О коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности Күшін жойған
Басқа 0
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға бағытталған ғылыми саланың құрамдас бөлігі ретінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен алынған және кез келген ақпараттық жеткізгіште тіркелген жаңа білім немесе шешімдер, өндіріске ғылыми әзірлемелер мен технологияларды енгізу, сондай-ақ жаңа бұйымдардың, материалдар мен заттардың модельдері, макеттері, үлгілері;
Тармақша 2
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу (пайдалану) – жаңа өнімді игерудің немесе жаңа технологияны енгізудің ғылыми-өндірістік циклінің қорытынды сатысын іске асыруға бағытталған қызмет;
Тармақша 3
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру – табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатында зияткерлік қызмет нәтижелерін қоса алғанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикалық тұрғыда қолдануға байланысты қызмет;
Тармақша 4
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру орталығы (офисі) – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға, ғылыми ұйымның, жоғары оқу орнының, дербес немесе өзге де білім беру ұйымының құрылымдық немесе оқшауланған бөлімшесі;
Тармақша 5
5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы зияткерлік қызмет нәтижесі (бұдан әрі – зияткерлік қызмет нәтижесі) – өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалардың топологиялары, электрондық есептеу машиналары мен дерекқорға арналған бағдарламалар және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінде алынған зияткерлік қызметтің басқа да нәтижелері;
Тармақша 6
6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант – экономиканың басым секторлары шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін бюджет және (немесе) бюджеттен тыс қаражат;
Тармақша 7
7) сервистік компания – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қажетті консалтингтік, инжинирингтік, сертификаттау, патенттік және басқа да көрсетілетін қызметтерді көрсететін заңды тұлға;
Тармақша 8
8) стартап-компания – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын және төменде келтірілген талаптардың біріне сәйкес келетін:
қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың қатысуымен құрылған;
инновацияларды әзірлейтін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының ғылыми және (немесе)ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының ғылыми және (немесе)ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Осы Заңда реттелген, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражатынан жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулер шеңберінде алынған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бөлігіндегі құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейтін заңнамасы қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне технологияларды коммерцияландыруға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта, осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттары
3-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттары
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясат:
Тармақша 1
1) процеске барлық қатысушылардың өзара іс-қимылы кезіндегі транспаренттілігі;
Тармақша 2
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін алуға, табыс табуға тартылған тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне кепілдік беру;
Тармақша 3
3) экономиканың басым секторларында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды экономикалық ынталандыру;
Тармақша 4
4) білімнің, ғылымның, өндірістің және инновациялық даму институттарының интеграциясы қағидаттарына негізделеді.
Бап 4. 4-бап. Ғылым саласындағы уәкілетті органның құзыреті
4-бап. Ғылым саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Ғылым саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) құзыретіне мыналар:
Тармақша 1
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды жоспарлау, ынталандыру жөніндегі шараларды іске асыру;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі шаралардың тиімділігі туралы ақпаратты енгізу;
Тармақша 6
Тармақша 7
7) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу, бекіту және іске асыру;
Тармақша 8
8) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы шоғырландырылған талдамалық ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурстарында және мерзімді баспасөз басылымдарында ашық қолжетімді орналастыру;
Тармақша 10
10) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдіснамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктер кіреді.
Бап 5. 5-бап. Салалық уәкілетті органдардың құзыреті
5-бап. Салалық уәкілетті органдардың құзыреті
Салалық уәкілетті органдардың құзыретіне:
Тармақша 1
1) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесудің орындалған бағдарламалары бойынша есептерді бекіту;
Тармақша 3
3) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі шаралардың тиімділігі туралы және іске асыру туралы ақпаратты уәкілетті органға беру;
Тармақша 4
4) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдіснамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 4-1
4-1) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандыру жөніндегі шараларды жоспарлау, іске асыру;
Тармақша 4-2
4-2) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаны іске асыруға қатысу;
Тармақша 4-3
4-3) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 4-4
Тармақша 4-5
Тармақша 5
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
Бап 6. 6-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
6-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
Тармақша 1
1) тиісті аумақта ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту бойынша жәрдем көрсету, оларды қоса қаржыландыруға қатысу;
Тармақша 3
3) жоғары технологиялық өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологиялар ендіруді жүзеге асыратын бірлескен өндірістерді құру мақсатында жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру (практикалық қолдану) болатын заңды тұлғаларды, оның ішінде стартап-компанияларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысу;
Тармақша 5
5) уәкілетті органмен және салалық уәкілетті органдармен бірлесіп, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз етуге қатысу;
Тармақша 6
6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында оларға жүктелген өзге де өкілеттіктер кіреді.
Бап 7. 7-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушылар
7-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушылар
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушылар:
Тармақша 1
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері;
Тармақша 2
2) жеке кәсіпкерлік, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар;
Тармақша 4
4) стартап-компаниялар;
Тармақша 5
5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру орталықтары (офистері);
Тармақша 6
6) сервистік компаниялар;
Тармақша 7
7) технологиялық парктер;
Тармақша 8
8) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға инвестициялауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар болып табылады.
Бап 8. 8-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру тетіктері
8-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру тетіктері
Жеке және заңды тұлғалардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне өздерінің құқықтарын іске асыру ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру тетіктері арқылы жүзеге асырылады, олар:
Тармақша 1
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне лицензиялық шартты және (немесе) айрықша құқықтарды басқаға беру шартын жасасу;
Тармақша 2
2) стартап-компанияны құру;
Тармақша 3
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін өз өндірісіне ендіру (пайдалану);
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ
2-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ
Бап 9. 9-бап. Мемлекеттік ынталандыру шаралары
9-бап. Мемлекеттік ынталандыру шаралары
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушыларға ұсынылатын мемлекеттік ынталандыру шараларына:
Тармақша 1
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жасағаны және ендіргені (пайдаланғаны) үшін авторларға сыйақылар төлеу;
Тармақша 2
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттар;
Тармақша 3
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жоғары технологиялық өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологиялар ендіруді жүзеге асыратын өндірістер құруға жәрдемдесу;
Тармақша 4
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушылардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бағдарламалары;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған өзге де ынталандыру шаралары жатады.
Бап 10. 10-бап. Мемлекеттік қолдау нысандары
10-бап. Мемлекеттік қолдау нысандары
Тармақ 1
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асыру мемлекеттік қолдау нысаны болып табылады.
Тармақ 2
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын уәкілетті орган, салалық уәкілетті органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары әзірлейді және іске асырады, сондай-ақ жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар және ғылыми-білім беру консорциумдары әзірлей және іске асыра алады.
Тармақ 3
3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларына жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың, стартап-компаниялардың, басқа да заңды тұлғалардың қызметкерлері бағдарлама әзірлеуші белгілеген талаптарға сәйкес қатыса алады.
Тармақ 4
4. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламалары ғылыми-өндірістік байланыстарды дамытуға, өңірлік әлеуметтік-экономикалық дамуға, стартап-компанияларды құру мен дамытуға, жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар, стартап-компаниялар қызметкерлерінің, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы басқа да заңды және жеке тұлғалардың біліктілігін арттыруға бағытталуға тиіс.
Тармақ 5
5. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламалары, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру орталықтарын (офистерін) қоспағанда, өнеркәсіптік-инновациялық инфрақұрылым элементтерінде материалдық-техникалық базаны ұсынуға және пайдалануға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
Бап 11. 11-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттар беру
11-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттар беру
Тармақ 1
1. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобасында мәлімделген өзге де қатысушыларға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларында көзделген тәртіппен беріледі.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобасын іске асыруға арналған шарт ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру жобасында мәлімделген өзге де қатысушы (қатысушылар) және ғылым саласындағы уәкілетті орган айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғалар арасында ол іске асырылатын бүкіл мерзімге, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
Бюджеттен тыс қаражаттан қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушыларға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар айқындайтын тәртіппен беріледі.
Тармақ 2
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыру бюджет қаражаты және (немесе) бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Бап 12. 12-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушылардың құқықтары
12-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысушылардың құқықтары
Тармақ 1
1. Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері алған зияткерлік меншік құқығы, егер ғылыми ұйымдар мен зияткерлік меншік объектісінің авторы (авторлары) арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ғылыми ұйымдарға тиесілі.
Тармақ 2
2. Автордың қаржыландырылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жасағаны және ендіргені (пайдаланғаны) үшін сыйақы алуға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар зияткерлік қызмет нәтижелеріне берілген мүліктік құқықтарға, сондай-ақ құрылған, оның ішінде жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен бірлесіп құрылған стартап-компаниялар қызметінен алынған табыстарға дербес иелік етеді.
Тармақ 4
4. Жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға басқа қатысушымен жасалған шарттың негізінде өзіне зияткерлік меншік құқығын тіркеуге құқылы.
Бап 13. 13-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері авторларының құқықтары
13-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері авторларының құқықтары
Тармақ 1
1. Айрықша құқықтары жұмыс берушіге тиесілі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің авторларына сыйақыны жұмыс беруші олар тиісті патентті немесе авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (қорғау құжатын) алған күнінен бастап бір ай мерзімде төлейді.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жасағаны үшін сыйақыны жұмыс беруші, егер олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбесе, кемінде бір орташа айлық жалақы мөлшерінде төлейді.
Айрықша құқықтары жұмыс берушіге тиесілі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін жеке өндірісінде ендірген (пайдаланған) жағдайда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінің авторына кемінде бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сыйақы патент немесе авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (қорғау құжаты) қолданысының бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын төленеді.
Тармақ 2
2. Лицензиялық шартты немесе айрықша құқықты басқаға беру шартын жасасқан жағдайда авторға сыйақы сыйақының ең жоғары мөлшері шектелмей, лицензиялық шарт сомасының (роялтиді қоса алғанда) кемінде отыз пайызын құрайды. Сыйақы автордың жұмыс берушімен жасасқан шарты негізінде төленеді. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін ендіргені (пайдаланғаны) үшін сыйақы авторға осындай нәтиже пайдаланылған әрбір қаржы жылы аяқталғаннан кейін үш айдан кешіктірмей және лицензиялық шарт қолданысының бүкіл мерзімі ішінде лицензиялық шарт бойынша төлемдер түскеннен кейін үш айдан кешіктірмей төленеді.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген сыйақыларды уақытында төлемегені үшін жұмыс беруші авторға олардың арасында жасалған шартқа сәйкес мерзімі өткен әрбір күн үшін өсімпұл төлейді.
Тармақ 4
4. Егер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері айрықша құқықтар жұмыс берушіге тиесілі бірнеше автордың бірлескен шығармашылық еңбегімен жасалған болса, онда олардың әрқайсысына кемінде бір орташа айлық жалақы мөлшерінде сыйақы төленеді.
Егер жұмыс беруші мен авторлар арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген сыйақылар мен өсімпұлдарды жұмыс беруші авторларға тең мөлшерде төлейді.
Тармақ 5
5. Жұмыс беруші мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесінің авторы болып табылатын жұмыскер арасындағы еңбек қатынастары тоқтаған жағдайда да осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген сыйақылар мен өсімпұл төлеу сақталады.
Тармақ 6
6. Егер айрықша құқықтары өзіне (өздеріне) тиесілі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің авторы (авторлары) стартап-компанияның құрылтайшысы ретінде, оның ішінде өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалармен бірлесіп әрекет еткен жағдайда, оның (олардың) стартап-компанияның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі кемінде он бес пайызды құрауға тиіс.
Тармақ 7
7. Зияткерлік меншік авторлары мен иелерінің құқықтарын бұзуға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы шарттарды жасауға және орындауға байланысты даулар сот тәртібімен қаралады.
Бап 14. 14-бап. Жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың құқықтары
14-бап. Жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың құқықтары
Тармақ 1
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру білім беру қызметімен және ғылыми қызметпен қатар жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар қызметінің басым бағыты болып табылады.
Тармақ 2
2. Жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар өздерінің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан:
Тармақша 1
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарға дербес иелік етуге;
Тармақша 2
2) лицензиялық шарт бойынша ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін пайдалану құқығын беруге;
Тармақша 3
3) айрықша құқықтарды басқаға беру шартының негізінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне айрықша құқықты иеліктен шығаруға;
Тармақша 4
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне айрықша құқықты кепілге беруге;
Тармақша 5
5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне айрықша құқықтарды жарғылық капиталға жарна ретінде енгізуге;
Тармақша 6
6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесіне айрықша құқықты өзге де тәсілмен иелік етуге құқылы.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік жоғары оқу орындары, мемлекеттік ғылыми ұйымдар өздерінің ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында өздерінің мүлкінің меншік иесінің келісімінсіз стартап-компанияның құрылтайшылары болуға құқығы бар.
Мемлекеттік жоғары оқу орындары, мемлекеттік ғылыми ұйымдар мемлекеттік органдардың келісімінсіз ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына салым ретінде зияткерлік меншік құқығын ғана енгізуге құқылы.
Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары оқу орындарының зияткерлік меншікке мүліктік құқықтарға иелік етуі уәкілетті мемлекеттік органның – олардың мүлкінің меншік иесінің келісімінсіз жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында басқа да жеке және заңды тұлғаларды құрылатын стартап-компаниялардың құрылтайшылары (қатысушылары) ретінде тартуға құқығы бар.
Осы жеке және заңды тұлғалардың стартап-компаниялардың жарғылық капиталына салымы олардың қатысу үлесінің кемінде елу пайыз ақшалай қаражатымен не зияткерлік меншікке айрықша құқықпен, материалдармен, жабдықтармен немесе ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үшін қажетті өзге де мүлікпен төленуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар өздерінің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, уәкілетті мемлекеттік органның – өздерінің мүлкінің меншік иесінің келісімінсіз ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру нәтижесінде алынған табыстарға дербес иелік етуге құқылы.
Тармақ 6
6. Стартап-компанияның жарғылық капиталына салым ретінде енгізілетін зияткерлік меншік құқықтарын бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік жоғары оқу орындары, мемлекеттік ғылыми ұйымдар өздерінің мүлкінің меншік иесінің келісімінсіз стартап-компаниялардың жарғылық капиталдарындағы өздерінің қатысу үлестеріне дербес иелік етуге құқылы.
Тармақ 8
8. Құрылтайшылары (қатысушылары) мемлекеттік жоғары оқу орындары, мемлекеттік ғылыми ұйымдар болып табылатын стартап-компаниялардың жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестеріне иелік етуден алынған табыстар, сондай-ақ осы мемлекеттік жоғары оқу орындары, мемлекеттік ғылыми ұйымдар алған стартап-компаниялар табысының бір бөлігі олардың дербес иелік етуіне түседі.
Стартап-компанияның қызметінен алынған табыстар зияткерлік меншіктің құқықтық қорғалуына, автор мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдем көрсеткен адамдарға сыйақы төлеуге және стартап-компанияның жарғыда көзделген басқа да шығыстарына жұмсалады.
Тармақ 9
9. Егер жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың ішкі құжаттарында өзгеше көзделмесе, авторлардың үлесі жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар алған стартап-компания табысы үлесінің отыз пайызынан кем болмауға тиіс.
Тармақ 10
10. Стартап-компания таратылған кезде мемлекеттік жоғары оқу орындары, мемлекеттік ғылыми ұйымдар жарғылық капиталға салым ретінде енгізген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтар осы ұйымдарға беріледі. Егер жарғылық капиталға салым ретінде зияткерлік қызмет нәтижелерін пайдалану құқығы енгізілген болса, онда тиісті лицензиялық шарт стартап-компания таратылған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.
Бап 15. 15-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру орталықтары (офистері)
15-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру орталықтары (офистері)
Тармақ 1
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру орталықтарының (офистерінің) қызметі, оның ішінде коммерцияландыру үшін технологиялар іздеуді және бағалауды, маркетингтік зерттеулерді, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында консультациялық қызметтер көрсетуді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру стратегиясын әзірлеуді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шарттар жасасуы мақсатында олардың өзара іс-қимылын ұйымдастыруды қоса алғанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөнінде қызметтер кешенін көрсетуге бағытталған.
Тармақ 2
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру орталықтарының (офистерінің) жұмыс істеуі жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың қаражаты есебінен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға бөлінген гранттық қаржыландыру көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қамтамасыз етіледі.
Тармақ 3
3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру орталықтары (офистері) қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар оларға жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар жасаған лицензиялық шарттар және зияткерлік меншік құқықтарын басқаға беру шарттары сомасының кемінде он пайыз қаражатын жібереді.
Бап 16. 16-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтар
16-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтар
Тармақ 1
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен бірлесіп ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау шеңберінде жасаған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтар, егер олардың арасындағы шартта өзгеше айтылмаса, оларға ортақ тиесілі.
Тармақ 2
2. Егер шартта ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне тиесілі екені көзделген жағдайда, онда жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектісінің бұл нәтижелерді өз өндірісінде пайдалануға өтеусіз айрықша емес лицензияға құқығы сақталады.
Бап 17. 17-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мониторингі
17-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мониторингі
Уәкілетті орган, салалық уәкілетті органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асыруға жұмсалған шығындардың тиімділігін бағалау;
Тармақша 2
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асырудың нысаналы көрсеткіштері мен индикаторларына қол жеткізуді бағалау;
Тармақша 3
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын іске асырудың әлеуметтік-экономикалық әсерлерін бағалау;
Тармақша 4
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларын дамыту және жетілдіру міндеттерін айқындау мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді.
Тарау 3. 3-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
3-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 18. 18-бап. Қазақстан Республикасының ғылыми және (немесе)ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
18-бап. Қазақстан Республикасының ғылыми және (немесе)ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 19. 19-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
19-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.