О правовой охране топологий интегральных микросхем Қолданыста
Басқа 0
Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бюллетень - интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдi басылым;
Тармақша 2
2) интегралдық микросхема - электрондық схема функцияларды орындауға арналған түпкiлiктi немесе аралық нысандағы микроэлектронды бұйым, оның элементтерi мен байланыстары бұйым дайындалғанда негiзге алынған материалдың көлемiнде және (немесе) бетiнде бөлiнбейтiн етiп қалыптастырылады;
Тармақша 3
3) интегралдық микросхема топологиясы (бұдан әрi - топология) - интегралдық микросхеманың элементтерi мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығының материалдық жеткізгіште тiркелген кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы;
Тармақша 4
4) құқық иеленушi - автор, оның мұрагерi, сондай-ақ заңға немесе шартқа байланысты алынған айрықша құқықты иеленушi кез келген жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 5
5) лицензиялық шарт - ол бойынша құқық иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалануға құқық беретін шарт;
Тармақша 6
6) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлдiк ету құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 7
7) топологияға айрықша құқық - құқық иеленушiнiң топологияны өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүліктік құқығы;
Тармақша 8
8) топологияны пайдалану - егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, топологияны, осы топологиямен бiрге интегралдық микросхеманы немесе осындай интегралдық микросхеманы қамтитын бұйымды қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату немесе азаматтық айналымға коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын өзгедей енгiзу;
Тармақша 9
9) уәкiлеттi орган - өз өкілеттіктері шегінде интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
📌 Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 2. 2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
Осы Заңмен топологияларды жасауға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүлiктiк, сондай-ақ олармен байланысты жеке мүлiктiк емес қатынастар реттеледi.
Бап 3. 3-бап. Топологияларды қорғау туралы заңдар
3-бап. Топологияларды қорғау туралы заңдар
Тармақ 1
1. Топологияларды қорғау туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларынан тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Бап 4. 4-бап. Уәкілетті орган
4-бап. Уәкілетті орган
Уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) топологияларға құқықтарды құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) мыналарды:
топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын;
топологияларды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, автор куәліктерін беру қағидаларын;
топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын;
Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын;
апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын;
патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені;
апелляциялық кеңес туралы ережені;
апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;
Тармақша 3
3) тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау;
Тармақша 4
4) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау, оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде (тізілімдерінде) тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен (тізілімдерінен) шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде (тізілімдерінде) мәліметтердің күшін жою;
Тармақша 5
5) алып тасталды – ҚР 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 6
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
📌 Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 4-1. 4-1-бап. Сараптама ұйымы
4-1-бап. Сараптама ұйымы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның
ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы:
Тармақша 1
1) топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргiзеді;
Тармақша 2
2) топологияны Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізеді және тіркеу туралы куәліктерді, автор куәліктерін береді;
Тармақша 3
3) топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде тіркейді;
Тармақша 4
4) Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiн, бюллетеньді жүргізеді және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады;
Тармақша 5
5) Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшірмелер береді;
Тармақша 6
6) тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді сараптама ұйымының бюллетенінде жариялайды;
Тармақша 7
7) алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақ 2
2. Уәкілетті органмен келісу бойынша сараптама ұйымы топологияларды қорғау саласында қызметтер көрсеткені үшін осы ұйым шеккен шығындарды толық өтеу, оның қызметінің шығынсыздығы және өз кірістері есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітеді.
📌 Ескерту. Заң 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 5. 5-бап. Топологияларды құқықтық қорғау талаптары
5-бап. Топологияларды құқықтық қорғау талаптары
Тармақ 1
1. Осы Заңда берiлетiн құқықтық қорғау түпнұсқалық топологияға ғана қолданылады.
Тармақ 2
2. Автордың шығармашылық қызметiнің нәтижесiнде жасалған топология түпнұсқалық топология болып табылады. Топология түпнұсқа емес деп дәлелденбейiнше, түпнұсқа деп танылады.
Тармақ 3
3. Топология элементтерiнiң жиынтығы интегралдық микросхемаларды әзiрлеушiлер мен дайындаушыларға ол жасалған күнi жалпы мәлiм болса, осы Заңмен құқықтық жағынан қорғалмайды.
Интегралдық микросхемаларды әзiрлеушiлер мен дайындаушыларға топология жасалған күнi жалпы мәлiм болған элементтерден тұратын топология осындай элементтердiң жиынтығы тұтас алғанда осы баптың 2-тармағының талаптарын қанағаттандыратын жағдайда ғана құқықтық жағынан қорғалады.
Тармақ 4
4. Осы Заңда берiлетiн құқықтық қорғау топологияларда iске асырылуы мүмкiн идеяларға, әдiстерге, жүйелерге, технологияға немесе құпияландырылған ақпаратқа қолданылмайды.
Бап 6. 6-бап. Топологияға авторлық
6-бап. Топологияға авторлық
Тармақ 1
1. Топологияны шығармашылық еңбегiмен жасаған жеке адам оның авторы деп танылады.
Тармақ 2
2. Егер топология жасауға бiрнеше жеке адам қатысса, олардың бәрi оның авторлары (тең авторлары) деп есептеледi. Тең авторларға тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы келiсiммен белгiленедi.
Тармақ 3
3. Топология жасауға жеке шығармашылық үлес қоспаған, бiрақ авторға тек техникалық, ұйымдастыру түрiнде немесе материалдық көмек көрсеткен не оған құқықты ресiмдеу мен оны пайдалануға жәрдемдескен жеке адамдар авторлар деп танылмайды.
Тармақ 4
4. Топологияға авторлық құқығы иелiктен алынбайтын жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және ол мерзiмi белгiленбей қорғала бередi.
Бап 7. 7-бап. Топологияға айрықша құқық
7-бап. Топологияға айрықша құқық
Тармақ 1
1. Топологияға айрықша құқықты топологияның авторы не осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларда жұмыс берушi немесе тапсырыс берушi немесе олардың құқық мирасқорлары иеленедi.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқық иеленуші топологияны өз қалауына қарай кез келген әдіспен, атап айтқанда, басқа тұлғалардың осы топологияны құқық иеленушiнiң тиiстi рұқсатынсыз пайдалануына тыйым салу құқығын қоса алғанда, осындай топологиясы бар интегралдық микросхемалар дайындау арқылы пайдалануға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Топологияның бiрнеше авторы немесе өзге де құқық иеленушiлер иеленетiн айрықша құқықты пайдалану тәртiбi олардың арасындағы шартта белгiленедi.
Мұндай шарт болмаған жағдайда, олардың әрқайсысы қорғалатын топологияны өз қалауына қарай пайдалана алады, бiрақ басқа құқық иеленушiлердiң келiсiмiнсiз оған лицензия беруге немесе айрықша құқығын басқа тұлғаға беруге құқығы жоқ.
Тармақ 4
4. Құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз мынадай iс-әрекеттер жасау:
Тармақша 1
1) топологияның түпнұсқалық болып табылмайтын бөлiгiн ғана көшiрудi қоспағанда, оны интегралдық микросхемаға енгiзу арқылы немесе өзге де жолмен оны тұтастай немесе оның бiр бөлiгiн көшiру;
Тармақша 2
2) топологияны, осы топологиямен бiрге интегралдық микросхеманы немесе осындай интегралдық микросхемасы бар бұйымды қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату және азаматтық айналымға өзге де жолмен енгiзу топологияға айрықша құқықты бұзу болып табылады.
Бап 8. 8-бап. Айрықша құқықты беру
8-бап. Айрықша құқықты беру
Тармақ 1
1. Топологияға айрықша құқық басқа тұлғаға шарт бойынша толығымен немесе iшiнара берiлуi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен және құқық иеленушi заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде өтедi.
Тармақ 2
2. Лицензиялық шарт бойынша құқық иеленушi (лицензиар) екiншi тарапқа (лицензиатқа) топологияны белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалану құқығын бередi.
Тармақ 3
3. Лицензиялық шартта лицензиатқа:
Тармақша 1
1) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгi мен лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығын сақтай отырып (жай, айрықша емес лицензия);
Тармақша 2
2) топологияны пайдалану құқығын лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтамай және лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз (айрықша лицензия) беру көзделуi мүмкiн.
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 4
4. Топологияны пайдалану құқығына айрықша емес лицензияны лицензиаттың басқа тұлғаға (қосалқы лицензиатқа) беруi туралы шарт (қосалқы лицензиялық шарт) лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасалуы мүмкiн.
Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат лицензиардың алдында қосалқы лицензиаттың iс-әрекеттерi үшiн жауапты болады.
Тармақ 5
5. Топологияға айрықша құқықты басқаға беру туралы шарт, лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады.
Тіркелген топологияға айрықша құқықты өзгеге беру туралы шарт, лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар сараптама ұйымында тіркелуге жатады.
Тiркеу жүргізілмеген, топологияға айрықша құқықты өзгеге беру туралы шарт, лицензиялық және қосалқы лицензиялық шарттар сараптама ұйымында тараптардың келiсiмi бойынша тiркелуi мүмкiн.
Жазбаша нысанның және (немесе) тiркеу туралы талаптың сақталмауы айрықша құқық беру туралы шарттың маңызсыздығына алып келеді.
Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу, оған өзгерістер енгізу, техникалық сипаттағы қателерді түзету, сондай-ақ тіркеудің күшін жою осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 9. 9-бап. Қызметтiк мiндеттердi орындау тәртiбiмен және тапсырыс берушiмен шарт бойынша жасалған топологияға айрықша құқық
9-бап. Қызметтiк мiндеттердi орындау тәртiбiмен және тапсырыс берушiмен шарт бойынша жасалған топологияға айрықша құқық
Тармақ 1
1. Егер жұмыс берушi мен автордың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қызметтiк мiндеттердi немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау тәртiбiмен жасалған топологияға айрықша құқық жұмыс берушiге тиесiлi болады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген топология үшiн авторға сыйақы төлеу мөлшерi, шарттары және тәртiбi автор мен жұмыс берушi арасындағы келiсiмде айқындалады. Егер автор мен жұмыс берушiнiң топология жасаудағы үлесiн мөлшерлеу мүмкiн болмаса, авторға сыйақы төлеу мөлшері, шарттары және тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Автор шарт бойынша топология жасау және өзiнiң жұмыс берушiсi болып табылмайтын тапсырыс берушiге топологияға айрықша құқықтар беруге мiндеттеме қабылдай алады.
📌 Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 382-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бап 10. 10-бап. Құқық иеленушiнiң айрықша құқығын бұзу деп танылмайтын iс-әрекеттер
10-бап. Құқық иеленушiнiң айрықша құқығын бұзу деп танылмайтын iс-әрекеттер
Мыналар:
Тармақша 1
1) осы Заңның 7-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында аталған iс-әрекеттердi заңсыз көшiрме жасап алынған топологиясы бар интегралдық микросхемаларға немесе осындай интегралдық микросхемалары бар бұйымдарға қатысты жасау, егер осындай пайдалануды жүзеге асырушы тұлға осы интегралдық микросхемалардың немесе осындай интегралдық микросхемалары бар бұйымдардың топологияға айрықша құқықты бұза отырып дайындалғанын және таралып жатқанын бiлмесе және бiлмеуге тиiс болса. Осы тұлға құқық иеленушiден тиiстi хабарлама алғаннан кейiн, осындай топологияға лицензияны еркiн иемдену кезiнде төленуге тиiс болатын мөлшерлес сыйақыны құқық иеленушiге төлеген жағдайда, кез келген iс-әрекеттi қолда бар немесе сол кезге дейiн тапсырыс берiлген өнiмге қатысты жасауға құқылы;
Тармақша 2
2) топологияны пайда табусыз жеке мақсаттарына, сондай-ақ бағалау, талдау, зерттеу немесе оқыту мақсатында пайдалану;
Тармақша 3
3) қорғалатын топологияны оның өзiн бағалау немесе талдау негiзiнде жасалған түпнұсқалық басқа топологияға енгiзу мен осы Заңның 7-бабының 4-тармағында аталған iс-әрекеттердi осындай топологияға қатысты жасау;
Тармақша 4
4) азаматтық айналымға заңды жолмен енгiзiлген қорғалатын топологиясы бар интегралдық микросхеманы тарату;
Тармақша 5
5) осы Заңның 7-бабының 4-тармағында аталған iс-әрекеттердi басқа автор жасаған топологияға тәуелсiз, ұқсас түпнұсқалық топологияға қатысты жасау құқық иеленушiнiң айрықша құқығын бұзу деп танылмайды.
Бап 11. 11-бап. Топологияны тiркеу
11-бап. Топологияны тiркеу
Тармақ 1
1. Топология авторы немесе өзге де құқық иеленушi сараптама ұйымына тiркеуге өтiнiм беру жолымен топологияны тiркеуге құқылы.
Топологияны тiркеу туралы өтiнiм және оған қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тiлiнде ұсынылады. Көрсетілген құжаттар басқа тiлде ұсынылған жағдайда, сараптама ұйымы өтінімге қоса берілетін құжаттардағы мәліметтердің аудармасын талап етуге құқылы. Аударма өтiнiммен бiр мезгiлде немесе өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi ай ішінде ұсынылуға тиiс.
Тармақ 2
2. Егер топология бұрын пайдаланылса, тiркеуге өтiнiм беру ол алғаш пайдаланылған күннен бастап екi жылдан аспайтын мерзiмде жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Тiркеуге өтiнiм бiр топологияға қатысты болуға тиiс және онда:
Тармақша 1
1) тiркеудi сұраған автор мен тұлғалар аты, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi, егер топология бұрын пайдаланылса, ол алғаш пайдаланылған күн көрсетiлген топологияны тiркеуге өтiнiш;
Тармақша 2
2) рефератты қоса алғанда, топологияны нақтылайтын материалдар;
Тармақша 3
3) егер тiркеуге өтiнiм өкiл арқылы берiлсе, сенiмхат болуға тиiс.
Тармақша 4
4) алып тасталды;
Тiркеуге өтiнiмдi жасау мен ресiмдеуге қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Тармақ 4
4. Топологияны тіркеу туралы келіп түскен өтінім бойынша сараптама жүргізіледі.
Сараптаманың оң нәтижесі болған кезде топологияны Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу жүзеге асырылады және тiркеу туралы куәлiк беріледi.
Өтінім беруші тіркеуге дейін өтінім материалдарын толықтыруға, нақтылауға және түзетуге құқылы.
Құқық иеленушi болып табылмайтын топология авторына сараптама ұйымы автор куәлiгін бередi.
Тармақ 5
5. Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген мәлiметтер дұрыс емес деп дәлелденбейiнше дұрыс деп есептеледi.
Аталған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн өтiнiш берушi жауапты болады.
Тармақ 6
6. Алып тасталды - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
📌 Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 586; 2005.11.22. № 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 12. 12-бап. Ескерту таңбасы
12-бап. Ескерту таңбасы
Құқық иеленушiнiң өз құқықтары туралы хабарлау үшiн топологияны қамтитын бұйымдарда айшықталған Т бас әрпi, топологияға айрықша құқық қолданылатын мерзiмнiң басталған күнi және құқық иеленушiнi айқындауға мүмкiндiк беретiн ақпарат түрiндегi ескерту таңбасын пайдалануға құқығы бар.
Бап 13. 13-бап. Топологияға айрықша құқықтың қолданылу мерзiмi
13-бап. Топологияға айрықша құқықтың қолданылу мерзiмi
Тармақ 1
1. Топологияға айрықша құқық топология тiркелген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.
Тармақ 2
2. Егер топология тiркеуден өтпесе, аталған он жылдық мерзiм осы топологияның немесе осы топология бар интегралдық микросхеманың дүние жүзiнiң кез келген елiнде алғаш пайдаланылуының құжатпен расталған күнiнен бастап есептеледi.
Тармақ 3
3. Топология тiркелген күнге дейiн пайдаланыла бастаған топологияны тiркеу кезiнде айрықша құқықтың қолданылу мерзiмi осы баптың 2-тармағына сәйкес есептеледi.
Тармақ 4
4. Басқа автор өз бетiмен жасаған түпнұсқалық ұқсас топологияның пайда болуы осы баптың 1, 2-тармақтарында аталған айрықша құқықтың қолданылу мерзiмiн үзбейдi және тоқтатпайды, бұл орайда топологияға айрықша құқықтың қолданылатын жалпы мерзiмi он жылдан аспауы керек.
Бап 14. 14-бап. Топологияға құқықтарды қорғау
14-бап. Топологияға құқықтарды қорғау
Тармақ 1
1. Топологияға құқықтарды қорғауды сот:
Тармақша 1
1) құқықтарды тану;
Тармақша 2
2) құқық бұзылғанға дейiн болған жағдайды қалпына келтiру;
Тармақша 3
3) құқықты бұзатын немесе оны бұзу қатерiн төндiретiн iс-әрекеттердiң жолын кесу;
Тармақша 4
4) құқық бұзушының келтiрiлген залалдар орнын толтыруы және моральдық зиянды өтеуi;
Тармақша 5
5) залалдың орнын толтырту орнына айрықша құқықты бұзушы тапқан табысты өндiрiп алу;
Тармақша 6
6) айрықша құқықты бұзушының заңдарда белгiленген он мыңнан елу мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш сомасында өтем төлеуi. Өтем мөлшерiн сот залалдың орнын толтыру немесе табысты өндiрiп алу орнына белгiлейдi;
Тармақша 7
7) азаматтық айналымға енгiзiлетiн немесе осы мақсатпен сақталатын және айрықша құқықты бұзады деп танылған интегралдық микросхемалар мен осындай микросхемаларды қамтитын бұйымдарды, сондай-ақ арнайы оларды дайындауға арналған материалдар мен жабдықтарды жою немесе құқық иеленушiнiң пайдасына алып қою;
Тармақша 8
8) бұзылған құқық кiмге тиесiлi екендiгi туралы мәлiметтердi енгiзе отырып, орын алған бұзушылық туралы мiндеттi түрде жариялау;
Тармақша 9
9) заң актiлерiнде көзделген, топологияға құқықтарды қорғауға байланысты өзге де шаралар қабылдау жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Егер лицензиялық шартта көзделсе, айрықша құқықты бұзушыға лицензиат та талап мәлiмдеуi мүмкiн.
Бап 15. 15-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер
15-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi бар, аттестаттаудан өткен және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде (тізілімдерінде) тiркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабiлеттi азаматы патенттiк сенiм білдірілген өкiл болуға құқылы.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту және оларға патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру нәтижелері бойынша патенттік сенім білдірілген өкіл қызметін:
1) тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары;
2) өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласында мамандануына сәйкес жүзеге асырады.
Уәкілетті органның жанынан құрылатын патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұрады.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде (тізілімдерінде) тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Патенттік сенім білдірілген өкілдердің
тізілімдері уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 2
2. Аттестаттауға мынадай:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын;
Тармақша 3
3) қылмыс жасағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
Тармақша 4
4) осы Заңға сәйкес патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған адамдар жiберiлмейдi.
Тармақ 3
3. Аттестаттауға зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен адамдар жіберіледі.
Тармақ 4
4. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімімен:
Тармақша 1
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияға берілген өтініші негізінде;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынатын адамдарға, уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне жатқызу кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Тармақша 3
3) алып тасталды – ҚР 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі оның қызметін тоқтата тұру үшін себеп болған негіздер жойылған жағдайда, патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімімен қайта басталады.
Тармақ 5
5. Өтініш берушінің, құқық иеленушінің өкілі ретінде патенттік сенім білдірілген өкіл уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен іс жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкілетті органмен және сараптама ұйымымен іс жүргізуді өтініш беруші және (немесе) патент иеленуші де дербес жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар уәкілетті органда өзінің өтініш беруші, құқық иеленуші құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бірақ оның шегінен тысқары жерде уақытша жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегінде хат алмасу үшін мекенжайын көрсеткен кезде патенттік сенім білдірілген өкілсіз өзінің өтініш беруші, құқық иеленуші құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға құқықтарын жүзеге асыра алады.
Патенттік сенім білдірілген өкіл сенім білдірушіден оның тапсырмасын орындауға байланысты алатын ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында құпия ақпаратқа немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға қойылатын талаптар сақталған кезде құпия деп танылады.
📌 Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 15-1. 15-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен
міндеттері
15-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен
міндеттері
Тармақ 1
1. Патенттік сенім білдірілген өкіл мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау, интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды иелену немесе беру мәселелері бойынша консультация беру;
Тармақша 2
2) тапсырыс берушінің, сенім білдірушінің, жұмыс берушінің атынан және оның тапсырмасы бойынша интегралдық микросхемалар топологиясын тіркеуге арналған өтінімдерді ресімдеу және жасау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу мәселелері бойынша уәкілетті органмен және (немесе) сараптама ұйымымен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 4
4) лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарды және (немесе) басқаға беру шарттарын жасауға, қарауға, сондай-ақ сараптама ұйымында құқықтарды беруді және ұсынуды кейіннен тіркеуге жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының мүшесі болу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, зияткерлік меншікті сақтау және қорғау мәселелерімен байланысты басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру.
Тармақ 2
2. Патенттік сенім білдірілген өкілдің өкілеттіктері сенімхатпен куәландырылады.
Апелляциялық кеңеске қарсылық беруге байланысты істерді жүргізу кезінде патенттік сенім білдірілген өкіл уәкілетті органға сенімхаттың түпнұсқасын ұсынуға міндетті.
Тармақ 3
3. Егер сенімхат шет тілінде жасалса, онда қарсылық берілген тілге байланысты сенімхаттың қазақ немесе орыс тіліне нотариус куәландырған аудармасы міндетті түрде ұсынылуға тиіс.
Тармақ 4
4. Патенттік сенім білдірілген өкіл, егер бұрын осы іс бойынша мүдделері іс жүргізу туралы өтінішпен жүгінген адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдардың атынан өкiлдiк етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ егер істі қарауға патенттік сенім білдірілген өкілдің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылатын лауазымды адам қатысса, тапсырманы қабылдамауға міндетті.
📌 Ескерту. Заң 15-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 15-2. 15-2 бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен (тізілімдерінен) шығару,
патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз
деп тану және патенттік сенім білдірілген
өкілдердің тізіліміндегі (тізілімдеріндегі) мәліметтердің күшін жою
15-2 бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен (тізілімдерінен) шығару,
патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз
деп тану және патенттік сенім білдірілген
өкілдердің тізіліміндегі (тізілімдеріндегі) мәліметтердің күшін жою
📌 Ескерту. 15-2-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен (тізілімдерінен) патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімімен:
Тармақша 1
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияға берілген өтініші негізінде;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
Тармақша 3
3) патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
Тармақша 4
4) патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген кезде;
Тармақша 5
5) патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе ол хабарсыз кетті деп танылған не қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
Тармақша 6
6) патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда;
Тармақша 7
7) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдарын, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша шығарылады.
Тармақ 2
2. Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі немесе соттың заңды күшіне енген шешімі не айыптау үкімі негізінде патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігі жарамсыз деп танылады және тиісті мәліметтер патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне (тізілімдеріне) енгізіледі.
Тармақ 3
3. Патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінен (тізілімдерінен) шығарылған патенттік сенім білдірілген өкіл бұл жөнінде мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәліктің күші жойылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган патенттік сенім білдірілген өкілдің әрекеттеріне жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымы не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуы келіп түскен жағдайда уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия құрады.
Жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:
Тармақша 1
1) патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін кері қайтарып алу және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміне (тізілімдеріне) тиісті жазба енгізу;
Тармақша 2
2) жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын не патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қанағаттандырудан бас тарту.
Тармақ 5
5. Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешіміне уәкілетті органның жанынан құрылатын апелляциялық комиссияға патенттік сенім білдірілген өкілдердің шағымдарын сотқа дейін қарау жөніндегі шағым берілуі мүмкін.
Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағымдарды қарау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Көрсетілген шағымдарды сотқа дейін қарау міндетті болады.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және ол бойынша сотқа шағым жасалуы мүмкін.
📌 Ескерту. Заң 15-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 24.11.2025 № 233-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 16. 16-бап. Шетелдiктердiң, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
16-бап. Шетелдiктердiң, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
Тармақ 1
1. Шетелдiктер мен шетелдiк заңды тұлғалар осы Заңда көзделген құқықтарды Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға байланысты немесе өзара принцип негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.
Тармақ 2
2. Егер осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінен өзгеше туындамаса, Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда және топологияларды құқықтық қорғауға қатысты өзге де актілерде көзделген құқықтарды Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең пайдаланады.