О действиях регистраторов в случае расторжения (прекращения действия) договора об оказании услуг по ведению реестра держателей ценных бумаг Күшін жойған
Басқа 0
Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызмет көрсету туралы шарт бұзылған (қолданылуы тоқтатылған) жағдайдағы тіркелушілердің іс-әрекеттері туралы
Бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағының 17), 23) және 36) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Осы Қаулыда пайдаланылған ұғымдар мынаны бiлдiретiндiгi белгіленсiн:
Тармақша 1
1) "Iшкi ережелер" - акционерлiк қоғамның "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегі заңының 35-бабы 2-тармағының негізiнде өз акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмiн дербес жүргiзуге құқылы болатын, оның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмiн қалыптастыру, жүргізу және сақтау тәртiбiн айқындайтын нормативтiк актiсi;
Тармақша 2
2) "Шарт" - бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргізу жөнiндегi қызмет көрсету туралы шарт;
Тармақша 3
3) "тiркеушi" - Ұлттық комиссияның тиiстi лицензиясының негізiнде бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 4
4) "Бағалы қағаздар" - ұстаушыларының тiзiлiмiн Шартқа сәйкес тiркеушi жүргiзiп отырған немесе жүргізген бағалы қағаздар;
Тармақша 5
5) "Бағалы қағаздардың эмитентi ("эмитент") - Шарттың тарабы болып табылатын немесе табылмайтын Бағалы қағаздар эмитентi.
Тармақ 2
2. Егер Шартта оның қолданылу мерзiмi белгіленген жағдайда, осы Шарттың тарабы болып табылатын тiркеушi оны қолдану тоқтатылатын күнге дейiн кемiнде он күн бұрын кешiктiрмей бұл туралы мыналарды хабардар ету керек екендігі белгіленсiн:
Тармақша 1
1) осы тiркеушiнiң бас кеңсесiнiң және филиалдарының үй-жайларында олар үшiн қолайлы орындарда тиiстi хабарландырулар орналастыру, оның хабарлар (осындайлар бар болған кезде) каталогтерiне (жинақтарына) тиiстi ақпарат енгізу арқылы және Шартта, осы тiркеушiнiң нормативтiк актiлерiнде немесе осы тiркеушi мүшесi болып табылатын бағалы қағаздар рыногының өзiн-өзi реттейтiн ұйымының қағидаларында белгiленген өзге де тәсiлдер арқылы бағалы қағаздар ұстаушыларды;
Тармақша 2
2) мазмұнындағы ақпаратты Бағалы қағаздар ұстаушылар болып табылатын өзiнiң барлық клиенттерiнiң назарына жеткiзу қажеттiлiгiн көрсете отырып тиiстi жеке жазбаша хабарларды осы тармақтың 1) тармақшасында белгiленгенге ұқсас тәртiпте жiберу арқылы бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушыларын.
Тармақ 3
3. Өзiмен жасасқан Шарттың бұзылатындығы жөнiнде белгiлi болған (оны бұзуға өзi бастамашы болғандығы не Бағалы қағаздардың эмитентiнен Шартты бұзу туралы ескертпе алуы күшiнде) тiркеушi осындай оқиға туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде Шарттың бұзылатындығы туралы Бағалы қағаздар ұстаушыларын (оның iшiнде нақтылы ұстаушыларды) осы Қаулының 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларында белгiленген тәртiпте жазбаша ескертуге мiндеттi екендігі белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Шарт бұзылған (қолданылуы тоқтатылған) кезде оның тарабы болып табылатын тiркеушi (бұдан әрi "бұрынғы тiркеушi" деп аталады) Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн құрайтын құжаттарды және электрондық деректер массивiн (Бағалы қағаздар ұстаушылардың бастапқы тiзiмi, Шартты қолдану кезеңiнде Бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмiнде олармен жүргiзiлген операцияларды тiркеу журналы және Шартты бұзу күнi жағдайы бойынша Бағалы қағаздар ұстаушылардың жазбаша түрде ресiмделген тiзiмi) тек қана тиiстi түрде уәкiлеттi тұлғалар қол қойған қабылдау-өткiзiп беру актiсi бойынша және тек қана мыналарға беруге құқылы екендiгi белгіленсiн:
Тармақша 1
1) басқа тiркеушiге (бұдан әрi "жаңа тiркеушi" деп аталады) - жаңа тiркеушiнiң Бағалы қағаздардың эмитентiмен жасасқан Шарттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн немесе осы Шарттың нөмiрiн және күнiн көрсете отырып жаңа тiркеушiнiң оның Бағалы қағаздардың эмитентiмен Шарт жасасқандығы туралы жазбаша ескертпесiн ұсынуы бойынша;
Тармақша 2
2) Бағалы қағаздардың эмитентiне (акциялардың Бағалы қағаздар болып табылуы, ал эмитент "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi заңының 35-бабы 2-тармағының негiзiнде өз акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмiн дербес жүргiзуге құқылы болатындығы шартымен) - мыналарды ұсынуы бойынша:
Шарт Бағалы қағаздар эмитентiнiң бастамасы бойынша бұзылған жағдайда - эмитенттiң тiркеушiнi таңдауға уәкiлеттiк берiлген органының Шартты бұзу туралы шешiмiнiң көшiрмесiн;
Бағалы қағаздар эмитентi акционерлерiнiң Iшкi ережелердi бекiту туралы шешiм қабылданған жалпы жиналысы хаттамасының көшiрмесiн;
эмитенттiң оның акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргізу жөнiндегi функцияларды атқару жүктелген қызметкерiне Ұлттық комиссия берген, қолданылып жүрген екiншi санатты бiлiктiлiк куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
осы тармақшаның төртiншi азатжолында көрсетiлген қызметкердiң шын мәнiнде Бағалы қағаздар эмитентiмен еңбек қатынастарында тұратындығын және оған осы эмитенттiң акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi функцияларды атқару жүктелгендігін растайтын құжаттарды.
Тармақ 5
5. Осы Қаулының 4-тармағы 2) тармақшасының төртiншi азатжолына сәйкес көшiрмесiн Бағалы қағаздар эмитентi ұсынған бiлiктiлiк куәлiгiнiң анықтылығын тексеру мақсатында бұрынғы тiркеушi жазбаша сұраумен Ұлттық комиссияға жүгiнуге құқылы және осы куәлiк бойынша Ұлттық комиссияның оң қорытындысын алғанға дейiн Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн құрайтын құжаттарды және электронды деректер массивтерiн Бағалы қағаздар эмитентiне бермеуге құқылы екендігі белгiленсiн.
Тармақ 6
6. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн құрайтын құжаттарды және электронды деректер массивтерiн беру кезiнде бұрынғы және жаңа тiркеушiнiң немесе - егер Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн құрайтын құжаттар және электронды деректер массивтерi олардың эмитентiне берiлсе - бұрынғы тiркеушiнiң және Бағалы қағаздар эмитентiнiң өзара келiсiмi бойынша, бұзылған (қолданылуы тоқтатылған) Шарттың қолданылу кезеңiнде негiзiнде Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзілімiнде олармен операциялар жүзеге асырылған құжаттардың көшiрмелерiн бұрынғы тiркеушi жаңа тiркеушiге (Бағалы қағаздар эмитентiне) қосымша бере алады.
Тармақ 7
7. Бұрынғы тiркеушiге осы Қаулының 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар оның өзiнде қалатындығы белгiленсiн.
Тармақ 8
8. Құжаттар және Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн құрайтын электронды деректер массивтерi берiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бұл туралы мыналарды хабардар етуге бұрынғы тiркеушiнiң мiндеттi екендігі белгiленсiн:
Тармақша 1
1) осы Қаулының 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларында белгiленген тәртiпте Бағалы қағаздардың ұстаушыларын (оның iшiнде нақтылы ұстаушыларын);
Тармақша 2
2) мазмұнында Бағалы қағаздар эмитентiнiң атауы туралы, Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн құрайтын құжаттар және электронды деректер массивтердiң кiмге (жаңа тiркеушiге немесе Бағалы қағаздар эмитентiнiң өзiне) берiлгендігі туралы және бұрынғы тiркеушiнiң Шарттың бұзылуына байланысты қолданған әрекеттерi туралы деректер бар жазбаша хабар жiберу арқылы Ұлттық комиссияны.
Тармақ 9
9. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген күнiнен бастап он бес күннен кейiн қолданысқа енгiзiлетiндігі белгіленсiн.
Тармақ 10
10. Тiркеушiлер осы Қаулы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алпыс күн iшiнде Шарттарды қолдану тоқтатылған жағдайда тiркеушiлердiң әрекеттерi реттелетiн өздерiнiң iшкi нормативтiк актiлерiн осы Қаулыда белгіленген нормаларға сәйкес келтiру мақсатында аталған актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге мiндеттелсiн.
Тармақ 11
11. Тiркеушiлерге олар қызмет көрсететiн бағалы қағаздар эмитенттерiнiң назарына осы Қаулыны (ол қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн) жеткiзу жөнiндегi мiндет жүктелсiн.
Тармақ 12
12. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау департаменті:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол қолданысқа енгізілгеннен кейін) бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және "Қазақстан Тізілім ұстаушылар Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.