О внесении дополнений в Закон Республики Казахстан "О статусе столицы Республики Казахстан" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 1998 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 7-8, 79-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: 3-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын: "7-1) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген коммуналдық мүлік тізбесін бекітеді, республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы астанасының аумағында тіркелген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иеленуді, пайдалануды және оларға билік етуді жүзеге асырады; 7-2) Астана қаласының коммуналдық меншігін иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді жүзеге асырады;".