Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Аркалыка Костанайской области Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысы Арқалық қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы Арқалық қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Қала әкімдігінің 2015 жылғы 09 «21» № 337 қаулысына қосымша Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар № р/с Өлшемшарттардың атауы Иеліктен айыру түрлері 1 Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесінің болмауы; заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі; ең жоғары ықтимал баға бойынша жекешелендіру объектісін сату және саудаға қатысушылардың кең тобын тарту қажеттілігі; мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды оларды әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесі болмаған кезде сату. Сауданы аукцион нысанында өткізу 2 Заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі; сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі; ең жоғары ықтимал баға бойынша жекешелендіру объектісін сату қажеттілігі; сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі болған жағдайда мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату. Сауданы тендер нысанында өткізу 3 Сенімгерлік басқарудың, сенімгер басқарушымен, жалға алушымен (жалдаушымен) кейін сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының талаптарын орындау үшін мемлекеттің бақылауын белгілі бір уақыт ішінде сақтау қажеттілігі. Тікелей атаулы сату