Об утверждении Правил погашения обязательств фондами гарантирования исполнения обязательств по хлопковым распискам Күшін жойған
Басқа 0
Мақта қолхаттары бойынша
міндеттемелердің орындалуына кепілдік
беру қорларының міндеттемелерін
өтеу қағидаларын бекіту туралы
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы «____»____________
Басқа 7
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 4-5/576
бұйрығымен бекітілген
Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына
кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу
қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының (бұдан әрі – қор) міндеттемелерін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бағалар кестесі – кепілді төлемдер мөлшерлерін айқындау үшін қажетті және сапасына сәйкес белгілі бір кезеңге қор белгілеген мақтаның құнын қамтитын құжат;
Тармақша 2
2) еңсерілмес күш – форс-мажорлық жағдайлар: тараптардың болжауға және болдырмауға күші жетпейтін дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы авариялар;
Тармақша 3
3) кепілді жағдай – қатысушы сақтауға қабылдаған шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісінің басталғаны;
Тармақша 4
4) қатысу шарты – қор мен қатысушы арасында жасалатын шарт, соның негізінде соңғысы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысады;
Тармақша 5
5) қатысушы – онымен қор қатысу шартын жасасқан және ол шарт қолданыстағы мақта өңдеу ұйымы;
Тармақша 6
6) мақта қолхатын ұстаушы – мақта өңдеу ұйымына шиттi мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға өткiзген мақта иесi; мақта қолхатында индоссамент жасалған жағдайларда – индоссат.
Тарау 2. 2. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына
кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу тәртібі
2. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына
кепілдік беру қорларының міндеттемелерін өтеу тәртібі
Тармақ 3
3. Кепілді жағдай туындаған кезде өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауапкершілік көтеретін қор мақта қолхатын ұстаушыға осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарына сәйкес есептелген қорға қатысушы бермеген мақтаның құнын ақшалай төлейді.
Тармақ 4
4. Қор кепілдігінің қолданылу мерзімі мақта қолхатында көрсетіледі. Егер мақта қолхатында кепілдік мерзімі көрсетілмесе, онда кепілдіктің қолданылу мерзімі қор мақта қолхатына жазба жасаған күннен бастап он екі айды құрайтын болады.
Тармақ 5
5. Осы қорға қатысушылар болып табылмайтын мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерінің орындалуына қор кепілдік бермейді.
Тармақ 6
6. Мақта қолхатын ұстаушылар болып табылатын, қордың кепілдігін алған адамдарға қатысушылардың мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін өтеуді қор осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мақта қолхатын ұстаушы кепілді жағдай туындаған кезде қорға кепілді төлемді алу үшін жүгінеді.
Егер мақта қолхаты бойынша қордың кепілдік берген мерзім бітпеген жағдайда, мақтаны кепілдікке қойылған мақта саудасынан сатып алған мақта иелері немесе олардың уәкілетті өкілі (сенімхат негізінде) төлемді алу үшін қорға жүгіне алады.
Тармақ 8
8. Кепілді төлемді алу үшін қорға:
Тармақша 1
1) кепілді төлемді алу туралы талаппен еркін нысандағы өтініш;
Тармақша 2
2) мақта қолхатының немесе сауда-саттық нәтижелері туралы құжаттың және кепіл куәлігінің көшірмелері.
Қор талаптарды қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған жағдайда жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады;
Тармақша 3
3) мақта қолхатын ұстаушының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішінің (шағымының) көшірмесі және осы өтініш (шағым) бойынша қатысушыны тексеру нәтижелері бойынша мақта саласындағы мемлекеттік инспектор толтырған актінің көшірмесі. Осы тармақшада көрсетілген құжаттар қатысушыға уақытша басқаруды енгізген кезде берілмейді;
Тармақша 4
4) егер мақта қолхатын ұстаушы жеке тұлға болып табылса – жеке куәлiгiнiң (паспортының) көшiрмесi, ал егер заңды тұлға болып табылса – мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың көшiрмесi ұсынылады.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Тармақ 9
9. Қор 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде мақта қолхатын ұстаушының талабын қарайды және оны қанағаттандыру не одан бас тарту туралы шешім шығарады. Қатысушыны уақытша басқаруды енгізген кезеңде мақта қолхатын ұстаушының талабын қарау кезінде қанағаттандыру не бас тарту туралы шешімді қор сақтаулы мақтаға уақытша әкімшілік түгендеу жүргізгеннен кейін шығарады. Талаптарды қарауға кепілді жағдайдың туындауына жол берген қатысушы тартылады.
Тармақ 10
10. Қор кепілді төлемді жүзеге асыру туралы талапты қанағаттандырудан:
Тармақша 1
1) кепілді жағдай туындамаған;
Тармақша 2
2) кепілді жағдайдың болуы еңсерілмес күштен туындаған жағдайда;
Тармақша 3
3) мақта қолхатын ұстаушының талабын қанағаттандыру және қатысушыдан берешекті өндіріп алу туралы сот шешімі болған;
Тармақша 4
4) мақта қолхатын ұстаушы қордың мақта қолхаты бойынша міндеттемелерді орындауы жөніндегі кепілдігінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін жүгінген;
Тармақша 5
5) егер талапты қарау мерзімі ішінде қатысушы мақта қолхаты (кепілдік немесе қоймалық куәліктер) бойынша өз міндеттемелерін орындаған;
Тармақша 6
6) мақта қолхатында жазба жасалған күн, лауазымды адамның қолы және қордың мөртабаны көрсетіліп, қордың осы мақта қолхатына кепілдік беруі туралы мәліметтер қамтылған жазба болмаған;
Тармақша 7
7) кепіл туралы мәліметі жоқ мақта қолхатының тек қоймалық куәлігін ғана көрсеткен жағдайларда бас тартады.
Тармақ 11
11. Қатысушыдан берешекті өндіріп алу мақсатында мақта қолхаттарын ұстаушылардың сотқа жүгінуі сот шешімі шыққанға дейін кепілді төлемді жүзеге асыру туралы талаптарды қарауды тоқтата тұру үшін негіз болып табылады. Мақта қолхаттарын ұстаушылар мақта қолхатын ұстаушының талабынан бас тартқаны туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін кепілді төлемді алу үшін қорға жүгіне алады.
Тармақ 12
12. Міндеттемелердің орындалмауына жол берген қатысушыны уақытша басқаруды енгізу, қатысушыны қайта ұйымдастыру, қатысушыны мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінен шығарып тастау қордың мақта қолхатын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандырудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.
Тармақ 13
13. Қор мақта қолхатын ұстаушының талабын қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған жағдайда қор шешім шығарылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мақта қолхатын ұстаушыға кепілді төлемді жүргізеді.
Тармақ 14
14. Кепілді төлем мөлшерімен келіспеген жағдайда мақта қолхатын ұстаушы қордың шешіміне шағым жасау үшін сотқа жүгінеді.
Тармақ 15
15. Мақта қолхатын ұстаушыға қатысушы мақта қолхатын көрсеткенде бермеген мақта көлемінің ғана құны қайтарылады.
Тармақ 16
16. Қор жыл сайын өз кепілдіктері қолданылуының бүкіл кезеңіне мақтаға арналған бағалар кестесін бекітеді, сол бойынша кепілді төлемдер жүргізіледі. Қор бағалар кестесіне өзгерістер енгізе алады, бірақ бұрын берілген кепілдіктерге қордың кепілдік беру сәтінде қолданыста болған бағалар кестесі бойынша есептік баға қолданылады. Бағалар кестесін қор мақта нарығында қалыптасқан бағаларды ескере отырып бекітеді және халықаралық мақта биржаларының ресми жарияланған баға белгілеулері назарға алынуы мүмкін.
Тармақ 17
17. Кепілді төлем мақта қолхатын ұстаушыға берілмеген мақта көлемінің көрсеткіштері мен қор бекіткен бағалар кестесі бойынша бір тонна мақта құнының туындысы ретінде айқындалады.
Тармақ 18
18. Мақта қолхатын ұстаушының қатысушы алдында мақтаны сақтау бойынша берешегі болған жағдайларда кепілді төлемнен мақтаны сақтау бойынша берешектің сомасы шегеріледі.
Тармақ 19
19. Кепілді төлем теңгемен жүзеге асырылады. Кепілді төлем қор мен мақта қолхатын ұстаушының өзара келісімі бойынша мақтамен жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 20
20. Қор мақта қолхатын ұстаушыға кепілдік төлемді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерін орындағаннан кейін соңғысы оған тапсыру жазбасын жазу арқылы оны дереу қордың пайдасына қорға береді.
Тармақ 21
21. Мақта иесі кепілдікке қойылған мақта саудасының нәтижелері туралы құжаттар бойынша сауда нәтижелері бойынша тұтынушының құқықтарын беру арқылы қорға мақтаға меншік құқығын береді және қор қатысушыға кредит беруші құқығына ие болады.