О нормативе текущих расходов на одного работника местных исполнительных органов финансируемых из местного бюджета Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың бір қызметкеріне жұмсалатын ағымдағы шығындардың мөлшері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.01.2005 № 1 шешімімен. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджеттік жүйе туралы» Заңының 12 бабының 2 тармағына сәйкес және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлерінің аппараттарын қаржыландыруға жұмсалатын қаржы шығынын реттеу мақсатында облыс әкімі шешті:
Тармақ 1
1. Қосымшадағы 2001 жылға арналған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың бір қызметкеріне арналған мөлшердің құрамына енгізілетін ағымдағы шығындардың тізбесі бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қосымшадағы 2001 жылға арналған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың бір қызметкеріне жұмсалатын ағымдағы шығындардың мөлшері бекітілсін (№ 2 қосымша). Осы шешімнің атқарылуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
Басқа 3. 2001 жылға арналған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орғандардың бір қызметкеріне арналған мөлшердің құрамына енгізілетін ағымдағы шығындардың тізбесі
Облыс әкімінің 2001 жылғы 03.05. № 92 шешіміне №1 қосымша 2001 жылға арналған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орғандардың бір қызметкеріне арналған мөлшердің құрамына енгізілетін ағымдағы шығындардың тізбесі Айрықшалықтар бойынша: 111 - Негізгі еңбек ақы 113 - Өтемақы төлемдері 121 - Әлеуметтік салық 125 - Автокөлік иелерінің азаматтіқ-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру жарналары 136 - Мемлекет аймағында қызмет бабындағы іссапарлар 138 - Ғимаратты жалға алу төлімі 139 - Басқа да тауарларды сатып алу 141 - Коммуналдық қызметке ақы төлеу 142 - Байланыс қызметіне ақы төлеу 143 - Көлік қызметіне ақы төлеу 144 - Энергияға ақы төлеу 145 - Жылуға ақы төлеу 146 - Ғимараттің, негізгі құрал-жабдықтардың ағымдағы жөндеу жұмыстары, көрсетілетін қызметтер 149 - Басқа да көрсетілетін қызметтер 159 - Ағымдағы басқа да шығыстар
Басқа 4. 2001 жылға арналған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметкеріне жұмсалатын ағымдағы шығындардың мөлшері
Облыс әкімінің 2001 жылғы 03.05. № 92 шешіміне № 2 қосымша 2001 жылға арналған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың қызметкеріне жұмсалатын ағымдағы шығындардың мөлшері Жергілікті атқарушы органдардың аппараты Жыл бойы 1 қызметкерге жұмсалатын ағымдағы шығыс мөлшері (мың.теңге) 1. Облыс әкімінің аппараты 1062 2. Облыстық қаржы басқармасы және оның аймақтық органдары 340 3. Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы 550 4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 435 5. Облыстық коммуналдық меншік басқармасы 425 6. Облыстық білім басқармасы 414 7. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы 458 8. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 462 9. Мұрағаттар және құжаттар бөлімі 513 10. Облыстық жер инспекциясы 632 11. Облыстық мәдениет басқармасы 532 12. Облыстық туризм және спорт басқармасы 427 13. Облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасы 448 14. Облыстық өнеркәсіп, сауда, көлік және коммуникация басқармасы 454