Об утверждении Правил размещения Министерством финансов Республики Казахстан временно свободных бюджетных денег со счетов органов казначейства во вклады (депозиты) в Национальном Банке Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Респүбликасы Қаржы министрлiгiнiң уақытша бос бюджеттiк ақшаны қазынашылық органдарының шоттарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi салымдарға (депозиттерге) орналастыруының ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң уақытша бос бюджеттiк ақшаны қазынашылық органдарының шоттарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегі салымдарға (депозиттерге) орналастыруының ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң қазынашылық органдарының шоттарынан уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасының банктерiндегi салымдарға орналастыруының тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 18 мамырдағы N 451 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж, N 15, 131-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазынашылық органдарының шоттарындағы уақытша бос ақша қалдықтарын салымға орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 20 қазандағы N 1061 қаулысының 4-тармағының;
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 18 мамырдағы N 451 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 25 ақпандағы N 172 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 6, 44-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің уақытша бос бюджеттiк ақшаны қазынашылық органдарының шоттарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi салымдарға (депозиттерге) орналастыруының ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 11 шілдедегі N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің уақытша бос бюджеттiк ақшаны қазынашылық органдарының шоттарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi салымдарға (депозиттерге) орналастыруының ережесi Осы Ереже "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң уақытша бос бюджеттiк ақшаны қазынашылық органдарының шоттарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi салымдарға (депозиттерге) (бұдан әрi - банктiк салым) орналастыруының тәртiбiн айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазынашылық органдарының шоттарынан тартылған уақытша бос бюджет ақшасын орналастыруды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлік) мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Банк) арасында жасалатын банктiк салым шарты (бұдан әрi - Шарт) негiзiнде оларды тиiмдi пайдалану және республикалық бюджетке кiрiстер алу мақсатында Министрлiк жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Уақытша бос бюджет ақшасын банктiк салымдарға орналастыру мерзімі және сомалары
2. Уақытша бос бюджет ақшасын банктiк салымдарға орналастыру мерзімі және сомалары
Тармақ 2
2. Банктiк салымдарға орналастырылатын бос бюджет ақшаларының ұлттық валютадағы да, шетел валютасындағы да нақты сомасын Министрлiк айқындайды.
Тармақ 3
3. Мерзiмдi банктік салымдарды орналастырудың бастапқы мерзiмi үш күнтiзбелiк айдан аспауы тиiс және келесi мерзiмiн ұзартулар үш айдан аспайтын мерзiмге жол берiледi.
Тармақ 4
4. Қазынашылық органдарының шоттарында дебет сальдосын болдырмау мақсатында Шартты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Министрлiк бiр жақты тәртiппен бұзуы және банктiк салым қазынашылықтың шоттарына қайтарылуы мүмкiн.
Тармақ 5
5. Шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда банктiк салымды есептелген сыйақымен қайтару мерзiмi тараптардың келiсiмi бойынша, талаптар түскен күндi қоса алғанда, 5 банктiк күннен кешiктiрiлмей Шартта белгiленедi.
Тарау 3. 3. Сыйақыны есептеу
3. Сыйақыны есептеу
Тармақ 6
6. Министрлiк уақытша бос бюджеттiк ақшаны банктiк салымдарға орналастыру кезiнде сыйақының ставкасы Шарт жасасқан күнге айқындалады. 7. Шарт жасасқан кезде сыйақы ставкасы рынок конъюнктурасын және Банк ұсынысын ескере отырып белгiленедi.
Тарау 4. 4. Сыйақыны төлеу шарттары
4. Сыйақыны төлеу шарттары
Тармақ 8
8. Шарттың мерзiмi өткеннен кейiн Банк банктiк салымның сомасын Шартта айтылған деректемелер бойынша Министрлiкке қайтарады, ал сыйақыны Шартқа сәйкес Шартта айтылған деректемелер бойынша республикалық Бюджеттiң кiрiсiне аударады. 9. Сыйақы сомасы Шартта көзделген ставкаға сәйкес есептеледi. 10. Есептелген сыйақымен банктiк салымды қайтару мерзiмiн бұзған кезде Шарттың ережелерiне сәйкес Банк Министрлiкке тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсiмақы) төлейдi.
Тарау 5. 5. Қорытынды ережелер
5. Қорытынды ережелер
Тармақ 11
11. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.