О Порядке предоставления права льготного проезда отдельным категориям обучающихся города Астаны на городском пассажирском транспорте Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну Тәртібі туралы «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 1-қосымшаға сәйкес Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну Тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2-қосымшаға сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 410/57-V шешіміне 1-қосымша Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну тәртібі Осы Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру құқығын ұсыну тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 8-бабының 4-тармағына, 47-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Астана қаласы білім алушыларының жекелеген санаттарына оқу кезеңінде (жазғы демалысты қоспағанда) қалалық жолаушылар көлігінің бағдарларында жеңілдікпен жүру түріндегі әлеуметтік көмек (бұдан әрі – әлеуметтік көмек) меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Астана қаласының бюджеті әлеуметтік көмекті қаржыландыру көзі болып табылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі әкімшісі (бұдан әрі – Әкімші) болып табылатын «Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдау» бюджеттік бағдарламасына сәйкес және қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде ұсынылады.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек көрсету үшін Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген санаттарға жататын білім алушылар туралы мәліметтер бар білім беру ұйымының бірінші басшысы бекіткен тізімді:
Тармақша 1
1) жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары Әкімшіге;
Тармақша 2
2) техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламаларын және жоғары білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары «Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі» (бұдан әрі – Басқарма) ұсынады.
Тармақ 5
5. Білім беру ұйымдары жаңадан келген және кеткен білім алушылар туралы жаңартылған мәліметтермен тізімді тиісті мемлекеттік органға ағымдағы жылдың наурыз, қыркүйек және желтоқсан айларының 10-на дейін ұсынады.
Тармақ 6
6. Басқарма:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымдарының Тәртіптің 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тізімдердің сапасы мен ұсынылу мерзімдерін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ағымдағы жылдың тиісті айының 15-іне дейін Әкімшіге жаңартылған мәліметтермен тізімді ұсынады.
Тармақ 7
7. Әкімші:
Тармақша 1
1) білім беру ұйымдарының Тәртіптің 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тізімдердің сапасы мен ұсынылу мерзімдерін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Тәртіптің 12 және 13-тармақтарын іске асыру арқылы әлеуметтік көмек көрсетеді.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
2. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:
Тармақша 1
1) жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек білім беру ұйымына мынадай растайтын құжаттарды:
Тармақша 1
1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін түрдегі жазбаша өтінішін;
Тармақша 2
2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін - қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтама көшірмесін;
Тармақша 3
3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар беретін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушысына жататындығын растайтын анықтаманы;
Тармақша 4
4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы мәліметтерді (жұмыс істейтін ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түскен кірістер, балалар мен басқа да асыраудағы жандарға алимент түрінде алынатын кірістер) ұсынумен жүзеге асырылады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы жыл басынан бастап әлеуметтік көмек көрсетуге қаражат бөлуге өтініш беруге дейін (өтініш берілген айды қосумен) ай санына және отбасы мүшелері санына кірістер сомасын бөлу арқылы белгіленеді. Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеу кезінде отбасы құрамында ата-ана (асырап алушылар) және олардың асырауындағы 18 жасқа толмаған балалар есепке алынады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмектің түрі және мөлшері
3. Әлеуметтік көмектің түрі және мөлшері
Тармақ 10
10. Жеңілдікпен жол жүру мынадай түрде және мөлшерде белгіленеді:
Тармақша 1
1) Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген барлық санаттағы 15 жасқа дейінгі оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін – балалардың ай сайынғы жол жүру билетін көлік картасын толықтыру жолымен сатып алу;
Тармақша 2
2) Тәртіптің 8-тармағының 1) тармақшасында аталған санаттағы жасы 15-тен жоғары білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін - көлік картасын толықтыру: қаңтарда - үш айлық жол жүру билетінің құны (қаңтар - наурыз); сәуірде - екі айлық жол жүру билетінің құны (сәуір - мамыр); қазанда - төрт айлық жол жүру билетінің құны (қыркүйек - желтоқсан);
Тармақша 3
3) Тәртіптің 8-тармағының 2) тармақшасында аталған санаттағы жасы 15-тен жоғары білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін - көлік картасын толықтыру: қаңтарда - үш айлық жол жүру билеті құнының 50% (қаңтар - наурыз); сәуірде - екі айлық жол жүру билеті құнының 50% (сәуір - мамыр); қазанда - төрт айлық жол жүру билеті құнының 50% (қыркүйек - желтоқсан).
Тармақ 11
Тармақ 12
12. Тәртіптің 8-тармағында көрсетілген тұлғаларды қамтамасыз ету түріндегі әлеуметтік көмек көлік картасын толықтыру үшін жол жүру билетін сатып алуға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жолымен жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Әкімші әрбір білім беру ұйымы ұсынған өтінімге сәйкес балалардың ай сайынғы жол жүру билеттерінің көлік картасын толықтыру үшін тізім жолдайды.
Басқа 2
Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 410/57-V шешіміне 2-қосымша Күші жойылды деп танылған Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің тізімі
Тармақ 1
1. «Оқушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікті түрде жол жүруі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 253/32-III шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 13 маусымда 442 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 15 шілдедегі «Астана хабары» газетінің № 112-114 нөмірлерінде және 2006 жылғы 13 шілдедегі «Вечерняя Астана» газетінің № 105 нөмірінде жарияланған);
Тармақ 2
2. «Оқушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікті түрде жол жүруі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 253/32-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 39/6-ІV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 17 қаңтардағы 480 нөмірмен тіркелген, 2008 жылғы 26 қаңтардағы «Астана хабары» газетінің № 9 нөмірінде, 2008 жылғы 24 қаңтардағы «Вечерняя Астана» газетінің № 7 нөмірінде жарияланған);
Тармақ 3
3. «Оқушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікті түрде жол жүруі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 253/32-III шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 17 маусымдағы № 374/49-ІV шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 шілдедегі 640 нөмірмен тіркелген, 2010 жылғы 20 шілдедегі «Астана хабары» газетінің № 77 нөмірінде, 2010 жылғы 20 шілдедегі «Вечерняя Астана» газетінің №82 нөмірінде жарияланған).