Об установлении перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру- сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 48-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарын басшылыққа ала отырып Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Осакаров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 47/03 қаулысына қосымша Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматттар санаттарының тізбесі, сондай – ақ жеңілдіктер мөлшері р/с № Азаматтар санаттары Жеңілдіктер мөлшері 1. 7 жасқа дейінгі балалар Тегін 2. Көп балалы отбасындағы оқушы-балалар Тегін 3. Балалар үйіндегі оқушы-балалар Тегін 4. Спорт ардагерлері Тегін 5. Оқушылар Тегін 6. Студенттер Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру -сауықтыру қызметтерінің құнынан мөлшердегі 50% жеңілдік 7. Зейнеткерлер Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру -сауықтыру қызметтерінің құнынан мөлшердегі 50% жеңілдік Ескертпе: бұл тізбе мемлекеттік дене шынықтыру - сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданылады.