Об утверждении Правил выдачи разрешения на транзит продукции Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 16) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет–ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет–порталында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2–тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрі __________________А. Мамытбеков 2015 жылғы 23 қыркүйек «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі __________________А. Сәрінжіпов 2015 жылғы 17 тамыз «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі __________________И. Тасмағамбетов 2015 жылғы 8 қыркүйек «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі __________________Е. Досаев 2015 жылғы 3 шілде «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі __________________В. Школьник 2015 жылғы 20 шілде
Басқа 0. Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығымен бекітілген Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Өнімнің транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 16) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Эспорттық бақылауға жататын, өнімнің транзитіне рұқсат беру» және өнімнің транзитіне рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Егер межелі елге немесе жөнелтуші елге Қазақстан Республикасының, халықаралық ұйымдардың және Қазақстан Республикасы осы салада оларды сақтау жөнінде міндеттемелер қабылдаған жекелеген мемлекеттердің санкциялары салынса, осы Қағидалардың күші қолданылмайды және өнімнің транзитіне рұқсат (бұдан әрі - Рұқсат) берілмейді. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, шет мемлекеттердiң және (немесе) халықаралық ұйымдардың әскери құралымдарының, қару-жарақтары мен әскери техникасының Қазақстан аумағы арқылы транзитіне жол берiлмейдi.
Тармақ 3
3. Рұқсат сыртқы сауда келiсiмшартында (шартта) өнімнің саны мен номенклатурасына қарамастан, кемінде он белгі деңгейінде кодын көрсете отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодына сәйкес тауардың бір түріне беріледі.
Тармақ 4
4. Рұқсат жеке және заңды тұлғаларға оның қолданылуы басталған күннен бастап бір жылдан аспайтын кезеңге беріледі. Рұқсаттың қолданылу мерзімі өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының және экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген өнімді әкетуге рұқсаттың болуы туралы құжаттың қолданылу мерзімімен шектеледі. Егер өнімнің транзиті көрсетілген мерзімде жүзеге асырылмаса, онда рұқсат автоматты түрде жойылады. Берілген рұқстақа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берiлмейдi.
Тармақ 5
5. Берiлген рұқсат басқа заңды немесе жеке тұлғаға берiлмейдi.
Тармақ 6
6. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) өтініші арқылы: Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары үшін:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация);
Тармақша 2
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталына www.egov.kz (бұдан әрі-портал); шетелдік заңды тұлғалар үшін:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік корпорацияға;
Тармақша 2
2) порталға;
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы мемлекеттік корпорация қызметкеріне тізбесі осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) келтірілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсынады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың электрондық көшірмелерін жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін шетелдік заңды тұлғалар кеңсе қызметкеріне мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынады, олардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген. Шетелдік заңды тұлға құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бас тарту себептерін көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан бас тартады. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту (бұдан әрі – Дәлелді бас тарту) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз құжат нысанында беріледі. Құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай - ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызметті көрсету стандартында жазылған.
Тармақ 12
12. Құжаттарды қараудың және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі - 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
Тармақ 13
13. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар келіп түскен күні жүзеге асырады және орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды. Көрсетілетін қызметті алушы немесе шетелдік заңды тұлға жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - Дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын, дара кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Тармақ 15
15. Көрсетілетін қызметті алушы немесе шетелдік заңды тұлға құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, орындаушы көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өнімді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізудің алдын алу және жолын кесу мақсатында оларды «Экспорттық бақылау саласындағы рұқсат құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысымен көзделген тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді. Мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге қарау нәтижелері туралы жауап жібереді. Мемлекеттік органдар көрсетілген мерзім ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, өнімнің транзитіне рұқсат беру келісілген болып есептеледі.
Тармақ 16
16. Орындаушы құжаттарды қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін - осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты не көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне не беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын қызмет алушының өтініште көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік корпорация, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы – қолма-қол;
Тармақша 2
2) портал арқылы - электронды.
Тармақ 18
18. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 19
19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Тармақ 20
20. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге жол беріледі.
Тармақ 21
Тармақ 22
Тармақ 23
Басқа 1. «Экс­порт­тық ба­қы­ла­у­ға жа­та­тын, өнім­нің тран­зи­тіне рұқ­сат бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидаларына 1-қосымша «Экс­порт­тық ба­қы­ла­у­ға жа­та­тын, өнім­нің тран­зи­тіне рұқ­сат бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі­нің Ин­ду­стри­я­лық да­му ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) 2 Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры) 1) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция); 2) www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі ‒ пор­тал); 3) ше­тел­дік заң­ды тұ­лға­лар үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі. 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні ішін­де. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) / қа­ғаз тү­рін­де 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі Өнім­нің тран­зи­тіне рұқ­сат бе­ру не көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бас­шы­сы­ның не оны ал­ма­сты­ра­тын тұл­ға­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған элек­трон­дық қу­жат ны­сан­да мем­ле­кет­тік өыз­мет­ті көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны – элек­трон­дық және қа­ғаз түр­де. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де өті­ніш бе­ру­ші­ден алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Те­гін 7 Жұ­мыс кесте­сі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі-жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін; 2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да, жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін; мем­ле­кет­тік қыз­мет элек­трон­дық ке­зек тәр­ті­бі­мен, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның таң­да­уы бой­ын­ша, же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз көр­се­ті­ле­ді, элек­трон­дық ке­зек­ті пор­тал ар­қы­лы «бронь­да­у­ға» бо­ла­ды; 3) пор­тал-жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Ко­дек­с­ке сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды); 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі 1. Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға: 1) осы Стан­дарт­қа 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш. Осы өті­ніш элек­трон­дық түр­де word неме­се excel фор­ма­тын­да ұсы­ны­ла­ды; 2) же­ке ку­ә­лік, өкіл­дің өкі­лет­ті­гін рас­тай­тын құ­жат неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін); 3) ше­тел­дік заң­ды тұл­ға үшін - заң­ды тұл­ға­ның мем­ле­кет­тік тір­ке­лу­ін (қай­та тір­ке­лу­ін) рас­тай­тын құ­жат; 4) ше­тел­дік же­ке тұл­ға үшін - же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат, кә­сіп­кер­лік қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат; 5) экс­порт­та­у­шы ел­дің экс­порт­тық ба­қы­лау мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган бер­ген өнім­ді әке­ту­ге рұқ­сат­тың бар екен­ді­гі ту­ра­лы құ­жат; 6) сырт­қы са­уда мәмі­ле­сіне қа­ты­су­шы­лар (са­ту­шы, жүк жө­нел­ту­ші, са­тып алушы, жүк алушы, дел­дал) ара­сын­да өнім­нің но­мен­кла­ту­ра­сы мен кө­ле­мі фи­зи­ка­лық және құн­дық мән­де көр­се­ті­ле оты­рып, оған қо­сым­ша­ла­ры­мен және (неме­се) то­лық­ты­ру­ла­ры­мен бір­ге өнім бе­ру­ге ар­нал­ған ке­лі­сім­шарт; 7) «Сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гін сақ­тан­ды­ру шар­ты (бұ­дан әрі - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі заң­на­ма­сы); 8) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның яд­ро­лық және ра­ди­а­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік жө­нін­де­гі құ­зы­рет­ті ор­ган­да­ры рұқ­са­ты­ның қол­да­ны­лу шар­тта­рын қо­са ал­ған­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қол­да­ны­с­та­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рі­нің бұ­зы­луы анық­тал­ған жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өз та­ра­пы­нан та­сы­мал­да­удың нақ­ты жағ­дай­ла­ры­на, сон­дай-ақ ық­ти­мал уа­қыт­ша сақ­та­у­ға, ке­рі та­сы­мал­да­у­ға, са­рап­та­ма­ға және ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың бас­қа да қа­жет­ті іс-қи­мыл­да­ры­на тек­се­ру жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар­ды өтеу ке­піл­ді­гін рас­тай­тын ха­ты, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның, анық­тал­ған ауыт­қу­лар­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ті­ру қа­жет­ті­лі­гіне және/неме­се жүк­ті экс­порт мем­ле­ке­тіне қай­та­ру­ға бай­ла­ны­сты (ке­лі­сім­шар­ттың нө­мі­рі мен кү­нін көр­се­те оты­рып); 9) егер жүк­ті жүк алушы­ға бе­ру оған бай­ла­ны­сты емес се­беп­тер бой­ын­ша мүм­кін бол­ма­ған жағ­дай­да (ке­лі­сім­шар­ттың нө­мі­рі мен кү­нін көр­се­те оты­рып), өнім жүк жө­нел­ту­ші­нің тран­зит­пен өт­кі­зі­ле­тін өнім­ді ке­рі қа­был­дап алу­ға оның сөз­сіз ке­лі­сі­мін рас­тай­тын ха­ты (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жол­дан­ған); 10) Қа­ғи­да­лар­ға қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша мә­лім­дел­ген тран­зит­тік та­сы­мал­да­уды жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де қоз­ға­лыс марш­ру­ты, кі­ру және шы­ғу ше­ка­ра­лық пункт­те­рі, кө­лік тү­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер. Осы тар­мақ­тың 3), 4), 5), 6) және 7) тар­мақ­ша­лар­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар, түп­нұс­қа­ла­рын­да неме­се но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған кө­шір­ме­ле­рін­де ұсы­ны­ла­ды. Шет тіл­де­рін­де жа­сал­ған құ­жат­тар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ті­ліне неме­се орыс ті­ліне но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған аудар­ма­сы­мен ұсы­ны­ла­ды. 2. Пор­тал­ға: 1) осы Стан­дарт­қа 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі - ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған өті­ніш; 2) ше­тел­дік заң­ды тұл­ға үшін - заң­ды тұл­ға­ның мем­ле­кет­тік тір­ке­лу­ін (қай­та тір­ке­лу­ін) рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 3) ше­тел­дік же­ке тұл­ға үшін - же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың, кә­сіп­кер­лік қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 4) экс­порт­та­у­шы ел­дің экс­порт­тық ба­қы­лау мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­га­ны бер­ген өнім­ді әке­ту­ге рұқ­сат­тың бар екен­ді­гі ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 5) Сырт­қы са­уда мәмі­ле­сіне қа­ты­су­шы­лар (са­ту­шы, жүк жө­нел­ту­ші, са­тып алушы, жүк алушы, дел­дал) ара­сын­да өнім­нің но­мен­кла­ту­ра­сы мен кө­ле­мі фи­зи­ка­лық және құн­дық мән­де көр­се­ті­ле оты­рып, оған қо­сым­ша­ла­ры­мен және (неме­се) то­лық­ты­ру­ла­ры­мен бір­ге өнім бе­ру­ге ар­нал­ған ке­лі­сім­шар­ттың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі қо­са бе­рі­ле­ді; 6) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі заң­на­ма­сы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гін сақ­тан­ды­ру шар­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; 7) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның яд­ро­лық және ра­ди­а­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік жө­нін­де­гі құ­зы­рет­ті ор­ган­да­ры рұқ­са­ты­ның қол­да­ны­лу шар­тта­рын қо­са ал­ған­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қол­да­ны­с­та­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рі­нің бұ­зы­луы анық­тал­ған жағ­дай­да, та­сы­мал­да­удың нақ­ты жағ­дай­ла­ры­на, сон­дай-ақ ық­ти­мал уа­қыт­ша сақ­та­у­ға, ке­рі та­сы­мал­да­у­ға, са­рап­та­ма­ға және ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың бас­қа да қа­жет­ті іс-қи­мыл­да­ры­на тек­се­ру жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар­ды, сон­дай-ақ жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар шы­ғы­ста­ры­ның өте­лу­іне өз та­ра­пы­нан ке­піл­дік бе­рі­л­ге­нін рас­тай­тын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ха­ты­ның, анық­тал­ған ауыт­қу­лар­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­на­ма­сы­ның та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ті­ру және/неме­се жүк­ті экс­порт мем­ле­ке­тіне қай­та­ру қа­жет­ті­лі­гіне бай­ла­ны­сты (ке­лі­сім­шар­ттың нө­мі­рі мен кү­нін көр­се­те оты­рып); 8) егер жүк­ті жүк алушы­ға бе­ру оған бай­ла­ны­сты емес се­беп­тер бой­ын­ша мүм­кін бол­ма­ған жағ­дай­да, өнім­ді жүк жө­нел­ту­ші­нің (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жол­дан­ған) тран­зит­пен өт­кі­зі­ле­тін өнім­ді ке­рі қа­был­да­у­ға оның сөз­сіз ке­лі­сі­мін рас­тай­тын ха­ты­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (ке­лі­сім­шар­ттың нө­мі­рі мен кү­нін көр­се­те оты­рып); 9) осы Стан­дарт­қа 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша мә­лім­дел­ген тран­зит­тік та­сы­мал­да­уды жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де қоз­ға­лыс марш­ру­ты, кі­ру және шы­ғу ше­ка­ра­лық пункт­те­рі, кө­лік тү­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі; Осы тар­мақ­тың 2), 3), 4), 5) және 6) тар­мақ­ша­лар­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар но­та­ри­ал­дық ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шір­ме­ле­рін­де ұсы­ны­ла­ды. Шет тіл­де­рін­де жа­сал­ған құ­жат­тар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ті­ліне неме­се орыс ті­ліне но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған аудар­ма­сы­мен ұсы­ны­ла­ды. 3. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сіне: 1) осы Стан­дарт­қа 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш; 2) экс­порт­та­у­шы ел­дің экс­порт­тық ба­қы­лау мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­га­ны бер­ген өнім­ді әке­ту­ге рұқ­сат­тың бар екен­ді­гі ту­ра­лы құ­жат­тың но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған кө­шір­ме­сі; 3) сырт­қы са­уда мәмі­ле­сіне қа­ты­су­шы­лар (са­ту­шы, жүк жө­нел­ту­ші, са­тып алушы, жүк алушы, дел­дал) ара­сын­да­ғы өнім­нің но­мен­кла­ту­ра­сы мен кө­ле­мі фи­зи­ка­лық және құн­дық мән­де көр­се­ті­ле оты­рып, оған қо­сым­ша­ла­ры­мен және (неме­се) то­лық­ты­ру­ла­ры­мен бір­ге өнім­ді жет­кізу­ге ар­нал­ған ке­лі­сім­шар­ттың но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған кө­шір­ме­сі; 4) егер жүк­ті жүк алушы­ға бе­ру оған бай­ла­ны­сты емес се­беп­тер бой­ын­ша мүм­кін бол­ма­ған жағ­дай­да (ке­лі­сім­шар­ттың нө­мі­рі мен кү­нін көр­се­те оты­рып), өнім жүк жө­нел­ту­ші­нің тран­зит­пен өт­кі­зі­ле­тін өнім­ді ке­рі қа­был­дап алу­ға оның сөз­сіз ке­лі­сі­мін рас­тай­тын ха­ты (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жол­дан­ған); 5) осы Стан­дарт­қа 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша мә­лім­дел­ген тран­зит­тік та­сы­мал­да­уды жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де­гі қоз­ға­лыс марш­ру­ты, кі­ру және шы­ғу ше­ка­ра­лық пункт­те­рі, кө­лік тү­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер; 6) әс­ке­ри қа­ра­уыл адам­да­ры­ның са­ны, олар­дың қа­ру - жа­рақ­та­ры мен оқ-дә­рі­ле­рі (мар­ка­сы (ти­пі), ка­либ­рі, са­ны) ту­ра­лы де­ректер көр­се­ті­л­ген әс­ке­ри қа­ра­уыл ту­ра­лы ақ­па­рат-әс­ке­ри (қо­сар­лан­ған) мақ­сат­та­ғы өнім­нің әс­ке­ри қа­ра­уыл тран­зи­тін алып жү­ру ке­зін­де. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­сы ар­қы­лы өт­кі­зу пункт­те­рін­де адам­дар­дың (әс­ке­ри қа­ра­уыл құ­ра­мы­нан) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на кі­ру­ге неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан шы­ғу­ға құқық бе­ре­тін құ­жат­та­ры, бе­кі­ті­л­ген қа­ру­ды, оқ-дә­рі­лер­ді көр­се­те оты­рып, әс­ке­ри бө­лім­нің ла­у­а­зым­ды адам­да­ры бе­кіт­кен әс­ке­ри қа­ра­уыл адам­да­ры­ның ата­у­лы ті­зі­мі және әс­ке­ри қа­ра­уыл­дың ти­іс­ті іле­с­пе құ­жат­та­ры (нұс­қа­ма, на­ряд, қо­ры­тын­ды) ұсы­ны­ла­ды. Шет тіл­де­рін­де жа­сал­ған құ­жат­тар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ті­ліне неме­се орыс ті­ліне но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған аудар­ма­сы­мен ұсы­ны­ла­ды. Осы тар­мақ­тың 3) тар­мақ­ша­сын­да көр­се­ті­л­ген ке­лі­сім­шарт бол­ма­ған кез­де өнім­ді жет­кі­зу қа­жет­ті­лі­гін негіз­дей­тін құ­жат­тар ұсы­ны­ла­ды. Осы тар­мақ­тың 2) тар­мақ­ша­сын­да көр­се­ті­л­ген, ел­дің заң­на­ма­сын­да көз­дел­ме­ген құ­жат­тың бол­мауы тү­сін­дір­ме хат ұсы­ны­ла­ды. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер 1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы неме­се ше­тел­дік заң­ды тұл­ға ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­ған; 2) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның неме­се ше­тел­дік мем­ле­кет­тік ор­ган­ның және (неме­се) ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 3) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін ке­лі­су ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның те­ріс жа­у­а­бы, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы; 4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға неме­се ше­тел­дік заң­ды тұл­ға­ға қа­ты­сты осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бар бол­са; 5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға неме­се ше­тел­дік заң­ды тұ­ла­ға­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бар, со­ның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы неме­се ше­тел­дік заң­ды тұл­ға­ға мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­л­ған бол­са. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар Мем­ле­кет­тік қыз­ме­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және ин­фра­құ­ры­лым­дық да­му ми­ни­стр­лі­гі – www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​miid, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мі ин­тер­нет-ре­сур­сын­да; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – www.​comprom.​miid.​gov.​kz, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мі ин­тер­нет-ре­сур­сын­да; 3) www.​egov.​kz пор­та­лын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фо­ны: 1414, 8-800-080-7777.
Басқа 2. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша нысан (Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) не көрсетілетін қызметті алушының ұйымдары) ____________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда: жоқ құжаттардың атаулары: 1) _______________________________; 2) _______________________________; 3) _______________________________. ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызметті (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы қолхат 2 данада, әр тарапқа бір-біреуден жасалды. ТАӘ (бар болса) («Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) (қолы) Орындаушы: ТАӘ (бар болса) _________________ Телефоны _________________________ Алдым: көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (бар болса)/қолы 20__ ж. «___» _________
Басқа 3
Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидарларына 3-қосымша нысаны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті Комитет индустриального развития Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Нұр-Сұлтан қ. Нұр-Сұлтан қ. Нөмір:[Құжаттың нөмірі] Берілген күні: [Берілген күні] жылы [Ұйымның атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН] ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті, Сіздің [күні] жылғы № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды: [Бас тарту негіздемесі] [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты-жөні (болған жағдайда)]
Басқа 4. Өнім транзитіне берілетін рұқсат
Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидаларына 4-қосымша нысан Өнім транзитіне берілетін рұқсат 1. Рұқсат № 2. Көрсетілетін қызметті алушы (толық атауы, елі, заңды мекенжайы, телефоны): 3. Жүк жөнелтушi (толық атауы, елi , заңды мекенжайы, телефоны): 4. Баратын ел: 5. Жүк алушы (толық атауы, елi, заңды мекенжайы, телефоны): 6. Тағайындау елі: 7. Рұқсаттың қолданылу мерзiмi: 8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеті - кіру: - шығу: 9. Көлiк түрi: 10. Келiсiмшарттың валютасы: 11. Өнімнің атауы: 12. Тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды: 14. Өлшем бiрлiгi: 16. Өнімнің келісімшарт валютасындағы жалпы құны: 13. Тауардың бақылау тiзiмдерi бойынша коды: 15. Саны: 17. Сыртқы сауда келiсiмшартының нөмірі және күнi: 18. Келiсiлдi: 19. Сақтандыру компаниясының атауы, сақтандыру шартының нөмiрі және күні: 20. Рұқсаттың ерекше шарттары: 21. Уәкiлет­тi ор­ган _________________________________________________ (уәкiлет­тi ор­ган­ның то­лық ата­уы) Бас­шы (уәкiлет­тi тұл­ға) _____________________________________________ те­гi, аты, әкесiнiң аты (бар бол­са) Бе­рі­л­ген кү­ні: _____ жы­л­ғы «___» _________