Об утверждении Правил участия хлопкоперерабатывающих организаций в системе гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам Күшін жойған
Басқа 0
Мақта өңдеу ұйымдарының мақта
қолхаттары бойынша міндеттемелердің
орындалуына кепілдік беру жүйесіне
қатысу қағидаларын бекіту туралы
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 21 тамыз
Басқа 7
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 2 шілдедегі
№ 4-5/603
бұйрығымен бекітілген
Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу
қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) кепілдік берілген мақта көлемі – қайтару жөніндегі жауапкершілікке қор кепілдік беретін, қор әрбір қатысушы бойынша белгілейтін мақта көлемі;
Тармақша 2
2) қатысу шарты – қор мен мақта өңдеу ұйымының арасында жасалатын шарт, оның негізінде соңғысы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысады;
Тармақша 3
3) қатысушы – қормен қатысу шарты жасалған және қолданылатын, мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi жөніндегі қызметтер көрсетуге лицензиясы бар мақта өңдеу ұйымы;
Тармақша 4
4) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры – өз қызметін мақта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – қор немесе қорлар);
Тармақша 5
5) мақта өңдеу ұйымының паспорттық қуаттылығы – шитті мақтаны өңдеудің тәуліктік және жылдық көлемін сипаттайтын техникалық құжаттар.
Тарау 2. 2. Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібі
2. Мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібі
Тармақ 3
3. Мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi жөніндегі қызметтер көрсетуге лицензиясы бар мақта өңдеу ұйымы қорға (қорларға) қатысу үшiн еркін нысанда қорға (қорларға) өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды қоса бередi:
Тармақша 1
1) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалық салулар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
Тармақша 2
2) мақта өңдеу ұйымы жарғысының көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексеру үшін көрсетіледі);
Тармақша 3
3) құрылтайшылардың құрамы туралы құрылтай шартынан үзінді-көшірме немесе қорға өтініш беретін күнге дейін кемінде он күн бұрын тіркеуші берген бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шотынан үзінді-көшірме;
Тармақша 4
4) мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi жөніндегі қызметтер көрсетуге лицензияның көшiрмесi (түпнұсқасы салыстырып тексеру үшін көрсетіледі);
Тармақша 5
5) мақта өңдеу ұйымының біліктілік талаптарына сәйкестігі және шитті мақтаның жаңа өнімін қабылдауға әзірлігі мәніне жүргізілетін жыл сайынғы тексеріс туралы жергілікті атқарушы орган актісінің көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексеру үшін көрсетіледі);
Тармақша 6
6) өткен жылға және соңғы есепті күнге бухгалтерлік теңгерімнің және қаржы-шаруашылық қызмет туралы есептің мақта өңдеу ұйымының мөрімен куәландырылған көшірмелері;
Тармақша 7
7) мақта өңдеу ұйымының өткен есепті жылғы жылдық қаржылық есептілігінің шынайылығын растайтын аудиторлық қорытындының көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексеру үшін көрсетіледі);
Тармақша 8
8) мақта өңдеу ұйымы өтініш берген күннің алдындағы үш айдан астам мерзімге банктің алдында мерзімі өткен берешегінің жоқ екендігі туралы банктің мөрі басылған, бірінші басшының немесе қол қою құқығы бар адамның және бас бухгалтердің қолы қойылған банктің анықтамасы. Егер мақта өңдеу ұйымы бірнеше екінші деңгейдегі банктің немесе филиалдың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы
29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген дербес шоттарды жүргізу ережелерінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген) 20-тармағына сәйкес салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерінің жоқ екені туралы мәліметтер (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда), немесе конкурс жарияланған күннен кеш емес бір теңгеден кем емес салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерінің бар екені туралы анықтамасының көшірмесі;
Тармақша 10
10) қатысу шартының көшірмесі және кепілдік берілген мақтаның көлемі туралы мәліметтер (егер мақта өңдеу ұйымы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беретін басқа қорлардың қатысушысы болса);
Тармақша 11
11) қорға кепілдік берілген мақта көлемін анықтау үшін қажетті өзге құжаттар.
Тармақ 4
4. Қор (қорлар) өтінішті және осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін, мақта өңдеу ұйымының өтінішін осы қорға қатысушылардың құрамына енгізу және кепілдік берілген мақтаның көлемін анықтау мәніне қарайды.
Мақта өңдеу ұйымының өтінішін қордың қарау мерзімі жиырма күнтізбелік күннен аспауы керек.
Тармақ 5
5. Мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы қордың мақта өңдеу ұйымын қорға қатысушылардың қатарына қосу туралы шешімдеріне сәйкес жасалған қатысу шарттарының негізінде жүзеге асырылады.
Қордың қатысушымен қатысу шартын жасасу мерзімі қордың мақта өңдеу ұйымын қорға қатысушылардың қатарына қосу туралы шешімі қабылданғаннан кейін күнтізбелік жеті күннен аспайды.
Тармақ 6
6. Мақта өңдеу ұйымын қорға қатысушылардың қатарына қосқан кезде, қор мақта өңдеу ұйымының паспорттық қуаттылығын, нақты толтырылған көлемін, басқа қор (қорлар) кепілдік берген мақтаның көлемі туралы мәліметтерді ескере отырып (мақта өңдеу ұйымы басқа да қорларға қатысқан жағдайда) анықталатын кепілдік берілген мақтаның көлемін белгілейді.
Тармақ 7
7. Мақта өңдеу ұйымының қорға қатысуы қор беретін қатысушы куәлігімен расталады.
Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу туралы куәлікті ауыстыру қатысушының атауы өзгерген жағдайда қатысушыдан лицензияның қайта тіркелуін және қайта ресімделуін растайтын құжаттарды алған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Мақта өңдеу ұйымын қорға қатысушылардың құрамынан шығарған жағдайда, мақта өңдеу ұйымы қор берген куәлікті үш жұмыс күні ішінде оған қайтарады.
Тармақ 8
8. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу үшін қатысушы қорға (қорларға) қатысу шартында айқындалатын жыл сайынғы міндетті жарналарды төлейді.
Тармақ 9
9. Қор өзінің қатысушыларының тізілімін жүргізеді және кепілдік берілген мақтаның көлемін көрсете отырып, қатысушылар туралы ақпараттың республикалық мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жыл сайынғы жариялануын қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Қатысушының қорға (қорларға) қатысуы төменде санамаланған жағдайлардың біреуі болғанда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) қормен жасалған қатысу шарты бұзылғанда;
Тармақша 2
2) соттың шешімі бойынша;
Тармақша 3
3) қатысу шарты тараптарының бірі жойылғанда.
Мақта өңдеу ұйымының қорға қатысуы тоқтатылған күннен бастап отыз күннің ішінде қор тиісті ақпараттың республикалық мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануын қамтамасыз етеді.