О введении защитных мер при импорте бумажных обоев Күшін жойған
Басқа 0
Қағаздан жасалған тұсқағаздардың импорты кезінде қорғау шараларын енгізу туралы
"Тауарлар импорты жағдайында iшкi рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес және жүргiзiлген анықтаудың нәтижелерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн тауарларға қатысты екi жыл мерзiмге қорғау шаралары енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлар импорты кезiнде қорғау баждарын өндiрiп алсын;
Тармақша 2
2) "Анықтауды бастау және жекелеген тауарлардың импорты кезiнде уақытша қорғаныштық шараларды қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 22 тамыздағы N 1291 қаулысына сәйкес ТМД СЭҚ ТН 481420000, 481430000 және 481490100 кодтарына сәйкес қағаздан жасалған тұсқағаздардың импорты кезiнде уақытша қорғау баждарын өндiрiп алу нәтижесiнде алынған ақшаны депозиттен республикалық бюджетке енгiзсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжiкстан Республикаларының Интеграциялық комитетiн және
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiн Қазақстан
Республикасының осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарларға қатысты қорғау
шараларын енгізетіні туралы хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. Оларға қатысты қорғау баждары енгiзiлетiн,
Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн
тауарлардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2001 жылғы 14 шілдедегі
N 958 қаулысына
қосымша
Оларға қатысты қорғау баждары енгiзiлетiн,
Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн
тауарлардың тiзбесi
---------------------------------------------------------------------------
Тауар атауы ! ТМД СЭҚ ТН ! Қорғау бажының
! бойынша тауар ! ставкасы
! коды ! (кедендік құнынан %)
---------------------------------------------------------------------------
Жиектелген тұсқағаз қағазы 481410000 25
Тұсқағаз қағазы және беткi 481420000 25
жағы бүртiктi, жиектелген,
боялған, көмкерiлген немесе
өзге де тәсiлмен полимерлiк
материал қатпарымен әрленген
қағаздан тұратын осындай
қабырғалық төсенiштер
Тұсқағаз қағазы және беткi 481430000 25
жағы қатар иiрмелермен
немесе матамен байланған
немесе байланбаған тоқыма
материалмен жабылған
қағаздан тұратын осындай
қабырғалық төсенiштер
Тұсқағаз қағазы және 481490100 25
бүртiктi, жиектелген,
боялған, көмкерілген
немесе өзге де тәсiлмен
әрленген, жұқа қорғаныш
полимерлік материалмен
жабылған қағаздан тұратын
осындай қабырғалық
төсенiштер
Басқа тұсқағаз қағаздары 481490900 25
---------------------------------------------------------------------------