Облыста аңшылық жерлерге жер бекіту туралы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыста аңшылық жерлерге жер бекіту туралы «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес, ауланатын аңдардың мол мекендеген жерлерінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау, молайту, тиімді пайдалану, аң аулаудың өркениетті түрлерін ұйымдастыру және облыста браконьерлікпен күресуді күшейту мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыс аудандары мен орман шаруашылықтары бойынша аңшылық жерлер ұйымдастыру үшін жалпы көлемі 351300 гектар жер қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы (И.Әбибуллаев), аудан және Қызылорда қаласының әкімдері аңшылық жерлерде биотехникалық жабдықтау шараларын белгілеп іске асырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Қ. Шапшанов) қоршаған ортаны қорғау қоры шығыс сметаларында аңшылық жерлердің биотехникалық жабдықтау шараларына қаржы бөлу қарастырып отырсын.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің 1995 жылғы 8 қыркүйектегі № 377 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің 2000 жылғы 6 қаңтардағы № 129 шешіміне ҚОСЫМША Облыс аудандары мен орман шаруашылықтары бойынша аңшылық жерлер ұйымдастыру үшін жер бекіту Аудандар Орман шаруашылықтары Аңшылық жерлер Көлемі, гектар Жаңақорған Жаңақорған Келінтөбе 19500 Шиелі Шиелі Шиелі 60200 Қызылорда қаласы Қызылорда қаласы Қызылорда Медетбай 4250 42000 Сырдария Сырдария Кеңтүбек Қараарын Байсары 9100 37000 40000 Жалағаш Жалағаш Қараарын Жаңадария 13750 10200 Қармақшы Қармақшы Қуаңдария 42300 Қазалы Қазалы Қуаңдария 73000 БАРЛЫҒЫ 351300