Об утверждении Правил организации технологического процесса первичной переработки хлопка-сырца в хлопок-волокно Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ______________ Ә. Исекешев 2015 жылғы 12 тамыз «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Е. Досаев 2015 жылғы 28 тамыз
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 07 шілдедегі № 4-3/611 бұйрығымен бекітілген Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) линт – мақта талшығын мақта тұқымынан ажыратқаннан кейiн қалған тұқымның талшықты қабығы;
Тармақша 2
2) мақта – шиттi мақта, мақта талшығы, мақта тұқымы;
Тармақша 3
3) мақта қабылдау пунктi – шиттi мақтаны қабылдауға, сақтауға және беруге арналған мамандандырылған құрылыс;
Тармақша 4
4) мақта өңдеу ұйымы – меншiк құқығында мақта тазалау зауыты бар, мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі жөнiнде қызметтер көрсететiн заңды тұлға;
Тармақша 5
5) мақтаның сапасы – стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн айқындайтын мақтаның тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы;
Тармақша 6
6) мақта тазалау зауыты – шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеуге арналған мамандандырылған құрылыс;
Тармақша 7
7) мақта талшығы – шиттi мақтаны бастапқы өңдеу кезiнде алынатын негiзгi өнiм;
Тармақша 8
8) мақта талшығы бумасы – стандарттау жөнiндегi техникалық регламенттер мен нормативтiк құжаттардың талаптарын сақтай отырып, шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеу нәтижесiнде алынған мақта талшығының ерекше тәсілмен нығыздалған белгiлi бiр көлемi;
Тармақша 9
9) мақта талшығы сапасының паспорты – мақта талшығы сапасының нақты көрсеткiштерiн және олардың стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар және (немесе) келiсiм-шарттар талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;
Тармақша 10
10) мақта тұқымы – шиттi мақтаны бастапқы өңдеу кезiнде алынған мақта жемiсi;
Тармақша 11
11) шиттi мақта – тұқымы ажыратылмаған талшық;
Тармақша 12
12) шиттi мақтаны өңдеудiң жанама өнiмдерi – тұқым, линт, талшықты қалдықтар (құрамында үлiк және мамық бар);
Тармақша 13
13) шиттi мақта партиясы – бiр сапа туралы ілеспе құжатпен ресiмделген, селекциялық және өндiрiстiк сорты, типі мен сыныбы бiр шиттi мақта көлемi;
Тармақша 14
14) шиттi мақтаны сақтау – шиттi мақтаны қабылдау, сақтау және беру жөнiндегi технологиялық операциялар кешенi;
Тармақша 15
15) шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеу – шитті мақтаны мақта талшығына, тұқымға, линтке, талшықты қалдықтарға (құрамында үлiк және мамық бар) тазалау жөніндегі технологиялық операциялар кешені.
Тарау 2. 2. Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру тәртібі
2. Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Шиттi мақтаны қабылдау және сақтау тәртiбi
1-параграф. Шиттi мақтаны қабылдау және сақтау тәртiбi
Тармақ 3
3. Шиттi мақтаны қабылдау зауыт жанындағы және зауыттан тыс мақта қабылдау пункттерiнде жүргiзiледi.
Тармақ 4
4. Мақта тазалау зауыты тұрған жерден тыс орналасқан мақта қабылдау пунктiнде:
Тармақша 1
1) шиттi мақтаны жиып қоюға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаң;
Тармақша 2
2) таразы жабдығы;
Тармақша 3
3) желдеткiш жабдық;
Тармақша 4
4) шиттi мақтаның сынамаларын iрiктеуге және сапасын анықтауға арналған зертхана жабдығы;
Тармақша 5
5) тиеу-түсiру механизмдерi;
Тармақша 6
6) өрт сөндiру құралдары болады.
Тармақ 5
5. Шиттi мақтаны сақтау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) шиттi мақта өңдеу басталғанға дейiн мамандандырылған ашық алаңқайларда брезентпен жабылған көмбелерде, қоймаларда және қалқалар астында селекциялық, өндiрiстiк сорттар мен сыныптар бойынша бөлек-бөлек партиялармен сақталады және жиналады. Шиттi мақта танаптардың жиегiнде және бейiмделмеген басқа алаңқайларда сақталмайды;
Тармақша 2
2) шиттi мақтаның жақсы сақталуы және оны ұзақ сақтауды дұрыс ұйымдастыру мақсатында шиттi мақтаны жинақтауды оның ылғалдылығын ескере отырып сараланған түрде жүргiзу қажет. Шиттi мақтаны жеке жинақтау мен сақтауға арналған ылғалдылық градациясы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес;
Тармақша 3
3) ылғалдылығы 20 пайыздан артық шиттi мақта кептiру-тазалау цехына жақын жиып қойылады, өйткенi жедел кептiруге және жылдам өңдеуге жатады, ылғалдылығы 14 пайызға дейiнгi шиттi мақтаны тазалау цехы аймағында орналастыру қажет;
Тармақша 4
4) шиттi мақтаны жиып қоюға арналған көмбе алаңқайлары жер деңгейiнен 40 сантиметр биіктікте болады және оның қатты (асфальт немесе бетон) жабыны болады. Көмбе алаңқайының мөлшерi 25х14 метр, жауын суын кетiруге арналған науамен қамтамасыз ету мақсатында бетiнiң ортасы жер бетiнен 5-7 сантиметрге көтерiңкі болады. Вентиляция туннельдерiн қазған кезде дұрыс бағытты қамтамасыз ету үшiн көмбе алаңқайының ортасына бойлық жолақ салынады;
Тармақша 5
5) шиттi мақтаны алаңқайларда көмбелеу жауынсыз ауа-райы кезінде үйiп жүргiзiледi, жауынды күндерi көмбелеуді жүргiзуге болмайды. Көмбе алаңқайына төгiлетiн шиттi мақта қопсытылады және алаңқайдың бүкіл бетi бойынша тегiс қабатпен орналастырылады;
Тармақша 6
6) сортына және ылғалдылығына байланысты шиттi мақтаны көмбелерге қалау биiктiгi (ол шөккенге дейiн) осы Қағидаларға 2- қосымшаға сәйкес мөлшерлерден аспауы тиiс;
Тармақша 7
7) көмбенiң тығыздалатын шеттерi үнемi көмбе ортасының деңгейiнен төмен болуы тиiс, шиттi мақтаны қалаудың тәулiктiк жол берiлетiн нормасы – 60-65 тоннадан артық емес;
Тармақша 8
8) көмбелердi қалауды биiктiгi 2-2,5 метр күмбез тәрiздес төбешiкпен аяқтайды;
Тармақша 9
9) шиттi мақта қалыптастырылып, шөккеннен кейiн көмбенiң бүйірлері мен шеттерін тарау жүргiзiледi;
Тармақша 10
10) ашық алаңқайларда сақтаулы шиттi мақтаны жабу үшiн мөлшерi 8,5х7 және 10х20 метр болатын брезенттер пайдаланылады. Көмбелерде сақтаулы тұқымдық шиттi мақта жаңа брезенттермен және бiрiншi санаттағы брезенттермен жабылады;
Тармақша 11
11) шиттi мақтаның ылғалдылығы қалыпты көмбесiн қалыптастыру аяқталғаннан кейiн 8-10 күн және ылғалдылығы жоғары көмбесiн құру аяқталғаннан кейiн 3-5 күн өткен соң көмбеде енi 0,8-1,0 метр биiктiгi 1,8-2,0 метр болатын бойлық ұзын бiр туннель қазу керек. Туннель көмбе жинақталған және қажетінше шөккен соң туннельқазғыш машинамен немесе қолмен оның бойлық өзегi бойынша қазылады;
Тармақша 12
12) партияларда сақталатын ылғалдылығы орташа шиттi мақтаның температурасын 5 күнде бiр рет, ал ылғалдылығы жоғары шиттi мақта партияларында – әр 3 күн сайын өлшейдi;
Тармақша 13
13) жылы мезгiлде (қыркүйек-қазан) дайындалған шиттi мақтаның қалыпты температурасы болып 30о С-тан аспайтын температура (көмбе iшiнде) есептеледi;
Тармақша 14
14) сақтаулы шиттi мақта партияларында 30о С-тан жоғары температура (бiрiншi өлшегенде) немесе алдыңғы өлшегеннен кейiн (сол бiр нүктеде) оның 2-3о С-қа жоғарылағаны байқалған жағдайда, жедел түрде көмбеден ылғал ауаны сорып алу арқылы мәжбүрлi салқындату жүргiзiледi;
Тармақша 15
15) ауаны сору туннельдерден жүргiзiледi, жинақталған шиттi мақтаның ылғалдылығына және ауаның салыстырмалы ылғалдылығына қарай көмбеден ауа сорудың болжамды мерзiмдерi осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес;
Тармақша 16
16) шиттi мақтаны жинақтау кезiнде профилактика тәртібімен ауа сору кезiнде қондырғы жұмысының ұзақтығы 6-8 сағаттан кем болмауы тиiс;
Тармақша 17
17) шиттi мақта өздiгiнен қызған жағдайда көмбеден ауа сору өлшенетiн сегiз нүктеден алынған шиттi мақтаның температурасы қоршаған ауа температурасына жеткенге дейiн жүргiзiледi;
Тармақша 18
18) шиттi мақтада температураның алдыңғы өлшеуден кем дегенде бiр градусқа жоғарылауы байқалған жағдайда, ауа соруды жүргiзу арқылы, өздiгiнен қызудың жеке ошағы табылған жағдайда – қызған шиттi мақтаны, сонымен қатар көршi учаскелердегi шиттi мақтаны алып тастау арқылы өздiгiнен қызуды жою шаралары қолданылады;
Тармақша 19
19) судың өтiп кетуi және шиттi мақтаның ылғалданғаны байқалған жағдайда ылғалдану тереңдiгiн анықтау үшiн көмбеде саңылау (құдық) жасап, ылғалданған шиттi мақтаны алып, оны кептiру қажет.
Тармақ 2. 2-параграф. Шиттi мақтаның орташа талшықты сорттарын өңдеу тәртiбi
2-параграф. Шиттi мақтаның орташа талшықты сорттарын өңдеу тәртiбi
Тармақ 6
6. Мақта тазалау зауытында:
Тармақша 1
1) кемiнде бiр мақта қабылдау пунктi;
Тармақша 2
2) шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеу жөнiндегi технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдық;
Тармақша 3
3) таразы жабдығы;
Тармақша 4
4) желдеткiш жабдығы;
Тармақша 5
5) тиеу-түсiру механизмдерi;
Тармақша 6
6) өрт сөндiру құралдары;
Тармақша 7
7) мақтаның сапасын айқындауға арналған өндiрiстiк-технологиялық зертхана;
Тармақша 8
8) мақта сақтауға арнайы бөлiнген орын болады.
Тармақ 7
7. Шиттi мақтаны кептiру процесi:
Тармақша 1
1) кептiрудiң технологиялық процесi шиттi мақтаны тазалауға дайындау үшiн, тұқымды джинирлеу мен линтерлеу үшiн жүргiзiледi;
Тармақша 2
2) зауыттан тыс және зауыт жанындағы мақта қабылдау пункттерінің кептiру-тазалау цехы және мақта зауытының тазалау цехы жылуды бақылау, шиттi мақтаны тасымалдау және жеткiзу жүйелерi бар кептiру жабдығының екі жиынтығын қамтиды;
Тармақша 3
3) кептiргiштердi жылумен жабдықтау сұйық немесе газ тәрiздi отынмен жұмыс iстейтiн жылу генераторлары арқылы жүзеге асырылады. Барлық типтi жылу генераторлары бақылау-есептеу аспаптарымен және қауiпсiздiк автоматикасы жиынтығымен жарақтандырылады;
Тармақша 4
4) кептiргiшке қосылған газжүргiш түзу (иiрiмi жоқ) болып табылады, кесiндiсiнiң аумағы 0,5 шаршы метр және ұзындығы 8-10 метр және оның от жағу мұржасы, желілік (жылулық) кеңею компенсаторы және жарылу клапаны болады;
Тармақша 5
5) шиттi мақтаны тасымалдау және жеткiзу жүйесi кептiргiштердiң дәйектi және қатар жұмыс iстеуiн қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) шиттi мақтаны кептiру процесi қалыпты өтуі үшiн мақта кептiру жабдығының жылумен жабдықтау құралдары мынадай талаптарға сай болады: жылу генераторларының жылытылатын барлық элементтерi мен буындары жылудан оқшауланған болады; жылу генераторының корпусындағы ауа кiргiзетiн терезелердiң жалюзилерi қажеттi (жанармайдың жану өнiмдерiмен араласуға) атмосфералық ауаның кiруiн шектемейді;
Тармақша 7
7) мақта кептiру жабдығының жұмыс тәртiбi шиттi мақтаның сортына, бастапқы және тиiстi ылғалдылығына, сондай-ақ жабдықтың өнiмдiлiгiне қарай белгiленедi;
Тармақша 8
8) зауыттың тазалау цехына кептiруге түсетін шиттi мақтаның ылғалдылығы 14 пайыздан аспайды;
Тармақша 9
9) өңдеудiң оңтайлы сапа көрсеткiштерiне қол жеткізу үшiн тазалануы қиын шиттi мақта мақта зауытының тазалау цехында: бiрiншi сорттар – 7,0-8,0, ал төмен сорттар – 8,0-9,0 пайыз ылғалдылыққа дейiн кептiрiлуi тиiс;
Тармақша 10
10) ылғалдылығына талдау жүргiзу үшiн шиттi мақтаның кептiргенге дейiнгi және кептiргеннен кейiнгi сынамалары кептiргiштер жұмыс істеп тұрған әр екi сағат сайын әр партиядан алынып отырады.
Тармақ 8
8. Шиттi мақтаны тазалау процесi:
Тармақша 1
1) шиттi мақтаны тазалауды селекциялық және өндiрiстiк сортына, бастапқы ластануы мен ылғалдылығына, шиттi мақтаны джинирлеу алдында ылғалдандыруды қолдануға байланысты оңтайлы ылғалдылыққа дейiн кептiргеннен кейiн жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) шиттi мақтаны арамшөп қоспаларынан неғұрлым тиiмдi тазалауға және талшық кемшіліктерінің аз болуына кептiргеннен кейiн (тазалауға дейiн) шиттi мақтаның ылғалдылығын осы Қағидаларға 4- қосымшаға сәйкес көрсеткiштерге жеткiзген кезде қол жеткізіледi;
Тармақша 3
3) машиналардың жұмыс органдарының бүлiнуiн және шиттi мақтаның тұтануын болдырмау мақсатында аулалық және цехаралық пневмотасымалдағыш қондырғылардың сепараторлары алдына ауыр қоспаларды желілік аулағыштар орнатылады;
Тармақша 4
4) шиттi мақтадан арамшөп қоспаларын жою үшiн тазалау цехында өңдеудiң технологиялық процесiне екi түрлi тазалағыш қосылады: тiкендi жұмыс органдарымен – майда қоқысты бөлу үшiн және аратәрiздес – iрi қоқысты бөлу үшiн;
Тармақша 5
5) шиттi мақтаны тазалау жоспарларын таңдау оның бастапқы ластануына, селекциялық және өндiрiстiк сортына байланысты, мақта талшығын соңынан тазалаумен орайластыра отырып, жүргiзiледi;
Тармақша 6
6) сыныбына, сортына және селекциясына байланысты орташа талшықты шиттi мақтаны тiкендi және аратәрiздес барабандарда тазалау еселiгi осы Қағидаларға 5- қосымшаға сәйкес көрсеткiштерге сай болады;
Тармақша 7
7) орташа талшықты шитті мақтаның бүкіл технологиялық процесінiң жалпы тазалау әсерi осы Қағидаларға 6- қосымшаға сәйкес шектерде алынады;
Тармақша 8
8) егер технологиялық процесінiң нақты жалпы тазалау әсерi жол берiлетiн ең төменгі көрсеткiштен төмен болса, онда тазалау жабдығының техникалық жай-күйін және оның герметизациясын тексеру қажет.
Тармақ 9
9. Шиттi мақтаны джинирлеу:
Тармақша 1
1) кептiру мен тазалаудың кезектi сатысынан өткеннен кейiн шиттi мақта джинирлеуге – талшықты тұқымнан ажырату процесiне ұшырайды;
Тармақша 2
2) орташа талшықты шиттi мақтаның барлық өндiрiстiк сорттары аратәрiздес джиндерде өңделедi;
Тармақша 3
3) аратәрiздес джиндер талшық тазалағыш, нығыздағыш, тасымалдағыш және қосалқы жабдықпен бірігіп, джиндердiң санына және жабдық таңбасына байланысты батареяларға топталады;
Тармақша 4
4) аратәрiздес джиндердiң жұмысы шиттi мақтаның селекциялық және өндiрiстiк сорттарына қарай жабдықтың өнiмдiлiгiмен регламенттеледi;
Тармақша 5
5) тұқымдық шиттi мақта үшiн джинирлеудiң жеңiлдетiлген режимi белгiленедi – бiр араға сағатына 7 килограммнан көп емес;
Тармақша 6
6) аратәрiздес джин шиттi мақтаны арамшөп қоспаларынан тазалауға және оны джинирлеу процесi жүзеге асырылатын джиннiң жұмыс камерасына қажеттi көлемде бiркелкi жiберуге арналған қоректендiргiшпен бiрге пайдаланылады;
Тармақша 7
7) джинерлеу алдындағы шиттi мақтаның ластануы осы Қағидаларға 7- қосымшаға сәйкес мәндерге сай болады;
Тармақша 8
8) джиндердiң жұмысы ақаулары барынша аз, сапасы жоғары талшық алуды, түктiлiгi бойынша бiркелкi тұқым алуды, сондай-ақ талшықтың барынша көп шығуын қамтамасыз етеді, осы Қағидаларға 8- қосымшаға сәйкес.
Тармақ 10
10. Орташа талшықты сорттардың мақта талшығын тазалау:
Тармақша 1
1) талшықты арамшөп қоспаларынан және ақаулардан тазалау мақсатында аратәрiздес джинирлеу зауыттарында тура ағымды талшық тазалағыштарды қолданады;
Тармақша 2
2) қиын тазаланатын сорттардың талшығын қосымша тазалау үшiн, сонымен қатар алғашқы ластануы жоғары болған шиттi мақтаны өңдеу кезiнде конденсорлық типтi талшық тазалағыштар қолданылады;
Тармақша 3
3) талшықты тазалау жоспары джиндерге түсетiн шиттi мақтаның алғашқы ластануының және талшықтың өндiрiстiк сортының көрсеткiштерiне қарай белгiленедi;
Тармақша 4
4) егер ақаулар мен арамшөп қоспалары болуының таңдалып алынған мәндеріне қол жеткізілмеген жағдайда, талшық тазалағыштардың саңылауларын, ажыратқыштарын және аэродинамикалық режимiн тексерiп, табылған ауытқуларды жою қажет.
Тармақ 11
11. Орташа талшықты сорттардың тұқымдарын өңдеу және сақтау:
Тармақша 1
1) аратәрiздес джинирлеудің мақта тазалау зауытында тұқымды өңдеу технологиясы тұқымды бөтен қоспалардан тазартуды (бiрiншi линтерлеу алдында), оны екi рет линтерлеудi, тұқымды өлшеудi және пакетке салу алдында линттi тазалауды көздейдi;
Тармақша 2
2) белгіленген параметрлерге сәйкес келмейтін тұқымдар аратәрiздес джиндерден кейiн, линтерлеуге дейiн тасымалдау бағытында торлы тазалағышта немесе тұқым тазалағыш қондырғыда арамшөп қоспаларынан тазартудан өтедi;
Тармақша 3
3) линттелгеннен кейiн линт пневматикалық линттазалағышта тазаланады;
Тармақша 4
4) линтерлердiң әр батареясынан алынған линт конденсорға жiберiлiп, одан соң батареялық линттазалағышта тазаланады және пакетке салынады;
Тармақша 5
5) линттелгеннен кейiн тұқым автоматты таразыда өлшенеді;
Тармақша 6
6) линтерлiк цехтардан қысқа уақыт сақтау орындарына тұқым винттi конвейерлермен немесе вентилятордан, циклоннан, вакуум-клапаннан және ұзындығы 60 метрге дейiнгi құбырдан тұратын пневмокөліктік қондырғылармен тасымалданады;
Тармақша 7
7) қысқа уақыт сақтау орындарында тұқымды селекциялық және өндiрiстiк сорттары бойынша бөлек жиып қою қамтамасыз етiледi. Тұқымдарды сақтау және тиеп жөнелту кезiнде сорттардың араласуына жол берiлмейдi;
Тармақша 8
8) ылғалдылығы 10-11 пайыздан жоғары тұқымды жиып қою алаңқайларда немесе мәжбүрлi желдету жүйелерiмен жабдықталған қоймаларда жүргiзiледi;
Тармақша 9
9) тұқымды қысқа уақыт сақтау: тұқымды төккен кезде ашық алаңқайларда; механизациялау құралдарының жартылай стационарлық кешенiмен жабдықталған еден типті қоймаларда; механикаландырылған сақтау қоймалары блогының көмегiмен жүргiзiледi.
Тармақ 3. 3-параграф. Талшықты қалдықтарды мақта зауыттарында тазалау тәртiбi
3-параграф. Талшықты қалдықтарды мақта зауыттарында тазалау тәртiбi
Тармақ 12
12. Талшықты қалдықтарды мақта зауыттарында өңдеу арнайы цехта жүргiзiледi. Өңдеудің технологиялық процесі талшықты үлiк пен мақта мамығының ағымдары бойынша құрылады, бұл ретте иiрiлген талшық алу үшiн талшықты үлiк регенарациялық машинада өңделедi.
Тармақ 13
13. Талшықты қалдықтарды мақта зауытында тазалау талшықты материалдарды тазалағыштарда жүргiзiледi, сондай-ақ талшық регенераторлары қолданылады.
Тармақ 14
14. Талшық тазалағыштар мен талшық конденсорларының талшықты қалдықтары олардан талшықты регенерациялау мақсатында тазаланады. Регенерацияланған талшық шиттi мақта өңдеудiң негiзгi ағымына қайта оралады.
Тармақ 15
15. Зертханалық талдау жүргiзгеннен кейiн талшықты қалдықтардан бөлiнген талшықты үлiк, мақта мамығы тиiстi сорттар, типтер және топтар бойынша кiрiске алынады.
Тармақ 4. 4-параграф. Мақта зауыттары шығаратын мақта талшығын, мақта линтiн және талшықты қалдықтарды тығыздау тәртiбi
4-параграф. Мақта зауыттары шығаратын мақта талшығын, мақта линтiн және талшықты қалдықтарды тығыздау тәртiбi
Тармақ 16
16. Мақта тазалау зауыттары шығаратын талшықты материалдар бумаларға тығыздалады.
Тармақ 17
17. Пресс цехтары талшықтар мен линттер үшiн талшықты массаның буманың ұзына бойына бiркелкi таратылуын қамтамасыз ететiн конденсорлармен, талшықты ылғалдататын, талшық әперетiн және талшықты материалдардың барлық түрлерiн бумаларға бөлек тығыздауға арналған гидропресс қондырғыларымен жабдықталады. Талшықты қалдықтар жеке үй-жайларда орнатылған пресстерде тығыздалады.
Тармақ 18
18. Ылғалдылығы 7 пайыздан төмен мақта талшығын тығыздау алдында жасанды ылғалдандыруға жатады.
Тармақ 19
19. Талшықтар мен мақта линтiн тығыздау кемінде 4800 килоНьютон күшпен гидравликалық пресстерде жүргiзiледi. Талшықты қалдықтарды тығыздау осындай пресстерде және қуаты төмен пресстерде жүргiзiледi.
Тармақ 20
20. Талшықты және мақта линтiн, талшықты қалдықтарды тығыздаған кезде, талшықты материалдардың бiр түрi басқа бумаға араласу немесе қосылу мүмкiндiгiн толығымен болдырмайтын шаралар қолданылуы тиiс.
Тармақ 21
21. Барлық қыспақ қондырғыларында қыспақ жәшiгiне нығыздалған талшықты материалдың санын көрсететiн дұрыс сiлтегiштер болуы тиiс.
Тармақ 22
22. Бумаларды өлшеу тығыздау цехында немесе оларды қатарлап жинау орнына апарар жолда жүргiзiледi. Өлшеу нәтижесi 0,2 килограмға дейінгі дәлдiкпен тiркеледi.
Тармақ 23
23. Мақта өнiмi бумаларын шанду үшiн болат таспаны, төмен көмiртектi сымды, берiктiгi жоғары сымды қолданады.
Тармақ 24
24. Салмағын өлшеп, таңбалағаннан кейiн дайын бумалар цех iшiндегi көлiкпен тиеу алаңқайына жiберiлiп, ол жерде соңынан тиеп жөнелту үшiн автотиегiштер көмегiмен партиялар бойынша қатарланады.
Басқа 1
Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша Бөлек жинақтау және сақтау үшiн шиттi мақта ылғалдылығын градациялау Шиттi мақта сорты Жинау түрi Ылғалдылығы, пайыз Жинау түрi Ылғалдылығы, пайыз I қолмен 9-ға дейiн машинамен 11-ге дейiн II қолмен 10-ға дейiн машинамен 11-ге дейiн III қолмен 11-ге дейiн машинамен 18-ге дейiн IV машинамен 20-ға дейiн V 20-дан жоғары
Басқа 2
Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша Шөккенге дейiн көмбе қалаудың жол берiлетiн биiктiгi Шиттi мақта сорты Шиттi мақтаның ылғалдылығы, пайыз Көмбенi қалау биiктiгi, метр, артық емес Типтi алаңдағы шиттi мақтаның болжамды массасы, тонна ауа соруды қолданбағанда ауа соруды қолданғанда I 9-ға дейін 8 - 400 9,1-12,0 - 8 350 12,1-14,0 - 7 300 14-тен жоғары - 6 250 II 10-ға дейін 8 - 370 10,1-13,0 - 8 300 13,1-16,0 - 7 250 16-дан жоғары - 6 200 III 11-ге дейін 7 - 350 11,1-15,0 - 7 300 15,1-18,0 - 6 250 18-ден жоғары - 6 230 IV 13-ке дейін 6 - 300 13,1-17,0 - 5 250 17,1-20,0 - 4 200 V 20,1-22,0 - 3 150
Басқа 3
Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша Көмбеден профилактикалық ауа соруды жүргiзу мерзiмдерi Шиттi мақтаның ылғалдылығы, пайыз Профилактика (ауа сору) қай күннен бастап жүргiзiледi Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, пайыздан артық емес Көмбенi аяқтағаннан кейiн бiрiншi Бiрiншiден кейiн мынадай күн аралықпен екiншi Одан кейiнгiлер мынадай күн аралықпен I және II сортты шиттi мақтаны сақтау кезiнде 12,0-14,0 7-10 10 15 75 14,1-16,0 5-8 8 12 80 16,1 және жоғары 5 5 8 85 III-V сортты шиттi мақтаны сақтау кезiнде 13,0-15,0 7-10 10 15 75 15,1-18,0 5-8 8 10 85 18,1 - 22,0 3-5 5 8 95 22,1 және жоғары 3-4 5 7 95
Басқа 4
Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша Кептiру жабдығына жiберуге дейiнгi шиттi мақтаның ұсынылатын ылғалдылығы, пайыз Шиттi мақтаның өнеркәсiптiк сорттары Мақтаның селекциялық сорттары қалыпты тазаланатын қиын тазаланатын I - II 8-9 7-8 III - IV 9-10 8-9
Басқа 5
Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидаларына 5-қосымша Орташа талшықты шиттi мақтаны тiкендi және ара тәрiздес барабандарда тазалаудың ұсынылатын еселiгi Сыныбы Сорты Ластануы, пайыз, артық емес Селекциясы қалыпты тазаланатын қиын тазаланатын 1 I 3,0 8Т 16Т II 5,0 8Т 16Т +2А III 8,0 16Т +2А 32Т +4А IV 12,0 24Т +2А 40Т +2А 2 I-II-III 12,0 24Т +4А 40Т +6А IV 16,0 24Т +2А 40Т +4А 3 I-II-III 18,0 24Т +4А 40Т +6А IV 20,0 24Т +2А 40Т +4А V 22,0 24Т +2А 32Т +2А Ескертпе: Т – тiкендi барабан, А – аратәрiздес барабан, әрiптердiң жанындағы сандар – тазалау процесiне қосылатын барабандар саны.
Басқа 6
Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидаларына 6-қосымша Орташа талшықты шиттi мақтаны тазалаудың технологиялық процесiнiң тазалау әсерлерi Шиттi мақтаның бастапқы ластануы, пайыз Селекциясы қалыпты тазаланатын қиын тазаланатын тазалау әсерлерi, пайыз 3,0 дейiн 73-ке дейiн 70-ке дейiн 3,1-5,0 74-84 68-80 5,1-8,0 84-90 76-85 8,1-16,0 85-90 78-85 16,1-18,0 89-90 81-83 18,1-20,0 87-88 80-82 20,1-22,0 85-86 75-77
Басқа 7
Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидаларына 7-қосымша Джинирлеу алдындағы шиттi мақтаның ластану мәні Шиттi мақта сыныбы сорты джинирлеу алдындағы ластануы (джиннiң науасынан), пайыз, артық емес 1 I 0,8/0,9 1 II 0,8/1,0 1 III 0,8/1,2 1 IV 1,2/1,8 2 I 1,0/1,5 2 II 1,0/1,5 2 III 1,2/1,8 2 IV 1,6/2,4 3 I 1,6/2,4 3 II 1,6/2,4 3 III 1,8/3,0 3 IV 2,4/3,6 3 V 3,0/5,0 📌 Ескертпе. Алымда – қалыпты тазаланатын селекцияларға, бөлгіште – қиын тазаланатын селекцияларға арналған мәлiметтер.
Басқа 8
Шиттi мақтаны мақта талшығы етiп бастапқы өңдеудің технологиялық процесiн ұйымдастыру қағидаларына 8-қосымша Шиттi мақтаны өңдеудiң ұсынылған режимдерi кезiндегi талшықтың болжамды сапасының мәні Шиттi мақта Талшық сыныбы сорты бастапқы ластануы, пайыз, артық емес ақаулар мен арамшөп қоспаларының салмақтық үлесi, пайыз, артық емес сорт-сыныбы, төмен емес 1 I 3,0 2,0/2,5 I-жоғ/I-жақ 1 II 5,0 2,5/3,5 II-жоғ/II-жақ 1 III 8,0 4,0/5,5 III-жақ/III-орт 1 IV 12,0 6,0/8,5 IV-жақ/IV-орт 2 I 10,0 2,5/4,0 I-жақ/I-кәд 2 II 10,0 3,5/5,5 II-жақ/II-кәд 2 III 12,0 4,0/7,5 III-жақ/III-кәд 2 IV 16,0 6,0/10,0 IV-жақ/IV-кәд 3 I 16,0 3,0/5,5 I-орт/I-лас 3 II 16,0 4,5/7,0 II-орт/II-лас 3 III 18,0 5,5/10,0 III-орт/III-лас 3 IV 20,0 8,5/14,0 IV-орт/IV-лас 3 V 22,0 10,5/16,0 V-орт/V-лас 📌 Ескертпе. Алымда – қалыпты тазаланатын селекцияларға, бөлгіште – қиын тазаланатын селекцияларға арналған мәлiметтер.