Об установлении Перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно или на льготных условиях, за исключением инвалидов, а также размеров льгот Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектерді қоспағанда, дене
шынықтыру-сауықтыру қызметтерін
тегін немесе жеңілдікті шарттармен
пайдаланатын азаматтар санаттарының
тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін
белгілеу туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 48-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің аппарат басшысы Елена Ивановна Бородинаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Саран қаласы әкімдігінің
2015 жылғы « 6 » тамыздағы
қаулысына
№ 30/03 қосымша
Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін
тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері
№
р/н
Азаматтар санаты
Жеңілдіктер мөлшері
1.
7 жасқа дейінгі балалар
Тегін
2.
Көп балалы отбасыларынаң оқушы-балалар
Тегін
3.
Балалар үйлерінен оқушы – балалар
Тегін
4.
Спорт ардагерлері
Тегін
5.
Оқушылар
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдіктер
6.
Студенттер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдіктер
7.
Зейнеткерлер
Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдіктер
* Ескертпе: осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.