Об утверждении Регламента акимата Павлодарской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы әкiмиятының Регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2001 жылғы 24 сәуiрдегi "Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстың маңызы бар қала) әкiмияттарының үлгi регламенттерiн бекiту туралы" № 546 қаулысына сәйкес ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Павлодар облысы әкiмиятының Регламентi (бұдан әрi - Регламент) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыс әкiмi аппаратының басшысы Регламенттi облыс бойынша әдiлет басқармасында белгiленген тәртiпте тiркеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Облыс мемлекеттiк органдарының басшылары Регламент талаптарының сөзсiз орындалуын қамтамасыз ететiн болсын.
Басқа 4. Павлодар облысы әкiмиятының Регламентi
Облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 5 маусымдағы № 136 шешiмiмен бекiтiлдi Павлодар облысы әкiмиятының Регламентi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыс әкiмияты (бұдан әрi - әкiмият) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атұарушы билiктiң жалпымемлекеттiк саясатын Павлодар облысын дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзудi қамтамасыз етедi.
Тармақ 2
2. Әкiм әкiмият құрамын әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады. Әкімият мүшелерiнiң санын облыс әкiмi анықтайды. Облыс әкiмi әкiмияттың дербес құрамын айқындайды және облыстық мәслихаттың шешiмiмен келiсiледi.
Тармақ 3
3. Әкiмият қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен және осы Регламентпен реттеледi.
Тармақ 4
4. Әкiмияттың қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi облыс әкiмi аппараты (бұдан әрi - аппарат) жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Әкiмият iс қаєаздарын жүргiзу және әкiмиятқа түсетiн хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледi және Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң талаптарына сәйкес әзiрленетiн әрi облыс әкiмi бекiтетiн тәртiппен (бұдан әрi - әкiм) жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Әкiмнiң орынбасарлары мен аппарат басшысы әкiмияттың және әкiмнiң қарауына енгiзiлетiн кесiмдер жобалары тууының осы Регламентпен белгiленген тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
Тарау 2. 2. Жұмысты жоспарлау
2. Жұмысты жоспарлау
Тармақ 7
7. Аппарат әкiмият мүшелерiнiң және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының, сондай-ақ орталық атқарушы органдары аумақтық бөлімшелерi басшыларының әкiмият құзырына жататын жұмыстар бойынша (бұдан әрi - атқарушы органдар) оның мәжiлiстерiнде қаралатын мәселелердiң тоқсан сайынғы тiзбесiн өтер айдың 20-нен кешiктiрмей жасайды. Әкiмият мүшелерi мен атқарушы органдардың басшылары әкiмият мәжiлiстерiнде қаралатын мәселелер тiзбесiне жасаған ұсыныстарын аппаратқа тоқсанның соңғы айының 15-нен кешiктiрмей тапсырады. Әкiмияттың мәжiлiстерiнде қарауға жоспарланатын мәселелердiң тiзбесiн әкiм бекiтедi. Бекiтiлген тiзбе әкiмият мүшелерiнiң, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, атқарушы органдардың басшыларына, қалалар мен аудандардың әкiмдерiне және басқа да лауазымды адамдарға тапсырылады. Әкiм тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысы не аппарат басшысы ұсынатын анықтама негiзiнде тiзбеден жоспарланған мәселенi алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзiмге ауыстыру туралы шешiм қабылдайды. Атқарушы органдардың басшылары немесе әкiмият мүшелерi әкiмнiң орынбасарлары мен аппарат басшысы оң қорытынды берген жағдайда бекiтiлген тiзбеге қосымша мәселелер енгiзу мәжiлiсінде әкiмге ұсыныстар енгiзуге құқылы.
Тарау 3. 3. Әкiмият мәжiлiстерiн дайындау және өткiзу тәртiбi
3. Әкiмият мәжiлiстерiн дайындау және өткiзу тәртiбi
Тармақ 8
8. Әкiмият мәжiлiстерi айына кемiнде бiр рет өткiзiледi және оны әкiм шақырады.
Тармақ 9
9. Әкiмият мәжiлiстерiнде әкiм, ал ол болмаған кезде - әкiмнiң мiндетiн атқарушы орынбасары төрағалық етедi.
Тармақ 10
10. Әкiмият мәжiлiстерi, әдетте, ашық болады және мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс тiлiнде жүргiзiледi. Мәжiлiс мемлекеттiк тiлде өткiзiлген кезде iлеспе аударма қамтамасыз етiледi. Қажет болған ретте, жекелеген мәселелер жабық мәжiлiстерде қаралуы мүмкiн.
Тармақ 11
11. Әкiмият мәжiлiсi, егер оған әкiмият мәшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып есептеледi. Әкiмият мәжiлiсiнде мәселенi қараудың нәтижелерi бойынша қаулы қабылданады. Қаулы әкiмияттың қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады.
Тармақ 12
12. Әкiмияттың мәжiлiстерiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, облыстық мәслихаттың депутаттары, аудандардың, қалалардың әкiмдерi, сондай-ақ әкiм бекiткен тiзбе бойынша кеңесшi дауыс құқығымен орталық атқарушы органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары және өзге де лауазымды адамдар қатыса алады.
Тармақ 13
13. Аппараттың және атқарушы органдардың әкiмият мәжiлiстерiнде қарауға мәселелер дайындауы мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады: Әкiмият мәжiлiсiне енгiзiлген анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына құжатты енгiзетiн органның бiрiншi басшысы не оны алмастыратын адам (бұдан әрi - бiрiншi басшы) алдын ала бұрыштама қояды, оның қолы осы органның ресми көзқарасын растау болып табылады; жоба мен анықтама, әдетте, аралығы екi жол арқылы басылған 5 бет мәтiннен аспауы керек; Әрбiр мәселе бойынша жобаның және анықтаманың тақырыптары бiрдей болуы тиiс; Қаралатын мәселе мәжiлiсіндегi анықтаманың қорытындылары қысқа және нақты талданған, деректерi мен сандары қаралатын мәселеге сай болуы керек; Әкiмияттың мәжiлiсiне енгiзiлетiн материалдарға, қажет болған ретте, қосымша ақпараттық мәлiметтер қоса берiледi; Мәселе енгiзетiн орган немесе аппарат талқыланатын мәселелер бойынша мәжiлiске шақырылғандардың тiзiмiн анықтайды және нақтылайды. Аппарат шақырылғандардың келуiн қамтамасыз етедi.
Тармақ 14
14. Аппарат мәжiлiс күн тјртiбiнiң жобасын жасайды және әкiммен не оны алмастыратын адаммен келiсiлгеннен кейiн оны және тиiстi материалдарды аппарат басшысы бекiткен жiберiлiм көрсеткiшiне сай, мәжiлiске дейiнгi үш күнде әкiмият мүшелерiне және шақырылғандарға, ал қажет болған ретте, басқа да лауазымды адамдарға таратады. Тиiстi органдар материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда аппарат басшысы бұл туралы әкiмге немесе оны алмастыратын адамға баяндайды. Материалдардың уақытылы ұсынылмауына жауапкершiлiк тиiстi органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi. Әкiмнiң тапсырмасы бойынша шұғыл түрде әкiмият мәжiлiсiн өткiзген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар аппаратқа ол өткiзiлетiн күнi енгiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 15
15. Әкiмият мәжiлiсiнде хаттама жүргiзiлiп, онда қатысқан лауазымды адамдар, талқыланатын мәселелердiң аты және мін-жайы, талқылау кезiндегi баяндамашылар мен сөз сөйлеушiлер, олардың сөйлеген сөздерiнiң негiзгi мазмұны, ескертулер және әкiмият мүшелерi қабылдаған қаулы көрсетiледi. Әдетте, мәжiлiстiң стенографиясы жүргiзiледi. Мәжiлiстерде қаралатын мәселелер ақпараттың электронды көздерiне жазылады. Аппараттың тиiстi бөлiмi әкiмият мәжiлiсi аяқталған күннен бастап үш күн мерзiмде хаттаманы ресiмдейдi, оған аппарат басшысы бұрыштама қояды және мәжiлiсте төрағалық етушi қол қояды. Әкiмият мәжiлiстерiнiң хаттамаларына күнтiзбелiк жылға арналған реттiк нөмiрлер берiледi. Хаттама немесе оның үзiндiлерi оған қол қойылған күнi әкiмият мүшелерiне, ал қажет болған ретте, мәжiлiстерде тиiстi тапсырмалар берiлген басқа органдарға және лауазымды адамдарєа тапсырылады. Жiберiлiм тiзбесiн аппарат басшысы бекiтедi. Әкiмият мәжiлiстерiнiң хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттары аппаратта сақталады. Әкiмият мәжiлiстерiнiң хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзiмдерi өткеннен кейiн мұрағатқа өткiзiледi.
Тарау 4. 4. Әкiмият және облыс әкiмi кесiмдерiнiң жобаларын дайындау және ресiмдеу тәртiбi
4. Әкiмият және облыс әкiмi кесiмдерiнiң жобаларын дайындау және ресiмдеу тәртiбi
Тармақ 16
16. Атқарушы органдар әкiмият тиiстi шешiм қабылдауы үшiн оның атына мынадай жағдайларда ұсыныстар енгiзедi:
Тармақша 1
1) мәселенi шешу әкiмияттыңѕ құзыретiне енгенде;
Тармақша 2
2) жергiлiктi атқарушы органдар арасында келiспеушiлiк туындаған кезде;
Тармақша 3
3) мәселенiң шешуi жергiлiктi атқарушы органдардың және орталық атқарушы органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiрудi талап еткенде.
Тармақ 17
17. Аппарат және жергiлiктi атқарушы органдар әјкiмият қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң жобаларын (бұдан әрi - жобалар) дайындауды Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық кесiмдер туралы", "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңдарына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады. Мүдделi органдармен келiсiлген, бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған жобалар мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде ұсынылады. Жобаға "ескертулермен" келiсу болған кезде келiспеушiлiктерi туралы бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған, қажеттi түсiндiрмелер берiлген анықтама тiркеледi. Жобаларды әзiрлеуге қатысушы органдар арасында келiспеушiлiктер туындаған кезде, қаралып отырған мәселелердiң мән-жайы құзыретiне кiретiн әкiмнiң орынбасары, аппарат басшысы не оның орынбасары кеңес шаңыра алады, оның нәтижелерi хаттамамен ресiмделедi. Келiспеушiлiктер жойылған кезде жобаны дайындаушы орган белгiленген мерзiмде жобаны пысықтайды және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселе бойынша келiсiмге қол жетпеген жағдайда, әкiмнiң орынбасары, аппарат басшысы бұл туралы түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн әкiмге не оны алмастыратын адамға ақпарат бередi.
Тармақ 18
18. Жобалардың уақытылы, сапалы әзiрленуiне және әкiмиятқа белгiленген мерзiмдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi мәтiндерiнiң түпнұсқалылығына оны әзiрлеудi жүзеге асырушы органның бiрiншi басшысы дербес жауапты болады.
Тармақ 19
19. Жобалар мiндеттi түрде мыналармен келiсiледi;
Тармақша 1
1) құзыретiне орай мүдделi атқарушы органдармен, бұл ретте жобаны келiсудегi мұндай мүдделiлiк қаралатын мәселелердiң мін-жайы ескерiле отырып, белгiленедi;
Тармақша 2
2) облыс қаржы департаментiмен - жобаның қаржылық орындылығы және қаржыландырумен қамтамасыз етiлу мәселелерi бойынша;
Тармақша 3
3) облыс экономика департаментiмен - экономикалық орындылығы және ел мен аймақтың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестiгi мәселелерi бойынша.
Тармақ 20
20. Жобаны әзiрлеушi жобаның көшiрмелерiн бiр мезгiлде барлық мүдделi атқарушы органдарға жiбере алады. Бұл ретте атқарушы органдарда келiсу мерзiмi бiр мезгiлде есептеледi және жобалардың түскен әрi тiркелген кезiнен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс. Әкiм, әкiмнiң орынбасарлары және аппарат басшысы келiсудiң өзге мерзiмдерiн белгiлей алады. Әкiмнiң, әкiм орынбасарының тапсырмалары бойынша шешiмдердi неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдардың басшылары немесе лауазымды адамдар (лауазымы бойынша басшының орынбасарларынан төмен емес) жобаға бұрыштаманы кеңесте (мәжiлiсте) қоюы мүмкiн. Бұл ретте көрсетiлген лауазымды адамдар жобаның жасалуы немесе өздерiнiң бұрыштама қойғандығы туралы тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысына баяндайды. Жобаның көшiрмесiн келiсуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделi органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеу белгiлермен келiсуден бас тартуға тиiстi емес.
Тармақ 21
21. Жобаны келiстiру үшiн алған органның басшысы жобаны қараудың нәтижелерi бойынша бiрiншi басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылєан жауаптың мынадай нұсқаларының бiрiн әзiрлеушiге ұсынуы тиiс:
Тармақша 1
1) жоба ескертулерсiз келiсiлдi (жобада немесе анықтамада келiстiру туралы бұрыштама болады);
Тармақша 2
2) жоба ескертулермен келiсiлдi (жобада немесе анықтамада келiстiру туралы бұрыштама болады);
Тармақша 3
3) жобаға келiсуден бас тартылды (дәлелдi бас тарту қоса берiледi).
Тармақ 22
22. Келiсу мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн жобаны әзiрлеушi мүдделi органдардың барлық ұсынысын жобаның түпкiлiктi нұсқасына жинақтайды (ескертулердi жояды). Бұл ретте, түпкiлiктi нұсқаны дайындау процесiнде әзiрлеушi өзi келiскен атқарушы органдардың ескертулерiн мiндеттi түрде жояды және қажетiнеқарай, бiрiншi келiсiлгенде ұсыныстар, ескертулер енгiзген және пысықтаған кезде оларды ескерген органдар басшыларымен жобаны қайтадан келiстiредi. Жобаны әзірлеушi жобаны аппаратқа енгiзу кезiнде мүддесi осы жобада қозғалып отырған орган бұрыштамасының болмауы себептерi (мұндай факт болған жағдайда) түсiндiрме жазбада мiндеттi түрде көрсетiледi, бұл ретте, енгiзiлген материалдарға тиiстi органға келiсу үшiн енгiзiлгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi қоса берiледi. Мұндай растау болмаған жағдайда, жоба мүдделi органға келiсуге жiберiлмеген болып есептеледi. Әкiмнiң, әкiм орынбасарының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келiсуге жiберiлуi мүмкiн.
Тармақ 23
23. Әзiрлеушi осы жобаны қабылдау қажеттiлiгiн, ол қабылданєан жағдайда, әлеуметтiк-экономикалық салдарын, оны iске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негiзделген түсiндiрме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкiмияттың немесе әкiмнiң қандай кесiмдерi қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәлiметтердi мiндеттi түрде жобаға қоса бередi. Егер, кесiмдердiң жобалары нормативтiк сипатта болса және (немесе) әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi қозғаса, әзiрлеушi түсiндiрме жазбада нақты мақсаттарды, күтiлiп отырған нәтижелердiң мерзiмдерiн және енгiзiлiп отырған ұсыныстардың болжанып отырған тиiмдiлiгiн көрсетуге мiндеттi. Бұл кесiмдердi әкiмият немесе әкiм қабылдаған жағдайда, оларды iске асыру қорытындылары бойынша әзiрлеушi кесiмдерде белгiленген мерзiмдерге сәйкес олардың қолданылуының нәтижелерi туралы қысқаша есеп тапсыруы тиiс. Жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк органның басшысы екi парақтан аса көлемдегi жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағына қол қоюы тиiс, ал облыс бойынша әдiлет органдарында тiркелуге жататындарына сонымен бiрге заңгер де қол қояды.
Тармақ 24
24. Жобаны әзiрлеушi жобада бұрын қабылданған әкiмият қаулыларын және (немесе) әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiн қабылданатын кесiмдерге сәйкес келтiру мәжiлiсінде норма көздейдi жјне (немесе) нақты мерзiмдер белгiлей отырып, жобада жаңа нормаларға сәйкес келтiру туралы тапсырманы көздейдi.
Тармақ 25
25. Әзiрленген (пысықталған) жоба (оған түсiндiрме хатты, жiберiлiм парағын, қажет болса, анықтама-негiздеме мен сол жобамен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн кесiмдердiң көшiрмелерiн қоса отырып) екi тiлде жоба бойынша сараптама жүргiзу және қорытынды дайындау үшiн (бұдан әрi - сараптама) аппаратқа енгiзiледi. Аппаратта тiркелер алдында жобаның iс қағаздарын жүргiзу талаптарына сәйкестiгi тексерiледi. Жобаның iс қағаздарын жүргiзу талаптарына сәйкес еместiгi туралы ескертулер болған ретте, аппарат жобаны тiркеуге дейiн әзiрлеушiге қайтаруға құқылы. Жоба аппаратта тiркелгеннен кейiн оның мәтiндерiнiң мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi түпнұсқалылығы тексерiледi және аппараттың тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiнде сараптамадан өтедi. Жобаға сараптама жүргiзу мерзiмi жобаның аппаратта тiркелген күнiнен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс. Аппарат оның мәтiндерiнiң түпнұсқалылығын тексеру, сараптама жүргiзу барысында немесе оның нәтижелерi бойынша жобаны мынадай негiздер бойынша әзiрлеушiге пысықтауға қайтаруға құқылы:
Тармақша 1
1) жоба мәтiндерiнiң мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi мәтiндерiнiң түпнұсқалы еместiгi;
Тармақша 2
2) оның Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес келмейтiндiгi;
Тармақша 3
3) осы Регламенттiң талаптары бұзыла отырып ұсынылуы. Басқа желеулер бойынша терiс сараптамалық қорытынды жобаны қайтару үшiн негiз бола алмайды.
Тармақ 26
26. Жобаларды әкiмнiң орынбасарында келiсу мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырылады. Әкiмнiң орынбасарларында мазмұндық сипатта ескертулер туындаєан жағдайда, әкiмiнiң орынбасары, қажетiне қарай, нәтижелерi хаттамамен ресiмделетiн кеңес шақырады. Жоба аппаратта сараптамадан өткеннен кейiн ол қол қою үшiн әкiмге не оны алмастыратын адамға берiледi, ал әкiмият қаулысының жобасы әкiмият мәжiлiсiнiң күн тәртiбiне енгiзу үшiн құжаттамамен қамтамасыз ету бөлiмiне берiледi. Жекелеген жағдайларда облыс әкiмiнiң келiсiмiмен облыс әкiмияты қаулыларының жобалары облыс әкiмияты мүшелерiмен пiкiртерiм жолымен қабылданатын болады. 📌 Ескерту. 26-тармақ толықтырылды - Павлодар облысы әкімінің 2002 жылғы 8 ақпандағы № 1 шешімімен.
Тармақ 27
27. Әкiмияттың қаулыларына, әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiне әкiм қол қояды. Кесiмдерге қол қойылғаннан кейiн олардың түпнұсқаларына түзетулер енгiзiлмейдi.
Тармақ 28
28. Аппарат әкiмият қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң куәландырылған көшiрмелерiн аппарат басшысы бекiткен жiберiлiмге сәйкес таратады. Әдiлет органдарында тiркелуге жататын әкiмияттың және әкiмнiң кесiмдерi алушыларға тiркелгеннен кейiн таратылады. Әкiмият қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң түпнұсқалары аппаратта сақталады. Ќұжаттардың уақытылы шығарылуы және жөнелтiлетiн алушыларға таратылуы үшiн жауапкершiлiк аппаратқа жүктеледi. Әкiмият қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен әкiмдерiнiң қосымша даналары, қажет болған ретте, аппарат басшысының рұқсатымен берiледi.
Тармақ 29
29. Техникалық қателерi болған ретте әкiмият қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ғана ауыстырылуы мүмкiн. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылып алынуы тиiс.
Тармақ 30
30. Аппарат әкiмият және әкiм қабылдаған кесiмдердiң есебiн, жүйеленуiн және бақылау даналарын жүргiзудi, оларға аєымдағы өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзудi жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Әкiмияттың және әкiмнiң жалпы мiндеттi мәнi, ведомствоаралық сипаты бар немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және мiндеттерiне қатысты барлық кесiмдерi облыс бойынша әдiлет басқармасында тiркеуге және ресми жариялау үшiн әкiм айқындаған газеттерде және өзге мерзiмдi басылымдарда мiндеттi түрде жариялауға жатады.
Тармақ 32
32. Аппарат кесiмдердi жариялауға жiберудi жүзеге асырады.
Тармақ 33
33. Мемлекеттiк құпиялардан немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, әкiмият және әкiм қабылдаған нормативтiк құқықтық кесiмдермен танысу үшiн мүдделi адамдарға рұқсат беру аппарат басшысының келiсiмiмен жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмияттың және облыс әкiмiнiң заңнамалық кесiмдерiн, кесiмдерi мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртiбi
5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмияттың және облыс әкiмiнiң заңнамалық кесiмдерiн, кесiмдерi мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртiбi
Тармақ 34
34. Заңнамалық кесiмдердi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмият пен әкiмнiң кесiмдерiн орындауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 2 қазандағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн дайындау, келiсу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" № 4097 Жарлығына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Заңнамалық кесiмдер, Республика Президентiнiң, Республика Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмияттың, әкiмнiң кесiмдерi мен тапсырмаларын және мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреттерi шегiндегi өзге де тапсырмалары бақылауға алынады.
Тармақ 36
36. Заңнамалық кесiмдердiң, Республика Президентiнiң, Республика үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң әкiмият пен әкiмнiң кесiмдерi мен тапсырмаларының уақытылы әрi сапалы орындалуына жауапкер-шiлiк осылар орындауға жiберiлген атқарушы органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.
Тармақ 37
37. Әкiмнiң және оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындаудың мерзiмдерi белгiленедi. Мерзiмдерi болмаған жағдайда құжаттың түскен күнiнен есептелетiн орындаудың бiр айлық мерзiмi, ал "шұғыл" деген белгi болған жағдайда - он күндiк мерзiм белгiленедi.
Тармақ 38
38. Егер тапсырманың белгiленген мерзiмiнде орындалуы мүмкiн болмаса, тапсырманың орындалуына жауапты басшы (не оның мiндетiн атқарушы адам) кiдiрудiң себептерi туралы хабарлауға және оны орындау мерзiмiн ұзарту туралы белгiленген тәртiппен өтiнiш беруi тиiс. Тапсырманың орындалу мерзiмiн ұзартуға екi реттен артық жол берiлмейдi.
Тармақ 39
39. Заңнамалық кесiмдердiң, Республика Президентiнiң, Республика үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмият пен әкiмнiң кесiмдерi мен тапсырмаларының орындалу мерзiмдерiн бақылау мәжiлiсіндегi қызметтi ақпараттық-талдауды қамтамасыз етудi аппарат әкiм айқындаған тәртiппен жүзеге асырады.
Тармақ 40
40. Аппарат заңнамалық кесiмдердiң, Республика Президентiнiң, Республика Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмият пен әкiмнiң кесiмдерi мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкiмдi жүйелi хабардар ете отырып, әкiмнiң олардың орындалуын бақылау мәжiлiсіндегi қызметiн қамтамасыз етедi. Әкiмнiң орынбасарлары, аппарат басшысы заңнамалық кесiмдердi, Республика Президентiнiң, Республика үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмият пен әкiмнiң кесiмдерi мен тапсырмаларын орындаудың белгiленген тәртiбiнiң өрескел бұзылу фактiлерi бойынша кiнәлi лауазымды адамдарды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту мәжiлiсінде ұсыныстар енгiзе алады.