктiк жал (жалдау) шартымен пайдалануға берудi;
Тармақша 2
2) интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқық берудi, соның iшiнде жарғылық капиталға үлес ретiнде берiлетiндерi;
Тармақша 3
3) жұмыс берушiнің жалданбалы қызметкерге жалақы есебiнен жұмысты орындауы, қызмет көрсетуi;
Тармақша 4
4) осы Кодекстiң 212-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер болып табылатын бiр заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелер арасындағы жұмыстарды орындауы, қызмет көрсетуi.
Тармақ 3
3. Мыналар сату бойынша айналым болып табылмайды:
Тармақша 1
1) Жарнамалық мақсаттағы құны 1 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын тауарды беру немесе сыйлау;
Тармақша 2
2) өтiнiмшiнiң мердiгерге алыс-беріс тауарларын дайындау және (немесе) құрастыру, және (немесе) жөндеу үшiн соңғысына дайын өнiмдi тиеп-түсiруi. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде дайындалған және (немесе) құрастырылған, және (немесе) жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату" режимiмен жүзеге асырылса, аталған тауарларды жiберу өткiзiм бойынша айналым болып табылмайды. Ұқсату режимi экспорт режимiне өзгертiлген кезде, ертеректе әкетiлген алыс-берiс тауарлары немесе оларды ұқсату өнiмдерi өткiзiм бойынша айналым болып табылады;
Тармақша 3
3) қайтарылатын ыдысты тиеп-түсiру. Құны онымен жөнелтiлетiн өнiмдердi өткiзу құнына кiргiзілмейтiн және осы өнiмдердi жеткiзу жөнiндегі шартта (келiсiм-шартта) белгіленген жағдайда және мерзiмде, бiрақ ұзақтығы 3 айдан артық емес мерзiмде жеткiзушiге қайтарылуға тиiс ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгiленген мерзiмде қайтарылмаса, мұндай ыдыс өткiзу бойынша айналымға қосылады;
Тармақша 4
4) тауарды қайтару;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды уақытша әкету" кеден режимiнде рәсiмделген осындай алып кету шарттарда белгіленген жағдайлар мен мерзiмдерде керi әкелуге жататын көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткiзу үшiн Қазақстан Республикасынан тыс әкетiлген тауарлар.
Бап 216. 216-бап. Салық салынатын айналымның айқындамасы
216-бап. Салық салынатын айналымның айқындамасы
Тармақ 1
1. Мынадай айналымдардан басқа қосылған, құн салығын төлеушi жасайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналымдар салық салынатын айналым болып табылады:
Тармақша 1
1) осы Кодекске сәйкес босатылған;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасынан тыс жүзеге асырылатын;
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын резидент еместерден жұмыстар, қызмет көрсету алынған жағдайда аталған жұмыстар, қызмет көрсетулер егер осындай жұмыстарды, қызмет көрсетудi іске асырудың орны Қазақстан Республикасы болса осы Кодекстің 225-бабында белгiленген тәртiпте алушының салық салынатын айналымына енгiзiледi.
Бап 217. 217-бап. Салық салынатын импорт
217-бап. Салық салынатын импорт
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиiстi тауарлар, (осы Кодекстiң 240-бабына сәйкес қосылған құнға салынатын салықтан босатылғандарды қоспағанда) салық салынатын импорт болып табылады.
Тармақ 2
2. Импорт Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден жүзеге асырылғанда салық салынатын импорт мынадай шарттардың бiрiне жауап беретiн тауарларға қатысты:
Тармақша 1
1) тауарлар шығарылған ел Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекет болмаса;
Тармақша 2
2) экспорт елiнде қосылған құнға салынатын салық ставкасы Қазақстан Республикасында осындай тауарлар үшiн көзделген салық ставкасынан төмен белгіленген тауарлар;
Тармақша 3
3) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының халықаралық шарттар жасасылған қатысушы мемлекеттерiнен әкелiнген, тауарлар импорты кезiнде қосылған құнға салынатын салық алу көзделетiн тауарлар тауарлар импортын бiлдiредi.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының мақсаттары үшiн тауарлардың шығу елi Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.
Бап 218. 218-бап. Тапсырма шарты бойынша жүзеге асырылатындарды сату жөніндегі айналымдар
218-бап. Тапсырма шарты бойынша жүзеге асырылатындарды сату жөніндегі айналымдар
Тармақ 1
1. Сенiм бiлдiрiлген адамның сенiм бiлдiрушiнiң атынан және соның есебiнен тауарларды тиеп-түсiруi, жұмыстардың орындалуы немесе қызмет көрсетуi сенiм бiлдiрiлген адамның өткiзiм бойынша айналымы болып табылмайды.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi:
Тармақша 1
1) сенiм бiлдiрiлген адамның сенiм бiлдiрушiге орындалатын (көрсетiлетiн) жұмысқа (қызмет көрсетуiне);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынған салық төлеушi болып табылмайтын сенiм бiлдiрушіден алынған тауарларға қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайда тауарларды тиеп-түсiру сенiм бiлдiрiлген адамның өткiзiм бойынша айналымы болып табылады.
Бап 219. 219-бап. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сату орны
219-бап. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сату орны
Тармақ 1
1. Мына жерлер тауарлар сатылатын жер болып танылады.
Тармақша 1
1) Егер тауарды жеткiзушi, алушы немесе үшiншi тұлға жеткiзетiн (жiберілетiн) болса, тауарды тасымалдаудың басталатын;
Тармақша 2
2) басқа жағдайларда тауарды алушыға беретiн жер.
Тармақ 2
2. Мыналар жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу орны болып танылады:
Тармақша 1
1) жылжымайтын мүлiк орналасқан жер, егер жұмыстар, көрсетiлетiн қызмет осы мүлiкпен тiкелей байланысты болса;
Тармақша 2
2) іс жүзiнде жұмысты іске асыратын, қызмет көрсетiлетiн жер, егер олар жылжымалы мүлiкпен байланысты болса;
Тармақша 3
3) егер осындай қызмет көрсетулер мәдениет, өнер, бiлiм, дене тәрбиесi немесе спорт салаларындағы қызмет көрсетулерге қатысты нақты қызмет көрсету;
Тармақша 4
4) сатып алушының жұмыс, қызмет көрсетудегi кәсiпкерлiк немесе кез-келген басқа да қызметi. Бұл ереже мынадай жұмысқа, қызмет көрсетуге қатысты қолданылады: санаткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалануға құқық беру жөнiндегi; консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк, заң, бухгалтерлiк, адвокаттық, жарнамалық қызмет, сондай-ақ ақпараттарды өңдеу жөнiндегi қызметке; қызметкердi ұсыну жөнiндегi; жылжитын мүлiктi жалға беру жөніндегі (көлiк ұйымдарының көлiк құралдарынан басқа); тауарларды сатып алу, қызмет көрсету жөнiндегi агенттiң, сондай осы тармақпен көзделген қызметтi жүзеге асыру үшiн шартқа (келiсiм-шартқа) басты қатысушының атынан тартылатын адамға; байланысқа; туризмдi ұйымдастыру жөнiнде қызмет көрсетулерге қатысты қолданылады.
Тармақша 5
5) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көзделмеген жұмыс, қызмет көрсету жағдайында жұмыстарды орындайтын тұлғаның кәсiпкерлiк немесе кез-келген басқа да қызметiн жүзеге асыру.
Тармақ 3
3. Егер басқа негiзгi тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзуге қатынас бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер көмекшi сипатта болса осындай көмекшi орны негiзгі тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзудiң орны деп танылады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 2-тармағындағы 4-тармақшаның мақсаты үшiн егер жұмыс, қызмет көрсетудi алушының кәсiпкерлiк немесе кез-келген басқа да қызметтiң бiр орны болған жағдайда оларды өткiзу орны деп осындай жұмыстар, қызмет көрсетулер пайдаланылған орын саналады.
Тармақ 5
5. Осы баптың 2-тармағын қолдану кезiнде бiр тармақшадан астамда көрсетілген жұмысты орындаудың немесе қызмет көрсетудiң орны осы тармақшалардың тәртiбi бойынша бiрiншiсiмен айқындалады.
Бап 220. 220-бап. Сату бойынша айналысты аяқтау күнi
220-бап. Сату бойынша айналысты аяқтау күнi
Тармақ 1
1. Егер осы баптың 2-тармағымен басқалары көзделмесе, тауарларды тиеп жiберген күн тауарларды сату жөнiндегi айналым жасалған күн болып табылады. Егер тауарды тиеп жiберу жүзеге асырылмаған жағдайда, онда алушыға тауар меншiгiнiң құқығын берген күн сату бойынша айналым жасалған күн болып табылады.
Тармақ 2
2. Кепiл алушы кепiл берушiге тауар берген кезде кепiл алушы бұл мүлiктi (тауарды) өндiрiп алуға жүгiнген күн сату бойынша айналым жасалған күн болып табылады. 215-баптың 1-тармағы 4) тармақшасында аталған жағдайлардағы тауарларды пайдалану кезiнде тауарларды осындай пайдалануға беру күнi сату бойынша пайдалану күнi болып табылады. 214-баптың 5-тармағында аталған жағдайларда, сату бойынша айналымды жасау күнi болып салық төлеушi қосылған құнға соңғы салық кезеңіндегi күнде есептен шығару туралы өтiнiш берген күн танылады.
Тармақ 3
3. Жұмысты, қызмет көрсетудi iске асыру бойынша салық салынатын айналымды жасау күнi төменде аталған қағидалардың бiрi орындалғанда басталады:
Тармақша 1
1) жұмысқа, қызмет көрсетуге қосылған құнға салынатын салықпен қоса шот-фактура жазылғанда;
Тармақша 2
2) жұмыс орындалғанда, қызмет көрсетiлгенде.
Тармақ 4
4. Егер жұмыс, қызмет көрсету тұрақты (үзiлiссiз) негізде көрсетiлсе, онда сату бойынша салық салынатын айналымы жасау күнi мыналардың бiреуi туындайтын күнi басталады:
Тармақша 1
1) қосылған құнға салынатын салықпен қоса шот-фактура толтырылған күн;
Тармақша 2
2) әрбiр төлемдi алу күнi (есеп нысанына қарамастан).
Тармақ 5
5. Қызметкерлерге жалақы есебiнен тауар беру жұмысты орындау қызметтер көрсету жағдайында сату бойынша айналымды жасау күнi болып қызметкерлерге тауарларды беру, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету күнi саналады.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылатын резиденттен жұмысты, қызмет көрсетудi алған жағдайда айналымды жасау күнi болып аталған жұмысты, қызмет көрсетудi алу күнi саналады.
Тарау 35. 35-ТАРАУ. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМ МЕН САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ИМПОРТ МӨЛШЕРІН АЙҚЫНДАУ
35-ТАРАУ. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМ МЕН САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ИМПОРТ МӨЛШЕРІН АЙҚЫНДАУ
Бап 221. 221-бап. Салық салынатын айналым мөлшерi
221-бап. Салық салынатын айналым мөлшерi
Тармақ 1
1. Егер осы баппен және осы Кодекстiң 76-бабының 3-тармағымен өзгелерi көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшерi оларға қосылған құнға салынатын салық енгiзiлмеген бағалар мен тарифтердi қолдануға орай, сатылатын тауарлар, көрсетiлетiн қызметтер құны негiзiнде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер алмасу кезiнде, салық салынатын айналым мөлшерi оларға қосылған құнға салынатын салық енгiзiлмеген, алайда iс жүзiнде жұмсалған шығыннан және айналымды жасау күнiнде салық төлеушiде қалыптасқан рентабельдiлiк нормасынан кем болмайтын, сату бойынша айналымды жасау күнiнде қалыптасқан бағалар деңгейiне орай анықталады. Сатылған өнiмдердiң Қазақстан Республикасының заңдарына және бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру жөнiндегі нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес айқындалатын өзiндiк құны iс жүзiнде қалыптасқан шығын құны болып табылады.
Тармақ 3
3. Тауарлар қайтарымсыз берiлген кезде, сондай-ақ осы Кодекстiң 214-бабының 5-тармағымен көзделген ретте, салық салынатын айналым мөлшерi оларға қосылған құнға салынатын салық енгiзiлмеген, алайда iс жүзiнде жұмсалған шығыннан кем болмайтын, өткiзу бойынша айналымды жасау қалыптасқан күнiндегі бағалар деңгейіне орай анықталады. Аталған тауарларды өткiзу күнiне бухгалтерлiк есепте көрсетiлген тауарлардың құны осы тармақтың мақсаттары үшiн баланс құны болып табылады.
Тармақ 4
4. Кепiл берушi кепiлдi мүлiктердi (тауарларды) кепiл ұстаушының иелігіне берген кезде кепіл берушiде салық салынатын айналым мөлшерi осы мүлiктi (тауарларды) кепiлге беруден алынған қарыз қаражаттың сомасы ескерiле отырып қарызға алған қаражаты мөлшерiне орай айқындалады.
Тармақ 5
5. Тауарларды төлемдердi кешiктiрiп төлеу жағдайында өткiзген кезде салық салынатын айналым мөлшерi, осы баптың 1-тармағына сәйкес шартта көзделген жағдайларда көзделген төлемдердiң барлығы ескерілiп айқындалады.
Тармақ 6
6. Үшiншi тұлға үшiн төлеуге байланысты қызмет көрсетулер кезiнде, салық салынатын айналымның көлемiне комиссиондық сыйақы қосылады.
Тармақ 7
7. Салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделген тауарлар мен қызмет түрлерi бойынша акциз сомасы енгізiледi.
Тармақ 8
8. Осы Кодекстiң 241-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есептеме көзделмеген тауарларды сату кезiнде салық салынатын айналым мөлшерi осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын сату құны мен баланс құны арасындағы оң айырмашылық түрiнде айқындалады.
Бап 222. 222-бап. Салық салынатын айналым мөлшерiн түзету
222-бап. Салық салынатын айналым мөлшерiн түзету
Тармақ 1
1. Сатылған тауарлардың, көрсетiлген қызметтердiң құны қайсы бiр жаққа қарай өзгертiлген кезде, салық салынатын айналым мөлшерi де тиiсiнше түзетiледi.
Тармақ 2
2. Салық төлеушiнiң салық салынатын айналым мөлшерi мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) тауарлар толық немесе iшiнара қайтарылған;
Тармақша 2
2) мәмiленiң сипаты өзгерген;
Тармақша 3
3) сатылған тауар, көрсетiлген қызмет үшiн баға, өтемақы өзгерген;
Тармақша 4
4) осындай төлемдердi шетел валютасында алған жағдайларды есептемегенде, тауарлар, жұмыстар, қызметтер берілгенi үшiн төлем алу сәтiнде түзетiледi.
Тармақ 3
3. Егер осы Кодекстiң 249-бабында өзгеше көзделмесе өткiзу бойынша айналымды түзету осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайлардың басталғанын растайтын құжаттар негiзінде жүргiзiледi.
Бап 223. 223-бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерін түзету
223-бап. Күмәндi талаптар бойынша салық салынатын айналым мөлшерін түзету
Тармақ 1
1. Егер сатылған тауарлар, көрсетiлген қызметтер үшiн ақының бiр бөлiгi немесе бүкiл мөлшерiн төлеу талабы күдiк тудырса, қосылған құнға салық төлеушi мынадай жағдайда:
Тармақша 1
1) күмәндi талаптың туындауына байланысты қосылған құнға салынған салық ескерiлген салық кезеңi аяқталғаннан кейiн үш жылдың өтуi бойынша;
Тармақша 2
2) банкрот деп танылған дебиторды мемлекеттiк Тiзiлiмнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде қосылған құнға салынатын салық төлеушiнiң бюджетке төлеуге жатқызылған, қосылған құнға салынатын салық сомасын азайтуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Сатылған тауарларға, көрсетiлген қызметтерге ақы алынған жағдайда, қосылған құнға салынған салық төлеушi осы баптың 1-тармағымен оған берiлген құқығын пайдаланғаннан кейiн салық салынатын айналым мөлшерi ақы алынған сол салық кезеңiнде аталған ақының құнына көбейтуге жатады.
Тармақ 3
3. Осы бапқа сәйкес салық салынатын айналым көлемiн түзету, осы Кодекстiң 103-бабында көзделген жағдайлар сақталған кезде жүргiзiледi.
Бап 224. 224-бап. Салық салынатын импорт мөлшерi
224-бап. Салық салынатын импорт мөлшерi Салық салынатын импорт мөлшерiне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгіленетiн, импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес осы тауарлар бойынша төленуге тиiс қосылған құнға салынған салықта қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезінде төлеуге жатқызылған алымдар, баждар, салықтар сомасы енгiзiледi.
Бап 225. 225-бап. Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент еместерден жұмыстарды, қызметтердi алу кезiнде салық салынатын айналым
225-бап. Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын резидент еместерден жұмыстарды, қызметтердi алу кезiнде салық салынатын айналым
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын резидент еместер берген жұмыстар, қызмет көрсетулер Қазақстан Республикасында өткiзу орны болып табылатын жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушы Қазақстан Республикасының салық төлеушiлерi болып табылады және осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығымен салық салуға жатады.
Тармақ 2
2. Жұмыстарды, қызметтердi алушының салық салынатын айналымының мөлшерi осы баптың мақсаты үшiн, оның қазақстандық көздерден түсiретiн табысын төлеу көздерiнен ұсталуға тиiс салық сомасының есебiмен осы баптың 1-тармағында аталған резидент емеске төленуге тиiс сомаға орай айқындалады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес төленуге тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасы осы Кодекстiң 251-бабының 1-тармағымен көзделген ставканы салық салынатын айналым мөлшерiне қолдану жолымен айқындалады. Егер алынған жұмыстар, қызметтер үшiн төленетiн төлем шетел валютасымен жүргiзiлген жағдайда, салық салынатын айналым, айналым жасалған күнi белгiленген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiнiң бағамы бойынша теңгемен есептеледi.
Тармақ 4
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген қосымша құн шығынның сомасы, осы Кодекстiң 253-бабымен белгiленген қосылған құнға салынатын салық бойынша декларация табыс етiлген мерзiмнен кешiктiрiлмей төленедi.
Тармақ 5
5. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеудi растайтын төлем құжаты осы Кодекстiң 241-бабына сәйкес салық сомасын шегерiмге жатқызуға құқық бередi.
Тармақ 6
6. Осы баптың 1-тармағының ережелерi, егер:
Тармақша 1
1) жұмыспен, қызметпен жабдықтаушы Қазақстан Республикасына тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер экспорты кезiнде қосылған құнға салынатын салықты қолданатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер резидентi болса;
Тармақша 2
2) берiлген жұмыстар, көрсетiлген қызметтер осы Кодекстiң 230-бабында аталған қызметтер болса;
Тармақша 3
3) қызмет көрсетілетiндер банктер болса қолданылмайды.
Тарау 36. 36-ТАРАУ. НӨЛДIК СТАВКА БОЙЫНША САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМДАР
36-ТАРАУ. НӨЛДIК СТАВКА БОЙЫНША САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМДАР
Бап 226. 226-бап. Тауарлар экспорты
226-бап. Тауарлар экспорты
Тармақ 1
1. Экспортқа тауарларды өткiзу бойынша айналымға осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды есептемегенде, нөлдiк ставка бойынша салық салынады. Кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорт болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасына экспорттау кезiнде қосылған құнға салынған салық алынған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге тауарлар, қызметтер экспортына осы баптың 1-тармағында көзделген ережелер қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Осы Кодекстiң 227-бабына сәйкес экспортқа тауарларды өткiзу бойынша айналым расталмаған жағдайда мұндай айналым осы Кодекстiң 251-бабының 1-тармағында көрсетiлген салық ставкасы бойынша қосылған құн салығын салуға жатады.
Бап 227. 227-бап. Тауарлар экспортын растау
227-бап. Тауарлар экспортын растау
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) экспортталатын тауарларды жеткiзу шарты (келiсiм-шарты);
Тармақша 2
2) тауар шығаруды экспорт режимiнде жүзеге асырған кеден органының және қызмет аймағында Қазақстан Республикасының кеден аумағынан сырт жерлерден әкелiнген тауарлар өткiзiлетiн жiберу пунктi бар кеден органының белгісi соғылған кедендiк жүк декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады. Құбыр көлiгiн пайдалану немесе электр беру желiсiмен не толық емес мерзiмдік декларациялау рәсiмдерiн қолдана отырып, экспорт режимiнде тауарларды әкеткен жағдайда, экспортты растауға кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiсi соғылған толық жүк кеден декларациясы қызмет етедi;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының шекаралық кеден органдарының белгiсi соғылған, тауарға iлесiп жүретiн құжаттардың көшiрмесi тауар экспортын растайтын құжаттар болып табылады. Құбыр көлiгiн пайдалана отырып немесе электр желiсiмен экспорт режимiнде тауарларды әкеткен жағдайда iлесiп жүретiн құжаттардың орнына тауарларды қабылдап алу-беру актiсi табыс етiледi.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттар, сондай-ақ экспорт режимiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлген, тауарлардың импорты елiнде рәсiмделген кеден жүк декларациясының көшiрмесi. Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдер тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан бұдан бұрын тысқары әкетiлген тауарларды одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда кеден аумағынан тыс ұқсату режимiнде, немесе оларды ұқсату өнiмдерiнiң экспортын растау осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттардың негізінде:
Тармақша 1
1) оған сәйкес экспорт режимi ұқсату режимiне өзгерту жүргiзiлген кеден жүк декларациясы;
Тармақша 2
2) аумағында тауарларды ұқсату жүзеге асырылатын мемлекеттiң заңдарына сәйкес ондай лицензия рұқсат мiндеттi болса, тауарларды ұқсатуға лицензия рұқсат;
Тармақша 3
3) ұқсатылған мемлекеттiң аумағынан тауарлар мен өнiмдер немесе олардың ұқсатылған өнiмдерiнiң экспорты режимiнде ресiмделген және осындай режимдi жүзеге асырған кеден органы куәландырған кеден жүк декларациясының көшiрмесi. Экспорт режимiнде ресiмделген кеден декларациясында алыс-берiс шикiзатын ұқсатуға әкелу кезiнде ресiмделген кеден декларациясының нөмiрi көрсетiлуi тиiс.
Бап 228. 228-бап. Халықаралық тасымалдауға байланысты жұмыстарға, қызметтерге салық салу
228-бап. Халықаралық тасымалдауға байланысты жұмыстарға, қызметтерге салық салу
Тармақ 1
1. Халықаралық тасымалдармен байланысты жұмыстар, қызмет көрсетулерге салық салу осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардан басқа нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығымен салық салынады.
Тармақ 2
2. Осы баптың мақсаты үшiн халықаралық тасымалдауға байланысты жұмыстарға, қызмет көрсетулерге мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын тауарларды жiберуге, түсiруге, қайта тиеуге, тасымалдауға жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен жүретiн тауарлар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жүктi, жолаушыларды, почтаны тасымалдаумен байланысты жұмыстар, қызмет көрсетулер;
Тармақша 3
3) халықаралық рейстерге техникалық, коммерциялық, аэронавигациялық, әуежайлық қызмет көрсету жатады.
Тармақ 3
3. Мынадай шарттарды сақтаған кезде осы баптың 2-тармағындағы 1-тармақшада көрсетiлген жұмыстар, қызмет көрсету жағдайында нөлдiк ставка қолданылады:
Тармақша 1
1) экспортталатын тауарларды жеткiзушiлермен тiкелей жасалынған қызмет көрсетуге, жұмыстарды орындауға шарттың (келiсiм-шарттың) бар болуы;
Тармақша 2
2) тасуды бiрыңғай халықаралық тасу құжаттарымен рәсiмдеу, ал тұрба жүргiзу көлiгiмен тауарлардың экспорты жағдайында - жеткізiлiм орнына дейiн қабылдау тапсыру пунктiне экспортталатын тауарларды берудi қабылдау актiсi;
Тармақша 3
3) транзит жүктерiн тасымалдайтын жағдайда - транзит режимiнде ресiмделген, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген тауарлардың кеден декларацияларының жүктерi.
Тармақ 4
4. Мынадай шарттарды сақтаған кезде осы баптың 2-тармағы 2 және 3-тармақшаларында көрсетiлген жұмыстар, қызмет көрсету жағдайында нөлдiк ставка қолданылады:
Тармақша 1
1) аталған жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң алушымен (тапсырыс берушiмен) тiкелей жасалған жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге шарттың (келiсiм-шарттың) бар болуы;
Тармақша 2
2) Бiрыңғай халықаралық тасу құжаттарын ресiмдеу.
Тармақ 5
5. Халықаралық тасымалдарға, сондай-ақ тауарлар, қызметтер экспортына қосылған құнға салынатын салықты нөлдiк ставка бойынша салуды көздейтiн, Қазақстан Республикасы халықаралық шарттар жасаспаған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге (қатысушы мемлекеттерден) халықаралық тасымалдауға байланысты жүзеге асырылатын қызметтерге осы Кодекстiң 251-бабының 1-тармағында көзделген ставка бойынша салық салынады.
Бап 229. 229-бап. Тазартылған бағалы металдарға - алтын мен платинаға салық салу
229-бап. Тазартылған бағалы металдарға - алтын мен платинаға салық салу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тазартылған бағалы  металдарды - алтын мен платинаны - өткiзуге нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
Тарау 37. 37-ТАРАУ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНАН БОСАТЫЛҒАН АЙНАЛЫМДАР ЖӘНЕ ИМПОРТ
37-ТАРАУ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНАН БОСАТЫЛҒАН АЙНАЛЫМДАР ЖӘНЕ ИМПОРТ
Бап 230. 230-бап. Қосылған құнға салынатын салықтан босатылған айналымдар
230-бап. Қосылған құнға салынатын салықтан босатылған айналымдар Мынадай тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулер өткiзу бойынша қосылған құн салығынан мыналар босатылады:
Тармақша 1
1) почта маркалары (коллекциялықтан басқа);
Тармақша 2
2) акциздiк алым маркалары;
Тармақша 3
3) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын мемлекеттiк баж алынуымен байланысты қызметтер;
Тармақша 4
4) адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезiнде көрсетiлетiн қызметтер;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асыратын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру;
Тармақша 7
7) мемлекеттiк кәсiпорындардың мемлекеттiк мекемелерi жүзеге асыратын негiзгi қаржыларды, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың мемлекеттiк мекемелерiнiң тегiн негiзде беруi;
Тармақша 8
8) жарғылық капиталға жарналар;
Тармақша 9
9) жерлеу бюросының ритуалдық қызмет көрсетулерi, бейiттер мен крематорийлердiң қызмет көрсетулерi;
Тармақша 10
10) осы Кодекстiң 231-239 баптарында көрсетiлген өткiзу бойынша айналымдар.
Бап 231. 231-бап. Жерге және тұрғын үйлерге байланысты айналымдар
231-бап. Жерге және тұрғын үйлерге байланысты айналымдар
Тармақ 1
1. Тұрғын үй мақсатындағы ғимараттарды (ғимараттардың бөлiгiн) сату және (немесе) осындай ғимараттарды (ғимараттардың бөлiгiн) жалдау, соның iшiнде қосалқы жалгерлiк:
Тармақша 1
1) салынған тұрғын үй мақсатындағы ғимараттардың (ғимараттардың бөлiгiн) бiрiншi рет өткізілуiн;
Тармақша 2
2) қонақ үйлiк қызмет көрсету мақсатында пайдаланылатын ғимараттарды (ғимараттардың бөлiгiн) сату немесе жалдау;
Тармақша 3
3) қонақ үйде тұрғаны бойынша көрсетiлген қызметтердi қоспағанда, қосылған құнға салынатын салықтан босатылады. Егер аталған ғимарат қайта жаңғыртылғаннан кейiн тұрғын үй мақсатында пайдаланылатын болса, тұрғын үй мақсатында салынған ғимаратқа осындай ғимараттың алғашқы құнынан 50 проценттен кем емес құн құрайтын, қайта жаңғыртуға (жөндеуге) ұшыраған ғимараттар кiредi.
Тармақ 2
2. Жер учаскесiн пайдалануға және жеке меншiкке беру жер учаскесiн жалға, оның iшiнде қосалқы жалгерлiкке беру, жер учаскесiн автомобильдердi немесе өзге де көлiк құралдарын аялдамаға қою және сақтау үшiн беру ақысын қоспағанда, қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.
Бап 232. 232-бап. Қаржылық қызмет көрсету
232-бап. Қаржылық қызмет көрсету
Тармақ 1
1. Қаржылық қызмет бойынша айналымдар, егер осы қызметтер баптың 2-тармағымен көзделсе, қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.
Тармақ 2
2. Қосылған құн салығынан босатылатын қаржылық қызметке:
Тармақша 1
1) мынадай банк операциялары: депозиттердi қабылдау, заңды және жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуы және жүргізуi; банк операцияларының кейбiр түрлерiн жүзеге асырушы банктер мен ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашуы және жүргізуi; осы тұлғаға жататын тазартылған құнды металдардың физикалық саны көрсетiлетiн заңды және жеке тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу; ақша аудару операциялары: ақшаны аудару бойынша заңды және жеке тұлғалардың тапсырыстарын орындау; қарыз беру операциялары: төлемдiк, жеделдiк және қайтарымдық жағдайында ақшалай нысанда несиелердi беру; жеке және заңды тұлғалардың, оның ішiнде банк шоттары бойынша банк корреспонденттердiң тапсырысы бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру; сенімгерлік (траст) операциялары: сенім берушінің мүддесіне және тапсырысы бойынша тазартылған құнды металдар мен бағалы қағаздармен ақшаларды басқару; клирингтік операциялар: төлемдердің жинау, салыстыра тексеру, сұрыптау және нақтылау, сондай-ақ олардың есеп айырысуын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позицияларын айқындау; ломбард операциялары: депондалатын тез сатылатын бағалы қағаздар мен жылжымалы мүлiктiң кепілі бойынша қысқа мерзiмдi несиелердi беру; шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру; төлем құжаттарын (вексельдерден басқа) инкассоға қабылдау; ақшалай нысанда орындауды көздейтiн кепiлдердi беру; тiркелiмдердi ашу (шығарып қою) мен растау және олар бойынша мiндеттемелердi орындау; қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздармен операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген лицензиялар негiзiнде бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушыларға қызмет көрсету және құнды қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыру бойынша операцияларды ұйымдастыру жатады.
Тармақша 3
3) сақтандыру (қайта сақтандыру), сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау жөнiндегі делдалдық (агенттiк) қызмет көрсету жөнiндегi операциялар;
Тармақша 4
4) чектермен, вексельдермен, депозиттiк сертификаттармен операциялар;
Тармақша 5
5) зейнеткерлiк активтердi басқару жөнiнде қызмет көрсетулер;
Тармақша 1
1) зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi, зейнеткерлiк активтерден алынған инвестициялық табысты бөлу мен аудару жөнiндегi жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерi;
Тармақша 7
7) жарғылық капиталда қатысу үлесiн сату жатады.
Бап 233. 233-бап. Қаржы лизингісiне берiлген мүлiк
233-бап. Қаржы лизингісiне берiлген мүлiк
Тармақ 1
1. Мүлiктi қаржы лизингісiне беру, егер:
Тармақша 1
1) мұндай беру осы Кодекстiң 81-бабында белгiленген талаптарға сай келсе;
Тармақша 2
2) лизинг алушы мүлiктi негiзгі қаражат ретiнде алса, қосылған құн салығынан босатылады.
Тармақ 2
2. Негiзгi қаражатты лизингке берген кезде өткiзiм айналымының құнына лизинг шартында көрсетiлген негізгi қаражаттың құны, сондай-ақ лизинг берушiнiң сыйақысы (мүддесi) кiредi.
Бап 234. 234-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететiн қызметтер
234-бап. Коммерциялық емес ұйымдар көрсететiн қызметтер Осы Кодекстiң 127-бабының 1-тармағында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын қызмет бойынша айналымдар, егер олар:
Тармақша 1
1) балаларды, жасы ұлғайғандарды және мүгедектердi қорғау және әлеуметтiк қамту жөнiндегі қызмет көрсетумен;
Тармақша 2
2) дiни ұйымдармен әдет-ғұрыптар және дiни қажеттiлiктегі заттарды, салтанаттар өткiзумен байланысты болса, қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.
Бап 235. 235-бап. Мүгедектер ұйымдары жүзеге асыратын өткізу бойынша айналымдар
235-бап. Мүгедектер ұйымдары жүзеге асыратын өткізу бойынша айналымдар
Тармақ 1
1. Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ олардың өндiрiстiк ұйымдары өткiзген тауарлар мен қызмет көрсетулер, егер мұндай ұйымдар мынадай шарттарға сәйкес келсе:
Тармақша 1
1) мұндай өндiрiстiк ұйымдардың қызметкерлерiнiң саны қызметкерлердiң жалпы санының кем дегенде 60 процентiн құраса;
Тармақша 2
2) мүгедектердiң айлық еңбек ақысының қоры жалпы айлық еңбек ақы қорының кем дегенде 60 процентiн құраса.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген қосылған құнға салынған салықтан босату тауарлар өткiзу, сауда-саттық-делдалдық қызметтен тауарлар сату, қызмет көрсетулер бойынша айналымдарға және акцизделген тауарлар оны өндiру мен өткiзу бойынша айналымдарға қатысты қолданылмайды.
Бап 236. 236-бап. Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары
236-бап. Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары
Тармақ 1
1. Коммерциялық өндiрудi жүзеге асырғанға дейін жүзеге асырылатын геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру қызметтерi бойынша айналымдар қосылған құнға салынған салықтан босатылады. Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары деп көмiрсутектi және минералдық шикiзат кен орындарын iздестiрудi, бақылауды; бағалау мен әзiрлеуге дайындауды қамтамасыз ететiн, өзара байланыста, белгiлi бiр сабақтастықта қолданылатын қызмет көрсетулер жиынтығы ұғылады.
Тармақ 2
2. Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiмет бекiтедi.
Бап 237. 237-бап. Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет
237-бап. Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет
Тармақ 1
1. Мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы қызмет көрсетулер, егер олар:
Тармақша 1
1) ойын-сауық-эстрада қойылымдарын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуден басқа театр қызметiн жүзеге асыру жөнiндегі қызмет көрсетулер;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк тапсырыс шегінде жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары;
Тармақша 3
3) мектеп жасына дейiнгі балалар, мектептен тыс, арнаулы орта, бастауыш кәсiби, орта кәсiби, жоғары кәсiби және жоғары білім беруден кейiнгi кәсiби салаларында білім беру қызметiн жүзеге асыру жөнiндегі айналымдар;
Тармақша 4
4) кiтапхана қызметiн көрсету бойынша қызметтi жүзеге асыру жөнiндегі айналымдар қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.
Бап 238. 238-бап. Медициналық және мал дәрiгерлiк қызмет көрсетуге байланысты тауарлар мен қызметтер
238-бап. Медициналық және мал дәрiгерлiк қызмет көрсетуге байланысты тауарлар мен қызметтер
Тармақ 1
1. Медициналық қызмет көрсетумен байланысты тауарлар сату, қызмет көрсету жөнiндегi айналымдар мынадай:
Тармақша 1
1) кез келген нысандағы дәрілік заттар, сондай-ақ оларды өндiрудi құрайтын материалдар өткiзілген;
Тармақша 2
2) медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника, сондай-ақ оларды өндiрудi құрайтын материалдар өткiзiлген;
Тармақша 3
3) косметологиялық қызметтi қоспағанда, медициналық (ветеринарлық) қызмет көрсетілген жағдайда қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тауарлар мен қызмет көрсетулердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Бап 239. 239-бап. Кәсiпорындарды сату
239-бап. Кәсiпорындарды сату
Тармақ 1
1. Бiр қосылған құн салығын төлеушiнiң екiншi қосылған құн салығын салық төлеушiге кәсiпорынды немесе кәсiпорынның дербес жұмыс iстеп тұрған бөлiгiн сатуы:
Тармақша 1
1) олардың қалыптастыру көздерiн және (немесе) олар бойынша мiндеттемелерiн берiлетiн активтерiн көрсете отырып кәсiпорынның тарату балансы мен (немесе) бөлу және беру балансы негiзiнде;
Тармақша 2
2) айналым жасалғаннан кейiнгi 10 күннен кешiктiрмей тиiстi салық органдарына ұсынылған, осы тармақпен көзделген қосылған құн салығынан босатуды қолдану туралы операцияға екi жақтың да қатысушылары қол қойған өтiнiш негiзiнде қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi келiсiм-шартпен жер қойнауын пайдалану құқығын қайта берген кезде де қолданылады.
Бап 240. 240-бап. Қосылған құнға салынатын салықтан босатылатын импорт
240-бап. Қосылған құнға салынатын салықтан босатылатын импорт Қосылған құнға салынатын салықтан мынадай тауарлар импорты:
Тармақша 1
1) ұлттық валюталар, шет ел валюталары (нумизматикалық мақсатта пайдаланылатынынан басқа), сондай-ақ құнды қағаздар импорты;
Тармақша 2
2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен, тауарларды бажсыз әкелу нормасы бойынша тауарлар импорты;
Тармақша 3
3) акцизделген, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен iзгiлiк көмек ретiнде әкелiнген тауарларды қоспағанда, тауарлар импорты;
Тармақша 4
4) акцизделген, мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желілері бойынша қайырымдылық мақсатында әкелінген тауарларды қоспағанда, техникалық жәрдем көрсетумен бiрге тауарлар импорты;
Тармақша 5
5) шет елдiң дипломатиялық және соған теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ солармен бiрге тұратын және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес босатылған, олардың отбасы мүшелерiн қоса, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшілік-техникалық қызметкерлерiнiң жеке пайдалануы үшiн әкелiнген тауарлар импорты;
Тармақша 6
6) салық төлемiнен босатуды белгiлейтiн кеден режимдерiнде Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиiстi тауарлар;
Тармақша 7
7) дәрілік заттардың, соның iшiнде түп негізгi дәрiлер, протездi-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (малдәрiгерлiк) техникаларды қоса алғанда, медициналық мақсаттағы бұйымдар; протездi-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (малдәрiгерлiк) техникаларды қоса алғанда, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық (малдәрiгерлiк) техник өндiрiсi үшiн жабдықтаушы заттар мен материалдар импорты; Осы тармақшада аталған тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақша 8
8) пошта маркаларын (коллекциялықтан басқа) импорттау.
Тарау 38. 38-ТАРАУ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ БОЙЫНША ЕСЕП
38-ТАРАУ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ БОЙЫНША ЕСЕП
Бап 241. 241-бап. Есептеуге жатқызылған қосылған құнға салынатын салық
241-бап. Есептеуге жатқызылған қосылған құнға салынатын салық
Тармақ 1
1. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi алушы бюджет жарнасына жатқызылуға тиiс салық сомаларын айқындау кезiнде, егер осы тараумен өзгелерi көзделмесе, сондай-ақ егер мынадай шарттар орындалса:
Тармақша 1
1) Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi алушы, Қазақстан Республикасында қосымша құн салығын төлеушi болып табылса;
Тармақша 2
2) өткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң шот-фактурасы қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын тапсырушымен қойылса;
Тармақша 3
3) тауарларды импорттаған жағдайда - қосылған құнға салынатын салық бюджетке төленген болса;
Тармақша 4
4) осы Кодекстiң 225-бабымен көзделген жағдайда, қосылған құнға салынатын салық iс жүзiнде бюджетке енгiзiлген болса, алынған тауарлар үшiн, негiзгi қаражатты және көрсетiлген қызметтердi қоса алғанда, төленуге тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасына есептеуге құқылы.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) онда қосылған құнға салынатын салықпен бөлiнiп көрсетiлген шот-фактура бойынша жеткiзушi төлеуге тиiс салық сомасы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес ресiмделген жүк кеден декларациясында көрсетiлген және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бюджетiне төленген және кеден режимiнiң ережелерiне сәйкес қайтарылуға жатпайтын салық сомасы;
Тармақша 3
3) осы Кодекстiң 225-бабына сәйкес қосылған құнға салынатын салықтың төленгені растайтын төлем құжатында көрсетілген салық сомасы;
Тармақша 4
4) темiр жол және әуе көлiктерiнде берілетiн жол жүру билеттерiнде көрсетiлген салық сомасы;
Тармақша 5
5) банктер арқылы жүргiзілетiн, коммуналдық қызметке жабдықтаушылар қолданатын есептесу құжаттарында көрсетiлген салық сомасы;
Тармақша 6
6) (осы Кодекстiң 217-бабының 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген мемлекеттердi қоспағанда), қосымша құн салығы шот-фактурада жеке жолмен бөлiп көрсетiлген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi жеткiзушiлер төлеуге тиiс салық сомасы. Қосылған құнға салынатын салық сомасы есептеуге және Қазақстан Республикасында осындай тауарларды өткiзген, қызмет көрсеткен кезде қолданылатын ставка мөлшерінен аспайтын салық ставкасының мөлшеріне орай есептелген мөлшерде жатқызылады;
Тармақша 7
7) осы Кодекстің 212-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларда, ол осы баптың 3-тармағына сәйкес расталған кезде, қосылған құнға салынатын салық сомасы бойынша есепке қойылған күнге жасалған қалдық тауарлардың инвентарлық жазбасында көрсетілген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес жатқызылған қосылған құнға салынатын салық сомасы болып табылады.
Тармақ 3
3. Қосымша құн салығының осы баптың 2 тармағында белгіленген тәртіпте алынған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің салық кезеңіндегі есепке қатысы жоқ. Қосылған құн салығы осы Кодекстің 225-бабына сәйкес төленген жағдайда, төленген салық бюджетке нақты салық енгізілген салық кезеңіне жатқызылады.
Тармақ 4
4. Қосылған құнға салынатын салық төлеушіде салық салынатын және одан босатылған айналымдар болған кезде, қосылған құнға салынатын салық осы Кодекстің 245-бабында көзделген тәртіппен есептеуге жатқызылады.
Бап 242. 242-бап. Есептеуге жатқызылмайтын қосылған құн салығы
242-бап. Есептеуге жатқызылмайтын қосылған құн салығы
Тармақ 1
1. Қосылған құнға салынатын салық, егер:
Тармақша 1
1) қосылған құнға салынатын салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметіне жатқызылмайтын шаралар өткізумен байланысты тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер;
Тармақша 2
2) қонақ үй есебінде пайдаланылатын ғимараттардан басқа, тұрғын үй мақсатындағы ғимараттарды (ғимараттардың бөлігін);
Тармақша 3
3) негізгі құрал ретінде сатып алынған жеңіл автомобильдер;
Тармақша 4
4) жал шартына сәйкес жөндеу шығыстары жалға беруші өтеген және жөндеуді жүзеге асырған жалға алушының салық салынатын айналымы болып табылатын кездегі жағдайлардан басқа, жалға алынған тұрғын үй мақсатындағы ғимараттарды жөндеуге пайдаланылған тауарлар, қызметтер;
Тармақша 5
5) тегін алынған мүлікті (тауарды, жұмысты, қызмет көрсетуді) алумен байланысты төлеуге жататын қосылған құнға салынатын салық есептелмейді.
Бап 243. 243-бап. Есептеуге жатқызылған қосылған құнға салынатын салық сомасын түзету
243-бап. Есептеуге жатқызылған қосылған құнға салынатын салық сомасын түзету
Тармақ 1
1. Бұрын есептеуге жатқызылған қосылған құнға салынатын салық:
Тармақша 1
1) салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша;
Тармақша 2
2) негізгі қаражаттарды қоса алғанда, олар бұзылған, жойылып-жоғалған жағдайлардағы (табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған реттерді қоспағанда) тауарлар бойынша;
Тармақша 3
3) табиғи монополиялар субъектілері әкелген нормадан тыс шығындар кезінде;
Тармақша 4
4) осы Кодекстің 248-бабымен белгіленген ережелер сақталмаған жағдайда есептен шығарып тастауға жатқызылады.
Тармақ 2
2. Осы баптың мақсаттары үшін, тауар (мүлік) қасиетінің толық немесе ішінара бұзылып, соның нәтижесінде осы тауардың (мүліктің) салық салынатын айналым мақсатында пайдалануға келмейтін тауардың (мүліктің) бұзылуын білдіреді. Жойылып-жоғалған тауар (мүлік) деп оқиғалар нәтижесінде тауардың (мүліктің) жойылуы және (немесе) жоғалуы ұғынылады. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген табиғи залал нормалары шегінде салық төлеуші тартқан тауар (мүлік) жоғалуы шығыны болып табылмайды.
Бап 244. 244-бап. Күмәнді міндеттеме бойынша есептеуге жатқызылған қосылған құнға салынатын салық сомасын түзету
244-бап. Күмәнді міндеттеме бойынша есептеуге жатқызылған қосылған құнға салынатын салық сомасын түзету
Тармақ 1
1. Күмәнді міндеттеме сомасын тауарлар, қызметтер бойынша бұрын есепке алынған табысқа енгізген кезде осы тауарлар, қызметтер бойынша қосылған құнға салынатын салық сомасы ол есепке алынған кезден бастап екі жыл өткен соң шығарылып тасталуға тиіс. Егер қосылған құнға салынатын салық шығарылып тасталғаннан кейін қосылған құнға салынатын салық төлеуші тауарлар, қызметтер үшін ақы төлесе, осы аталған тауарлар, қызметтер бойынша салық сомасы ақы төленген салық кезеңіне есептеліп қалпына келтірілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Қосылған құн салығын төлеуші - несиегер банкрот деп танылған жағдайда, бұрын есептеу жатқызылған қосылған құнға салынған салық сомаларының есебінен шығарып тастау, банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеуші - несиегерді мемлекеттік Тізілімнен алып тастау туралы әділет органдарының шешімі шығарылған салық кезеңінде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Күмәндi мiндеттемелер ұғымы осы Кодекстiң 91-бабына сәйкес айқындалады.
Бап 245. 245-бап. Қосылған құнға салынатын салықтан босатылған сату жөнiндегі айналымдар болған кезде қосылған құнға салынатын салықты есепке жатқызу тәртiбi
245-бап. Қосылған құнға салынатын салықтан босатылған сату жөнiндегі айналымдар болған кезде қосылған құнға салынатын салықты есепке жатқызу тәртiбi
Тармақ 1
1. Салық салынбайтын мақсаттар үшiн пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша және импорт бойынша жеткiзушi төлеуге тиiс қосымша құн салығы есепке жатқызылмайды.
Тармақ 2
2. Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде салық төлеушiнiң таңдауы бойынша қосылған құнға салынатын салық қосылған құнға салынатын салық сомасына тепе-теңдiк немесе бөлшектеу әдiсiмен есептеуге жатқызылады. Қосылған құнға салынатын салық сомасын анықтаудың есепке жатқызуға таңдалып алынған әдiсi салық жылы кезiнде өзгертiлмеуге тиiс.
Бап 246. 246-бап. Тепе-теңдiк әдiсi
246-бап. Тепе-теңдiк әдiсi
Тармақ 1
1. Қосылған құнға салынатын салықтың тепе-теңдiк әдiсiмен есептеуге жатқызылған сомасы салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлестiк салмағына орай айқындалады.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларды жүзеге асыру кезiнде осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн бағалы қағаздарды өткiзу кезiндегi алынған өсiм сату жөнiндегі айналымға қосылады.
Бап 247. 247-бап. Бөлшектеу әдiсi
247-бап. Бөлшектеу әдiсi
Тармақ 1
1. Есептеуге жатқызылған қосылған құнға салынатын салық сомасын бөлшектеу әдiсi бойынша анықтау кезiнде қосылған құнға салынатын салық төлеушi салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсатында пайдаланылатын тауарлар, қызметтер үшiн көрсетілген қызметтерге тауарлар, қызметтер бойынша алынған қосылған құнға салынатын салық шығындары мен сомасы бойынша бөлшектелген есеп жүргізедi.
Тармақ 2
2. Банк операцияларының кейбiр түрлерiн жүзеге асырушы және есептеуге жатқызылатын тепе-теңдiк әдiстi пайдаланушы банктер мен ұйымдар кепiл мүлкiн (тауарды) алумен және сатумен байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есептеу негізiнде бөлшектеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.
Тарау 39. 39-ТАРАУ. ШОТ-ФАКТУРА
39-ТАРАУ. ШОТ-ФАКТУРА
Бап 248. 248-бап. Шот-фактура
248-бап. Шот-фактура
Тармақ 1
1. Шот-фактура, осы баптың 6-тармағымен көзделген реттердi қоспағанда, қосылған құнға салынатын барлық салық төлеушiлер үшiн мiндеттi құжат болып табылады. Шот-фактуралар нысанын және оларды қолдану тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің келiсiмiмен уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Кодекске сәйкес бекiтедi.
Тармақ 2
2. Қосылған құнға салық салынатын тауарлар өткiзудi, қызмет көрсетулердi жүзеге асыратын қосылған құнға салынатын салық төлеушi осы аталған тауарларды, қызметтердi алушыларға, осы баптың 6-тармағымен көзделген реттердi қоспағанда, қосылған құнға салынатын салық көрсетiлген шот-фактураны беруге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Қосылған құнға салынатын салықты есепке жатқызу үшiн негіздеме болып табылатын шот-фактурада осы Кодекстiң 241-бабына сәйкес:
Тармақша 1
1) шот-фактураның реттiк нөмiрi мен толтырылған күнi;
Тармақша 2
2) тауарларды, қызметтерді жеткізуші мен алушының атауы, мекен-жайы және тіркелген нөмірі, сондай-ақ тауар берушінің қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны туралы куәліктің нөмірі;
Тармақша 3
3) өткізілетін тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;
Тармақша 4
4) салық салынатын айналым;
Тармақша 5
5) қосылған құнға салынатын салық ставкасы;
Тармақша 6
6) қосылған құнға салынатын салық сомасы;
Тармақша 7
7) қосылған құнға салынатын салық сомасы есептелген тауарлар, қызметтер құны көрсетілуге тиіс.
Тармақ 4
4. Шот-фактура сату бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей жазылады және жеткізушінің қолымен және мөрімен куәландырылады.
Тармақ 5
5. Тауарлар, жұмыстар, қызметтер құны және қосылған құнға салынатын салық сомасы, сыртқы экономикалық келісім-шарттар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген тауарлар өткізу, жұмыстар, қызмет көрсетудің жағдайларын қоспағанда, шот фактурада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Шот-фактураны ресімдеу мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) көрсетілген коммуналдық қызмет үшін есептескен; бухгалтерлік есеп жүргізуде негіздемелік қызмет атқаратын алғашқы құжаттарды банктер арқылы халыққа байланыс қызметіне қолдану жүзеге асырылған;
Тармақша 2
2) жолаушыларды тасымалдау жол билеттерімен ресімделген;
Тармақша 3
3) уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіпте ресімделген кассалық чекті беру кезінде, бөлшек желіде қолма-қол есеп үшін қызмет көрсету, жұмыстар, тауарлар сатып алған жағдайда талап етілмейді.
Бап 249. 249-бап. Салық салынатын айналым түзетілген кезде шот-фактураларды толтыру
249-бап. Салық салынатын айналым түзетілген кезде шот-фактураларды толтыру
Тармақ 1
1. Егер мәміленің екі тарабы қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын жағдайда, осы Кодекстің 222-бабына сәйкес айналымды түзету жеткізуші жасаған және тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді алушы растаған түзетуде шот-фактура негізінде жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Түзетуге шот-фактураны жасау нысаны мен тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Тарау 40. 40-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
40-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
Бап 250. 250-бап. Салық салынатын айналым бойынша төленуге тиіс қосылған құнға салынатын салық
250-бап. Салық салынатын айналым бойынша төленуге тиіс қосылған құнға салынатын салық Бюджетке төленуге тиіс қосылған құнға салынатын салық осы Кодекстің 251-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептелген қосылған құнға салынатын салық сомасы мен осы Кодекстің 39-тарауына сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.
Бап 251. 251-бап. Қосылған құнға салынатын салық ставкалары
251-бап. Қосылған құнға салынатын салық ставкалары
Тармақ 1
1. Қосылған құнға салынатын салық ставкасы 20 процентке теңестіріледі және осы баптың 2-тармағымен көзделгеннен басқа реттерде салық салынатын айналым мөлшеріне қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы Кодекстің 226-229-баптарында жазылған тауарлар өткізу, қызметтер көрсету жөніндегі айналымдарға қосылған құн салығы нөлдік ставка бойынша салынады.
Тармақ 3
3. Салық салынатын импорт бойынша қосылған құнға салынатын салық ставкасы, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 224-бабымен белгіленген салық салынатын импорт мөлшерінің 20 процентіне теңестіріледі.
Тармақ 4
4. Осы Кодекстің 217-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тауарлар бойынша қосылған құнға салынатын салық ставкалардың айырмашылығы бойынша төленеді. Ставкалар осы айырмашылық жеткізуші қойған тауарлардың шот-фактурасында көрсетілген қосылған құнға салынатын салық есептелген салық ставкасы мен осы баптың 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында осы тауарлар импорты кезінде қолданылатын салық ставкасы арасында айқындалады.
Бап 252. 252-бап. Салық кезеңі
252-бап. Салық кезеңі
Тармақ 1
1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарымен көзделген реттерді қоспағанда, күнтізбелік бір ай қосылған құнға салынатын салық бойынша бюджетпен нақты есеп айырысудың салықтық кезеңі болып табылады.
Тармақ 2
2. Егер бюджетке төленуге тиісті қосылған құнға салынатын салықтың орташа бір айлық сомасы бір тоқсанда 1000 айлық есептік көрсеткіштен төмен соманы құрайтын болса, онда тоқсан салықтық кезең болып табылады.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимін қолданатын қосылған құн салығын төлеушілер үшін аталған арнайы салық режимінің күші таратылатын қызметті жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы жөніндегі салық жылы салық кезеңі болып табылады. Басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиісті қосымша құн салығы бойынша салық кезеңі осы баптың 1 және 2 тармақтарына сәйкес айқындалады.
Бап 253. 253-бап. Салық декларациясы
253-бап. Салық декларациясы
Тармақ 1
1. Салық төлеуші қосылған құнға салынатын салық жөніндегі декларацияны әрбір салық кезеңінде уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда табыс етуге міндетті.
Тармақ 2
2. Егер өзгесі осы Кодекстің 396-бабымен көзделмесе қосылған құнға салынатын салық жөніндегі декларация әрбір салық кезеңі сайын салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.
Бап 254. 254-бап. Қосылған құнға салынатын салықты төлеу мерзімдері
254-бап. Қосылған құнға салынатын салықты төлеу мерзімдері
Тармақ 1
1. Егер өзгелер осы Кодекстің 397-бабымен көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша декларациялар ұсыну үшін белгіленген күнге дейін немесе сол күні бюджетке әрбір салық кезеңі үшін салық төлеуге міндетті.
Тармақ 2
2. Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құнға салынатын салық, осы Кодекстің 257-бабында көрсетілген ретте салық төлеуші төлеуге тиіс қосылған құнға салынатын салықты қоспағанда, кеден төлемдерін төлеу үшін Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгіленген күнде төленеді.
Тармақ 3
3. Салық органдары импортталатын тауарларға қосылған құнға салынатын салықты төлеу жөніндегі мерзімді осы Кодекстің 256-бабымен көзделген тәртіппен кейінге қалдыра тұрады.
Бап 255. 255-бап. Қосылған құнға салынатын салық бойынша ағымдық төлемдер
255-бап. Қосылған құнға салынатын салық бойынша ағымдық төлемдер
Тармақ 1
1. Қосылған құнға салынған салық бойынша әр тоқсан үшін 1000 айлық есептік көрсеткіштен астам орташа бір айлық төлемдері бар қосылған құн салығын төлеуші ағымдағы төлемдерін ағымдағы жылдан бесі күні және жиырма бесі күні төлейді. Ағымдағы төлемдер мөлшері өткен тоқсан бойынша төленуге тиіс салық сомасының алтыдан бір бөлігін құрайды.
Тармақ 2
2. Ағымдағы төлемдер бойынша артық төленген сома ағымды төлемнің мерзімі бойынша келесі төлемдер есебіне есептеледі.
Тармақ 3
3. Салық бойынша енгізілген ағымдағы төлемдер сомасы төлемдердің салықтық кезеңі үшін декларацияда мәлімделген салық есебінің мөлшері айқындалған кезде есептеледі.
Бап 256. 256-бап. Импортталатын тауарлардың қосылған құнға салынатын салығын төлеуді кейінге қалдыру
256-бап. Импортталатын тауарлардың қосылған құнға салынатын салығын төлеуді кейінге қалдыру
Тармақ 1
1. Импортталатын тауарларға қосылған құнға салынатын салық төлеуді мынадай жағдайда, егер:
Тармақша 1
1) импортталатын тауарлар ұқсатушы өнеркәсіпке немесе құрылыс жүргізуге арналған болса;
Тармақша 2
2) импортталатын тауарлар су, газ, электр энергиясы болса аумақтық салық органдары кейінге қалдырады.
Тармақ 2
2. Осы баптың мақсатында, өндіріс процесінде олар одан әрі пайдаланылып, егер ең болмаса төменде аталған шарттардың бірі орындалса:
Тармақша 1
1) өнеркәсіптік ұқсатудан кейін алынған өнімнің (тауардың) пайдаланылған тауарлардан алғашқы төрт белгісінің деңгейінде сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы коды ерекше болса;
Тармақша 2
2) өндіру процесінде тауарларға қосымша еңбек жұмсала отырып, химиялық ықпал етілсе тауарларды ұқсатушы өнеркәсіп деп ұғынылады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағымен көзделген қосылған құнға салынатын салықты төлеу қосылған құнға салынатын салық төлеушіге үш айдан аспайтын мерзімге өсімақы есептелместен кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын төлеу бойынша пұрсат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тармақ 4
4. Қосылған құнға салынатын салықты төлеуді кейінге қалдыруға рұқсат алу үшін салық органына мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) өтініші;
Тармақша 2
2) тауар жеткізу шартының (келісім шартының) көшірмесі;
Тармақша 3
3) импорт кезінде төленуге тиіс, импортталатын тауарлардың құны және қосылған құнға салынатын салық жөніндегі декларация табыс етіледі.
Тармақ 5
5. Кейінге қалдырылған соманы өтеуді салық органдары үш айлық мерзімнің ішінде өткізілген тауарлар арқылы қосылған құнға салынатын салық бойынша бюджетпен өзара есеп айырысу әдісімен жүргізеді. Өтелмеген берешек сомасына көрсетілген үш айлық мерзім өткеннен кейінгі бірінші күннен бастап өсім есептеледі.
Тармақ 6
6. Өнеркәсіптік ұқсатудан өтпеген тауарлар өткізілген жағдайда қосылған құнға салынатын салық осы Кодекспен белгіленген тәртіпке сәйкес есептеледі.
Бап 257. 257-бап. Импортталатын тауарлардың қосылған құнына салынатын салығын есеп айырысу әдісімен төлеу
257-бап. Импортталатын тауарлардың қосылған құнына салынатын салығын есеп айырысу әдісімен төлеу
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын тауарлар импорты бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы белгілейтін жабдықтар, шикізаттар, материалдар және босалқы бөлшектер импортының тізбесі бойынша салынатын салық осы баппен көзделген тәртіппен есеп айырысу әдісімен төленеді.
Тармақ 2
2. Қосылған құн салығын төлеуші кеден органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің көшірмесін, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар импорты бойынша төленуге тиіс қосылған құн салығын сомалары қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсетілген бойынша міндеттеме табыс етеді. Міндеттеме уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша 2 данада толтырылады. Міндеттеме негізінде кедендік төлемдер белгіленген тәртіппен төлену жағдайы кезінде тауарларды еркін айналымға шығару қосылған құн салығы нақты төленбестен ал, акцизделген тауарлар - акциздер бойынша жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Міндеттеме көрсетілген қосылған құнға салынатын салық сомасы оны осы Кодекстің 241-бабына сәйкес сонымен бірге есептеуге жатқыза отырып, есептелген салық сомасы ретінде қосылған құнға салынатын салық декларациясында көрініс табады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды одан әрі пайдалану осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығын салуға жатады.
Тарау 41. 41-ТАРАУ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ БОЙЫНША БЮДЖЕТПЕН ӨЗАРА ҚАТЫНАСТАР
41-ТАРАУ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰНҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ БОЙЫНША БЮДЖЕТПЕН ӨЗАРА ҚАТЫНАСТАР
Бап 258. 258-бап. Есептелуге жатқызылған сома салық кезеңі үшін есептелген салық сомасынан асып кеткен жағдайда бюджетпен өзара қатынастар
258-бап. Есептелуге жатқызылған сома салық кезеңі үшін есептелген салық сомасынан асып кеткен жағдайда бюджетпен өзара қатынастар
Тармақ 1
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе есептеуге жатқызылған салық сомасы салық кезеңі үшін есептелген салық сомасынан асып кеткен жағдайда, қосылған құнға салынатын алдағы төлемдер есебіне есептеледі.
Тармақ 2
2. Егер өзгесі осы баптың 5-тармағымен көзделмесе салық кезеңі үшін есептелген сомадан асып кеткен есептеуге жатқызылған салық сомасы егер мынадай шарттар орындалса:
Тармақша 1
1) қосылған құнға салынатын салық төлеуші нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмысты, қызмет көрсетуді үзіліссіз (тұрақты) жүзеге асырса;
Тармақша 2
2) нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу негізіндегі айналым қайтаруды мәлімдеген айдың алдындағы тоқсан ішінде өткізу жөніндегі жалпы айналымның кем дегенде 70 пайызын құраса, қосылған құнға салынатын салық төлеушіге қайтарылады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, көрсетілген сома бұрынғы салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша оның міндеттемелерін ескеріп, нөлдік ставка бойынша салық салынған айналым мақсаты үшін пайдаланылған тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша есептелуге жатқызылған салық сомасы бөлігінде қосылған құнға салынатын салық төлеушіге қайтарылады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 2 және 3 тармақтарына сәйкес қайтарылуға тиісті қосылған құн салығының сомаларын айқындау кезінде, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен ашылған, Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің шоттарына шетелдік валютада түскен түсімдер бойынша тауарлардың экспорты есептеледі.
Тармақ 5
5. Егер нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдары бар қосылған құнға салынатын салық төлеуші қосылған құнға салынатын салық сомасы қайтару туралы өтінішпен салық органына жүгінбесе, онда осы баптың 2-тармағында көрсетілген асып кеткен сома келесі есептік салық кезеңінен кейінгі салық кезеңіне есептеледі.
Тармақ 6
6. Мына заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) шағын бизнес субъектілері;
Тармақша 2
2) шаруа (фермер) қожалықтары;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші үшін белгіленген арнайы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушілерге осы баптың 2-тармағында көзделген қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.
Бап 259. 259-бап. Қосылған құнға салынатын салықты қайтару
259-бап. Қосылған құнға салынатын салықты қайтару
Тармақ 1
1. Мыналар бюджеттен қайтарылуға тиіс:
Тармақша 1
1) осы кодекстің 258-бабы 2 және 3-тармақтарында көрсетілген қосылған құн салығының асып кеткен сомасы;
Тармақша 2
2) осы Кодекстің 260-бабында көзделген жағдайларда, грант қаражаты есебінен алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша жіберушілерге төленген немесе импорттау кезіндегі қосылған құн салығының бюджетке артық төленген сомасы;
Тармақша 3
3) шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы Кодекстің 261-бабында көзделген жағдайларда, олармен бірге тұратын жанұя мүшелерін қоса алғанда осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшіліктік-техникалық персоналдарының жеке пайдалануы үшін арналған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша жеткізушіге дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері төлеген қосымша құн салығының құны;
Тармақша 4
4) Қосылған құн салығының бюджетке артық төленген сомасы.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағы 1 тармақшасында көрсетілген жағдайда және мыналар негізінде:
Тармақша 1
1) қосылған құнға салынатын салық жөніндегі декларация;
Тармақша 2
2) осы Кодекстің 227-бабында көзделген халықаралық тасымал құжаттарымен байланысты жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу жағдайында тауарлардың экспортын, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді растау үшін осы Кодекстің 228-бабына сәйкес қажетті құжаттар;
Тармақша 3
3) салық органы жүргізген салықтық тексеру актісіне сәйкес нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдарды қайтаруға ұсынылған салық сомаларының дұрыстығын растау қосылған құнға салынған салықты мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қосылған құн салығын төлеуші ұсынған салықты қайтару туралы өтініш алған күннен кейінгі 60 күн ішінде салық органы жүргізеді.
Тармақ 3
3. Қосылған құнға салынатын салықты қайтару:
Тармақша 1
1) берешегі бар қосылған құнға салынатын салық төлеуші қосылған құнға салынатын салықты бюджетке төленетін басқа салықтар мен міндетті төлемдер есебінен есептеу;
Тармақша 2
2) тауарлар импорты кезінде төленуге тиіс қосылған құнға салынатын салық есебінен есептеу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасындағы қосылған құнға салықты төлемеуші резидент емес алған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшін төленуге тиіс қосылған құнға салынатын шотына есептеу;
Тармақша 4
4) қосылған құн салығын салық төлеушінің банк шотына ақшаларды аудару жолымен жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Осы бапқа сәйкес қосылған құнға салынатын салық төлеушінің қосылған құнға салынатын салығын қайтару оның бюджетке салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі болмаған кезде жүргізіледі. Мұндай берешек болған кезде бюджеттен қайтарылуға тиіс салық сомасы осы берешекті өтеуге есептеледі.
Тармақ 5
5. Осы баптың 1-тармағы 2 және 3 тармақшаларында көзделген жағдайларда, салықты қайтару осы Кодекстің 260 және 261-баптарымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Қосылған құн салығының артық төленген сомаларын қайтару, есептеу осы Кодекстің 42 және 43-баптарымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Бап 260. 260-бап. Грант қаражаттары есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосымша құн салығын қайтару
260-бап. Грант қаражаттары есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосымша құн салығын қайтару
Тармақ 1
1. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізушілерге, сондай-ақ грант қаражаты есебінен сатып алынған импорттар кезінде төленген қосымша құн салығын қайтаруды салық органдары мынадай шарттар сақталған кезде 30 күн ішінде жүргізеді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы грант туралы шарт (келісім) тараптарының бірі болып табылады;
Тармақша 2
2) тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді сату немесе импорттау Қазақстан Республикасының атынан грант туралы шартта (келісімде) сөз сөйлейтін мемлекеттік орган грант мақсаттарын жүзеге асыру үшін арналған, орындаушы агентпен жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Осы баптық 1-тармағында көзделген қосылған құн салығын қайтару осы Кодекстің 259-бабы 3 және 4 тармақтарында көзделген тәртіпте жүргізіледі. Салықты қайтаруды жүзеге асыру үшін негіз болып табылатын және грант есебінен қосымша құн салығын төлеуді растайтын құжаттар тізімін мемлекеттік уәкілетті орган белгілейді.
Бап 261. 261-бап. Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктерге қосылған құнға салынған салықты қайтару
261-бап. Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктерге қосылған құнға салынған салықты қайтару
Тармақ 1
1. Осы Кодекстің 259-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын қайтару егер осындай қайтару Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттармен көзделген кезде жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктерге қосылған құнға салынған салықты қайтару, осы дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктер құраған жиынтық тізімдемесі (тізілімі) және қосылған құн салығының нақты төлемін растайтын құжаттардың (шот-фактуралардың, чектердің және т.б.) көшірмелері негізінде жүзеге асырылады. Жиынтық ведомостары (тізілімдері) мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша орындалады және жанама салықтар (қосылған құн салығы және акциз) бойынша жеңілдік алу кезінде өзара принципін сақтау бойынша Нотаның ауыстырылуын растау үшін дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктер Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне ұсынады. Егер жиынтық ведомостарға (тізілімдерге) қоса тіркелген құжаттарда қосылған құнға салынатын салық сомасы жеке жолмен көрсетілмесе, тек тауармен (жұмыспен, қызметпен) жеткізушіден оларға қосылған құнға салынатын салық шот-фактураға енгізілгені туралы растау алынған кезде ғана салық бойынша қайтарымды алу құқығы болуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктерге салықты салық органдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) алғаннан кейінгі 30 күннің ішінде қайтарылады. Бюджеттен қайтарылуға жататын салық сомалары дипломатиялық және соларға теңестірілген өкілдіктердің тиісті шотына аударылады.
Бөлім 8. 8-БӨЛІМ. АКЦИЗДЕР
8-БӨЛІМ. АКЦИЗДЕР
Тарау 42. 42-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
42-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 262. 262-бап. Акциздердің қолданылуы
262-бап. Акциздердің қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ, тізбесі осы Кодекстің 264-бабында айқындалған қызмет түрлеріне акциз салынады.
Бап 263. 263-бап. Акциз төлеушілер
263-бап. Акциз төлеушілер Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауар шығаратын;
Тармақша 2
2) акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында бензинмен (авиация бензинін қоспағанда) және дизель отынымен көтерме, бөлшек сауданы жүзеге асыратын;
Тармақша 4
4) егер аталған тауарлар бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында акциз төленбесе, тәркіленген, иесі жоқ акцизделген тауарларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекеттік берілген және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне тегін берілген акцизделетін тауарларды сатуды жүзеге асыратын;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының аумағында қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.
Бап 264. 264-бап. Акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлерінің тізбесі
264-бап. Акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) спирттің барлық түрлері;
Тармақша 2
2) алкоголь өнімдері: арақ; ликер-арақ өнімдері; күшейтілген ішімдіктер, күшейтілген шырындар мен бальзамдар; шарап; коньяктар; шампан шараптары; сыра; шарап материалдары;
Тармақша 3
3) темекі өнімдері;
Тармақша 4
4) құрамында темекі бар басқа өнімдер;
Тармақша 5
5) бекіре мен қызыл балық уылдырығы;
Тармақша 6
6) алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар;
Тармақша 7
7) бензин (авиация бензинін қоспағанда), дизель отыны;
Тармақша 8
8) жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
Тармақша 9
9) оқпен атылатын және газ қарулары (мемлекеттiк өкімет органдарының қажеттiлiктерi үшiн алынғандардан басқа);
Тармақша 10
10) газ конденсатын қоса алғанда, өңделмеген мұнай;
Тармақша 11
11) электр энергиясы акцизделетiн тауарлар болып табылады.
Тармақ 2
2. Қызметтiң акцизделетiн түрлерiне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) ойын бизнесi;
Тармақша 2
2) лотереяны ұйымдастыру мен өткiзудi;
Тармақша 3
3) халықаралық байланыс қызметi.
Бап 265. 265-бап. Акциз ставкалары
265-бап. Акциз ставкалары
Тармақ 1
1. Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi және тауар құнына процентпен (адвалорлық) немесе заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне (қатты) абсолюттiк сомада белгiленедi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн алкогольдi тауарларға акциз ставкалары оларда сусыз (жүз проценттiк) спирттiң болу көлемiне қарай белгiленедi.
Тармақ 3
3. Спирттiң барлық түрлерiне акциз ставкалары спирттiң бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай саралануы мүмкiн. Спирттi өткiзу кезiнде алкогольдi өнiм өндiрушiлерге акциз ставкасы алкогольдi өнiм өндiру құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы жоқ тұлғаларға өткiзілетiн спиртке белгіленетiн базалық ставкадан төмен болып белгiленуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Ойын бизнесi объектiлерiне ең жоғары және ең төмен акциз ставкасының шектерiн Қазақстан Республикасының Үкіметi жылдық есептен шығарып белгілейдi. Белгіленген базалық ставкалар шегiнде жергілiктi өкiлдi органдар бiр әкiмшiлiк бiрлiк аумағында қызметiн жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай акциз ставкасын белгiлейдi.
Тарау 43. 43-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДIРIЛЕТIН, САТЫЛАТЫН АКЦИЗДЕЛЕТIН ТАУАРЛАРҒА ЖӘНЕ АКЦИЗДЕЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ТYРЛЕРIНЕ САЛЫҚ САЛУ
43-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДIРIЛЕТIН, САТЫЛАТЫН АКЦИЗДЕЛЕТIН ТАУАРЛАРҒА ЖӘНЕ АКЦИЗДЕЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ТYРЛЕРIНЕ САЛЫҚ САЛУ
Бап 266. 266-бап. Салық салу объектiсi
266-бап. Салық салу объектiсi
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы баптың 2-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, акциз төлеушi өндiрген және (немесе) құйған акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында сату;
Тармақша 2
2) бензиндi (авиация бензинiн қоспағанда), дизель отынын көтерме саудада сату;
Тармақша 3
3) бензинді (авиация бензинін қоспағанда), дизель отынын бөлшек саудада сату;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы акцизделетін тауарларды акцизден босатуды көздейтін халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге акцизделетін тауарлар экспорты;
Тармақша 5
5) акцизделетін тауарларды тегін беру;
Тармақша 6
6) акцизделетін тауарларды басқа тауарларға ауыстырып беру;
Тармақша 7
7) акцизделетін тауарларды өңдеуге беру;
Тармақша 8
8) алыс-беріс шикізаты мен материалын, оның ішінде акцизделетін тауарларды өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру;
Тармақша 9
9) өзінің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын тауар өндірушінің акцизделген тауарларын тиеп жіберуі;
Тармақша 10
10) тәркіленген, иесі жоқ акцизделген тауарларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке берілген және мемлекет меншігіне тегін берілген акцизделетін тауарларды сату;
Тармақша 11
11) тауар өндірушілерінің өз өндірістік қажеттіліктері үшін өндірілген акцизделетін тауарларды пайдалануы;
Тармақша 12
12) халықаралық байланыс қызметін іске асыру;
Тармақша 13
13) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) лотереяларды ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 15
15) акцизделетін тауарлардың, акциздік алым маркаларының бүлінуі, жоғалуы жөніндегі операциялар акциз алынатын объект болып табылады.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы баптың 1-тармағында аталған экспортты қоспағанда, егер осы Кодекстің 276-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетін тауарлар экспорты;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының этил спиртін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген квота шегіндегі этил спирті мыналарға: тауар өндірушіде Қазақстан Республикасының аталған өнімді өндіру құқығына лицензиясы бар болған жағдайда емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек әзірлеу үшін; мемлекеттік медицина мекемелеріне босатылса;
Тармақша 3
3) тұтынушының сиымдылығы 0,1 литрден аспайтын ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес дәрілік құрал ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамнан басқа).
Бап 267. 267-бап. Операция жасалған күн
267-бап. Операция жасалған күн
Тармақ 1
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетін тауарларды сатып алушыға жөнелту күні операция жасалған күн болып табылады.
Тармақ 2
2. Тауар өндіруші өзі өндірілген акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелер желілері арқылы сатқан жағдайда тауарларды құрылымдық бөлімшелерге жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.
Тармақ 3
3. Акцизделетін өңделме тауарларды беру кезінде аталған тауарларды мердігерге (өңдеушіге) берген күн операция жасалған күн болып табылады. Өңделме тауарлардан дайындалған акцизделетін тауарлар жасаған кезде тауарды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
Тармақ 4
4. Акцизделетін тауарды өз өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланған кезде аталған тауарларды пайдалану үшін берген күн операция жасалған күн болып табылады.
Тармақ 5
5. Лотерея ұйымдастырған және өткізген жағдайда салық органында лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген күн операция жасалған күн болып табылады.
Тармақ 6
6. Акцизделетін өнім бұзылған жағдайда операцияны аяқтау күні болып бұзылған акцизделетін өнімді есептен шығару туралы акт жасау күні немесе өндірістік процесте оны одан кейін пайдалану туралы шешім қабылдау күні табылады. Акцизделетін тауарларды жоғалтқан жағдайда акцизделген тауарды жоғалту күні болған операцияны жасау күні болып осындай жоғалту күні саналады.
Бап 268. 268-бап. Салық базасы
268-бап. Салық базасы
Тармақ 1
1. Қатаң акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделген тауарлардың көлемі ретінде белгіленеді.
Тармақ 2
2. Адвалорлық акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндіруші осы тауарды акциздер және қосылған құнға салынған салық енгізбей жеткізетін баға бойынша анықталатын өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлардың құны ретінде белгіленеді.
Тармақ 3
3. Электроэнергиясын өндіру және сату кезінде салық базасы салық кезеңінде нақты пайдаланылған электроэнергиясының көлемінен басқа өндірілген электроэнергиясының көлемі ретінде айқындайды:
Тармақша 1
1) технологиялық процесте электроэнергияның өзін өндіру;
Тармақша 2
2) бірыңғай технологиялық процесте ілеспе тауарларды (қызмет көрсетулерді) шығаруды.
Тармақ 4
4. Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі салық базасы лотереяны ұйымдастырушы салық органында лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген кезде мәлімделген, акциз сомасы қосылмаған түсім сомасы ретінде анықталады және шығаруды тіркегеннен кейін өзгертуге жатпайды.
Бап 269. 269-бап. Әртүрлі ставкалар белгіленген жағдайда спирттің барлық түрлеріне салық салу ерекшеліктері
269-бап. Әртүрлі ставкалар белгіленген жағдайда спирттің барлық түрлеріне салық салу ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Осы Кодекстің 265-бабының 3-тармағына сәйкес спирттің барлық түрлеріне әртүрлі акциз ставкасы белгіленген жағдайда салық базасы бірдей ставкалар бойынша салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады.
Тармақ 2
2. Алкоголь өнімін өндірушілер алкогольді өнім өндіру үшін емес, базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спиртті пайдаланған кезде осы спирт бойынша акциз сомасы алкогольді өнім өндіруші болып табылмайтын тұлғаларға сатылатын спирттің барлық түрлері үшін белгіленген базалық ставка бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге тиіс.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағының ережелері емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек өндіру және медициналық қызмет көрсету үшін алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Осы спирт бойынша емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек өндірушілер мен спиртті акциз алған медициналық мекемелер акциз төлеуші болып табылады.
Бап 270. 270-бап. Акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы
270-бап. Акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы
Тармақ 1
1. Табиғи сипаттағы төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленеді. Осы ереже одан кейін өткізу үшін сатып алынған бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын залал, жоғалту жағдайында қолданылады.
Тармақ 2
2. Осы баптың мақсаты үшін акцизделген өнімнің бүлінуі, жоғалуы болып осы Кодекстің 243-бабының 2-тармағында жазылған оқиғалар ұғынылады.
Бап 271. 271-бап. Акциздік алым маркаларының бүлінуі, жоғалуы
271-бап. Акциздік алым маркаларының бүлінуі, жоғалуы
Тармақ 1
1. Осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, акциздік алым маркалары жоғалған, бүлінген кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді. Осы Кодекстің 548-бабына сәйкес акцизделетін тауарларды таңбалауға арналған акциздік алымның жоғалған (оның ішінде ұрланған) немесе бүлінген маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген ыдыс көлемінде қолданылатын белгіленген ставка негізге алынып жүргізіледі. Маркада ыдыс көлемі белгіленбеген жағдайда акциздік алымның бүлінген, жоғалған маркалары бойынша акцизді есептеу акциздік алым маркалары жоғалған немесе бүлінген кезеңнің алдындағы салық кезеңі ішінде өнім құю (орау) жүргізілген ыдыстың ең үлкен көлемі негізге алынып жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Акциздік алым маркалары бүлінген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) акциздік алым маркалары табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан бүлінген, жоғалған болса;
Тармақша 2
2) акциздік алымның бүлінген маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаса акциз төленбейді.
Бап 272. 272-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын өткізуді көтерме және бөлшектеп өткізуге жатқызу өлшемдері
272-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын өткізуді көтерме және бөлшектеп өткізуге жатқызу өлшемдері
Тармақ 1
1. Егер сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы бензин (авиация бензинін қоспағанда) мен дизель отынын өткізу, аталған акцизделетін тауарды қабылдап алып, оны одан әрі өткізу үшін пайдалануға міндеттенетін болса, осы сатып алу-сату шарты бойынша:
Тармақша 1
1) бензин (авиация бензинін қоспағанда) мен дизель отынын өндіруші;
Тармақша 2
2) бензин (авиация бензинін қоспағанда) мен дизель отынын одан әрі өткізу мақсатында сатып алуды не оның импортын жүзеге асырған салық төлеуші.
Тармақ 2
2. Бензин (авиация бензинін қоспағанда) мен дизель отынын бөлшектеп өткізу саласына осы баптың 1-тармағында аталған жеткізушілер жүзеге асыратын мынадай операциялар жатады:
Тармақша 1
1) бензин (авиация бензинін қоспағанда) мен дизель отынын заңды тұлғаларға (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаларға) және жеке кәсіпкерлерге өндірістік қажеттіліктері үшін өткізу;
Тармақша 2
2) бензин (авиация бензинін қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткізу;
Тармақша 3
3) бұдан әрі өткізу үшін өндірілген немесе сатып алынған бензин (авиация бензинін қоспағанда) мен дизель отынын өзінің өндірістік қажеттіліктеріне жұмсау.
Бап 273. 273-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметке салық салу
273-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметке салық салу
Тармақ 1
1. Ойын бизнесі (лотереядан басқа) саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде салық салу объектісі болып табылатындар мыналар:
Тармақша 1
1) ойын столы;
Тармақша 2
2) ақшалы ұтысы бар ойын автоматы;
Тармақша 3
3) тотализатор кассасы;
Тармақша 4
4) букмекер кеңесінің кассасы.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген ұғымдар осы Кодекстің 399-бабымен айқындалады.
Бап 274. 274-бап. Лотереяларға салық салу
274-бап. Лотереяларға салық салу
Тармақ 1
1. Лотерея ұйымдастырушының лотерея билеттерін сатуға шығаруы лотерея бойынша салық салу объектісі болып табылады. Осы баптың мақсаттары үшін сату үшін әзірленген лотерея билеттерінің санын сатуға шығару дегенді білдіреді.
Тармақ 2
2. Лотерея билеттерін сатуға шығарудың әрбір шығарылымы және оның ақша түріндегі көлемі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін тәртіппен лотерея билеттерін сату басталғанға дейін бір айдан кешіктірілмей салық органдарында міндетті түрде тіркелуге тиіс. Лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Бап 275. 275-бап. Халықаралық байланыс қызметіне салық салу
275-бап. Халықаралық байланыс қызметіне салық салу Телефон, телеграф, телетайп, радио, спутник немесе кез келген басқа байланыс құралдары арқылы дауысты, бейнені, баспа немесе жазу материалдарын, белгілерді немесе дыбысты беру жөніндегі қызмет көрсету ұсынылатын халықаралық байланыс каналын жалға беру жөніндегі қызмет құны салық салу объектісі болып табылады.
Бап 276. 276-бап. Акцизделетін тауарлар экспортын бекіту
276-бап. Акцизделетін тауарлар экспортын бекіту
Тармақ 1
1. Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу кезінде осы Кодекстің 266-бабының 2-тармағына сәйкес салық салудан босатудың негізделген растау үшін салық төлеуші тіркелген орны бойынша салық органынан 60 күннің ішінде міндетті түрде мына құжаттарды:
Тармақша 1
1) экспортталатын акцизделетін тауарларды жеткізуге келісімі (шарты);
Тармақша 2
2) тауарды экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған салық органының және тауар Қазақстан Республикасы кеден аумағының шегінен тысқары шығарылған өткізу пункті орналасқан аймақта қызмет істейтін кеден органының белгілері бар жүктің кеден декларациясын немесе оның кеден органы растаған көшірмесін ұсынады. Акцизделетін тауарларды тұрба құбырын тарту көлігін пайдаланумен экспорт режимінде немесе экспортты растаумен толық емес кезеңдік декларациялау рәсімін қолданумен не болмаса электротарту желілері бойынша алып кету жағдайында кеден ресімдеуін жүргізген кеден органының белгісімен толық кеден жүк декларациясы қызмет етеді.
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы шекаралық кеден органдарының белгілері бар көлік немесе тауардың ілеспе құжаттарының көшірмелері; Акцизделетін тауарларды тұрба құбырын тарту көлігін пайдаланумен экспорт режимінде немесе электротарту желілері бойынша алып кету жағдайында тауар ілеспе құжаттары көшірмелерінің орнына тауарды қабылдау-тапсыру актісі беріледі.
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ашылған, Қазақстан Республикасындағы салық төлеушiнiң шоттарына акциздiк тауарлар өткiзуден нақты түскен түсiмдi растайтын төлем құжаттары мен банк көшiрмесiн ұсынады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы акцизделетiн тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтiн халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге акцизделетiн тауарларды экспорттау кезiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимiмен шығарылған акцизделетiн тауарларды импорттаған елде рәсiмделген жүктiң кеден декларациясының көшiрмесi қосымша ұсынылады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес экспортқа акцизделген тауарларды өткiзу расталмаған жағдайда осындай өткiзу Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарларды жеткiзу үшiн осы тараумен белгiленген тәртiпте акцизбен салық салынуға жатады.
Бап 277. 277-бап. Салық сомасын анықтау
277-бап. Салық сомасын анықтау
Тармақ 1
1. Акциз сомасы салық базасына белгіленген акциз ставкасын қолдану жолымен белгіленедi.
Тармақ 2
2. Ойын бизнесi бойынша акциз сомасы салық кезеңiнде салық объектiлерiнiң санына қарай акциз ставкасын қолдану жолымен айқындалады Салық кезеңiнде салық объектiлерінің саны өзгерсе, шығарылған (шығып қалған) объектiге акциз ставкасы толық көлемде төленедi.
Бап 278. 278-бап. Салықтан шегеру
278-бап. Салықтан шегеру
Тармақ 1
1. Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 277-бабына сәйкес белгiленген салық сомасын осы бапта белгiленген шегерiмге кемiтуге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Акцизделетiн тауарларды (спирт пен газ конденсатын қоса алғанда мұнайдың барлық түрлерiн қоспағанда) сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттаған кезде, егер аталған тауарлар бұдан әрi акцизделетiн тауарлар өндiру үшiн негiзгi шикiзат ретiнде пайдаланылған болса, Қазақстан Республикасының аумағында төленген акциз сомасы шегерiмге жатады. Осы тармаққа сәйкес салық кезеңiнде акцизделетiн тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетiн шикiзат көлемi негiзге алынып белгiленген акциз сомасына шегерiм жүргізiледi. Осы тармақтың ережелерi, өңделмелi акцизделетiн шикiзат пен материалдардың иесi акциз төлегенiн растаған жағдайда, өңделмелi акцизделетін шикiзат пен материалдардан дайындалған акцизделетiн тауарларды беру кезiнде де қолданылады.
Бап 279. 279-бап. Акциз төлеу мерзiмдерi
279-бап. Акциз төлеу мерзiмдерi
Тармақ 1
1. Осы Кодекстiң 264-бабы 1-тармағының 1-4 тармақшаларында көрсетiлген тауарларға төленетiн акциз операция жасалған күннен кейiнгі оныншы күннен кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға тиiстi.
Тармақ 2
2. Өңделмелi акцизделетiн шикiзат пен материалдардан өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бойынша акциз өнiмдi тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға берген күнi төленедi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген газ конденсатын қоса алғанда өңделмеген мұнайды өнеркәсiптiк өңдеуге берген кезде акциз оны берген күнi төленедi.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетiлмеген акцизделетiн тауарларға акциз:
Тармақша 1
1) салық кезеңiнiң алғашқы он күнiнде жасалған операциялар бойынша айдың он үшiншi күнiнен;
Тармақша 2
2) салық кезеңiнiң екiншi он күнiнде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшiншi күнiнен;
Тармақша 3
3) салық кезеңiнiң қалған күнiнде жасалған операциялар бойынша есептi айдан кейiнгі айдың үшiншi күнiнен кешiктiрілмей бюджетке аударылуға тиiс.
Тармақ 5
5. Өз өндірісінiң акциз төленуге тиiстi шикiзатынан акцизделетiн тауар өндiрген кезде осы шикізатқа акциз дайын өнiм бойынша акциз төлеу үшiн белгiленген мерзiмде төленедi.
Тармақ 6
6. Ойын бизнесi бойынша акциз осы Кодекстiң 68-Тарауымен белгіленген тәртiп пен мерзiмде төленедi.
Тармақ 7
7. Лотерея ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудан алынатын акциз осы Кодекстiң 274-бабына сәйкес жүзеге асырылатын лотерея билеттерiн сатуға шығару тiркелгенге дейiн немесе тiркелген күнi төленедi.
Бап 280. 280-бап. Салық төлеу
280-бап. Салық төлеу
Тармақ 1
1. Акциз төлеу осы баптың 2-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, акциз төлеушi тiркелген орын бойынша жүргізiледi.
Тармақ 2
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар акциз төлеушiлер, егер олар жүзеге асыратын болса осы Кодекстiң 281-бабымен көзделген тәртiпте құрылымдық бөлiмшелердiң орналасқан жерi бойынша акциз төлейдi:
Тармақша 1
1) осы Кодекстiң 264-бабы 1-тармағының 1-4 тармақшаларында көрсетілген акцизделетiн тауарларды өндiрудi және (немесе) оны құюды;
Тармақша 2
2) бензиндi (авиация бензинiн қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек өткiзудi жүзеге асыратын болса осы Кодекстiң 281-бабында көзделген тәртiпте акциз төлейдi.
Бап 281. 281-бап. Акциздi салық төлеушiлердiң құрылымдық бөлiмшелер үшiн есептеу мен төлеу тәртiбi
281-бап. Акциздi салық төлеушiлердiң құрылымдық бөлiмшелер үшiн есептеу мен төлеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы Кодекстiң 280-бабының 2-тармағында көрсетiлген акциз төлеушiлер және құрылымдық бөлiмшелерi барлар өз құрылымдық бөлiмшелерiн тiркеу есебiне қою туралы өз тiркеу орны бойынша салық органын хабарландыруға және олардың орналасқан жерi бойынша салық органдарында тiркеу есебiн құрылымдық бөлiмшелерге қоюға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Құрылымдық бөлiмшелер үшiн төленуге тиiс акциз сомасы әр құрылымдық бөлiмше жөнiнде жасалған құрылымдық бөлiмше бойынша акциз есебi негiзiнде анықталады.
Тармақ 3
3. Құрылымдық бөлiмше бойынша акциз жөнiндегі есеп құрылымдық бөлiмше салық кезеңiнде жасаған операциялар көрсетiле отырып, екi дана етiп жасалады.
Тармақ 4
4. Заңды тұлға тiркелген салық органы басшысының қолы қойылып, мөрмен расталған есептiң көшiрмесi құрылымдық бөлiмше орналасқан жердегi салық органына осы Кодекстің 283-бабында белгiленген мерзiмде табыс етіледi,
Тармақ 5
5. Акциздi, ағымдағы төлемдердi қоса алғанда, акциз төлеушiнiң заңды тұлғасы тiкелей өзiнiң есеп шотынан төлейдi немесе құрылымдық бөлiмшеге жүктейдi.
Тармақ 6
6. Осы баппен белгiленген тәртiп өз тiркеу орны бойынша емес осы Кодекстiң 280-бабының 2-тармағында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер акциз төлеген жағдайда да қолданылады.
Бап 282. 282-бап. Салық кезеңi
282-бап. Салық кезеңi Күнтiзбелiк ай акцизге қатысты салық кезеңi болып табылады.
Бап 283. 283-бап. Салық декларациясы
283-бап. Салық декларациясы
Тармақ 1
1. Әрбiр салық кезеңi аяқталған соң салық төлеушi акциз бойынша декларацияны өзi тiркелген орын бойынша аумақтық салық органына табыс етуге мiндетті.
Тармақ 2
2. Осы Кодекстiң 280-бабының 2-тармағында аталған акциз төлеушiлер декларациямен қатар құрылымдық бөлiмшелер үшiн акциз бойынша есеп табыс етедi.
Тармақ 3
3. Құрылымдық бөлiмшелер үшiн акциз бойынша декларация және есеп салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрілмей табыс етіледi.
Тарау 44. 44-ТАРАУ. АКЦИЗДЕЛЕТIН ТАУАРЛАРДЫҢ ИМПОРТЫНА САЛЫҚ САЛУ
44-ТАРАУ. АКЦИЗДЕЛЕТIН ТАУАРЛАРДЫҢ ИМПОРТЫНА САЛЫҚ САЛУ
Бап 284. 284-бап. Импортталатын акцизделген тауарлардың салық базасы
284-бап. Импортталатын акцизделген тауарлардың салық базасы
Тармақ 1
1. Қатаң акциз ставкасы белгіленген акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттау кезiнде салық базасы импортталатын акцизделетiн тауарлардың заттай түрдегi көлемi ретiнде анықталады.
Тармақ 2
2. Адвалорлық акциз ставкасы белгiленген акцизделетiн тауарларды импорттау кезiнде салық салынатын база импортталатын акцизделетiн тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгiленген кедендiк құны ретiнде анықталады.
Бап 285. 285-бап. Импортталатын акцизделген тауарларға акциз төлеу мерзiмдерi
285-бап. Импортталатын акцизделген тауарларға акциз төлеу мерзiмдерi
Тармақ 1
1. Импортталатын тауарларға акциз, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарында кеден төлемдерiн төлеу үшiн белгiленген күнi төленедi.
Тармақ 2
2. Осы Кодекстiң 548-бабына сәйкес таңбалануға тиiстi импортталатын акцизделетiн тауарларға акциз акциздiк алым маркаларын алғанға дейiн немесе сол күнi төленедi. Осы тармақтың бiрiншi бөлігінде аталған акцизделетiн тауарларды нақты импорттауды жүзеге асыру кезiнде акциз сомасы нақтылануға тиiс.
Бап 286. 286-бап. Салықтан босатылған акцизделген тауарлардың импорты
286-бап. Салықтан босатылған акцизделген тауарлардың импорты
Тармақ 1
1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен нормалар бойынша импорттайтын акцизделетiн тауарларына акциз төленбейдi.
Тармақ 2
2. Төмендегі импортталатын тауарлар:
Тармақша 1
1) жол бойы бағытында және аралық аялдау пункттерiнде халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарын пайдалану үшiн қажеттi, сондай-ақ апатты (сынып қалуды) жою үшiн шет елде сатып алынған акцизделетiн тауарлар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзгенге дейiн бүлiнуi салдарынан бұйым және материал ретiнде пайдалануға жарамсыз болып қалған тауарлар;
Тармақша 3
3) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк техникалық қызметкерлерінің, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң жеке пайдалануы үшiн әкелiнген және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өткiзiлетiн, "Еркiн айналым үшiн тауарлар шығару" режимiн қоспағанда Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгiленген кеден режимi шеңберiнде салықтан босатылатын тауарлар;
Тармақша 5
5) 0,1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дәрiлiк құрал ретiнде тiркелген, құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiм (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.
Бөлім 9. 9-БӨЛIМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ
9-БӨЛIМ. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ
Тарау 45. 45-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
45-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 287. 287-бап. Осы бөлiмде қолданылатын терминдер мен ұғымдар
287-бап. Осы бөлiмде қолданылатын терминдер мен ұғымдар
Тармақ 1
1. Коммерциялық анықтау - келiсiм-шарттық аумақта өндiруге экономикалық тиiмдi бiр немесе бiрнеше кен орындарын табу.
Тармақ 2
2. Салық сараптамасы - құзыреттi орган жасайтын, келiсiм-шартты талдау мен бағалау, оған толықтырулар мен өзгерiстер енетiн, салық режимiн, соның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнайы төлемдер мен салықтар белгілеудi айқындау мақсатында жүргiзiлетiн мiндеттi сараптама.
Тармақ 3
3. Салық режимi - осы Кодексте белгiленген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша барлық салық мiндеттемелерiн есептеу кезiндегi салық төлеушілерге қолданылатын салық заңдары нормаларының жиынтығы.
Бап 288. 288-бап. Осы бөлiмде реттелетiн қатынастар
288-бап. Осы бөлiмде реттелетiн қатынастар Осы бөлiм жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттары барысында туындайтын салық қатынастары ерекшелерiн айқындайды және есептеу мен төлеу тәртiбiн белгiлейдi:
Тармақ 1
1. үстеме пайда салығы;
Тармақ 2
2. жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi:
Тармақша 1
1) бонустардың:
Тармақша а
а) қол қойылатыны;
Тармақша б
б) коммерциялық табуы;
Тармақша 2
2) роялтиi;
Тармақша 3
3) өнiмдi бөлуi бойынша Қазақстан Республикасының үлесi.
Бап 289. 289-бап. Төлеушiлер
289-бап. Төлеушiлер Мемлекет меншiгiндегi техногендiк минералды құралымдардан пайдалы қазбаларды алуды қоса алғанда, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар үстеме пайдаға салынатын салық пен жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерiн төлеушiлер болып табылады.
Бап 290. 290-бап. Жер қойнауын пайдаланушыларға жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға дейiн салық салу
290-бап. Жер қойнауын пайдаланушыларға жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға дейiн салық салу Пайдалы қазбаларды өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасамастан жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттiң кiрiсiне Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде роялти түрiндегi аударым жасайды. Бұл орайда салық салу объектiсi мен осы аударымды төлеу мерзiмдерiн белгiлеу осы Кодексте роялти төлеу үшiн белгіленген тәртiппен жүргiзіледi.
Бап 291. 291-бап. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм- шарттарда салық режимiн белгiлеу
291-бап. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм- шарттарда салық режимiн белгiлеу
Тармақ 1
1. Жер қойнауын пайдаланушы үшiн белгiленетiн салық режимi тек қана Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілеген тәртiппен жасалатын жер қойнауын пайдалануға жасалатын келiсiм-шартта айқындалады. Жер қойнауын пайдаланушылардың қызметiмен байланысты жер қойнауын пайдаланушылармен салық және бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемдердiң төлеуiн реттейтiн мәселелердi басқа актiлерге енгiзуiне тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Келiсiм-шартта белгiленген салық режимi заңды және жеке тұлғалардың салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің төлеуiн реттейтін, келiсiм-шартқа қол қойылған (жасалған) күнi қолданылып жүрген салық заңдарының ережелерiне сәйкес келуi тиiс.
Тармақ 3
3. Салық заңдары салық сараптамасын өткiзген күннен бастап және келiсiм-шартқа қол қойған күн аралығында өзгертiлген жағдайда, салық режимi қайталама салық сараптамасын өткiзумен осы өзгертулерге сәйкес келтiрілуi тиiс.
Тармақ 4
4. Жер қойнауын пайдалануға бұрын жасалған келiсiм-шартты орындау үшiн сол жер қойнауын пайдаланушымен немесе оның құқықтық мұрагерiмен жаңа келiсiм-шарт жасалған жағдайда бұрынғы келiсiм-шарттың салық режимi жер қойнауының сол учаскесiнде жер қойнауын пайдалануға жасалатын болашақтағы келiсiм-шартта көзделiп отырған салық режимiн iшiнара не толық көшіру шегiнде сол жер қойнауы учаскесiнде ғана қолданылады.
Тармақ 5
5. Құрамында ұйымдар мен мекемелер бiр келiсiм-шарт бойынша қызмет iстейтiн жер қойнауын пайдаланушы салық салу мақсатында бiртұтас салық төлеушi болып табылады, ол осы келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жеке есеп жүргiзуге және келiсiм-шартта белгiленген салықтар мен төлемдердi төлеуге мiндеттi.
Тармақ 6
6. Жер қойнауын пайдаланушылар келiсiм-шартта көзделiп отырған салық режимiне сәйкес салық мiндеттемелерiн есептеу және осы келiсiм-шарт шеңберiнен тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн жеке есеп жүргізуге мiндеттi. Бұл ереже жалпыға тараған пайдалы қазбалар және (немесе) жер асты суларын өндiру жөнiндегi келiсiм-шарттарға қолданылмайды.
Тармақ 7
7. Жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шартта көрсетiлмеген ілеспе пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта өндiрген жағдайда олар бойынша осы Кодекстiң 290-бабында белгiленген тәртiппен төлем жүргiзедi.
Бап 292. 292-бап. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттардың салық режимiнiң үлгiлерi
292-бап. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттардың салық режимiнiң үлгiлерi
Тармақ 1
1. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу келiсiм-шарттардың негiзгi түрлерiне қарай екi үлгiге бөлiнедi:
Тармақша 1
1) бiрiншi үлгi жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте белгіленген салықтар мен басқа да төлемдердiң барлық түрiн төлеуiн көздейдi;
Тармақша 2
2) екiншi үлгi жер қойнауын пайдаланушының өнiмдi бөлiсу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн, осы Кодекспен көзделген барлық салық түрлерi мен басқа да мiндеттi төлемдердi, мыналардан басқасын: өңделмеген мұнай мен басқа да пайдалы қазбаларға акциздi; үстеме пайдаға салынатын салықты; жер салығын; мүлiк салығын төлеуiн (беруiн) көздейдi.
Тармақ 2
2. Салық режимiнiң бiрiншi үлгiсi салық режимiнiң екiншi үлгісi белгіленетiн өнiмдердi бөлу туралы келiсiм-шарттардан (келiсiмдерден) басқа барлық келiсiм-шарттарға қолданылады.
Тармақ 3
3. Өнiмдердi бөлу туралы келiсiм-шарттар (келiсiмдер) бойынша өнiмнiң бөлiнуi жөнiнде Қазақстан Республикасының алатын үлесi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң көзi болып табылады және тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңда белгіленген мөлшерде тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне түседi.
Тармақ 4
4. Салық режимiнiң екiншi үлгiсi бойынша келiсiм-шарттарда (келiсiмдерде) көзделген жер қойнауын пайдаланушының салық мiндеттемесiнiң деңгейi, бiрiншi үлгiсiнен кем болмауы тиiс.
Бап 293. 293-бап. Жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға қатысы жоқ операциялар бойынша салық режимi
293-бап. Жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға қатысы жоқ операциялар бойынша салық режимi Жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын, қызмет бойынша төленетiн төлемдер жер қойнауын пайдаланушыны келiсiм-шарт шеңберiнен тыс жалпы негiзде қызметтi жүзеге асырғаны үшiн осы Кодексте белгiленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу мiндеттемесiнен босатпайды.
Бап 294. 294-бап. Салық режимiнiң тұрақтылығы
294-бап. Салық режимiнiң тұрақтылығы
Тармақ 1
1. Мiндеттi салық сараптамасынан өткен жер қойнауын пайдалану келiсiм-шартында белгiленген салық режимi салық режимiне өзгерiс келiсiм-шарт тараптарының келiсiмi бойынша енгiзілiп, Қазақстан Республикасы мен келiсiм-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының алғашқы экономикалық мүдделерiнiң ара қатынасын өзгерiске ұшыратпайтын жағдайларды қоспағанда, осы келісім-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн өзгерiссiз қолданылады.
Тармақ 2
2. Келiсiм-шартта көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң кейбiр түрлерi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағында айқындалған тәртiпте келiсiм-шартқа тиiстi өзгерiстер енгізiлгенге дейiн келiсiм-шартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде оларды бюджетке төлейдi.
Бап 295. 295-бап. Салық сараптамасы
295-бап. Салық сараптамасы
Тармақ 1
1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi барлық келiсiм-шарттарға қол қойылғанға дейiн олар Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілеген тәртiппен және мерзiмде уәкілеттi мемлекеттiк органда мiндеттi салық сараптамасынан өтуге тиiс. Бұл ереже бұрын жасалған келiсiм-шарттарға енгізілген өзгерiстер мен толықтыруларға да қолданылады.
Тармақ 2
2. Салық сараптамасының нәтижесi бойынша белгiленген салық режимi келiсiм-шарттың түпкілікті мәтiнiне мiндеттi түрде ешбiр өзгерiссiз және түзетусiз енгiзiлуі тиiс.
Тарау 46. 46-ТАРАУ. БОНУСТАР
46-ТАРАУ. БОНУСТАР
Бап 296. 296-бап. Бонустар туралы жалпы ережелер
296-бап. Бонустар туралы жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi болып табылады және жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарттар белгiленген мөлшер және тәртiппен ақшалай түрде төленедi.
Тармақ 2
2. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдаланудың жеке жағдайларын ескере отырып, бонустардың мынадай түрлерiн төлейдi:
Тармақша 1
1) қол қойылатын бонус;
Тармақша 2
2) коммерциялық табу бонусы. Жасалатын келiсiм-шарттың техникалық-экономикалық есептерiне сәйкес бонустардың бiр немесе екi түрi де қолданылуы мүмкiн.
Тармақ 1. 1. Қол қойылатын бонус
1. Қол қойылатын бонус
Бап 297. 297-бап. Қол қойылатын бонусты белгілеу тәртiбi
297-бап. Қол қойылатын бонусты белгілеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқық үшiн бiр жолғы тiркелген төлемi болып табылады және келiсiм-шарт жасалған кезде белгiленедi.
Тармақ 2
2. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілейдi.
Тармақ 3
3. Қол қойылатын бонустың түпкiлiктi мөлшерi жер қойнауын пайдалану үшiн берiлетiн кен орнының (аумақтың) экономикалық құндылығы есепке алынып, бiрақ бастапқы мөлшерден төмен емес болып келiсiм-шартта белгiленедi.
Бап 298. 298-бап. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмi
298-бап. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмi Қол қойылатын бонус келiсiм-шартпен белгiленген мерзiмде, бiрақ келiсiм-шарт күшiне енгізiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей бюджетке төленуге тиiс.
Бап 299. 299-бап. Салық декларациясы
299-бап. Салық декларациясы Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус бойынша салық декларациясын тiркелген орны бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгі айдың он бесiне дейiн тапсырады.
Тармақ 2. 2. Коммерциялық табу бонусы
2. Коммерциялық табу бонусы
Бап 300. 300-бап. Коммерциялық табу бонусын белгілеу тәртiбi
300-бап. Коммерциялық табу бонусын белгілеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Коммерциялық табу бонусы осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайлардан басқа жағдайларда жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шартта белгіленетiн және жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шарт аумағындағы әрбiр коммерциялық табу үшiн, оның iшiнде кен орнын қосымша барлау жүргiзу кезiнде бастапқы анықталған алынатын қорды арттыруға қол жеткiзетiн пайдалы қазбалар тапқаны үшiн төленетiн тiркелген төлем болып табылады.
Тармақ 2
2. Олардың келесi пайдасы көзделмеген, пайдалы қазбалар кен орнына барлау жүргiзуге жасалған келiсiм-шарттары бойынша коммерциялық табу бонусы белгіленбейдi.
Бап 301. 301-бап. Коммерциялық табу бонусының мөлшерi
301-бап. Коммерциялық табу бонусының мөлшерi Коммерциялық табу бонусының мөлшері салық салу объектісі, салық базасы және салық ставкасының жағдайларын негізге ала отырып айқындалады. Коммерциялық табу бонусының мөлшерін есептеу үшін:
Тармақша 1
1) салық салу объектiсi кен көзiнен алынатын пайдалы қазба қорлардың осы мақсатқа уәкiлеттi мемлекеттiк органмен бекiтiлген көлемi болып табылады;
Тармақша 2
2) салық базасы пайдалы қазба алынатын қордың бекiтiлген көлем құны болып табылады. Алынатын қордың құны осы пайдалы қазбаның төлемiн жүзеге асыратын күнгi биржалық бағасын негiзге алып анықталады.
Тармақша 3
3) салық ставкасы коммерциялық табуға сәйкес пайдалы қазба алынатын қордың бекiтiлген құнынан процент түрiнде белгiленедi, жер қойнауын пайдалануды жүзеге асырудың жеке жағдайларын негiзге ала отырып, жер қойнауын пайдаланудың әр келiсiм-шартта 0,1 процентiнен кем болмауы керек.
Бап 302. 302-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiмi
302-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiмi Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiмi келiсiм-шартпен белгіленедi.
Бап 303. 303-бап. Салық декларациясы
303-бап. Салық декларациясы Коммерциялық табу бонусы бойынша декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жер бойынша аумақтық салық органына айдың он бесiншi күнiне дейiн, оны төлеу мерзiмi басталғаннан кейiнгі айынан кешiктiрмей ұсынылады.
Тарау 47. 47-ТАРАУ. РОЯЛТИ
47-ТАРАУ. РОЯЛТИ
Бап 304. 304-бап. Роялти туралы жалпы ережелер
304-бап. Роялти туралы жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жер қойнауын пайдаланушылар роялтидi Қазақстан Республикасының аумағында өндiрілетiн пайдалы қазбалардың әр түрi бойынша, оның сырттан келген сатып алушыға өткiзiлгенiне (жөнелтiлгенiне) немесе өз қажетiне жұмсалғанына қарамастан, жеке-жеке төлейдi.
Тармақ 2
2. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шартта белгiленген роялти, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақшалай түрде төленедi.
Тармақ 3
3. Келiсiм-шарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында роялтидi ақшалай төлеу түрi осы Кодекстiң құзыреттi органмен қосымша келiсiмде белгіленген тәртiппен заттай нысанмен де ауыстырылуы мүмкiн.
Бап 305. 305-бап. Төлеушілер
305-бап. Төлеушілер Мемлекет меншiгіндегі техногендiк минералды құралымдарды алуды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар, есептi кезеңде оның өткiзiлген-өткiзiлмегенiне қарамастан, роялти төлеушiлер болып табылады.
Бап 306. 306-бап. Роялти белгілеу тәртiбi
306-бап. Роялти белгілеу тәртiбi Роялти мөлшерi салық салу объектi, салық базасы және салық ставкасының жағдайларын негiзге ала отырып айқындалады. Роялти мөлшерiн есептеу үшiн:
Тармақша 1
1) өндiрiлген пайдалы қазбалардың көлемi немесе осы бөлiмнiң 307-бабында белгiленген нақты өндiрілген пайдалы қазбалардан алынған бiрiншi тауарлық өнiм салық салу объектiсi болып табылады. Бұл ретте, бiрiншi тауарлық өнiм:
Тармақша а
а) өзi пайдалы қазба болатындар: мұнай, табиғи газ және газ конденсаты; көмiр және жанғыш тақта тастар; тауарлық рудалар; жерасты сулары, оның iшiнде бастапқы өңдеуден өткен; слюда, асбест, құрылыс материалдарын өндiруге арналған шикiзат; металлургия үшiн рудалық емес шикiзат;
Тармақша б
б) бағалы металдар, құмдағы, рудадағы, концентраттағы немесе металдағы химиялық таза металл;
Тармақша в
в) қара, түстi, сирек кездесетiн және радиоактивтi металдардың, тау-химия шикiзатының концентраттары;
Тармақша г
г) асыл тастар бастапқы өңдеуден өткен жарқырауық тас және пьезооптикалық шикiзат;
Тармақша д
д) басқа пайдалы қазбалар бойынша - бастапқы өңдеуден өткен минералдық шикiзат болуы мүмкiн.
Тармақша 2
2) осы бөлiмнiң 308-бабына сәйкес анықталған пайдалы қазбалардың құны салық базасы болып табылады;
Тармақша 3
3) салық ставкасы кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын қоспағанда, пайдалы қазбалардың барлық түрi бойынша белгiленедi. Бұл орайда пайдалы қазбалардың барлық түрi бойынша роялтидiң ең төменгi ставкасы 0,5 проценттен кем болмауға тиiс. Көмiрсутектерiн өндiруге жасалған келiсiм-шарттарда роялти өндiру көлемiне қарай белгілі бiр процент ретiнде сырғымалы шәкіл бойынша белгіленедi. Бұл ретте, төмендегi екi әдiстiң: келiсiм-шартта көзделген бүкiл қызмет ету кезеңiнде өндiрiлген көмiрсутектiң жинақталған көлемiнен; келiсiм-шарт бойынша қызмет еткен әрбiр жекелеген жыл үшiн жинақталған өнiм деңгейiнiң бiрi қолданылады. Қатты пайдалы қазбалар, оның iшiнде алтын, күмiс пен платина және басқа бағалы металдар мен асыл тастар өндiруге жасалған келiсiм-шарт бойынша роялти ставкалары келiсiм-шарт қолданылатын бүкiл кезеңге кесiмдi процент түрiнде белгiленедi. Көпшілікке тараған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялти ставкалары осы бөлiмнiң 309-бабына сәйкес белгiленедi.
Бап 307. 307-бап. Роялти алынатын объект
307-бап. Роялти алынатын объект Өндiрiлген пайдалы қазбалардың құны немесе нақты өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған бiрiншi тауарлық өнiм пайдалы қазбалардың барлық түрi бойынша роялти алынатын объект болып табылады.
Бап 308. 308-бап. Пайдалы қазбалардың құнын белгілеу тәртiбi
308-бап. Пайдалы қазбалардың құнын белгілеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Роялтидi есептеп шығару мақсатында жер қойнауын пайдаланушы есептi кезеңде өндiрген алтынды, күмiстi және платинаны қоспағанда, пайдалы қазбалардың, құны өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған бiріншi тауарлық өнiмнiң есептi кезеңдегi орташа өткiзу бағасы негiзге алынып, жанама салықтарды және оларды сату (жөнелту) пунктiне дейiн тасымалдауға кеткен нақты шығындар сомасын есепке алмай анықталады.
Тармақ 2
2. Жер қойнауын пайдаланушы есептi кезеңде өндiрген алтынның, күмiстiң және платинаның құны осы металдардың Лондон металл биржасында есептi кезеңде қалыптасқан орташа бағасын негiзге алып белгiленедi.
Бап 309. 309-бап. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтидің ставкалары
309-бап. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтидің ставкалары
Тармақ 1
1. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялти барлық жер қойнауын пайдаланушылар, оның ішінде пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруге жасалған келісім-шарт бойынша қызмет iстейтiндер үшiн мынадай тiркелген ставкалар бойынша белгiленедi. ____________________________________________________________________ Рет                                                       Роялти саны             Пайдалы қазбаның атауы                  ставкасы, % N ____________________________________________________________________ 1    Металлургияға арналған руда емес шикiзат                    1 2    Қалыпқа салынатын құм, глиноземдi жыныс (далалық шпат,      1
Тармақша пегматит
пегматит), әктас, доломит жыныстар 3    Тамақ өнеркәсiбiне арналған әк тас                          1 4    Басқа руда емес шикiзат                                    3,5 5    Отқа берiк саз балшық, каолин, вермикулит                  3,5 6    Ас тұзы                                                    3,5 7    Жергілікті құрылыс материалдары                            4,5 8    Жанартаулық кеуек жыныстар, құрамында суы бар              4,5 жанартаулық шыны мен шыны тектес жыныстар (перлит,
Тармақша обсидиан
обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипс тасы, ангидрит, гажа, саз балшық және саз балшықты жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз балшық, құмды саз балшық, аргиллит, алевролит, балшықты тақта тастар), бор, мергель (құмды
Тармақша әк
әк), мергельдi-бор жыныстар, кремний жыныстар (трепел, опока, диатомит), кварцтi-дала шпаты жыныстары, шой тас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфозалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыпқа түскеннен басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-дала
Тармақша шпаты
шпаты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас. ___________________________________________________________________ 9    Жер асты сулары                                            10 ___________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Жер қойнауын пайдаланушы көпшiлiкке тараған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтидi осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың сатып алушыларға сатылғанына немесе өз қажеттiлiктерiне пайдаланылғанына қарамастан төлейдi.
Тармақ 3
3. Роялти мынадай жағдайларда төленбейдi:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалар өзiнiң жеке меншiк құқығындағы жер учаскесiнде өндiретiн жерасты сулары бойынша, бұл су сыртқа сатылмаған және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде өндiрiске және технологиялық қажеттiлiктерге жұмсалмаған жағдайда;
Тармақша 2
2) жерасты суларын өзiнiң жеке шаруашылық қажеттіліктерi үшiн өндiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер;
Тармақша 3
3) жер қойнауын пайдаланушылар шығарылған өндiрілген ілеспе жерасты суларын жер қабатының қысымын қалпына келтiру үшiн керi айдағанда.
Бап 310. 310-бап. Төлеу мерзiмдерi
310-бап. Төлеу мерзiмдерi Пайдалы қазбалардың барлық түрi бойынша роялти есептi кезеңнен кейiнгі айдың он бесiнен кешiктiрiлмей төленедi.
Бап 311. 311-бап. Есептi кезең
311-бап. Есептi кезең
Тармақ 1
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, күнтiзбелiк ай роялти төлеу жөнiндегi есептi кезең болып табылады.
Тармақ 2
2. Егер роялти бойынша тоқсан үшiн орташа айлық төлем мөлшерi 1000 айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, онда есептi кезең тоқсан болып табылады.
Бап 312. 312-бап. Сату болмаған кезде салық салу объектiсiн анықтау
312-бап. Сату болмаған кезде салық салу объектiсiн анықтау
Тармақ 1
1. Есептi кезеңде осы Кодекстің 309-бабының 2-тармағында аталғандарды қоспағанда, пайдалы қазбаларды (бiрiншi тауарлық өнiмдi) өткiзу болмаған жағдайда, орташа өткiзу бағасы ретiнде пайдалы қазбаларды (бiрiншi тауарлық өнiмдi) соңғы өткізу болған кезеңнiң орташа өткiзу бағасы алынады.
Тармақ 2
2. Осы Кодекстiң 308-бабының 2-тармағында аталғанды қоспағанда, пайдалы қазбаларды (бiрiншi тауарлық өнiмдi) өткізу толық болмаған жағдайда, есептi кезеңде роялти алу объектiсiн есептеу үшiн орташа өткiзу бағасы ретiнде пайдалы қазбаларды өндiруге жұмсалған нақты шығын қабылданады. Бұл орайда жер қойнауын пайдаланушы бiрiншi тауарлық өнiмінің нақты өткiзу бағасын есепке ала отырып, алғашқы өткізу болған есептi кезеңде есептелген роялти сомасына кейiннен түзету жүргiзуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Кең таралған пайдалы қазбаларды есептi кезеңде өткiзу болмаған немесе оларды толық өз қажеттiлiктерiне жұмсаған жағдайда бiрiншi тауарлық өнiмнiң орташа өткiзу бағасы ретiнде оларды өндiру мен бастапқы өңдеуге жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығынның осы есептi кезеңде нақты қалыптасқан рентабельдiлiк нормасына арттырылған нақты сомасы алынады.
Бап 313. 313-бап. Салық декларациясы
313-бап. Салық декларациясы Жер қойнауын пайдаланушы роялти бойынша декларацияны тіркелген орны бойынша салық органына есептi кезеңнен кейiнгi айдың онына дейiн табыс етедi.
Тарау 48. 48-ТАРАУ. ҮСТЕМЕ ПАЙДАҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
48-ТАРАУ. ҮСТЕМЕ ПАЙДАҒА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
Бап 314. 314-бап. Төлеушiлер
314-бап. Төлеушiлер Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттар (келiсiмдер) және кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндiруге жасалған келiсiм-шарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, осы келiсiм-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындардан басқа жер қойнауын пайдаланушылар үстеме пайдаға салық төлеушiлер болып табылады.
Бап 315. 315-бап. Үстеме пайдаға салық салу объектiсi және оны есептеу тәртiбi
315-бап. Үстеме пайдаға салық салу объектiсi және оны есептеу тәртiбi Жер қойнауын пайдаланушы есептi кезеңдегi әрбiр жекелеген келiсiм-шарт бойынша жиырма проценттен артық пайданың iшкi нормасын алған болса, жер қойнауын пайдаланушының ол бойынша таза табысының сомасы үстеме пайдаға салу объектiсi болып табылады.
Бап 316. 316-бап. Салықты есептеу тәртiбi
316-бап. Салықты есептеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Үстеме пайдаға салынатын салық есептi жылдың аяғында қол жеткен пайданың iшкi нормасының деңгейiн негізге ала отырып, осы Кодекстiң 317-бабында белгіленген ставка бойынша есептеледi.
Тармақ 2
2. Пайданың iшкi нормасы жер қойнауын пайдаланушының төмендегi формула бойынша инфляция индексiне түзетiлген жылдық ақша ағыны негiзiнде есептеледi: ТКҚ (r1) ПIН = -------------------------------  х (r2 - r1), ТКҚ (r1) -  ТКҚ (r2) мұнда: ПIН - пайданың ішкi нормасы; ТКҚ - таза келтiрiндi (ағымдағы) құн - ақша құнының уақыт және дисконттау ставкасына қарай өзгеруiне түзетілген, қолма-қол ақша ағынын негізге алып есептелген, салынған инвестицияның қайтарылым құнының есептi көрсеткiшi; r1 - дисконттау ставкасы (проценттiк ставка), мұнда ПIН ең кiшi оң мәнге (ТКҚ (r1)) тең; r2 - дисконттау ставкасы (проценттiк ставка), мұнда ПIН ең кiшi терiс мәнге (ТКҚ (r2)) тең; Пайданың iшкi нормасының неғұрлым дәл нәтижесiн алу үшiн ТКҚ ең төмен оң және ең төмен терiс мәнге тең болғанда дисконттау ставкасы бiр-бiрiне жақын келуi қажет. Таза келтiрiндi құн (ТКҚ) мына формула бойынша анықталады: ТАА1        ТАА2            ТАА к ТКҚ@ r = --------- + --------- +...+ --------- (1 + r)1    (1 + r)2       (1 + r)3 мұнда: ТКҚ - таза келтiрiндi (ағымдағы) құн; ТАА - түзетiлген қолма-қол ақша ағыны; @ r - ТКҚ ең төмен оң мәнге (ТКҚ (r1)) және терiс мәнге (ТКҚ (r2)) тең болатын дисконттау ставкасы; r - дисконттау ставкасы (проценттiк ставка); 1, 2,... к - уақыт кезеңдерi (жыл).
Тармақ 3
3. Жер қойнауын пайдаланушының жылдық ақша ағыны жиынтық жылдық табыс пен келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша шыққан шығын арасындағы айырма ретiнде белгiленедi.
Тармақ 4
4. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жылдық жиынтық табыс сомасы осы Кодекске сәйкес анықталады.
Тармақ 5
5. Жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарттың қолданылу шеңберiнде есептi жылда жасаған шығынына мына нақты шығындар:
Тармақша 1
1) жер қойнауын пайдалану жөнiндегі операцияларды жүзеге асыру барысында осы Кодекске сәйкес капиталға айналған және амортизацияланған шығындар (ашық кен орындары бойынша жасалған келiсiм-шарттар бойынша бiрiншi жылдың күрделi шығындарына жер қойнауын пайдаланушыға тиесiлi және келiсiм-шарт жасалған күнi бар негізгі қорлардың қалдық құны жатады);
Тармақша 2
2) күрделi шығындар бойынша есептелген амортизация сомасы мен заем қаражаты бойынша сыйақыларды (мүдденi) қоспағанда осы Кодекске сәйкес шегерiмге жататын шығындар;
Тармақша 3
3) осы Кодекске сәйкес есептелген, табыс салығы мен есептi жылға есептелген дивидендке салынған салық сомасы, сондай-ақ есептi жылдың алдындағы жыл үшiн есептелген үстеме пайдаға салынатын салық сомасы жатады.
Тармақ 6
6. Жер қойнауын пайдаланушының жылдық ақша ағынын инфляция деңгейiне түзету жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарт күшiне енген екiншi жылдан бастап мына формула бойынша жүргізiледi: ҚАА (к) ТАА (к) = ------------------------------------, (1 + ИД1)1 х (1+ ИД2)2 х...х (1+ИДк - 1)3 мұндағы: ҚАА - осы баптың 3-тармағына сәйкес есептелген есептi жылдың қолма-қол ақша ағыны; ТАА - инфляция деңгейiне түзетiлген ақша ағыны; ИД - инфляция деңгейi; 1, 2,..к - уақыт кезеңi (жыл).
Тармақ 7
7. Тиiстi жылға арналған инфляция деңгейiн статистика жөнiндегi уәкiлеттi органы белгiлейдi.
Тармақ 8
8. Пайданың ішкi нормасын анықтаудың бұл тәртiбi ақша ағынын инфляция деңгейiне түзетудi есепке алмай, үстеме пайдаға салынатын салықты есептеу, сондай-ақ жобалардың, жасалатын келiсiм-шарттардың техникалық-экономикалық есептеулерi үшiн пайданың iшкi нормасын есептеу кезiнде қолданылады.
Бап 317. 317-бап. Үстеме пайдаға салынатын салық ставкалары
317-бап. Үстеме пайдаға салынатын салық ставкалары
Тармақ 1
1. Үстеме пайдаға салынатын салық ставкалары мынадай мөлшерде белгiленедi: __________________________________________________________________ Пайданың iшкi нормасы (ПIН), %          Үстеме пайдаға салынатын салық ставкасы __________________________________________________________________ 20-ға тең немесе артық                            0 20-дан артық, бiрақ 22-ден кем немесе             4 оған тең 22-ден артық, бiрақ 24-тен кем немесе             8 оған тең 24-тен артық, бiрақ 26-дан кем немесе             12 оған тең 26-дан артық, бiрақ 28-ден кем немесе             18 оған тең 28-ден артық, бiрақ 30-дан кем немесе             24 оған тең 30-дан артық                                      30 __________________________________________________________________
Бап 318. 318-бап. Салық кезеңi
318-бап. Салық кезеңi Үстеме пайда салығы үшiн осы кодекстiң 144-бабында айқындалған салық кезеңi қолданылады.
Бап 319. 319-бап. Салық төлеу мерзiмi
319-бап. Салық төлеу мерзiмi Үстеме пайдаға салынатын салық есептi жылдан кейiнгi жылдың он бесiншi сәуiрiне дейін төленедi.
Бап 320. 320-бап. Салық декларациясы
320-бап. Салық декларациясы Үстеме пайдаға салынатын салық бойынша декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген орны бойынша салық органына есептi жылдан кейiнгi жылдың он бесіншi сәуiрiне дейiн ұсынады.
Тарау 49. 49-ТАРАУ. ӨНIМДI БӨЛУ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ-ШАРТ (КЕЛIСIМ)
49-ТАРАУ. ӨНIМДI БӨЛУ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ-ШАРТ (КЕЛIСIМ)
Бап 321. 321-бап. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттың (келiсiмнiң) негізгi шарттары
321-бап. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттың (келiсiмнiң) негізгi шарттары
Тармақ 1
1. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт (келiсiм) Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланушыға келiсім-шарт аумағында ақылы негiзде пайдалы қазбаларды өндiруге және соның есебiнен осыған байланысты жұмыстар жүргiзуге құқық беретiн шарт болып табылады және онда мынадай шарттар болуға тиiс:
Тармақша 1
1) бөлiнуге тиiс өнiмнiң жалпы көлемi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының үлесiн және жер қойнауын пайдаланушының пайдалы өнiмiн анықтау;
Тармақша 3
3) пайдалы өнiмдi (өтелiм өнiмiн шегерiп тастағаннан кейiн бөлуге жататын өнім) бөлу нысаны (заттай, ақшалай);
Тармақша 4
4) өндiрiлген өнiмнiң келiсiм-шарт (келiсiм) бойынша жұмыстарды орындауға кеткен шығынды өтеу үшiн жер қойнауын пайдаланушының меншiгіне берiлетiн бөлiгiн анықтау (өтем өнiмi);
Тармақша 5
5) өнiмнiң үлесiн ақшалай баламада алған кезде өнiмнiң бағасын белгiлеу және құнын анықтау.
Тармақ 2
2. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеу жөнiндегi есептi кезең күнтiзбелiк ай болып табылады.
Тармақ 3
3. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесiнiң есебiн жер қойнауын пайдаланушы тiркелген орны бойынша аумақтық салық органына есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-ына дейiн табыс етедi.
Тармақ 4
4. Өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi есептi кезеңнен кейінгi айдың 15-іне дейiн төленедi.
Бап 322. 322-бап. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт (келiсiм) жасау кезінде өтелетiн шығындардың құрамы
322-бап. Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт (келiсiм) жасау кезінде өтелетiн шығындардың құрамы
Тармақ 1
1. Өтелетiн шығындар деп жер қойнауын пайдаланушының жұмыс бағдарламасын орындау кезiнде нақты шыққан, негiзделген шығын ұғынылады. Жер қойнауын пайдаланушының өтелетiн шығындарды жабуға жiберiлетiн шектi үлесi әрбiр келiсiм-шарт (келiсiм) бойынша жеке қазылатын кен орнының экономикалық құндылығы ескерiлiп белгiленедi, бiрақ ол жер қойнауын пайдаланушының есептiк салық кезеңiнде алған кiрiсiнiң жалпы көлемiнiң 80%-інен аспауы керек. Өтелетін шығындар келiсiм-шартта (келiсiмде) көзделген тәртiппен бекiтіледi.
Тармақ 2
2. Өтелетiн шығындардың құрамына:
Тармақша 1
1) Жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт (келiсiм) күшiне енгенге дейiн нақты шыққан шығындары: келiсiм-шарт (келiсiм) жасаудың алдындағы кезеңде жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу мен жасауға кеткен шығын; осы жобаға байланысты iздеу, бағалау және барлау жұмыстарына кеткен және келісім-шарт (келiсiм) күшiне енгенге дейiн жұмсалған шығындар.
Тармақша 2
2) Жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт (келісім) күшіне енген күннен бастап және ол қолданылған бүкіл кезең бойынша нақты жұмсаған, осы баптың 3) тармақшасында көрсетілген басқа шығыны.
Тармақша 3
3) Өтем өнiмi есебiнен өтелмейтiн шығындар: жер қойнауын пайдалану құқығына конкурсқа қатысатын үшін жарна төлеу жөніндегі шығындар; геологиялық ақпарат алу жөнiндегi шығын; келiсiм-шартта (келiсiмде) шектеулер белгiленген баптар бойынша, оларды асырып жiберуге қатысты, соның iшiнде әкiмшiлiк шығындар; жер қойнауын пайдаланушыға тиесілі өтем өнімін және пайда өнім үлесін өткізуге байланысты шығындар, бұған осы өнімді жеткізу (бөлу) пунктінен өткізу пунктіне дейін жеткізуге кеткен шығындар, тасымалдау кезіндегі шығын, өнімді жеткiзiлетiн пунктке дейiн тасымалдау кезiнде сақтандыруға кеткен шығындар, комиссиялық және басқа шығындар кiредi; акционерлердің (құрылтайшылардың) талап етуі бойынша қаржы-шаруашылық қызметке жүргiзілген тексеруге (аудитке) байланысты шығындар; жер қойнауын пайдаланушының келiсiммен белгiленген мiндеттемелерiн орындамағанына немесе немқұрайлы орындағанына байланысты туындаған шығындар; экскурсиялар мен саяхаттарға жолдама құнын төлеуге байланысты шығындар; несие үшiн және заем қаражатын пайдаланғаны үшiн процент төлеу; арбитражбен байланысты шеккен шығындар; кез-келген мемлекеттiк органдардың жер қойнауын пайдаланушыдан өндiрiп алатын айыппұлдар, өсiмақылар; келiсiм бойынша қызметке қатысы жоқ басқа да шығындар кiредi.
Тармақ 4
4. Жер қойнауын пайдаланушының өтелетiн шығындары: келiсiм-шарт (келісім) бойынша жасалған немесе сатып алынған мүлiктi жалға бергені үшiн жал ақысын алуға байланысты операциялық кiрiс сомасынан оны алуға байланысты шығындарды шегерiп тастағандағы сомаға; - келiсiм-шарт (келiсiм) шеңберiндегі қызметтен алынған басқа да кiрiс (айыппұл, өсiм, тұрақсыздық төлемi және т.б.) сомасына кемiтiледi.
Бап 323. 323-бап. Өнiмдердi заттай нысанда бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн және роялтидi белгілеу мен төлеу тәртiбi
323-бап. Өнiмдердi заттай нысанда бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн және роялтидi белгілеу мен төлеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Роялтидi заттай нысанда төлеу келiсiм-шартына қосымша келiсiм жасалған жағдайда, оған қол қойылатын сәтке дейiн мiндетті түрде келiсiмнiң құқықтық және салықтық сараптамасы жүргiзіледi.
Тармақ 2
2. Өнiмдi бөлу бойынша роялти мен Қазақстан Республикасының үлесiн заттай нысанда төлеу осы төлемдер үшiн келiсiм-шартта белгiленген төлемнiң ақшалай түрiне баламалы болуға тиiс.
Тармақ 3
3. Өнiмдi бөлу бойынша роялти мен Қазақстан Республикасының үлесiн төлеудiң заттай нысанын белгiлеу кезiнде келiсiмде мiндеттi түрде:
Тармақша 1
1) роялти мен республика үлесiне тиесілi өнiм бөлiгiн мемлекет атынан алатын алушы (бұдан әрi - алушы).
Тармақша 2
2) жеткiзiлу пунктi және жағдайлары мiндеттi түрде көрсетiледi.
Тармақ 4
4. Келiсiмдегi жер қойнауын пайдаланушының роялти мен Қазақстан Республикасының үлесiн төлеу есебіне берілетiн өнiмдi беру мерзiмi жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шартта осы төлемдердi ақшалай түрде төлеу үшiн белгiленген төлеу мерзiмiне сәйкес келуi керек. Бұл орайда жер қойнауын пайдаланушы алушыға өнiмдi келiсiм-шартта (келiсiмде) белгiленген төлеу мерзiмнен кешiктiрмей бередi.
Тармақ 5
5. Алушы келiсiм-шартта (келiсiмге) ақшалай түрде төлеу үшiн белгiленген төлеу мерзiмiнде жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шарт шарттарына сәйкес есептеген ақшалай түрдегi роялти мен Қазақстан Республикасының үлесiн мемлекеттiк бюджетке аударады, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының тиiстi өнiм көлемiн уақтылы және толық беруiне өз бетiмен бақылау жасайды.
Тармақ 6
6. Жер қойнауын пайдаланушы мен алушы салық органына өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша роялти мен Қазақстан Республикасы үлесiнiң заттай нысандағы мөлшерi мен төлеу (беру) мерзiмi туралы есептi келiсiм-шартта белгіленген мерзiмде, мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлейтiн нысанда тапсырады.
Тармақ 7
7. Алушы алынған өнім үшін бюджетке қаражат аударудың мерзімі мен оның толық болуын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады, соның ішінде оған Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген айыппұлдар қолданылады.
Бөлім 10. 10-БӨЛIМ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ
10-БӨЛIМ. ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ
Тарау 50. 50-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
50-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 324. 324-бап. Төлеушілер
324-бап. Төлеушілер
Тармақ 1
1. Әлеуметтiк салық төлеушілер болып табылатындар (бұдан әрi - салық төлеушiлер) мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының резидент - заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
Тармақша 2
2) жеке кәсiпкерлер;
Тармақша 3
3) жеке нотариустар, адвокаттар.
Тармақ 2
2. Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салықты төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Бап 325. 325-бап. Салық салу объектiлерi
325-бап. Салық салу объектiлерi
Тармақ 1
1. Мынадай төлемдердi шегерумен осы Кодекстiң 153-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын кiрiстер түрiндегi жұмыс берушiнiң жұмысшыға төлейтiн шығындары 324 бабының 1 және 2-тармағының 1-тармақшасында көзделген төлеушiлер үшiн салық салу объектiсi болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына қызметкерлердiң мiндеттi зейнетақы жарнасы;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк бюджет қаражатынан және тиістi жылдың республикалық бюджетi туралы заңымен белгiленген ең төменгi еңбекақы мөлшерiндегi гранттар есебiнен жүзеге асырылатын орындалған қоғамдық жұмыстар және кәсiптiк оқытуларға байланысты төлемдер;
Тармақша 3
3) жүктілiк және тууы бойынша әлеуметтiк жәрдем ақы, сондай-ақ бала немесе қыз бала асырап алушы әйелдерге (еркектерге) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мөлшерде берілетiн әлеуметтiк жәрдемақы;
Тармақша 4
4) қызметтiк iссапарлар кезiнде, осы Кодекстiң 100-бабына сәйкес белгiленген мөлшерде берiлетiн өтемақылар;
Тармақша 5
5) қызметкер жұмыс iстеуге ұйымымен бiрге басқа орынға көшкен болмаса ауысқан кезде жол жүруi, мүлiктерiн тасуы және бөлме жалдауы бойынша құжаттармен расталған шығындардың өтемақылары;
Тармақша 6
6) жұмыс берушiнiң ұйымы таратылған немесе қызметi тоқтатылған жағдайлардағы жеке еңбек шартының бұзылуы кезiнде, қызметкерлер штатының қысқартылуы немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған кезде, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;
Тармақша 7
7) өндiрiстiк қызметке байланысты мамандық бойынша жұмысшыларды оқытуға және бiлiктiлiгiн көтеруге бағытталған жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген қаражаттары;
Тармақша 8
8) дала жағдайында геологиялық-барлау топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысушы жұмысшылардың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мөлшердегі далалық азық-түлiктерi;
Тармақша 9
9) жұмыстарды орындау және ауысым аралық демалыс үшiн жағдай жасаумен өндiрiс объектiсiнде тұрған кезеңде вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн тұлғаларды тiршілiк әрекетпен қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй жалдау жөнiндегi жұмыс берушiнiң шығындары, жұмысшыларды жұмыс орынына дейiн және керi қарай тасуға байланысты шығындар;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерінде күнделiктi жұмыс жолын байлаған немесе тарау сипаты болса, не қызмет көрсететiн учаскелер шегiнде қызметтiк жолсапарларға байланысты ақы төлеу;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнайы тіктірілген киімнің, арнайы аяқкиім мен басқа да жеке қорғану құралдарының және алғашқы медициналық көмектің, сабынның, зарарсыздандыратын құралдардың, сүт немесе басқа да тең бағалы азық-түліктер;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде қызметкерге еңбек міндеттерін орындау кезінде мертігуіне немесе денсаулығына зақым келуіне байланысты келтірілген зиянды өтеу (жоғалтқан табысы бөлігінде өтеуден басқа);
Тармақша 13
13) еңбек (қызмет) міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өміріне және денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігіндегі міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру өтемдері;
Тармақша 14
14) әскери қызметшілердің мерзімдік әскери қызметтен (оқудан) өтетін жері бойынша, не оқу немесе тексеру жиындарында болған жері бойынша алатын тәулікақының барлық түрлері;
Тармақша 15
15) 30 еселік айлық есептік көрсеткіш шегінде қызметкерлерге босану кезінде медициналық қызмет көрсету ақысына (косметологиялықтан басқа), жерлеуге берілетін жылына бір реттен артпайтын материалдық көмек;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ядролық сынақ алаңындағы ядролық сынақтардың немесе экологиялық апаттың зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік қорғау жөніндегі жеңілдіктерді төлеу;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген көлемде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін еңбек төлемдерінен басқа, мекен-жайлық әлеуметтік көмектерді, өтемақыларды және жәрдемақы төлеу;
Тармақша 18
18) мемлекеттер, мемлекет үкіметтері мен халықаралық ұйымдар тараптары бойынша берілген гранттар есебінен төлеу; берілген арнайы киім-кешек, арнайы аяқкиім, жеке бастың қорғаныс және алғашқы жедел жәрдем құралдары, сабын, жұқпасыздандыру құралдары, сүт немесе басқа да емдік-профилактикалық тағам үшін тең бағалы тамақ өнімдерінің құны Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде төленеді;
Тармақша 19
19) спорт жарыстарындағы жүлделі орындар үшін берген ақшалай сыйлықтарға;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған стипендиялар, мемлекеттік сыйлықтар.
Тармақ 2
2. Осы кодекстің 324-бабы 1-тармағының 2 және 3-тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер үшін салық төлеушілердің өздерін қоса алғанда, қызметкерлердің саны әлеуметтік салық салу объектісі болып табылады.
Бап 326. 326-бап. Салық ставкалары
326-бап. Салық ставкалары
Тармақ 1
1. Тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ резидент еместер 22 проценттік ставкалар бойынша әлеуметтік салық төлейді.
Тармақ 2
2. Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар әрбір қызметкер үшін 2 айлық есептік көрсеткіш және 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік салық төлейді.
Тарау 51. 51-ТАРАУ. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
51-ТАРАУ. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
Бап 327. 327-бап. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі
327-бап. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік салықты есептеу осы Кодекстің 325-бабына сәйкес айқындалған әлеуметтік салық салу объектісінің 326-бабында белгіленген ставкаларды қолдану жолымен ай сайын жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Арнайы салық режимін қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер әлеуметтік салықты осы Кодекстің 378-405-баптарымен белгіленген тәртіппен төленеді.
Бап 328. 328-бап. Әлеуметтік салықты төлеу
328-бап. Әлеуметтік салықты төлеу
Тармақ 1
1. Әлеуметтік салық бюджетке есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей төленеді.
Тармақ 2
2. Құрылымдық бөлімшелері бар әлеуметтік салық төлеушілер осы Кодекстің 330-бабында белгіленген тәртіп бойынша әлеуметтік салық төлейді.
Тармақ 3
3. Арнайы салық режимін қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер әлеуметтік салықты осы Кодекстің 14-Бөлімінде белгіленген тәртіппен төленеді.
Бап 329. 329-бап. Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік салықты төлеу ерекшеліктері
329-бап. Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік салықты төлеу ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мекемелердің салық кезеңі үшін әлеуметтік салық сомасы жүкті болуына және тууына байланысты, сондай-ақ ұл не қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) және жұмысқа уақытша жарамсыздығына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына кемітіледі.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген төленген әлеуметтік жәрдемақылар есепті айға кезеңінде есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып түссе, асып түскен сома келесі айда ескеріледі.
Бап 330. 330-бап. Құрылымдық бөлімшелер бойынша салықты есептеу және төлеу тәртібі
330-бап. Құрылымдық бөлімшелер бойынша салықты есептеу және төлеу тәртібі
Тармақ 1
1. Құрылымдық бөлімшелер бойынша төленуге тиіс әлеуметтік салық сомасы құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің кірісі бойынша әлеуметтік салығының есептелген үлес салмағын негізге алып есептеледі.
Тармақ 2
2. Заңды тұлғалар өздерінің құрылымдық бөлімшелері үшін әлеуметтік салық төлеуді, олардың тұрған жері бойынша тиісті бюджеттерге немесе Астана, Алматы қалаларының, облыстар бюджеттерінің тиісті бюджеттеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тарау 52. 52-ТАРАУ. САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
52-ТАРАУ. САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
Бап 331. 331-бап. Әлеуметтік салық жөнінде декларация және құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есебі
331-бап. Әлеуметтік салық жөнінде декларация және құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есебі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік салық жөніндегі декларация салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі келетін тоқсан сайын айдың 15-інен кешіктірілмей өткізіледі.
Тармақ 2
2. Арнайы салық режимін қолданушы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер әлеуметтік салық жөніндегі декларациясын осы Кодекстің 378-405-баптарында белгіленген тәртіппен ұсынады.
Тармақ 3
3. Құрылымдық бөлімшелері бар салық төлеушілер әлеуметтік салық жөніндегі декларациясын тапсыру үшін өздерінің тіркеу орындары бойынша салық органдарына құрылымдық бөлімше бойынша әлеуметтік салық жөніндегі есебін және құрылымдық бөлімшелердің тіркелген орны бойынша салық органдарына есептеме көшірмесін белгіленген мерзімнен кешіктірмей өткізуге міндетті. Құрылымдық бөлімшелері үшін әлеуметтік салықты Астана, Алматы қалаларының немесе облыстар бюджеттеріне сәйкес төлегенде есептеме көшірмесі Астана, Алматы қалаларының салық органдарына не облыс салық органдарына ұсынылады. Есептеме көшірмесі салық төлеушілерді тіркеу орындары бойынша салық органдарымен куәландырылуы тиіс.
Бөлім 11. 11-БӨЛІМ. ЖЕР САЛЫҒЫ
11-БӨЛІМ. ЖЕР САЛЫҒЫ
Тарау 53. 53-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
53-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 332. 332-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар
332-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы бөлімде қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
Тармақ 1
1. Жерді екінші рет пайдаланушы - жерді бірінші пайдаланушыдан өзінде осы мәртебені қалдырған жерді екінші рет пайдалану туралы келісім-шарт негізінде жерді уақытша пайдалануға құқық алған тұлға. Жер учаскелеріне жерді пайдаланушылардың құқығы Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарымен белгіленеді.
Тармақ 2
2. Коммерциялық мақсатта пайдаланылатын жерлерге, автотұраққа, автомобильдерге май құю станциясына, сондай-ақ бөлшек сауда жасау, қоғамдық тамақтану және базарларға бөлiнген жерлер жатады.
Тармақ 3
3. Жердi бiрiншi рет пайдаланушы - жердi пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарымен бекiтiлген тәртiпте тiкелей мемлекеттен, болмаса осы құқықты оқшаулау тәртiбiмен басқа бiрiншi рет жердi пайдаланушылардан алған тұлға.
Тармақ 4
4. Үй маңындағы жер учаскесi болып тұрғын үй қорымен орын алмаған елдi мекен жерлерiне, соның iшiнде олардағы құрылыстар мен ғимараттарға қатысты жер учаскесінің бөлiгi есептеледi.
Бап 333. 333-бап. Жалпы ережелер
333-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың бiртұтас арналуы мен тиiстілiгiне қарай мынадай санаттармен қаралады:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығына арналған жерлер;
Тармақша 2
2) елдi мекен жерлерi;
Тармақша 3
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер (бұдан әрi - өнеркәсiп жерлерi);
Тармақша 4
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi;
Тармақша 5
5) орман қоры жерлерi;
Тармақша 6
6) су қоры жерлерi;
Тармақша 7
7) қосалқы жерлер. Жердiң ол немесе басқа санаттарға жататындығын Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарымен белгіленедi.
Тармақ 2
2. Елдi мекен жерлерi салық салу мақсаты үшiн екi топқа бөлiнген:
Тармақша 1
1) оларды ұстау үшiн қажеттi адам тұрмайтын құрылыстар, ғимараттар, учаскелер, сондай-ақ тазалық-қорғау аймағы объектiлерi, техникалық және басқа да аймақтар орын алған жерлер;
Тармақша 2
2) олардың құрылыстары мен ғимараттарын қоса алғанда тұрғын үй қорлары орын алған жерлер.
Тармақ 3
3. Мынадай санаттағы жерлер салық салуға жатпайды:
Тармақша 1
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жерлерi;
Тармақша 2
2) орман қорының жерлерi;
Тармақша 3
3) су қорының жерлерi;
Тармақша 4
4) босалқы жерлер. Көзделген жерлердi (босалқы жерлердi есептемегенде) тұрақты жер пайдалануға немесе алғашқы қайтарымсыз уақытша жер пайдалануға берген жағдайда, олар осы Кодекстiң 346-бабында белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.
Тармақ 4
4. Жер салығының көлемi жер иеленушiлердiң және жердi пайдаланушылардың шаруашылық қызметi нәтижелерiне тәуелдi емес.
Тармақ 5
5. Жер салығы үшiн негiз болып табылатындар:
Тармақша 1
1) меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, қайтарымсыз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжат;
Тармақша 2
2) әр жылдың 1 қаңтарына дейiнгi жағдайы бойынша жер ресурстары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган ұсынған жерлердi есепке алудың мемлекеттiк саны және сапасының деректерi;
Тармақша 3
3) жер учаскесiн иемдену және пайдалану бойынша нақты сату құқығы.
Бап 334. 334-бап. Төлеушiлер
334-бап. Төлеушiлер
Тармақ 1
1. Мынадай салық салу объектiлерi:
Тармақша 1
1) жеке меншiк құқығы;
Тармақша 2
2) тұрақты жер пайдалану құқығы;
Тармақша 3
3) бастапқы уақытша тегiн жер пайдалану құқығы бар заңды және жеке тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.
Тармақ 2
2. Дербес жер салығын төлеуші болып осы баптың 1-тармағында белгiленген құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалардың (бұдан әрi - заңды тұлғалар) филиалдары, өкiлдiктерi мен басқа да құрылымдық бөлiмшелерi болып табылады;
Тармақ 3
3. Жер салығын төлемейтiн болып:
Тармақша 1
1) бірыңғай жер салығын төлеушілер;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк мекемелер;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық банк, оның филиалдары мен өкілдiктерi;
Тармақша 4
4) жер қойнауын пайдаланушылар салық алудың екінші үлгiсi бойынша жүзеге асуы осы Кодекстiң 292-бабында айқындалған;
Тармақша 5
5) түзеу мекемелерi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылмыстық-түзеу жүйесінің түзеу мекемелерінiң республикалық мемлекеттік кәсіпорындары;
Тармақша 6
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға тең тұлғалар, мүгедектер, ал сондай-ақ бала жасынан мүгедектiктiң бiрiнiң ата-анасы.
Тармақ 4
4. Осы баптың 3-тармағының 2, 3, 5, 6 тармақшаларында аталған жер салығын төлеушiлер жер учаскелерiн немесе олардың бөлiктерiн (онда орналасқан үйлермен, ғимараттармен, құрылыстармен немесе оларсыз) жалға беру немесе өзге де негiздерде қолдану немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезінде, жалпы белгiленген тәртiпте салық төлеушi болып табылады.
Бап 335. 335-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні айқындау
335-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні айқындау
Тармақ 1
1. Егер осы жер телiмдерiн иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда өзгеше көзделмесе, бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi (қолдануындағы) жер телiмi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеушi болып табылады.
Тармақ 2
2. Жер учаскесіне жеке меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы уақытша тегін жер пайдалану құқығы немесе жер учаскесін уақытша жер пайдалану шарттарын куәландыратын мемлекеттік акт болмаған жағдайда, жер учаскесіне қатысты салығын төлеуші ретінде осындай жер учаскесін иелену және пайдалану құқықтарын оның нақты іске асыруы негіз болып табылады.
Бап 336. 336-бап. Салық салу объектiлерi
336-бап. Салық салу объектiлерi
Тармақ 1
1. Жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезінде - жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) елдi мекендердiң ортақ пайдаланудағы жер учаскелерi. Алаңдар, көшелер, жолдар, жағалаулар, парктер, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар мен халықтың мұқтаждарын өтеуге арналған өзге де объектiлер елдi мекендердiң ортақ пайдаланудағы жерлерiне жатады.
Тармақша 2
2) ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары желiсiндегi жер учаскелерi. Ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары желiсiндегi жерлерге жер төсенiштерiндегi, көлiк байламдары, жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол бойындағы резервтер мен жолдар, қызметтiк және жол қызметiнiң тұрғын үй-жайларына қызмет көрсету, қардан қорғау және жасыл желектер сияқты құрылыстар жатады.
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша консервацияланған объектiлердiң жер учаскелерi.
Бап 337. 337-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсін анықтау
337-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсін анықтау
Тармақ 1
1. Темiр жолдар, оқшаулау жолақтары, темiр жол стансалары, вокзалдарды қоса алғанда, темiр жол көлiгi ұйымдары объектiлерiне бөлiнген жер учаскелерi Қазақстан Республикасы темiр жол көлiгi ұйымдарына салық салу объектiсi болып табылады.
Тармақ 2
2. Электр тарту желiлерi, электр тарту желілерi мен бағынысты станциялар тiректерiндегi жер учаскелерiн қоса алғанда, осы ұйымдарға бөлiнген жер учаскелерi, балансында электр тарту желілерi бар ұйымдар салық салу объектiсi болып табылады.
Тармақ 3
3. Мұнай, газ құбырларындағы жер учаскелерiн қоса алғанда, осы ұйымдарға бөлiнген жер учаскелерi, балансында мұнай, газ құбырлары бар, мұнай, газ өндiру, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар салық салу объектiсi болып табылады.
Тармақ 4
4. Байланыс желілерi тiректерiндегi жер учаскелерiн қоса алғанда осы ұйымдарға бөлiнген жер учаскелерi, балансында радиорелелiк, әуе, кабельдік байланыс желiлерi бар байланыс пайдалану ұйымдары салық салу объектiсi болып табылады.
Бап 338. 338-бап. Салық салу базасы
338-бап. Салық салу базасы Жер телiмiнiң аумағы жер салығын анықтау үшiн салық базасы болып табылады.
Тарау 54. 54-ТАРАУ. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ
54-ТАРАУ. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ
Тармақ 1. 1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын салық ставкалары
1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын салық ставкалары
Бап 339. 339-бап. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары
339-бап. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын салық мөлшерлемелерi 1 гектарға есептелiп белгiленедi және топырақтың сапасы бойынша сараланады.
Тармақ 2
2. Жазық аумақтардың далалы және құрғақ далалы аймақтарының кәдiмгi және оңтүстiк қара топырақты, күңгірт-каштан және каштан топырақты, сондай-ақ тау бөктерiндегі аумақтардың күңгірт сұр топырақты (сұр-қоңыр), каштан (қоңыр) және тау бөктерінің қара топырақты жерлерiне бонитет (сапа) баллына пропорционалды де төмендегiдей базалық салық мөлшерлемелерi белгiленедi: ___________________________________________________________________ Бонитет баллы     Базалық салық     Бонитет баллы      Базалық салық ставкасы (теңге)                     ставкасы (теңге) ___________________________________________________________________ 1                  2                3                   4 ___________________________________________________________________ 1                 0,25              51                 22,50 2                 0,35              52                 23,05 3                 0,45              53                 23,60 4                 0,55              54                 24,17 5                 0,65              55                 24,72 6                 0,75              56                 25,27 7                 0,87              57                 25,82 8                 1,00              58                 26,40 9                 1,12              59                 26,95 10                1,25              60                 27,50 ____________________________________________________________________ 11                1,50              61                 30,00 12                1,60              62                 31,40 13                1,70              63                 32,78 14                1,80              64                 34,17 15                1,90              65                 35,55 16                2,00              66                 36,95 17                2,12              67                 38,32 18                2,25              68                 39,72 19                2,37              69                 41,10 20                2,50              70                 42,50 ___________________________________________________________________ 21                2,75              71                 45,00 22                3,00              72                 46,40 23                3,25              73                 47,77 24                3,50              74                 49,17 25                3,75              75                 50,55 26                4,00              76                 51,95 27                4,25              77                 53,32 28                4,50              78                 54,72 29                4,75              79                 56,10 30                5,00              80                 57,50 ___________________________________________________________________ 31                7,50              81                 60,00 32                8,05              82                 61,67 33                8,60              83                 63,32 34                9,37              84                 65,00 ___________________________________________________________________ 35                9,72              85                 66,67 36                10,27             86                 68,32 37                10,82             87                 70,00 38                11,40             88                 71,67 39                11,95             89                 73,32 40                12,50             90                 75,00 ___________________________________________________________________ 41                15,00             91                 77,50 42                15,55             92                 80,00 43                16,10             93                 82,50 44                16,67             94                 85,00 45                17,22             95                 87,50 46                17,77             96                 90,00 47                18,32             97                 92,50 48                18,90             98                 95,00 49                19,45             99                 97,50 50                20,00             100                100 ___________________________________________________________________ 100-ден жоғары     105,00 ___________________________________________________________________
Тармақ 3
3. Шөлейттi, шөлдi және тау етегіндегi шөлдi аумақтардың ашық-каштан, қоңыр, сұр-қоңыр, ашық және кәдiмгi сұр топырақты, сондай-ақ таулы аумақтардың таулы-далалы, таулы-шалғынды-далалы және таулы альпілiк және субальпiлiк топырақты жерлерiне бонитет баллына пропорционалды түрде төмендегiдей базалық салық мөлшерлемелерi белгiленедi: ___________________________________________________________________ Бонитет баллы      Базалық салық     Бонитет баллы    Базалық салық ставкасы (теңге)                     ставкасы (теңге) ___________________________________________________________________ 1                   2               3                   4 ___________________________________________________________________ 1                 0,25              51                 10,25 2                 0,28              52                 10,50 3                 0,30              53                 10,75 4                 0,32              54                 11,00 5                 0,35              55                 11,25 6                 0,38              56                 11,50 7                 0,40              57                 11,75 8                 0,42              58                 12,00 9                 0,45              59                 12,25 10                0,50              60                 12,50 ___________________________________________________________________ 11                0,75              61                 12,75 12                0,95              62                 13,10 13                1,15              63                 13,38 14                1,32              64                 13,70 15                1,52              65                 14,00 16                1,72              66                 14,32 17                1,92              67                 14,62 18                2,10              68                 14,95 19                2,30              69                 15,28 20                2,50              70                 15,58 ___________________________________________________________________ 21                2,75              71                 15,90 22                3,00              72                 16,20 23                3,25              73                 16,52 24                3,50              74                 16,82 25                3,75              75                 17,15 26                4,00              76                 17,45 27                4,25              77                 17,78 28                4,50              78                 18,10 29                4,75              79                 18,40 30                5,00              80                 18,73 ___________________________________________________________________ 31                5,25              81                 19,02 32                5,50              82                 19,35 33                5,75              83                 19,65 34                6,00              84                 19,98 35                6,25              85                 20,30 ___________________________________________________________________ 36                6,50              86                 20,60 37                6,75              87                 20,92 38                7,00              88                 21,22 39                7,25              89                 21,55 40                7,50              90                 21,85 41                7,75              91                 22,18 42                8,00              92                 22,48 43                8,25              93                 22,80 44                8,50              94                 23,12 45                8,75              95                 23,42 46                9,00              96                 23,75 47                9,25              97                 24,03 48                9,50              98                 24,37 49                9,75              99                 24,67 50                10,00             100                25,00 ___________________________________________________________________ 100-ден жоғары     26,00 ___________________________________________________________________
Бап 340. 340-бап. Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығына арналған жерлерге салынатын базалық салық ставкалары
340-бап. Жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығына арналған жерлерге салынатын базалық салық ставкалары Жеке тұлғаларға жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық, бақшашылық және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген жерлерге, соған қоса құрылыс орындары алып жатқан жерлерге базалық салық ставкалар төмендегідей көлемдерде белгіленеді: көлемі 0,50 гектарға дейін болған кезде - 0,01 гектар үшін қоса алғанда 20 теңге; 0,50 гектардан асатын көлем үшін - 0,01 гектар үшін 100 теңге.
Бап 341. 341-бап. Ауыл шаруашылық мақсаттары үшін пайдалануға арналған ауыл шаруашылығы жерлеріне базалық салық ставкалары
341-бап. Ауыл шаруашылық мақсаттары үшін пайдалануға арналған ауыл шаруашылығы жерлеріне базалық салық ставкалары Елді мекендердің, өнеркәсіптің, тасымалдың, байланыстың, ерекше күзетілетін табиғат аумақтарының, орман және су қорының құрамына енетін, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер телімдеріне осы кодекстің 348-бабының 2-тармағының шарттары ескеріліп, 339-бапта белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Тармақ 2. 2. Елді мекендердің жерлеріне салынатын салық ставкалары
2. Елді мекендердің жерлеріне салынатын салық ставкалары
Бап 342. 342-бап. Елді мекендердің жерлеріне (үй маңындағы жер учаскелерінен басқа) салынатын базалық салық ставкалары
342-бап. Елді мекендердің жерлеріне (үй маңындағы жер учаскелерінен басқа) салынатын базалық салық ставкалары
Тармақ 1
1. Елді мекендердің (үй маңындағы жер телімдерінен басқа) жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары көлемінің бір шаршы метріне есептегенде төмендегідей өлшем бойынша белгіленеді: ___________________________________________________________________ Елді           Тұрғын үй емес құрылыстар,       Тұрғын үй қоры, Мекеннің         ғимараттар, оларды ұстап       соған қоса олардың түрі           тұру үшін қажет телімдер,       маңындағы жерлерге сондай-ақ объектілердің          салынатын салық санитарлық-қорғау аймақтары,       мөлшерлемесі техникалық және өзге де             (теңгемен) аймақтар алып жатқан жерлерге салынатын салық мөлшерлемесі (теңгемен) ____________________________________________________________________ 1                       2                            3 ____________________________________________________________________ Қалалар: Алматы                         15,00                         0,5 Астана                         10,00                         0,5 Ақтау                          5,00                          0,3 Ақтөбе                         3,50                          0,3 Атырау                         4,25                          0,3 Тараз                          4,75                          0,3 Қарағанды                      5,00                          0,3 Қызылорда                      4,50                          0,3 Көкшетау                       3,00                          0,3 Қостанай                       3,25                          0,3 Павлодар                       5,00                          0,3 Петропавл                      3,00                          0,3 Орал                           3,00                          0,3 Өскемен                        5,00                          0,3 Шымкент                        4,75                          0,3 Алматы облысы: Облыстық бағыныстағы басқа қалалар                  3,50                          0,2 Аудандық бағыныстағы басқа қалалар                  3,00                          0,2 Ақмола облысы: Облыстық бағыныстағы қалалар                        3,00                          0,2 Аудандық бағыныстағы қалалар                        2,60                          0,2 Облыстық бағыныстағы     Облыс орталығы үшін белгіленген     0,2 басқа қалалар                ставканың 85 проценті Облыс орталығы үшін белгіленген Аудандық бағыныстағы         ставканың 75 проценті           0,1 басқа қалалар                  0,50 0,25 Поселкелер                                                   0,07 Селолар (ауылдар)                                            0,05 ___________________________________________________________________
Бап 343. 343-бап. Yй маңындағы жер учаскелерiне салынатын базалық салық ставкалары
343-бап. Yй маңындағы жер учаскелерiне салынатын базалық салық ставкалары Үй маңындағы жер телiмдерi төмендегiдей базалық салық мөлшерлемелерi бойынша салық салынуға тиiстi:
Тармақша 1
1) Астана, Алматы қалалары үшiн: көлемi 600 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге; көлемi 600 шаршы метрден асатын болса - 1 шаршы метрi үшiн 6,00 теңге;
Тармақша 2
2) облыстық маңызы бар қалалар үшiн: көлемi 1000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге; көлемi 1000 шаршы метрден асатын болса - 1 шаршы метрi үшiн 6,00 теңге;
Тармақша 3
3) қалған елдi мекендер үшiн: көлемi 5000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге; көлемi 5000 шаршы метрден асатын болса - 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңге;
Тармақ 3. 3. Өнеркәсiптiк жерлерге салынатын салық ставкалары
3. Өнеркәсiптiк жерлерге салынатын салық ставкалары
Бап 344. 344-бап. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары
344-бап. Елдi мекендерден тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне салынатын базалық салық ставкалары
Тармақ 1
1. Елдi мекендер шегінде орналасқан өнеркәсiптiк жерлерге (шахталар, карьерлер, олардың санитарлық-техникалық аймақтарын қоса алғанда) салынатын базалық салық ставкалары бiр гектарға есептегенде бонитет (сапа) баллына пропорционалды түрде төмендегiдей өлшемдер бойынша белгіленедi. __________________________________________________________________ Бонитет      Салықтың базалық    Бонитет баллы        Салықтың баллы        салық ставкасы                       базалық салық (теңге)                             ставкасы (теңге) __________________________________________________________________ 1                  2                  3               4 __________________________________________________________________ 0                25,0 1                47,5                51             1365,00 2                70,0                52             1393,90 3                92,5                53             1422,77 4                115,0               54             1451,67 5                137,5               55             1480,55 6                160,0               56             1509,45 7                182,5               57             1538,32 8                205,0               58             1567,22 9                227,5               59             1596,10 10               250,0               60             1625,00 __________________________________________________________________ 11               275,00              61             1652,00 12               306,95              62             1682,77 13               338,90              63             1723,05 14               370,82              64             1743,32 15               402,77              65             1773,60 16               434,72              66             1807,90 17               466,67              67             1834,17 18               498,60              68             1864,45 19               530,55              69             1894,72 20               562,00              70             1925,00 __________________________________________________________________ 21               590,00              71             1953,00 22               616,10              72             1984,27 23               642,15              73             2015,82 24               667,22              74             2047,50 25               694,45              75             2079,17 26               720,55              76             2110,82 27               746,67              77             2142,50 28               772,77              78             2174,17 29               798,90              79             2205,82 30               825,00              80             2238,00 __________________________________________________________________ 31               853,00              81             2265,00 32               877,22              82             2296,67 33               901,95              83             2328,32 34               926,67              84             2360,00 35               951,40              85             2391,67 36               976,10              86             2423,32 37               1000,82             87             2455,00 38               1025,55             88             2486,67 39               1050,27             89             2518,32 40               1075,00             90             2550,00 __________________________________________________________________ 41               1102,00             91             2578,00 42               1128,60             92             2618,90 43               1154,72             93             2660,27 44               1180,82             94             2701,67 45               1206,95             95             2743,05 46               1233,05             96             2784,45 47               1259,18             97             2825,82 48               1285,27             98             2908,60 49               1311,40             99             2950,00 50               1338,00             100 __________________________________________________________________ 100-ден жоғары    3000 __________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес уақытша басқа жердi пайдаланушылар пайдаланатын жерлердi қоспағанда қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жерлерге, осы баптың 1-тармағында белгiленген ставкалар бойынша салық салынуға жатады.
Тармақ 3
3. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген, қорғаныс мұқтажы үшiн уақытша пайдаланылмайтын және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн басқа жердi пайдаланушыларға берiлген жерлер осы Кодекстiң 348-бабының 2-тармағының шарттарын ескере отырып, 339-бапта белгіленген ставкалар бойынша салық салынуға жатады.
Тармақ 4
4. Магистральды темiр жолдар бойындағы орман жасыл желектерi орналасқан темiр жол көлiгi кәсiпорындарының жерлерiне осы Кодекстiң 348-бабы 2-тармағының шарттарын ескере отырып, 339-бапта белгiленген ставкалар бойынша салық салынады.
Бап 345. 345-бап. Елдi-мекендердiң шегiнде орналасқан өнеркәсіп жерлерiне салынатын салық ставкалары
345-бап. Елдi-мекендердiң шегiнде орналасқан өнеркәсіп жерлерiне салынатын салық ставкалары
Тармақ 1
1. Елдi мекендердiң шегiнде орналасқан өнеркәсiптiк жерлерге (шахталарды, карьерлердi және олардың санитарлық-қорғау, техникалық және өзге де аймақтарын қоса алғанда) осы Кодекстiң 348-бабының 2-тармағының шарттарын ескере отырып, 342-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Тармақ 2
2. Елдi мекендердiң шегiнде, бiрақ селитебтi аумақтан тысқары (осы баптың 3-тармағында көрсетiлген жерлердi қоспағанда) жергіліктi өкілдi органдардың шешiмдерiмен орналасқан өнеркәсiптiк жерлерге (шахталарды, карьерлердi және олардың санитарлық-қорғау, техникалық және өзге де аймақтарын қоса алғанда) базалық ставкалар төмендетiлуi мүмкiн. Осы Кодекстiң 348-бабының 2-тармағында белгiленген төмендетудi ескере отырып, көрсетiлген жерлерге салық ставкасын жалпы төмендету базалық ставкасының отыз процентiнен аспауы тиiс.
Тармақ 3
3. Елдi мекендердiң iшiнде орналасқан, әуе алаңдары алып жатқан өнеркәсiп жерлерiне осы Кодекстiң 348-бабының 2-тармағының шарттарын ескере отырып, 344-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салық салынады. Әуе алаңдары алып жатқан жердi қоспағанда, елдi мекендердiң iшiнде орналасқан, әуежайлар алып жатқан өнеркәсiп жерлерiне осы Кодекстiң 348-бабының 2-тармағының шарттарын ескере отырып, 342-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша салық салынады. Әуе алаңы осы Кодекстiң мақсаты үшiн әуе кемелерiнiң ұшу, қону, бұру, тұрақпен қамтамасыз ету және қызмет көрсетуге арналған арнайы жер учаскесi деп түсiндiрiледi.
Тармақ 4. 4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерiне салынатын салық ставкалары
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерiне салынатын салық ставкалары
Бап 346. 346-бап. Ерекше қорғалатын, табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерiне салынатын салық ставкалары
346-бап. Ерекше қорғалатын, табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерiне салынатын салық ставкалары
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының жерлерiне осы Кодекстiң 348-бабының 2-тармағының шарттарын ескере отырып, 339-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша салық салынады.
Тармақ 2
2. Заңды және жеке тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсаттарынан басқа, өзге де мақсаттарға пайдалануға берілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман қоры мен су қорының басқа да объектілері орналасқан жерлеріне осы Кодекстің 348-бабының 2-тармағының шарттарын ескере отырып, 344-бабында белгіленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.
Тармақ 5. 5. Коммерциялық мақсаттарда пайдаланылатын жерлерге салынатын салық ставкалары
5. Коммерциялық мақсаттарда пайдаланылатын жерлерге салынатын салық ставкалары
Бап 347. 347-бап. Коммерциялық мақсаттарда пайдаланылатын жерлерге салынатын салық ставкалары
347-бап. Коммерциялық мақсаттарда пайдаланылатын жерлерге салынатын салық ставкалары
Тармақ 1
1. Коммерциялық мақсаттарда пайдаланылатын елді мекендердің жерлері (базарларға берілген жерлердi қоспағанда) тұрғын үй қоры, оның ішiнде оның жанындағы құрылымдар мен құрылыстар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне осы Кодекстiң 348-бабының 2-тармағының шарттарын ескере отырып, 342-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша 2-ден 10-есеге дейiн ұлғайтып салық салынуға жатады. Коммерциялық мақсаттарда пайдаланылатын басқа санаттағы жерлерге (базарлар оның жанындағы құрылымдар мен құрылыстар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне) тұрғын үй қоры оның iшiнде осы Кодекстiң 348-бабының 2-тармағының шарттарын ескере отырып, 342-бабында белгiленген базалық ставкалар бойынша 2-ден 10-есеге дейiн ұлғайтып салық салуға жатады. Ставкаларды ұлғайтудың нақты мөлшерлерi мен базалық ставкалары салықты есептеу кезiнде қолданылатын елдi мекендi жергіліктi өкiлдi органдар белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Базарлар аумағына бөлiнген елдi мекендердiң жерлерiн, тұрғын үй қоры, оның iшінде оның жанындағы құрылымдар мен құрылыстар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне осы Кодекстiң 348-бабының 2-тармағының шарттарын ескере отырып, 342-бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша 10 есеге ұлғайтып салық салуға жатады. Базалық ставкалары есептеу кезiнде елдi мекендi жергіліктi өкiлдi органдар белгiлейдi. Базарлардың аумағына бөлiнген басқа да санаттағы жерлерге тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылымдар мен құрылыстар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне осы Кодекстiң 348-бабының 2-тармағының шарттарын ескере отырып, 342-бабында жақын елдi мекен үшiн белгiленген 10-есеге ұлғайтылған ставкалар бойынша салық салуға жатады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1, 2-тармақтарында көрсетiлген коэффициенттер салық төлеушi жердi коммерциялық мақсатта iс жүзiнде пайдаланған сәттен бастап қолданылады.
Тармақ 6. 6. Салық ставкаларын түзету
6. Салық ставкаларын түзету
Бап 348. 348-бап. Базалық салық ставкаларын түзету
348-бап. Базалық салық ставкаларын түзету
Тармақ 1
1. Осы Кодекстiң 339, 340, 342, 343, 344-баптарымен белгiленген жер салығының базалық салық ставкаларына Қазақстан Республикасының Yкiметi жыл сайын белгiлейтiн коэффициент қолданылады.
Тармақ 2
2. Жергілiктi өкiлдi органдар 20 проценттен жоғары емес көлемде мынандай санаттар бойынша төмендетуге немесе көтеруге құқылы жерлердің мынадай санаттары бойынша:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жер учаскесiнiң орналасқан жерiне, оның сумен қамтамасыз етiлуiне, шаруашылық жүргiзудiң өндiрiстiк және өзге де жағдайларына байланысты;
Тармақша 2
2) елдi мекендердiң жерлерiне учаскенiң тасымал көздерiне жету мүмкiндiгiне, құрылыстың сәулет-көркем және ландшафтілiк құндылығына, қоршаған ортаның жай-күйiне, микроклиматтық және санитарлық-гигиеналық жағдайларына, аумақтың табиғат күштерiнiң қиратушы әсерлерiне ұшырауына, халыққа мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету орталықтарының дамуына және басқа факторларға байланысты;
Тармақша 3
3) өнеркәсiп жерлерiн учаскенiң орналасқан орнына, коммуникациялардың бар болуына және басқа факторларға байланысты осы Кодекстiң 339, 340, 342, 343, 344-баптарымен белгіленген, бiрақ 20 проценттен аспайтын жер салығының базалық салықтық ставкаларын азайтуға немесе көбейтуге құқылы.
Тармақ 3
3. Мынадай төлеушiлер тиiстi ставкаларға салық есептеген кезде 0,1 коэффициенттi қолданады:
Тармақша 1
1) сауықтыру балалар мекемелерi, мемлекеттiк табиғи қорықтар (биосфераны қоса алғанда), мемлекеттiк табиғи шектелген аймақтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи парктер, мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер, зираттар;
Тармақша 2
2) қызметінің негізгі түрі ормандардың өртке қарсы құрылғысы жөнінде жұмыс жүргізу, өртке қарсы күрес, ормандардың зиянкестерi және ауруларымен, табиғи биологиялық ресурстарын жаңғырту және ормандардың экологиялық әлеуетiн арттыру болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
Тармақша 3
3) балық өсiру-өндiру мақсаттағы мемлекеттiк кәсiпорындары;
Тармақша 4
4) негiзгi қызмет түрi ғылым саласында жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
Тармақша 5
5) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестациялау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорын;
Тармақша 6
6) қызметтiң негiзгi түрi театр-ойын-сауық және (немесе) концерттiк іс-шараларды жүзеге асыру, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау жөнiндегi, әлеуметтiк қорғау мен балаларды, қарттарды және мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру саласында, спорт саласында қызмет көрсету болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
Тармақша 7
7) медициналық қызмет көрсетумен байланысты (косметологиялық қызметтердi қоспағанда) және (немесе) балаларға мектепке дейінгi бiлім беру мектептен тыс, орташа арнаулы, бастауыш кәсiби, орташа кәсiби, жоғары кәсiби, жоғары оқу орнынан кейiн кәсiби және қосымша кәсiби білім беру саласында осы қызмет түрлерiн жүргізу құқығына тиiстi лицензиялар бойынша білiм беру қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар;
Тармақша 8
8) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының мүгедектер ерiктi қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, ақыл-ойы мен дене кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және еңбекпен оңалту орталығы, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерiнiң республикалық ұйымы (кәсiпорындарсыз), Қазақстан Республикасының Қызыл Жартыай және Қызыл Крест Ұлттық қоғамы (кәсiпорындарсыз) және балалар қайырымдылық қорлары (кәсiпорындарсыз);
Тармақша 10
10) қызметкерлерінің жалпы санының кемiнде алпыс процентiн мүгедектер құрайтын және мүгедектерге еңбекақы төлеу жөнiндегi шығыстар еңбекақы төлеу жөнiндегi жалпы шығыстардың кемiнде 60 процентiн құрайтын ұйымдар;
Тармақша 11
11) психикалық-неврологиялық және туберкулездiк мекемелер жанындағы емдеу-өндiрiстiк кәсiпорындар.
Тармақ 4
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген жер салығын төлеушiлер жер учаскесiн беру немесе оның бөлiгiн жалға, өзге де негiздерде немесе коммерциялық мақсаттарда пайдалануға беру (онымен бiрге тұрғын-үй, құрылыс, ғимарат бар не оларсыз) кезiнде, жалпы белгiленген тәртiппен 0,1 коэффициентсiз қолдануға салық есептеледi.
Тарау 55. 55-ТАРАУ. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТIБI ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗIМДЕРI
55-ТАРАУ. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТIБI ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗIМДЕРI
Бап 349. 349-бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi
349-бап. Салықты есептеу мен төлеудiң жалпы тәртiбi
Тармақ 1
1. Салықты есептеу әрбiр жер учаскесi бойынша жеке-жеке салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану жолымен жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Жер салығы, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеушiге жер учаскесiн берген айдан кейiнгі айдан бастап есептеледi.
Тармақ 3
3. Жер учаскесiне иелiк ету құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесiн iс-жүзiнде пайдалану кезеңi үшiн есептеледi.
Тармақ 4
4. Жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке тиiстi не Астана мен Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстық бюджеттерге жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Салық жылы iшiнде елдi мекендi бiр санаттан басқа елдi санатқа аудару кезiнде ағымды жылдағы жер салығы салық төлеушiлерден осы елдi мекендер үшiн бұрын белгіленген ставкалар бойынша, ал келесi жылы - елдердiң жаңа санаты үшiн белгіленген ставкалар бойынша алынады.
Тармақ 6
6. Елдi мекендердi қысқартқан және оның аумағын басқа елді мекеннiң аумағына қосқан кезде, қысқартылған елдi мекеннiң аумағында жаңа ставка қысқарту болған жылдан кейiнгі жылдан бастап қолданылады.
Тармақ 7
7. Жер учаскелерi бонитетiнiң балдарын айқындау мүмкiн, болмаған кезде, жер салығының мөлшерi араласқан жерлер орналасқан бонитет балдарын ескере отырып айқындалады.
Тармақ 8
8. Жалпы үлестiк меншiкте орналасқан салық салу объектiлерi бойынша салық осы жер учаскесiндегi олардың үлесiне тең есептеледi.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғалар ауылшаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер үшiн бюджетпен есептесудi арнайы салық режимiнде жүзеге асырушы заңды тұлғалардың жер салығын есептеу және төлеу тәртiбi осы Кодекстiң 393-398-баптарында белгiленген.
Тармақ 10
10. Қорғаныс мұқтажы үшiн берiлген жерлерге салынатын жер салығын алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi.
Бап 350. 350-бап. Заңды тұлғалардың салық есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi
350-бап. Заңды тұлғалардың салық есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi
Тармақ 1
1. Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын өз еркiмен салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану жолымен есептейдi.
Тармақ 2
2. Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Ағымдағы төлемдердiң сомалары ағымдағы жылдың жиырмасыншы ақпаны, жиырмасыншы мамыры, жиырмасыншы тамызынан кешiктiрмейтiн мерзiмде төленуi тиiс.
Тармақ 4
4. Бiрiншi төлем мерзiмiндегі ағымдағы төлемiнiң мөлшерi алдыңғы салық кезеңiнде іс жүзiнде төленген сомалардың үштен бiрi мөлшерiнде айқындалады. Екіншi және үшiншi мерзiмдерде төленуге тиiс ағымдағы төлемдердiң сомалары алдыңғы салық кезеңiнде жер салығы бойынша декларацияда көзделген нақты салықтық мiндеттемелер сомаларынан ескере отырып анықталады. Бұл ретте, ағымдағы төлемдердiң сомалары бiрiншi төлем мерзiмiнде төленген ағымдағы төлемдi ескере отырып тең көлемде төленедi.
Тармақ 5
5. Салықтық мiндеттемелер пайда болған кезде, жыл iшiндегi салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi жер салығын төлеу бойынша салықтық мiндеттемелер пайда болған күннен кейiнгi осы баптың 3-тармағында белгiленген кезектi мерзiм болып табылады. Осы Кодекстiң 334-бабының 2-тармағындағы 2), 3), 5)-тармақшаларда көрсетiлген заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру кезiнде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi, салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен кейiнгi кезектi мерзiм болып табылады. Бұл ретте, ағымдағы төлем сомалары салық мiндеттемелерi пайда болған сәтте айқындалған салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану жолымен есептеледi.
Тармақ 6
6. Ағымдағы төлем төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн салықтық мiндеттемелер пайда болған кезде салық төлеушiлер салық сомаларын салықтық мiндеттемелер пайда болған айдан кейiнгі айдың 20 күнiнен қалдырмай төлейдi. Осы Кодекстiң 334-бабының 2-тармағындағы 2), 3), 5)-тармақшаларда көрсетiлген заңды тұлғалар салық салу объектілерiн ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнде пайдалануға немесе жалға беру кезiнде салық төлеушiлер салық сомаларын салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру айынан кейiнгi айдың 20-күнiнен кешiктiрмей төлейді.
Тармақ 7
7. Жыл iшiнде жер салығын төлеу және есептеу бойынша мiндеттемелер пайда болған кезде салық төлеушiлер салықтық мiндеттемелер пайда болған күннен бастап 30 күнтiзбелiк күн ішiнде ағымдағы төлемдердiң есебiн объектiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына ұсынады. Ағымдағы төлемдердiң нысанын және толтыру тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейді.
Тармақ 8
8. Салық кезеңiнiң ішінде салық салу объектiсiнiң құқығын берген жағдайда, салық сомасы жер учаскесiнiң құқығын іске асырудың нақты кезеңі үшін есептеледi. Жер учаскесін осы құқықты беретін тұлға құқықты беретін іс жүзінде иелік ету кезеңінде төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеу сәтіне дейін немесе сәтінде бюджетке енгізілуі тиіс. Бұл ретте, алғашқы салық төлеушіге ол жер учаскесін берген ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелген салық сомасы көрсетіледі. Одан кейінгі салық төлеушіге салық органдары жіберген хабарландыру жер салығының есептелген сомасы туралы жер учаскесіне құқығы пайда болған кезеңдегі ай басынан есептелген салық сомасы көрсетіледі. Жер учаскесiне арналған құқықты мемлекеттiк тiркеу кезiнде салықтың жылдық сомасы тараптардың бiрiмен бюджетке енгiзiлуi мүмкiн. Одан кейiн, жер учаскесiне құқығын мемлекеттiк тiркеу кезiнде төлеген салық сомасы қайта төленбейдi.
Тармақ 9
9. Салық төлеушi соңғы есептесуiн және жер салығын төлеудi салық кезеңінде декларация ұсыну мерзiмi басталғаннан кейiнгi 10 күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде жүргiзедi.
Бап 351. 351-бап. Салықты есептеудiң жекелеген жағдайлардағы ерекшелiктерi
351-бап. Салықты есептеудiң жекелеген жағдайлардағы ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үй-жай, құрылыс және ғимараттар орналасқан жер учаскелерiне жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үй-жай, құрылыстардың алаңына тепе-тең әр салық төлеушiлер бойынша жеке есептеледi.
Тармақ 2
2. Үй-жай, құрылыс және ғимараттардың бөлiктерiн осы Кодекстiң 334-бабындағы 2-тармағының 2), 3), 5)-тармақшаларында көрсетiлген заңды тұлғалар жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үй-жайларды, құрылыстардың және ғимараттардың жалға берілген бөлмелерiнiң жалпы алаңының алаң үлес салмағына қарай есептеуге жатады.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда жер салығы тұрғын үй қоры, оның ішiнде оның жанындағы құрылыстар алып жатқан жерлердi қоспағанда елдi мекендердiң жерлерiне салынатын осы Кодекстiң 342-бабында көрсетiлген жер салығының базалық ставкалары бойынша есептеуге жатады.
Бап 352. 352-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi
352-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi
Тармақ 1
1. Жеке тұлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеудi тиiстi салық ставкалары мен салық базасына қарай салық органдары жүргiзедi.
Тармақ 2
2. Салық органдары 1 тамыздан кешiкпейтiн мерзiмде жеке тұлғаларға есептелген салық сомалары туралы хабарлама бередi.
Тармақ 3
3. Жеке тұлғалар бюджетке жер салығын ағымды жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.
Тарау 56. 56-ТАРАУ. САЛЫҚТЫҚ КЕЗЕҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
56-ТАРАУ. САЛЫҚТЫҚ КЕЗЕҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
Бап 353. 353-бап. Салықтық кезең
353-бап. Салықтық кезең Жер салығын есептеу және төлеу үшiн салықтық кезең осы Кодекстiң 143-бабына сәйкес айқындалады.
Бап 354. 354-бап. Салық декларациясы
354-бап. Салық декларациясы
Тармақ 1
1. Салық төлеушiлер (ауыл шаруашылық өнімдерiн өндiрушiге арналған арнайы салық режимiнде бюджетпен есептесудi жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды қоспағанда) жер салығы бойынша декларацияны келесi есеп беруден кейiнгi, жылдың бiрінші наурызына дейін салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органына тапсырады.
Тармақ 2
2. Осы Кодекстiң 334-бабындағы 2-тармағының 2), 3), 5)-тармақшаларында көрсетiлген заңды тұлғалар салық есебiн қолдануға немесе жалға берген салық салу объектiлерi бойынша жалпы белгiленген тәртiппен тапсырады.
Бөлім 12. 12-БӨЛIМ. КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫНА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
12-БӨЛIМ. КӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫНА САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
Тарау 57. 57-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
57-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 355. 355-бап. Төлеушiлер
355-бап. Төлеушiлер
Тармақ 1
1. Көлік құралдарына салынатын салықты төлеушілер меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар (бұдан әрі - заңды тұлғалар), олардың филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және жеке меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар тұлғалар болып табылады.
Тармақ 2
2. Мыналар көлік құралдарына салынатын салықты төлеушiлер болып табылмайды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген көлiк құралдарына қажеттiлiк нормативтерi шектерiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер;
Тармақша 2
2) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын салық салу объектілерi бойынша мемлекеттiк мекемелер;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлетiн адамдар - салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралынан;
Тармақша 4
4) жеке меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобилдерi бар мүгедектер - салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралынан;
Тармақша 5
5) Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық Қаhарманы" атағын алған тұлғалар, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен марапатталған адамдар, "Алтын алқа" және "Ардақты ана" атағын алған көпбалалы аналар - салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралынан;
Тармақша 6
6) ауыл шаруашылық құрамасынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдаланған мерзiмi 7 жылдан артық жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар.
Бап 356. 356-бап. Салық салу объектiлерi
356-бап. Салық салу объектiлерi
Тармақ 1
1. Белгiленген заң актілерiнде уәкiлеттi органда мемлекеттік тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) жүк көтергiштiгi 40 тоннадан асатын карьерлiк автосамосвалдар;
Тармақша 2
2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен тiзбе бойынша мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы салық салу объектілерi болып табылмайды.
Тарау 58. 58-ТАРАУ. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ
58-ТАРАУ. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ
Бап 357. 357-бап. Салық ставкалары
357-бап. Салық ставкалары
Тармақ 1
1. Салықты есептеу айлық есептiк көрсеткiштерде белгiленген мынадай келесi ставкалар бойынша жүргiзіледi: ___________________________________________________________________ Салық салу объектiлерi                     Салық ставкасы (айлық есеп
Тармақша көрсеткіш
көрсеткіш) ___________________________________________________________________
Тармақ 1
1. Двигатель көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.): қоса алғанда 1100-ге дейiн                           4,0 1100-ден 1500-ге дейiн                               6,0 1500-ден 2000-ға дейiн                               7,0 2000-нан 2500-ге дейiн                               12,0 2500-ден 3000-ға дейiн                               17,0 3000-нан 4000-ға дейiн                               22,0 4000-нан жоғары                                   117,0
Тармақ 2
2. Жүк көтергiштi мынадай жүк автомобильдерi (тiркемелердi есептемегенде): қоса алғанда, 1 тоннаға дейiн                        6,0 1 тоннадан 1,5 тоннаға дейiн                         9,0 1,5 тоннадан 5 тоннаға дейiн                         12,0 5 тоннадан жоғары                                15,0
Тармақ 3
3. Шынжыр табанды машиналар мен механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер
Тармақ 4
4. Автобустар: қоса алғанда 12 отыратын орынға дейiн                3,0 12-ден 25 отыратын орынға дейiн                      9,0 25 отыратын орыннан жоғары                           14,0
Тармақ 5
5. Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар,          20,0 көлемi шағын кемелер (двигательдiң қуаты 55 кВТ-дан кем емес)
Тармақ 6
6. Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигательдiң қуаты мынадай ат күшi): қоса алғанда 160-қа дейiн                            1,0 160-тан 500-ге дейiн                                 6,0 500-ден 1000-ға дейiн                                18,0 1000-нан жоғары                                      32,0
Тармақ 7
7. Ұшатын аппараттар                                 55,0 әрбір киловатт қуаттан айлық есептiк көрсеткiштiң 4,0 процентi __________________________________________________________________
Тармақ 2
2. Жеңiл автомобильдер двигателiнiң көлемi 7 айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын көрсеткiш 2000 текше сантиметрге дейiн, 12 айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан 2500 текше сантиметрге дейiн, 17 айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден 3000 текше сантиметрге дейiн және двигателiнiң көлемi 22 айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын 3000-нан 4000 текше сантиметрге дейiн болған кезде салық сомасы двигательдiң аталған көлемiнен асқан әрбiр бiрлiк үшiн 7 теңгеге ұлғайтылады.
Тармақ 3
3. Салық төлеудiң белгіленген мерзiмi аяқталғанға дейiн пайдаланылу мерзiмi 6 жылдан асатын жеңіл автокөлiк құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады: ТМД елдерi өндiрiсiнiң автокөлiк құралдары үшiн: 6 жылдан 20 жылды қоса алғанда - 0,3; 20 жылдан 30 жылды қоса алғанда - 0,2; 30 жылдан жоғары - 0,1; двигатель көлемi мынадай қалған автокөлiк құралдары үшiн: 3000 текше сантиметрдi қоса алғанда - 0,5; 3000-нан 4000 текше сантиметрдi қоса алғанда - 0,7; 4000-нан және одан жоғары - 1,0.
Тармақ 4
4. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына пайдаланылу мерзiмi 7 жылдан асатын ТМД елдерi өндiрiсiнiң жүк автокөлiк құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады: 7 жылдан 14 жылды қоса алғанда - 0,5; 14 жылдан 20 жылды қоса алғанда - 0,3; 20 жылдан жоғары - 0,1.
Тармақ 5
5. Пайдаланылу мерзiмiне байланысты ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады: 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн сатып алынған ұшу аппараттарына: пайдаланудың 5 жылын қоса алғанда - 1,0; пайдаланудың 5 жылынан 15 жылын қоса алғанда - 2,0; пайдаланудың 15 жылынан жоғары - 3,0. 1999 жылғы 1 сәуірге дейiн сатып алынған ұшу аппараттарына: пайдаланудың 5 жылын қоса алғанда - 1,0; пайдаланудың 5 жылынан 15 жылын қоса алғанда - 0,5; пайдаланудың 15 жылынан жоғары - 0,3.
Тармақ 6
6. Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмi техникалық құралдың паспортында (әуе кемесiн ұшырып пайдалану жөнiндегi басшылықта) көрсетiлген көлік құралы шығарылған жылдан бастап есептеледi.
Тарау 59. 59-ТАРАУ. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТIБI ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗIМДЕРI
59-ТАРАУ. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТIБI ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗIМДЕРI
Бап 358. 358-бап. Салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi
358-бап. Салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi
Тармақ 1
1. Салық төлеушiлер салық кезеңi басындағы жай-күйдегi қолда бар әрбiр көлiк құралы бойынша салық салу объектiсiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерiн ескерiп салық сомасын дербес есептейдi.
Тармақ 2
2. Салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан орны бойынша бюджетке тиiстi не Астана және Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстық бюджеттерге жүргізiледi. Механикалық көлiк құралдары бойынша салық төлеу мемлекеттiк техникалық байқау өткенге дейiн, бiрақ салық кезеңiндегi 1 шiлдеден кешiктiрiлмей жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын Қазақстан Республикасының аумағында уәкiлеттi мемлекеттiк органда бұрын есепте тұрмаған сатып алынбаған көлiк құралдары бойынша салық оны есепке қою сәтiне немесе дейiн төленуге жатады. Бұл орайда, көлiк құралының иесi осы көлiк құралына салық төленгенiн растайтын құжатты Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын уәкiлеттi мемлекеттiк органға көрсетуге мiндеттi. Бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнайы салық режимiнде жүзеге асырушы заңды тұлғалардың көлiк құралдары салығын төлеу тәртiбi осы Кодекстiң 393-398-баптарында белгiленген.
Тармақ 3
3. Салық төлеушi - заңды тұлғалар салық кезеңi үшiн көлiк құралдарына салық бойынша декларацияны беру мерзiмi басталғаннан кейiнгi 10 күннен кешiктiрмей мерзiмiнде көлiк құралдарына салық бойынша түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзедi.
Тармақ 4
4. Салық кезеңi ағымында салық салу объектiсiнiң жекеменшiктiк құқығын тапсырар болса, салық сомасы көлiк құралдарына қатысты жекеменшiк құқығын іске асыруының нақты кезеңi үшiн есептейдi. Көлiк құралына осы құқықты беретiн іс жүзiнде билiк ету кезеңiнде төленуге жататын салық сомасы, салық салу объектiлерiне арналған мемлекеттiк тiркеу сәтiне дейiн немесе сәтiнде бюджетке енгiзiлуi тиiс. Бұл ретте, ол көлiк құралын бергенде алғашқы салық төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан ай басына дейiн төленген салық сомасы көрсетіледi. Одан кейiнгi салық төлеушi көлiк құралының салық сомасын көлiк құралына жекеменшiк құқығы пайда болған кезеңдегi ай басынан есептелген салық сомасын есептейдi. Көлiк құралдарынан шеттету кезiнде, салықтың жылдық сомасы салық салу объектiсiне құқығын мемлекеттiк тiркеу сәтiне дейiн немесе сәтiнде тараптардың бiрiмен (келiсiм бойынша) бюджетке енгiзуi мүмкiн. Салықтың жылдық сомасын жекеменшiктiк құқығын табыстау сәтiнде төлегенде одан кейiн салықтың сомасы қайта төленбейдi.
Тармақ 5
5. Көлiк құралының иесi атынан шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару, сенiмгерлiк басқару, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару, сенiмгерлiк басқару иелiгi құқығындағы көлiк құралын иеленетiн тұлғаның көлiк құралдарына салықты төлеуi көлiк құралы иесiнiң осы есептi кезең үшiн салық мiндеттемесiн орындау болып табылады.
Тарау 60. 60-ТАРАУ. САЛЫҚТЫҚ КЕЗЕҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
60-ТАРАУ. САЛЫҚТЫҚ КЕЗЕҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
Бап 359. 359-бап. Салықтық кезең
359-бап. Салықтық кезең Көлiк құралдарына салынатын салықты есептеу мен төлеуге арналған күнтiзбелiк жыл осы Кодекстiң 143-бабымен айқындалады.
Бап 360. 360-бап. Салық декларациясы
360-бап. Салық декларациясы Салық төлеушi - заңды тұлғалар (ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушiлер үшін арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) көлiк құралдарына салынатын салық бойынша декларацияны келесi есеп беруден кейiнгi, жылдың 1 наурызына дейiн салық органдарына тапсырады.
Бөлім 3. 3-БӨЛIМ. МҮЛIККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
3-БӨЛIМ. МҮЛIККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
Тарау 61. 61-ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛЕРДІҢ МYЛIКТЕРIНЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
61-ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛЕРДІҢ МYЛIКТЕРIНЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
Бап 361. 361-бап. Салық төлеушілер
361-бап. Салық төлеушілер
Тармақ 1
1. Мыналар мүлiкке салынатын салықты төлеушілер болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк немесе шаруашылық жүргiзу құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар (соның ішiнде Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар жеке кәсiпкерлер.
Тармақ 2
2. Оларда жеке бухгалтерлiк балансы бар кезде олардың филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi дербес салықты төлеушiлер болып табылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының тұрақты мекемесi Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық салу объектiлерi бойынша төлеушiлер болып табылады.
Тармақ 4
4. Мыналар мүлiкке салынатын салықты төлеушiлер болып табылмайды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн қажеттiлiк нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер. Салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын белгiленген қажеттiлiк нормативтерiнен артық төлеушiлер мүлiкке салынатын салықты осы бөлiмде белгiленген тәртiп бойынша төлейдi;
Тармақша 2
2) оларға салық салу осы Кодекстiң 292-бабында белгiленген салық режимiнiң екiншi моделiнде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
Тармақша 3
3) кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылмайтын салық салу объектiлерi бойынша мемлекеттiк мекемелер;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, оның филиалдары мен өкiлеттiктерi;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің жазасын өтеу мекемелерi, қылмыстық-атқару жүйесiнiң республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының жазасын өтеу мекемелерi. Осы тармақтың 3-5-тармақшаларында көрсетiлген заңды тұлғалар салық салу объектілерi бойынша пайдалануға немесе жалға берген кезде салық төлеуден босатылмайды.
Бап 362. 362-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушінi анықтау
362-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушінi анықтау
Тармақ 1
1. Меншiк иесiмен келiсiм бойынша салық төлеушiмен жалға немесе сенiмгерлiк басқару құқығы негiзiнде салық салу объектiлерiн берген кезде сенiмгерлiк басқарушы немесе жалға, алушы болуы мүмкін. Мұның өзінде, сенімгерлік басқарушы немесе жалға алушы салық төлеуді есепті кезең үшін салық салу объектілері иесінің салық міндеттемесін тоқтатады.
Тармақ 2
2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi болып танылады.
Тармақ 3
3. Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша олардың келісімімен осы мүліктің иелерінің бірі салық төлеуші болып табылады.
Тармақ 4
4. Қаржылық лизингке берiлген объектiлер бойынша лизинг алушы салық төлеушi болып табылады.
Бап 363. 363-бап. Салық салу объектiсi
363-бап. Салық салу объектiсi
Тармақ 1
1. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшiн негізгi құрал-жабдықтар (оның ішінде тұрғын үй қорында орналасқан объектiлер) мен материалдық емес активтер салық салу объектiсi болып табылады. Материалдық емес активтер бухгалтерлiк есептегi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бухгалтерлiк есепте белгіленген материалдық емес объектілер болып табылады.
Тармақ 2
2. Мыналар салық салу объектiсi болып табылмайды:
Тармақша 1
1) осы Кодекстiң 336 және 337-баптарына сәйкес жер салығын салу объектiсi болып табылатын жер;
Тармақша 2
2) осы Кодекстiң 356-бабына сәйкес көлiк құрал-жабдығына салық салу объектiсi болып табылатын көлiк құрал-жабдықтары;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Yкiметiнің шешiмi бойынша уақытша тоқтатылып қойылған негiзгi құрал-жабдықтар;
Тармақша 4
4) жалпы пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдары мен олардың үстiндегi салынымдар; бұру алқабы; жолдардың конструкциялық элементтерi; жолдарды қою және жайластыру; көпірлер; жол өтпелерi; виадуктар; тасымал соңы; тоннельдер; қорғаныш галереялары; жол қозғалысы қауiпсiздiгін арттыруға арналған салынымдар мен құрылғылар; су бұрғыш және су өткiзгiш салынымдар; жол бойындағы орман алқаптары; желiлiк өндiрiстiк кешендер, ғимараттар мен салынымдар, тұрғын үйлер.
Бап 364. 364-бап. Салықтық база
364-бап. Салықтық база
Тармақ 1
1. Бухгалтерлiк есепке алу мәлiметтерi бойынша анықталатын орташа жылдық қалдық құны заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
Тармақ 2
2. Салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық қалдық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есеп беру кезеңiнен кейiнгi кезеңнiң айының бiрiншi күнiндегi салық салу объектілерiнiң қалдық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiр бөлiгi ретiнде анықталады.
Тармақ 3
3. Осы Кодекстiң 361-бабы 2-тармағының 3-5 тармақшаларында көрсетiлген заңды тұлғалардың салық салу объектілерi бойынша салық салу базасы пайдалануға немесе жалға тапсырылған салық салу объектiсiнiң үлесiн негiзге ала отырып анықталады.
Бап 365. 365-бап. Салық ставкалары
365-бап. Салық ставкалары
Тармақ 1
1. Заңды тұлғалар (осы баптың 2-тармағында көрсетiлгендердi қоспағанда) салық салу объектілерiнiң орташа жылдық құнына 1 проценттiк ставка бойынша мүлiкке салынатын салықты есептеп шығарады.
Тармақ 2
2. Төменде көрсетiлген заңды тұлғалар салық салу объектілерiнiң орташа жылдық құнына 0,1 проценттiк ставка бойынша мүлiкке салынатын салықты есептеп шығарады:
Тармақша 1
1) осы Кодекстiң 127-бабында белгiленген заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) негізгi қызмет ету түрi ғылым саласында қызмет көрсету болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
Тармақша 3
3) негiзгi қызмет ету түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласында жұмыстарды орындау (қызмет көрсетушi) болып табылатын ұйымдар;
Тармақша 4
4) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестациялау саласында қызметтiк мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар;
Тармақша 5
5) негiзгi қызмет ету түрi ойын-сауық театр және (немесе) концерттiк шараларды жүзеге асыру, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бойынша, балаларды, қарттарды және мүгедектердi әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк қамтамасыз ету саласында, спорт саласында қызмет көрсету болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
Тармақша 6
6) медициналық көмек көрсету (косметологиялық қызмет көрсетудi қоспағанда) және (немесе) бiлiм беру қызметi түрлерiн жүргiзуге құқық беретiн тиiстi лицензиялары бойынша балаларға мектепке дейiн, мектептен тыс, орта жалпы, бастауыш кәсiби, орта кәсiби, жоғары кәсiби, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби және қосымша кәсiби білім саласында білім беру қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар;
Тармақша 7
7) мемлекет меншiгiне жататын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен қаржыландыратын су қоймалары, су торабы және табиғат қорғау бағытына арналған басқа сушаруашылығының салық салу объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, ақыл-есi және дене дамуы бұзылған балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және еңбекпен оңалту орталығы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және олардың қаржысы есебiнен құрылған өндiрiстiк кәсiпорындар, Қазақ республикалық Ауғанстан соғысы ардагерлерiнiң ұйымы (кәсiпорындарынсыз).
Бап 366. 366-бап. Салықты есептеу және төлеу тәртiбi
366-бап. Салықты есептеу және төлеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Салық төлеушілер салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы дербес түрде салықты есеп шығарады.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлер үшiн арнайы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың салықты төлеу тәртiбi осы Кодекстiң 393-398-баптарында белгiленген.
Тармақ 3
3. Ортақ үлестiк меншiкте тұрған салық салу объектiлерi бойынша салық олардың осы мүліктегі үлесіне пропорционалды түрде есептеліп шығарылады.
Тармақ 4
4. Салық төлеушiлер салық кезеңi iшiнде мүлiкке салынатын салық бойынша ағымдағы төлемдердi төлеуге мiндеттi, олар салық кезеңiнiң басындағы бухгалтерлiк есеп мәлiметтерi бойынша белгiленген салық салу объектiлерiнiң қалдық құнына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.
Тармақ 5
5. Салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан орны бойынша бюджетке немесе Астана және Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiн, облыстық бюджеттерге жүргiзiледi.
Тармақ 6
6. Салықтың ағымдағы төлемдерiнiң сомаларын салық төлеушi салық кезеңiндегi 20 ақпаннан, 20 мамырдан және 20 тамыздан кешiктiрмей тең үлестермен енгiзедi. Осы Кодекстiң 361-бабы 2-тармағының 3-5 тармақшаларында көрсетілген жаңадан құрылған салық төлеушiлер мен заңды тұлғалар бойынша салық төлеушiнiң құрылу күнiнен (салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға тапсыру күнiнен) ағымдағы төлемдi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады. Ағымдағы төлемдердiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлер мен осы Кодекстiң 361-бабы 2-тармағының 3-4 тармақшаларында көрсетiлген заңды тұлғалар соңғы ағымдағы төлемдердi төлеу мерзiмiнен кейiн пайдалануға немесе жалға салық салу объектiсiн беру кезiнде салық кезеңi басталған айдан кейiнгi айдың 20 күнiнен кешiктiрмей салық сомасын төлейдi.
Тармақ 7
7. Салық төлеушi салық кезеңi үшiн декларацияны ұсынған мерзiмi басталғаннан 10 күннен кем болмайтын мерзiмнен кешiктiрмей түпкiлiктi есеп айырысады және мүлiкке салынатын салықты төлейдi.
Бап 367. 367-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу
367-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу
Тармақ 1
1. Егер жеке кәсiпкер тұрғын үй қоры құрамындағы үй-жайлар бойынша кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асырса, осы үй-жайлар бойынша салықты осы Кодекстің 371-377-баптарында көзделген ставкалар және тәртiп бойынша есептейдi және төлейді.
Тармақ 2
2. Жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметті заңдарда белгiленген тәртiп бойынша тұрғын үй қоры құрамынан шығарылған үй-жайларда жүзеге асырған жағдайда, аталған бөлме бойынша салық осы тарауда белгiленген тәртiп бойынша есептеліп шығарылады және төленедi.
Бап 368. 368-бап. Салықтық кезең
368-бап. Салықтық кезең
Тармақ 1
1. Егер осы баппен өзгеше көзделмесе мүлiкке салықты есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 143-бабына сәйкес айқындалады.
Тармақ 2
2. Осы Кодекстiң 361-бабы 2-тармағының 3-5 тармақшаларында көрсетiлген заңды тұлғалар үшiн салық кезеңi салық салу объектiсiн пайдалануға немесе жалға тапсыру мезетiнен бастап мұндай пайдаланудың аяқталу мезетiне дейiн, анықталады.
Бап 369. 369-бап. Салық есептемесi
369-бап. Салық есептемесi
Тармақ 1
1. Салық төлеушiлер (ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнайы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысатын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық салу объектiлерiнiң орналасқан орны бойынша аумақтық салық органына ағымдағы төлемдер сомасының есебi мен декларацияны ұсынуға мiндеттi. Бюджетпен есеп айырысуды ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушiлерге арналған арнайы салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған салық режимiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мүлiк салығы бойынша салық есептемесiн тапсыру тәртiбi осы Кодекстiң 393-398-баптарында белгiлендi. Осы Кодекстiң 361-бабы 2-тармағының 3-5 тармақшаларында көрсетiлген заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға тапсырылған салық салу объектiлерi бойынша жалпы белгiленген тәртiп бойынша салық есептемесiн ұсынады.
Тармақ 2
2. Мүлiкке салынатын салық бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебi салықтық есеп беру кезеңiндегі 15 ақпаннан кешiктiрiлмей ұсынылады. Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есебiн құрылған айынан кейiнгi айдың 15-шi күнiнен кешiктiрмей ұсынады. Осы Кодекстiң 361-бабы 2-тармағындағы 3-5-тармақшаларында көрсетiлген заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға тапсырылған салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебiн пайдалануға немесе жалға тапсырылған айдан кейiнгі айдың 15-шi күнiнен кешiктiрмей ұсынады.
Тармақ 3
3. Мүлiкке салынатын салық бойынша декларация есептi жылдан кейiнгi айдың бiрiншi наурызына дейiн кешiктiрiлмей ұсынылады.
Бап 370. 370-бап. Филиалдары, өкiлдiктерi және басқа да оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалардың салық есептiлiгiн беру ерекшелiктерi
370-бап. Филиалдары, өкiлдiктерi және басқа да оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалардың салық есептiлiгiн беру ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Филиалдары, өкiлдiктерi мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - құрылымдық бөлiмшелер) бар, осы Кодекстiң 361-бабы 1-тармағына сәйкес дербес салық төлеушi болып табылатын заңды тұлға салық есептiлiгiн бiр мезгiлде құрылымдық бөлiмшелерiнiң салық сомалары бөлiгiнде есептелген соманың жиынтық тiзiлiмiн тапсыруға тиiстi. Жиынтық тiзiлiмнiң және оны толтырудың нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілейдi. Мұның өзiнде, жиынтық тiзiлiмiнiң мәлiметтерi салық салу объектiлерi орналасқан жердегі салық органдары куәландырған құрылымдық бөлiмшелерiнiң аванстық төлемдерi мен декларацияларының есептелген сомаларының көшiрмесiмен расталуы тиiс. Заңды тұлға декларация тапсыру кезiнде салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдары куәландырған өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң мүлiк салығы бойынша тексеру актілерiн тапсыруы тиiс.
Тармақ 2
2. Осы Кодекстiң 361-бабының 1-тармағына сәйкес дербес салық төлеушi болып табылмайтын құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлiмшелерiнiң салық салу объектiлерiнiң есебiн жеке жүргiзуi тиiс. Құрылымдық бөлiмшелердiң салық салу объектілерi бойынша есептелген салық сомалары құрылымдық бөлiмшелерінің салық салу объектiлері орналасқан жері бойынша бюджетке енгiзуге жатады. Мүлiк салығы бойынша салық есептерiмен бiр мезгiлде заңды тұлға өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерi үшiн төленуi тиiс салық сомаларын есептерiн тапсыруға мiндеттi. Құрылымдық бөлiмшелерi үшiн төленуi тиiс мүлiк салығы сомалары есептерiн толтыру тәртiбi мен нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi. Заңды тұлға орналасқан жердегi аумақтық салық органының басшысының қолы қойылып, мөрiмен куәландырылған есептiң көшiрмесi құрылымдық бөлiмшелерiнің салық салу объектілерi орналасқан жерi бойынша аумақтық салық органына тиiстi салық есептемесiн тапсыру үшiн белгіленген мерзiмде тапсырылуы тиiс. Құрылым, бөлiмшелерiнiң салық салу объектілерi бойынша салық сомаларын төлеудi заңды тұлға тiкелей өзінің банктік есеп-шотынан жүргізеді немесе өз құрылымдық бөлiмшелеріне жүктеледi.
Тарау 62. 62-ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МYЛIКТЕРIНЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
62-ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МYЛIКТЕРIНЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ
Бап 371. 371-бап. Салық төлеушiлер
371-бап. Салық төлеушiлер
Тармақ 1
1. Меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар мүлiкке салықты төлеушiлер болып табылады.
Тармақ 2
2. Мыналар мүлiкке салынатын салықты төлеушiлер болып табылмайды.
Тармақша 1
1) мерзімді қызметтегі өту кезеңінде әскери мерзімді қызметін өтейтін әскери қызметкерлер;
Тармақша 2
2) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк еңбек Ерлерi, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, "Халық Қаhарманы" атағын иеленуші, "Даңқ" орденiнiң үш дәрежесiмен және "Отан" орденiмен марапатталған тұлғалар, "Алтын алқа" және "Батыр-Ана" атағын иеленушi көп балалы аналар, І және ІІ топ мүгедектерi, жеке тұратын зейнеткерлер - есептiк айлық бiр мың есептiк көрсеткiшi шегiнде салық салу объектiлерiнiң шектi құнында. Салық салу объектiлерi бойынша пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша осы тармақта көрсетілген тұлға осы тарауда белгіленген тәртiппен салық есептейдi және төлейдi.
Бап 372. 372-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушілерді айқындау
372-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушілерді айқындау
Тармақ 1
1. Салық салу объектiлерiн меншiк иесi келiсiм бойынша сенiмгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде салық салу объектiсiнiң меншiк иесінің келiсiмi бойынша берiлген объектiлер бойынша салық төлеушi сенiмдi басқарушы немесе жалға алушы болуы мүмкiн. Мұның өзiнде, сенiмгердi басқарушылық немесе жалға алушылық салық төлеу есептi кезең үшiн салық салу объектiсi меншiк иесiнiң салық міндеттемесiн орындау болып табылады.
Тармақ 2
2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi болып танылады.
Тармақ 3
3. Бiрлескен ортақ иелiктегi салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушi олардың арасындағы келiсiм бойынша осы салық салу объектiсiнiң иелерінің бiрi болып табылады.
Бап 373. 373-бап. Салық салу объектісі
373-бап. Салық салу объектісі Кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектілер жеке тұлғалар үшiн салық салу объектiсi болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғын үй-жайларды, саяжайлық құрылыстар, гараждар және өзге құрылыстар, салынымдар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектілері - қоныстандырылу (пайдаланылу) мезетiнен бастап.
Бап 374. 374-бап. Салықтық база
374-бап. Салықтық база
Тармақ 1
1. Жеке тұлғалардың салық салу объектілерi бойынша салықтық база Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жай-күй бойынша белгілейтін олардың құны болып табылады. Жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің құнын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тармақ 2
2. Егер салық кезеңінің ұзақтығы он екі айдан кем болса, салық базасы салық салу объектісінің құнын 12-ге бөлу және салық кезеңіндегі айлар санына көбейту арқылы есептелінеді.
Тармақ 3
3. Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір тұлға болып табылған жағдайда, салық базасы әр объект бойынша жеке-жеке есептелінеді.
Бап 375. 375-бап. Салық ставкалары
375-бап. Салық ставкалары Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық салу объектілерінің құнына байланысты төмендегі ставкалар бойынша есептеліп шығарылады. __________________________________________________________________
Тармақша 1
1) 1 000 000 теңгеге        салық салу объектілері алғанда дейін қоса             құнынан 0,1 процент;
Тармақша 2
2) 1 000 000-нан            1000 теңге+дейiн қоса алғанда жоғары 2 000 000-ға      1 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,15%;
Тармақша 3
3) 2 000 000-нан жоғары     2500 теңге+дейiн қоса алғанда 3 000 000-ға             2 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,2%;
Тармақша 4
4) 3 000 000-нан жоғары     4500 теңге+дейiн қоса алғанда 4 000 000-ға             3 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,3%;
Тармақша 5
5) 4 000 000-нан жоғары     7500 теңге+дейін қоса алғанда 5 000 000-ға             4 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,4%;
Тармақша 6
6) 5 000 000-нан жоғары     11500 теңге+дейін қоса алғанда 6 000000-ға              5 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,5%;
Тармақша 7
7) 6 000 000-нан            16500 теңге+дейiн қоса алғанда жоғары 7 000 000-ға      6 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,6%;
Тармақша 8
8) 7 000 000-нан            22500 теңге+дейiн қоса алғанда жоғары 8 000 000-ға      7 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,7%,
Тармақша 9
9) 8 000 000-нан жоғары     29500 теңге+дейiн қоса алғанда 9 000 000-ға             8 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,8%;
Тармақша 10
10) 9 000 000-нан            37500 теңге+дейiн қоса алғанда жоғары 10 000 000-ға    9 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,9%;
Тармақша 11
11) 10 000 000 теңгеден      46500 теңге+10 000 000 теңгеден жоғары                   асатын сомадан 1%. _________________________________________________________________
Бап 376. 376-бап. Салықты есептеу және төлеу тәртiбi
376-бап. Салықты есептеу және төлеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Жеке тұлғаларға салық салу объектiлер бойынша салықты есептеудi осы Кодекстiң 374-бабына сәйкес айқындалатын тиiстi салық базасына қолдану жолымен салық төлеушiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан салық салу объектілерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдары жүргiзедi.
Тармақ 2
2. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде тұрған салық салу объектiсi үшiн, салық олардың осы мүлiктегi үлесiне пропорционалды түрде есептелiп шығарылады.
Тармақ 3
3. Салықты төлеушілер бiрнеше салық салу объектiлерi бойынша бiр жеке тұлға болған жағдайда салықты есептеу әрбiр салық салу объектiсi бойынша дербес жүргiзiледі.
Тармақ 4
4. Жаңадан ашылған салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеп шығару олардың ашылу жылынан кейiнгi салық жылында жүргiзiледi.
Тармақ 5
5. Салық салу объектiсi жойылған, бүлiнген, алынып тасталған кезде, жойылу, бүлiну алынып тасталу фактiсiн растайтын, өкілеттi орган беретiн құжат бар болса, салық сомасы қайта есептелiнедi.
Тармақ 6
6. Салық кезеңi iшiнде салық төлеушiнiң салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде, осы құқық туындаған айдан бастап салық сомасы қайта есептелiнедi.
Тармақ 7
7. Жеке тұлғалар аумақтық салық органдары салықтық есеп беру кезеңiнiң 1 тамызынан кешiктiрмей тапсыратын салықтың есептелiп шығарылған сомасы туралы хабарламасы негiзiнде салық төлейдi.
Тармақ 8
8. Салықты төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша бюджетке тиiстi не Астана мен Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстық бюджеттерге есептi салық кезеңiндегi 1 қазаннан кешiктiрмей жүргiзіледi.
Тармақ 9
9. Салық кезеңi iшiндегi салық салу объектiсiне меншiк құқығын берген жағдайда салық сомасы мүлiкке меншiк құқығын сатудың нақты кезеңi үшiн есептеледi. Салық салу объектiсi iс жүзiнде иемдену кезеңiнде меншік құқығын беретiн тұлға төлеуге тиiстi салық сомасы меншiк құқығын мемлекеттiк тiркеген сәтке дейiн және сәтте бюджетке енгiзілуi тиiс. Бұл ретте, алғашқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншiк құқығын берген айға дейiн есептелген салық сомасы есептеледi. Келесi төлеушiге аумақтық салық органдары бағыттаған берілетін мүлiкке салынатын салық сомасы туралы хабарламада, оның меншiк құқығы пайда болған кезеңдегi айдан бастап есептелген салық сомасы көрсетiледi. Салықтық жылдық сомасын салық салынатын объектіге меншіктік құқығын тiркеу (бастапқы тiркеудi қоспағанда) кезiне тараптардың бiрi бюджетке енгiзуi мүмкiн. Одан кейiн аталған салық сомалары екiншi рет төленбейдi.
Тармақ 10
10. Жылжымайтын мүлiкке арналған құқықты және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу сәтiнде (бастапқы тiркеудi қоспағанда) Қазақстан Республикасының Yкiметiнiң уәкiлеттi органы салық салу объектiсiнiң құнын анықтамаған жағдайда салық алдыңғы салық кезеңiнде есептелген салық мөлшерiнде төленедi.
Бап 377. 377-бап. Салықтық кезең
377-бап. Салықтық кезең
Тармақ 1
1. Осы баппен өзгеше көзделмесе жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салықты есептеу және төлеу үшiн салықтық кезең осы Кодекстiң 143-бабына сәйкес айқындалады.
Тармақ 2
2. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерiнiң жойылған, бұзылған, қиратылған кезiнде салық салу объектілерiнiң жойылған, бұзылған, қиратылған фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есебiне кiредi.
Бөлім 14. 14-БӨЛIМ. АРНАЙЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРI
14-БӨЛIМ. АРНАЙЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРI
Тарау 63. 63-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
63-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 378. 378-бап. Жалпы ережелер
378-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Арнайы салық режимi - салық төлеушілердiң жекелеген санаттарына бюджетпен есеп айырысу үшiн белгіленетiн және салықтардың жекелеген түрлерiн есептеу мен қолданудың оңайлатылған тәртiбiн көздейтiн ерекше тәртiп, сондай-ақ ол бойынша салық есебiн тапсыру.
Тармақ 2
2. Осы бөлiмде мыналарға:
Тармақша 1
1) шағын бизнестiң субъектілерiне;
Тармақша 2
2) шаруа (фермер) қожалықтарына;
Тармақша 3
3) ауылшаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi - заңды тұлғаларына;
Тармақша 4
4) кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлеріне қатысты арнайы салық режимдерiн қолдану көзделген.
Тармақ 3
3. Патент - арнайы салық режимiн қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендiгiн растайтын құжат.
Тармақ 4
4. Белгiленген арнайы салық режимiн қолдануға арналған патент нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Тармақ 5
5. Патент қатаң есептегi бланк болып табылады, Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады. Оларды бөгде адамдарға беруге тыйым салынады.
Тармақ 6
6. Патент жоғалған немесе бүлiнген жағдайда салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша патенттiң немесе куәлiктiң дубликаты берiледi. Салық төлеушi бүлінген патентті салық органына қайтаруы тиiс.
Тармақ 7
7. Берген патенттердi тiркеудi салық органдары берiлген патенттердi тiркеу (беру) журналында жүргiзеді. Тiркеу журналдарының нысандарын және оларды толтырудың тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Тармақ 8
8. Бiржолғы талон - арнайы салық режимiн қолдау құқығын куәландыратын және табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактiсiн растайтын құжат.
Тарау 64. 64-ТАРАУ. ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТIЛЕРI ҮШIН АРНАЙЫ САЛЫҚ РЕЖИМI
64-ТАРАУ. ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТIЛЕРI ҮШIН АРНАЙЫ САЛЫҚ РЕЖИМI
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Бап 379. 379-бап. Жалпы ережелер
379-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн шағын бизнестiң салық салу субъектілерi болып шаруа (фермер) қожалықтары мен ауылшаруашылығы өнiмдерiн өндiретiн заңды тұлғалардан басқа осы Кодекстiң 380, 381, 383, 385-баптарында белгiленген шарттарға сай келетiн жеке кәсiпкерлер және заңды тұлғалар болып танылады.
Тармақ 2
2. Арнайы салық режимi шағын бизнестiң субъектiлерi үшiн есептеу тәртiбi мен әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгілейдi. Бұл ретте жоғарыда аталған салықтарды есептеу мен төлеу шарттарының тәртiбi осы Кодекстiң 84-144, 324-331, сондай-ақ 150-166-баптарын қоспағанда, 145-180-баптарда белгіленген шағын бизнес субъектілерiне қолданылмайды. Салық бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер осы баптың тармағында көрсетiлмеген есептеу, төлеу және салық есебiн тапсыру жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген салықтарды есептеудiң оңайлатылған тәртiбi осы Кодекстiң 384, 386-баптарында белгіленген объектiге салық салу ставкасын қолдану жолымен жүргiзiледi.
Тармақ 4
4. Төлем көзiнен салық ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде бұрын салық салынған кiрiстердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында мен одан тысқарыда алынған (алуға тиiстi) кiрiстерден тұратын салық кезеңі үшін кiрiстер салық салу объектiсi болып табылады.
Тармақ 5
5. Бюджетпен есептесудi патент негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн күнтiзбелiк жыл, бюджетпен есептесудi оңайлатылған декларация негiзiнде жүзеге асыратын шағын бизнестiң субъектiсi үшiн тоқсан есеп беру салық кезеңi болып табылады.
Тармақ 6
6. Шағын бизнестiң арнайы салық режимiн пайдаланатын субъектiлерi кәсiпкерлiк қызметтің бiрнеше түрiн жүзеге асырған жағдайда айналым қызметтiң барлық түрлерiн жүзеге асырудың жиынтығымен анықталады.
Тармақ 7
7. Осы арнайы салық режимiн қолданатын және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылатын шағын бизнес субъектiлерiне салық кезеңi үшiн салық салынатын кiрiске қосылған құн салығы қосылмайды.
Бап 380. 380-бап. Арнайы салық режимiн қолданудың шарттары
380-бап. Арнайы салық режимiн қолданудың шарттары
Тармақ 1
1. Шағын бизнестiң субъектiлерi арнайы салық режимiне ауысудың немесе салық салудың жалпы белгiленген тәртiбiн қайта көшудi қоса алғанда, салық салу режимiн дербес таңдауға құқылы. Салық салудың жалпы белгiленген режимiне ауысар кезде, арнайы салық режимiне тек жалпы белгiленген режимнiң қолдануы анықталғаннан кейін 2 жыл өткен соң ғана қайта көшуi мүмкін.
Тармақ 2
2. Арнайы салық режимiнде мыналар бюджетпен есептесудi жүзеге асыруға құқығы жоқ:
Тармақша 1
1) филиалдары, өкiлдiктерi мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлер;
Тармақша 2
2) филиалдары, өкiлдіктері мен өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелері бар салық төлеушілер;
Тармақша 3
3) заңды тұлғалардың еншiлес ұйымдары мен тәуелдi акционерлiк қоғамдары.
Тармақ 3
3. Қызметтiң мына түрлерiне арнайы салық режимi қолданылмайды:
Тармақша 1
1) акцизделетін өнімнің өндірісіне;
Тармақша 2
2) консультациялық, қаржы, бухгалтерлiк қызмет көрсетулерге;
Тармақша 3
3) мұнай өнiмдерiн сатуға;
Тармақша 4
4) шыны ыдыстарды жинау және қабылдауға;
Тармақша 5
5) жер қойнауын пайдалануға;
Тармақша 6
6) медициналық, дәрiгерлiк және мал дәрiгерлiктi; тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi газбен жабдықтау жөнiндегi жұмыстардың өндiрiсiн, жөндеудi және құрылыс жұмыстарын; жүргiншi лифтiлерiн монтаждау, жөндеу және күтудi; дезинфекция, дезинсекция, дератизация препараттары мен құралдарын даярлау, өндiру, қайта өңдеу және көтерме саудада сату, сондай-ақ оларды қолданумен байланысты жұмыстар мен қызметтер түрлерiн; автомобиль көлiгiмен халықаралық жолаушы және жүк тасымалы; емдiк препараттарды жасауды және сатуды; құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларды өндiру жөнiндегi жобалау-іздестiру, сараптау, құрылыс-монтаж жұмыстары; алкоголь өнiмдерiн бөлшек сатуды қоспағанда, лицензияланатындарға.
Тармақ 2. 2. Бiр жолғы талонның негiзiндегi арнайы салық режимi
2. Бiр жолғы талонның негiзiндегi арнайы салық режимi
Бап 381. 381-бап. Жалпы ережелер
381-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бiр жолғы талон негiзiндегi арнайы салық режимi мыналар:
Тармақша 1
1) қызметi эпизодтық сипаттағы жеке тұлғалар;
Тармақша 2
2) базарда тауарлар сататын (стационарлық үй-жайларда, сондай-ақ шағын бизнес субъектiлерi үшiн патент негiзiндегi арнайы салық режимiн пайдалана отырып, сауданы жүзеге асыратын тұлғадан басқа) тұлғалар қолданады.
Тармақ 2
2. Бiр айдан кем жүзеге асырылатын қызмет эпизодтық сипаттағы қызмет кәсiпкерлiк қызмет деп танылады.
Бап 382. 382-бап. Бiр жолғы талонның негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың тәртібі
382-бап. Бiр жолғы талонның негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың тәртібі
Тармақ 1
1. Қызмет түрлерiнiң тiзбесi бiр жолғы талондардың нысаны және оларды беру тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Бiр жолғы талондардың құны жергiлікті өкілетті органдардың шешімімен белгілейді.
Тармақ 3. 3. Патент негiзiндегi арнайы салық режимi
3. Патент негiзiндегi арнайы салық режимi
Бап 383. 383-бап. Жалпы ережелер
383-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Патент негізіндегi арнайы салық режимін мынадай талаптарға сәйкес келетін жеке кәсіпкерлер қолданады:
Тармақша 1
1) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтындар;
Тармақша 2
2) жеке кәсiпкерлiк нысанында қызметтiң тек қана бiр түрiн жүзеге асыратындар;
Тармақша 3
3) жыл ішіндегi болжамды айналымы 1,0 млн. теңгеден аспайтындар.
Тармақ 2
2. Патент негізінде оңтайландырылған салық режимін қолдануды қолдануға мүмкіндік бермейтін шарттар туған шақта салық төлеуші оңтайландырылған декларация негізінде болмаса салықты төлеу мен есептеудің жалпы белгіленген тәртібімен салық салудың оңтайландырылған режиміне көшеді.
Тармақ 3
3. Патент салық төлеушiге бiр айдан бiр күнтізбелік жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Тармақ 4
4. Жеке кәсiпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орыны бойынша немесе тұрғылықты жеріндегі салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандағы өтінішті және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы Куәлікті ұсынуға міндетті.
Тармақ 5
5. Салық органдары патент беруді өтініш берілген және бюджетке патенттің құны мен жинақтаушы зейнетақы қорларына төлемдерді төлегенін растайтын құжаттар көрсетілгеннен кейін бір күн ішінде береді.
Тармақ 6
6. Жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк көрсетiлмейiнше патент жарамсыз деп танылады.
Бап 384. 384-бап. Патент негiзiнде бюджетпен есептеу тәртiбi
384-бап. Патент негiзiнде бюджетпен есептеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Патенттiң құнын есептеу мәлiмделген кiрiс айналымның 3 проценттiк мөлшерiндегi ставканы қолдану жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Патенттiң құны бюджетке жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық түрiнде бiрдей үлеспен төленедi.
Тармақ 3
3. Кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған кезде, салық төлеушi iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттiң күшi жойылған мерзiмге дейiн салықтың енгiзiлген сомасы қайтаруға және қайта есептеуге жатпайды.
Тармақ 4. 4. Оңайлатылған Декларация негiзiндегі арнайы салық режимi
4. Оңайлатылған Декларация негiзiндегі арнайы салық режимi
Бап 385. 385-бап. Жалпы ережелер
385-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Оңайлатылған Декларация негiзiнде арнайы салық режимiне көшу үшiн шағын бизнестiң субъектiлерi тiркеуге қойылған жерi бойынша салық органына өкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда өтiнiш бередi.
Тармақ 2
2. Шағын бизнестiң мынадай талаптарға сай келетiн субъектiлерi оңайлатылған Декларация негiзiндегi арнайы салықтық режимдi пайдаланады:
Тармақша 1
1) жеке кәсіпкерлер үшін: қызметкерлердiң, жеке кәсiпкердiң өзiн қоса алғанда орташа болжамды тiзiмдiк саны тоқсан iшiнде 15 адамнан аспаса; кәсiпкерлiк қызметтiң 5-тен аспайтын түрiн жүзеге асырса; тоқсан iшiндегi болжамды табысы 4500,0 мың теңгеден аспаса.
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар үшiн: қызметкерлердiң орташа болжамды тiзiмдiк саны тоқсан iшiнде 25 адамнан аспаса; кәсiпкерлiк қызметтiң 7-ден аспайтын түрiн жүзеге асырса; тоқсан iшiндегi болжамды табысы 9000,0 мың теңгеден аспаса.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1 тармағындағы көрсетiлген шарттардың сәйкес келмеген жағдайында шағын бизнестiң субъектi есеп беруден кейiнгi тоқсаннан бастап салықты төлеу мен есептеудiң жалпы белгiленген тәртiбiне көшедi. Жеке кәсiпкер осы баптың 1-тармағының 1-тармақшасындағы көрсетілген шарттардың өзгерген жағдайында (көрсеткiштердi артық болғанда) ұйымдық-құқықтық нысанының өзгергенiнде заңды тұлға ретiнде оңайлатылған Декларация негiзiнде оңайлатылған салық режимiн қолдануға құқылы.
Бап 386. 386-бап. Оңайлатылған декларация негiзiнде бюджетпен есептесу тәртiбi
386-бап. Оңайлатылған декларация негiзiнде бюджетпен есептесу тәртiбi
Тармақ 1
1. Оңайлатылған декларация негiзiнде бюджет алдындағы  мiндеттемелердiң сомасын есептеудi шағын бизнес субъектiсi дербес жолмен өткен есеп беру салық кезеңiне тиістi салық ставкасын қолдану арқылы жүргізедi.
Тармақ 2
2. Жеке кәсiпкерлердiң кiрiсi мынандай ставкаларда салық төлеуi тиiстi: __________________________________________________________________ Тоқсандық кiрiсi                           Ставкасы __________________________________________________________________ 1500,0 мың теңгеге дейiн қоса алғанда   кiрiс сомасынан 4 процент __________________________________________________________________ 1500,0 мың теңгеден асатын 3000,0 мың   1500,0 мың теңгеден асатын теңгеге дейiн                           60,0 мың теңге + 7 процент __________________________________________________________________ 3000,0 мың теңгеден асатын 4500,0 мың   3000,0 мың теңгеден асатын теңгеге дейiн                           165,0 мың теңге + сомадан 11 процент __________________________________________________________________
Тармақ 3
3. Заңды тұлғалар кiрiсi мынандай ставкаларда салық төлеуi тиiстi: __________________________________________________________________ Тоқсандық кірісі                             Ставкасы __________________________________________________________________ 1500,0 мың теңгеге дейiн қоса алғанда     кiрiс сомасынан 5 процент __________________________________________________________________ 1500,0 мың теңгеден асатын 3000,0 мың   1500,0 мың теңгеден асатын теңгеге дейiн                           75,0 мың теңге + 7 процент __________________________________________________________________ 3000,0 мың теңгеден асатын 4500,0 мың   3000,0 мың теңгеден асатын теңгеге дейiн                           180,0 мың теңге + сомадан 9 процент __________________________________________________________________ 4500,0 мың теңгеден асатын 6500,0 мың   4500,0 мың теңгеден асатын теңгеге дейiн                           315,0 мың теңге + 11 процент __________________________________________________________________ 6500,0 мың теңгеден асатын 9000,0 мың   6500,0 мың теңгеден асатын теңгеге дейiн                           535,0 теңге + сомадан 13 процент __________________________________________________________________
Тармақ 4
4. Салықтың есептелген сомасы осы баптың 3 немесе 4-тармақтарына сәйкес салық кезеңi iшiнде қызметкерлердiң орта тiзiмдiк санына қарай әрбiр қызметкерге 1,5 процентке азайту жағына айқындау жасалады.
Тармақ 5
5. Оңайлатылған Декларация тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10 күнiне дейiн салық органына тапсырылады.
Тармақ 6
6. Оңайлатылған Декларация бойынша есептелген салықты бюджетке төлеу жеке (корпоративтi) түрде бiрдей бөлiктермен жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық түрiнде есептi салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрілмей жүргiзiледi.
Тарау 65. 65-ТАРАУ. ШАРУА (ФЕРМЕР) ҚОЖАЛЫҚТАРЫНА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ САЛЫҚ РЕЖИМI
65-ТАРАУ. ШАРУА (ФЕРМЕР) ҚОЖАЛЫҚТАРЫНА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ САЛЫҚ РЕЖИМI
Бап 387. 387-бап. Жалпы ережелер
387-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Шаруа (фермер) қожалықтары үшiн арнайы салық режимi - акцизделетін өнiмдердi өндiру, ұқсату және сату бойынша қызметтi қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, ауыл шаруашылық өнiмдерiн жеке өндiрiсте ұқсату және оны сату бойынша шаруа (фермер) қожалықтары қызметiне таралатын бiрыңғай жер салығының негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың айрықша тәртiбi.
Тармақ 2
2. Жер пайдалану құқығына (қайталама жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелерi болған кезде шаруа (фермерлiк) шаруашылықтарына арнайы салық режимiн қолдану құқығы беріледi.
Тармақ 3
3. Шаруа (фермерлiк) шаруашылықтары осы арнайы салық режимiн немесе салық салудың жалпы белгiленген тәртiбiн дербес таңдауға құқылы.
Тармақ 4
4. Шаруа (фермерлiк) қожалықтары арнайы салық режимiн пайдалану үшiн жыл сайын 20 ақпаннан кешеуiлдемейтiн мерзiмде жер учаскесi орналасқан жердегi салық органына өкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген нысан бойынша өтiнiш бередi. Жаңадан құрылған шаруа (фермерлiк) қожалықтары Жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тіркеу туралы куәлiктi алған сәтте арнайы салық режимiн пайдалану құқығына өтiнiш тапсырады. Салық төлеушiнiң көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi тапсырмауы жалпы белгiленген тәртiпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келiсуi болып есептеледi.
Тармақ 5
5. Салық салудың таңдалған режимi салық кезеңi iшiнде өзгертуге жатпайды.
Бап 388. 388-бап. Арнайы салық режимiн қолданудың ерекшелiктерi
388-бап. Арнайы салық режимiн қолданудың ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Бiрыңғай жер салығын төлеу негізiнде арнайы салық режимiн қолданатын шаруа (фермер) қожалықтары (бұдан әрi - бiрыңғай жер салығын төлеушiлер) салықтардың мына түрлерiн төлеушілер болып табылмайды:
Тармақша 1
1) арнайы салық режимi таралатын қызметтен түскен шаруа (фермер) қожалықтары кiрiстерiнен жеке табыс салығы;
Тармақша 2
2) қосылған құн салығы - осы арнайы салық режимi таралатын қызметтi жүзеге асырудан түскен айналым бойынша;
Тармақша 3
3) жер салығы;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Yкiметi белгiлеген сұраныс нормативтерiнiң шегiнде салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралдарына салынатын салық;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген сұраныс нормативтерiнiң шегiнде салық салу объектiлерi бойынша мүлiкке салынатын салық;
Тармақ 2
2. Бiрыңғай жер салығын төлеушілер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлемейтiн болып табылғанда, өз ерiктерiмен салық органдарына осы салық бойынша арыз беруге құқылы.
Тармақ 3
3. Арнайы салық режимi таратылмайтын қызмет түрлерiне жүзеге асырған кезде бiрыңғай жер салығын төлеушілер кiрiстер мен шығыстардың (еңбек ақы есептеудi қоса алғанда), мүлiктердiң (соның ішiнде көлiк құралдарының) бөлек есебiн жүргiзуге және жалпы белгiленген тәртiпте осындай түрлерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерге тиiстi есептеу мен төлеу жүргiзуге мiндеттi.
Бап 389. 389-бап. Бiрыңғай жер салығын есептеу және төлеу тәртiбi
389-бап. Бiрыңғай жер салығын есептеу және төлеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Жер учаскесiнiң бағаланатын құны бiрыңғай жер салығын есептеу үшiн база болып табылады. Жер учаскесiнiң бағаланатын құнын анықтауды (жер пайдалану құқығы) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жер ресурстарын басқару жөнiндегі өкiлетті мемлекеттiк орган жүргiзедi.
Тармақ 2
2. Бiрыңғай жер салығын есептеу жер учаскесi бағаланатын құнына 0,1 процент ставканы пайдалану жолымен жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Бiрыңғай жер салығын төлеу жер учаскесi орналасқан жер бойынша бюджетке тиiстi екi мерзiмде жүргiзiледi:
Тармақша 1
1) ағымдағы төлем ағымдағы салық кезеңiнiң 20 қазанынан кешiктiрмейтiн мерзiмде төленедi;
Тармақша 2
2) бiрыңғай жер салығы бойынша түпкілiктi есеп келесi есеп үшiн салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктірілмейтiн мерзiмде (салық жөнiндегі декларация есебiмен) жүргiзiледi. Төлеудiң бiрiншi мерзiмiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер ағымдағы есептi кезеңге есептелген бiрыңғай жер салығының жалпы сомасының бөлiгiнен кем емес көлемде ағымдағы төлемдi төлейдi 20 қазаннан кейiн қалыптасқан бiрыңғай жер салығын төлеушiлер келесi есептi кезең үшiн 20 наурыздан кешiктiрмейтiн мерзiмде ағымдағы есептi кезең үшiн төлеуге тиiстi жалпы салық сомасын енгiзедi.
Тармақ 4
4. Шаруа (фермерлiк) қожалықтары жер пайдалану құқығында (салық салу объектiсiнiң өзгерiсi есебiмен) жер учаскесiн иеленудiң нақты кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығы есептейдi және төлейдi.
Тармақ 5
5. Шаруа (фермерлiк) қожалықтары екінші рет пайдалануға жер учаскесiн беру кезiнде өкілеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiпте бiрыңғай жер салығын есептейдi және төлейдi.
Бап 390. 390-бап. Салық кезеңi және бiрыңғай жер салығы бойынша салықтық есеп
390-бап. Салық кезеңi және бiрыңғай жер салығы бойынша салықтық есеп
Тармақ 1
1. Жер салығы бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк жыл болып табылады.
Тармақ 2
2. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер жыл сайын ағымдағы салық кезеңiнiң 15 наурызынан кешiктiрмейтiн мерзiмде жер учаскелерi орналасқан жердегi салық органдарына келесi салық кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығы бойынша декларация бередi.
Тармақ 3
3. Бiрыңғай жер салығын төлеушi осы арнайы салық режимiн бiрiншi жыл қолданған (бiрiншi салық кезеңiнде) бiрiншi жылдың 15 наурызынан кешiктiрмейтін мерзiмде мына құжаттарды:
Тармақша 1
1) ағымдағы салық кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебiн;
Тармақша 2
2) нотариалдық немесе ауылдық атқару органдарымен расталған жер пайдалану құқығына (екiншi рет жер пайдалану туралы шартты қоса алғанда, уақытша жер пайдалану шарты) актi көшiрмесi; Жердi пайдалану құқығы актiсi болмаған жағдайда, бiрыңғай жер салығын төлеушiлер жергiлiктi атқарушы органның жердi пайдалану құқығын беру туралы шешiмiн тапсырады. Кейiн жердi пайдалану құқығы актiсiн алған кезде салық төлеуші оны алынған сәттен 30 күн iшiнде оның нотариат немесе селолық (поселкенің) атқару органдары растаған көшiрмесiн салық комитетiне тапсырады.
Тармақша 3
3) жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган берген жер учаскесiнің бағаланатын құнын анықтайтын актінің нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқару органдары растаған көшiрмесi. Актi болмаған кезде жер учаскесінің бағаланатын құны, жер ресурстарын басқару жөніндегі өкiлеттi орган берген 1 гектар жердің аудан бойынша орташа бағаланатын құнын ескере отырып анықталады;
Тармақша 4
4) қызметкерлердi келе жатқан салық кезеңінде жалдау туралы, болжаулы жалдаудың мерзiмдерi мен еңбек ақы мөлшерi, аты-жөні мiндеттi түрде көрсетілген мәлiметтер берiледi. Содан кейiнгi салық кезеңдерiнде бiрыңғай жер салығын төлеушi жоғарыда аталған құжаттарды олардағы мәлiметтер өзгергенде ғана тапсырады.
Тармақ 4
4. Осы арнайы салық режимiн таңдаған қайтадан құрылған салық төлеушiлер арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бергеннен кейiн 30 күн ішінде осы баптың 3-тармағында көрсетiлген бiрыңғай жер салығы сомасының есебi және құжаттарды тапсырады.
Тармақ 5
5. Таратылған немесе қайта құрылған кезде бiрыңғай жер салығын төлеушi қызметтi тоқтату немесе қайта құру туралы өтiнiштi салық органына бергеннен кейiн 15 күн мерзiмде өткен салық мерзiмi үшiн декларацияны тапсыруға мiндеттi.
Бап 391. 391-бап. Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердің жекелеген түрлер бойынша есептеу мен төлеу ерекшелiктерi
391-бап. Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердің жекелеген түрлер бойынша есептеу мен төлеу ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер ай сайын шаруа (фермер) қожалығының басшысын және мүшелерiн қоса есептегенде, әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштен 20 проценттiк ставка бойынша әлеуметтiк салық сомасын есептейдi. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстiң 157-бабына сәйкес жүргiзiледi. Жинақтаушы зейнетақы қорларында мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдi және жердiң жоғарғы қабатындағы көздерiнен су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы есептеу 452-465-баптарға тиiсiнше белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Төлем көзiнен ұсталатын әлеуметтiк салықтың, жеке табыс салығының, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарының, қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдердiң, жер бетiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдердiң есептелген сомасын төлеу бiрыңғай жер салығын төлеу үшін көзделген мерзiмдерде мынадай тәртiпте жүргiзіледi:
Тармақша 1
1) ағымдағы салық кезеңінің 20-шы қазанынан кешіктірілмейтін мерзiмде 1 қаңтардан 1 қазанға дейінгі кезең үшін есептелген сома төленеді;
Тармақша 2
2) келесi есеп үшiн салық кезеңнiң 20-шы наурызынан кешiктiрiлмейтін мерзiмде 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейiнгi кезең үшін есептелген сома төленедi.
Бап 392. 392-бап. Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің жекелеген түрлерi
392-бап. Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің жекелеген түрлерi бойынша  салықтық есептесудi ұсыну Бірыңғай жер салығын төлеушiлер белгiленген мерзiмдерде бiрыңғай жер салығы бойынша декларация ұсыну үшін:
Тармақша 1
1) әлеуметтiк салық бойынша декларация;
Тармақша 2
2) төлем көзінде ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есеп беру;
Тармақша 3
3) жинақтаушы зейнетақы қорларына міндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi есеп;
Тармақша 4
4) осы төлем үшін белгiленген салық мерзімі ішінде жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлем жөніндегі декларацияны тапсырады.
Тарау 66. 66-ТАРАУ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН АРНАЙЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ
66-ТАРАУ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН АРНАЙЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ
Бап 393. 393-бап. Жалпы ережелер
393-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнайы салық режимі - мынадай заңды тұлғалар қызметіне таралатын патент негізінде бюджетпен есептің ерекше тәртібі:
Тармақша 1
1) жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіру бойынша аталған өнімді жеке өндірісте ұқсату және сату;
Тармақша 2
2) толық кезеңмен (өсіруден бастап) ауыл шаруашылық мал шаруашылығы (соның ішінде асыл тұқымды) мен құс шаруашылығы, омарташылық өнімдерін өндіру бойынша, сондай-ақ меншік өндірістен аталған өнімдерді ұқсату және сату.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаға арналған арнайы салық режимiн (бұдан әрi - арнайы салық режимi) мыналарды, қолдануға құқы жоқ:
Тармақша 1
1) филиалдары және өкiлдiктерi бар заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) тәуелдi (соның iшiнде еншілес) ұйымдары бар заңды тұлғалар;
Тармақша 3
3) заңды тұлғалардың филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi;
Тармақ 3
3. Арнайы салық режимі акцизделетін өнімдерді өндіру, ұқсату және сату бойынша салық төлеушiлер қызметiне таратылмайды.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың осы арнайы салық режимi немесе салық салудың жалпы белгiленген тәртiбiн дербес таңдауға құқылы. Салық салудың таңдап алынған режимi салық салу мерзiмi iшiнде өзгертуге жатпайды.
Тармақ 5
5. Салық төлеушiлер осы арнайы салық режимi таратылмайтын қызметтiң түрлерiн жүзеге асырған кезде кiрiстер мен шығыстардың (еңбекақыны қоса алғанда), мүлiктердiң (соның ішiнде, көлiк құралдары мен жер учаскелерiнiң) есебiн бөлек жүргiзуге және жалпы белгiленген тәртiпте қызметтiң мұндай түрлерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерге тиiстi есептесу мен төлеу жүргізуге мiндеттi.
Бап 394. 394-бап. Салық кезеңі
394-бап. Салық кезеңі Патент құнына есепке кiрген салықтарды есептеу үшiн салық кезеңi күнтiзбелiк жыл болып табылады.
Бап 395. 395-бап. Патент берудiң тәртiбi
395-бап. Патент берудiң тәртiбi
Тармақ 1
1. Арнайы салық режимiн қолдану үшiн салық төлеушi жыл сайын 20 ақпаннан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде учаскенiң орналасқан орны бойынша салық органына өкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген нысан бойынша патент алуға өтiнiш бередi. Салық төлеушiнiң көрсетілген мерзiмде өтiнiш бермеуi жалпы белгiленген тәртiпте салықтарды есептеуге және төлеуге оның келiскенi болып есептеледi.
Тармақ 2
2. Салық төлеушi арнайы салық режимiн қолданудың алғашқы салық кезеңiнде өтiнiшпен бiрге жер учаскесiнiң орналасқан орны бойынша салық органына мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің нотариат куәландырған көшiрмесiн;
Тармақша 2
2) нотариатта немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдарда куәландырылған жердi тұрақты пайдалануға құқық беретiн актiнiң (жердi уақытша пайдалану туралы, соның iшiнде жердi екiншi рет уақытша пайдалану туралы шарт) көшiрмесiн;
Тармақша 3
3) көлiк құралдарына салынған салықты есептеу үшiн қажеттi көрсеткiштердi көрсетумен осы Кодекстiң 393-бабының 1-тармағында белгіленген қызметте пайдаланылатын және салық кезеңiнiң басындағы жағдай бойынша бар автокөлiк құралдарының тiзбесiн;
Тармақша 4
4) мүлiкке салық салу объектiлерi болып табылатын және сенiмгерлiк басқаруындағы меншiк құқығында орналасқан объектілердi бөлiп салық кезеңiнiң басындағы жағдаймен бухгалтерлiк есеп бойынша олардың қалдық құнын көрсетумен, осы Кодекстiң 393-бабының 1-тармағында белгiленген негiзгi қаражаттардың және материалдық активтердiң тiзбесiн;
Тармақша 5
5) лицензиясын (қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге асырған жағдайда);
Тармақша 6
6) мәлiмделген жұмысшылар санына кiрiстер түрiнде төлейтiн жұмыс берушiнiң шығындарын қоса алғанда, салық төлеушілердiң өткен 3-5 жыл үшiн жылдық жиынтық кiрiс, шығысты растауға қажеттi көшiрмесiн;
Тармақша 7
7) салық төлеушінің уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілеген нысан мен тәртiп бойынша құрылған патент құнының есебiн тапсырады.
Тармақ 3
3. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлығы болған жағдайда салық органы 5 күн ішінде патент береді. Келесі салық салу кезеңдерiнде салық төлеушілер аумақтық салық органы патент алу ретінде өтінiш берген кезде, ондағы деректер өзгерген кезде тек осы баптың 2-тармағының 2, 3, 4, 5 тармақшаларында белгiленген құжаттарды ғана тапсырады.
Тармақ 4
4. Қайта құрылған салық төлеушi тiркеу есебiне қойған сәттен 30 күн iшiнде осы арнайы салық режимiн қолдануға құқыққа өтiнiш бередi.
Тармақ 5
5. Патент беру әрбiр салық салу кезеңiне жүргiзіледi.
Бап 396. 396-бап. Патент құрамына кiретiн салықтарды есептеу тәртiбi
396-бап. Патент құрамына кiретiн салықтарды есептеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Патент құнының есебiнде корпорациялық табыс салығы, әлеуметтiк салық, жер салығы, мүлікке салынатын салық, көлік құралдарына салынатын салық, қосылған құн салығы (егер салық төлеушi қосылған құн салығын төлеушi есебiнде есепке тұрған жағдайларда) кiредi.
Тармақ 2
2. Салық төлеушi патент құнының есебiн жасау кезiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiпте өткен 3-5 жыл үшiн шаруашылықтың кiрiсi және шығынының көрсеткiшi негiзiнде корпорациялық табыс салығы, қосылған құн салығы сомаларын есептейдi. Қайта құрылған салық төлеушiлердiң кiрiс және шығындар көрсеткiшi ұқсас шаруашылықтың өткен 3-5 жылы үшiн орташа көрсеткiш бойынша айқындалады.
Тармақ 3
3. Салық төлеушi әлеуметтiк салық сомасын есептеуді мәлiмделген жұмысшылар санына кiрiстер түрiнде төлейтiн жұмыс берушінiң шығындары сомасына осы Кодексте белгiленген ставкалар қолдану жолымен жүргiзедi. Бұл ретте, көрсетiлген кiрiстер осы Кодекстiң 153-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалады.
Тармақ 4
4. Жер салығын, мүлiк және көлiк құралдарына салынатын салықтарды есептеуді жалпы белгiленген тәртiппен салық төлеушi жүргiзедi.
Тармақ 5
5. Бюджетке төлеуге тиiстi салық сомасы патент құнына есеп кезінде 80-процентке кемидi.
Тармақ 6
6. Осы арнайы салық режимiн қолданушы салық төлеушiлер қосылған құн салығын қоспағанда, патент құнының есебiнде енгізуі бойынша декларация тапсырудан босатылады. Осы арнайы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер есептi салық кезеңi үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны келесi есеп үшiн салық кезеңiнiң 15 наурызынан кешiктiрмейтiн мерзiмде тапсырады.
Тармақ 7
7. Ағымдағы салық салу кезеңi iшiнде салық төлеушілердiң салығы бойынша салық салу объектілерi өзгерген жағдайда, келесi есеп үшiн салық кезеңiнiң 15 наурызынан кешiктiрмейтiн мерзiмде салық органына қайта есептелген "Патент құнының есебiн" тапсырады.
Бап 397. 397-бап. Салық төлеу тәртiбi және мерзiмдерi
397-бап. Салық төлеу тәртiбi және мерзiмдерi Патент құнының есебiнде енген бюджетке төленетiн салықтар сомасын төлеу мынадай тәртiппен:
Тармақша 1
1) көлiк құралдарына салынатын салықтың төлеуге тиесiлi сомасын ағымдағы төлемдер мөлшерiнде салық салу кезеңiнiң 20 мамырынан кешіктiрмей төлейдi;
Тармақша 2
2) көлiк құралдарына салынатын салықты төлегеннен кейiн патент құнының қалған сомасынан кем дегенде 1/2 бөлiгін ағымдағы төлемдер мөлшерiнде салық кезеңiнiң 20 қазанынан кешiктiрмей төлейдi;
Тармақша 3
3) салықтар бойынша берілген қайта есептеулер есебiмен патент құнының қалған бөлiгі келесi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрмей төлеу жүргiзiледi.
Бап 398. 398-бап. Патент құнының есебiне кiрмеген салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiн есептеу, төлеу ерекшелiктерi және олар бойынша салық есебiн беру
398-бап. Патент құнының есебiне кiрмеген салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiн есептеу, төлеу ерекшелiктерi және олар бойынша салық есебiн беру
Тармақ 1
1. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстiң 157-бабына сәйкес жүргізiледi. Жинақтаушы зейнетақы қорларында мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргізiледi. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдi және жердiң жоғарғы қабатындағы көздерiнен су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы есептеу 452-465-баптарға тиiсiнше белгіленген тәртiппен жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығы және жинақтаушы зейнетақы қорларына, төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары сомаларын төлеудi, қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем және жер бетiндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемдер төлеудi бюджетпен есеп айырысуды патент негiзiнде жүзеге асыратын салық төлеушiлер мынадай тәртiпте жүргiзедi:
Тармақша 1
1) ағымдағы салық салу кезеңiнің 1 қаңтардан 1 қазанға дейiнгi кезең үшiн есептелген сомаларды 20 қазаннан кешiктiрілмейтiн мерзiмде төлейдi;
Тармақша 2
2) 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейiнгi кезең үшiн есептелген сомаларды келесi есеп үшiн салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрмей төленедi.
Тармақ 3
3. Арнайы салық режимiн қолданатын ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар алдыңғы салық кезеңi үшiн 15 мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде мынадай салық есебiн:
Тармақша 1
1) жер бетiндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем жөнiндегi декларацияны;
Тармақша 2
2) қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн төлемдер жөнiндегi декларацияны тапсырады.
Тармақ 4
4. Төлем көзiнде ұсталатын жеке табыс салығы бойынша есептi және жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша есептi арнайы салық режимiн қолданатын ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мынадай мерзiмдерде:
Тармақша 1
1) ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезең үшiн есептеген сомасы бойынша 15 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде;
Тармақша 2
2) 1 қазаннан 31 желтоқсанына дейiнгі кезең үшiн есептеген сомасы бойынша келесi есеп үшiн салық кезеңiнiң 15 наурызынан кешiктiрмей тапсырады;
Тармақ 5
5. Осы арнайы салық режимi таратылатын қызмет түрлерi бойынша патент құнының есебiне қосылмаған және осы бапта көрсетiлмеген салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдер жөнiнде есептеу, төлеу және салық есебiн беру жалпы белгiленген тәртiппен жүргізiледi.
Тарау 67. 67-ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТIҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIНЕ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ САЛЫҚ РЕЖИМI
67-ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТIҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIНЕ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ САЛЫҚ РЕЖИМI
Бап 399. 399-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар
399-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар:
Тармақша 1
1) бильярд столы - бильярд ойынына арналған торлары (борттарда саңылаулары) бар және олар жоқ стол;
Тармақша 2
2) ойын бизнесi - құмар ойындарды ұйымдастырып, өткiзумен және табыс табу мақсатымен бәс тiгумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
Тармақша 3
3) ойын мекемесi - құмар ойындар өткiзiлетiн және (немесе) бәс тiгуге ставкалар қабылданатын орын: казино, тотализатор, букмекерлiк кеңсе, ақшалай ұтыстармен ойын автоматтары залы және өзге де ойын үйлерi (орындары);
Тармақша 4
4) ойын жолы - боулинг ойнауға арналған боулингтегi жол (кегельбан);
Тармақша 5
5) ойын столы - ойын мекемесiнде кез келген ұтыс түрi бар құмар ойындарын өткiзуге арналған арнаулы жабдық, ойын мекемесi ол ойындарға өз өкілдерi арқылы тарап ретiнде немесе ұйымдастырушы және (немесе) бақылаушы ретiнде қатысады;
Тармақша 6
6) ойын автоматы - ойындар, соның ішiнде құмар ойындар өткiзу үшiн пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлi, электронды және өзге де техникалық жабдық);
Тармақша 7
7) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және серпiндi аспалы дөңгелексiз, жұмыс көлемi 250 текше сантиметрге және ең көп жылдамдығы сағатына 150 км-ге дейiн жететiн екiтактілі двигательдi микролитражды жарыс автомобилi;
Тармақша 8
8) касса - ойын мекемесiндегi (тотализатордағы немесе букмекерлiк кеңседегi) ставкалардың жалпы сомасы ескерілетiн және төленуге тиiстi ұтыс сомасы белгiленетiн арнаулы жабдықталған орын;
Тармақша 9
9) лото - фишкалармен жабылатын нөмiрлермен (картинкалармен немесе басқа белгілеулермен) ерекше карталардағы ойын;
Тармақша 10
10) бәс тігу - тәуекелге негiзделген және екi немесе бiрнеше жеке, сондай-ақ заңды тұлғалар арасында жасалған, нәтижесi болуы немесе болмауы белгісіз мән-жайларға байланысты болатын ұтыс туралы келiсiм;
Тармақша 11
11) салық салу объектiлерiн есепке алған тiркеу карточкасы - салық органдарында салық салу объектiлерiнiң тiркелгенiн растайтын, нысаны уәкiлеттi мемлекеттiк органда бекiтілген құжат;
Тармақша 12
12) тұрақты нүкте - боулинг (кегельбан), картинг, бильярд және лотоны ұйымдастыру бойынша ақшалай ұтыссыз ойын автоматтарының қызмет көрсетуiмен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын орын.
Бап 400. 400-бап. Жалпы ережелер
400-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Кәсiпкерлiк қызметтiң кейбiр түрлерiне арналған арнайы салық режимi (бұдан әрі - арнайы салық режимi):
Тармақша 1
1) ойын бизнесi саласында;
Тармақша 2
2) ақшалай ұтыссыз ойын автоматтарына;
Тармақша 3
3) боулинг (кегельбан) бойынша;
Тармақша 4
4) бильярд бойынша;
Тармақша 5
5) лото ойынын ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететiн заңды тұлғаларға, олардың филиалдарына, өкiлдiктерiне және өзге де құрылымдық бөлiмшелерiне, жеке кәсiпкерлерге таратылады.
Тармақ 2
2. Арнайы салық режимi осы баптың 1-тармағында айқындалған тұлғаларға:
Тармақша 1
1) тiркелген сомалық салық түрiнде корпоративтiк немесе жеке табыс салығын және қосылған құн салығын (төлем көздерiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда) есептеу мен төлеудiң;
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетiлген салық және акциз бойынша бiрыңғай оңайлатылған декларация түрiнде салық декларациясын тапсырудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Корпоративтiк (жеке) табыс салығы - тiркелген жиынтық салықтың мөлшерiнен 30 проценттi, қосылған құн салығы - тiркелген жиынтық салықтың мөлшерiнен 70 проценттi құрайды.
Тармақ 4
4. Салық төлеушілер тiркелген жиынтық салықты төлеумен қатар осы Кодекстiң 262-286-баптарында белгiленген тәртiппен сомасын айқындалатын акциздi төлейдi.
Тармақ 5
5. Осы баптың 1-тармағында аталмаған кәсiпкерлiк қызметтiң өзге де түрлерiн жүзеге асыру кезiнде салық төлеушілер мұндай қызмет түрлерi бойынша кірiстер мен шығыстардың бөлек есебiн жүргiзуге және корпоративтік немесе жеке табыс салығын, қосылған құн салығын есептеу және төлеудi жалпы белгiленген тәртiпте жүргiзуге мiндеттi.
Тармақ 6
6. Осы баптың 2-4-тармақтарында көрсетiлмеген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер осы Кодексте белгіленген тәртiпте есептеуге және төлеуге жатады.
Тармақ 7
7. Ойын мекемелерiнде (стационарлық нүктеде) қолданылатын осы Кодекстің 401-бабында көрсетiлген салық салу объектiлерiнiң әрбiр түрлерiнiң жалпы саны, жалпы объектiлер санының өзгерiсi осы Кодекстiң 405-бабында белгiленген тәртіппен салық органдарында мiндеттi тiркеуге (қайта тiркеуге) жатады.
Бап 401. 401-бап. Тiркелген жиынтық салықпен салық салу объектiсi
401-бап. Тiркелген жиынтық салықпен салық салу объектiсi
Тармақ 1
1. Бекітілген жиынтық салықпен салық салу объектісі мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) ойын бизнесі саласында қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін: ойын мекемесi тарап ретiнде өз өкiлдерi арқылы қатысатын құмар ойындарды өткiзуге арналған ойын столы; ойын мекемесі өз өкілдері арқылы ұйым және (немесе) бақылаушы ретінде қатысатын құмар ойындар өткізуге арналған ойын столы; ақшалай ұтысты ойын автоматы; тотализаторлар кассасы; букмекерлік кеңсе кассасы;
Тармақша 2
2) ақшалай ұтыссыз ойын автоматтарына қызмет көрсететін салық төлеушiлер үшін: ақшалай ұтыссыз ойын автоматы;
Тармақша 3
3) боулинг (кегельбан) бойынша қызметтер көрсететiн салық төлеушілер үшiн: ойын жолы;
Тармақша 4
4) картинг бойынша қызметтер көрсететiн салық төлеушiлер үшiн: карт;
Тармақша 5
5) бильярд бойынша қызметтер көрсететiн салық төлеушiлер үшiн: бильярд столы;
Тармақша 6
6) лото ойынын ұйымдастырушы салық төлеушiлер үшiн: лото ұйымдастырушы.
Бап 402. 402-бап. Тiркелген жиынтық салық ставкалары
402-бап. Тiркелген жиынтық салық ставкалары
Тармақ 1
1. Тiркелген жиынтық салықтың базалық ең аз және ең жоғары жылдық ставкаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Салық салу объектiсi бiрлiгінен алынатын тiркелген жиынтық салық ставкаларының нақты мөлшерлерiн салық органының келiсiмi бойынша жергіліктi өкiлдi органдар белгiлейдi және бiр әкiмшілік-аумақтық бөлiнiс аумағында болатын салық төлеушілерге арналған бiрыңғай болып табылады.
Бап 403. 403-бап. Тiркелген жиынтық салықты және акциздi есептеу мен төлеу тәртiбi
403-бап. Тiркелген жиынтық салықты және акциздi есептеу мен төлеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Күнтiзбелiк бiр жылға төленуге тиiстi тiркелген жиынтық салық осы Кодекстiң 401-бабында айқындалған әрбiр салық салу объектiсiне тиiстi жылдық салық ставкасын қолдану арқылы айқындалады. Осы Кодекстiң 404-бабында белгiленген есептi кезең үшiн төлеуге тиiстi тiркелген жиынтық салық жылы бойынша есептелген соманы он екiге бөлу жолымен айқындалады.
Тармақ 2
2. Акциз сомасы және тiркелген жиынтық салық келесi есептi айдағы 20 күнiнен кешiктiрiлмей ай сайын салық салу объектілерi орналасқан жер бойынша бюджетке төлеуге жатады.
Тармақ 3
3. Салық төлеушiнiң облыстарды (қалаларда) бiрнеше ойын орындары (тұрақтылық нүктелерi) бар болған кезде тiркелген жиынтық салық және акциз бiр аудан (қала ауданы) шегiнде болып табылатын салық салу объектілерi бойынша бөлек есептеледi.
Тармақ 4
4. Салық салу объектілерiн пайдалануға енгiзу кезiнде, салық кезеңiнiң 15 күнiне дейiн тiркелген жиынтық салық кезеңнiң жартысы үшiн 15 күнiнен кейiн толық салық кезеңi сияқты есептеледi. Салық салу объектiлерi салық кезеңiнiң 15 күнiне дейiн iстен шыққан кезде, тiркелген жиынтық салық толық кезең үшiн 15 күнiнен кейiн салық кезеңiнiң жартысына сияқты есептеледi.
Бап 404. 404-бап. Салық кезеңi және салық декларациясы
404-бап. Салық кезеңi және салық декларациясы
Тармақ 1
1. Тiркелген жиынтық салық және акциз есептеу мен төлеуге арналған салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.
Тармақ 2
2. Салық төлеушілер тiркелген жиынтық салық және акциз бойынша бiрыңғай оңайлатылған декларацияны келесi есептi айдың 15 күнiнен кешiктiрмей салық салу объектiлерi орналасқан жер бойынша салық органына тапсыруға мiндеттi.
Бап 405. 405-бап. Тiркелген жиынтық салықты салатын объектiлердiң тiркеу (қайта тiркеу) тәртiбi
405-бап. Тiркелген жиынтық салықты салатын объектiлердiң тiркеу (қайта тiркеу) тәртiбi
Тармақ 1
1. Тiркелген жиынтық салықты салатын объектiлердi тiркеу (қайта тiркеу) оған салық органдарында тiркеу есебiне қою фактiсiн растайтын құжат қосымшасымен салық салу объектілерi орналасқан жерi бойынша салық органына беретiн салық төлеушiнiң өтiнiшi негізiнде жүргізiледi. Салық төлеушi лицензиялайтын қызмет түрі жүзеге асқан кезде, салық салу объектiлерiн тiркеу (қайта тiркеу) мұндай қызметтi жүзеге асыру құқығына тиiстi лицензия салық төлеушiде болған кезде жүргiзiледi. Өтiнiш нысанын уәкілеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
Тармақ 2
2. Салық төлеушіге салық салу объектілерін есепке алған тіркеу карточкасын осы баптың 1-тармағында белгіленген құжаттарды берген күннен бастап 2 күн ішінде береді.
Тармақ 3
3. Салық салу объектiлерiн есепке алған тiркеу карточкасын әрбiр ойын мекемесiне (стационарлық нүктеге) оларда салық салу объектілерiн пайдаланатын есеппен жеке бередi. Егер салық төлеушiнің бiр аудан (қала ауданы) шегiнде орналасқан бiрнеше ойын мекемесi (стационарлық нүктесi) болған жағдайда, салық төлеушінің еркiмен салық органы мұндай ойын мекемелерiн (стационарлық нүктелерiн) салық салу объектiлерi есебiне алған бiр тiркеу карточкасын бередi. Ойын мекемелерiнiң (стационарлық нүктелердiң) салық салу объектiлерiнiң есепке алған тiркеу карточкасының түпнұсқасын не карточканың нотариалды расталған көшiрмесi болуы тиiс.
Тармақ 4
4. Салық салу объектілерiнiң әрбiр түрiнiң жалпы санын өзгерту кезiнде, салық төлеушi салық органына салық салу объектiлерiн қайта тiркеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi. Салық органы салық төлеушiден өтiнiш алған күннен кейінгi бiр күн ішінде тiркеу карточкасындағы өзгерiске тиiстi енгiзу жолымен объектiлердi қайта тiркеудi жүргiзедi.
Тармақ 5
5. Салық органдарында тiркелмеген салық салу объектiлерiн пайдалануға жол берiлмейдi.
Бөлім 15. 15-БӨЛIМ. БАСҚА ДА МIНДЕТТI ТӨЛЕМДЕР
15-БӨЛIМ. БАСҚА ДА МIНДЕТТI ТӨЛЕМДЕР
Тарау 68. 68-ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ТІРКЕУ ҮШІН АЛЫМ
68-ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ТІРКЕУ ҮШІН АЛЫМ
Бап 406. 406-бап. Жалпы ережелер
406-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым (бұдан әрi - алым) заңды тұлғалардың және олардың филиалдары мен өкілдiктерiн қызметiн құру, қайта құру, тоқтатуды мемлекеттiк (есептiк) тiркеу, оның iшiнде мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) туралы олардың көшiрменi алуы кезiнде өндiрiп алынады.
Тармақ 2
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген тәртiпте және жағдайларда уәкілеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
Бап 407. 407-бап. Алым төлеушiлер
407-бап. Алым төлеушiлер Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес тiркеуге жататын заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкiлдiктерi алым төлеушілер болып табылады.
Бап 408. 408-бап. Алымды есептеудiң, төлеудiң және төленген сомаларды қайтарудың тәртiбi
408-бап. Алымды есептеудiң, төлеудiң және төленген сомаларды қайтарудың тәртiбi
Тармақ 1
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
Тармақ 2
2. Алым сомасы салық төлеушi ретiнде алым төлеушiнi мемлекеттiк тiркеу орны бойынша бюджетке енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Төленген алым сомалары мыналардан басқа жағдайларда қайтаруға жатпайды:
Тармақша 1
1) тiркеушi орган тиiстi құжаттарды беруге дейiн тiркеу жасаудан алымды төлеген тұлғалар бас тартқанда;
Тармақша 2
2) тiркеушi орган қарауға құжаттарды қабылдаудан бас тартқанда;
Тарау 69. 69-ТАРАУ. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРДI МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ ҮШІН ТӨЛЕНЕТIН АЛЫМ
69-ТАРАУ. ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРДI МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ ҮШІН ТӨЛЕНЕТIН АЛЫМ
Бап 409. 409-бап. Жалпы ережелер
409-бап. Жалпы ережелер Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркеу үшiн алынатын алым (бұдан әрi - алым) жеке кәсiпкерлер ретiнде Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, мемлекеттік тіркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде өндiрiп алынады.
Бап 410. 410-бап. Алым төлеушiлер
410-бап. Алым төлеушiлер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркеуге жататын жеке тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Тармақ 2
2. Шаруа (фермер) қожалықтары алым төлеушiлер болып табылмайды.
Бап 411. 411-бап. Алымды есептеудiң төлеудiң және төленген сомаларды қайтарудың тәртiбi
411-бап. Алымды есептеудiң төлеудiң және төленген сомаларды қайтарудың тәртiбi
Тармақ 1
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
Тармақ 2
2. Алым сомасы тiркеудiң жүзеге асырылған жерi бойынша бюджетке енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Төленген алым сомалары мынадай жағдайлардан басқа қайтаруға жатпайды:
Тармақша 1
1) тiркеушi орган тиiстi құжаттарды беруге дейiн тiркеу жасаудан алымды төлеген тұлғалар бас тартқанда;
Тармақша 2
2) тiркеушi орган қарауға құжаттарды қабылдаудан бас тартқанда;
Тарау 70. 70-ТАРАУ. ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛIККЕ ЖӘНЕ ОНЫМЕН ЖАСАЛАТЫН МӘМIЛЕЛЕРГЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТIРКЕУ ҮШIН АЛЫМ
70-ТАРАУ. ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛIККЕ ЖӘНЕ ОНЫМЕН ЖАСАЛАТЫН МӘМIЛЕЛЕРГЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТIРКЕУ ҮШIН АЛЫМ
Бап 412. 412-бап. Жалпы ережелер
412-бап. Жалпы ережелер Жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым (бұдан әрi - алым) жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу (бұдан әрi - тiркеушi) кезiнде өндiрiп алынады.
Бап 413. 413-бап. Алым төлеушiлер
413-бап. Алым төлеушiлер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркеуге жататын, жылжымайтын мүлiкпен іс-қимылды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Тармақ 2
2. Мыналар алым төлеушiлер болып табылмайды:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестiрiлген тұлғалар;
Тармақша 2
2) I және II топтағы мүгедектер;
Тармақша 3
3) жеке тұратын зейнеткерлер;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен көзделген жағдайлардағы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi.
Бап 414. 414-бап. Алымды есептеудiң, төлеудің және төленген сомаларды қайтарудың тәртiбi
414-бап. Алымды есептеудiң, төлеудің және төленген сомаларды қайтарудың тәртiбi
Тармақ 1
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
Тармақ 2
2. Алым сомасы тiркеудiң жүзеге асырылған жерi бойынша бюджетке енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Төленген алым сомалары мынадай жағдайлардан басқа қайтаруға жатпайды:
Тармақша 1
1) тiркеушi орган тиiстi құжаттарды беруге дейiн тiркеу жасаудан алымды төлеген тұлғалар бас тартқанда;
Тармақша 2
2) тiркеушi орган қарауға құжаттарды қабылдаудан бас тартқанда;
Тарау 71. 71-ТАРАУ. ЖЫЛЖЫМАЛЫ МҮЛIКТІҢ КЕПIЛДIГIН ТIРКЕУ ҮШIН АЛЫМ
71-ТАРАУ. ЖЫЛЖЫМАЛЫ МҮЛIКТІҢ КЕПIЛДIГIН ТIРКЕУ ҮШIН АЛЫМ
Бап 415. 415-бап. Жалпы ережелер
415-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жылжымалы мүлiктiң кепілдiгiн тiркеу үшiн алым (бұдан әрi - алым) жылжымалы мүлiктiң кепiлдiгiн (бағалы қағаздардан басқа), сондай-ақ осы бапта көзделген іс-қимылдарды тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде өндiрiп алынады. Оларды жүзеге асырғаны үшiн өндiрiп алынатын алымдарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) жылжымалы мүлiктің кепілдігін тіркеу туралы куәлiк (куәліктің телнұсқасын) берудi;
Тармақша 2
2) тiркеу құжаттарында өтiнiш берушiнiң кiнәсi бойынша жiберiлген қателiктердi түзетуді;
Тармақша 3
3) жылжымалы мүлiктiң кепiлдiгiн тiркеудiң тiзiлiмiнен көшiрме берудi.
Тармақ 2
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiмен белгіленген тәртiпте және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
Бап 416. 416-бап. Алым төлеушiлер
416-бап. Алым төлеушiлер Жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне тiркеудi жүзеге асыратын тiркеушi орган алым төлеушiлер болып табылады.
Бап 417. 417-бап. Алымды есептеудiң, төлеудің және төленген сомаларды қайтарудың тәртiбi
417-бап. Алымды есептеудiң, төлеудің және төленген сомаларды қайтарудың тәртiбi
Тармақ 1
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
Тармақ 2
2. Алым сомасы тiркеудiң жүзеге асырылған жерi бойынша бюджетке енгiзіледi.
Тармақ 3
3. Төленген алым сомалары мынадай жағдайлардан басқа қайтаруға жатпайды:
Тармақша 1
1) тiркеушi орган тиiстi құжаттарды беруге дейiн тiркеу жасаудан алымды төлеген тұлғалар бас тартқанда;
Тармақша 2
2) тiркеушi орган қарауға құжаттарды қабылдаудан бас тартқанда;
Тарау 72. 72-ТАРАУ. РАДИОЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ЖИIЛIЛIК ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ТIРКЕУ YШIН АЛЫМ
72-ТАРАУ. РАДИОЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ЖИIЛIЛIК ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ТIРКЕУ YШIН АЛЫМ
Бап 418. 418-бап. Жалпы ережелер
418-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Радио электронды құралдар мен жоғары желiлi құрылғыларды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым (бұдан әрi - алым) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары желiлi құрылғыларды тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде өндiрiп алынады.
Тармақ 2
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiмен белгiленген тәртiпте және жағдайларда байланыс саласындағы уәкілеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
Бап 419. 419-бап. Төлеушiлер
419-бап. Төлеушiлер Жеке және заңды тұлғалардың мүдделерiне тiркеудi жүзеге асыратын тiркеушi орган алым төлеушілер болып табылады.
Бап 420. 420-бап. Алымды есептеудiң, төлеудiң және төленген сомаларды қайтарудың тәртiбi
420-бап. Алымды есептеудiң, төлеудiң және төленген сомаларды қайтарудың тәртiбi
Тармақ 1
1. Алым сомасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша тiркеушi орган есептейдi.
Тармақ 2
2. Алым сомасы тiркеудiң жүзеге асырғанға дейiн тiркеудiң жүзеге асыру жерi бойынша бюджетке енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Төленген алым сомалары мынадай жағдайлардан басқа қайтаруға жатпайды:
Тармақша 1
1) тiркеушi орган тиiстi құжаттарды беруге дейiн тiркеу жасаудан алымды төлеген тұлғалар бас тартқанда;
Тармақша 2
2) тiркеушi орган қарауға құжаттарды қабылдаудан бас тартқанда.
Тарау 73. 73-ТАРАУ. МЕХАНИКАЛАНДЫРЫЛҒАН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ЖӘНЕ ТIРКЕМЕЛЕРДI МЕМЛЕКЕТТIК ТІРКЕУ ҮШIН АЛЫМ
73-ТАРАУ. МЕХАНИКАЛАНДЫРЫЛҒАН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ЖӘНЕ ТIРКЕМЕЛЕРДI МЕМЛЕКЕТТIК ТІРКЕУ ҮШIН АЛЫМ
Бап 421. 421-бап. Жалпы ережелер
421-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Механикаландырылған көлiк құралдарын және тiркемелердi мемлекеттiк тіркеу үшiн алынатын алым (бұдан әрi - алым) механикаландырылған көлiк құралдарын және тiркемелердi мемлекеттiк тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде өндiрiп алынады.
Тармақ 2
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте және жағдайда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
Бап 422. 422-бап. Алым төлеушілер
422-бап. Алым төлеушілер Тiркеуге жататын механикаландырылған көлiк құралдарын және тiркемелердi пайдаланатын заңды және жеке тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Бап 423. 423-бап. Алымды есептеудің, төлеудiң және төленген сомаларды қайтарудың тәртiбі
423-бап. Алымды есептеудің, төлеудiң және төленген сомаларды қайтарудың тәртiбі
Тармақ 1
1. Алым сомасын Қазақстан Республикасының Үкiметі белгiлеген ставкалар бойынша тiркеушi орган есептейдi.
Тармақ 2
2. Алым сомасы тiркеудiң жүзеге асырғанға дейін тiркеудiң жүзеге асыру жерi бойынша бюджетке енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Төленген алым сомалары мынадай жағдайлардан басқа қайтаруға жатпайды:
Тармақша 1
1) тiркеушi орган тиiстi құжаттарды беруге дейiн тiркеу жасаудан алымды төлеген тұлғалар бас тартқанда;
Тармақша 2
2) тiркеушi орган қарауға құжаттарды қабылдаудан бас тартқанда.
Тарау 74. 74-ТАРАУ. ТЕҢІЗ, ӨЗЕН ЖӘНЕ ШАҒЫН КӨЛЕМДI КЕМЕЛЕРДI МЕМЛЕКЕТТІК ТIРКЕУ YШІН АЛЫМ
74-ТАРАУ. ТЕҢІЗ, ӨЗЕН ЖӘНЕ ШАҒЫН КӨЛЕМДI КЕМЕЛЕРДI МЕМЛЕКЕТТІК ТIРКЕУ YШІН АЛЫМ
Бап 424. 424-бап. Жалпы ережелер
424-бап. Жалпы ережелер Теңiз, өзен және шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу үшiн төленетiн (бұдан әрi - алым) теңiз, өзен және шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде өндiрiп алынады.
Бап 425. 425-бап. Алым төлеушiлер
425-бап. Алым төлеушiлер Тiркелуге жататын кемелерi бар заңды және жеке тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Бап 426. 426-бап. Алымды есептеудiң, төлеудiң және төленген сомаларды қайтарудың тәртiбi
426-бап. Алымды есептеудiң, төлеудiң және төленген сомаларды қайтарудың тәртiбi
Тармақ 1
1. Алым сомасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша тiркеушi орган есептейдi.
Тармақ 2
2. Алым сомасы тiркеудiң жүзеге асырғанға дейiн тiркеудiң жүзеге асыру жерi бойынша бюджетке енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Төленген алым сомалары мынадай жағдайлардан басқа қайтаруға жатпайды:
Тармақша 1
1) тiркеушi орган тиiстi құжаттарды беруге дейiн тiркеу жасаудан алымды төлеген тұлғалар бас тартқанда;
Тармақша 2
2) тiркеушi орган қарауға құжаттарды қабылдаудан бас тартқанда;
Тарау 75. 75-ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ ҮШIН АЛЫМ
75-ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ӘУЕ КЕМЕЛЕРIН МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ ҮШIН АЛЫМ
Бап 427. 427-бап. Жалпы ережелер
427-бап. Жалпы ережелер Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн алым (бұдан әрi - алым) азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу (бұдан әрi - тiркеу) кезiнде өндiрiп алынады.
Бап 428. 428-бап. Алым төлеушiлер
428-бап. Алым төлеушiлер Тiркеуге жататын әуе кемелерi бар заңды және жеке тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Бап 429. 429-бап. Алымды есептеудiң, төлеудiң және төленген сомаларды қайтарудың тәртiбi
429-бап. Алымды есептеудiң, төлеудiң және төленген сомаларды қайтарудың тәртiбi
Тармақ 1
1. Алым сомасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша тiркеушi орган есептейдi.
Тармақ 2
2. Алым сомасы тiркеудiң жүзеге асырғанға дейiн тiркеудiң жүзеге асыру жерi бойынша бюджетке енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Төленген алым сомалары мынадай жағдайлардан басқа қайтаруға жатпайды:
Тармақша 1
1) тiркеушi орган тиiстi құжаттарды беруге дейiн тiркеу жасаудан алымды төлеген тұлғалар бас тартқанда;
Тармақша 2
2) тiркеушi орган қарауға құжаттарды қабылдаудан бас тартқанда;
Тарау 76. 76-ТАРАУ. АВТОКӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫ БОЙЫНША ЖYРГЕНI ҮШIН ТӨЛЕНЕТIН АЛЫМ
76-ТАРАУ. АВТОКӨЛIК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫ БОЙЫНША ЖYРГЕНI ҮШIН ТӨЛЕНЕТIН АЛЫМ
Бап 430. 430-бап. Жалпы ережелер
430-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргенi үшiн төленетiн алым (бұдан әрi - алым) жүктердi халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асырғанына рұқсат, iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдардың жүргенiне арнайы рұқсат бергенi үшiн, сондай-ақ ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша жүргенi (бұдан әрi - рұқсат беру) үшiн алынады.
Тармақ 2
2. Рұқсат берудi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте және жағдайларда көлiк саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - рұқсат беретiн орган) жүзеге асырады.
Бап 431. 431-бап. Төлеушiлер
431-бап. Төлеушiлер Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша, сондай-ақ ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша жүргенi үшiн халықаралық қатынаста жолаушыларды және жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және жеке тұлғалар алым төлеушілерi болып табылады.
Бап 432. 432-бап. Алым есептеу мен төлеудiң тәртiбi
432-бап. Алым есептеу мен төлеудiң тәртiбi
Тармақ 1
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және рұқсатты алғанға дейiн төленедi.
Тармақ 2
2. Рұқсат беретiн орган қатаң есеп бланкiсi негiзiнде өзiнiң арнайы пункттері арқылы қолма-қол ақшалармен алымды өндiрiп алуға құқылы, оның нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. Қолма-қол ақшамен төленген алым сомасын бюджет есебiне жатқызу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Алым сомасы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген тиiстi бюджетке енгізiледi.
Тармақ 4
4. Төленген алым сомалары қайтару жүргiзілмейдi.
Тарау 77. 77-ТАРАУ. АУКЦИОНДАРДАН АЛЫМ
77-ТАРАУ. АУКЦИОНДАРДАН АЛЫМ
Бап 433. 433-бап. Жалпы ережелер.
433-бап. Жалпы ережелер. Аукциондардан алым (бұдан әрi - алым) аукциондарда мүлiктi (оның ішiнде мүлiктiк құқықтарды) сату кезiнде өндiрiп алынады.
Бап 434. 434-бап. Алым төлеушiлер
434-бап. Алым төлеушiлер Аукциондарда мүлiктi (оның ішiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуды жүзеге асыратын сатушы - заңды және жеке тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Бап 435. 435-бап. Салық салу объектiсi
435-бап. Салық салу объектiсi
Тармақ 1
1. Аукционды өткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сатудың құны аукциондық сатулардан алым арқылы салық салу объектiсi болып табылады.
Тармақ 2
2. Сатылатын мүлiк (мүлiктiк құқық) құны алымымен салық салынбайды:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк орган және оның аумақтық органдары өткiзетiн аукциондардан;
Тармақша 2
2) мемлекет пайдасына атқарушы құжаттарды мәжбүрлi орындату жөнiндегi атқарушы өндiрiс органдары өткiзетiн аукциондардан;
Тармақша 3
3) сату бөлiгiнде мамандандырылған ашық аукциондардан: салық органдарының иелiк етуi шектелген мүлiктi; салықтық мiндеттемелердi қамтамасыз ету мақсатында кепiлдiкке алынған мүлiк; соттың шешiмi бойынша жүзеге асырылатын акциялардың қосымша эмиссияларын орналастыру.
Тармақша 4
4) сату жөнiндегi аукциондардан: соттардың атқарушы құжаттарының негiзiнде мемлекеттің кірiсiне тіркелген мүлiктi; белгiленген тәртiппен иесiз деп танылған мүлiктi; белгiленген тәртiппен мемлекетке өткен мүлiктi;
Тармақша 5
5) банкрот кәсiпорындардың конкурстық жиынын сату бойынша аукциондардан сатылған мүлiктi.
Бап 436. 436-бап. Алым ставкалары
436-бап. Алым ставкалары Алым салық салу объектiсiнiң 3% ставкасы бойынша есептеледi.
Бап 437. 437-бап. Алым есептеу және төлеудiң тәртiбi
437-бап. Алым есептеу және төлеудiң тәртiбi
Тармақ 1
1. Алымның сомасын төлеушiлер өздiгiнше, салық салу объектiсiне ставкаға сүйене отырып есептейдi.
Тармақ 2
2. Атқарушы құжаттар бойынша атқарушы өндiрiс органдары өткiзетiн аукцион бойынша алым сомасын есептеген кезде салық салынатын объектiнi бюджетке есептелетiн атқарушы санкцияның сомасына түзету жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Алымды төлеу аукцион өткiзгеннен кейiн 10 күннен кешiктірiлмей жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Төленген алым сомалары қайтаруға жатпайды.
Бап 438. 438-бап. Салық декларациясы
438-бап. Салық декларациясы
Тармақ 1
1. Алым төлеушiлер аукциондар өткiзгеннен кейiн 10 күннен кешiктiрмей салық төлеушi ретiнде мемлекеттік тiркелген жерi бойынша салық органдарына алым бойынша декларация тапсырады.
Тармақ 2
2. Аукцион құрушылар тоқсан аяқталғаннан кейiнгi айдың 15 күнiне дейiнгi мерзiмде тоқсан сайын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша мынадай ақпаратты салық төлеушi ретiнде мемлекеттiк тiркеу орны бойынша салық органына бередi.
Тарау 78. 78-ТАРАУ. ЕЛТАҢБАЛЫҚ АЛЫМ
78-ТАРАУ. ЕЛТАҢБАЛЫҚ АЛЫМ
Бап 439. 439-бап. Жалпы ережелер
439-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Елтаңбалық алым Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына вексель қағазын сатып алу кезiнде аударылым және жай вексельдер жасау кезiнде, Қазақстан Республикасының аумағына жасалатын, вексельдер (индоссирлеу, авелирлеу, акцепт, инкассаға беру және басқалар) бойынша құқықтар мен мiндеттердi өзгерту немесе тоқтату пайда болуына бағытталған бiрiншi iс-қимыл кезiнде төленедi.
Тармақ 2
2. Вексельден туындайтын құқық Қазақстан Республикасы аумағында елтаңба алымын төлемеу немесе толық төлемеу жағдайында, елтаңба алымының барлық сомасын төлеуге дейiн тоқтатылады және елтаңба алымының толық сомасын бюджетке енгiзудi растайтын құжаттың қосымшасымен алым сомасын толық төлеген сәттен қайта төленедi.
Тармақ 3
3. Вексель қағазы - айқындалған деңгейге дейiн қорғай алатын және оған вексель жасауға арналған арнайы қағаз. Қазақстан Республикасы аумағындағы өндiрiлетiн немесе Қазақстан Республикасы аумағына әкелiнетiн вексель сомасын мазмұнында талапты көрсететiн және қорғау деңгейiндегi нысандағы вексель қағазы мен оған мiндеттi нұсқауды баспа тәсiлмен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасындағы вексель жай қағазда жасалуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Шетел валютасында құрылған вексель бойынша алым сомасы алым сомасын төлеу күнiне белгiленген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы бойынша айқындалады.
Бап 440. 440-бап. Елтаңбалық алым төлеушiлер
440-бап. Елтаңбалық алым төлеушiлер
Тармақ 1
1. Елтаңбалық алым төлеушілер болып:
Тармақша 1
1) вексель берушілер;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін вексельдер бойынша құқықтар мен міндеттердің туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына (индоссалауға, авалирлеуге, акцептіге, инкассаға беруге және басқаларына) бағытталған алғашқы іс-қимыл Қазақстан Республикасына жасайтын заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының аумағында елтаңбалық қағазды сатып алушылар.
Тармақ 2
2. Елтаңбалық алым төлеушi болып:
Тармақша 1
1) осы вексельдер бойынша құқықтар мен мiндеттердiң туындауына, өзгеруiне немесе тоқтатылуына бағытталған алғашқы iс-қимыл жасалған кезде, Қазақстан Республикасының шегiнде құрылған және оның аумағына әкелiнген вексель бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның бөлiмшелерi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң белгiлi бiр бағдарламасымен алынатын тауарларға вексельдер жасау кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi;
Тармақша 3
3) егер Қазақстан Республикасының Үкiметi осы вексельдер жөнiнде авалист болса, осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негiздер бойынша вексельдер жасау кезiндегi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi табылады.
Бап 441. 441-бап. Елтаңбалық алым ставкалары
441-бап. Елтаңбалық алым ставкалары Егер өзгелер осы Кодекстiң 442-бабында көзделмесе, елтаңбалық алым вексель сомасынан 0,1 процент мөлшерiнде есептеледi.
Бап 442. 442-бап. Елтаңбалық алым есептеудiң және төлеудің тәртiбi
442-бап. Елтаңбалық алым есептеудiң және төлеудің тәртiбi
Тармақ 1
1. Төлеуге тиiстi елтаңбалық алымды есептеу кезiнде есептен шығарылған 10 мың теңгелiк толық емес вексель сомасы толық болып дөңгеленедi.
Тармақ 2
2. Вексельдiк қағазда вексель құрылған кезде, егер оның сомасы 10 мың теңгеге көтерiлмесе, елтаңбалық алым толық төлендi деп есептеледi. Вексельдiк қағазда вексель құрылған кезде, егер оның сомасы 10 мың теңгеге көтерiлсе, елтаңбалық алым 10 мың теңгеге төлендi деп есептеледi; елтаңбалық алымның толық сомасы мен елтаңбалық алымның төленген сомасы арасындағы айырмашылық бюджетке төлеуге жатады.
Тармақ 3
3. Вексель қағазын дайындаушылар және Қазақстан Республикасының аумағына оны әкелушiлер елтаңбалық алым сомасын вексель қағазын сатып алушы тұлғадан ұстайды және вексель қағазын сату сәтiнен 3 күннен кешiктiрмей бюджетке төлейдi.
Тармақ 4
4. Елтаңбалық алым сомасы төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, оның төлемiн (қосымша төлеу) вексель беруші сияқты, және де вексель ұстаушылар немесе басқа да тұлғалар жүргiзуi мүмкiн. Бұл орайда, елтаңбалық алым сомасын төлеген тұлға Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген төленген елтаңбалық алым сомасын вексель ұстауынан өтеудi талап етуге құқылы. Осы тармақтың ережесi вексель қағазын сатып алушы тұлғалардан елтаңбалық алым сомасын бюджетке ұстауы және төлеуi бойынша вексель қағазын дайындаушы және оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелушi тұлғалардың міндеттемесiне таралмайды.
Тармақ 5
5. Төленген елтаңбалық алым сомасы қайтаруға жатпайды.
Бап 443. 443-бап. Салық кезеңі
443-бап. Салық кезеңі Қазақстан Республикасының аумағына оны әкелетін тұлғалармен және вексель қағазын дайындаушылармен ұсталған елтаңбалық алым сомалары бойынша салық декларациясын беру үшiн салық кезеңi болып күнтiзбелiк ай саналады.
Бап 444. 444-бап. Салық декларациясы
444-бап. Салық декларациясы Вексель қағазын дайындаушы және оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелуші тұлғалар ай сайын күнтізбелік ай ішінде есеп беруден кейінгі айдың 10 күннен кешіктірмей бюджетке енгізілуге тиісті елтаңбалық алым сомасы бойынша декларация тапсырады.
Тарау 79. 79-ТАРАУ. ЖЕКЕЛЕГЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІМЕН АЙНАЛЫСУ ҚҰҚЫҒЫ ҮШІН ТӨЛЕНЕТІН ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ АЛЫМ
79-ТАРАУ. ЖЕКЕЛЕГЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІМЕН АЙНАЛЫСУ ҚҰҚЫҒЫ ҮШІН ТӨЛЕНЕТІН ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ АЛЫМ
Бап 445. 445-бап. Жалпы ережелер
445-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым (бұдан әрі - алым) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға жататын қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға лицензия бергені үшін алынады.
Тармақ 2
2. Лицензияны берудi Қазақстан Республикасының заң актiсiмен белгiленген тәртiпте және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - лицензиар) жүзеге асырады.
Бап 446. 446-бап. Алым төлеушiлер
446-бап. Алым төлеушiлер Лицензия алатын заңды және жеке тұлғалар лицензиялық алым төлеушiлер болып табылады.
Бап 447. 447-бап. Есептеу, алымды төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртiбi
447-бап. Есептеу, алымды төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртiбi
Тармақ 1
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген ставкалар бойынша есептеледі және лицензиарға тиісті құжаттарды беруге дейін төленедi.
Тармақ 2
2. Алым сомасы салық төлеушi ретiнде алым төлеушiнi мемлекеттiк тiркеу орны бойынша бюджетке енгiзiлуге тиiс.
Тармақ 3
3. Төленген алым сомасы мынадай жағдайларды есептемегенде:
Тармақша 1
1) лицензиарға тиiстi құжаттарды беруге дейiн лицензияны алудан алымды төлеген тұлғалардың бас тартуы;
Тармақша 2
2) лицензиардың қарауына құжаттарды қабылдаудан бас тартқанда қайтарып беруi жатпайды.
Тарау 80. 80-ТАРАУ. ЖЕР УЧАСКЕЛЕРIН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРГЕНІ YШІН ТӨЛЕНЕТIН ТӨЛЕМ
80-ТАРАУ. ЖЕР УЧАСКЕЛЕРIН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРГЕНІ YШІН ТӨЛЕНЕТIН ТӨЛЕМ
Бап 448. 448-бап. Жалпы ережелер
448-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекет жер учаскесiн уақытша пайдалануға берген кезде жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемдi (бұдан әрi - төлем) жыл сайын өндiрілiп алады.
Тармақ 2
2. Уақытша пайдалануға жер учаскелерiн берудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының заң актiсi белгiлейдi.
Бап 449. 449-бап. Төлеушiлер
449-бап. Төлеушiлер Уақытша пайдалануға жер учаскесiн алған заңды және жеке тұлғалар төлем төлеушілер болып табылады.
Бап 450. 450-бап. Төлем ставкалары
450-бап. Төлем ставкалары Төлем ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Бұл ретте төлем ставкалары жер салығының ставкалары мөлшерiнен төмен емес шамада белгiленедi.
Бап 451. 451-бап. Есептеу және төлеу тәртiбi
451-бап. Есептеу және төлеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Төлемнiң сомасын жер учаскесiнiң алаңына тиiстi ставкаларды қолдану жолымен жер ресурстарын басқару саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.
Тармақ 2
2. Төлем ағымдағы жылдың жиырмасыншы ақпанынан, жиырмасыншы мамырынан, жиырмасыншы тамызынан кеш емес мерзiмдерде тең үлестермен бюджетке енгiзiлуге жатады.
Тармақ 3
3. Мемлекет жер учаскелерiн уақытша пайдалануға белгiленген төлем мерзiмдерiнен кейiн берген жағдайда, келесi (кезектi) төлем мерзiмi бюджетке төлем енгiзудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
Тармақ 4
4. Мемлекет жер учаскелерiн уақытша пайдалануға соңғы төлем мерзiмдерiнен кейiн берген жағдайда, жер учаскелерiн беру айынан кейiнгi айдың 20 күнi бюджетке төлем төлеу мерзiмi болып есептеледi.
Тармақ 5
5. Бюджетке артық төленген сомаларды қайтару осы Кодекстiң 43-бабына сәйкес жүргізiледi.
Тарау 81. 81-ТАРАУ. ЖЕРДIҢ ҮСТIҢГI ҚАБАТЫНДАҒЫ КӨЗДЕРДЕН CУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШIН ТӨЛЕНЕТIН ТӨЛЕМ
81-ТАРАУ. ЖЕРДIҢ ҮСТIҢГI ҚАБАТЫНДАҒЫ КӨЗДЕРДЕН CУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШIН ТӨЛЕНЕТIН ТӨЛЕМ
Бап 452. 452-бап. Жалпы ережелер
452-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жердiң үстiңгi қабатындағы көздерден су алумен немесе суы алынбай, арнайы су пайдаланудың барлық түріне жердің үстіңгі қабатындағы көздерден су ресурстарын пайдалану үшін төлем (бұдан әрi - төлем) белгіленедi.
Тармақ 2
2. Су ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган беретiн рұқсат негiзiнде арнайы су пайдалану жүзеге асырылады.
Бап 453. 453-бап. Төлеушiлер
453-бап. Төлеушiлер Құрылғылар, техникалық құралдар немесе қондырғылар пайдалана отырып жердiң үстiңгi қабатындағы көздерден су ресурстарын пайдалануды жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар ақы төлеушілер болып табылады.
Бап 454. 454-бап. Салық салу объектiлерi
454-бап. Салық салу объектiлерi
Тармақ 1
1. Төлемге салық салу объектiлерi:
Тармақша 1
1) жердiң үстiңгi қабатындағы су көзiнен алынған судың көлемi;
Тармақша 2
2) өндiрiлген электр қуаты көлемi;
Тармақша 3
3) су көлiгiмен тасымалдау көлемi болып табылады.
Тармақ 2
2. Су ресурстарын жекелеген азаматтарға бекiтiп берусiз және судың жағдайына әсер ететiн құрылғыларды немесе техникалық қондырғыларды қолданусыз жүзеге асырылатын, ағашты кеме тiркемесiз суға ағызудан, үзілiс сәтiнен, жер қазу техникасын қолданудан, батпақ құрғатудан, жалпы су пайдаланудан ақы өндiрілiп алынбайды.
Бап 455. 455-бап. Төлем ставкалары
455-бап. Төлем ставкалары
Тармақ 1
1. Төлем ставкаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Суды iркудiң нақтылы көлемi су ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттi орган белгiлеген шегiнен асқан кезде, осы баптың 1-тармағында белгiленген төлем ставкалары осындай арту бөлiгiнде 3 есеге арттырылады.
Тармақ 3
3. Су объектілерiн тиiстi рұқсатсыз пайдаланған кезде осы баптың 1-тармағында белгiленген төлем ставкалары 5 есеге арттырылады.
Бап 456. 456-бап. Есептеу және төлеу тәртiбi
456-бап. Есептеу және төлеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Төлем арнайы су пайдалану жерi бойынша тиiстi бюджетке енгiзуге жатады.
Тармақ 2
2. Төлем сомасын су пайдаланудың нақты көлемi мен белгiленген ставкаларды ескере отырып дербес төлеушi айқындайды.
Тармақ 3
3. Төлем бойынша түпкiлiктi есеп декларация беру мерзiмi басталғаннан кейiн 5 күннен кешiктiрмей жүргiзiледi.
Тармақ 4
4. Төлеушiлер (ауыл шаруашылығы өнімін өндiрушi шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғалар үшiн арнайы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушілерден басқа) есеп тоқсанынан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрмей ағымдағы сомаларын тоқсан сайын бюджетке енгiзуге мiндеттi.
Тармақ 5
5. Шаруа (фермер) қожалығы және ауылшаруашылығы өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнайы салық режимiнде бюджетпен есептi жүзеге асыратын салық төлеушiлер төлем сомаларын төлеудi мына тәртiпте жүргiзедi:
Тармақша 1
1) осы салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезеңге есептелген сома ағымдағы салық кезеңiнiң 20 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төленедi;
Тармақша 2
2) 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейiнгi кезеңге есептелген сома келесi есеп үшiн салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрілмейтiн мерзiмде төленедi.
Тармақ 6
6. Судың тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтерiн көрсететiн тiкелей су шаруашылығы жүйелерiнен, басқа өнеркәсiп орындарынан және ұйымдардан келетiнiне қарамастан, су шаруашылығы жүйелерiнен өндiрiстiк қажет үшiн алынатын суға өнеркәсiп орындары төлем енгізедi.
Тармақ 7
7. Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтерiн көрсететін ұйымдар өнеркәсiп орындарына берiлетiн судың көлемдерi шегерiле отырып, жердiң үстiңгi қабатындағы көздерiнен алынатын суға бюджетке ақы енгiзедi.
Тармақ 8
8. Заңды және жеке тұлғалар суды айдайтын және суды реттейтін құрылғылары бар су көздерiнде жүк тасымалы үшін ақы енгiзедi.
Тармақ 9
9. Жылу қуаты кәсiпорындары тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтерi үшiн жылу қуаты өндiрiсiне жұмсалатын су ақысының мөлшерiн тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтерiн көрсететiн ұйымдар үшiн көзделген ставкалар бойынша айқындайды.
Тармақ 10
10. Суды ірку шегiнде агрегаттарды суыту үшiн (қайта су тұтыну) технологиялық қажеттілікке су алатын жылу қуаты кәсiпорындары ақының мөлшерiн тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтерiн көрсететiн ұйымдар үшiн көзделген ставкалар бойынша айқындайды. Қайтарымсыз су тұтынудың ақысының мөлшерi өнеркәсiп орындары үшiн белгiленген ставкалар бойынша айқындалады.
Тармақ 11
11. Бюджетке артық төленген сомаларды қайтару осы Кодекстiң 43-бабына сәйкес жүргiзіледi.
Бап 457. 457-бап. Салық кезеңi
457-бап. Салық кезеңi Салық кезеңi бюджетке жердiң үстiңгі қабаты көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемдi есептеу және енгiзу үшiн осы Кодекстiң 143-бабына сәйкес айқындалады.
Бап 458. 458-бап. Салық декларациясы
458-бап. Салық декларациясы
Тармақ 1
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген төлеушiлерден басқа салық төлеушілер арнайы су пайдалану жерi бойынша салық органына есеп беруден кейiнгi салық кезеңiнiң 15 қаңтарынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде төлемдер жөнiнде декларация ұсынады.
Тармақ 2
2. Шаруа (фермер) қожалығы үшiн және ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнайы салық режимiнде бюджетпен есептi қолданатын салық төлеушiлер есеп беруден кейiнгi салық кезеңiнiң 15 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде суға төленетiн төлем жөнiнде декларация бередi.
Тармақ 3
3. Декларация салық органына берiлгенге дейiн су ресурстары басқармасы бойынша аумақтық уәкiлеттi органмен куәландырылады.
Тарау 82. 82-ТАРАУ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАҒАНЫ ҮШIН ТӨЛЕМДЕР
82-ТАРАУ. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАҒАНЫ ҮШIН ТӨЛЕМДЕР
Бап 459. 459-бап. Жалпы ережелер
459-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер (бұдан әрi - төлемдер) Қазақстан Республикасының заңдар актiлерiмен айқындалған Қазақстан Республикасының аумағында қызметтерiн жүзеге асыратын арнайы табиғатты пайдалану тәртiбiмен өндiрiп алынады.
Тармақ 2
2. Арнайы табиғатты пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк уәкiлеттi орган беретiн рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қоршаған ортаны белгіленген тәртiппен ресiмделген рұқсатсыз ластау нормативтен тыс жағдай ретiнде де қаралады.
Бап 460. 460-бап. Төлеушiлер
460-бап. Төлеушiлер Арнайы табиғат пайдалану тәртiбiнде Қазақстан Республикасының аумағында қызметтерiн жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем төлеушiлер болып табылады.
Бап 461. 461-бап. Салық салу объектiлерi
461-бап. Салық салу объектiлерi Ластайтын заттардың (авариялықты қоса алғанда), шығарылымдарының, нормативтi және (немесе) нормадан артық тасталымдарының, өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың нақты көлемi салық салу объектiсi болып табылады.
Бап 462. 462-бап. Төлемдер ставкалары
462-бап. Төлемдер ставкалары Төлемдер ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын белгілейдi. Барлық нормативтен тыс төлемдер бойынша төлем ставкалары 10 есе өседi.
Бап 463. 463-бап. Есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi
463-бап. Есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi
Тармақ 1
1. Төлемдердiң сомасын салық төлеушiлер қоршаған ортаның ластануының және белгiленген ставкалардың нақты көлемдерiн негiзге ала отырып өздiгiнше есептейдi.
Тармақ 2
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкiлеттi органдар шағын көлемдi төлемдерi бар ұйымдар үшiн (жылдық жиынтық көлемде 100 есептiк көрсеткiшке дейiнгi) төлемдердi қоршаған ортаны ластауға лимиттi өтеуiн алу нысанында жеткiзiлуiне рұқсат етiледi. Лимиттi сатып алу рұқсатты рәсiмдеу кезiнде есеп беру жылы үшiн алдын-ала толық төлеумен жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Төлем қоршаған ортаның ластану көзiнiң (объектiсінің) орналасқан жерi бойынша бюджетке енгiзiлу арқылы жүргiзiледi.
Тармақ 4
4. Төлеушiлер қоршаған ортаның ластануының нақты көлемi үшiн ағымдағы төлемдердiң тиiстi сомаларды осы баптың 2 және 6-тармақтарында көрсетілген кәсiпорындарды қоспағанда, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сыншы күнiнен кешiктiрмей төлейдi.
Тармақ 5
5. Төлемдер бойынша соңғы есептесу декларация ұсыну мерзiмi басталғаннан кейiнгi 5 күннен кеш емес мерзiмде жүргiзіледi.
Тармақ 6
6. Шаруа (фермер) қожалығы үшiн және ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнайы салық режимiнде бюджетпен есептi жүзеге асыратын салық төлеушілермен мынадай төлем сомаларын төлеу жүргiзіледi:
Тармақша 1
1) ағымдағы төлемдердiң салық кезеңiнiң 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiнгi кезеңге есептелген сомалар ағымдағы салық кезеңiнiң 20 қазанынан кешiктiрмейтiн мерзiмде төленедi;
Тармақша 2
2) 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейінгi кезеңге есептелген сомалар есеп беруден кейiнгi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрмейтiн мерзiмде төленедi.
Тармақ 7
7. Бюджетке артық төленген төлем сомасы осы Кодекстiң 43-бабына қайтарылады. Қоршаған ортаның ластануы үшiн төлемдердi бюджетке есептеу және енгiзу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 143-бабына сәйкес айқындалады.
Бап 464. 464-бап. Салық кезеңi
464-бап. Салық кезеңi Қоршаған ортаның ластануы үшiн төлемдердi бюджетке есептеу және енгiзу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 143-бабына сәйкес айқындалады.
Бап 465. 465-бап. Салық декларациясы
465-бап. Салық декларациясы
Тармақ 1
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген төлеушiлерден басқа салық төлеушілер келесi есептi кезең үшiн салық салу объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына келесi есеп беруден кейiнгi салық кезеңiнiң 15 қаңтарынан кешiктiрілмейтін мерзiмде төлем жөнiндегi декларацияны тапсырады.
Тармақ 2
2. Шаруа (фермер) қожалығы үшiн және ауыл шаруашылығы өнiмін өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнайы салық режимiнде бюджетпен есептеудi қолданатын салық төлеушiлер есеп беруден кейiнгi салық кезеңiнiң 15 наурызынан кешiктiрiлмеген мерзiмде суға ақы төлеу жөнiндегi декларацияны ұсынады.
Тармақ 3
3. Декларация аумақтық салық органына берiлгенге дейiн табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органда куәландырылады.
Тарау 83. 83-ТАРАУ. ХАЙУАНАТТАР ДYНИЕСIН ПАЙДАЛАНҒАНЫ YШІН ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМ
83-ТАРАУ. ХАЙУАНАТТАР ДYНИЕСIН ПАЙДАЛАНҒАНЫ YШІН ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМ
Бап 466. 466-бап. Жалпы ережелер
466-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Табиғи еркiндiк жағдайында өмiр сүретін хайуанаттарды табиғи ортадан алу үшiн хайуанаттар дүниесiн пайдалану үшiн төлем (бұдан әрi - төлем) өндiрiліп алынады.
Тармақ 2
2. Хайуанаттарды кейiннен табиғи ортаға жiбере отырып ен салу және сырға салу мақсаттары үшін аулау кезінде төлем өндіріліп алынбайды.
Тармақ 3
3. Хайуанаттар дүниесінің мынадай санаттары үшiн төлем белгiленедi: аңшылық объектiсi болып табылатын хайуанаттар түрлерi; балық шаруашылығы объектiсi болып табылатын хайуанаттар түрлерi; сирек кездесетiн және жойылып кету қаупiнде тұрған хайуанаттар түрлерi; өзге де шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын хайуанаттар түрлерінің санаттары үшін тек осы хайуанаттардың бағалы түрлері үшін төлем белгіленеді.
Тармақ 4
4. Аңшылық және балық шаруашылығы объектiсi болып табылатын хайуанаттар түрлерiнің санаттары үшiн тек осы хайуанаттардың бағалы түрлерi үшiн төлем белгiленедi. Аңшылық және балық шаруашылығы объектiсi болып табылатын хайуанаттардың бағалы түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Тармақ 5
5. Хайуанаттар дүниесiн пайдалану хайуанаттар дүниесi басқару уәкiлеттi органы беретiн рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупiнде тұрған хайуанаттар түрлерiн пайдалану үшiн төлемдi әрбiр жекелеген жағдайда осы хайуанаттарды табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупiнде тұрған хайуанаттар түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Бап 467. 467-бап. Төлеушілер
467-бап. Төлеушілер Хайуанаттар дүниесiн пайдаланушы заңды және жеке тұлғалар төлем төлеушiлер болып табылады.
Бап 468. 468-бап. Төлем ставкалары
468-бап. Төлем ставкалары Төлем ставкаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
Бап 469. 469-бап. Есептеу және төлеу тәртiбi
469-бап. Есептеу және төлеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Төлем сомасы хайуанаттардың ставкаларына және санына (су хайуанаттарының жеке түрлерi үшiн салмағына) сүйене отырып айқындалады.
Тармақ 2
2. Бюджетке төлем сомаларын енгiзудi төлеушiлер банк мекемелерi арқылы аудару жолымен немесе хайуанаттар дүниесiн басқару жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi органының аумақтық органдарында қолма-қол есептесу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Хайуанаттар дүниесiн басқару жөнiндегi уәкiлеттi органының аумақтық органдарында төлемдердi қолма-қол есептесумен өндiрiп алу қатаң есептегi бланктар негiзiнде жүзеге асырылады. Қатаң есептегi бланк нысанын мемлекеттiк уәкiлеттi орган белгiлейдi. Бюджетке қолма-қол ақшамен төленген төлем сомасын есептеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Тармақ 4
4. Хайуанаттар дүниесiн басқару жөнiндегi уәкілеттi органда рұқсат алғанға дейiн төлем сомасын белгіленген ставкалары бойынша төлеушiлер дербес есептейдi және төлейдi.
Тармақ 5
5. Бюджетке төлем енгiзу рұқсат алу орны бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 6
6. Бюджетке енгiзген төлем сомалары қайтаруға жатпайды.
Тарау 84. 84-ТАРАУ. ОРМАНДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ YШIН ТӨЛЕНЕТIН ТӨЛЕМ
84-ТАРАУ. ОРМАНДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ YШIН ТӨЛЕНЕТIН ТӨЛЕМ
Бап 470. 470-бап. Жалпы ережелер
470-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Орманды пайдаланғаны үшiн төлем (бұдан әрi - төлем) орманды пайдаланудың мынадай түрлерi:
Тармақша 1
1) ағаш дайындау;
Тармақша 2
2) шайыр дайындау;
Тармақша 3
3) қосымша ағаш материалдарын (қабық, ағаш көгiлдiр және басқалары);
Тармақша 4
4) ағаш шырындарын дайындау;
Тармақша 5
5) орманды жанама пайдаланулар (шөп шабу, мал жайылымы, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзат, жабайы жемiс, жаңғақ, саңырауқұлақ, жидек және басқа да орманның азықтық өнiмдерiн дайындау және жинақ, ара ұялары мен омарталарды орналастыру);
Тармақша 6
6) орманды мәдени-сауықтыру және ғылыми-зерттеу мақсатында пайдалану;
Тармақша 7
7) орман қоры телiмдерiн аңшылық шаруашылығы қажеттiктерi үшiн пайдалану үшiн өндiрiм алынады.
Тармақ 2
2. Орманды пайдалану құқығы орман шаруашылығы басқармасы жөніндегі аумақтық уәкілеттi органдармен берілетiн мынадай рұқсат беретін құжаттар негiзiнде ұсынылады:
Тармақша 1
1) меншiк иесiнiң орман қоры телiмдерiн ұзақ мерзiмдi (50 жылға кейiнгi мерзiмге) пайдалану құқығын куәландыратын жалға беру шарты;
Тармақша 2
2) меншiк иелерiнiң орман ресурстарын немесе орман қоры телiмдерiн қысқа мерзiмдi (бiр жылға дейiнгi мерзiмге) пайдалану құқығын куәландыратын орманда ағаш кесуге рұқсат билетi, ордерi, орман билетi.
Бап 471. 471-бап. Төлеушiлер
471-бап. Төлеушiлер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңдар актілерiмен көзделген тәртiппен орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын алған заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі - орман пайдаланушылар) төлем төлеушiлер болып табылады.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) орман шаруашылығын жүргiзушi тұлғалар, орман қоры иелерiн (бұдан әрi - орман иелерiн) және орман пайдаланушыларды қоса алғанда, - орманды күтiп-баптау мақсатында кесулердi, санитарлық шараларды жүзеге асырған кезде тамырымен жiберiлетiн ағаш үшiн, ағаш өнеркәсiбiн орналастыру және басқа да орман шаруашылық шараларын, ағаш тұтынушылардың өздерiнің күшiмен дайындалған ағашты қоса алғанда, жүргiзу үшiн;
Тармақша 2
2) орман пайдаланушылар - ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшiн жүзеге асыратын ағаш ресурстарын, шайырды, қосымша орман материалдарын алған кезде орманды пайдалану үшiн төлем төлеушiлер болып табылмайды. Осы ретте, алынған өнiм оның ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн қажеттi бөлiгiн қоспағанда, орман қоры телiмдерi иелерiнiң меншiгі болып табылады. Оның тiзбесi мен көлемi зерттеулердiң бағдарламасы мен әдiстерiн негiзге ала отырып белгіленедi және орман шаруашылығы басқармасының аумақтық органдарымен жасалған келiсiмде немесе шартта көрсетіледi.
Бап 472. 472-бап. Салық салу объектiсі
472-бап. Салық салу объектiсі Пайдалануға берілетiн орман пайдаланудың көлемi және (немесе) орман қоры жерiнiң аумағы салық салу объектiсi болып табылады.
Бап 473. 473-бап. Төлем ставкалары
473-бап. Төлем ставкалары
Тармақ 1
1. Орманды пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын, осы баптың 2-тармағында аталғандарды қоспағанда, облыстық өкiлдi органдар орман шаруашылығын басқару жөнiндегі уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша белгiлейді.
Тармақ 2
2. Тамырымен жіберілетiн ағаш үшiн төлем жөніндегi ставкаларды Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілейдi.
Бап 474. 474-бап. Төлемдi есептеу және енгізу тәртiбi
474-бап. Төлемдi есептеу және енгізу тәртiбi
Тармақ 1
1. Есептеу тәртiбiн және төлемдi бюджетке енгiзу мерзiмдерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi.
Тармақ 2
2. Бюджетке артық төленген төлем сомасы осы Кодекстiң 43-бабына сәйкес қайтарылады.
Тарау 85. 85-ТАРАУ. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ YШIН ТӨЛЕМ
85-ТАРАУ. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНҒАНЫ YШIН ТӨЛЕМ
Бап 475. 475-бап. Жалпы ережелер
475-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ғылыми, мәдени-ағарту, туристiк, рекреациондық және шектеулі шаруашылық мақсатында пайдаланғаны үшiн төлем (бұдан әрi - төлемдер) өндiрiп алынады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланғаны үшiн бюджетке енгiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi.
Бап 476. 476-бап. Төлеушiлер
476-бап. Төлеушiлер Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын заңды және жеке тұлғалар төлем төлеушiлер болып табылады.
Бап 477. 477-бап. Төлемдер ставкалары
477-бап. Төлемдер ставкалары
Тармақ 1
1. Республикалық мәнiндегi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемдер ставкаларын табиғи монополияларды реттеу бойынша уәкілеттi органдармен келiсе отырып олардың қарамағына жататын орталық атқару органдары белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Жергілiктi мәнiндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемдер ставкаларын табиғи монополияларды реттеу бойынша уәкiлеттi органдармен келiсе отырып олардың қарамағына жататын ерекше қорғалатын табиғи аумақтары бойынша уәкiлеттi органдары белгiлейдi.
Бап 478. 478-бап. Тәртiбi және төлеу мерзiмдерi
478-бап. Тәртiбi және төлеу мерзiмдерi
Тармақ 1
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланғаны үшiн төлем банк мекемелерi арқылы аудару немесе бақылау-өткiзу пункттарында қолма-қол есеп айырысумен не болмаса ерекше қорғалатын табиғи аумақ әкiмшiлiгi белгiлеген басқа да арнайы жарақталған орындарда зердесi бар бақылау машиналары арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың төлемiн салық төлеушiлердiң пайдаланғаны қолдарында төлегенi туралы растайтын құжаты бар болғанда ғана жiберiледi.
Тармақ 3
3. Бюджетке енгiзiлген төлем сомалары қайтаруға жатпайды.
Тарау 86. 86-ТАРАУ. РАДИОЖИIЛIЛIК СПЕКТРIН ПАЙДАЛАНУ YШIН ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМ
86-ТАРАУ. РАДИОЖИIЛIЛIК СПЕКТРIН ПАЙДАЛАНУ YШIН ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМ
Бап 479. 479-бап. Жалпы ережелер
479-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Радиожиілiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлем (бұдан әрi - төлем) бөлiнген радиожиiлілiк спектрiнiң атауы үшiн алынады.
Тармақ 2
2. Радиожиiлiлiк спектрiн пайдалану құқығын байланыс саласындағы уәкілеттi мемлекеттік орган куәландырады.
Бап 481. 481-бап. Төлем ставкалары
481-бап. Төлем ставкалары Төлем ставкаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгілейдi.
Бап 482. 482-бап. Есептеу және төлеу тәртiбi
482-бап. Есептеу және төлеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Төлем байланыс саласындағы уәкiлеттi орган есептен шығарған хабарлама негiзiнде жыл сайын бюджетке енгiзiледi. Байланыс саласындағы уәкілеттi мемлекеттiк орган төлеушілерге ағымдағы жылдың 20 ақпаны мен 20 тамызынан кеш емес мерзiмде хабарлама жазып бередi.
Тармақ 2
2. Радиожиiлiлiк спектрiн пайдалану үшiн төлем төлеушiнiң аумақтық салық органында тiркеу есебiне қойылған жерi бойынша ағымдағы жылдың 20 наурызынан, 20 маусымынан, 20 қыркүйегiнен және 20 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмдерде тең үлесте бюджетке енгiзiледi.
Тармақ 3
3. Радиожиiлiлiк спектрдiң өңiрлерi (номиналдары) аукцион жүргiзу жолымен бөлiнген кезде алынатын бiр жолғы төлем радиожиiлiлiк ресурсын пайдаланғаны үшін төленетiн төлем шотына есептелмейдi.
Тармақ 4
4. Бюджетке артық төленген төлем сомасы осы Кодекстiң 43-бабына сәйкес қайтарылады.
Тарау 87. 87-ТАРАУ. КЕМЕ ЖYЗЕТIН СУ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕНЕТIН ТӨЛЕМ
87-ТАРАУ. КЕМЕ ЖYЗЕТIН СУ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕНЕТIН ТӨЛЕМ
Бап 483. 483-бап. Жалпы ережелер
483-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем (бұдан әрi - төлем) Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн өндiріліп алынады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану құқығы көлiк мәселелерi жөнiнде уәкiлеттi органның рұқсат құжаты арқылы әрбiр күнтiзбелiк жылға берiледi.
Тармақ 3
3. Бюджетке төлем сомасын өндiрiп алу және енгiзу үшiн негiз тиiстi рұқсат құжаты жоқ болғанда Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану болып табылады.
Тармақ 4
4. Көлiк бақылауы мәселелерi бойынша уәкiлеттi орган келесi айдың 15 күнiнен кешiктiрмей ай сайын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдалануға рұқсат құжатын алған тұлғалары бойынша деректердi салық органына бередi.
Бап 484. 484-бап. Төлеушiлер
484-бап. Төлеушiлер Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланатын заңды жеке тұлғалар төлем төлеушiлер болып табылады.
Бап 485. 485-бап. Төлем ставкалары
485-бап. Төлем ставкалары Төлем ставкаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
Бап 486. 486-бап. Есептеу және төлеу тәртiбi
486-бап. Есептеу және төлеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланушылардан алынатын төлем мөлшерi рұқсат ету құжатында белгiленген, бiрақ бiр күнтiзбелiк ай үшін төлем мөлшерiнен кем емес нақты кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану мерзiмi мен төлем ставкасын ескерiп айқындалады.
Тармақ 2
2. Ай сайынғы төлем мөлшерi сол жылдың көлiк бақылауы мәселесi бойынша уәкiлеттi орган белгiлейтiн навигация кезеңiне төлем сомасының жыл бойынша есептелген бөлу жолымен айқындалады.
Тармақ 3
3. Рұқсат ету құжатында белгiленген мерзiмге сәйкес сол айдың бюджетiне енгiзуге жататын төлем сомасы келесi айдың 20 күнiнен кешіктiрмей ай сайын төленедi.
Тармақ 4
4. Төлем төлеушiлер рұқсат құжатын алу кезiнде Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдалануға бiріншi ай үшiн төлем сомасын бюджетке енгiзудi растайтын құжатты көлiк бақылауы мәселелерi бойынша уәкiлеттi органға бередi.
Тармақ 5
5. Бір реттік кеме кірулері кезінде шетелдік заңды және жеке тұлғалар үшін рұқсат құжатын алуға дейін айлық ставка мөлшерінде бюджетке енгізіледі. Бір айдан астам мерзімде Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарында шетелдік тұлғалар болған кезде осы баппен белгіленген тәртіпте бюджетке төлем енгізіледі.
Тармақ 6
6. Бюджетке артық төленген төлем сомасы осы Кодекстің 43-бабына сәйкес қайтарылады.
Тарау 88. 88-ТАРАУ. СЫРТҚЫ (ВИЗУАЛДЫ) ЖАРНАМА ОРНАЛАСТЫРҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕНЕТIН ТӨЛЕМ
88-ТАРАУ. СЫРТҚЫ (ВИЗУАЛДЫ) ЖАРНАМА ОРНАЛАСТЫРҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕНЕТIН ТӨЛЕМ
Бап 487. 487-бап. Жалпы ережелер
487-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Сыртқы (визуалды) жарнама орналастырғаны үшін төленетiн төлем жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарына берiлген алаңда және Қазақстан Республикасының аумағындағы елдi мекендерге плакат, стенд, жарық түсiретiн табло, биллборд, транспарант, жарқағаз түрiнде сыртқы (визуалды) жарнама орналастыруға және басқа да объектілерге тұрақты жарнама орналастыруға құқық бергенi үшiн алынады.
Тармақ 2
2. Сыртқы (визуалды) жарнама (бұдан әрi - жарнама объектiсi) объектiсiн орналастыру мынадай негiздерде жүргiзiледi:
Тармақша 1
1) жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарына берілген алаңда жарнама объектiлерiн орналастырған кезде - Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіптегi белгiленген мерзiмде автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - жол органы) беретiн құжат негiзiнде;
Тармақша 2
2) елдi мекендерде жарнама объектiлерiн орналастырған кезде - жергілiктi атқару органдарының елді мекендерге сыртқы (визуалды) жарнама орналастыру) шарттары мен белгiленген тәртiптегi талаптарға сәйкес берiлген рұқсат негiзiнде. Тиiстi құжаттарсыз жарнама объектiлерiн орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Тиiстi рұқсат құжаттары болмаған кезде жарнама объектiлерiне берілген жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарына берiлген алаңның жер учаскелерiн нақты пайдалану және (немесе) оларды елдi мекендерге орналастыру төлем сомаларын бюджетке өндiрiп алу және бюджетке енгізу үшiн негiз болып табылады.
Тармақ 4
4. Жол органдары және жергiлiктi атқару органдары ай сайын, айдың 15 күнiнен кешiктiрмей салық органына мемлекеттiк уәкілеттi орган белгiлеген нысан бойынша рұқсат беретiн құжат алған тұлғалар жөнiнде мәлiмет бередi.
Бап 488. 488-бап. Төлеушілер
488-бап. Төлеушілер
Тармақ 1
1. Жарнама объектiлерiн орналастырушы заңды және жеке тұлғалар (соның iшiнде жеке кәсiпкерлер) төлем төлеушiлер болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары төлем төлеушілер болып табылмайды.
Бап 489. 489-бап. Төлем ставкалары
489-бап. Төлем ставкалары Төлем ставкаларын жарнама объектiлерiнiң алаңын ескерiлiп белгiленедi:
Тармақша 1
1) жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарына берiлген алаңға орналастырылған жарнама объектiлерi бойынша - Қазақстан Республикасының Үкiметi;
Тармақша 2
2) елдi мекендерге орналастырылған жарнама объектiлерi бойынша - жергiлiктi өкілеттi органдар.
Бап 490. 490-бап. Есептеу және төлеу тәртiбi
490-бап. Есептеу және төлеу тәртiбi
Тармақ 1
1. Алынатын төлем мөлшерi рұқсат беру құжатында белгіленген, бiрақ төлем мөлшерi бiр күнтiзбелiк айдан аспағанда жарнама объектілерiн орналастырудың нақты мерзiмi мен төлем ставкасына қарай анықталады.
Тармақ 2
2. Бiр күнтiзбелiк ай үшiн бюджетке енгiзiлуге тиiстi төлем сомалары айдан кейiнгі 20 күнiнен кешiктiрмей төленедi.
Тармақ 3
3. Салық төлеушілер рұқсат құжатын алу кезiнде жарнаманы орналастырудың бiрiншi айы үшiн төлем сомасын бюджетке алынатынын растайтын құжатты жол органына немесе жергіліктi атқарушы органға бередi.
Тармақ 4
4. Бюджетке артық төленген төлем сомасы осы Кодекстiң 43-бабына сәйкес қайтарылады.
Тарау 89. 89-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТIК БАЖ
89-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТIК БАЖ
Бап 491. 491-бап. Жалпы ережелер
491-бап. Жалпы ережелер Мемлекеттiк баж - уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық маңызды iс-қимыл жасағаны үшiн не құжаттарды бергенi үшiн алынатын мiндеттi төлем.
Бап 492. 492-бап. Төлеушiлер
492-бап. Төлеушiлер Мемлекеттiк баж төлеушiлер заңдық маңызды iс-қимылдар жасау немесе құжаттар беру жөнiнде соған уәкілетті мемлекеттiк органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке немесе заңды тұлғалар болып табылады.
Бап 493. 493-бап. Өндiрiп алу объектiлерi
493-бап. Өндiрiп алу объектiлерi
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк баж мыналардан алынады:
Тармақша 1
1) сотқа берiлетiн талап-арыздардан, кассациялық шағымы бар ерекше iс жүргізу iстерi бойынша арыздардан (шағымдардан), сондай-ақ соттың құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi үшiн;
Тармақша 2
2) нотариалдық iс-қимылдар жасағаны, сондай-ақ нотариалдық куәландырылған құжаттар көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi үшiн;
Тармақша 3
3) азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi және азаматтық хал жазбаларын өзгерту, толықтыру және қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайталап бергенi үшiн;
Тармақша 4
4) шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретiн құжаттарды ресiмдегені үшін, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерiстер енгiзгенi үшiн;
Тармақша 5
5) шетелдiктердiң төлқұжаттарына немесе оларды ауыстыратын құжаттарына Қазақстан Республикасына бару және Қазақстан Республикасына келу құқығына рұқсаттама бергенi үшiн;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн;
Тармақша 7
7) тұратын жерiнде тiркегенi үшiн;
Тармақша 8
8) аңшылық құқығына рұқсат бергенi үшiн;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжаттар мен жеке куәлiктер бергенi үшiн;
Тармақша 10
10) қару-жарақты және оған оқтарды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдауға, әкелуге және Қазақстан Республикасынан алып кетуге рұқсаттар бергенi үшiн;
Тармақша 11
11) азаматтық қаруды (аңшылық суық қару, пневматикалық және аэрозолдық газды құрылғыларды қоспағанда) тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк баждың тiркелген проценттiк ставкалары, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, республикада мемлекеттiк баж төлеу күнiне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiн негiзге ала отырып, есептеледi.
Тармақ 1. 1. Мемлекеттiк баж ставкалары
1. Мемлекеттiк баж ставкалары
Бап 494. 494-бап. Мемлекеттiк баждың соттардағы ставкалары
494-бап. Мемлекеттiк баждың соттардағы ставкалары
Тармақ 1
1. Сотқа берілетiн талап арыздардан, ерекше iс жүргiзу iстерi бойынша арыздардан (шағымдардан), кассациялық шағымдардан, сондай-ақ соттың құжаттардың көшiрмелерiн (телнұсқаларын) бергенi үшiн мынадай мөлшерде мемлекеттiк баж алынады:
Тармақша 1
1) мүлiктiк сипаттағы талап-арыздардан: жеке тұлғалар үшiн - талап сомасының 1 процентi; заңды тұлғалар үшiн - талап сомасының 3 процентi;
Тармақша 2
2) жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан - 30 процент;
Тармақша 3
3) заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңсыз iс-әрекетiне шағымдардан - 500 процент;
Тармақша 4
4) салықтық тексеру актілерi бойынша хабарламаларды даулау туралы талап-арыздардан: заңды тұлғалар үшiн - талап сомасы 10 процент; жеке тұлғалар үшiн - талап сомасы 5 процент;
Тармақша 5
5) некенi бұзу туралы талап-арыздардан - 30 процент. Неке бұзылған кезде мүлiктердi бөлген жағдайда, баж осы баптың 1) тармақшасына сәйкес талаптың құнынан белгіленедi;
Тармақша 6
6) белгiленген тәртiпте хабар-ошарсыз кеттi деп немесе жан күйзелiсi ауруы немесе ақылы кемдiк салдарынан әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен, не бас бостандығынан айыруға үш жылдан астам мерзiмге сотталған адамдармен неке бұзылған кезде осы баптың 1) тармақшасына сәйкес мүлiктi бұзу туралы талап-арыздарынан;
Тармақша 7
7) тұрғын үй-жайларды жалға алу туралы шартты өзгерту, немесе бұзғаны туралы, мұраға қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, тыйым салынған мүлiктi босату туралы талап арыздардан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан - 50 процент;
Тармақша 8
8) ерекше іс жүргiзу істерi бойынша арыздардан (шағымдардан) - 50 процент;
Тармақша 9
9) сот шешiмiне жасалған кассациялық шағымдардан - мүлiктiк емес сипаттағы талап арызды берген кездегi алынатын мемлекеттiк баж мөлшерiнен - 50 процент, ал мүлiктiк емес сипаттағы даулар бойынша - арыз берушi дауға салып отырған соманы негiзге ала отырып есептелген мемлекеттiк баж мөлшерiнен;
Тармақша 10
10) атқарушылық парақтың түпнұсқа көшiрмесiн бергенi туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан - 500 процент;
Тармақша 11
11) сот шешiмдерiнен, үкiмдерiнен, ұйғарымдарынан, соттың өзге де қаулыларынан көшiрмелердi (түпнұсқа көшiрмелерiн), сондай-ақ іске қатысатын тараптар мен басқа да адамдардың өтiнiшi бойынша соттар берген iстiң басқа да құжаттарының көшiрмелерiн қайталап бергенi үшiн - әрбiр құжат үшiн 10 процент және, одан басқа, әрбiр дайындалған бет үшiн 3 процент;
Тармақша 12
12) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан - 500 процент.
Тармақ 2
2. Мүлiктiк және мүлiктiк емес сипаттағы бiр мезгiлдегi талаптары бар талап арыздар үшін мүлiктiк емес талап арыздар үшiн және мүліктік емес сипаттағы талап арыздар үшiн белгiленген мемлекеттiк баж бiр мезгiлде алынады.
Бап 495. 495-бап. Нотариалдық iс-қимылдар жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж ставкалары
495-бап. Нотариалдық iс-қимылдар жасағаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж ставкалары
Тармақ 1
1. Нотариалдық іс-қимылдар жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариалдық куәландырылған құжаттардың көшiрмелерiн (түпнұсқаның көшiрмелерiн) бергенi үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерде алынады:
Тармақша 1
1) қалалық жерлердегі жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен алу туралы шарттарды куәландырғаны үшiн: егер тараптың бiреуi заңды тұлға болып табылса - 1000 процент; балаларына, зайыбына немесе жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi мен апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 500 процент; басқа адамдарға - 700 процент;
Тармақша 2
2) ауылдық жерлердегi жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, гараждарды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен алу туралы шарттарды куәландырғаны үшiн: егер тараптың бiреуi заңды тұлға болып табылса - 100 процент; балаларына, зайыбына немесе жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi мен апа-қарындастары мен сiңлілерiне, немерелерiне - 50 процент; басқа адамдарға - 70 процент;
Тармақша 3
3) автотранспорт құралдарын иеліктен алу туралы шарттарды куәландырғаны үшін: егер тараптың бiреуi заңды тұлға болып табылса - 700 процент; балаларына, зайыбына немесе жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнілерi мен апа-қарындастары мен сiңлiлерiне, немерелерiне - 200 процент; басқа адамдарға - 500 процент;
Тармақша 4
4) жалға беру, несие, қарыз, мердiгерлiк, неке келiсiмдерi, жалпы пайдаланудағы мүлiк бөлiсi, мұрагерлiк мүлiктi бөлу, алименттердi төлеу бойынша келiсiм-шарттар, құрылтайшылық шарттарды куәландырғаны үшiн - 500 процент;
Тармақша 5
5) өсиетнамаларды куәландырғаны үшiн - 100 процент;
Тармақша 6
6) мұрагерлiкке құқығы барлығы туралы куәлiктi беру үшiн, берiлген әр куәлiкке - 100 процент;
Тармақша 7
7) ерлi-зайыптыларға неке кезiнде жиған жалпы мүлiкке бөлiгiне құқығы бары туралы куәлiктi беру үшiн - 100 процент;
Тармақша 8
8) мүлiктi пайдалану мен иеленуге құқығы бары туралы сенімхаттарды, несиелiк операцияларды жүргiзу бойынша құжаттарды куәландырғаны үшiн - 50 процент;
Тармақша 9
9) сатуға құқығы жоқ автотранспорт құралдарын айдауға және пайдалануға құқығы бар сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 100 процент;
Тармақша 10
10) автотранспорт құралдарын айырбастайтын, сыйлайтын, сататын сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн - 200 процент;
Тармақша 11
11) өзге сенiмхаттарды куәландырғаны үшiн: жеке тұлғаларға - 10 процент; заңды тұлғаларға - 50 процент;
Тармақша 12
12) мұрагерлiк мүлiктi қорғау бойынша шаралар қабылдағаны үшiн - 100 процент;
Тармақша 13
13) теңiздiк наразылық бiлдiргенi үшiн - 50 процент;
Тармақша 14
14) құжаттардың көшiрмесi мен құжаттардың үзiндi көшiрмесiнiң (әр бетiне) растығын куәландырғаны үшiн: жеке тұлғаларға - 5 процент; заңды тұлғаларға - 10 процент;
Тармақша 15
15) құжаттардағы қойылған қолдың, оның ішінде аудармашының қойған қолының (әр құжат үшiн) растығын куәландырғаны үшiн: жеке тұлғаларға - 3 процент; заңды тұлғаларға - 10 процент;
Тармақша 16
16) заңды және жеке тұлғалардың басқа заңды және жеке тұлғаларға өтiнiштерiн бергенi үшiн - 20 процент;
Тармақша 17
17) нотариалды түрде көшiрмелердi куәландырып бергені үшiн - 20 процент;
Тармақша 18
18) телқұжаттарды бергенi үшiн - 100 процент;
Тармақша 19
19) банкте есеп ашардағы қойылған қолдың (әр құжат үшiн) растығын куәландырғаны үшiн: жеке тұлғаларға - 10 процент; заңды тұлғаларға - 50 процент;
Тармақша 20
20) кепiлзат келiсiм-шарттарын куәландырғаны үшiн - 700 процент;
Тармақша 21
21) төлемегенде, акцептсiздiкте және акцептi мерзiмдей алмағанда вексель наразылығын бiлдiргенде және чектi төлемегенде куәландырғаны үшiн - 50 процент;
Тармақша 22
22) құжаттарды сақтағаны үшiн - әр айда 10 процент;
Тармақша 23
23) кепiлгерлiк пен кепiлдiк келiсiм-шарттарын куәландырғаны үшін - 50 процент;
Тармақша 24
24) осы баптың 1)-23)-тармақшаларында белгiленгеннен басқа өзге де нотариалды әрекеттердi жасағаны үшiн - 20 процент.
Бап 496. 496-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегені үшін мемлекеттiк баж ставкалары
496-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркегені үшін мемлекеттiк баж ставкалары
Тармақ 1
1. Азаматтық хал актiлерiн тiркегенi үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi және азаматтық хал актiлерi жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi қайталап бергенi үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады.
Тармақша 1
1) некеге тұруды мемлекеттiк тiркегенi үшiн - 30 процент;
Тармақша 2
2) некенi бұзуды мемлекеттiк тiркегенi үшiн: кәмелетке толған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келісімі бойынша - 200 процент; сот шешiмi негiзiнде - 150 процент (ерлi-зайыптылардың бiреуiнен немесе екеуiнен); белгіленген тәртіпте хабар-ошарсыз кетті деп немесе жан күйзелісі ауруы немесе ақылы кемдік салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардан, не бас бостандығынан айыруға үш жылдан астам мерзімге сотталған адамдардан сот шешімі негізінде - 10 процент;
Тармақша 3
3) тегін, атын немесе әкесінің атын, ұлтын өзгерткенін тіркегені үшін - 100 процент; әрбiр осы негiзде жұбайына, балаларына берген құжат үшiн - 10 процент;
Тармақша 4
4) тууы, некелесуі, некені бұзуы, қайтыс болғаны туралы актілер жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктерді бергені үшін - 10 процент;
Тармақша 5
5) туғанын, әкелікті анықтағанын, Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алғанын тіркегені үшін - 10 процент;
Тармақша 6
6) азаматтық хал актілерін тіркегені туралы куәліктер және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мұрағат анықтамаларды қайталап бергені үшін - 100 процент;
Тармақша 7
7) шетел азаматтарының бала асырап алғанын тiркегенi үшiн - 200 процент.
Бап 497. 497-бап. Шетелге баруды, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрудi немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуды ресiмдеу кезiндегi мемлекеттiк баж ставкалары
497-бап. Шетелге баруды, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрудi немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуды ресiмдеу кезiндегi мемлекеттiк баж ставкалары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге байланысты iс-қимылдарды жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:
Тармақша 1
1) шетелдiктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға мыналарға құқық беретiн рұқсаттаманы бергені және ұзартқаны үшін: Қазақстан Республикасынан кетуге - 50 процент; Қазақстан Республикасынан келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге - 100 процент;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттарында шекараны көп мәрте кесiп өтуге рұқсаттарды ресiмдегенi үшiн, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекараны көп мәрте кесiп өту құқығына рұқсатнама бергенi үшін - 200 процент;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге құқық беретiн құжаттарына өзгерiстер енгiзгенi үшiн - 100 процент;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шетелден шақыру туралы құжаттарды бергенi үшiн - әрбiр шақырылған адам үшiн - 50 процент;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн - 100 процент;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасына шақыру туралы жоғалған не бүлiнген құжаттардың орнына бергенi үшiн - осы баптың 1), 2), 4) тармақшаларында көрсетiлген мөлшерлерде.
Бап 498. 498-бап. Басқа да iс-қимылдарды жасағаны үшiн мемлекеттiк баж ставкалары
498-бап. Басқа да iс-қимылдарды жасағаны үшiн мемлекеттiк баж ставкалары
Тармақ 1
1. Басқа да iс-қимылдарды жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерлерде алынады:
Тармақша 1
1) тұратын жерiн тiркегенi үшiн - 10 процент;
Тармақша 2
2) аң аулау құқығына рұқсат бергенi үшiн - 10 процент;
Тармақша 3
3) мыналарды бергенi үшiн: Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты - 400 процент; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi - 20 процент;
Тармақша 4
4) мыналарды бергенi үшiн: қару-жарақты және оған оқтарды әкелуге рұқсат - 200 процент; қару-жарақты және оған оқтарды әкетуге рұқсат - 200 процент; қару-жарақты және оған оқтарды сатып алуға рұқсат - 50 процент; қару-жарақты және оған оқтарды сақтауға рұқсат - 50 процент; қару-жарақты және оған оқтарды сақтауға және алып жүруге рұқсат - 100 процент; қару-жарақты және оған оқтарды тасымалдауға рұқсат - 200 процент; қару-жарақты және оған оқтарды қайта тiркеуге рұқсат - 100 процент; қару-жарақты және оған оқтарды комиссиялық сатуға рұқсат - 100 процент;
Тармақша 5
5) азаматтық қаруды (аңшылық суық қару, пневматикалық және аэрозолдық газды құрылғыларды қоспағанда) тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - 10 процент;
Тармақша 6
6) жеке басты куәландыратын құжаттарға өзгерістер енгізгені үшін - 10 процент;
Тармақша 7
7) механикалық көлік құралдары мен тіркемелерімен сауда-саттық, айырбас, сыйлық жасауға мәмілелер жасағаны үшін: механикалық көлік құралдары үшін - көлік құралдарына салынатын салықтың мөлшерінде; 750 килограмға дейiнгi жүк көтергiш тiркемелер үшін, арнайы тiркемелер мен саяжай тiркемелерi үшін - 100 процент; басқа тiркемелер үшін - 500 процент.
Тармақ 2. 2. Жеңiлдiктер
2. Жеңiлдiктер
Бап 499. 499-бап. Соттарда мемлекеттiк бажды төлеу жөніндегi жеңiлдiктер
499-бап. Соттарда мемлекеттiк бажды төлеу жөніндегi жеңiлдiктер
Тармақ 1
1. Соттарда мемлекеттiк баждар төлеуден мыналар босатылады:
Тармақша 1
1) талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомаларын өндiрiп алу және еңбек қызметiне байланысты басқа да талап-арыздар бойынша;
Тармақша 2
2) талапкерлер - авторлық құқық, сондай-ақ жаңалық ашу, өнертабысы, ұтымдылық ұсынысы және өнеркәсiптiк үлгілерге құқықтардан туындайтын талаптар-арыздар бойынша;
Тармақша 3
3) талапкерлер - алименттердi өндiрiп алу туралы талап-арыздар бойынша.
Тармақша 4
4) талапкерлер - мертiгуге немесе денсаулығына зақым келтiруге байланысты зиянды өтеу, сондай-ақ асыраушының қайтыс болуы туралы талаптар-арыздар бойынша;
Тармақша 5
5) талапкерлер - қылмыспен келтiрiлген материалдық залалды өтеу туралы талаптар-арыздар бойынша;
Тармақша 6
6) жеке тұлғалар - некенi бұзу туралы iстер бойынша кассациялық шағымдар;
Тармақша 7
7) iске қатысы жоқ адамдардан басқа заңды және жеке тұлғалар - оларға қылмыстық iстерге және алимент бойынша iстерге байланысты құжаттар бергенi үшiн;
Тармақша 8
8) талапкерлер - мемлекетке Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарын бұза отырып келтiрілген залалды өтеудегi қаражатты мемлекет кiрiсiне өндiрiп алу туралы талап-арыздар бойынша;
Тармақша 9
9) жалпы орта бiлiм беретiн жүйенiң кәсiптiк мектептерi мен кәсiптiк лицейлерi - оқу орындарын өз бетiмен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушыларды ұстауға мемлекетке келтiрiлген шығындарды өндiрiп алу жөнiндегi талап-арыздар бойынша;
Тармақша 10
10) жеке тұлғалар - қылмыспен келтiрiлген материалдық залалды өндiрiп алудың дұрыстығын дауға салатын қылмыстық iстер бойынша кассациялық шағымдар;
Тармақша 11
11) заңдарда көзделген жағдайларда басқа адамдардың немесе мемлекеттердiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауға сотқа өтiнiшпен жүгiнген заңды және жеке тұлғалар;
Тармақша 12
12) талапкерлер - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топ мүгедектерi - барлық iстер мен құжаттар бойынша;
Тармақша 13
13) заңды және жеке тұлғалар - сотқа мынадай арыздарды бергенi үшiн: іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы немесе соттың арызды қалдырып, іс бойынша iс жүргiзуді тоқтату немесе арызды қараусыз қалдыруы туралы сот ұйғарымының күшiн жою туралы; шешiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту туралы; шешiмдi орындаудың әдiсi мен тәртiбiн өзгерту туралы; талап-арыздарды қамтамасыз ету немесе бiр қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқаларымен ауыстыру туралы; жаңадан ашылған жағдаяттар бойынша соттың шешімдерiн, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы; сот ұйғарымдарымен салынған айыппұлдарды қосу немесе азайту туралы; жiберiп алынған мерзiмдердi қалпына келтiру туралы сот шешiмiн орындаудағы бетбұрыс туралы; сондай-ақ мыналарға шағымдар; сот орындаушыларының iс-қимылдарына; айыппұлдарды қосудан немесе азайтудан бас тарту туралы соттардың ұйғарымдарына жеке шағымдар; сот ұйғарымдарына басқа да жеке шағымдар; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға шағымдар;
Тармақша 14
14) прокуратура органдары - барлық талап-арыздар бойынша;
Тармақша 15
15) мемлекеттiк мекемелер - үшiншi адамдардың мүдделерiн қорғайтын жағдайларды қоспағанда, өздерiнiң құзыреттерiне кіретiн мәселелер бойынша талаптар қойған кезде;
Тармақша 16
16) мүгедектердiң қоғамдық ұйымдары, қайырымдылық ұйымдар, Қазақстан Республикасының Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Қоғамы - өздерiнiң құзыреттерiне кiретiн мәселелер бойынша талап-арыздар берген кезде;
Тармақша 17
17) сақтандырушылар мен сақтанушылар - мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын талап-арыздар бойынша;
Тармақша 18
18) талапкерлер мен жауапкерлер - азаматқа заңсыз сотталу, жолын кесу шарасы ретiнде қамауға алуға заңсыз тарту не тұтқынға алу немесе түзеу жұмыстары түрiнде әкiмшiлiк өндiрiп алуды заңсыз салу арқылы келтiрiлген залалды өтеуге байланысты даулар бойынша;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi, оның филиалдары мен өкiлдiктерi - өздерiнiң құзыреттерiне кiретiн мәселелер бойынша талап-арыздарды берген кезде.
Бап 500. 500-бап. Нотариалдық iс-қимылдар жасаған кездегі мемлекеттiк бажды төлеу жөнiндегі жеңiлдiктер
500-бап. Нотариалдық iс-қимылдар жасаған кездегі мемлекеттiк бажды төлеу жөнiндегі жеңiлдiктер
Тармақ 1
1. Нотариалдық iс-қимылдар жасаған кездегi мемлекеттiк бажды төлеуден мыналар босатылады:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалар - өздерiнiң өсиеттерiн, мемлекет пайдасына мүлiктi сыйлау шарттарын куәландырғаны үшiн;
Тармақша 2
2) салық және қаржы органдары - оларға мемлекеттiң мұраға құқығы туралы куәлiктердi (куәлiктер түпнұсқаларының көшiрмелерін) бергенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктер түпнұсқаларының көшiрмелерiн) алу үшiн қажеттi барлық құжаттар үшін;
Тармақша 3
3) жеке тұлғалар - оларға мұраға қалдыру құқығын беретiн куәлiктердi бергенi үшiн: өзге де мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не адам өмiрiн құтқарып қалу, мемлекет меншiгiн және құқықтық тәртiптi қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы азаматының борышын орындауға байланысты Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың мүлiктерi; егер мұрагер мұра қалдырушымен мұра қалдырушы қайтыс болған күнi кемiнде үш жыл тұрса және ол қайтыс болған кейiн де осы үйде (пәтерде) тұруын жалғастырып жатса, тұрғын үйi (пәтерi) немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiндегi пайы; жеке және мүлiктiк сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сомалары, мемлекеттiк заемдар облигациялары, еңбекке ақы төлеу, авторлық құқық сомалары, авторлық қаламақы мен жаңалықтары, өнертабыстары мен өнеркәсiптiк үлгiлерi үшiн сыйақы сомалары; ақталған азаматтардың мүлiктерi;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрілген адамдар, І және ІI топ мүгедектерi - барлық нотариалдық іс-қимылдар бойынша;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi, оның филиалдары мен өкілдiктерi, өздерiнiң құзыреттерiне кiретiн мәселелер бойынша нотариалдық iс-қимылдар жасағаны үшін өтiніш жасау кезінде;
Тармақша 6
6) барлық нотариалдық iс-қимылдар бойынша "Батыр Ана" атағы берiлген және "Алтын алқамен" және "Күмiс алқамен" марапатталған көп балалы аналар;
Тармақша 7
7) өздерінің мүліктерге мұрагерлігі туралы куәліктерді алғаны үшін заңдарда белгіленген тәртіппен қамқоршылық тағайындалған созылмалы жан күйзелісі ауруынан азап шегетін жеке адамдар.
Бап 501. 501-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiндегi мемлекеттiк бажды төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер
501-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiндегi мемлекеттiк бажды төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер Азаматтық хал актілерiн тіркеу кезiнде мемлекеттiк баж төлеуден мыналар босатылады:
Тармақша 1
1) тууы туралы куәлiктердi тiркегенi және қайталап бергенi үшiн Ұлы Отан соғысына қатысушылар, барлық топтардағы мүгедектер, қамқоршылар (қорғаншылар), мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдар;
Тармақша 2
2) азаматтық хал актілерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты тууы, қайтыс болуы туралы, әкелiктi анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актілер жазбаларын өзгерткен, толықтырған және түзеген кезде өздерiне куәлiктер бергенi үшiн жеке адамдар;
Тармақша 3
3) ақталған туыстарының қайтыс болуы туралы оларға бұрын берiлген куәлiктердi қайталап немесе алмастырып бергенi үшiн жеке адамдар;
Тармақша 4
4) бала асырап алу мен әкелiктi анықтауға байланысты актілер жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар енгiзу үшiн жеке тұлғалар.
Бап 502. 502-бап. Қазақстан Республикасының аумағын тастап кетуге мәжбүр болған адамдардың азаматтығын қалпына келтiру кезiндегi мемлекеттiк баж төлеу жөніндегі жеңілдiктер
502-бап. Қазақстан Республикасының аумағын тастап кетуге мәжбүр болған адамдардың азаматтығын қалпына келтiру кезiндегi мемлекеттiк баж төлеу жөніндегі жеңілдiктер Жаппай қуғын-сүргін, зорлап ұжымдастыру кезеңінде, өзге де адамгершілікке жат саяси акциялар нәтижесiнде Қазақстан Республикасының аумағын тастап кетуге мәжбүр болған адамдар немесе олардың ұрпақтары Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру туралы олар тiлек бiлдiрген жағдайда азаматтығын қалпына келтiру кезiнде - мемлекеттiк баж төлеуден босатылады. Аталған жеңiлдiктер бiр рет берiледi.
Бап 503. 503-бап. Қазақстан Республикасының кету туралы істері бойынша мемлекеттік баж төлеу жөніндегі жеңілдіктер
503-бап. Қазақстан Республикасының кету туралы істері бойынша мемлекеттік баж төлеу жөніндегі жеңілдіктер Қазақстан Республикасынан кету туралы iстерi бойынша мемлекеттiк баж төлеу жөнiндегi жеңiлдiктерден мыналар босатылады:
Тармақша 1
1) Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, "Алтын Қыран", "Халық Қаhарманы", "Отан" ордендерiмен марапатталған адамдар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер және оларға теңестiрiлген басқа да мүгедектер, бала шағынан мүгедектер, І және II топ мүгедектерi, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;
Тармақша 2
2) оларға дипломаттық төлқұжаттар бергенi үшiн жеке адамдар;
Тармақша 3
3) оларға шетелге кетуге құжаттар бергенi үшiн тараптар ретiнде азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің соттарына шақырылған жеке адамдар, азаматтық және қылмыстық істер бойынша куәлар мен сарапшылар.
Бап 504. 504-бап. Өзге іс-қимылдарды жасаған кездегі жеңілдіктер
504-бап. Өзге іс-қимылдарды жасаған кездегі жеңілдіктер
Тармақ 1
1. Тұратын жеріне тіркегені үшін мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:
Тармақша 1
1) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерге тұратын қарттар мен мүгедектер;
Тармақша 2
2) толық мемлекеттiк қамсыздандырылудағы және мемлекеттiк жатақханаларда тұратын мектеп-интернаттар мен кәсiптiк мектептер мен кәсіптiк лицейлердің оқушылары.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк баж төлеуден аң аулау құқығына рұқсат бергені үшін: аң танушылар, қорықшылар мен штаттағы аңшылар - оларға аң аулау құқығына рұқсаттарды бергені үшін босатылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік баж мыналардан алынбайды:
Тармақша 1
1) механикалық көлік құралдары мен тіркеулерді иеліктен алу жөніндегі мәмілелерді жүзеге асырған кезде жақын туыстардың арасында (ата-аналарына, балаларына, бала асырап алушыларға, асырап алынғандарға, толық қандас және толық қандас емес аға-інілеріне және апа-сіңлілеріне, қарындастарына, аталарына, әжелеріне, немерелеріне);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында жасалған механикалық көлік құралдары мен тіркемелерін иеліктен алу жөніндегі мәмілелерді жүзеге асырған кезде.
Тармақ 3. 3. Мемлекеттік бажды төлеудің және қайтарудың тәртібі
3. Мемлекеттік бажды төлеудің және қайтарудың тәртібі
Бап 505. 505-бап. Мемлекеттiк бажды төлеудің тәртiбi
505-бап. Мемлекеттiк бажды төлеудің тәртiбi
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк баж қолма-қол ақшамен, банк мекемелерi арқылы аудару жолымен, сондай-ақ нотариалдық маркаларды сатып алу жолымен төленедi. Мемлекеттiк бажды төлеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілейдi.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк баж:
Тармақша 1
1) сот қарайтын iстер бойынша тиiстi арыздар (шағымдар) немесе кассациялық шағымдар бергенге дейiн, сондай-ақ сот құжаттардың көшiрмелерiн берген кезде;
Тармақша 2
2) нотариалдық іс-қимылдарды орындағаны үшiн, сондай-ақ құжаттардың көшiрмелерiн, түпнұсқа көшiрмелерiн бергенi үшiн уәкілетті органдардан нотариалдық маркаларды сатып алған кезде;
Тармақша 3
3) азаматтық хал актілерiн тiркегенi үшiн, тиiстi арыздар берген кезде азаматтық хал актілерiнiң жазбасына түзетулер мен өзгерiстер енгiзгенi үшiн, сондай-ақ куәлiктер мен анықтамаларды қайталап бергенi үшiн оларды берген кезде;
Тармақша 4
4) кәмелетке толған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенi бұзуды мемлекеттiк тiркегенi үшiн актiлердi тiркеген кезде;
Тармақша 5
5) азаматтардың тұратын жерiн тiркегенi үшiн тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәлiктерiн бергенi үшiн тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
Тармақша 7
7) аң аулау құқығын рұқсат бергенi үшiн тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
Тармақша 8
8) қару-жарақты және оған оқтарды сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдауға, әкелуге және Қазақстан Республикасынан алып кетуге рұқсаттар бергенi үшiн тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
Тармақша 9
9) азаматтық қаруды (аңшылық суық қару, пневматикалық және аэрозолдық газды құрылғыларды қоспағанда) тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге байланысты iстер бойынша тиiстi құжаттарды алғанға дейiн.
Бап 506. 506-бап. Мемлекеттiк бажды қайтару тәртiбi
506-бап. Мемлекеттiк бажды қайтару тәртiбi
Тармақ 1
1. Төленген мемлекеттiк баж iшiнара немесе толық мынадай жағдайларда қайтарылуға тиiс:
Тармақша 1
1) осы Кодекс бойынша талап етiлгеннен гөрi бажды көбiрек мөлшерде енгiзу;
Тармақша 2
2) арыздарды (шағымдарды) қайтару немесе оны қабылдаудан бас тарту, сондай-ақ нотариустардың және осыған уәкілеттi адамдардың нотариалдық iс-қимылдарды жасаудан бас тартуы;
Тармақша 3
3) iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату немесе, егер iс соттың қарауына жатпаса, сондай-ақ талапкер осы iстер санаты үшiн белгiленген дауды алдын ала шешудiң тәртiбiн не талап әрекет етуге қабілетсiз адамға қойылған жағдайда талапты қараусыз қалдыру;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк бажды төлеген адамдардың заңдық маңызы бар iс-әрекеттердi жасаудан немесе осы заңдық маңызы бар iс-әрекеттi жасаған органға өтiнiш жасағанға дейiн құжатты алудан бас тартуы;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актiлерiмен белгiленген өзге де жағдайларда.
Тармақ 2
2. Қайтарылу, осы баптың 1-тармағында белгiленген жағдайда осы Кодекстiң 43-бабында белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.
Тармақ 4. 4. Консулдық алым
4. Консулдық алым
Бап 507. 507-бап. Жалпы ережелер
507-бап. Жалпы ережелер Консулдық алым - Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерi және консулдық мекемелерiнiң заңды тұлғалары және Қазақстан Республикасының азаматтарынан, сондай-ақ шетел заңды тұлғаларынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан консулдық іс-қимылдарды жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергені үшін алатын мемлекеттік баждың түрі.
Бап 508. 508-бап. Консулдық алым төлеушілер
508-бап. Консулдық алым төлеушілер Консулдық алым төлеушiлер - олардың мүдделерiне заңдық маңызы бар консулдық іс-қимылдар жасалып, құжаттар берілетін заңды тұлғалар мен Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетел заңды тұлғалары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар.
Бап 509. 509-бап. Консулдық алым ставкалары
509-бап. Консулдық алым ставкалары
Тармақ 1
1. Консулдық алымның ең төмен және ең жоғары базалық мөлшерлерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi консулдық алымдардың базалық ставкалары шегiнде нақты ставка көлемін белгілеуге құқылы.
Бап 510. 510-бап. Консулдық iс-қимылдар жасағаны үшін алынатын алымдар
510-бап. Консулдық iс-қимылдар жасағаны үшін алынатын алымдар
Тармақ 1
1. Консулдық алым мынадай консулдық іс-қимылдарды жасағаны үшiн алынады:
Тармақша 1
1) қызметтiк төлқұжаттар мен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын ресiмдегенi және визаларды беру;
Тармақша 2
2) шетелде болу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарының өтінiштерiн ресімдеу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының азаматтық мәселелерi бойынша құжаттарды ресiмдеу;
Тармақша 4
4) құжаттарды талап ету;
Тармақша 5
5) азаматтық хал актілерiн тiркеу;
Тармақша 6
6) құжаттарды заңдастыру;
Тармақша 7
7) нотариалдық iс-қимылдар жасау;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жағдайларда.
Бап 511. 511-бап. Жеке жағдайларда консулдық алымдарды төлеуден босату
511-бап. Жеке жағдайларда консулдық алымдарды төлеуден босату Консулдық алым:
Тармақша 1
1) осы бөлiмнiң 500-504 баптарында көзделген жағдайларда;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасымен консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы келiсiмдерi бар елдердiң жеке және заңды тұлғаларынан;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы құқықтық көмек, отбасылық, азаматтық және қылмыстық iстер бойынша құжаттар туралы, алименттер туралы, мемлекеттiк жәрдемақылар мен зейнетақылар, бала асырап алу туралы шарттар жасасқан елдердiң өкiмет орындары мен жекелеген азаматтардың сұрау салуы бойынша сұратып алдырғаны үшiн;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жағдайларда.
Бап 512. 512-бап. Алымдарды төлеу тәртiбi және мерзiмдерi
512-бап. Алымдарды төлеу тәртiбi және мерзiмдерi
Тармақ 1
1. Консулдық алым консулдық iс-қимылдар жасағанға дейiн төленедi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық алымдарды төлеуден кейiн консулдық iс-қимылдар жасайды.
Тармақ 3
3. Консулдық алымдарды төлеу теңгемен немесе консулдық iс-қимылдар жасалатын елдiң валютасымен жүргiзілiп, оның айырбасталу, не кез келген еркiн айырбасталатын валютамен айырбасталу шарттары кезiнде төленеді.
Тармақ 4
4. АҚШ долларымен белгiленген ставкада Қазақстан Республикасының аумағында консулдық алымдар төлеу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алымды төлеу кезiнде белгiлеген ресми бағам бойынша теңгемен жүргізiледi.
Тармақ 5
5. Консулдық алым мыналарға төленедi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында: банк мекемелерi арқылы аудару жолымен консулдық іс-қимылдарды жүзеге асыратын жерiне орай бюджетке - ұлттық валютамен алым төлеген кезде; нысандарын мемлекеттiк уәкiлеттi органдар белгiлейтiн қатаң есептелiнетiн бланктер негiзiнде қолма-қол - алымды шетел валютасымен төлеген кезде;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде - шаруашылық пайдалану құқығынсыз уәкiлеттi мемлекеттiк органның арнайы (транзиттiк) банк шотына.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде уәкiлеттi органның арнаулы банк шотына енгiзiлген консулдық алымдарды бюджетке аудару тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейдi.
Тарау 90. 90-ТАРАУ. КЕДЕНДIК ТӨЛЕМДЕР
90-ТАРАУ. КЕДЕНДIК ТӨЛЕМДЕР
Бап 513. 513-бап. Жалпы ережелер
513-бап. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Кедендiк істi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгiленген кедендiк төлемдер алады.
Тармақ 2
2. Кедендiк төлемдер бойынша есептеулердiң, төлемдердiң, қайтарулардың, сондай-ақ жеңiлдiктердiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының кеден органдары белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Кедендiк төлемдердiң ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Бап 514. 514-бап. Кедендiк төлемдердiң түрлерi
514-бап. Кедендiк төлемдердiң түрлерi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өткен кезде, және басқа жағдайларда Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгiленген кедендiк төлемдердiң мынадай түрлерi:
Тармақша 1
1) кедендiк баж;
Тармақша 2
2) кедендiк ресiмдегенi үшiн кеден алымы;
Тармақша 3
3) тауарларды сақтағаны үшiн кеден алымы;
Тармақша 4
4) кедендiк сүйемелдеу үшiн кеден алымы;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензия бергенi үшiн алым;
Тармақша 6
6) кедендiк ресiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестатын бергенi үшiн алым;
Тармақша 7
7) алдын ала шешiм үшiн төлем төленедi.
Тармақ iii. III. САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛІКТЕНДІРУ
III. САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛІКТЕНДІРУ
Бөлім 16. 16-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
16-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тарау 91. 91-ТАРАУ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
91-ТАРАУ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 515. 515-бап. Салықтық бақылау
515-бап. Салықтық бақылау
Тармақ 1
1. Салықтық бақылау - салық заңдарының орындалуы, зейнетақы жарналарын аударудың толықтығы мен уақтылығы үшiн салық қызметi органдарының бақылауы.
Тармақ 2
2. Салық бақылауы мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
Тармақша 2
2) салық салу объектiлерi мен салық салумен байланысты объектiлердi есепке алу;
Тармақша 3
3) бюджетке түсiмдердi есепке алу;
Тармақша 4
4) қосылған құн салығын төлеушiлердi есепке алу;
Тармақша 5
5) салық тексерiстерiн;
Тармақша 6
6) камералдық бақылауды;
Тармақша 7
7) салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық мониторингін;
Тармақша 8
8) қазыналық жадуалы бар бақылау-кассалық машиналарын қолдану ережесi;
Тармақша 9
9) акцизделетiн тауарлардың кейбiр түрлерiн таңбалау және акциздік постарды белгiлеу;
Тармақша 10
10) мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке қою, бағалау және сату тәртiбiн сақтау.
Тармақ 3
3. Кеден органдары осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың орын ауыстыруымен байланысты төленуге тиiс салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi өндiрiп алу бойынша өз құзыретi шегiндегi салық бақылауын жүзеге асырады.
Бап 516. 516-бап. Салық құпиясы
516-бап. Салық құпиясы
Тармақ 1
1. Салық құпиясын мынадай деректерден басқа салық төлеушi және оның қаржы-шаруашылық қызметi туралы салық қызметi органдары алған кез-келген мәлiметтер құрайды:
Тармақша 1
1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi туралы;
Тармақша 2
2) салық жылында бюджетке салық төлеушi (салық агентi) төлеген салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомалары туралы;
Тармақша 3
3) салық тәртiп бұзушылықтарының фактiлерi және аталған тәртiп бұзушылықтарды жасағаны үшiн жауапкершiлiк шаралары туралы;
Тармақша 4
4) салық төлеушiлерге қолданылатын мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары туралы;
Тармақша 5
5) салықтық құқық бұзушылықтары мен қылмыстарды жасайтын тұлғаларды заң бойынша қуғындау мақсатында құқық қорғау органдарына; салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн айқындау туралы iстердi және салықтық құқық бұзушылықтары мен қылмыстары үшiн жауапкершiлiктi қарау барысында соттарға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы тараптың бiрi болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдарының арасында өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келiсiм-шарттарға), халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасы жасаған шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың салық және құқық қорғау органдарына ұсынылатын.
Тармақ 2
2. Салық төлеушiге қатысты ақпарат салық төлеушiнің жазбаша рұқсат етуiмен басқа тұлғаға берілуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Салық құпиясы осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа салық қызметі органдарының, олардың лауазымды тұлғаларының жариялауына жатпайды.
Тармақ 4
4. Салық қызметi органдарының лауазымды тұлғалары салық қызметi органдарындағы қызмет кезеңiнде, сондай-ақ өзiнiң жұмыстан босатылуы кезінде салық құпиясын құрайтын деректердi жария етуге құқылы емес.
Тармақ 5
5. Салық құпиясын құрайтын деректерi бар құжаттарды жоғалту немесе осындай деректердi жариялау заң актiлерiмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
Бап 517. 517-бап. Бюджетке түсiмдердi есепке алу
517-бап. Бюджетке түсiмдердi есепке алу
Тармақ 1
1. Бюджетке түсiмдердi есепке алуды есептелген және түскен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары, сондай-ақ өсiмдер мен айыппұлдар бойынша салық мiндеттемесiн орындауды салық төлеушiнің жеке шотында көрсету жолымен салық органдары жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң түсуiн есепке қою белгiленген тәртiпте бекiтiлген бюджет жiктемесiне сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Жеке шоттарды жүргiзу тәртiбін уәкiлетті мемлекеттiк орган айқындайды.
Тарау 92. 92-ТАРАУ. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІ ТІРКЕУ
92-ТАРАУ. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІ ТІРКЕУ
Бап 518. 518-бап. Осы тарауда қолданылатын терминдер мен айқындамалар
518-бап. Осы тарауда қолданылатын терминдер мен айқындамалар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімі - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақытылы төленуі мен дұрыс есептелуін бақылау мақсатымен уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін салық төлеушілерді есепке алудың мәліметтер мемлекеттік базасының жүйесі.
Тармақ 2
2. Салық төлеушілерді мемлекеттік тіркеу - Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліміне салық төлеуші туралы деректерді енгізу.
Тармақ 3
3. Салық төлеушіні тіркеу нөмірі - Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліміне ол туралы деректерді енгізу және салық төлеуші ретінде оны мемлекеттік тіркеу кезінде салық төлеушіге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша берілетін бірыңғай нөмір.
Тармақ 4
4. Тiркеу есебіне қою - бұл салық төлеушiні салық органында есепке қою, оның нәтижесiнде салық төлеушiнiң орналасқан орны, салық салумен байланысты оған салық салу объектілерi мен объектiлердiң тиiстілiгi тiркеледi, сондай-ақ салық төлеушiнiң есептiк сипаттамасындағы ағымдағы өзгерiстердi тiркеу.
Тармақ 5
5. Салық төлеушiнiң куәлiгi - Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерінің мемлекеттiк тiзiлiмiнде оны тiркеу кезiнде салық төлеушiге берiлетiн және қатаң есеп беру бланкiсi болып табылатын тiркеу нөмiрiн беру туралы құжат.
Бап 519. 519-бап. Салық төлеушiлердi мемлекеттiк тiркеу
519-бап. Салық төлеушiлердi мемлекеттiк тiркеу
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында салық төлеушілер ретiнде мемлекеттiк тiркелуге мыналар жатады:
Тармақша 1
1) заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi, оның ішiнде, Қазақстан Республикасындағы қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер - орналасқан немесе қызметiн жүзеге асыру орны бойынша;
Тармақша 2
2) салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушiлер болып табылатын резидент жеке тұлғалар - тұрғылықты жерi бойынша;
Тармақша 3
3) тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасындағы келу орны бойынша;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасында салық салу объектiлерiн иеленетiн резидент еместер - салық салу объектiлер тiркеу орны бойынша және (немесе) орналасқан орны бойынша;
Тармақ 2
2. Салық төлеушiлердi мемлекеттiк тіркеуді уәкілетті мемлекеттiк орган жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
Бап 520. 520-бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттiк тiркеуден өту мерзiмi
520-бап. Салық төлеушiлердің мемлекеттiк тiркеуден өту мерзiмi
Тармақ 1
1. Заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасының әділет органдарында оларды мемлекеттiк (есептiк) тiркеу күнiнен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеуден өту үшiн салық органына жүгiнуге міндетті.
Тармақ 2
2. Жеке тұлғалар осы Кодекспен көзделген салық мiндеттемелерінiң туындауы сәтiнен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеуден өту үшiн салық органына жүгiнуге мiндеттi.
Бап 521. 521-бап. Салық төлеушінiң тiркеу нөмiрi
521-бап. Салық төлеушінiң тiркеу нөмiрi
Тармақ 1
1. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн беру тiркеу нөмiрiн беру туралы өтiнiштi салық органына салық төлеушi бергеннен кейiн 10 жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнiң куәлiгiн оған берумен 2 жұмыс күнi ішiнде уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi салық төлеушi ұсынатын салықтық есеп беру құжаттарында көрсетiлуге тиiс.
Тармақ 3
3. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн салық органы осы Кодекспен көзделген оның салықтық мiндеттемелерiне қатысты жiберілген салық төлеушiнiң барлық құжаттарында көрсетуге тиiс.
Тармақ 4
4. Салық төлеушiге тiркелген нөмiрiн берудiң, өзгертудiң және оны жарамсыз деп танудың тәртiбiн уәкілетті мемлекеттiк орган белгілейдi.
Бап 522. 522-бап. Салық төлеушілердi есепке алып тiркеу
522-бап. Салық төлеушілердi есепке алып тiркеу
Тармақ 1
1. Салық төлеушілердi есепке алып тiркеу салық органдарында мемлекеттiк тіркеу рәсiмін салық төлеуші өткеннен кейiн ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Салық төлеуші салық органдарында тіркеу есебінде тұруға міндетті:
Тармақша 1
1) заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға үшін: заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің және/немесе орналасқан орны бойынша; қызметтi жүзеге асыру және/немесе орны бойынша; салық салу объектiлерiнiң орналасқан және/немесе орналасқан орны бойынша;
Тармақша 2
2) жеке тұлғалар үшiн: тұрғылықты жерi бойынша; салық салу объектiлерiнiң орналасқан және/немесе орналасқан орны бойынша; кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыру орны бойынша.
Тармақ 3
3. Заңды және жеке тұлғалар жылжымайтын мүлiкке, жерге, көлiк құралдарына құқықты мемлекеттiк тiркеу сәтiнен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде салық салу объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына тiркеу есебiне қою туралы өтініштi беруге міндетті. Осы баптың мақсаты үшін салық салу объектiсiнiң орналасқан орны болып мыналар танылады:
Тармақша 1
1) жылжымайтын мүлiк (жер) үшiн - олардың нақты орналасқан орны;
Тармақша 2
2) көлiк құралдары үшiн - көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу орны, ал осындай жоқ болған жағдайда - мүлiк иесiнiң орналасқан (тұрғылықты) орны.
Тармақ 4
4. Заңды тұлға құрмай өз қызметiн жүзеге асыратын және жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi бар жеке тұлға тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiне қоюға жатады.
Тармақ 5
5. Құрылымдық бөлiмшенi тiркеу есебiне қою кезiнде есепке қою туралы өтiнiште осы құрылымдық бөлiмшенi құрған заңды тұлға салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi көрсетіледi.
Тармақ 6
6. Тiркеу есебiне қою туралы салық төлеушінің өтiнiшінде мынадай көзделген нысандардың біреуі салық органына берiледi:
Тармақша 1
1) баспа белгiлерiмен толтырылған өтініштің бланкісі;
Тармақша 2
2) электрондық нысанда басылған;
Тармақша 3
3) электрондық қол қойылып куәландырылған электрондық файл түрiнде;
Тармақ 7
7. Салық органы есепке қою туралы растаулы оған берумен тіркеу есебiне қою туралы салық төлеушiнiң өтiнiшiн беру сәтiнен 2 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Заңды тұлға немесе жеке кәсiпкер - жеке тұлға көрсеткен тiркеу мәлiметтерi өзгерген жағдайда тiркеу есебiне қою туралы өтiнiште салық төлеушi осындай мәлiметтердi өзгеру сәтiнен 10 жұмыс күнi ішiнде салық органына осы туралы хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 9
9. Заңды тұлға немесе жеке тұлға - жеке кәсiпкер орналасқан орнын немесе қызметiн жүзеге асыру орнын өзгерткен жағдайда салық төлеушi 10 жұмыс күнi iшінде қызметтi жүзеге асыру орны немесе орналасқан орнын өзгерту туралы тiркеу есебiнде тұрған салық органын хабарландыруы және салық төлеушінiң бұрыңғы тiркеу нөмiрiн сақтаумен қызметiн жүзеге асыру орны немесе жаңа орналасқан орны бойынша тiркеу есебiне тұруға тиiс.
Тармақ 10
10. Салық төлеушiнi мемлекеттiк тiркеу және тiркеу есебiнiң тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгілейдi.
Бап 523. 523-бап. Салық төлеушілердi мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығару
523-бап. Салық төлеушілердi мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығару
Тармақ 1
1. Салық төлеушiнi Мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығарып тастау осы Кодекстiң 61, 62-баптарына сәйкес салық мiндеттемелерiн тоқтатумен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Салық төлеушiнi Мемлекеттiк тiзілiмiнен шартты шығарып тастау заң актiлерiмен белгіленген және салық берешегi жоқ заңды тұлға мен жеке кәсiпкердiң әрекетсiз белгісiне салық төлеушiнiң сәйкестiгi жағдайында, сондай-ақ тiркеу нөмiрiн сақтаумен iздестiру жоқтығының фактiсiн растаған, салық полициясы органдарында құжаттар болған кезде жүргiзіледi.
Бап 524. 524-бап. Банк операцияларының кейбiр түрлерiн жүзеге асырушы банктер немесе ұйымдардың мiндеттерi
524-бап. Банк операцияларының кейбiр түрлерiн жүзеге асырушы банктер немесе ұйымдардың мiндеттерi
Тармақ 1
1. Банк операцияларының кейбiр түрлерiн жүзеге асырушы банктер немесе ұйымдар тұлғаларға, оның ішiнде салық органы берген шотты ашу үшiн хабарламаны олар ұсынғанда ғана резидент еместер шоттарын ашады.
Тармақ 2
2. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы банктер немесе ұйымдар мыналарға мiндеттi:
Тармақша 1
1) банк шотын ашу кезiнде салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн ескеру, 3 жұмыс күнi iшiнде аталған шоттарды салық төлеушiге ашу туралы салық органын хабарландыру;
Тармақша 2
2) вексельден басқа төлем құжаттарында салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн қоймастан шоты бойынша операцияларды жүргiзбеу;
Тармақша 3
3) төлем құжаттарын өңдеу кезiнде тiркеу нөмiрiнiң құрылымына сәйкес салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн көрсетудiң дұрыстығын бақылау;
Тармақша 4
4) бiрiншi кезектегi тәртiпте олардың банк шотынан салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерi төлеуге салық төлеушiлердiң төлем тапсырыстарын орындауға. Осындай тәртiпте белгiленген мерзiмде енгiзілмеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын, өсiмдер мен айыппұлдарды өндiрiп алуға салық органдарының инкассалық өкiмдерiн орындауға;
Тармақша 5
5) салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасау күнiндегі салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын банк операцияларының кейбiр түрлерiн жүзеге асыратын банкке немесе басқа ұйымға енгізуге (аударуға);
Тармақша 6
6) осы шоттардағы ақша барлығына тексерiлетiн салық төлеушiнiң банк шоттары бойынша жасалынатын (немесе ағымдағы) операцияларды тексеруге салық органдары қызметкерлерiн жiберуге;
Тармақша 7
7) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық органының шешiмi бойынша салық төлеушiлердiң банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтатуға және салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi сөзсiз аударуға қатысты бiрiншi кезектегi нұсқаманы орындауға.
Бап 525. 525-бап. Резидент емес болып табылатын заңды және жеке тұлғаларды салық органдарында тiркеу ерекшелiктерi
525-бап. Резидент емес болып табылатын заңды және жеке тұлғаларды салық органдарында тiркеу ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Салық төлеушiнің тiркеу нөмiрiн берумен салық төлеушілер ретiнде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiркеу мыналарға жатады:
Тармақша 1
1) тұрақты мекеме құрумен Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар - тұрақты мекеменiң орналасқан жерi бойынша;
Тармақша 2
2) тұрақты мекеме құрмай Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар - тұрақты мекеменiң орналасқан жерi бойынша;
Тармақша 3
3) тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы жеке кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлғалар - келу орны бойынша.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы резидент еместiң қызметiн жүзеге асырудың басталу күнi деп мынадай күндердiң бiрi танылады:
Тармақша 1
1) келісім-шартты (шартты, келісімді) жасау күні: Қазақстан Республикасындағы жұмысты (қызмет көрсетудi) орындауға; Қазақстан Республикасындағы оның атынан iс-әрекет жасауға өкілеттік беруге; сату мақсатында Қазақстан Республикасында тауарларды сатып алуға; Қазақстан Республикасындағы (жай серiктестiкке қатысуға) бiрлескен қызметтi жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасындағы қызметті жүзеге асыру мақсатында жұмысты (қызмет көрсетуді) сатып алуға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық сипатындағы жеке еңбек келісім-шартын немесе өзге де шартты жасау күнi;
Тармақша 3
3) офисті ашуды көрсететін шартты жасау күні (сатып алу-сату шарты, мүлiктi жалға алу туралы шарт). Осы тармақтың бірнеше шарттары бар жағдайында Қазақстан Республикасындағы қызметті жүзеге асыру күні деп аталған келісім-шарттардың (шарттардың, келісімдердің) біреуінің жасалу күні танылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асырушы резидент емес заңды тұлға қызметiн жүзеге асыру басталу күнiнен бастап 10 жұмыс күнi ішiнде салық органында тiркеуден өтуге мiндеттi.
Тармақ 4
4. Тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент емес жеке тұлға кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруды бастау немесе Қазақстан Республикасына келу күнiнен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде салық органында есепке тұруға мiндеттi. Басқа резидент емес жеке тұлғалар Қазақстан Республикасында резиденттікті алу сәтiнен салық органында есепке тұруға міндеттi.
Тармақ 5
5. Осы Кодекстiң 183-бабының 3-тармағындағы 5-тармақшаға сәйкес қызметi резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ретiнде қаралатын, оның iшiнде резидент емес заңды немесе жеке тұлға салық органына есепке қою мақсатында резидент емес заңды тұлғаның осындай қызметтi нақты жүзеге асыру күнi басталуынан 10 жұмыс күнi ішiнде аталған келiсiм жоқ болған жағдайда немесе тиiстi келiсiмге (шартқа, келiсiм-шартқа) қол қою күнiнен 10 жұмыс күнi iшiнде салық органына беруге мiндеттi.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасындағы көздерден кiрiстер алу мақсатымен Қазақстан Республикасына келетiн, осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген резидент еместер қызметiнiң басталуы туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасына келу күнiнен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде салық органына жiберуге мiндеттi.
Бап 526. 526-бап. Тiркеу есебін жүргізу кезінде салық төлеушінің жауапкершілігі
526-бап. Тiркеу есебін жүргізу кезінде салық төлеушінің жауапкершілігі Салық төлеушi заң актiлерiне сәйкес салық төлеушiнiң мемлекеттiк тiркеуден өту мерзiмiн бұзғаны үшiн жауап бередi; салық төлеушiнің тiркеу нөмiрiн беру мен тiркеу есебiне қою кезiнде ұсынылатын мәлiметтердiң дұрыстығы, сондай-ақ салық есеп берулерiндегi және өзге де жағдайларда салық төлеушінiң тiркеу нөмiрiн қоюдың дұрыстығы үшін жауап бередi.
Бап 527. 527-бап. Салық төлеушiлердi тiркеудi жүзеге асыру кезiнде уәкiлеттi органдардың өзара қарым-қатынасы
527-бап. Салық төлеушiлердi тiркеудi жүзеге асыру кезiнде уәкiлеттi органдардың өзара қарым-қатынасы
Тармақ 1
1. Уәкiлеттiк мемлекеттiк орган салық төлеушілердiң мемлекеттiк тiркеуiн жүргiзедi. Тiркеу есебiн жүзеге асыру кезiнде салық органдары мынадай уәкiлеттi органдармен қарым-қатынастар жасайды:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi, қайта тiркеудi және таратуды жүзеге асыратын;
Тармақша 2
2) статистика;
Тармақша 3
3) салық салу объектілерiн есепке алу және (немесе) тiркеудi жүзеге асыратын;
Тармақша 4
4) рұқсат және тiркеу сипатындағы лицензиялар, куәліктер немесе өзге де құжаттарды беретiн;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасындағы олардың тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғаларды тіркеуді жүргізетін;
Тармақша 6
6) азаматтық хал актілерiн тiркеудi жүзеге асыратын;
Тармақша 7
7) нотариалдық істердi жасауды жүзеге асыратын;
Тармақша 8
8) қамқоршылық пен қамқорлыққа алуға.
Тармақ 2
2. Салық салу объектілерін есепке алу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Бап 528. 528-бап. Салық органдарының тiркеу есебін жүзеге асыру кезінде уәкілетті салық органдарының міндеттері
528-бап. Салық органдарының тiркеу есебін жүзеге асыру кезінде уәкілетті салық органдарының міндеттері
Тармақ 1
1. Осы Кодекстің 527-бабында айқындалған уәкілетті органдар уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіпке сәйкес тиісті деректерді енгізу сәтінен 10 жұмыс күні ішінде салық салу объектілері бар салық төлеушілер туралы деректерді өз орнының орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге міндетті.
Тармақ 2
2. Салық салу объектілерін, басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алу объектілерін есепке алуды және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзімдерде және нысандарда оларды есепке алу және (немесе) тіркеу орны бойынша салық төлеушілер, сондай-ақ салық салу объектілері, басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алу туралы деректерді беруге міндетті.
Тармақ 3
3. Лицензия, куәлік немесе рұқсат ету және тіркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретін уәкілетті органдар оларды беру (кері қайтарып алынған немесе тоқтатылған) сәтінен бастап 10 жұмыс күні ішінде лицензия, куәлік немесе рұқсат ету және тіркеу сипатындағы өзге де құжаттарды берілген (кері қайтарып алынған немесе тоқтатылған) салық төлеушілер туралы өзі орналасқан жер бойынша салық органдарына табыс етуге міндетті.
Тармақ 4
4. Шетелдiк заңды тұлғалардың келуiн (кетуiн) тiркеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган, олардың келуін (кетуін) тіркегеннен кейін, келудің мақсатын, орнын және мерзiмiн көрсете отырып, келушi шетелдiк жеке тұлғалар туралы мәлiметтердi 10 жұмыс күні ішiнде табыс етуге мiндеттi.
Тармақ 5
5. Бюджетке мiндеттi төлемдердi жинауды, салық салу объектiлерiн және салық салумен байланысты объектiлердiң есебiн жүзеге асырушы уәкiлеттi органдар салық есебiнде, салық төлеушілердiң тiркеу есебiнде көрсетуi тиiс.
Бап 529. 529-бап. Қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушілердің есебінің ерекшеліктері
529-бап. Қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушілердің есебінің ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Осы баппен көзделген қызметтi жүзеге асыру кезiнде салық төлеушi жүзеге асыруды бастауда салық органында тiркелуге мiндеттi:
Тармақша 1
1) бензинмен (авиациялықтан басқа), дизель отынымен көтерме және бөлшек сауда;
Тармақша 2
2) алкоголь өнiмiн өндiру және сату;
Тармақша 3
3) шыны ыдысты қабылдау;
Тармақша 4
4) лотереяларды ұйымдастыру, өткiзу және сату;
Тармақша 5
5) ойын бизнесiн.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметтiң түрiн (лотереяны ұйымдастыру, өткiзу және сатудан басқа) жүзеге асырушы салық төлеушi салық салу объектілерiн және салық салумен байланысты объектілердi кәсiпкерлiк қызметiнде оларды пайдалану басталғанға дейiн салық органында тiркеуге мiндеттi. Бұл орайда, салық салумен байланысты объектілер мен салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органында тіркеу жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Лотереяны ұйымдастыру, өткiзу және сату бойынша қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушi оларды сату басталғанға дейiнгi 10 күн үшiн лотерея билеттерiнiң әрбiр шығарылымын салық органында тiркеуге мiндеттi.
Тармақ 4
4. Қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы салық төлеушiлердi есепке алу тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Бап 530. 530-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердiң есебi
530-бап. Қосылған құн салығын төлеушілердiң есебi
Тармақ 1
1. Қосылған құн салығы бойынша төлеушілердi есепке қоюға талап осы Кодекстiң ерекше бөлiгiнде айқындалады.
Тармақ 2
2. Қосылған құн салығы бойынша есепке төлеушiнi есепке қою тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Тарау 93. 93-ТАРАУ. САЛЫҚ ТЕКСЕРIСТЕРI
93-ТАРАУ. САЛЫҚ ТЕКСЕРIСТЕРI
Бап 531. 531-бап. Салық тексерiстерiнің түсiнiгі және түрлерi
531-бап. Салық тексерiстерiнің түсiнiгі және түрлерi
Тармақ 1
1. Салық тексерiсi - салық төлеушiнiң салық заңдарын орындауына салық қызметi органдары жүзеге асыратын тексерiс.
Тармақ 2
2. Салық тексерiстерiн тек қана салық органдары, сондай-ақ осы Кодекспен белгiленген өкілеттiк шектерiнде салық полициясының органдары жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Салық тексерiстерi мынадай түрлерге бөлiнедi:
Тармақша 1
1) құжаттық тексерiс;
Тармақша 2
2) рейдтiк тексерiс;
Тармақ 4
4. Құжаттық тексерiстер мынадай түрлерге бөлiнедi:
Тармақша 1
1) кешенді тексеріс - салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерін орындауды тексеру;
Тармақша 2
2) тақырыптық тексерiс - салық және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдердiң жеке түрлерi бойынша салық мiндеттемелерiн орындауды тексеру;
Тармақша 3
3) қарсы тексерiс - аталған тұлғалармен байланысты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсету туралы қосымша ақпаратты алуда туындайтын қажеттілік салық органдарында салық тексерістерін жүргізу кезіндегі жағдайда үшінші тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеріс.
Тармақ 5
5. Рейдтiк тексерiс заңдардың кейбiр талаптарын олардың сақтауы мәселесi бойынша кейбiр салық төлеушілерге қатысты салық қызметтi органдары жүргізедi, оның ішінде:
Тармақша 1
1) салық органдарында тiркеу есебiне салық төлеушiлердi қою;
Тармақша 2
2) қазыналық жадуалы бар бақылау-кассалық аппараттарын қолданудың дұрыстығы;
Тармақша 3
3) лицензияның және өзге де рұқсат ету құжаттарының бар болуы;
Тармақша 4
4) акцизделетiн өнiмдi өндiру, сақтау және сату ережесiн сақтау;
Тармақша 5
5) хронометраждық зерттеулердi жүргiзу.
Бап 532. 532-бап. Салық тексерiстерiн жүргізудiң жиiлiгі
532-бап. Салық тексерiстерiн жүргізудiң жиiлiгі
Тармақ 1
1. Салық тексерiстерi мынадай жиілiкпен жүргiзіледi:
Тармақша 1
1) кешендi - жылына бiр реттен кем емес;
Тармақша 2
2) тақырыптық - салықтың және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердiң бiр және сондай түрi бойынша жарты жылдықта бiр реттен кем емес;
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шектеулер мынадай жағдайларға таралмайды:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаны қайта құру немесе таратумен және жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтатумен байланысты жүзеге асырылатын құжатты тексерiстердi жүргiзу кезiнде, сондай-ақ салық төлеушінің өтiнiшi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша есептен шығару жағдайында;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт қызметiнiң мерзiмi аяқталуымен байланысты жүзеге асырылатын құжатты тексерiстердi жүргiзу кезiнде;
Тармақша 3
3) қарсы тексерiстердi жүргiзу кезiнде;
Тармақша 4
4) қайтарып беруге қойылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығының мәнiне салық төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде жүргiзiлетiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардың нормаларын қолдануды тақырыптық тексерiс жүргiзу кезiнде;
Тармақша 5
5) тексерiстi жүргiзетiн, салық органының қызметiне бақылау тәртiбінде жоғары тұрған салық органы жүргізетiн тексерістер кезiнде, сондай-ақ салық тексерiсiнiң актісi бойынша хабарламаға салық төлеушiнiң шағымын қарайтын органның шешiмi негiзiнде жүргізiлетiн қосымша тексерiстер кезiнде;
Тармақша 6
6) нақты салық төлеушiге қатысты және уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысының бұйрығына сәйкес жүргiзiлетiн кезектен тыс құжатты тексерiстер, сондай-ақ қылмыстық-iс қозғау заңдарымен көзделген негiздер бойынша.
Бап 533. 533-бап. Салық тексерiстерiн жүргізудің мерзiмi
533-бап. Салық тексерiстерiн жүргізудің мерзiмi
Тармақ 1
1. Берiлетiн нұсқамаларда көрсетілген, салық тексерiстерiн жүргiзудiң мерзiмi осы баппен өзгеше көзделмесе нұсқаманы тапсыру сәтiнен 30 жұмыс күнiнен аспауы тиiс.
Тармақ 2
2. Негiздi себеп бар кезде салық органы салық тексерiстерiн 30 жұмыс күнiне дейiн ұзарта алады. Аталған мерзiм негiздi себептер бар кезде салық органы 30 күнге дейiн ұзарта алады.
Тармақ 3
3. Құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғаға салық тексеруiн жүргiзу кезiнде салық тексерiсiн жүргізудiң мерзiмi әрбiр құрылымдық бөлiмшенiң 30 жұмыс күнiне ұлғаюы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Салық органы сол заңды тұлғаның өзiн салық тексеруiне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiн тексеруге құқылы.
Тармақ 5
5. Салық тексеруiн жүргiзу мерзiмi құжаттарды салық тексерісін жүргiзу кезiнде салық төлеушi сұрайтын беру және құжаттарды беру туралы салық органының талаптарын, сондай-ақ салық органының сұрау салуы бойынша құжаттар мен деректердi алу сәтiне салық төлеушiге тапсыру сәттерi арасындағы уақыт кезеңiне тоқтатылады.
Тармақ 6
6. Осы баптың 2 және 3-тармақтарымен көзделген тексерiс мерзiмдерiн ұзарту туралы жоғары тұрған салық органының шешiмi жоқ болған жағдайда, салық тексерiсiн өткiзу мерзiмiнiң аяқталуы жағдайында салық төлеушi аумаққа немесе үй-жайға тексерiстi жүргiзетiн салық органының лауазымды тұлғаларын жiбермеуге құқылы.
Тарау 94. 94-ТАРАУ. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУЛЕРДI ЖYЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТIБI
94-ТАРАУ. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУЛЕРДI ЖYЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТIБI
Бап 534. 534-бап. Салықтық тексерулерге қатысушылар
534-бап. Салықтық тексерулерге қатысушылар
Тармақ 1
1. Ұйғарымда көрсетілген салық органының лауазымды тұлғасы және салық төлеушi салықтық тексерулерге қатысушылар болып табылады.
Тармақ 2
2. Салық полициясы органының лауазымды тұлғасы осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актілерiнде белгіленген тәртiппен және негізде салықтық тексерулерге қатысуға құқылы.
Бап 535. 535-бап. Салықтық тексерiс жүргiзу негіздемесi
535-бап. Салықтық тексерiс жүргiзу негіздемесi
Тармақ 1
1. Салықтық тексерiс жүргiзу үшiн мынадай деректемелерi бар нұсқама:
Тармақша 1
1) нұсқаманың салық органына берiлген күнi мен тiркеу нөмiрi;
Тармақша 2
2) нұсқаманы берген салық органының атауы;
Тармақша 3
3) салық төлеушiнiң толық атауы;
Тармақша 4
4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
Тармақша 5
5) тексерiс түрi;
Тармақша 6
6) тексеретiн адамдардың лауазымы, тегi мен аты-жөнi;
Тармақша 7
7) тексерiс жүргiзiлетiн мерзiмi негiздеме болып табылады.
Тармақ 2
2. Рейдтiк тексерiс тағайындалған кезде нұсқамада аумақтың тексерiлетiн учаскесi, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер, сондай-ақ осы баптың 3, 4 және 6-тармақшаларын қоспағанда, 1-тармағында көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
Тармақ 3
3. Нұсқамада тақырыптық, ыңғайласпа тексерулердi тағайындау кезiнде тексерiлетiн салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi көрсетiледi.
Тармақ 4
4. Нұсқамаға қол қойылуы, салық органының елтаңбалы мөрiмен куәландырылуы және мемлекеттiк уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен сәйкес арнайы журналға тiркелуi тиiс.
Тармақ 5
5. Осы Кодекстiң 533-бабында көзделгенiндей, тексерiс мерзiмi ұзартылған жағдайда қосымша нұсқама ресiмделiп, онда алдыңғы нұсқаманың нөмiрi мен тiркелген нөмiрi мен күнi көрсетiледi.
Бап 536. 536-бап. Салықтық тексерiстi жүргiзудің басталуы
536-бап. Салықтық тексерiстi жүргiзудің басталуы
Тармақ 1
1. Салық төлеушiге (салық агентiне) нұсқама берiлген сәт салықтық тексерiстi жүргiзудiң басталуы болып есептеледi.
Тармақ 2
2. Салықтық тексерiстi жүргiзушi салық органының лауазымды адамдары салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) лауазымды адамына қызметтiк куәлiгiн көрсетуге мiндеттi.
Тармақ 3
3. Салықтық тексерiстi жүргiзушi салық органының лауазымды адамы, рейдтiк тексерiстi қоспағанда, салық төлеушiге нұсқаманың түпнұсқасын табыс етедi. Нұсқаманың көшiрмесiне салық төлеушi (салық агентi) нұсқамамен танысқаны және нұсқаманың оған табыс етiлгенi жөнiнде белгi қояды.
Тармақ 4
4. Рейдтiк тексерiс жүргiзілгенде салық төлеушiге танысу үшiн нұсқаманың түпнұсқасы көрсетіледі және оның табыс етілгені туралы нұсқамаға белгі қойылады.
Тармақ 5
5. Нұсқаманы алудан бас тарту салықтық тексерудi кейінге қалдыруға негіз болып табылмайды.
Тармақ 6
6. Салық тексерiстерiн жүзеге асыру кезеңiнде тексерiлетiн салық кезеңiнде салықтық есеп беруiнде салық төлеушінің өзгерiстер мен толықтырулар енгізуіне жол берiлмейдi.
Бап 537. 537-бап. Салық органының салықтық тексеріс жүргізу үшін аумаққа және үй-жайға кіру еркіндігі
537-бап. Салық органының салықтық тексеріс жүргізу үшін аумаққа және үй-жайға кіру еркіндігі
Тармақ 1
1. Салық төлеуші зерттеу үшін салық салумен байланысты және салық салу объектiлерiнiң немесе кiрiстердi алу үшiн пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға салық тексерiстерiн жүргiзетiн салық органының лауазымды тұлғаларын жiберуге міндеттi.
Тармақ 2
2. Салықтық тексерiс жүргiзушi салық органының лауазымды адамдарының көрсетiлген аумақтарға немесе үй-жайларға (тұрғын үйлерден басқа) кiруiне бөгет жасалған жағдайда хаттама жасалады.
Тармақ 3
3. Хаттамаға тексерiс жүргізушi салық органының лауазымды адамдары және салық төлеушілер (салық агентi) қол қояды. Көрсетiлген хаттамаға қол қоюдан бас тартқан кезде салық төлеушi неге бас тартқаны туралы жазбаша түсініктеме беруге мiндеттi.
Бап 538. 538-бап. Құжаттарды алып қою
538-бап. Құжаттарды алып қою
Тармақ 1
1. Салық тексерулерiнiң нәтижелерi үшiн маңызы бар, оның iшiнде электрондық тасығыштарда Құжаттардың түпнұсқаларын салық төлеушiнiң жоюы, жасыруы, түзетуi немесе ауыстыруы мүмкiн екенiн салық органдары ұйғарған негiздер бар жағдайларда салық органы көрсетiлген құжаттарды алып қоюға құқылы.
Тармақ 2
2. Құжаттарды алып қою тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Бап 539. 539-бап. Салықтық тексерудi аяқтау
539-бап. Салықтық тексерудi аяқтау
Тармақ 1
1. Салықтық тексерiстiң аяқталуы бойынша салық органының лауазымды адамы көрсетiлген мынадай салықтық тексерiстің:
Тармақша 1
1) салықтық тексерiстiң жүргізiлген орыны, актi жасалған күні;
Тармақша 2
2) тексерiстiң түрi;
Тармақша 3
3) салықтық тексерiстi жүргiзген салық органының лауазымды адамдарының қызметi, тегi, аты, әкесiнiң аты;
Тармақша 4
4) салық төлеушiнiң (салық агентінің) тегi, аты, әкесінің аты, не толық атауы;
Тармақша 5
5) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тұрған орыны, банктiк деректемелерi, сондай-ақ оның тiркеу нөмiрi;
Тармақша 6
6) салықтық және бухгалтерлiк есептiлік пен салық және бюджетке міндетті басқа да төлемдердi төлеуге тексерiс жүргiзуге жауапты салық төлеушiнің (салық агентiнiң) басшысы мен лауазымды адамдарының тегi, аты, әкесiнiң аты;
Тармақша 7
7) алдыңғы жүргiзiлген тексерiс пен бұрынырақ анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды қалпына келтіру үшін қабылданған шаралар туралы мәліметтер;
Тармақша 8
8) тексерілетін салық кезеңі мен тексеріс жүргізу үшін салық төлеуші (салық агенті)табыс еткен құжаттардың жалпы мәліметтері;
Тармақша 9
9) салық заңдарының тиісті нормасына сілтеме жасай отырып егжей-тегжейлі жазылған салықтық бұзушылықтың сипаттамасы;
Тармақша 10
10) салықтық тексерістің нәтижелері көрсетілген актісін жасайды.
Тармақ 2
2. Салықтық тексерістің аяқталған күні болып салықтық тексерістің актісін тапсыру күні есептеледі.
Тармақ 3
3. Егер салықтық тексерулердiң аяқталуы бойынша салық заңдарының бұзылуы анықталмаған жағдайда, салықтық тексеру актілерiне тиiстi белгi қойылады.
Тармақ 4
4. Салықтық тексерiс актiсiне қажеттi құжаттардың көшiрмелерi салық органының адамдары жүргiзген есеп айырысулар алынған құжаттар мен өзге де материалдар қоса тiркеледi.
Тармақ 5
5. Салықтық тексерiс актiсi кем дегенде екі дана етіп жасалады және оған салықтық тексерісті жүргізген салық органының лауазымды адамдары қол қояды.
Тармақ 6
6. Салықтық тексерістің актісін және хабарламаларды тіркейтін арнайы журналға тіркелуі, журнал нөмірленуі, бау өткізілуі және салық органының мөрімен куәландырылуы тиіс.
Тармақ 7
7. Салықтық тексерiс актiсiнің бір данасы салық төлеушіге (салық агентiне) тапсырылады. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеріс актісін алған кезде алғаны туралы белгi жасауға тиiс.
Бап 540. 540-бап. Салықтық тексерiстiң нәтижелері бойынша шешiм
540-бап. Салықтық тексерiстiң нәтижелері бойынша шешiм
Тармақ 1
1. Салықтық тексерiс актiсiнде көрсетiлген нәтижелер негiзiнде салық тексерiсiн аяқтау бойынша салық органы осы Кодекстiң 34-бабына сәйкес белгiленген мерзiмде салық төлеушiге (салық агентi) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген сомалары, өсiмдер мен айыппұлдар туралы хабарламаны шығарады.
Тармақ 2
2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмдер мен айыппұлдардың есептелген сомалары туралы хабарлама және салық тексерiсiнiң актiсiн тiркеу осы баптың 5-тармағында белгiленген жағдайлардан басқа бiр нөмiрмен салық органымен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Есептелген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары туралы хабарламада мен өсiмдерде мынадай деректемелер:
Тармақша 1
1) хабарламаны және салық тексерiсiнiң актiсiн тiркеу күнi мен нөмiрi;
Тармақша 2
2) салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы;
Тармақша 3
3) салық төлеушiнi тiркеу нөмiрi;
Тармақша 4
4) есептелген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, салық санкциялары мен өсiмдердiң сомалары;
Тармақша 5
5) төлеу туралы талап және төлеу мерзiмi;
Тармақша 6
6) тиiстi салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмдер мен айыппұлдардың деректемелерi;
Тармақша 7
7) шағым ету мерзiмi және орны болуы керек.
Тармақ 4
4. Есептелген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң, өсiмдер мен айыппұлдардың сомалары туралы хабарламаны алған салық төлеушi хабарламада белгіленген мерзiмдерде орындауға мiндеттi.
Тармақ 5
5. Егер салық тексерiсiн аяқтау бойынша салық заңдарын бұзу белгіленбеген жағдайда салық тексерiсiнiң нәтижелерi бойынша хабарлама қойылмайды.
Тарау 95. 95-ТАРАУ. КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ
95-ТАРАУ. КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ
Бап 541. 541-бап. Камералдық бақылау түсiнiгі
541-бап. Камералдық бақылау түсiнiгі
Тармақ 1
1. Камералдық бақылауды салық төлеушілер берген салық есебi және басқа да құжаттарды зерттеу және талдау негізiнде салық органы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Камералдық бақылау салық органының орналасқан жерi бойынша тiкелей жүргiзiледi.
Бап 542. 542-бап. Камералдық бақылау нәтижелерi
542-бап. Камералдық бақылау нәтижелерi Салықтық есеп беруiнде бар мәлiметтердiң арасындағы қайшылық табылған, салықтық есеп беруiнде салық органы қателiктер тапқан, сондай-ақ шағын бизнес субъектiлерi үшiн көзделген шарттары асқан кезде салық төлеушiге жiберген қателiктерiн өзi жоюы үшiн осы Кодекстiң 34-бабына сәйкес, сондай-ақ салық салудың жалпы белгiленген тәртiбiне көшу туралы хабарлама жiберіледi.
Тарау 96. 96-ТАРАУ. МОНИТОРИНГ
96-ТАРАУ. МОНИТОРИНГ
Бап 543. 543-бап. Салық төлеушiлер мониторингінiң ұғымы
543-бап. Салық төлеушiлер мониторингінiң ұғымы
Тармақ 1
1. Салық төлеушiлер мониторингi салық төлеушiнiң нақты салық салынатын базасын анықтау және тауарлар, жұмыстар (қызмет көрсетулер) өзiндiк құнын қалыптастырудың негiздiлiгiне талдау жүргiзу үшiн қаржылық, валюталық заңдарды, қолданылатын нарықтық бағаларды сақтау мақсатында салық төлеушiлердiң қаржылық шаруашылық қызметiне байқау және зерттеу жүйесiн қолдану жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Электронды мониторинг - электронды қол қоюмен расталған, электронды құжат нысанындағы ақпарат бере отырып, осы баптың 1-тармағында белгiленген мониторинг түрі.
Тармақ 3
3. Салық төлеушілердiң мониторингi республикалық және аймақтық деңгейде жүзеге асырылады.
Бап 544. 544-бап. Мониторингке жататын салық төлеушілер
544-бап. Мониторингке жататын салық төлеушілер
Тармақ 1
1. Республикалық мониторингке жататын салық төлеушiлердiң тiзiлiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Тармақ 2
2. Аумақтық мониторингке жататын салық төлеушілердiң тiзілiмiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Мониторингке жататын салық төлеушiлердi уәкілетті мемлекеттiк органы бекiткен тәртiппен салық есебiн тапсырады.
Тарау 97. 97-ТАРАУ. ҚАЗЫНАЛЫҚ ЗЕРДЕСІ БАР БАҚЫЛАУ-КАССАЛЫҚ МАШИНАЛАРЫН ҚОЛДАНУ
97-ТАРАУ. ҚАЗЫНАЛЫҚ ЗЕРДЕСІ БАР БАҚЫЛАУ-КАССАЛЫҚ МАШИНАЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Бап 545. 545-бап. Қазыналық зердесi бар бақылау-кассалық машиналарын қолдану
545-бап. Қазыналық зердесi бар бақылау-кассалық машиналарын қолдану
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру немесе қолма-қол ақша, банктiк төлем карточкалары, чектер арқылы қызмет көрсеткен кезде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды мiндеттi түрде қазыналық зердесi бар бақылау-кассалық машиналарын қолданумен және тұтынушының қолына чек берумен жүргiзiледi. Осы тармақтың ережесi мынадай ақша есеп айырысуларына таралмайды:
Тармақша 1
1) бiр жолғы талон немесе патент негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнайы салық режимi шегiнде қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлерге (акцизделетiн тауарларды сатушылардан басқа); олардың жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелу сәтiнен 6 айдан аспағанда;
Тармақша 2
2) осы Кодекстiң 399-405-баптарында белгiленген арнайы салық режимi шегiнде қызметiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысан бойынша түбiртектердi, билеттердi, талондарды, почта төлемiнiң белгілерiн немесе басқа да қатаң есеп чектерiне теңестiрiлген құжаттарды берумен халыққа қызмет көрсету бөлiгiнде.
Тармақ 2
2. Қазыналық зердесi бар бақылау-кассалық машиналарын қолдану мен пайдаланудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Қазыналық зердесi бар бақылау-кассалық машиналары - өзiнiң құрамында ауысым сайын түзетілмейтiн тiркеудi және ақпараттың энергияға тәуелсiз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететiн, қазыналық зерделi блогi бар, тауарлар сату мен қызмет көрсету жағдайында тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды тiркеу үшiн пайдаланылатын электронды құрылғы Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қазыналық зердесi бар бақылау-кассалық машиналары уәкілеттi мемлекеттiк орган бекiткен Мемлекеттiк тiзілiмге енгiзедi.
Бап 546. 546-бап. Қазыналық зердесi бар бақылау-кассалық машиналарын қолдану жөніндегі талаптар
546-бап. Қазыналық зердесi бар бақылау-кассалық машиналарын қолдану жөніндегі талаптар Қазыналық зердесi бар бақылау-кассалық машиналарын қолдану кезiнде мынадай талаптар көрсетіледi:
Тармақша 1
1) қызмет басталғанға дейiн қазыналық зердесi бар бақылау-кассалық машиналарын тiркеу қызметтi жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында жүргiзіледi;
Тармақша 2
2) техникалық қызмет етуге қазыналық зердесi бар бақылау-кассалық машиналарын қою жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) қазыналық зердесi бар бақылау-кассалық машиналарының чегін беру жүзеге асырылады;
Тармақша 4
4) қазыналық зердесi бар бақылау-кассалық машиналарына ену қамтамасыз етiледi.
Бап 547. 547-бап. Бақылау-кассалық машиналарының дұрыс пайдаланылуын сақтауға салықтық бақылау жасау
547-бап. Бақылау-кассалық машиналарының дұрыс пайдаланылуын сақтауға салықтық бақылау жасау Салық органдары:
Тармақша 1
1) қазыналық зердесi бар бақылау-кассалық машиналарын қолданудың және пайдаланудың тәртiбiн сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша салық төлеушiнiң салық мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi салық тексерiстерiн жүргізу кезiндегi қазыналық зердесi бар бақылау-кассалық машиналарының қазыналық блогындағы мәлiметтердi пайдаланады;
Тарау 98. 98-ТАРАУ. АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРҒА, МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕНШIГIНЕ АЙНАЛДЫРЫЛҒАН МҮЛIКТI ЕСЕПКЕ АЛУ, САҚТАУ, БАҒАЛАУ ЖӘНЕ САТУ ТӘРТIБIН САҚТАУҒА БАҚЫЛАУ
98-ТАРАУ. АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРҒА, МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕНШIГIНЕ АЙНАЛДЫРЫЛҒАН МҮЛIКТI ЕСЕПКЕ АЛУ, САҚТАУ, БАҒАЛАУ ЖӘНЕ САТУ ТӘРТIБIН САҚТАУҒА БАҚЫЛАУ
Бап 548. 548-бап. Акцизделетін тауарларға бақылау
548-бап. Акцизделетін тауарларға бақылау
Тармақ 1
1. Сырадан басқа осы Кодекстiң 264-бабындағы 1-4-тармақшаларда белгiленген тауарлар Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiпте және жағдайда акциздiк алым маркаларымен және есептiк-бақылау маркаларымен маркалауға жатады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген акциздiк алым маркаларымен және есептiк-бақылау маркаларымен маркалауға жауапты болып акцизделетiн тауарларды дайындаушылар және импортерлер табылады.
Тармақ 3
3. Салық органы уәкілеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiпте акцизделетiн тауарлардың кейбiр түрлерiн маркалаудың ережесiн акцизделетiн тауарларды дайындаушы сақтауына бақылау жасайды.
Тармақ 4
4. Салық төлеушi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiпте акцизделетiн тауарларды өндiрудi жүзеге асыратын салық төлеушiнiң аумағында акциз постарын белгілейдi.
Бап 549. 549-бап. Мемлекет меншігіне айналдырылған мүлiктi есепке алу, бағалау және сату тәртiбін сақтауға бақылау
549-бап. Мемлекет меншігіне айналдырылған мүлiктi есепке алу, бағалау және сату тәртiбін сақтауға бақылау
Тармақ 1
1. Салық органы мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, бағалау және сату тәртiбiн сақтауға, сондай-ақ оны сатудан бюджетке ақша түсiмдерiнiң толықтығы мен уақтылығына бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу, бағалау және сату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Бөлім 17. 17-БӨЛIМ. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРIС ПЕН САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӘРЕКЕТ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІ) НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ШАҒЫМ ЖАСАУ
17-БӨЛIМ. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРIС ПЕН САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӘРЕКЕТ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІ) НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ШАҒЫМ ЖАСАУ
Тарау 99. 99-ТАРАУ. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРІС НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
99-ТАРАУ. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРІС НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
Бап 550. 550-бап. Салық тексерiстерi бойынша салық төлеушiлердiң шағымдарды қарайтын орган
550-бап. Салық тексерiстерi бойынша салық төлеушiлердiң шағымдарды қарайтын орган
Тармақ 1
1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес салық тексерiсiнiң актiсi бойынша хабарламаға салық төлеушінің шағымын қарауды тiк сызық бойынша жоғары тұрған салық органы жүргiзедi.
Тармақ 2
2. Салық төлеушi салық тексерiсiнің актiсi бойынша хабарламаны сотта шағымдануға құқылы.
Тармақ 3
3. Салық тексерiстерiнiң актiсi бойынша хабарламаға салық төлеушiлердiң шағымдарын қарауға және заң актiлерiмен белгiленген жағдайлардан басқа олар бойынша басқа да мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды тұлғалардың тұжырымдар беруiне тыйым салынады.
Бап 551. 551-бап. Жоғары тұрған салық органдарының шағымды қарау тәртібі
551-бап. Жоғары тұрған салық органдарының шағымды қарау тәртібі
Тармақ 1
1. Салық төлеушiнiң салық тексерiсiнiң актiсi бойынша хабарламаға шағымы хабарламаны салық төлеушiге тапсыру күнiнен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде жоғары тұрған салық органына берiледi.
Тармақ 2
2. Шағым көшiрмесi салық тексерiсiн жүргiзетiн салық органына салық төлеушi жiберуi тиiс.
Тармақ 3
3. Нысаны мен (немесе) мазмұны осы Кодекстiң талаптарына жауап бермейтін салық төлеушiнiң шағымдары қарауға жатпайды.
Тармақ 4
4. Белгiленген тәртiппен берілген салық төлеушiнiң шағымы салық органында мiндеттi түрде тiркелуге жатады. Салық органына түскен шағымдарды тiркеу олар келіп түскен күнi жүргiзiледi.
Тармақ 5
5. Жоғары тұрған салық органына шағым берген тұлға осы шағым бойынша шешiм қабылданғанға дейiн жазбаша арыз негiзiнде оны қайтарып ала алады. Шағымды қайтарып алу салық төлеушiнi қайтадан шағым беру құқығынан айырады.
Бап 552. 552-бап. Салық төлеушi шағымының нысаны және мазмұны
552-бап. Салық төлеушi шағымының нысаны және мазмұны
Тармақ 1
1. Салық төлеушiнiң шағымы жазбаша түрде берiледi.
Тармақ 2
2. Шағымда мыналар көрсетiлуге тиiс:
Тармақша 1
1) салық төлеушi шағымының берiлген күнi;
Тармақша 2
2) шағым берiлген жоғары тұрған салық органының атауы;
Тармақша 3
3) шағым берген тұлғаның тегi, аты және әкесiнiң аты (толық атауы), оның тұрғылықты жерi (орналасқан жерi) мен банктiк деректемелерi;
Тармақша 4
4) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
Тармақша 5
5) салық тексерiсiн жүргiзген салық органының атауы;
Тармақша 6
6) шағым берушiнiң өз талаптарын негiздейтiн мән-жайлар, және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;
Тармақша 7
7) қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi.
Тармақ 3
3. Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар басқа да мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Шағымға өтiнiш берушi салық төлеушi қолын қояды.
Тармақ 5
5. Шағымға:
Тармақша 1
1) акт және хабарлама көшiрмесi;
Тармақша 2
2) шағымданушы өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;
Тармақша 3
3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тiркеледi.
Бап 553. 553-бап. Салық төлеушiнiң шағымдарын қарау
553-бап. Салық төлеушiнiң шағымдарын қарау
Тармақ 1
1. Салық төлеушінің шағымы бойынша салық органында шағымды тіркеу сәтінен 15 жұмыс күнінен кем емес мерзімде уәждемелеу шешімі шығарылады.
Тармақ 2
2. Салық тексерiсiнiң актiсi бойынша хабарламаға салық төлеушiнің шағымын қарау нәтижелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органнан басқа жоғары тұрған салық органы мынадай шешiмдердiң бiрiн шығарады:
Тармақша 1
1) салық тексерісінің актісі бойынша шағымдалған хабарламаны өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдыру;
Тармақша 2
2) салық тексерісінің актісі бойынша шағымдалған хабарламаны толық немесе бөлшегінде жою.
Бап 554. 554-бап. Жоғары тұрған салық органы шешімінің мазмұны
554-бап. Жоғары тұрған салық органы шешімінің мазмұны Шағымдардың қарау нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органнан басқа жоғары тұрған салық органының шешімінде мыналар көрсетілуі тиіс:
Тармақша 1
1) шешiм қабылдаған уақыты мен орыны;
Тармақша 2
2) салық төлеушінің шағымын қараған салық органның атауы;
Тармақша 3
3) шағым берген салық төлеушiнің, атауы;
Тармақша 4
4) салық тексерісі бойынша шағымданған хабарламаның қысқаша мазмұны;
Тармақша 5
5) шағым мәні;
Тармақша 6
6) шағым бойынша шешімді шығару кезінде салық органы басшылыққа алған салық заңдарының ережелеріне сілтемемен негіздеме.
Бап 555. 555-бап. Шағым берудің салдары
555-бап. Шағым берудің салдары
Тармақ 1
1. Уәкілетті мемлекеттік органнан басқа, жоғары тұрған салық органына салық төлеушінің шағым беруі салық тексерісінің актісі бойынша шағымданған хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.
Тармақ 2
2. Салық тексерiсінiң актiсi бойынша хабарламаны орындау осы Кодекстiң 557-бабының 1-тармағында көрсетілген кезеңнiң аяқталуы және жоғары тұрған салық органының жазбаша шешiмiн шығарғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
Бап 556. 556-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органда шешiмдi қайта қарау
556-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органда шешiмдi қайта қарау
Тармақ 1
1. Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi қайта қарауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүргізедi.
Тармақ 2
2. Шағымды қарау бойынша өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде уәкілеттi мемлекеттiк органның қызметке араласуына тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Осы Кодекспен белгiленген негiзде және тәртіпте шығарылған уәкiлеттi салық органының шешімі салық қызметі органдары үшін міндетті.
Бап 557. 557-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органда шағымдану тәртiбi және мерзiмi
557-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органда шағымдану тәртiбi және мерзiмi
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым осы Кодекстiң 553-бабындағы 1-тармақта көрсетiлген мерзiм аяқталу сәтiнен немесе шағымды қарау нәтижелерi не жоғары тұрған салық органының шешiмi жоқ болған жағдай бойынша салық төлеушiнiң шешiмдi алу сәтiнен 5 жұмыс күнi ішiнде берiледi.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмде дәлелдi себеп бойынша бос жiберген жағдайда осы мерзiм шағым беретiн салық төлеушiнiң қамқорхаты бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган қалпына келтiруi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Уәкілеттi мемлекеттiк органға шағымды беру осы баптың ережелерiн ескерiп осы Кодекстiң 551-бабында көзделген тәртiпте жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Шағым көшiрмесi де салық төлеушiнiң шағымын қарайтын жоғары тұрған салық органына салық төлеушi жiберуi мүмкiн.
Бап 558. 558-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағымның нысаны және мазмұны
558-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағымның нысаны және мазмұны
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi мемлекеттік органға жiберiлетiн шағым нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстiң 552-бабында белгiленген талаптарға жауап беруi керек.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберілетiн шағымда салық төлеушiнiң шағымын қарайтын жоғары тұрған салық органы шешiмiнiң көшiрмесi қоса берiлуi тиiс.
Бап 559. 559-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағымға қарсылық бiлдiру
559-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағымға қарсылық бiлдiру Шешiмi шағым етілетiн жоғары тұрған салық органы салық төлеушi шағымының көшiрмесiн алу сәтiнен 5 жұмыс күнi ішiнде осы қарсы болуды растайтын құжаттардың қосымшасымен уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағымдануға жазбаша қарсы болуды ұсынуға мiндеттi.
Бап 560. 560-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жіберiлетiн шағымды қарау тәртiбi
560-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жіберiлетiн шағымды қарау тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы Кодексте белгiленген тәртiпте берiлген уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберілген шағымды осы Кодекстiң 563-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлардан басқа оның тiркелген күнiнен бастап 15 жұмыс күнiнен кем емес мерзiмде уәкiлеттi мемлекеттiк орган қарайды.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган мәнi негiзiнде iстi қарауды аяқталуы бойынша жазбаша нысанда негiздi шешiм шығарады және оны салық төлеушi-өтiнiш берушiге және салық төлеушiнiң шағымын қарайтын салық органына көшiрмесiн жiбередi немесе тапсырады.
Бап 561. 561-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағым бойынша шешiм қабылдау
561-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға жiберiлетiн шағым бойынша шешiм қабылдау
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi мемлекеттік орган шағымды қараудың қорытындысы бойынша мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) салық органының шағымдалған шешiмiн өзгерiссiз қалдыруға, ал шағымды қанағаттандырмауға;
Тармақша 2
2) салық тексерісінің актісі бойынша шағымдалған хабарламаны толық немесе бөлiгiнде жоюға;
Тармақша 3
3) салық тексерісінің актiсi бойынша шағымдалған хабарламаны жоюға және қосымша салық тексерісін тағайындауға;
Бап 562. 562-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган шешімінің мазмұны
562-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган шешімінің мазмұны Уәкілеттi мемлекеттiк органның шешiмiнде мыналар көрсетiлуi тиiс:
Тармақша 1
1) шешiмнiң қабылдану уақыты мен орны;
Тармақша 2
2) шағым берген салық төлеушiнiң атауы;
Тармақша 3
3) шағымдалынатынның қысқаша мазмұны және жоғары тұрған салық органының шешiмi;
Тармақша 4
4) шағымның мазмұны;
Тармақша 5
5) салық заңдарының нормаларына сiлтемемен бірге негiздеме және тұжырымдама.
Бап 563. 563-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым берудiң салдары
563-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым берудiң салдары
Тармақ 1
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк органға шағым беру жазбаша шешiм шығарылғанға дейiн салық тексерiсiнiң актiсi бойынша шағымданатын хабарламаны орындауды тоқтата тұрады.
Тармақ 2
2. Осы Кодекстiң 561-бабы 3-тармақшасында көзделген жағдайда, қосымша салық тексерiсi қосымша тексерiстi тағайындау және салық тексерiсiнiң актiсi бойынша шағымданатын хабарламаны жою күнiнен бастап 15 жұмыс күні ішiнде жүргiзіледi, бұл орайда шағымды қарау мерзiмi қосымша тексерiс жүргiзу мерзiмiне тоқтатыла тұрады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қосымша салық тексерiсi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен тiкелей жүргiзiледi.
Тарау 100. 100-ТАРАУ. САЛЫҚ ҚЫЗМЕТI ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМДАНУ ТӘРТІБІ
100-ТАРАУ. САЛЫҚ ҚЫЗМЕТI ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМДАНУ ТӘРТІБІ
Бап 564. 564-бап. Шағымдануға құқық
564-бап. Шағымдануға құқық Әрбiр салық төлеушi жоғары тұрған салық қызметi органына немесе сотқа салық қызметi органдарының лауазымды тұлғасының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануға құқығы бар.
Бап 565. 565-бап. Шағымдану тәртiбi
565-бап. Шағымдану тәртiбi Салық қызметi органдарының лауазымды тұлғаларының iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) заң актiлерiнде көзделген тәртiпте шағымдалады. Қазақстан Республикасының Президенті Астана қаласы, 2000 жылғы "_____" _________