Об общественных советах Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық кеңестер туралы Осы Заң қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, оларды қалыптастыру тәртібін және халық алдында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілері) шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесі
1-бап. Қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесі
Тармақ 1
1. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері өздерінің құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар қоғамдық кеңестер болып табылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қатысуымен қоғамдық кеңестер құрылмайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдардың жанынан осы Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, байқау органдары және коммерциялық емес ұйымдар "қоғамдық кеңес" атауына ие бола алмайды және осы Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.
Тармақ 3
3. Қоғамдық кеңестер осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңда көзделген тәртіппен қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық кеңестер екі деңгейде – республикалық және жергілікті деңгейлерде құрылады. Қоғамдық кеңестер автономды және дербес болып табылады. Қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Қоғамдық кеңестердің республикалық деңгейіне, осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестер жатады.
Тармақ 6
6. Жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қоғамдық кеңестері жатады. Бұл ретте ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала деңгейіндегі Қоғамдық кеңестің функциялары жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеледі.
Тармақ 7
7. Қоғамдық кеңес құрамындағы азаматтық қоғам өкілдерінің саны:
Тармақша 1
1) республикалық деңгейде – оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін;
Тармақша 2
2) жергілікті деңгейде оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс, олардың кемінде төрттен бірін этномәдени бірлестіктердің өкілдері құрауға тиіс.
Тармақ 8
8. Қоғамдық кеңестердің ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауаптар беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарауы үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 9
9. Тиісті өңірдегі, саладағы, қызмет аясындағы әлеуметтік-экономикалық даму және істердің жай-күйі үшін жауапкершілік Қоғамдық кеңеске жүктелмейді және мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде болады.
Тармақ 10
10. Осы Заңда көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және оның астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы өкілдері не Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті шегінде қоғамдық кеңестердің отырыстарына қатыса алады.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестер туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестер туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 2-1. 2-1-бап. Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі уәкілетті орган
2-1-бап. Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі уәкілетті орган
Тармақ 1
1. Қоғамдық кеңестердің қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық кеңестердің қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 2
2) республикалық және жергілікті деңгейлерде қоғамдық кеңестердің қызметін үйлестіруді және әдістемелік қолдап отыруды жүзеге асырады;
Тармақша 3
Тармақша 4
Тармақша 5
5) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ұлттық баяндаманы үш жылда кемiнде бiр рет дайындауды және кейіннен Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну үшін ағымдағы жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді жүзеге асырады;
Тармақша 7
7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық кеңестердің қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 3. 3-бап. Қоғамдық кеңестердің мақсаты мен міндеттері
3-бап. Қоғамдық кеңестердің мақсаты мен міндеттері
Тармақ 1
1. Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық кеңестердің міндеттері:
Тармақша 1
1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;
Тармақша 2
2) орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;
Тармақша 3
3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
Бап 4. 4-бап. Қоғамдық кеңестер қызметінің қағидаттары
4-бап. Қоғамдық кеңестер қызметінің қағидаттары Қоғамдық кеңестер өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) тәуелсіздік;
Тармақша 2
2) мүшелерінің қоғамдық негіздегі қызметі;
Тармақша 3
3) автономдық;
Тармақша 4
4) дербестік;
Тармақша 5
5) жариялылық.
Бап 5. 5-бап. Министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері
5-бап. Министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктеріне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының жобаларын, агломерацияларды дамытудың кешенді жоспарларының жобаларын талқылау;
Тармақша 2
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының орындалуын талқылау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу барысы мониторингінің нәтижелерін қарау;
Тармақша 3
3) атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;
Тармақша 3-1
3-1) әлеуметтік маңызды объектілерге жатпайтын және оң рентабельділік пен өтімділіктің алғышарттарының болуын болжайтын мемлекеттік инвестициялық жобаларды талқылау;
Тармақша 4
4) ашық бюджеттер интернет-порталында бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын жария талқылау қорытындылары бойынша есептерді, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептерін, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерді талқылау;
Тармақша 4-1
4-1) квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы есептерді талқылау;
Тармақша 5
5) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою), Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;
Тармақша 6
6) Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік органның немесе өңірдің тиісті қызмет саласының қоғамдық маңызы бар мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;
Тармақша 7-1
7-1) Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту;
Тармақша 8
8) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген нысандарда жүзеге асыру;
Тармақша 9
Тармақша 10
10) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру;
Тармақша 11
11) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі жұмысына қатысу жатады;
Тармақша 12
12) «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органның өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты құру туралы шешімінің жобасын қарау;
Тармақша 13
13) мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жергілікті деңгейде заңдылықты қамтамасыз ету және адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын сақтау мәселелері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде құқық қорғау органдары басшыларының ақпаратын тыңдау.
Тармақша 13-1
13-1) «Қазақстан Халық кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Халық Кеңесінің шешімдерін басшылыққа алу.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 4-1), 6), 7), 8) және 13) тармақшаларында көзделген өкілеттіктердің орындалу қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді, ол – бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайды және (немесе) тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты береді.
Бап 5-1. 5-1-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері
5-1-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестердің өкілеттіктеріне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және іс-шаралар жоспарларының жобаларын талқылау;
Тармақша 2
2) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және іс-шаралар жоспарларының іске асырылу есептері мен мониторингін талқылау;
Тармақша 3
3) қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелерін талқылау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және мемлекеттік органдарға енгізу;
Тармақша 5
5) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру;
Тармақша 6
6) Қоғамдық кеңес туралы ережені бекіту;
Тармақша 7
7) осы Заңда көзделген нысандарда қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 7) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерді орындау қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісіне ұсынымдарды енгізеді, ол – бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он жұмыс күні ішінде тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты береді.
Тармақ 3
3. Ұлттық әл-ауқат қоры және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компаниялар (бұдан әрі – Қор) құратын Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін Қоғамдық кеңес туралы ережеде (бұдан әрі – Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ереже) айқындалады.
Бап 6. 6-бап. Қоғамдық кеңес функцияларын орындау бөлігінде жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілеттіктері
6-бап. Қоғамдық кеңес функцияларын орындау бөлігінде жергілікті қоғамдастық жиналысының өкілеттіктері Қоғамдық кеңестің функцияларын жергілікті қоғамдастық жиналысы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және осы Заңда белгіленген өкілеттіктерге сәйкес жүзеге асырады.
Бап 7. 7-бап. Қоғамдық кеңестердің және олардың мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
7-бап. Қоғамдық кеңестердің және олардың мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Қоғамдық кеңестер мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қоғамдық кеңестер құрылмайтын мемлекеттік органдарды қоспағанда, осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген мәселелер бойынша – мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына, сондай-ақ осы Заңның 5-1-бабының 1-тармағында көзделген мәселелер бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріне кіруге;
Тармақша 2
2) осы Заңның 1-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қоғамдық кеңестер құрылмайтын мемлекеттік органдарды, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер қаралатын отырыстар мен іс-шараларды қоспағанда, осы Заңның 5-бабының 1-тармағында және 5-1-бабының 1-тармағында көзделген мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері өткізетін іс-шараларға қатысуға;
Тармақша 3
3) осы Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару органдарына, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жүгінуге;
Тармақша 4
4) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты, Қоғамдық кеңесте қаралуға жататын нормативтік құқықтық актілерді айқындау жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар. Қоғамдық кеңестердің қарау үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын айқындау тәртібі Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде айқындалады;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органнан, жергілікті мемлекеттік басқару органынан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен Қоғамдық кеңес мүшесінің мәртебесін куәландыратын құжатты алуға;
Тармақша 6
6) тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелерді талқылау үшін мемлекеттік органдардың өкілдерін Қоғамдық кеңестің отырысына шақыруға;
Тармақша 7
7) қажеттілігіне қарай тұрақты және (немесе) уақытша жұмыс органдарын: комитеттер мен сараптама топтарын құруға құқығы бар. Тұрақты және (немесе) уақытша жұмыс органдарын ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде айқындалады;
Тармақша 8
8) ерекше тәртіп қолданыла отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуды қоспағанда, тиісті мемлекеттік органның мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық комиссияларына қатысуға;
Тармақша 9
9) тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің сатып алу жөніндегі тендерлік комиссияларына (аукциондық комиссияларына) қатысуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Өз қызметінде Қоғамдық кеңес және оның мүшелері:
Тармақша 1
1) Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;
Тармақша 2
2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) жылына екі реттен сиретпей бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы халыққа Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат беруге;
Тармақша 4
4) өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсында орналастыруға;
Тармақша 5
5) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қол жеткізуге шектеу қойылмайтын ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік органнан, жергілікті өзін-өзі басқару органынан немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінен алынған дербес деректерді дербес деректер субъектісінің келісімінсіз таратпауға, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
Тарау 2. 2-тарау. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ДЕҢГЕЙЛЕРДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІ
2-тарау. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ДЕҢГЕЙЛЕРДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІ
Бап 8. 8-бап. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құру тәртібі
8-бап. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құру тәртібі
Тармақ 1
1. Республикалық және жергілікті деңгейлердегі қоғамдық кеңестер мен олардың құрамдарын жетекшілері азаматтық қоғамнан өкілдік ететін жұмыс топтарының мүшелері арасынан Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес ашық дауыс беру арқылы сайланатын жұмыс топтары қалыптастырады.
Тармақ 2
2. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік ету жұмыс тобы мүшелері жалпы санының үштен бірінен аспайды. Осы өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы өз бетінше айқындайды.
Тармақ 3
3. Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес, азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. Жұмыс тобының құрамын республикалық деңгейде – тиісті мемлекеттік органның басшысы, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, жергілікті деңгейде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихатының төрағасы бекітеді.
Тармақ 5
5. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәртібі, отырыстарын өткізу мерзімдері, құжаттар тізбесі, өкілеттіктер және жұмыс тобы қызметінің өзге де мәселелері Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде немесе Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережеде көзделген тәртіппен айқындалады.
Тармақ 6
6. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің негізінде әзірлейді. Осы тармақтың талаптары Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережені әзірлеу кезінде қолданылмайды.
Бап 9. 9-бап. Қоғамдық кеңестерді қалыптастыру тәртібі
9-бап. Қоғамдық кеңестерді қалыптастыру тәртібі
Тармақ 1
1. Жұмыс тобы қоғамдық кеңестердің құрамын Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері арасынан және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтардан қалыптастырады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық кеңестердің жаңа құрамын қалыптастыру рәсімі осы тарауда белгіленген тәртіпке сәйкес қоғамдық кеңестердің жұмыс істеп тұрған құрамының өкілеттіктер мерзімі өткенге дейін екі ай бұрын басталады. Қоғамдық кеңестердің жұмыс істеп тұрған мүшелері осы Заңның 10-бабында көзделген жалпы негіздерде конкурсқа қатысу үшін өз өтініштерін беруге құқылы.
Тармақ 3
3. Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын жұмыс тобы:
Тармақша 1
1) республикалық деңгейде: министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар құратын қоғамдық кеңестерде – он бестен отыз мүшеге дейін; квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестерде – оннан он бес мүшеге дейін;
Тармақша 2
2) жергілікті деңгейде осы Заңның 2-1-бабының 2-тармағы 7) тармақшасының ережелерін ескере отырып айқындайды.
Тармақ 4
4. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады. Республикалық деңгейдегі қоғамдық кеңестерді қалыптастыру кезінде сол бір адам бір Қоғамдық кеңестің ғана мүшесі болып сайлана алады.
Тармақ 5
5. Сол бір адам қатарынан екі реттен артық Қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайлана алмайды.
Тармақ 6
6. Жұмыс тобы конкурс туралы хабарландыруды олардың атауын, пошталық мекенжайын, құжаттарды беру мерзімдерін, конкурсқа қатысу үшін осы Заңның 10-бабына сәйкес құжаттар мен өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық поштаның мекенжайын көрсете отырып, республикалық және (немесе) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 7
7. Жұмыс тобы конкурсты Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге немесе Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережеге сәйкес өткізеді және Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастырады, сондай-ақ осы органның мүшелері шығып қалған жағдайда Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімін айқындайды.
Тармақ 8
8. Қоғамдық кеңестің жұмыс тобы қалыптастырған құрамын республикалық деңгейде – тиісті мемлекеттік органның басшысы, тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихатының төрағасы бекітеді және ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсында орналастыруға жатады. Қоғамдық кеңестің сайланған құрамының өкілеттіктер мерзімі үш жылды құрайды.
Тармақ 9
9. Қоғамдық кеңес:
Тармақша 1
1) азаматтық қоғамнан өкілдік ететін Қоғамдық кеңес мүшесінің өкілеттіктері тоқтатылған;
Тармақша 2
2) осы баптың 3-тармағына сәйкес ұсынылатын сандық құрамды ескере отырып, Қоғамдық кеңестің санын ұлғайту қажет болған жағдайларда, өз құрамына кандидаттарды Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімінен іріктеу туралы шешім қабылдайды. Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізіміндегі кандидат Қоғамдық кеңеске мүше болудан бас тартқан және Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімінде басқа кандидаттар болмаған жағдайларда, Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде немесе Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережеде көзделген тәртіппен Қоғамдық кеңестің құрамына қосымша конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органнан, квазимемлекеттік сектор субъектісінен өкілдік ететін Қоғамдық кеңес мүшесінің өкілеттіктері тоқтатылған кезде Қоғамдық кеңестің өкілеттігін тоқтатқан мүшесінің орнына жаңа мүшесін қосу туралы шешімді тиісті мемлекеттік органның басшысы, тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы қабылдайды.
Бап 10. 10-бап. Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар
10-бап. Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады. Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
Тармақша 2
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
Тармақша 3
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Тармақ 2
2. Конкурсқа қатысу үшін:
Тармақша 1
1) кандидатураны жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
Тармақша 2
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
Тармақша 4
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады. Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Тармақ 3
3. Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:
Тармақша 1
1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
Тармақша 2
2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;
Тармақша 3
3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Тармақ 4
4. Қордың Қоғамдық кеңесі туралы ережеде Қордың Қоғамдық кеңесі мүшелігіне кандидаттарға қосымша талаптар көзделуі мүмкін.
Тарау 3. 3-тарау. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ
3-тарау. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ
Бап 11. 11-бап. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және оның төралқасының өкілеттіктері
11-бап. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және оның төралқасының өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық кеңестің қызметіне басшылықты жедел жүзеге асыру үшін оның отырыстарының арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Қоғамдық кеңес төралқасының құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы, өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің уәкілетті өкілі, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.
Тармақ 3
3. Қоғамдық кеңес төралқасының отырыстарына Қазақстан Республикасы Құрылтайының осы Қоғамдық кеңестің мүшелері болып табылмайтын депутаттары қатыса алады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық кеңестің төралқасы:
Тармақша 1
1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;
Тармақша 2
2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) Қоғамдық кеңес ұсынымдарының орындалуына мониторингті жүзеге асырады.
Бап 12. 12-бап. Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының өкілеттіктері
12-бап. Қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысының өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Қоғамдық кеңестің төрағасы:
Тармақша 1
1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) отырыстарда төрағалық етеді;
Тармақша 3
3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;
Тармақша 4
4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
Тармақша 5
5) республикалық мемлекеттік органның, жергілікті мемлекеттік басқару органының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;
Тармақша 6
6) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді. Қоғамдық кеңес төрағасының өкілеттіктері тоқтатылған жағдайда жаңа төраға сайланғанға дейін оның өкілеттіктері Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша төралқа мүшелерінің біріне беріледі.
Тармақ 2
2. Қоғамдық кеңестің хатшысы:
Тармақша 1
1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.
Тармақ 3
3. Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңес мүшесі болып табылмайды.
Бап 13. 13-бап. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру
13-бап. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының жетекшісі ашады. Осы отырыста Қоғамдық кеңестің төрағасы, төралқасының құрамы, Қоғамдық кеңес комиссияларының құрамдары ашық дауыс беру арқылы қарапайым көпшілік дауыспен сайланады. Қоғамдық кеңестің мүшелері – мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан оның төрағасы сайланады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық кеңестер жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.
Тармақ 3
3. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізу шарттары, мерзімдері мен тәртібі, отырыстардың күн тәртібі, шешімдер қабылдау тәртібі және отырыстарды өткізудің өзге де мәселелері Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеде айқындалады. Отырыстар өткізудің өзге де мәселелері Қоғамдық кеңестің шешімімен айқындалады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық кеңестер өз қызметін жүзеге асыру кезінде бір-бірімен теңдік және әріптестік шарттарында өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 5
5. Қоғамдық кеңестердің мүшелері өз өкілеттіктері шегінде кеңесші дауыс беру құқығымен өзге де қоғамдық кеңестердің қызметіне қатыса алады, ал бұдан басқа, жергілікті деңгейде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың Қоғамдық кеңесінің төрағасы астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың Қоғамдық кеңесінің құрамына кіруге құқылы.
Тармақ 6
6. Республикалық деңгейде Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік орган немесе квазимемлекеттік сектор субъектісі жүзеге асырады. Жергілікті деңгейде Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мәслихаты жүзеге асырады. Өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған тиісті мемлекеттік органның басшысы, тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органының басшысы, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихатының төрағасы Қоғамдық кеңес төрағасымен келісу бойынша Қоғамдық кеңес хатшысының міндеттерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты бойынша тартылатын жұмыскерге жүктейді.
Бап 14. 14-бап. Қоғамдық кеңес жұмысының жариялылығы
14-бап. Қоғамдық кеңес жұмысының жариялылығы
Тармақ 1
1. Қоғамдық кеңес халыққа:
Тармақша 1
1) өзінің азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерімен іс-қимыл жасау нәтижелері;
Тармақша 2
2) Қоғамдық кеңестің құрамы;
Тармақша 3
3) отырыстардың күн тәртібі;
Тармақша 4
4) қабылданған шешімдер;
Тармақша 5
5) қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы хабар береді.
Тармақ 2
2. Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және (немесе) тиісті интернет-ресурстарда орналастырылады.
Бап 15. 15-бап. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату
15-бап. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату
Тармақ 1
1. Қоғамдық кеңестің мүшесі жазбаша түрде өтініш беру арқылы өз қалауы бойынша оның құрамынан шыға алады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық кеңестің мүшесі денсаулық жағдайына байланысты оның жұмысына қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда не мынадай негіздер бойынша:
Тармақша 1
1) ол қайтыс болған жағдайда;
Тармақша 2
2) сот хабарсыз кетті деп танығанда;
Тармақша 3
3) сот қайтыс болды деп жариялағанда;
Тармақша 4
4) сот Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығанда;
Тармақша 5
5) Қоғамдық кеңестің отырыстарына дәлелсіз себептермен бір жыл ішінде үш реттен артық қатыспағанда;
Тармақша 6
6) Қоғамдық кеңестің азаматтық қоғамнан сайланған мүшесі мемлекеттік қызметке кіргенде;
Тармақша 7
7) Қоғамдық кеңеске өкілі сайланған коммерциялық емес ұйым таратылған жағдайда;
Тармақша 8
8) осы Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген негіздер басталған жағдайда, Қоғамдық кеңестің шешімімен оның құрамынан мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін.
Тармақ 3
3. Қоғамдық кеңес осы Заңның 9-бабының 9 және 10-тармақтарында айқындалған тәртіппен Қоғамдық кеңестің құрамына шығып қалған мүшесінің орнына оның өкілеттіктерінің қалған мерзіміне жаңа мүшесін қосу туралы шешім қабылдайды.
Бап 15-1. 15-1-бап. Қоғамдық кеңестің қызметін тоқтату
15-1-бап. Қоғамдық кеңестің қызметін тоқтату
Тармақ 1
1. Қоғамдық кеңес осы Заңның 9-бабы 8-тармағының екінші бөлігінде көзделген өкілеттіктер мерзімі өткеннен кейін немесе өзінің құрылуына қатысқан мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі таратылған жағдайда өз қызметін тоқтатады. Қоғамдық кеңес өзнің құрылуына қатысқан мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі қайта ұйымдастырылған жағдайда, қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз қызметін жалғастырады.
Тармақ 2
2. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде Қоғамдық кеңесті қалыптастыру осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛЕТТІКТЕРІН ІСКЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ
4-тарау. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛЕТТІКТЕРІН ІСКЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ
Бап 16. 16-бап. Қоғамдық кеңестің қоғамдық бақылау саласындағы мақсаттары мен міндеттері
16-бап. Қоғамдық кеңестің қоғамдық бақылау саласындағы мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Қоғамдық кеңес қоғамдық бақылауды мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шешімдер қабылдау процесіне азаматтық қоғамның қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық бақылаудың міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін, ашықтығын және бүкпесіздігін арттыру;
Тармақша 2
2) қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды іске асыру;
Тармақша 3
3) азаматтардың мемлекет пен оның органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне сенім деңгейін арттыру, қоғам мен мемлекет арасында кері байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік жанжалдардың алдын алу және оларды шешу;
Тармақша 4
4) халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне тарту.
Бап 17. 17-бап. Қоғамдық бақылау ұғымы, оның объектісі мен субъектісі
17-бап. Қоғамдық бақылау ұғымы, оның объектісі мен субъектісі
Тармақ 1
1. Қоғамдық бақылау субъектілерінің қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама және мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау нысандарында жүзеге асырылатын, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған қызметі қоғамдық бақылау деп түсініледі.
Тармақ 2
2. Республикалық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметі, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметі қоғамдық бақылау объектісі болып табылады.
Тармақ 3
3. Қоғамдық кеңестер, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар қоғамдық бақылау субъектісі болып табылады.
Бап 18. 18-бап. Қоғамдық бақылау нысандары
18-бап. Қоғамдық бақылау нысандары
Тармақ 1
1. Қоғамдық бақылау субъектілері тарапынан мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін байқауды білдіретін қоғамдық бақылау рәсімі қоғамдық мониторинг болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 5) және 6) тармақшаларында, 5-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәселелерді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қоғамдық маңызы бар шешімдерін олардың қоғамдық мүдделерге сәйкестігі мәселесі бойынша жария талқылау үшін жиналыс өткізу арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау рәсімі қоғамдық тыңдау деп түсініледі.
Тармақ 3
3. Қоғамдық сараптама – азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағымсыз факторларды болғызбау жөніндегі қоғамдық мүдделерді сақтау тұрғысынан зерттеу, талдау және бағалау үшін арнайы білімді және (немесе) тәжірибені қоғамдық бақылау субъектілерінің пайдалануына негізделген қоғамдық бақылау рәсімі. 4. Мемлекеттік орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау қоғамдық бақылау рәсімі болып табылады және Қоғамдық кеңестің отырысында осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша – мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, осы Заңның 5-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметі нәтижелерін жария талқылауды білдіреді.
Бап 19. 19-бап. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тетіктері
19-бап. Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тетіктері Қоғамдық бақылау:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес қоғамдық бақылау объектісінің қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу;
Тармақша 2
2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің және қоғамдық бақылау субъектілерінің мемлекеттік органның алқалы органдарының отырыстарына қатысуы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік комиссиялардың құрамына қоғамдық кеңестердің мүшелерін қосу;
Тармақша 4
4) азаматтардың жеке немесе ұжымдық жолданымдарын, оның ішінде электрондық құжат нысанында беру;
Тармақша 5
5) сұрау салулар беру;
Тармақша 6
6) Қоғамдық кеңес айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
Бап 20. 20-бап. Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
20-бап. Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
Тармақ 1
1. Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық мониторинг мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетуі, даму жоспарларын және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларын іске асыруы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, іс-шаралар жоспарларын іске асыруы, мемлекеттік қызметтер көрсетуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану нәтижесінде азаматтар үшін теріс салдарды және қоғамдық мүдделерге нұқсан келтіру фактілерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қоғамдық мониторингті Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде Қоғамдық кеңестің мүшелері мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарынан, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінен Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша, мониторингтің нысанасына жататын қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
Тармақ 5
5. Қоғамдық мониторингті жүзеге асырған адамдар оның нәтижелері бойынша қорытынды жасайды. Қоғамдық мониторинг қорытындысында:
Тармақша 1
1) мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесінде азаматтар үшін анықталған жағымсыз салдарлар туралы және қоғамдық мүдделерге қысым жасалғаны туралы ақпарат;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарына қоғамдық мониторинг барысында анықталған себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар;
Тармақша 3
3) бақыланатын объектілердің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар;
Тармақша 4
4) нормативтік құқықтық актілерге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.
Тармақ 6
6. Қоғамдық мониторингтің қорытындысы негізінде Қоғамдық кеңес ұсынымдарды қабылдайды және тиісті мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жібереді.
Бап 21. 21-бап. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
21-бап. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Тармақ 1
1. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады. Қоғамдық кеңес қоғамдық тыңдауды осы Заңның 1-бабының 5 және 6-тармақтарында айқындалған республикалық немесе жергілікті мемлекеттік басқару органымен, квазимемлекеттік сектор субъектісімен келісілген мерзімдерде өткізеді.
Тармақ 2
2. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібінде:
Тармақша 1
1) қоғамдық тыңдауға қатысушыларды оның өткізілетін уақыты мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) жазбаша шақырулар арқылы, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын құлақтандыру;
Тармақша 2
2) қоғамдық тыңдауға шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларымен, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын таныстыру;
Тармақша 3
3) қоғамдық тыңдауға қатысуды қамтамасыз ететін басқа да шаралар;
Тармақша 4
4) қабылданған шешімдерді уәждеп негіздеуді қоса алғанда, қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасын жариялау көзделуге тиіс.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Қоғамдық тыңдау Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі.
Тармақ 5
5. Қоғамдық тыңдауды өткізу барысында хаттама жүргізіледі, онда:
Тармақша 1
1) қоғамдық тыңдау өткізілетін күні мен орны;
Тармақша 2
2) қатысушылардың саны;
Тармақша 3
3) қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
Тармақша 4
4) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны тіркеледі.
Тармақ 6
6. Қоғамдық тыңдау нәтижелері бойынша қорытынды хаттама қабылданады, оған қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Тармақ 7
7. Қорытынды хаттама, егер оған Қоғамдық кеңестің қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасында:
Тармақша 1
1) бақыланатын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы ақпарат;
Тармақша 2
2) қоғамдық тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;
Тармақша 3
3) нормативтік құқықтық актілерге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.
Тармақ 9
9. Қоғамдық кеңестің төрағасы қорытынды хаттама негізінде қабылданған ұсынымдарды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қоғамдық бақылау субъектілеріне;
Тармақша 2
2) зерделеу және шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдарына жібереді. 10. Осы баптың талаптары Қордың Қоғамдық кеңесінің қызметіне байланысты қатынастарға қолданылмайды.
Бап 22. 22-бап. Қоғамдық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
22-бап. Қоғамдық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
Тармақ 1
1. Қоғамдық сараптаманы Қоғамдық кеңестің өз отырысында қабылдаған тапсырмасы бойынша қоғамдық бірлестіктер құратын сараптама комиссиялары жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін факторларды жою тұрғысынан мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қабылданатын шешімдерінің жобалары қоғамдық сараптама объектілері болып табылады.
Тармақ 2
2. Қоғамдық кеңеске тиісті өтінішхат жіберетін жеке тұлғалар және (немесе) халықаралық және шетелдік ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар қоғамдық сараптаманың бастамашылары бола алады.
Тармақ 3
3. Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу ерекшеліктері, оны тіркеу тәртібі, қорытындының мазмұны Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленеді.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңдарында қоғамдық сараптаманың өзге де субъектілері, оны ұйымдастыру мен жүргізудің негіздері және тәртібі айқындалуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Осы баптың талаптары Қордың Қоғамдық кеңесінің қызметіне байланысты қатынастарға қолданылмайды.
Бап 23. 23-бап. Жұмыс нәтижелері туралы есептерді тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
23-бап. Жұмыс нәтижелері туралы есептерді тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заңның 18-бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау республикалық деңгейдегі мемлекеттік органның бірінші басшысының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органы басшысының баяндамасын және Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамасын, ал аумақтарда – әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің баяндамасын және мәслихат төрағасының, Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамаларын қамтиды.
Тармақ 2
2. Жұмыс нәтижелері туралы есепті тыңдау барысында хаттама жүргізіледі, онда:
Тармақша 1
1) есепті тыңдау күні мен орны;
Тармақша 2
2) қатысушылардың саны;
Тармақша 3
3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
Тармақша 4
4) күн тәртібі, есептің және сөйлеген сөздердің мазмұны қамтылады.
Тармақ 3
3. Есепті тыңдау нәтижелері бойынша қарар қабылданады, онда:
Тармақша 1
1) бақыланатын органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметін олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағалау;
Тармақша 2
2) есепті тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылуға тиіс.
Тармақ 4
4. Егер отырысқа қатысып отырған қатысушылардың жартысынан астамы есеп үшін дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі.
Бап 24. 24-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
24-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.