Об утверждении схемы и порядок перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Кызылжарского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемасы мен тәртібін бекіту туралы
"Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың қоса берілген тәртібі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Бескөл ауылының «Бескөл орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, «№2 Бескөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, «Парасат» мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бәйтерек ауылынан балаларды тасымалдау схемасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «16» қыркүйектегі
№ 428 қаулысына қосымша
Асаново ауылының «Асаново орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Малое Белое ауылынан, Михайловка ауылынан, Толмачевка ауылынан, Плоское ауылынан балаларды тасымалдау схемасы
Бескөл ауылының «Бескөл орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, «№2 Бескөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, «Парасат» мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бәйтерек ауылынан балаларды тасымалдау схемасы
Вагулино ауылының «Вагулино орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Красноярка ауылынан, Кустовое ауылынан балаларды тасымалдау схемасы
Вагулино ауылының «Вагулино орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Желяково ауылынан балаларды тасымалдау схемасы
Вагулино ауылының «Вагулино орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2-ші Красный Яр ауылынан балаларды тасымалдау схемасы
Кондратовка ауылының «Кондратовка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Боровское ауылынан балаларды тасымалдау схемасы
Новоникольское ауылының «Новоникольск орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Трудовое ауылынан балаларды тасымалдау схемасы
Рассвет ауылының «Рассвет орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Семипалатное ауылынан балаларды тасымалдау схемасы
Рассвет ауылының «Рассвет орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Водопроводное ауылынан балаларды тасымалдау схемасы
Виноградовка ауылының «Сивково орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сумное ауылынан балаларды тасымалдау схемасы
Знаменское ауылының «Совхозное орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Байсал ауылынан балаларды тасымалдау схемасы
Чапаево ауылының «Чапаево негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Трудовая Нива ауылынан балаларды тасымалдау схемасы
Барневка ауылының «Барневка бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Гончаровка ауылынан балаларды тасымалдау схемасы
Петропавл қаласының «Мұрат Айтхожин атындағы №1 жалпы білім беретін инновациялық орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, «№2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, «№7 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Кривозерка ауылынан балаларды тасымалдау схемасы
Басқа 6
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «16» қыркүйектегі
№ 428 қаулысымен бекітілді
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы Тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11550 тіркелген "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына сәйкес әзірленген және келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
тасымалдаушы – меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде автокөлік құралдарына иелiк етушi, жолаушыларды, багажды, жүктердi немесе поштаны тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететiн заңды немесе жеке тұлға;
балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушi (бұдан әрi - тапсырыс берушi) - балаларды арнайы тасымалдауды ұйымдастыруға жауапты жеке немесе заңды тұлғалар.
Тарау 2. 2. Тасымалдаушыларға және автокөлік құралдарына қойылатын талаптар
2. Тасымалдаушыларға және автокөлік құралдарына қойылатын талаптар
Тармақ 2
2. Балаларды тасымалдау осы Тәртіптің талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Балаларды тасымалдау мынандай жағдайда ұйымдастырылады егер: aвтомобиль жолдарының өткiзу қабiлетi автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе;
автомобиль жолдарының жай-күйi және оларды жайластыру жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес келсе.
Тармақ 4
4. Балаларды тасымалдауға мынандай тасымалдаушылар жiберiледi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарына сәйкес бiлiктiлiгiн және кәсiби жарамдылығын растайтын құжаттары;
Тармақша 2
2) тасымалдың тиiстi түрiн жүзеге асыруға жарамды және техникалық регламенттердiң талаптарына сай келетiн автокөлiк құралдары бар тасымалдаушылар жiберiледi.
Тармақ 5
5. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
Тармақша 1
1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
Тармақша 2
2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
Тармақша 3
3) соңғы жыл ішінде еңбек тәртібін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" № 1196 Қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзбаған.
Тармақ 6
6. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-10)-тармақшасына сәйкес автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бекітілетін Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесімен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.
Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағғы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық нормативтерге және (немесе) техникалық регламенттерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжатының болуы, сондай-ақ мыналармен жабдықталуы тиіс:
Тармақша 1
1) автобустың алдында және артында орнатылуы тиiс «Балаларды тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгiмен;
Тармақша 2
2) сары түстi жылтыр шағын маягымен;
Тармақша 3
3) әрқайсысының сыйымдылығы кемiнде екi литр болатын оңай алынатын өрт сөндiргiштермен (бiреуi - жүргiзушiнiң кабинасында, басқасы – автобустың жолаушылар салонында);
Тармақша 4
4) екi алғашқы көмек дәрi қобдишаларымен (автомобильдi);
Тармақша 5
5) екi жылжуға қарсы тiректермен;
Тармақша 6
6) авариялық тоқтау белгiсiмен;
Тармақ 7
7. Балаларды тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустарда, шағын автобустарда мыналар болуы тиiс:
Тармақша 1
1) ешқандай кедергiсiз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен авариялық люктер. Есiктерде өткiр немесе олардың бетiнен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиiс;
Тармақша 2
2) жабық жай-күйде жүргiзушiнiң кабинасы мен жолаушы салонына жауын-шашынның түсуiн толық болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;
Тармақша 3
3) берiк бекiтiлген тұтқалар және отырғыштар;
Тармақша 4
4) жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;
Тармақша 5
5) тегiс, шығыңқы жерлерi немесе бекiтiлмеген бөлшектерi жоқ баспалдақтары мен салонның еденi.
Салон еденiнiң жамылғысы жыртықсыз материалдан жасалуы тиiс;
Тармақша 6
6) шаңнан, кiрден, бояудан және олар арқылы көрудi төмендететiн өзге де заттардан тазартылған терезелердiң мөлдiр шынылары;
Тармақша 7
7) жылдың суық мезгiлiнде жылытылатын және ыстық мезгiлiнде желдетiлетiн, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер тиелмеген жолаушылар салоны.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарын пайдалануға олардың иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылған жағдайда ғана жол берiледi. Жолаушылар мен багаж тасымалдауды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын автокөлiк құралдарымен жол жүрген кезде жолаушылардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi де мiндеттi сақтандырылуға жатады.
Тарау 3. 3. Балаларды тасымалдау тәртібі
3. Балаларды тасымалдау тәртібі
Тармақ 9
9. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.
Тармақ 10
10. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.
Тармақ 11
11. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
Тармақ 12
12. Егер балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиіс.
Тармақ 13
13. Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.
Тармақ 14
14. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;
Тармақша 2
2) жүру маршрутын өзгертуге;
Тармақша 3
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
Тармақша 4
4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
Тармақша 5
5) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға;
Тармақ 15
15. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын белгiлеуге жол берiледi).
Тармақ 16
16. Балаларды алып жүруi үшiн тапсырыс берушi белгiлеген адамдар балаларды автобуспен тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқама алады.
Тармақ 17
17. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе тасымалдаушыға тиесiлi көлiк құралдарын пайдалануға жауапты адам жүргiзедi.
Нұсқаманың өткiзiлуi туралы белгi және нұсқама алған тұлғаның қолы нұсқаманы есепке алу туралы арнайы журналға қойылады. Iлесiп жүрушiлер нұсқаманы өтпесе, автобустар тапсырыс берушiге ұсынылмайды.
Тармақ 18
18. Нұсқаманы өту кезiнде мынадай тәртiп егжей-тегжейлi жазылады:
Тармақша 1
1) автобустардың отырғызу орындарына берiлуi, балаларды отырғызу және түсiру ережелерi;
Тармақша 2
2) автобуста қол жүгiн орналастыру және багажды тасымалдау;
Тармақша 3
3) автобус салонында болғанда, балалардың жиналу, отырғызу және түсiру орындарында өздерiн ұстауы;
Тармақша 4
4) iлесiп жүрушiлердiң жүргiзушiмен өзара iс-қимылы;
Тармақша 5
5) салондағы жабдықтарды: желдеткiш люктердi, аялдауды талап ету сигналдарын, желдеткiштердi пайдалану;
Тармақша 6
6) автобустың аялдауы кезiнде балаларды бақылау.
Тармақ 19
19. Нұсқаманы өткiзу кезiнде төтенше жағдайлармен байланысты мәселелер қосымша көрiнiс табады (мәжбүрлi аялдау, автобустың сынуы, ЖКО, терроршылардың автобусты басып алуы), соның iшiнде:
Тармақша 1
1) жолаушыларды эвакуациялау тәртiбi;
Тармақша 2
2) автобустан апаттық шығуларды пайдалану және құрылғыларды қолдану, оларды iске келтiру тәртiбi;
Тармақша 3
3) өрт сөндiргiштердi, алғашқы көмек көрсету дәрi қобдишасын пайдалану ережелерi.
Тармақ 20
20. Балаларды жаппай тасымалдау кезiнде тапсырыс берушi iлесiп жүрушiлерге алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелерi бойынша нұсқаманы медициналық қызметкердiң жүргiзуiн қамтамасыз етедi.