Об утверждении Правил присвоения ученых званий Күшін жойған
Басқа 0
Ғылыми атақтар берудің ережесін бекіту туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ғылыми атақтар берудің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жоғары аттестациялық комитеттің төрағасы А.Қ. Құсайыновқа жүктелсін.
Басқа 3. ҒЫЛЫМИ АТАҚТАР БЕРУ ЕРЕЖЕЛЕРI
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрі
міндетін атқарушының
2001 жылғы 4 маусымдағы
ҒЫЛЫМИ АТАҚТАР БЕРУ ЕРЕЖЕЛЕРI
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Осы Ережелер терең кәсiби бiлiмi бар, ғылыми және ғылыми-педагогтық қызметте жетiстiктерге қол жеткiзген адамдарға профессор және доцент ғылыми атақтарын беру тәртiбiн белгiлейдi. Ғылыми атақтарды iзденушiлерге қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Жоғары аттестациялық комитетi (бұдан әрi - ЖАК) анықтайды және ол талаптар мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарға қолданылады.
Тармақ 2
2. Профессор және доцент ғылыми атақтарын жоғары оқу орындарының, ғылыми, ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндiрiстiк ұйымдардың қызметкерлерiне сол ұйымдардың ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестерiнiң ұсынысы бойынша ЖАК бередi.
Тармақ 3
3. Профессорлар мен доценттерге Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлерiне ғылыми атақтар берiлетiн мамандықтар номенклатурасына сәйкес белгiленген мемлекеттiк үлгiдегi аттестаттар тапсырылады.
Тарау 2. 2. Ғылыми атақтар беру
2. Ғылыми атақтар беру
Тармақ 4
4. Профессор ғылыми атағы доцент немесе аға ғылыми қызметкер атағы бар, профессор немесе жоғары оқу орны кафедрасының меңгерушiсi қызметiн кем дегенде бiр жыл бойы нәтижелi атқарып жүрген:
Тармақша 1
1) жоғары оқу орнындағы ғылыми-педагогтық стажы он жылдан кем емес;
Тармақша 2
2) диссертация қорғағаннан кейiн кем дегенде бес ғылыми еңбегi, оның iшiнде кем дегенде үшеуi ЖАК ұсынған басылымдарда, жарияланған;
Тармақша 3
3) бiлiм беру процесiнде пайдаланылып жүрген, көлемi он баспа табақтан кем емес, оның iшiнде кем дегенде бес баспа табағы iзденушiнiң жеке үлесiн құрайтын, жарияланған оқу құралдары немесе ЖАК ғылыми дәреже берген екi шәкiрт дайындаған ғылым докторларына берiледi.
Тармақ 5
5. Профессор ғылыми атағы доцент немесе аға ғылыми қызметкер атағы бар, ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндiрiстiк ұйымдарда және жоғары оқу орындарының ғылыми бөлiмдерiнде бас, жетекшi ғылыми қызметкер, ғылыми-зерттеу бөлiмiнiң (секторының, лабораториясының) меңгерушiсi (бастығы), ғалым хатшы, директордың орынбасары, директор қызметiн кем дегенде бiр жыл бойы нәтижелi атқарып жүрген:
Тармақша 1
1) ғылыми-педагогтық стажы он жылдан кем емес;
Тармақша 2
2) докторлық диссертация қорғағаннан кейiн кем дегенде он ғылыми еңбегi, оның iшiнде кем дегенде үшеуi ЖАК ұсынған басылымдарда, жарияланған;
Тармақша 3
3) ЖАК ғылыми дәреже берген екi шәкiрт дайындаған ғылым докторларына берiледi.
Тармақ 6
6. Профессор ғылыми атағы, айрықша жағдай ретiнде, бiр жылдан артық уақыт профессор қызметiнде iстейтiн және диссертация қорғағаннан кейiн, көлемi кем дегенде он баспа табақ оқу құралдарын жариялаған Қазақстан Республикасы (СССР) Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты-ғылым докторларына берiлуi мүмкiн.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарындағы, Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жүйелерiндегi және Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгiндегi офицерлердiң атқарып жүрген қызмет ерекшелiктерiн ескере отырып, айрықша жағдай ретiнде, жоғарыда көрсетiлген ведомстволарға бағынышты жоғары оқу орындарының профилi бойынша арнаулы кафедралардың (кафедралар ЖАК арнаулы тiзбесiмен анықталады) бастығы, сондай-ақ жоғары оқу орнының бастығы, оның ғылыми немесе оқу жұмыстары жөнiндегi орынбасары қызметiн кем дегенде бiр оқу жылы бойы нәтижелi атқарып жүрген:
Тармақша 1
1) ғылыми-педагогтық жұмыс стажы жетi жылдан кем емес;
Тармақша 2
2) жеке өзi жазып оқулық жариялаған немесе ЖАК ғылыми дәреже берген шәкiрт дайындаған;
Тармақша 3
3) бiлiм беру процесiнде пайдаланылып жүрген оперативтi-тактикалық (арнайы-тактикалық) тапсырмалар әзiрлеген ғылым кандидаты-доценттерге профессор ғылыми атағы берiлуi мүмкiн.
Тармақ 8
8. Профессор ғылыми атағы өнер және сәулет өнерi саласының Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Заңымен белгiленген Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарына ие, профессор немесе кафедра меңгерушiсi (конкурс бойынша сайланған) қызметiн кем дегенде бiр оқу жылы бойы нәтижелi атқарып жүрген, жоғары оқу орындарында өз мамандығы бойынша оқытушылық етушi;
Тармақша 1
1) шығармашылық-педагогтық жұмыс стажы 10 жылдан кем емес;
Тармақша 2
2) шығармашылық еңбектерi бар;
Тармақша 3
3) доцент ғылыми атағы берiлгеннен кейiн жеке өзi, көлемi үш баспа табақтан кем емес, немесе басқа авторлармен бiрлесiп, оның iшiнде iзденушiнiң жеке үлесi үш баспа табақтан кем емес, жазып жариялаған, бiлiм беру процесiнде пайдаланылып жүрген, оқу құралы бар;
Тармақша 4
4) доцент ғылыми атағын профессор ғылыми атағына ұсынылудан 5 жыл бұрын алған;
Тармақша 5
5) халықаралық конкурстың үш лауреатын (дипломантын) дайындаған қызметкерлерiне берiлуi мүмкiн.
Тармақ 9
9. Профессор ғылыми атағы ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi мен доцент ғылыми атағы бар, профессор, кафедра меңгерушiсi қызметiн кем дегенде бiр оқу жылы бойы нәтижелi атқарып жүрген:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" құрметтi атағы бар;
Тармақша 2
2) жаттықтырушылық-педагогтық жұмыс стажы 10 жылдан кем емес;
Тармақша 3
3) доцент ғылыми атағы берiлгеннен кейiн жеке өзi, көлемi үш баспа табақтан кем емес, немесе басқа авторлармен бiрлесiп, оның iшiнде iзденушiнiң жеке үлесi үш баспа табақтан кем емес, жазып жариялаған, бiлiм беру процесiнде пайдаланылып жүрген, оқу құралы бар;
Тармақша 4
4) доцент ғылыми атағын профессор ғылыми атағына ұсынылудан бес жыл бұрын алған;
Тармақша 5
5) Азияның, Еуропаның екi чемпионын, әлем және Олимпиада ойындарының жүлдегерлерiн дайындаған жаттықтырушыларға берілуi мүмкiн.
Тармақ 10
10. Доцент ғылыми атағы жоғары оқу орнының профессоры, доцентi, кафедра меңгерушiсi (конкурс бойынша сайланған) қызметiн кем дегенде бiр оқу жылы бойы нәтижелi атқарып жүрген:
Тармақша 1
1) ғылыми-педагогтық жұмыс стажы 5 жылдан кем емес;
Тармақша 2
2) диссертация қорғағаннан кейiн кем дегенде үш ғылыми еңбегi (тезисi емес) жарияланған (депоненттелмеген);
Тармақша 3
3) көлемi екi баспа табақтан кем емес, жеке өзi жазып, бiлiм беру процесiнде қолданылып жүрген оқу құралы жарияланған немесе ЖАК ғылыми дәреже берген бiр шәкiрт дайындаған ғылым докторлары мен кандидаттарына берiледi.
Тармақ 11
11. Доцент ғылыми атағы ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндiрiстiк ұйымдарда және жоғары оқу орындарының ғылыми бөлiмдерiнде бас, жетекшi ғылыми қызметкер, ғылыми-зерттеу бөлiмiнiң (секторының, лабораториясының) меңгерушiсi (бастығы), ғалым хатшы, директордың орынбасары, директор қызметiн кем дегенде бiр жыл бойы нәтижелi атқарып жүрген:
Тармақша 1
1) ғылыми-педагогтық жұмыс стажы 5 жылдан кем емес;
Тармақша 2
2) диссертация қорғағаннан кейiн кем дегенде бес ғылыми жұмысы жарияланған;
Тармақша 3
3) көлемi екi баспа табақтан кем емес, жеке өзi жазған оқу құралы жарияланған немесе ЖАК ғылыми дәреже берген бiр шәкiрт дайындаған ғылым докторлары мен кандидаттарына берiледi.
Тармақ 12
12. Сонымен қатар доцент ғылыми атағы өнер және сәулет өнерi саласының Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Заңымен белгiленген Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарына ие, аға оқытушы, доцент (конкурс бойынша сайланған) қызметiн кем дегенде бiр оқу жылы бойы нәтижелi атқарып жүрген:
Тармақша 1
1) шығармашылық-педагогтық жұмыс стажы 5 жылдан кем емес;
Тармақша 2
2) шығармашылық еңбектерi бар;
Тармақша 3
3) халықаралық және республикалық конкурстың екi лауреатын (дипломантын) дайындаған;
Тармақша 4
4) бiлiм беру процесiнде пайдаланылып жүрген, көлемi екi баспа табақтан кем емес, жеке өзi жазған оқу құралы жарияланған қызметкерлерiне;
Тармақша 5
5) "Дене шынықтыру және спорт саласындағы еңбегi үшiн" немесе "Еңбегi сiңген жаттықтырушы" құрметтi атағы бар;
Тармақша 6
6) жаттықтырушылық-педагогтық жұмыс стажы 5 жылдан кем емес;
Тармақша 7
7) бiлiм беру процесiнде пайдаланылып жүрген, көлемi екi баспа табақтан кем емес, жеке өзi жазған оқу құралы жарияланған;
Тармақша 8
8) Әлемдiк универсиадалардың, Азия, Еуропа, әлем чемпионаттарының, Азия және Олимпиада ойындарының кем дегенде екi жүлдегерiн дайындаған жаттықтырушыларға берiлуi мүмкiн.
Тармақ 13
13. Ғылыми атақтар, осы Ережелердiң 4, 5, 7-11 тармақтарының талаптары сақталған жағдайда, 4, 5, 9, 10-тармақтарында аталған қызметтердi қоса атқарып (жылдық жүктемесi 240 сағаттан кем емес) жүргендерге берiлуi мүмкiн.
Тармақ 14
14. Ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестiң ғылыми атақтар беру туралы шешiмi жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.
Кеңестiң мәжiлiсi, егер оның жұмысына кеңес құрамының ең кем дегенде үштен екiсi қатысса, құқықты болып саналады. Кеңестiң ғылыми атақ беру мәселесi туралы оң шешiмi мәжiлiске қатысып отырған кеңес мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi, бiрақ тiзiмдегi кеңес құрамының кемiнде жартысы, жақтап дауыс бергенде қабылданды деп есептеледi.
Оң шешiм қабылданған жағдайда ұйымның ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңесi бiр ай мерзiм iшiнде ЖАК-қа ғылыми атақ iзденушiнiң аттестациялық iсi құжаттарының бiрiншi даналарын жiбередi.
Тармақ 15
15. Ғылыми атақ беру жөнiндегi аттестациялық iс құжаттарының
рәсiмделу тәртiбiн ЖАК белгiлейдi.
Тармақ 16
16. Ғылыми атақ беру туралы аттестациялық iстің қаралу мерзiмi аттестациялық iстің ЖАК-та тiркелген күнiнен бастап профессор үшiн - 4 ай, доцент үшiн - 3 ай.
Аттестациялық iстердi ұзағырақ уақыт сараптаудан өткiзудi талап ететiн ерекше жағдайларда бұл мерзiмдi ұзарту мәселесiн нақты әр iс бойынша ЖАК басшылығы шешедi.
Тарау 3. 3. Ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды қайта аттестаттау
3. Ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды қайта аттестаттау
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасымен ғылыми атақтар бойынша мемлекеттiк үлгідегi бiлiктiлiк құжаттарды өзара тану туралы келiсiм жасасқан мемлекеттердiң мемлекеттiк аттестаттау органдары берген ғылыми атақтары бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қайта аттестаттау жоғарыдағы келiсiмдерге сәйкес олар жұмыс iстейтiн ұйымның немесе өздерiнiң жеке өтiнiшiмен белгiленген тiзбе бойынша құжаттарын ұсынған жағдайда жүргiзiледi.
Басқа жағдайларда Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң азаматтарына ғылыми атақ беру мәселесi осы Ережелердiң талаптарына сай шешiледi.
Тармақ 18
18. Қайта аттестаттауға әр түрлi мемлекеттiк емес ұйымдардың (шағын кәсiпорындардың, қоғамдық академиялардың, академияаралық комиссиялардың, т.б.) берген профессорлар мен доценттердiң аттестаттары қабылданбайды.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасымен бiлiктiлiк құжаттарды өзара тану туралы келiсiм жасаспаған елдер берген ғылыми атақтары бар Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа елдердiң азаматтарының аттестаттарының сәйкестiгi туралы мәселенi ЖАК жеке жағдайда халықаралық конвенцияларға сәйкес шешедi, ол туралы iзденушiге тиiстi анықтама берiледi.
Тарау 4. 4. Ғылыми атақтардан айыру (қалпына келтiру)
4. Ғылыми атақтардан айыру (қалпына келтiру)
Тармақ 20
20. Ғылыми атақтар жаңсақтықпен берiлген адамдарды ғылыми атақтар беру туралы шешiм қабылдаған ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестiң өтiнiшi негiзiнде ЖАК бұл атақтардан айыруы мүмкiн.
Тармақ 21
21. Ғылыми атақтардан айрылған адамдардың осы атақтарын ЖАК, бұрын осы ғылыми атақтардан айыру туралы өтiнiш жасаған ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестердiң өтiнiштерiнiң негiзiнде, егер бұл үшiн жеткiлiктi негiздер болған жағдайда, қалпына келтiруi мүмкiн.
Тармақ 22
22. Ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңестiң отырысы, егер оның жұмысына тiзiмдегi құрамның кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда, құқықты болып саналады. Ғылыми атақтан айыру (қалпына келтiру) туралы кеңестiң шешiмi, егер дауыс берудiң нәтижесiнде кеңеске қатысушылардың кем дегенде үштен екiсi, бiрақ құрам тiзiмiндегi мүшелердің жартысынан кемi емес, оны жақтап дауыс берсе, қабылданған болып саналады.
Ерекше жағдайды ескеру қажет болған, оның iшiнде аталған кеңестер өз қызметтерiн тоқтатқан кездерде ғылыми атақтан айыру (қалпына келтiру) жөнiндегi өтiнiш туралы мәселе ЖАК-тың тапсыруы бойынша, басқа кеңестерде қаралады.
Тарау 5. 5. Апелляцияларды қарау
5. Апелляцияларды қарау
Тармақ 23
23. Ғылыми атақтарды беру (айыру) мәселесi туралы төралқа
шешiмдерiне, шешiм шығарылған күннен бастап екi айдан кешiктiрмей, ЖАК-қа шағымдануға болады.
Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн ЖАК апелляцияларды қабылдамайды.
Төралқаның шешiмдерiне берiлген апелляцияларды ЖАК-тың апелляциялық комиссиясы қарайды. Апелляциялық комиссиясының қорытындыларын төралқа қарап бекiтедi. Оның шешiмiне қайта берiлген апелляция қабылданбайды.
Тармақ 24
24. Ғылыми атақ беруге ұсынылған iзденушiлердiң терiс шешiм
қабылданған аттестациялық iстерi жөнiнде жаңа өтiнiш беру ЖАК тиiстi шешiм қабылдаған күннен бiр жыл өткеннен кейiн ғана мүмкiн болады. Қайталап өтiнiш беру үшiн жаңа материалдардың болуы мiндеттi шарт болып табылады.
Тармақ 25
25. Осы Ережелермен реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында қарастырылған тәртiппен шешiледi.