Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» аппарата Макаткого районного маслихата Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мақат аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы №327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10130 болып тіркелді, 2015 жылғы 20 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) сәйкес Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мақат аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау аудандық мәслихаттың бюджеттік жоспарлау, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану, табиғатты қорғау және заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы Д. Алтаева) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Мақат аудандық мәслихатының 2015 жылғы «17» қыркүйектегі №327-V шешімімен бекітілген Мақат аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мақат аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі-Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы №327 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және Мақат аудандық мәслихатының аппаратына қарасты «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Қызметшілерді бағалау мыналардан қосылады:
Тармақша 1
1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
Тармақша 2
2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы). Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
Тармақ 5
5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
Тармақ 6
6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады. Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
Тармақ 7
7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
Тармақ 8
8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Мақат аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
Тармақ 9
9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
Тармақ 10
10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссия төрағасы болып Мақат аудандық мәслихат аппаратының басшысы табылады. Комиссия хатшысы Мақат аудандық мәслихаты аппаратының кадр қызметінің қызметкері болып табылады (бұдан әрі - Комиссия Хатшысы). Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды. Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.
Тарау 2. 2. Бағалау жүргізуге дайындық
2. Бағалау жүргізуге дайындық
Тармақ 11
11. Комиссия Хатшысы Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді. Комиссия Хатшысы бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4 тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей толтыру үшін бағалау парағын жібереді.
Тарау 3. 3. Тікелей басшының бағалауы
3. Тікелей басшының бағалауы
Тармақ 12
12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын Комиссия Хатшысынан алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын Комиссия Хатшысына қайтарады. Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі. Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Комиссия Хатшысы және қызметшінің тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
Тарау 4. 4. Айналмалы бағалау
4. Айналмалы бағалау
Тармақ 13
13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді. Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай Комиссия Хатшысы бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
Тармақ 14
14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістемесінің 2-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.
Тармақ 15
15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде Комиссия Хатшысына жіберіледі.
Тармақ 16
16. Комиссия Хатшысы осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
Тармақ 17
17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.
Тарау 5. 5. Қызметшінің қорытынды бағасы
5. Қызметшінің қорытынды бағасы
Тармақ 18
18. Комиссия Хатшысы қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді: a = b + c a – қызметшінің қорытынды бағасы, b – тікелей басшының бағасы, c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
Тармақ 19
19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады: 21 балдан төмен – «қанағаттанарлықсыз», 21-ден 33 балға дейін – «қанағаттанарлық», 33 балдан жоғары – «тиімді».
Тарау 6. 6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
Тармақ 20
20. Комиссия Хатшысы осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді. Комиссия Хатшысы Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
Тармақша 1
1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
Тармақша 2
2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
Тармақша 3
3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
Тармақша 4
4) Осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
Тармақ 21
21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
Тармақша 1
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
Тармақша 2
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
Тармақша 1
1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
Тармақша 2
2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе. Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
Тармақ 22
22. Комиссия Хатшысы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады. Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі. Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Комиссия Хатшысы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
Тармақ 23
23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы кадр қызметінде сақталады.
Тарау 7. 7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
Тармақ 24
24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл жөніндегі уәкілетті органына немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
Тармақ 26
26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне береді.
Басқа 48
Мақат аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне 1-қосымша Тікелей басшысының бағалау парағы Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________ Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________________ № р/н Өлшем Көрсеткіштің мәні (саны) Баға (балл) 1. Бастамашылығы 2-ден 5-ке дейін 2. Лауазымды міндеттерін орындау сапасы 2-ден 8-ге дейін 3. Әрекеттестікке икемділігі 2-ден 5-ке дейін 4. Қызметтік этиканы сақтауы 2-ден 5-ке дейін БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы) Таныстым: Тікелей басшы Қызметші Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)______ Т.А.Ә.(бар болған жағдайда)____ күні_____________________________ күні___________________________ қолы_____________________________ қолы___________________________
Басқа 49
Мақат аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне 2-қосымша Айналмалы бағалау парағы Бағаланатын қызметшінің Т. А. Ә. (бар болған жағдайда):________________________ Бағаланатын қызметшінің лауазымы:______________________________________________ № р/н Өлшем Көрсеткіштің мәні (саны) Баға (балл) Бағынышты адам 1. Жұмысты жоспарлай алу қабілеті 2-ден 5-ке дейін 2. Жұмысқа ынталандыру қабілеті 2-ден 5-ке дейін 3. Қызметтік этиканы сақтауы 2-ден 5-ке дейін Барлығы (барлық бағалардың бағасы) Әріптесі 1 Топта жұмыс істей алу қабылеті 2-ден 5-ке дейін 2 Қызметтік этиканы сақтауы 2-ден 5-ке дейін 3 Лауазымды міндеттерін орындау сапасы Барлығы (барлық бағалардың бағасы) 2-ден 5-ке дейін
Басқа 50
Мақат аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіне 3-қосымша Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы _____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы) № р/р Қызметшінің (Т.А.Ә (бар болған жағдайда) Тікелей басшының бағасы Айналмалы баға Қорытынды баға 1 ... Комиссия қорытындысы: __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ Тексерген: Комиссия хатшысы:_____________________________ Күні: _________________ (Т.А. Ә.(бар болған жағдайда),қолы) Комиссия төрағасы:____________________________ Күні: _________________ (Т.А. Ә.(бар болған жағдайда),қолы) Комиссия мүшесі:______________________________ Күні: _________________ (Т.А. Ә.(бар болған жағдайда),қолы)