Об утверждении Регламента акимата Акмолинской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы әкімиятының Регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар туралы» Заңының 26-бабы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24 сәуір 2001 жылғы № 546 «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімияттарының үлгі регламенттерін бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсаттарында: Ақмола облысы әкімиятының қосымшадағы Регламенті бекітілсін.
Басқа 1
Ақмола облысы әкімиятының 02.06. 2001 ж. № а-1/1 қаулысымен бекітілген Ақмола облысы әкімиятының РЕГЛАМЕНТІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыстық әкімият (бұдан әрі - әкімият) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын тиісті облысты дамыту мүдделерімен және қажеттелігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Әкім әкімият құрамын облыс әкімі орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады. Әкім әкімият мүшелерінің санын айқындайды. Әкім әкімияттың дербес құрамын айқындайды және облыстық мәслихат сессиясының шешімімен келіседі.
Тармақ 3
3. Әкімият қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
Тармақ 4
4. Әкімияттың қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді әкімнің аппараты (бұдан әрі - аппарат) жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Әкімият іс қағаздарын жүргізу және әкімиятқа түсетін хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледі және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес әзірленетін әрі облыс әкімі (бұдан әрі -әкім) бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Әкімнің орынбасарлары мен аппарат басшысы әкімияттың және әкімнің қарауына енгізілетін актілер жобалары өтуінің осы Регламентпен белгіленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Әкімнің құзырына жататын кадрлар мәселелерін шешу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіптерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Жұмысты жоспарлау
2. Жұмысты жоспарлау
Тармақ 8
8. Аппарат әкімият мүшелерінің және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар (бұдан әрі - атқарушы органдар) басшыларының ұсыныстары бойынша әкімият мәжілістерінде қаралатын мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін жасайды. Әкімияттың мәжілістерінде қарауға жоспарланатын мәселелердің тізбесін әкім бекітеді. Бекітілген тізбе әкімият мүшелеріне, сондай-ақ қажет болған жағдайда, атқарушы органдардың басшыларына және басқа да лауазымды адамдарға таратылады. Әкім аппарат басшысы ұсынатын анықтама негізінде тізбеден жоспарланған мәселені алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
Тарау 3. 3. Әкімият мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібі
3. Әкімият мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібі
Тармақ 9
9. Әкімият мәжілістері айына кемінде бір рет өткізіледі және оны әкім шақырады.
Тармақ 10
10. Әкімият мәжілістерінде әкім. ал ол болмаған кезде - әкімнің міндетін атқарушы орынбасары төрағалық етеді.
Тармақ 11
11. Әкімият мәжілістері, әдетте ашық болады және мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде жүргізіледі. Қажет болған ретте, жекелеген мәселелер жабық мәжілістерде қаралуы мүмкін.
Тармақ 12
12. Әкімият мәжілісі, егер оған әкімият мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі. Әкімияттың мәжілісінде мәселені қараудың нәтижелері бойынша қаулы қабылданады. Қаулы әкімияттың қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Тармақ 13
13. Әкімияттың мәжілістерінде Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттары, аудандар мен қалалардың әкімдері, сондай-ақ әкім бекіткен тізбе бойынша кеңесші дауыс құқығымен орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің басшылары және өзге де лауазымды адамдар қатыса алады.
Тармақ 14
14. Аппараттың және атқарушы органдардың әкімият мәжілістерінде қарауға мәселелер дайындау мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады: әкімият мәжілісінде енгізілетін анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына құжатты енгізетін органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам (бұдан әрі - бірінші басшы) алдын ала бұрыштама қояды, оның қолы осы органның ресми көзқарасына растау болып табылады; жоба мен анықтама, әдетте, аралығы екі жол арқылы басылған 5 бет мәтіннен аспауы тиіс; әрбір мәселе бойынша жобаның және анықтаманың тақырыптары бірдей болуы тиіс; әкімияттың мәжілісіне енгізілетін материалдарға, қажет болған ретте, қосымша ақпараттық мәліметтер қоса беріледі; мәселе енгізетін орган немесе аппарат талқыланатын мәселелер бойынша мәжіліске шақырылғандардың тізімін айқындайды және нақтылайды. Аппарат шақырылғандардың келуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 15
15. Аппарат мәжіліс күн тәртібінің жобасын дайындайды және әкіммен не оны алмастыратын адаммен келісілгеннен кейін, оны және тиісті материалдарды аппарат басшысы бекіткен жіберілім көрсеткішіне сай, мәжіліске дейінгі үш күнде әкімият мүшелеріне және шақырылғандарға, ал қажет болған ретте, басқа да лауазымды адамдарға таратады. Тиісті органдар материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда аппарат басшысы бұл туралы әкімге немесе оны алмастыратын адамға баяндайды. Материалдардың уақытылы ұсынылмауына жауапкершілік тиісті органдардың бірінші басшыларына жүктеледі. Әкімнің тапсырмасы бойынша шұғыл түрде әкімият мәжілісін өткізген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар аппаратқа ол өткізілетін күні енгізілуі мүмкін.
Тармақ 16
16. Әкімият мәжілісінде хаттама жүргізіліп, онда қатысқан лауазымды адамдар, талқыланатын мәселелердің аты және мән-жайы, талқылау кезінде баяндамашылар мен сөз сөйлеушілер, олардың сөйлеген сөздерінің негізгі мазмұны, ескертулер және әкімият мүшелері қабылдаған қаулы көрсетіледі. Әдетте мәжілістің стенографиясы жүргізіледі, мәжілістерде қаралатын мәселелер ақпараттың электронды көздеріне жазылады. Аппараттың тиісті бөлімі әкімият мәжілісі аяқталған күннен бастап үш күн мерзімде хаттаманы рәсімдейді, оған аппарат басшысы бұрыштама қояды және мәжілісте төрағалық етуші қол қояды. Әкімият мәжілісінің хаттамаларына күнтізбелік жылға арналған реттік нөмірлер беріледі. Хаттамалар немесе олардың үзінділері оларға қол қойылған күні әкімият мүшелеріне, ал қажет болған ретте, мәжілістерде тиісті тапсырмалар берілген басқа органдарға және лауазымды адамдарға таратылады. Жіберілім тізбесін аппарат басшысы бекітеді. Әкімият мәжілістерінің хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттары аппаратта сақталады. Әкімият мәжілістерінің хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзімдері өткеннен кейін мұрағатқа өткізіледі.
Тарау 4. 4. Әкімият және әкім актілерінің жобаларын дайындау мен рәсімдеу тәртібі
4. Әкімият және әкім актілерінің жобаларын дайындау мен рәсімдеу тәртібі
Тармақ 17
17. Атқарушы органдар әкімият тиісті шешім қабылдауы үшін оның атына мынандай жағдайларда ұсыныстар енгізеді.
Тармақша 1
1) мәселені шешу әкімияттың құзырына кіргенде;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдар арасында келіспеушілік туындаған кезде;
Тармақша 3
3) мәселені шешу үшін жергілікті атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімдерінің жұмыстарын үйлестіру қажет болғанда.
Тармақ 18
18. Аппарат және жергілікті атқарушы органдар әкімият қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі - жобалар) дайындауды «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, әкімнің аппаратында іс жүргізу туралы Нұсқаулыққа және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады. Мүдделі органдармен келісілген, бірінші басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған жобалар мемлекеттік тілде және орыс тілінде ұсынылады.
Тармақ 19
19. Жобалардың уақытылы, сапалы әзірленуіне және әкімиятқа белгіленген мерзімдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндерінің сәйкестігіне оны әзірлеуші жүзеге асырушы органның бірінші басшысы дербес жауапты болады.
Тармақ 20
20. Жобалар міндетті түрде мыналармен келісіледі:
Тармақша 1
1) құзыретіне орай мүдделі атқарушы органдармен, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік қаралатын мәселелердің мән-жайы ескеріл отырып, белгіленеді;
Тармақша 2
2) қаржы саласындағы тиісті атқарушы органмен - жобаның қаржылық орындылығы және қаржыландырумен қамтамасыз етілуі мәселелері бойынша;
Тармақша 3
3) облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасымен - облыстық әлеуметтік-экономикалық даму жоспары мен бағдарламасы мәселелері бойынша. «Ескертулер» бар келісім болған жағдайда жобаға өз ойын білдірген , бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы қолын қойған түсініктеме қосылады. Жобаны дайындауға қатысушы органдардың көзқарастары әртүрлі болса, сол саланы қадағалаушы әкімнің орынбасары, аппарат басшысы немесе оның орынбасары отырыс жинап, оның нәтижелері хатталады. Әртүрлі көзқарастар жойылғаннан кейін тиісті орган белгіленген тәртіп бойынша жобаны әзірлеп, қол қоюға тапсырады, Талқыланып жатқан мәселе бойынша, бір шешімге келе алмаған жағдайда әкімнің орынбасары немесе аппарат басшысы соңғы шешім қабылдау үшін әкімге немесе оның міндетін атқарушыға баяндайды.
Тармақ 21
21. Жобаны әзірлеуші жобаның көшірмелерін бір мезгілде барлық мүдделі атқарушы органдарға жібереді. Бұл ретте атқарушы органдарда келісу мерзімі бір мезгілде есептеледі және жобалардың түскен әрі тіркелген кезінен бастап 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Әкім, әкімнің орынбасарлары және аппарат басшысы келісудің өзге мерзімдерін белгілей алады. Әкімнің, әкім орынбасарларының тапсырмалары бойынша шешімдерді неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдардың басшылары немесе лауазымды адамдар (лауазымы бойынша басшысының орынбасарларынан төмен емес) жобаға бұрыштаманы кеңесте (мәжілісте) қоюы мүмкін. Бұл ретте көрсетілген лауазымды адамдар жобаның жасалуы немесе өздерінің бұрыштама қойғандығы туралы тиісті атқарушы органның бірінші басшысына баяндайды. Жобаның көшірмссін келісуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделі органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеу белгілермен келісуден бас тартуға тиісті емес.
Тармақ 22
22. Келісуші орган жобаны қараудың нәтижелері бойынша бірінші басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бірін әзірлеушіге ұсынуы тиіс:
Тармақша 1
1) жоба ескертулерсіз келісілді (жобада бұрыштама болады);
Тармақша 2
2) жоба ескертулермен келісілді (жобада ескертулерімен бұрыштама болады және ол қоса берілуі тиіс);
Тармақша 3
3) жобаға келісуден бас тартылды (дәлелді бас тарту қоса беріледі).
Тармақ 23
23. Келісу мерзімдері аяқталғаннан кейін жобаны әзірлеуші мүдделі органдардың барлық ұсынысын жобаның түпкілікті нұсқасына жинақтайды (ескертулерді жояды). Бұл ретте, түпкілікті нұсқаны дайындау процесінде әзірлеуші өзі келіскен атқарушы органдардың ескертулерін міндетті түрде жояды. Жобаны әзірлеуші жобаны аппаратқа енгізу кезінде мүддесі осы жобада қозғалып отырған орган бұрыштамасының болмау себептерін (мұндай факт болған жағдайда) түсіндірме жазбада көрсетеді, бұл ретте, енгізілген материалдарға тиісті органға келісу үшін енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі. Мұндай растау болмаған жағдайда, жоба мүдделі органға келісуге жіберілмеген болып есептеледі.
Тармақ 24
24. Әзірлеуші осы жобаны қабылдау қажеттілігін, ол қабылданған жағдайда, әлеуметтік-экономикалық салдарын, оны іске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негізделген түсіндірме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкімияттың және әкімнің қандай актілері қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтерді міндетті түрде жобаға қоса береді. Егер актілердің жобалары нормативтік сипатта болса және (немесе) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қозғаса, әзірлеуші түсіндірме жазбада нақты мақсаттарды, күтіліп отырған нәтижелердің мерзімдерін және енгізіліп отырған ұсыныстардың болжанып отырған тиімділігін көрсетуге міндетті. Бұл актілерді әкімият немесе әкім қабылдаған жағдайда, оларды іске асыру қорытындылары бойынша, әзірлеуші актілерде белгіленген мерзімдерге сәйкес олардың қолданылуының нәтижелері туралы қысқаша есеп тапсыруы тиіс. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы екі парақтан аса көлемдегі жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағына қол қоюы тиіс.
Тармақ 25
25. Жобаны әзірлеуші жобада бір мезгілде әкімияттың қаулыларын және (немесе) әкімнің шешімдері мен өкімдерін қабылданатын актілерге сәйкес келтіру жөнінде норма көздейді және (немесе) нақты мерзімдер белгілей отырып, оларды сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейді. Сонымен қатар жобаға тарату тізімі қосылады.
Тармақ 26
26. Әзірленген (пысықталған) жоба (оған тиісті материалдармен бірге) жоба бойынша сараптама жүргізу және қорытынды дайындау үшін (бұдан әрі - сараптама) аппаратқа енгізіледі. Аппаратта тіркелер алдында жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместігі туралы ескертулер болған ретте, аппарат жобаны тіркеуге дейін әзірлеушіге қайтаруға құқылы. Жоба аппаратта тіркелгеннен кейін оның мәтіндерінің мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі түпнұсқалары сәйкестігі тексеріледі және сараптамадан өтеді. Жобаға сараптама жүргізу мерзімі жобаның әкім аппаратында тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Аппарат оның мәтіндерінің түпнұсқалылығын тексеру, сараптама жүргізу барысында немесе оның нәтижелері бойынша жобаны мынадай негіздер бойынша әзірлеушіге пысықтауға қайтаруға құқылы:
Тармақша 1
1) жоба мәтіндерінің мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндерінің сәйкес еместігі;
Тармақша 2
2) оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кел- мейтіндігі;
Тармақша 3
3) осы Регламенттің талаптары бұзыла отырып ұсынылуы. Басқа желеулер бойынша теріс сараптамалық қорытынды жобаны қайтару үшін негіз бола алмайды.
Тармақ 27
27. Жобаларды келісу әкімнің орынбасарларында міндеттердің бөлінуіне сәйкес жүзеге асырылады. Әкімнің орынбасарларында мазмұндық сипатта екертулер туындаған жағдайда, олар қажет болған ретте нәтижелері хаттамамен рәсімделетін кеңес шақырады. Жоба аппаратта сараптамадан өткеннен кейін аппарат басшысы ол бойынша шешім қабылдау үшін әкімге не оны алмастыратын адамға баяндайды.
Тармақ 28
28. Әкімияттың қаулыларына, әкімнің шешімдері мен өкімдеріне әкім қол қояды, Актілерге қол қойғаннан кейін олардың түпнұсқаларына түзетулер енгізілмейді. Қол қойылғаннан кейін қаулы, шешім, өкімдерге аппаратың жалпы бөлімінде реттік нөмір қойылады, нөмірлеу күнтізбелік жылға жүргізіледі.
Тармақ 29
29. Әкімият мәжілістері аралығында әкіммен келісіле отырылып, белгіленген тәртіп бойынша әкімият мүшелеріне сұрау салу арқылы қаулы қабылдануы мүмкін.
Тармақ 30
30. Аппарат әкімият қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін аппарат басшысы бекіткен жіберілімге таратады. Әділет органдарында тіркелуге тиісті әкімият пен әкімнің актілері, тіркелгеннен кейін таратылады. Әкімият қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің түпнұсқалары аппаратта сақталады. Құжаттардың уақытылы шығарылуы және жөнелтілетін алушыларға таратылуы үшін жауапкершілік аппаратқа және оның құрамдас бөлімдеріне жүктеледі.
Тармақ 31
31. Техникалық қателері болған ретте әкімият қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ғана ауыстырылуы мүмкін. Бұл жағдайда , бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылып алынуы тиіс.
Тармақ 32
32. Әкімияттың және әкімнің жалпы міндетті мәні, ведомствоаралық сипаты бар немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты барлық актісі әділет органдарында тіркеуге және ресми жариялау үшін мәслихат пен әкім айқындаған газеттерде және өзге мерзімді басылымдарда міндетті түрде жариялауға жатады.
Тармақ 33
33. Аппарат актілерді жариялауға жіберуді жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың және әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртібі
5. Заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың және әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 34
34. Заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі, Премьер-Министрі, әкімият және әкім актілерін орындауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қол қоюға дайындау, келісу, ұсыну және Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындауды бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Заң актілері, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың, әкімнің актілері мен тапсырмалары және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреттері шегіндегі өзге де тапсырмалары бақылауға алынады.
Тармақ 36
36. Заң актілері, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың және әкімнің актілері мен тапсырмаларының уақытылы әрі сапалы орындалуына жауапкершілік осылар орындауға жіберілген атқарушы органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
Тармақ 37
37. Әкімнің және оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындаудың мерзімдері белгіленеді. Мерзімдер белгіленбеген жағдайда, құжаттың түскен күнінен есептелетін орындаудың бір айлық мерзімі, ал «шұғыл» деген белгі болған жағдайда - он күндік мерзім белгіленеді.
Тармақ 38
38. Егер тапсырманың белгіленген мерзімінде орындалуы мүмкін болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) кідірудің себептері туралы хабарлауға және оны орындау мерзімін ұзарту туралы белгіленген тәртіппен өтініш беруі тиіс. Тапсырманы орындау мерзімін ұзартуға екі реттен артық жол берілмейді.
Тармақ 39
39. Заң актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың және әкімнің актілері мен тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылау жөніндегі қызметті қамтамасыз етуді аппарат әкім айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 40
40. Аппарат заң актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың және әкімнің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкімді жүйелі хабардар ете отырып, әкімнің олардың орындалуын бақылау жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді. Әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы заң актілерін, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың және әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындаудың белгіленген тәртібінің өрескел бұзылу фактілері бойынша кінәлі лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.