О тарифах на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и в пригородном сообщении города Астаны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О тарифах на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском и в пригородном сообщении города Астаны
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 108-1759
- Қабылданған күні
- 06.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.06.2018 94932_335706.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15ABW00956
- ЭКБ идентификаторы
- 94932
- Редакция идентификаторы
- 94932_335706
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:07
0 Астана қаласының
қалалық және қала маңы
бағдарларында жолаушылар мен
багажды тұрақты автомобиль
көлігімен тасымалдау
тарифтері туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 1 және 2 тармақтарына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабының 2, 3, 4 және 5 тармақтарына және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2015 жылғы 15 мамырдағы № 581 бұйрығына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Астана қаласы бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау бағдарларына мынадай тарифтер белгіленсін:
дағдылы тәртіпте жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау – 90 (тоқсан) теңге;
экспресс тәртіпте жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау – 150 (жүз елу) теңге.
тұрақты әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдарына 90 (тоқсан) теңге.
2 2. Астана қаласының қала маңы бағытында жолаушылар мен багажды тасымалдауға 1 километрге 6,6 теңге тарифі бекітілсін.
3
3.«Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.