О сельскохозяйственных кооперативах Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар
1-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар Осы Заң ауыл шаруашылығы кооперативтері мүшелерінің құқықтық жағдайын, құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құқықтық жағдайын, олардың құрылуы, қызметі, қайта ұйымдастырылуы және таратылуы тәртібін айқындайды.
Бап 2. 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қауымдастығы (одағы) – өз мүшелерінің қызметін үйлестіруді және олардың ортақ мүлiктiк және өзге де мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ерiктi түрде бiрiгуi;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы кооперативінің қауымдасқан мүшесі (бұдан әрі – кооперативтің қауымдасқан мүшесі) – осындай мүше үшін ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында көзделген ақша түрінде мүлік (пай) жарнасын енгізген, ол бойынша дивидендтер алатын, өзі енгізген мүлік (пай) жарнасы құнының шегінде ауыл шаруашылығы кооперативі қызметімен байланысты залалдар тәуекелін көтеретін, ауыл шаруашылығы кооперативінде кеңесші дауыс құқығы бар, сондай-ақ осы Заңда және ауыл шаруашылығы кооперативі жарғысында белгіленген шектеулер ескеріле отырып, басқа да құқықтар мен міндеттер берілген жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтайшылары (бұдан әрі – кооператив құрылтайшылары) – құрылтай жиналысында ауыл шаруашылығы кооперативін құру туралы шешім қабылдайтын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшесi (бұдан әрі – кооператив мүшесі) – осы Заңның және ауыл шаруашылығы кооперативі жарғысының талаптарына сәйкес келетін, мүлік (пай) және кіру жарналарын енгізген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пай сатып алған, сондай-ақ осы Заңда және ауыл шаруашылығы кооперативі жарғысында белгіленген басқа да құқықтары мен міндеттері бар жеке (немесе) заңды тұлға;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы кооперативінің пай қоры (бұдан әрі – пай қоры) – кооператив құрылтайшылары оны құрған кезде, кооператив мүшелері, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелері енгізетін мүлік (пай) жарналарынан тұратын және ауыл шаруашылығы кооперативінің мүлкін қалыптастыру көздерінің бірі болып табылатын қор, оны қалыптастыру және пайдалану тәртібі ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында айқындалады;
Тармақша 6
6) ауыл шаруашылығы кооперативінің резервтік қоры (бұдан әрі – резервтік қор) – ауыл шаруашылығы кооперативі қызметінің процесінде туындайтын, оның ішінде күтпеген мән-жайлардың салдарынан келтірілген залалдарды жабуға және өзге шығыстарды қамтамасыз етуге арналған қор, оны қалыптастыру және пайдалану тәртібі ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында айқындалады;
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылығы кооперациясы – ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) жүйесі;
Тармақша 8
8) кіру жарнасы – мөлшерін кооперативтің құрылтайшылары айқындайтын және республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспайтын, кооператив құрылтайшылары ауыл шаруашылығы кооперативін құрған кездегі не оған кооперативтің мүшелері кірген кездегі ұйымдастыру мәселелерімен байланысты шығыстарды жабуға арналған және кооператив мүшесі одан шыққан кезде қайтаруға жатпайтын ақша түріндегі бастапқы жарна;
Тармақша 9
9) қосымша жарна – өзінің пайын ұлғайту үшін не кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен көзделген жағдайларда ерікті түрде өзі енгізетін кооператив мүшесінің мүліктік жарнасы;
Тармақша 10
10) мүлік (пай) жарнасы – кооператив құрылтайшысының және мүшесінің пай қорына мүлік түріндегі (ақша, бағалы қағаздар және басқа да қаржы құралдары, заттар, шығармашылық зияткерлік қызметтің объектілендірілген нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымдарды дараландырудың өзге де құралдары, мүлік және зат құқықтары және басқа да мүлік), сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшесiнiң пай қорына ақша түріндегі жарнасы;
Тармақша 11
11) пай – кооператив мүшесінің пай қорындағы үлесі.
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы заңнамасы
3-бап. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 4. 4-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылуы мен қызметінің негізгі мақсаттары мен қағидаттары
4-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылуы мен қызметінің негізгі мақсаттары мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылуы мен қызметінің негізгі мақсаттары:
Тармақша 1
1) кооператив мүшелерінің әлеуметтiк-экономикалық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру және олардың мүдделерін қорғау;
Тармақша 2
2) кооператив мүшелерінің кірістерін арттыру;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, қайта өңдеу, өткізу, сақтау, өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау салаларында бәсекелестік ортаны құру;
Тармақша 4
4) инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы өнiмiн, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiрушiден тұтынушыға тiкелей беруді қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) кооператив мүшелерінің қажетті ресурстарды тиімді шарттар бойынша сатып алуына жәрдемдесу және өздерiнiң өндірістік және өзге де шаруашылық қызметiн қаржыландыруға қол жеткiзе алу болып табылады.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылуы мен қызметінің негізгі қағидаттары:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы кооперативіне кірудің және одан шығудың ерiктiлiгi, осы Заңның және ауыл шаруашылығы кооперативі жарғысының талаптарына сәйкес келетін кез келген тұлғалардың кіру мүмкіндігі;
Тармақша 2
2) кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, кооператив мүшелерiнiң тең құқықтылығына негiзделген басқарудың демократиялылығы: мүлік (пай) жарналарының мөлшері мен санына қарамастан бiр мүше – бiр дауыс;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы кооперативін басқару органдарының сайланбалылығы және оның мүшелерінің жалпы жиналысына есеп берiп отыруы;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің дербестігі және қызметінің тәуелсіздігі;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы кооперативінің өз мүшелеріне тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өзіндік құны бойынша сатуы;
Тармақша 6
6) өзара көмек және кооператив мүшелері үшін экономикалық пайданы қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылығы кооперативінің, ауыл шаруашылығы кооперативтері қауымдастығының (одағының) қызметi туралы ақпаратқа олардың барлық мүшелерiнiң қолжетiмдiлiгi болып табылады.
Бап 5. 5-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің құқықтық жағдайы
5-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің құқықтық жағдайы
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативі ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруде, қайта өңдеуде, өткізуде, сақтауда, өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтауда, кредиттеуде, сумен қамтамасыз етуде, ирригациялық және (немесе) дренаждық жүйелерді пайдалануда, жөндеуде және реконструкциялауда немесе кооперативтің мүшелеріне, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелеріне басқа да сервистік қызмет көрсетуде олардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бірлескен өндірістік және (немесе) өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін жеке және (немесе) заңды тұлғаларды ерікті түрде біріктіру жолымен мүшелік негізінде құрылатын өндірістік кооперативтің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы кооперативі, егер құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы кооперативі коммерциялық ұйым болып табылады, оның азаматтық құқықтары болады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға қажетті, оның қызметімен байланысты міндеттерді атқарады.
Тармақ 4
4. Ауыл шаруашылығы кооперативінің фирмалық атауы "Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі" деген сөздерді немесе "АӨК" деген аббревиатураны көрсете отырып, оның атауын қамтуға тиіс. Ауыл шаруашылығы кооперативі фирмалық атаудың қысқарған нысанын және оның шет тілдердегі баламаларын пайдалануға да құқылы.
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі. Кооператив мүшелерінің ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметіне жеке еңбегімен қатысуы міндетті болып табылмайды.
Бап 6. 6-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтері қызметінің негізгі түрлері
6-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтері қызметінің негізгі түрлері
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативтері қызметінің негізгі түрлері ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, қайта өңдеу, өткізу, сақтау, өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау және кооперативтің мүшелеріне, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелеріне сервистік қызмет көрсетудің басқа да түрлері болып табылады. Ауыл шаруашылығы кооперативі қызметтің бір және (немесе) бірнеше түрлерімен айналысуға құқылы, бұл оның жарғысында көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы кооперативтері тиісті рұқсаттың (лицензияның) негізінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқылы.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы кооперативі қызметінің негізгі түрі оның фирмалық атауында көрсетілуі мүмкін.
Бап 7. 7-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру жөніндегі қызметі
7-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру жөніндегі қызметі Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру жөніндегі қызметі ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатынан жасалатын кең тұтынылатын тауарларды өндіруге және қайта өңдеуге бағытталған.
Бап 8. 8-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу жөніндегі қызметі
8-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу жөніндегі қызметі Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу жөніндегі қызметі ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеуге және көтерме және (немесе) бөлшек сауда жүйесі арқылы, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің (мұндайлар болған кезде) сауда жүйесін пайдалану арқылы оларды одан әрі сатуға бағытталған.
Бап 9. 9-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өткізу жөніндегі қызметі
9-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өткізу жөніндегі қызметі Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің кооператив мүшелерінің және (немесе) ауыл шаруашылығы кооперативінің өзі тікелей өндіретін ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өткізу жөніндегі қызметі кооператив мүшелерінің және басқа да тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өткізу жөніндегі қызметіне жас және (немесе) қайта өңделген түрінде шикізатты жинау, дайындау, сақтау, сұрыптау, кептіру, сату да, сондай-ақ маркетингтік қызметтер және кооператив мүшелері және (немесе) ауыл шаруашылығы кооперативінің өзі өндіретін ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін тасымалдау қызметтері жатады.
Бап 10. 10-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау жөніндегі қызметі
10-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау жөніндегі қызметі Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау жөніндегі қызметі кооператив мүшелерін өндіріс процесінде қажетті өндіріс құралдарымен және материалдық-техникалық ресурстармен: жанар-жағармай материалдарымен, тұқымдармен, тыңайтқыштармен, пестицидтермен, ветеринариялық препараттармен, жемшөппен, ауыл шаруашылығы техникасымен және технологиялық жабдықтармен, қосалқы бөлшектермен, құрылыс және ауыл шаруашылығы өндiрiсiне арналған басқа да iлеспе материалдармен қамтамасыз етуге бағытталған.
Бап 11. 11-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің сервистік қызмет көрсету жөніндегі қызметі
11-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің сервистік қызмет көрсету жөніндегі қызметі Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің сервистiк қызмет көрсету жөніндегі қызметі кооператив мүшелеріне ауыл шаруашылығы өнiмiн, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндiруге, қайта өңдеуге және сатуға, сондай-ақ әртүрлі салада (материалдық-техникалық, агрохимиялық, көліктік қызмет көрсету, кредиттеу, сумен қамтамасыз ету, ирригациялық және (немесе) дренаждық жүйелерді пайдалану, жөндеу және реконструкциялау, электрмен жабдықтау, техниканы жөндеу мен оған қызмет көрсету, телефондандыру, мал тұқымын асылдандыру және селекция қызметi, ветеринариялық қызмет көрсету, мал шаруашылығы мен өсiмдiк шаруашылығындағы, ормандар өсiрудегi зерттеулер, бухгалтерлік есеп және аудит, консультациялық қызмет көрсету және басқа салаларда) олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсынуға бағытталған.
Тарау 2. 2-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАЦИЯСЫН ДАМЫТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАЦИЯСЫН ДАМЫТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 12. 12-бап. Мемлекеттік органдар және ауыл шаруашылығы кооперативтері
12-бап. Мемлекеттік органдар және ауыл шаруашылығы кооперативтері
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативтері өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жарғысына, сондай-ақ кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы кооперативінің, ауыл шаруашылығы кооперативтері қауымдастығының (одағының) шаруашылық, қаржылық және өзге де қызметіне араласуға құқығы жоқ.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк органдардың немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының ауыл шаруашылығы кооперативінің, ауыл шаруашылығы кооперативтері қауымдастығының (одағының) құқықтарын бұзатын актiлерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының заңсыз шешімдері, әрекеттерi (әрекетсіздігі) салдарынан ауыл шаруашылығы кооперативіне, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қауымдастығына (одағына) келтiрiлген залалдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртiппен өтеледi.
Бап 13. 13-бап. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті
13-бап. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ынталандыру мақсатында:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылуының және қызметінің тәжірибесін, оның ішінде интернет-ресурстар арқылы тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуде және іске асыруда ақпараттық, консультациялық және әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) мыналар: ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметіне қатысты қолайлы салықтық, қаржы-кредиттік, инвестициялық саясатты құру; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерін мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы кооперациясы үшін кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға және ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге жәрдемдеседі;
Тармақша 4
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 14. 14-бап. Жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың)және жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) құзыреті
14-бап. Жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың)және жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) құзыреті
Тармақ 1
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді органдары (мәслихаттары) агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ынталандыру мақсатында:
Тармақша 1
1) тиісті аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекіту, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту кезінде көрсетілген құжаттарда, ақпараттық және қаржылық қолдауды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің кооперациясын дамыту саласындағы іс-шараларды қаржыландырудың қажетті көлемдерін көздейді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ынталандыру мақсатында:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерін мемлекеттік қолдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді және іс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 1-1
1-1) ауыл шаруашылығы кооперациясы үшін кадрлар даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға және ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге жәрдемдеседі;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және олардың мүшелеріне шығаратын өнімінің ассортименті бойынша сауда орындарын бере отырып, өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің өнімін сату үшін коммуналдық базарларда сауда орындарын жеңілдікті шарттармен ұсынады;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылу және қызметінің тәжірибесін тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін қаржы ұйымдарының инвестициялары мен кредиттерін тарту, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өндірістерді қалыптастыру мен дамыту, оларды жаңғырту үшін жағдайлар жасау және сапа менеджментінің халықаралық жүйелеріне көшіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
Тармақша 6
6) ауыл шаруашылығы кооперациясының ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы үшін жағдайлар жасайды;
Тармақша 7
7) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІН ҚҰРУ
3-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІН ҚҰРУ
Бап 15. 15-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін құру тәртібі
15-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін құру тәртібі
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативі құрылтай жиналысының шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаларды ауыл шаруашылығы кооперативіне қайта құру жолымен құрылады.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы кооперативі кемінде үш құрылтайшының шешімі бойынша құрылады.
Тармақ 3
3. Құрылтай жиналысында құрылтайшылар ауыл шаруашылығы кооперативін құру туралы шешімді қабылдайды, оның жарғысын, кооператив құрылтайшыларының тізімін бекітеді, мемлекеттік тіркеу үшін ауыл шаруашылығы кооперативінің құжаттарына қол қоюға және оларды ұсынуға, кооперативтің құрылтайшылары мүлік (пай) жарнасы ретінде енгiзетiн мүлiктi, оның iшiнде мүлiктiк және заттық құқықты ақшамен бағалауды белгiленген тәртiппен жүргiзуге уәкiлеттiк берiлген адамдарды сайлайды, ауыл шаруашылығы кооперативінің фирмалық атауын және орналасқан жерін, қызмет түрлерін айқындайды, ауыл шаруашылығы кооперативін басқару органдарын сайлайды және ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылуына және қызметінің басталуына қатысты басқа да мәселелерді шешеді.
Тармақ 4
4. Ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай құжаттары ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай шарты және жарғысы болып табылады.
Тармақ 5
5. Заңды тұлға ретінде ауыл шаруашылығы кооперативінің құқық қабілеттілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны мемлекеттік тіркеу сәтінен басталады.
Тармақ 6
6. Ауыл шаруашылығы кооперативін мемлекеттік тіркеуден кейін оның құрылтайшылары құқықтарға ие болады және кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, осы Заңда, құрылтай шартында және ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында оның мүшелері үшін белгіленген міндеттерді атқарады.
Бап 16. 16-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай шарты
16-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай шарты
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай шарты кооператив құрылтайшыларының арасында жасалады.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай шартында мыналар:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы кооперативін құру туралы шешім, оның қызметінің негізгі бағыттары мен түрлері, толық және қысқартылған атауы, оның орналасқан жері (атқарушы басқару органының орналасқан жері), басқару органдары;
Тармақша 2
2) кооператив құрылтайшыларының атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмiрлерi (егер құрылтайшы заңды тұлға болса) немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген болса), тұрақты тұратын жері мен жеке сәйкестендіру нөмiрi (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) көрсетілген кооператив құрылтайшыларының тізбесі;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы кооперативін құру бойынша қызметтің тәртібі; кооперативтің құрылуына байланысты оның құрылтайшыларының міндеттері, сондай-ақ кооператив құрылтайшыларының оны құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; көрсетілген адамдардың, сондай-ақ кооперативті құру мен тіркеу процесінде құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативінің тиісті мемлекеттік органдарда мүдделерін білдіру тапсырылатын басқа да адамдардың өкілеттіктерін айқындау;
Тармақша 4
4) кооперативтің әрбір құрылтайшысының мүлік (пай) жарнасының құрамы, мөлшері мен енгізу мерзімдері туралы мәліметтер, сондай-ақ мүлік (пай) жарналарының уақтылы енгізілмеуінің салдары;
Тармақша 5
5) кіру жарналарының мөлшері мен енгізу мерзімдері туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) ауыл шаруашылығы кооперативінен оның құрылтайшыларының шығу тәртібі;
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысын бекіту тәртібі қамтылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Құрылтай шарты коммерциялық құпия болып табылатын құжаттар құрамына кіреді және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда ұсынылады.
Бап 17. 17-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысы
17-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысы
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысы оның заңды тұлға ретіндегі құқықтық жағдайын айқындайтын құжат болып табылады.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысы құрылтай жиналысында кооператив құрылтайшыларының айқын басым көпшiлiк даусымен (кемінде үштен екі бөлігі) бекітіледі және онда:
Тармақша 1
1) фирмалық атауы мен ұйымдастыру-құқықтық нысаны;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі;
Тармақша 3
3) орналасқан жері (атқарушы басқару органының орналасқан жері);
Тармақша 4
4) құру мақсаттары мен қызметінің түрлері;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы кооперативін басқару органдарын қалыптастыру тәртібі және олардың құзыреті, шешімдер қабылдау тәртібі;
Тармақша 6
6) кооператив мүшелерінің, оның ішінде сырттай, кезекті және кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және өткізу тәртібі;
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылығы кооперативіне мүшелердің кіру тәртібі мен шарттары, оның ішінде кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің кіру тәртібі мен шарттары, ауыл шаруашылығы кооперативінен шығу тәртібі;
Тармақша 8
8) ауыл шаруашылығы кооперативінен шығарудың негіздері мен тәртібі;
Тармақша 9
9) ауыл шаруашылығы кооперативінде мүшелігін тоқтатқан кооператив мүшелеріне пай төлеу (беру) тәртібі;
Тармақша 10
10) ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметінде пайда болатын құжаттардың нысандары мен түрлері, ауыл шаруашылығы кооперативінің құжаттамасын жүргізу тәртібі;
Тармақша 11
11) кооператив мүшелерінің, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 12
12) ауыл шаруашылығы кооперативінің мүлкін қалыптастыру көздері;
Тармақша 13
13) кооператив мүшелерінің мүлік (пай) және кіру жарналарының мөлшері мен оларды енгізу тәртібі, кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің мүлік (пай) жарналарын енгізу тәртібі мен шарттары, сондай-ақ мүлік (пай) жарналарын уақытында енгізбеу салдары;
Тармақша 14
14) кооператив мүшелерінің оның қызметіне қатысу сипаты мен тәртібі;
Тармақша 15
15) кооператив төлемдері мен кірісін бөлу тәртібі;
Тармақша 16
16) ауыл шаруашылығы кооперативінің залалдарын жабу тәртібі мен шарттары;
Тармақша 17
17) ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
Тармақша 18
18) қорлардың (пай, резерв) түрлері, мөлшерлері, оларды қалыптастыру және пайдалану тәртібі;
Тармақша 19
19) ауыл шаруашылығы кооперативі қызметінің түрін өзгерту шарттары;
Тармақша 20
20) ауыл шаруашылығы кооперативін қайта ұйымдастыру және тарату шарттары міндетті түрде қамтылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Кооператив құрылтайшылары жалпы жиналысының шешімі бойынша оның жарғысы өзге де, оның ішінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін ауыл шаруашылығы кооперативінің үлгілік жарғысында қамтылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін мәліметтерді қамтуы мүмкін.
Бап 18. 18-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, ауыл шаруашылығы кооперативінің жаңа редакциядағы жарғысын қабылдау
18-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, ауыл шаруашылығы кооперативінің жаңа редакциядағы жарғысын қабылдау Ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар, ауыл шаруашылығы кооперативінің жаңа редакциядағы жарғысын қабылдау кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында айқын басым көпшілік дауыспен немесе кооперативтің айқын басым көпшілік мүшелерінің жазбаша келісуімен (сырттай дауыс беру) қабылданады. Айқын басым көпшілік кооператив мүшелерінің жалпы санының үштен екісін құрайды.
Бап 19. 19-бап. Филиалдар мен өкілдіктер
19-бап. Филиалдар мен өкілдіктер
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкiлдiктер құра алады.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы кооперативінің орналасқан жерiнен тыс жерде орналасқан және оның функцияларының бәрiн немесе бiр бөлiгiн, оның iшiнде өкiлдiк функцияларын жүзеге асыратын оның оқшауланған бөлiмшесi ауыл шаруашылығы кооперативінің филиалы болып табылады.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы кооперативінің орналасқан жерiнен тыс жерде орналасқан және ауыл шаруашылығы кооперативін қорғауды және оның мүдделерiн білдiрудi жүзеге асыратын, оның атынан мәмiлелер және өзге де құқықтық iс-қимылдар жасайтын оның оқшауланған бөлiмшесi ауыл шаруашылығы кооперативінің өкiлдiгi болып табылады.
Тармақ 4
4. Ауыл шаруашылығы кооперативінің филиалдары мен өкiлдiктері заңды тұлға болып табылмайды. Оларға өздерiн құрған ауыл шаруашылығы кооперативі мүлiк бередi және олар кооператив бекiткен ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы кооперативінің филиалдары мен өкiлдiктерін есептік тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІНІҢ МҮЛКІ
4-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІНІҢ МҮЛКІ
Бап 20. 20-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүлкін қалыптастыру көздері
20-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүлкін қалыптастыру көздері
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүлкі оның мүшелерiнiң мүлік (пай) жарналарының, кіру, қосымша жарналарының, кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің мүлік (пай) жарналарының, өз қызметiнен алынатын табыстар есебiнен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүлкi оған меншiк құқығымен тиесiлi болады.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы кооперативінінің мүлкіне иелік етуді, оны пайдалануды және оған билік етуді оның басқару органдары өздеріне берілген өкілдіктер шегінде жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында көзделген жағдайларда оның мүлкіне билік ету бойынша өкілеттіктер кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Ауыл шаруашылығы кооперативі өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қорлар (пайлық, резервтік) құруға құқылы. Бұл қорлардың түрлерi, мөлшерлерi, оларды қалыптастыру және пайдалану тәртiбi ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысының шешіміне сәйкес көзделеді.
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы кооперативі таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кезектілік тәртіппен жүргізілген төлемдерден, сондай-ақ пайлар төленгеннен (берілгеннен), кооперативтік төлемдер мен кірістер бөлінгеннен кейін қалған оның мүлкі кооператив мүшелерінің арасында енгізілген мүлік (пай) жарналарына пропорционалды түрде бөлінеді.
Бап 21. 21-бап. Кооператив мүшелерінің пайлары мен жарналары
21-бап. Кооператив мүшелерінің пайлары мен жарналары
Тармақ 1
1. Пайдың мөлшері кооператив мүшесі енгізген мүлік (пай) жарнасына пропорционалды болады. Қосымша жарна енгізген кезде пайдың мөлшері тиісінше ұлғаяды.
Тармақ 2
2. Мүлік (пай) жарналарының есебі құндық мәнде жүргізіледі. Мүлік (пай) жарнасы есебiне заттай нысанда мүлiк енгiзiлген жағдайда осындай жарнаны ақшамен бағалауды ауыл шаруашылығы кооперативінің басқармасы кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы бекітетін әдістеме бойынша жүргiзедi. Егер мүліктің құны республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың есе мөлшеріне барабар сомадан асатын болса, оны бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталуға тиіс. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мүлік (пай) жарнасы ретінде заттай нысанда енгiзiлетін мүлiктің бағалауын ауыл шаруашылығы кооперативі қаражатының есебінен жүргізу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Кооператив мүшесі кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы бекіткен әдістеме бойынша енгізілген мүлік (пай) жарнасының бағалануымен келіспеген жағдайда енгізілетін жарналарды бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оның есебінен жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы кооперативіне мүлік (пай) жарнасы ретінде мүлікті пайдалану құқығы берілген жағдайларда осындай жарнаның мөлшері құқық белгілейтін немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген, бүкіл мерзімге есептелген пайдаланғаны үшін төлеммен айқындалады. Жерді пайдалану құқығын мүлік (пай) жарнасы ретінде беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Қосымша жарналар енгізу туралы шешімді кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы қабылдайды.
Бап 22. 22-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативі мен оның мүшелерінің мүліктік жауапкершілігі
22-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативі мен оның мүшелерінің мүліктік жауапкершілігі
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативі өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді. Ауыл шаруашылығы кооперативі өзінің мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Тармақ 2
2. Кооператив мүшелері ауыл шаруашылығы кооперативінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді және ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында өзгеше көзделмесе, өздері енгізген мүлік (пай) жарналарының құны шегінде ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметімен байланысты залалдардың тәуекелін көтереді.
Бап 23. 23-бап. Кооператив мүшелеріне кооперативтік төлемдер
23-бап. Кооператив мүшелеріне кооперативтік төлемдер
Тармақ 1
1. Кооператив мүшелеріне кооперативтік төлемдер – кооператив мүшелеріне ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында белгіленген тәртіппен олардың ауыл шаруашылығы кооперативінің өндірістік және (немесе) өзге де шаруашылық қызметінде қатысуына пропорционалды түрде төленетін ауыл шаруашылығы кооперативі табысының бір бөлігі.
Тармақ 2
2. Кооперативтік төлемдерді бөлу туралы шешім ауыл шаруашылығы кооперативінің тиісті жылдағы қызметінің нәтижелерін бекіту бойынша кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі қабылданғанға дейін қабылданады.
Бап 24. 24-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің таза табысын оның мүшелері арасында бөлу
24-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің таза табысын оның мүшелері арасында бөлу
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативінің бір жыл ішіндегі өз қызметінің нәтижелері бойынша алған таза табысын кооператив мүшелерінің арасында бөлу ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысына сәйкес кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша жүргізіледі. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы таза табысты немесе оның бір бөлігін кооператив мүшелерінің арасында бөлуден алып тастау туралы шешім қабылдауға құқылы.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы кооперативі кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының таза табысты бөлу туралы шешімі қабылданған күннен бастап бір ай ішінде таза табысты төлеуді ақшалай нысанда жүргізуге тиіс.
Тарау 5. 5-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІНДЕГІ МҮШЕЛІК
5-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІНДЕГІ МҮШЕЛІК
Бап 25. 25-бап. Кооператив мүшелерінің, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің құқықтық жағдайы
25-бап. Кооператив мүшелерінің, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің құқықтық жағдайы
Тармақ 1
1. Осы Заңда және ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы кооперативіне қабылданған жеке және (немесе) заңды тұлғалар кооперативтің мүшелерi бола алады. Жеке және заңды тұлғалар қызмет түрлері бойынша әртүрлі бірнеше ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мүшелері бола алады.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы кооперативінде қауымдасқан мүшелікке жол беріледі. Бұл ретте кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің жалпы саны кооператив мүшелерінің жалпы санының бестен бір бөлігінен аспауға тиіс. Ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін және басқа да өнімдерді өндірушілер болып табылатын жеке немесе заңды тұлғалар қауымдасқан мүшелер бола алады, олар ауыл шаруашылығы кооперативінің (сондай-ақ оның мүшелерінің) өндірісті, оның ішінде өз өндірісін ұйымдастыру және дамыту үшін аталған өнімді беруіне кепілдік ету мақсатында шикізат үшін алдын ала төлем ретінде ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында кооперативтің қауымдасқан мүшелері үшін көзделген мүлік (пай) жарнасын енгізеді.
Тармақ 3
3. Кооперативтің қауымдасқан мүшелері ауыл шаруашылығы кооперативінің өндірістік және (немесе) өзге де шаруашылық қызметіне қатысуға міндетті емес.
Тармақ 4
4. Кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің мүлік (пай) жарналарының мөлшері және олар бойынша дивидендтер төлеу шарттары, қауымдасқан мүшені қабылдау және мүшелікті тоқтату тәртібі осы Заңға сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысымен айқындалады және ауыл шаруашылығы кооперативінің кооперативтің қауымдасқан мүшелерімен жасасатын шартының талаптарында көзделеді. Осындай шартта осы Заңға және ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысына қайшы келмейтін басқа да ережелер көзделуі мүмкін.
Бап 26. 26-бап. Кооператив мүшелерінің, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің құқықтары
26-бап. Кооператив мүшелерінің, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің құқықтары
Тармақ 1
1. Кооператив мүшесі:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы кооперативінің істерін басқаруға, сондай-ақ, кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, бір дауысқа ие құқығымен кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының жұмысына қатысуға құқылы. Бұл ретте осы құқығын кооперативтің басқа мүшелеріне беруге болмайды;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы кооперативін басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметін жақсарту, оның органдарының жұмысындағы және кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, лауазымды адамдарының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметі туралы толық ақпарат алуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативінің жылдық қаржы есебімен, бухгалтерлік және басқа да құжаттамасымен танысуға;
Тармақша 4
4) кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында кооперативтік төлемдерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативі алған таза табысты бөлуге қатысуға;
Тармақша 5
5) кооперативтік төлемдерді және кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, кооператив мүшелерінің арасында бөлуге жататын таза табыстың үлесін алуға;
Тармақша 6
6) ауыл шаруашылығы кооперативіндегі өзінің еңбегі үшін төлем алуға;
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында өз мүшелері үшін көзделген, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативінің мүлкін пайдалану, ауыл шаруашылығы кооперативінен материалдық және өзге де көмек алу бөлігінде жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдалануға;
Тармақша 8
8) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша ауыл шаруашылығы кооперативінің тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өзіндік құны бойынша және бірінші кезектегі тәртіппен сатып алуға;
Тармақша 9
9) осы Заңда белгіленген жағдайларда пайды төлеуге (беруге);
Тармақша 10
10) ауыл шаруашылығы кооперативінен осы Заңда және ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында белгіленген тәртіппен шығуға құқылы.
Тармақ 2
2. Кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің мыналарға:
Тармақша 1
1) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында оған кірген және мүлік (пай) жарнасын енгізген кезде айқындалған бағалар бойынша кооператив мүшелерімен қатар ауыл шаруашылығы өніміне, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өніміне қажеттіліктерін бірінші кезекте қанағаттандыруға;
Тармақша 2
2) өзі енгізген мүлік (пай) жарналары бойынша дивидендтер алуға;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы кооперативінен шыққан немесе ол таратылған кезде өзінің мүлік (пай) жарналары құнының төленуіне;
Тармақша 4
4) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы шешімдер қабылдаған кезде кеңесші дауыс беруге;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы кооперативінен осы Заңда және ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында белгіленген тәртіппен шығуға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Кооператив мүшесінің осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай құжаттарында көзделген кооператив мүшесінің құқықтарын, оның ішінде кооператив мүшелерінің келісімі бойынша кез келген нысанда шектеуге жол берілмейді.
Бап 27. 27-бап. Кооператив мүшелерінің міндеттері
27-бап. Кооператив мүшелерінің міндеттері
Тармақ 1
1. Кооператив мүшесі:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай құжаттарында көзделген талаптарды сақтауға;
Тармақша 2
2) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының, басқа да ауыл шаруашылығы кооперативін басқару органдарының өздерінің құзыретіне сәйкес қабылдаған шешімдерін орындауға;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы кооперативінің мүлкіне мүлік (пай) және кіру жарналарын, сондай-ақ қосымша жарналарды ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай құжаттарында көзделген тәсілмен, тәртіппен және мөлшерде енгізуге;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы кооперативі өзінің коммерциялық құпиясы деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
Тармақ 2
2. Кооператив мүшесі осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін.
Бап 28. 28-бап. Кооператив мүшелерін, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелерін ауыл шаруашылығы кооперативіне қабылдау
28-бап. Кооператив мүшелерін, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелерін ауыл шаруашылығы кооперативіне қабылдау
Тармақ 1
1. Кооператив мүшелерін, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелерін ауыл шаруашылығы кооперативіне қабылдау осы Заңның және ауыл шаруашылығы кооперативі жарғысының нормалары сақтала отырып жүргізіледі және ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысына сәйкес кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен ресімделеді. Кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қабылдау ауыл шаруашылығы кооперативінің кооперативтің қауымдасқан мүшелерімен жасасатын шарты негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Кооперативтің мүшелiгiне қабылдау туралы өтiнiште ауыл шаруашылығы кооперативі жарғысының талаптарын сақтау, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында көзделген мүлік (пай) және кіру жарналарын енгізу жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Өтініш берушi мүлік (пай) және кіру жарналарын енгізген күннен бастап кооператив мүшелігiне қабылданған болып есептеледi.
Тармақ 4
4. Кооператив мүшесiне ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелiкті растайтын құжат болып табылатын мүше кiтапшасы берiледi, онда: кооператив мүшесі туралы деректер, сондай-ақ хронологиялық тәртіппен өзі енгізген мүлік (пай) жарнасының мөлшері және оны енгізу мерзімдері; кіру жарнасының мөлшері; қосымша жарналардың мөлшері мен саны, сондай-ақ олардың нысаны (ақшалай, мүліктік) туралы мәліметтер көрсетіледі.
Бап 29. 29-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелікті тоқтату
29-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелікті тоқтату
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелік:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы кооперативінен шыққан;
Тармақша 2
2) пай басқа тұлғалардың иелiгiне берілген;
Тармақша 3
3) кооператив мүшесi немесе кооперативтің қауымдасқан мүшесі болып табылатын жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы кооперативінен шығарылған;
Тармақша 5
5) кооператив мүшесi немесе кооперативтің қауымдасқан мүшесі болып табылатын жеке тұлға қайтыс болған, оны сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған;
Тармақша 6
6) ауыл шаруашылығы кооперативі таратылған жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Кооперативтің әрбiр мүшесiнің осы Заңда және ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында белгiленген тәртiппен ауыл шаруашылығы кооперативіндегі өзiнiң мүшелiгiн өз еркiмен тоқтатуға құқығы бар. Өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде ауыл шаруашылығы кооперативінен шығу туралы өтініш қаралуға тиiс.
Бап 30. 30-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелік тоқтатылған кезде пайды сату, төлеу (беру)
30-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелік тоқтатылған кезде пайды сату, төлеу (беру)
Тармақ 1
1. Кооператив мүшесi өзiнiң пайын басқа тұлғаның иелiгiне беруге және ауыл шаруашылығы кооперативінен шығуға құқылы. Егер ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында өзгеше белгiленбесе, пайды кооперативтің мүшелерi болып табылмайтын тұлғалардың иелiгiне беруге болады. Пайды сату кезiнде кооперативтің басқа мүшелерi артықшылықпен сатып алу құқығын пайдаланады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 29-бабы 1-тармағының 1), 3 — 6) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелiк тоқтатылған кезде кооператив мүшесiне немесе оның құқықтық мирасқорына оның пайы, сондай-ақ кооператив мүшесіне тиесілі кооперативтік төлемдер мен ауыл шаруашылығы кооперативінің таза табысының бір бөлігі төленедi (берiледi). Пай төлеу (беру) туралы шешiмдi ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысына сәйкес кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы қабылдайды.
Тармақ 3
3. Пайды төлеу (беру) ауыл шаруашылығы кооперативінің басқармасы белгiлеген мерзiмде жүзеге асырылады, бiрақ ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелiк тоқтатылған күннен бастап бiр жылдан аспауға тиiс.
Тармақ 4
4. Егер ауыл шаруашылығы кооперативінің кооперативтен шығатын мүшесiне оның пайын төлеуге (беруге) мүмкіндігі болмаса, кооперативтің жалпы жиналысы кооперативтің басқа мүшелерiнiң қосымша жарналар енгiзуi туралы шешiм шығарады, пай солардың есебiнен төленедi (берiледi).
Тармақ 5
5. Кооперативтің қауымдасқан мүшесі болып табылатын жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған кезде оның енгізген мүлік (пай) жарнасын төлеу ауыл шаруашылығы өнімі, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімі есебінен, оның ішінде кооператив мүшелерінің қосымша жарналары есебінен ақшалай және (немесе) заттай нысанда жүзеге асырылуы мүмкін. Кооперативтің қауымдасқан мүшелері ауыл шаруашылығы өнімін, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өнімін үшінші тұлғаларға кепілдікті беруін талап ету құқығын иеліктен шығарған кезде міндеттемелерді орындауды ауыл шаруашылығы кооперативі кооперативтің қауымдасқан мүшесімен жасалған шарттың немесе өзге де құжаттың талаптарына сәйкес осындай тұлғалар жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Кооператив мүшелері ауыл шаруашылығы кооперативінен шыққан кезде оларға жер учаскелері немесе оларға заттық құқық түрінде пай төлеу (беру) ерекшеліктері Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленеді.
Бап 31. 31-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінен шығару
31-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінен шығару
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында ауыл шаруашылығы кооперативінен шығару шарттары, сондай-ақ осындай шығару тәртібі көзделуі мүмкін. Ауыл шаруашылығы кооперативінен шығарылған тұлға кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы оны шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні iшiнде жазбаша түрде хабарлануға тиіс.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы кооперативінен шығарылған тұлға кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Бап 32. 32-бап. Кооператив мүшесiнiң борыштары бойынша өндiрiп алу және кооператив мүшесiнiң құқықтық мирасқорларының мұрагерлік және кооператив мүшесiболып табылатын заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезiндегi құқықтары
32-бап. Кооператив мүшесiнiң борыштары бойынша өндiрiп алу және кооператив мүшесiнiң құқықтық мирасқорларының мұрагерлік және кооператив мүшесiболып табылатын заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезiндегi құқықтары
Тармақ 1
1. Кооператив мүшесiнiң пайы осындай борыштарды жабу үшiн өзге мүлкi жеткiлiксiз болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен оның кредиторларының талаптары бойынша өндiрiп алу нысанасы болуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Кооператив мүшесінің мұрагерлерi, егер ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында өзгеше көзделмесе, өтініш негiзiнде кооператив мүшесінің құқығын иемденуге құқылы.
Тармақ 3
3. Кооператив мүшесі немесе кооперативтің қауымдасқан мүшесі болып табылатын заңды тұлғаны басқа ұйымдық-құқықтық нысандарға қайта құру жолымен оны қайта ұйымдастырған кезде, қайта кәсiби бейіндеуге байланысты мүшелiктi тоқтатуға негiздер болған жағдайларды қоспағанда, кооператив мүшесінің құқығына жаңадан құрылған заңды тұлға ие болады.
Тармақ 4
4. Кооператив мүшесі немесе кооперативтің қауымдасқан мүшесі болып табылатын заңды тұлғаны қосу жолымен қайта ұйымдастырған кезде қосылған заңды тұлғаның мүшелiгi тоқтатылады және оның үлесі өзi қосылған заңды тұлғаға ауысады. Егер өзiне қосылған заңды тұлға кооператив мүшесі болып табылмаса, оны кооператив мүшелігіне қабылдау жалпы тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Кооператив мүшесі немесе кооперативтің қауымдасқан мүшесі болып табылатын заңды тұлғаны бөлу немесе біріктіру жолымен қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның мүшелiгі тоқтатылады. Мұндай мүшелердiң үлестерін алу құқығы бөлу балансына және тапсыру актiсiне сәйкес жаңадан құрылған заңды тұлғаларға ауысады. Мұндай адамдар кооператив мүшесiнің құқықтарын өтiнiш негiзiнде алады.
Тармақ 6
6. Кооператив мүшесiнiң мұрагерлерi кооператив мүшесінің құқықтарына ие болмаған жағдайда оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында және ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында белгіленген тәртіппен өздерінің пайы, сондай-ақ кооперативтің мүшесіне тиесілі кооперативтік төлемдер және ауыл шаруашылығы кооперативінің таза табысының бір бөлігі төленуге (берілуге) тиіс.
Тарау 6. 6-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІН БАСҚАРУ
6-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІН БАСҚАРУ
Бап 33. 33-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін басқару органдарының жүйесі
33-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін басқару органдарының жүйесі
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативін басқару органдары:
Тармақша 1
1) жоғары орган – кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы;
Тармақша 2
2) атқарушы орган – осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, төраға басшылық ететiн басқарма;
Тармақша 3
3) бақылау органы – тексеру комиссиясы болып табылады.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы кооперативін басқару органдарының жүйесі және олардың өкілеттіктері, басқарма мүшелерін сайлау және кері шақыртып алу тәртібі, сондай-ақ кооператив мүшелерiнің жалпы жиналысын шақыру және өткізу тәртібі осы Заңға сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында белгіленеді.
Тармақ 3
3. Кооператив мүшелері сот тәртiбiмен ауыл шаруашылығы кооперативін басқару органдарының шешiмдерi мен әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым жасай алады.
Бап 34. 34-бап. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы
34-бап. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы
Тармақ 1
1. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы ауыл шаруашылығы кооперативін жоғары басқару органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, кооперативтің әрбiр мүшесiнiң ауыл шаруашылығы кооперативі қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдаған кезде өзiнiң мүлік (пай) жарналарының мөлшерiне және санына қарамастан бiр дауысқа ие құқығы болады.
Тармақ 3
3. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының ерекше құзыретi:
Тармақша 1
1) атқарушы органды және оның басшысын сайлау, сондай-ақ оларды қайта сайлау;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысын жаңа редакцияда қабылдау;
Тармақша 3
3) атқарушы органдардың қаржылық есеп беру тәртiбi мен кезеңдiлiгiн айқындау;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы кооперативінің жылдық есептерін және бухгалтерлік баланстарын бекіту, кооперативтік төлемдерді және ауыл шаруашылығы кооперативінің табысын немесе залалын бөлу;
Тармақша 5
5) кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, кооператив мүшелері жауапкершілігінің нысандарын айқындау;
Тармақша 6
6) кооператив мүшелерінің, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің мүлік (пай) жарналарының және қосымша жарналардың мөлшерін белгілеу және өзгерту;
Тармақша 7
7) ауыл шаруашылығы кооперативі қорларының түрлерін, мөлшерін, оларды қалыптастыру және пайдалану тәртібін белгілеу;
Тармақша 8
8) ауыл шаруашылығы кооперативіне мүшелікке қабылдау және мүшелікті тоқтату;
Тармақша 9
9) ауыл шаруашылығы кооперативін қайта ұйымдастыру және тарату;
Тармақша 10
10) ауыл шаруашылығы кооперативінің басқа заңды тұлғаларды, сондай-ақ өзінің филиалдары мен өкілдіктерін құруға және (немесе) олардың қызметіне қатысуы туралы шешімдерді осы Заңда белгіленген шектерде қабылдау;
Тармақша 11
11) осы Заңда және ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында көзделген басқа да мәселелер болып табылады. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметiне қатысты кез келген мәселені өзiнiң қарауына қабылдауға құқылы.
Тармақ 4
4. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы қажеттілігіне қарай, бірақ жылына бір реттен сиретпей шақырылады. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы атқарушы органның ұсынысы бойынша немесе кооператив мүшелерінің кемінде үштен бірінің талабы бойынша шақырылады.
Тармақ 5
5. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы, егер онда кооператив мүшелерінің айқын басым көпшілігі үштен екі бөлігі қатысса, шешім қабылдауға құқылы. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында шешiм ашық дауыс беру арқылы қабылданады және осы Заңның 18-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, кооперативтің қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданды деп есептеледі. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында қатысып отырғандардың кемінде үштен бірінің талабы бойынша жасырын дауыс берiлуi мүмкiн.
Тармақ 6
6. Кооператив мүшесі кооператив мүшелерінің жалпы жиналысына өзi немесе өкiлi арқылы қатысуға құқылы. Осы ауыл шаруашылығы кооперативінің басқа мүшелерін, оның ішінде қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, кооператив мүшесінен нотариат куәландырған сенімхаты бар, іс-әрекетке қабілетті жеке тұлға өкіл ретінде болуға құқылы.
Бап 35. 35-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің басқармасы
35-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің басқармасы
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативінің атқарушы органы оның басқармасы болып табылады, оның мүшелерiн кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы сайлайды.
Тармақ 2
2. Басқарманы кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы басқарма мүшелерінің арасынан сайлайтын басқарманың төрағасы басқарады. Мүшелерінің саны оннан аспайтын ауыл шаруашылығы кооперативтерінде басқарманың функцияларын ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасына (жеке-дара атқарушы орган) жүктеуге жол беріледі. Басқарма мүшелерінің саны, сондай-ақ басқарма (ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы) сайланатын мерзім ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында айқындалады. Басқарма мүшесі (ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы), кооператив мүшелерінің жалпы жиналысын қоспағанда, бір мезгілде ауыл шаруашылығы кооперативі басқармасының басқа органының мүшесі бола алмайды.
Тармақ 3
3. Басқарма мүшелері (ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша кез келген уақытта міндеттерін атқарудан босатылуы мүмкін. Басқарманы (ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасын) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы бақылайды және басқарма оған есеп береді.
Тармақ 4
4. Басқарманың (ауыл шаруашылығы кооперативі төрағасының) құзыретіне ауыл шаруашылығы кооперативі қызметінің осы Заңмен және ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай құжаттарымен кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жатқызылмаған барлық ағымдағы мәселелерін шешу жатады.
Тармақ 5
5. Басқарма өзінің шешімдерін қажеттілігіне қарай, бірақ үш айда бір реттен сиретпей өткізілетін отырыстарда қабылдайды. Басқарманың отырысы, егер онда басқарма мүшелерінің үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі. Басқарма отырысындағы мәселелер ашық дауыс берумен шешіледі. Басқарманың шешімі, егер оған басқарма мүшелерінің отырысында қатысып отырғандардың үштен екісі дауыс берсе, қабылданған болып есептеледі. Ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында бірқатар мәселелер көзделуі мүмкін, олар бойынша шешімдер, басқарманың барлық мүшелері бірауыздан дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 6
6. Басқарма төрағасы (ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы) ауыл шаруашылығы кооперативінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді; осы Заңда және ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында көзделген шектерде ауыл шаруашылығы кооперативінің мүлкіне билік етеді; ауыл шаруашылығы кооперативінің атынан сенімхаттар, оның ішінде сенімді басқа біреуге аудару құқығымен береді; екінші деңгейдегі банктерде және басқа да қаржы ұйымдарында ауыл шаруашылығы кооперативінің шоттарын ашады; ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады; өз құзыреті шегінде кооператив мүшелерінің және оның жұмыскерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.
Бап 36. 36-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру
36-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативі өзінің қаржы-шаруашылық қызметіне тексеруді кооператив мүшелерінің кемінде үштен бір бөлігінің бастамасымен (бастамашы тексеру тобы) дербес немесе кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен бақылау органын – тексеру комиссиясын құру жолымен немесе осы Заңның 37-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одағына кіру арқылы жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Бастамашы тексеру тобының немесе тексеру комиссиясының құрамында тексеру жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудиторлар, қаржы және бухгалтерлік есеп саласындағы мамандар және көрсетілетін қызметтері үшін төлем ауыл шаруашылығы кооперативінің есебінен жүзеге асырылатын басқа да адамдар тартылуы мүмкін. Басқарма мүшелері бастамашы тексеру тобының немесе тексеру комиссиясының мүшелері бола алмайды. Бастамашы тексеру тобы және тексеру комиссиясы кооператив мүшелерінің жалпы жиналысына есеп береді.
Тармақ 3
3. Бастамашы тексеру тобының немесе тексеру комиссиясының мүшелері ауыл шаруашылығы кооперативінің қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізген кезде ауыл шаруашылығы кооперативінің барлық құжаттамасына кедергісіз қол жеткізу құқығына ие болады. Олардың талап етуі бойынша басқарма мүшелері (ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы) ауызша немесе жазбаша нысанда қажетті түсіндірмелер беруге міндетті. Тексерудің нәтижелері кооператив мүшелерінің жалпы жиналысына тиісті шешімдер қабылдау үшін жолданады.
Бап 37. 37-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одағы
37-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одағы
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одағы (бұдан әрі – тексеру одағы) – коммерциялық емес ұйым нысанында құрылған және оған кіретін ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қаржы-шаруашылық қызметінің ішкі аудитін, осы қызметті үйлестіруді, тексеру одағының мүшелеріне ішкі аудитке ілеспе қызметтер көрсетуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, тексеру одағының құрылтай құжаттарында көзделген өзге де қызметті жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ерікті бірлестігі.
Тармақ 2
2. Тексеру одағы оның құрылтайшылары болып табылатын кемінде он ауыл шаруашылығы кооперативінің бастамасы бойынша құрылады.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы кооперативі өзінің таңдауы бойынша тексеру одақтарының біріне кіруге құқылы. Ауыл шаруашылығы кооперативінің бір мезгілде біреуден артық тексеру одағына мүше болуға құқығы жоқ.
Тармақ 4
4. Тексеру одағы өз қызметін осы Заңға, жарғыға және құрылтай шартына сәйкес жүзеге асырады. Тексеру одағы мүшелерінің жалпы жиналысы және тексеру одағы мүшелерінің жалпы жиналысы сайлайтын оның байқаушы кеңесі тексеру одағын басқарудың жоғары органдары болып табылады. Байқаушы кеңесі еңбек шарты негізінде жалдайтын атқарушы директоры тексеру одағының атқарушы органы болып табылады.
Тармақ 5
5. Тексеру одағы тексеру одағы мүшелерінің жалпы жиналысы бекітетін тексеру одағының қағидаларына сәйкес ішкі аудитті жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Тексеру одағының қаржылық қызметі оның құрылтай құжаттарына сәйкес тексеру одағы мүшелерінің жалпы жиналысында бекітілетін кірістер және шығыстар сметасы негізінде жүзеге асырылады. Тексеру одағының ішкі аудитті жүзеге асыруға және ішкі аудитке ілеспе қызметтерді көрсетуге жұмсалған шығыстары мүшелік жарналар есебінен өтеледі, олардың мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген смета немесе өзге де көздер негізінде белгіленеді.
Тармақ 7
7. Тексеру одағы ішкі аудит нәтижелері бойынша жазбаша нысанда ішкі аудит қорытындысын жасайды, ол кооператив мүшелеріне және ауыл шаруашылығы кооперативінің бухгалтерлік есептілігін өзге де пайдаланушыларға арналған және тексеру одағының ауыл шаруашылығы кооперативінің бухгалтерлік есептілігінің дұрыстығы, ауыл шаруашылығы кооперативінің бухгалтерлік есептілікті жүргізу тәртібінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі, ауыл шаруашылығы кооперативін басқарушы органдардың жарғының және Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелерін сақтауы туралы белгіленген нысанда білдірген пікірін, сондай-ақ тексеру одағы мүшелерінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін нашарлатуға немесе олардың дәрменсіздігіне (банкроттығына) әкеп соғуы мүмкін анықталған бұзушылықтар туралы деректерді қамтитын ресми құжат болып табылады.
Тармақ 8
8. Ішкі аудит қорытындысының нысаны, мазмұны, оған қол қою және оны ұсыну тәртібі тексеру одағының қағидаларында айқындалады.
Тармақ 9
9. Тексеру одағы анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар беруге және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 10
10. Тексеру одағының байқаушы кеңесі мүшелері санының кемінде елу пайызын осы тексеру одағының мүшелері болып табылатын ауыл шаруашылығы кооперативтері тексеру комиссияларының мүшелері құрауға тиіс.
Тармақ 11
11. Тексеру одағының атауы "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одағы" деген сөздерді қамтуға тиіс.
Бап 38. 38-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің қаржы-шаруашылық қызметінің аудитi
38-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің қаржы-шаруашылық қызметінің аудитi
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативінің жылдық қаржылық есебiнiң, сондай-ақ оның iстерінің ағымдағы жай-күйiнiң дұрыстығын тексеру және растау үшiн кооператив мүшелерінің кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша шақырылатын оның мүшелерінің жалпы жиналысы ауыл шаруашылығы кооперативінің қаржы-шаруашылық қызметіне тәуелсіз аудит ұйымын тарту арқылы аудит жүргізу туралы шешім қабылдауға құқылы. Аудит қорытындылары бойынша есепті кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы ол аяқталғаннан кейін бір айдың ішінде қарайды және бекітеді.
Тармақ 2
2. Кооператив мүшелері ауыл шаруашылығы кооперативінің қаржы-шаруашылық қызметіне аудитті өз есебінен жүргізуді талап етуге құқылы.
Тармақ 3
3. Егер атқарушы орган ауыл шаруашылығы кооперативінің қаржы-шаруашылық қызметіне аудит жүргiзуден жалтарса және (немесе) өзгеше кедергі келтірсе, аудит мүдделі тұлғалардың өтiнiшi бойынша қабылданған соттың шешімі бойынша тағайындалуы мүмкiн.
Бап 39. 39-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қауымдастықтары (одақтары)
39-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қауымдастықтары (одақтары)
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативтері коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қауымдастықтарына (одақтарына) бiрiгуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қауымдастықтары (одақтары) ерiктi негiзде құрылады, олардың құрылтайшылары жүктеген функцияларды атқарады.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қауымдастықтарын (одақтарын) ауыл шаруашылығы кооперативтері олардың қызметін үйлестіру, олардың ортақ мүліктік және өзге де құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда, халықаралық ұйымдарда олардың мүдделерін білдіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері қауымдастығының (одағының) мүшелеріне құқықтық, ақпараттық, консультациялық және өзге де қызметтерді көрсету мақсатында кемінде екі ауыл шаруашылығы кооперативінің жалпы жиналысының шешімдері негізінде құрады.
Тармақ 4
4. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қауымдастығы (одағы) құрылтай шарты және жарғы негiзiнде әрекет етеді, бұл ретте оның мүшелері өзiнiң дербестігi мен заңды тұлға құқығын сақтайды.
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы кооперативтері қауымдастығының (одағының) негiзгi функциялары мыналар:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнің бiрлестiктерiн дамытуда үйлестіру және оған жәрдемдесу, ауыл шаруашылығы кооперациясының идеялары мен қағидаттарын насихаттау;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің, олардың мүшелерінің құқықтарын, мүліктік және экономикалық мүдделерін қорғау, оларға құқықтық, әдістемелік және басқа да қажетті практикалық көмек көрсету, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметінде пайда болатын құжаттарды әзірлеу;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің мүдделерін білдіру, сыртқы экономикалық байланыстарды, халықаралық өзара қатынастарды дамыту, инвестицияларды тартуға жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы кооперативтерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, салааралық алмасуды және ауыл шаруашылығы өніміне, аквашаруашылық (балық өсіру шаруашылығы) өніміне баға белгілеуді реттеу мәселелерінде жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдармен бірлесіп нарық инфрақұрылымын қалыптастыруға, ауыл шаруашылығы кооперативтері қауымдастығының (одағының) мүшелеріне ақпараттық және білім беру қызметтерін дамытуға қатысу;
Тармақша 6
6) жаңа техниканың, технологияның енгiзiлуiне жәрдемдесу, тәжiрибе, ғылыми-техникалық ақпарат алмасуды ұйымдастыру және патент-лицензия жұмысы мен лизингтi ұйымдастыру.
Тармақ 6
6. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қауымдастықтары (одақтары) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн, құрылтай шартында немесе жарғыда көзделген басқа функцияларды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылығы кооперативтері қауымдастықтарының (одақтарының) қызметiн қаржыландыру осы қауымдастыққа (одаққа) бiрiккен ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жыл сайынғы шарттық аударымдары (мүшелік жарналары) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қауымдастықтарын (одақтарын) қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тарау 7. 7-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
7-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
Бап 40. 40-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін қайта ұйымдастыру
40-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін қайта ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативін қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша немесе соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы кооперативі қайта ұйымдастырылған кезде ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысын жаңа редакцияда қабылдау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы кооперативі қайта ұйымдастырылған кезде оның құқықтары мен мiндеттерi тапсыру актiсiне және (немесе) бөлу балансына сәйкес құқықтық мирасқорларына ауысады. Көрсетілген құжаттарда тараптар дауласып отырған мiндеттемелердi қоса алғанда, қайта ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы кооперативінің барлық кредиторлары мен борышкерлерiне қатысты барлық мiндеттемелерi бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелер қамтылуға тиiс.
Тармақ 4
4. Тапсыру актісі және (немесе) бөлу балансы кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында бекiтiледi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттiк тiркеу үшін ұсынылады.
Бап 41. 41-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін тарату
41-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін тарату
Тармақ 1
1. Ауыл шаруашылығы кооперативі кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешiмi бойынша (ерікті түрде тарау) немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сот шешiмiнiң негiзiнде таратылуы (мәжбүрлеп тарату) мүмкiн.
Тармақ 2
2. Ауыл шаруашылығы кооперативін тарату Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының, сондай-ақ осы Заңның талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 42. 42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы" 1999 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 770-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат);
Тармақша 2
2) "Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 413-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат);
Тармақша 3
3) "Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы" 2003 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 6, 35-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Селолық тұтыну кооперативтері, су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативтері, ауыл шаруашылығы серіктестіктері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайта ұйымдастыру немесе тарату рәсімдерінен өтуге міндетті. Көрсетілген талаптар осы Заң күшіне енген сәттен бастап бір жыл ішінде орындалмаған кезде көрсетілген кооперативтер соттың шешімі бойынша таратылуға жатады.