Правила лицензирования деятельности инвестиционных фондов в качестве субъектов инвестиционной деятельности на рынке ценных бумаг Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектiсi ретiнде инвестициялық қорлардың қызметiн лицензиялау қағидалары 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 21.08.2004 № 256 қаулысымен. Ескерту. Қағиданың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 82 қаулысымен. Осы Ережелер "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 06 наурыздағы заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 көкектегі "Лицензиялау туралы" заң күші бар жарлығына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектiсi ретiнде инвестициялық қорлардың қызметін лицензиялаудың және олардың қызметіне бақылау жасаудың тәртібін белгілейді. Ескерту. Кіріспе толықтырылды және өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 82 қаулысымен.
Тармақ 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталатын) инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектiсi ретiнде инвестициялық қорлардың қызметіне бақылау жасау мақсатында инвестициялық қорлардың қызметін лицензиялауды жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 82 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Инвестициялық қор бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтің субъектісі ретінде қызметін жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі "Лицензия" деп аталатын) алу үшін тек оның акцияларының эмиссиялары мемлекеттік тіркелгеннен және жарғылық капиталы инвестициялық қордың белгілі бір түрі үшін қолданылып жүрген заңмен белгіленген ең аз мөлшерде қалыптасқаннан кейін ғана өтінуге құқылы.
Тармақ 3
3. Лицензия тұрақты болып табылады және шектелмеген мерзімге беріледі.
Тармақ 4
4. Лицензияның аумақтық қолданылуы лицензиаттың және оның филиалының орналасқан жері - елді мекендердің аумақтарымен шектеледі. Осы тармақпен белгіленген шектеу қолданылып жүрген заңға сәйкес аударымдар операцияларын жүзеге асыруға уәкілетті ұйымдар (екінші деңгейдегі банктерді қоса) арқылы, олармен жасалынған келісімдердің негізінде лицензиаттың ақша тартқан жағдайларға қолданылмайды.
Тармақ 2. 2. ЛИЦЕНЗИАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
2. ЛИЦЕНЗИАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Тармақ 5
5. Лицензиат қызметі жүзеге аса бастаған барлық кезең ішінде Ұлттық комиссия белгілеген және:
Тармақша 1
1) лицензиаттың және оның әрбір филиалында қолданылып жүрген 1-ші санатты біліктілік куәліктерін иеленген (өзара қор үшін - қолданылып жүрген 1-ші және 2-ші санатты біліктілік куәліктерін иеленген), ең кемі үш маманның болу талабы. Жоғарыда аталған біліктілік куәліктерін: - лицензиаттың бірінші басшысы немесе оның бағалы қағаздар рыногының субъектілерімен (лицензиаттың акционерлерін қоса) өзара әрекеттестікті жүзеге асыруға жауапты орынбасары; - лицензиат филиалдарының басшылары немесе оның бағалы қағаздар рыногының субъектілерімен (лицензиаттың акционерлерін қоса) өзара әрекеттестікті жүзеге асыруға жауапты орынбасары; - лицензиаттың бағалы қағаздар рыногының субъектілерімен (лицензиаттың акционерлерін қоса) өзара әрекеттестікті жүзеге асыратын бөлімшелерінің басшылары; - лицензиаттың (лицензиат филиалының) бағалы қағаздар рыногындағы қызметі жөніндегі шешімдерді қабылдауға және орындауға қатысатын өзге де қызметкерлері міндетті түрде иеленулері керек;
Тармақша 2
2) лицензиаттың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшеріне және лицензиат үшін белгіленген пруденциялық нормативтерді сақтауға қойылатын талап;
Тармақша 3
3) лицензиаттың жарғылық капиталын тек ақшалай ғана төлеу талабы (инвестициялық жекешелендіру қорларын қайта құру нәтижесінде құрылған, оларға қатысты Ұлттық комиссия белгілеген нормалар қолданылатын инвестициялық қорларды қоспағанда);
Тармақша 4
4) лицензиаттың қызметін тиісті жағдайлармен қамтамасыз ететін (оның акционерлеріне қызмет көрсетуді қоса) үй-жайдың болу талабы;
Тармақша 5
5) лицензиатта лицензиаттың бағалы қағаздар рыногының субъектілерімен тиісті өзара әрекеттестіктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті бағдарламалық-техникалық құралдардың, кеңселік және телекоммуникациялық құрал-жабдықтардың болу талабы;
Тармақша 6
6) лицензиаттың қызметін ұйымдастыруды айқындайтын және оның ішінде қолданылып жүрген заңға сәйкес келетін фирмаішілік қаржылық және тәртіптік бақылау жүйесі жазылған лицензиат қызметінің регламентінің болу талабы;
Тармақша 7
7) лицензиат акцияларының эмиссияларын мемлекеттік тіркеу талабы;
Тармақша 8
8) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бекітілген, лицензиат акцияларының шығарылым және орналастыру қорытындылары туралы бекітілген есептің болу талабы енгізілген талаптарға сәйкес болуы керек.
Тармақ 3. 3. ЛИЦЕНЗИЯ АЛУ ҮШІН ҰСЫНЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАР
3. ЛИЦЕНЗИЯ АЛУ ҮШІН ҰСЫНЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАР
Тармақ 6
6. Инвестициялық қор лицензия алу үшін Ұлттық комиссияға мынадай құжаттарды ұсыну керек:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгідегі өтініш;
Тармақша 2
2) өтінушінің заңды тұлға ретіндегі қолданылып жүрген мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 3
3) өтінушінің статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 4
4) өтінушінің құрылтай құжаттарының оларға енгізілген барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Тармақша 5
5) инвестициялық декларацияның оларға енгізілген барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 6
6) өтінушінің бірінші басшысы және бас бухгалтері қол қойған және оның мөрімен куәландырылған аяқталған соңғы қаржы жылының және Лицензия алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның қаржылық есебінің құжаттары;
Тармақша 7
7) өтінушінің аяқталған соңғы қаржы жылының және Лицензия алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның қаржылық есеп берушiлiкке КСА/МСА13 нысаны бойынша аудиторлық есеп;
Тармақша 8
8) өтінушінің құқықтарды тіркеудің тәртібі заңмен арнаулы белгіленген мүлікке (бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік, автомобильдер және басқалар) құқықтарын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Тармақша 9
9) өтінушінің органдары туралы ақпарат және оның бөлімшелері туралы ережелер енгізілген өтінушінің ұйымдық құрылымы туралы мәліметтер;
Тармақша 10
10) өтінуші қызметінің оның инвестициялық қор басқарушысымен (бұдан әрі "Басқарушы компания" деп аталатын) бірлесіп әзірленген, тиісті жоспарлық-қаржылық құжаттар қоса берілген экономикалық негіздемесі (бизнес-жоспар);
Тармақша 11
11) өтінуші қызметкерлерінің аты-жөндері, сондай-ақ оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың күндері және нөмірлері көрсетілген штаттық кесте;
Тармақша 12
12) өтінушінің осы Ережелердің 5-тармағының 1-тармақшасында аталған қызметкерлерінің біліктілік куәліктерінің көшірмелері;
Тармақша 13
13) өтінушінің осы Ережелердің 5-тармағының 1-тармақшасында аталған қызметкерлерінің еңбек кітапшаларының көшірмелері (олар бар болса) немесе жеке еңбек шарттарының не жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың үзiндi-көшiрмелерiн;
Тармақша 14
14) Компания басқарушысының, өтінуші кастодианының және тіркеушісінің қызметіне бақылау жасаудың тәртібі сондай-ақ фирмаішілік қаржылық және тәртіптік бақылау жасаудың тәртібі туралы ережелер;
Тармақша 15
15) өтінушінің осы Ережелердің 5-тармағының 1-тармақшасында аталған қызметкерлерінің, олардың өкілеттіктері және міндеттері толық жазылған лауазымдық нұсқаулықтары;
Тармақша 16
16) үй-жайдың, бағдарламалық-техникалық құралдардың, кеңселік және телекоммуникациялық құрал-жабдықтардың бар болуы және олардың осы Ережелердің 5-тармағының 4 және 5-тармақшаларымен айқындалған талаптарға сәйкес екендiгi расталатын аудиторлық есеп;
Тармақша 17
17) өтінушінің филиалдарының орналасқан жерлерін көрсетіп филиалдары және қызметкерлердің аты-жөндерін және оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың күндерін және нөмірлерін көрсетіп филиалдың штаттық кестесін қоса беріп филиалдардың тізбесін;
Тармақша 18
18) өтінушінің филиалдарын есепке алуды тіркеу туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Тармақша 19
19) өтінушінің акцияларының эмиссияларын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;
Тармақша 20
20) қолданылып жүрген заңға сәйкес бекітілген, өтінушінің акциялар эмиссияларының шығарылымдарының және орналастырудың қорытындылары туралы есептің көшірмесі;
Тармақша 21
21) өтінушінің лицензиялық алымды төлегендігі туралы оның келіп түскендігі туралы белгімен төлем құжаттарының көшірмелері;
Тармақша 22
22) өтінушінің бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға соңғы берілген лицензиясын қоса берілген, Компания басқарушысымен жасасқан келісімінің көшірмесі;
Тармақша 23
23) өтінушінің бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға соңғы берілген лицензиясын қоса берілген, тіркеушімен жасасқан келісімінің көшірмесі;
Тармақша 24
24) өтінушінің кастодиандық жөніндегі қызметті жүзеге асыруға соңғы берілген лицензиясын қоса берілген, кастодианмен жасасқан келісімінің көшірмесі;
Тармақша 25
25) өтінушінің аудиторлық қызметті жүзеге асыруға соңғы берілген лицензияның көшірмесін қоса беріп, аудитормен жасасқан келісімінің көшірмесі. Осы тармақтың (9), (10), (14), (15), (17) тармақшаларында аталған құжаттар екі данада ұсынылады және тігілуі және мөрмен және бірінші басшының қолымен куәландырылуы керек. Осы тармақтың (12), (13), (22)-(25) тармақшаларында аталған құжаттар тігілуі және мөрмен және бірінші басшының қолымен куәландырылуы керек. 📌 Ескерту. 6-тармақтың 13)-тармақшасы толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 62 қаулысымен. Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 қаулысымен.
Тармақ 7
7. Ұлттық комиссия өтінушіден ол және оның қызметі туралы мәліметтерді осы Ережелердің 6-тармағында аталғандардан басқа құжаттарды ұсыну жолымен қосымша мәліметтерді ашуды талап етуге құқылы.
Тармақ 8
8. Ұлттық комиссияға осы Ережелердің 6 және 7-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттарға қол қойған тұлғалар осы құжаттардағы деректердің нақтылығы үшін заңмен белгіленген жауапкершілікте болады.
Тармақ 4. 4. ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАРАУ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИЯЛАР БЕРУ
4. ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАРАУ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИЯЛАР БЕРУ
Тармақ 9
9. Ұлттық комиссия осы Ережелердің 6-тармағында аталған барлық құжаттар болмаған жағдайда Лицензия беруге өтінішті қабылдамайды және қарамайды.
Тармақ 10
10. Лицензия алу үшін Ұлттық комиссия қабылдаған құжаттарды комиссия қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде қарайды. Осы Ережелердің 7-тармағына сәйкес қосымша құжаттар ұсынылған жағдайда қарау мерзімі жаңартылады.
Тармақ 11
11. Құжаттарды Ұлттық комиссияның ескертпелерімен пысықтап қайта ұсынған жағдайда өтінуші Ұлттық комиссияға соңғы өткен тоқсанның КСА/МАС13 үлгісі бойынша аудиторлық есеппен сәйкес қаржылық есеп беру құжаттарын ұсыну керек. Ескерту: 11-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 қаулысымен.
Тармақ 12
12. Өтінушінің Лицензия алуға ұсынған құжаттары қолданылып жүрген заңның және осы Ережелердің талаптарына сәйкес келген жағдайда оған Лицензия және Ұлттық комиссияның қойған белгісімен осы Ережелердің 6-тармағының (9), (10), (14), (15), (17) тармақшаларында аталған құжаттар (бір данада) беріледі. Лицензияны алысымен лицензиат өзінің қызметін тек қана аталған құжаттарға сәйкес жүзеге асыруға құқылы. Аталған құжаттарға лицензиат енгізген өзгерістер және толықтырулар Лицензия алуға өтінішті қарау үшін белгіленген мерзімде Ұлттық комиссияның бекітілуіне жатады және тек оларды бекіткендік туралы Ұлттық комиссияның жазбаша ескертпесін алғаннан кейін ғана күшіне енгізіледі.
Тармақ 13
13. Лицензия және оған осы Ережелердің 12-тармағына сәйкес қоса берілген құжаттар өтінушінің бірінші басшысына немесе өтінушінің тиісті үлгімен ресімделген сенімхатының негізінде кез-келген өзге тұлғаға беріледі.
Тармақ 5. 5. ЛИЦЕНЗИЯ БЕРГЕНДІК ҮШІН АЛЫМ
5. ЛИЦЕНЗИЯ БЕРГЕНДІК ҮШІН АЛЫМ
Тармақ 14
14. Лицензиялық алымның мөлшері және оны төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
Тармақ 6. 6. ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУДЕН БАС ТАРТУ ЖӘНЕ ОЛ ЖӨНІНДЕ ШАҒЫМ ЖАСАУ
6. ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУДЕН БАС ТАРТУ ЖӘНЕ ОЛ ЖӨНІНДЕ ШАҒЫМ ЖАСАУ
Тармақ 15
15. Лицензия:
Тармақша 1
1) өтінуші "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 6 наурыздағы заңымен айқындалған инвестициялық қор мәртебесіне сәйкес келмеген;
Тармақша 2
2) өтінуші жатқызылған ұйымдардың санатына бағалы қағаздар рыногында инвестициялық қызметті жүзеге асыруға заң түрінде тыйым салынған;
Тармақша 3
3) өтінуші осы Ережелердің 5-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
Тармақша 4
4) егер өтінушіге қатысты оған соттың бағалы қағаздар рыногында инвестициялық қызметтің субъектісі ретінде қызметпен шұғылдануға тыйым салатын шешімі болған;
Тармақша 5
5) Лицензия алу ұсынылған құжаттар тиісті үлгімен ресімделмесе не егер өтінуші Ұлттық комиссияға құжаттарды осы Ережелердің 7-тармағына сәйкес ұсынбаған;
Тармақша 6
6) Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарда нақты емес мәліметтер анықталған;
Тармақша 7
7) өтінуші лицензиялық алымды төлемеген жағдайларда берілмейді.
Тармақ 16
16. Лицензия беруден дәлелді жазбаша бас тарту өтінушіге Лицензия алу жөніндегі өтінішті қарау үшін белгіленген мерзімде берілуі керек.
Тармақ 17
17. Лицензия алу жөніндегі өтінішті қарау үшін белгіленген мерзім ішінде өтінушіге Лицензия берілмеген не ол алған Лицензия беруден бас тарту өтінушіге негізсіз берілген жағдайда, ол Ұлттық комиссияның әрекеті жөнінде сотқа шағымдануға құқылы.
Тармақ 7. 7. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫ ТОҚТАТУ
7. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫ ТОҚТАТУ
Тармақ 18
18. Лицензияны қолдану:
Тармақша а
а) лицензиаттың қызметі тоқтатылған;
Тармақша б
б) лицензия қайтарылып алынған жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 19
19. Лицензияның күші лицензиатты заңды тұлға ретінде ол "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 6 наурыздағы заңымен айқындалған инвестициялық қор мәртебесіне сәйкес келуін жалғастыру шартымен мемлекеттік қайта тіркеген кезде сақталады.
Тармақ 20
20. Лицензияны қолдануды тоқтатуға байланысты даулар сотпен шешілуге жатады.
Тармақ 8. 8. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫ ТОҚТАТА ТҰРУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЙТАРЫП АЛУ
8. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫ ТОҚТАТА ТҰРУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЙТАРЫП АЛУ
Тармақ 21
21. Лицензияны қолдану:
Тармақша а
а) Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарда нақты емес мәліметтер анықталған;
Тармақша б
б) лицензиат инвестициялық қордың қызметін реттейді заңды бұзған;
Тармақша в
в) Лицензиат осы Ережелердің 5-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда тоқтатыла тұрады.
Тармақ 22
22. Ұлттық комиссия тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып Лицензияны қолдануды алты ай мерзімге дейін тоқтата тұруға құқылы. Ұлттық комиссия лицензияны қолдануды тоқтата тұрудың себептерін жоюдың шектеулі мерзімін белгілеуге құқылы.
Тармақ 23
23. Лицензияны қолдану тоқтатыла тұрылған жағдайда лицензиат осындай тоқтатыла тұрудың себептерін жоюға міндетті. Лицензиаттың Лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы Ұлттық комиссияның жазбаша ескертпесін алғаннан кейінгі бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтің субъектісі ретіндегі қызметі заңсыз болып табылады және қолданылып жүрген заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
Тармақ 24
24. Лицензияны қолдануды тоқтата тұрудың себептері жойылғаннан кейін оны қолдану Ұлттық комиссияның жазбаша ескертпесінің негізінде жаңартылады.
Тармақ 25
25. Лицензия:
Тармақша а
а) Ұлттық комиссия Лицензияны тоқтата тұру үшін негіз болған себептерді лицензиат жоймаған;
Тармақша б
б) лицензиат қолданылып жүрген заңның талаптарына сәйкес келмеген;
Тармақша в
в) егер лицензиатқа қатысты соттың оған бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтің субъектісі ретінде қызметпен шұғылдануға тыйым салатын шешімі болған жағдайларда қайтарылып алынуы мүмкін.
Тармақ 26
26. Лицензия қайтарылып алынған жағдайда лицензиат Ұлттық комиссияның ресми жазбаша ескертпесін алған күннен бастап он күн ішінде оған Лицензияның түпнұсқасын және Ұлттық комиссияның қойған белгісімен осы Ережелердің 6-тармағының (9), (10), (14), (15), (17) тармақшаларында аталған құжаттарды қайтаруға міндетті.
Тармақ 27
27. Лицензияны қолдану тоқтата тұрылғанда немесе оны қайтарып алғанда лицензиатқа өз акцияларын сатуға немесе өзге де тәсілмен орналастыруға тыйым салынады.
Тармақ 28
28. Ұлттық комиссияның Лицензияны қолдануды тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу туралы шешімі жөнінде лицензиат сотқа шағымдануға құқылы. Ұлттық комиссияның Лицензияны қолдануды тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу туралы шешімі жөнінде сотқа шағымдану осындай шешімнің күшін тоқтатпайды.
Тармақ 9. 9. ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ САҚТАЛЫСЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
9. ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ САҚТАЛЫСЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАУ
Тармақ 29
29. Осы Ережелердің сақталысына бақылау жасауға:
Тармақша а
а) инвестициялық қорлардың қызметін реттейтін қолданылып жүрген заңдардың талаптарына лицензиаттың сәйкестігін тексеру;
Тармақша б
б) осы Ережелердің 5-тармағында белгіленген талаптарға лицензиаттың сәйкестігін тексеру;
Тармақша в
в) Ұлттық комиссия бекіткен, осы Ережелердің 6-тармағының (9), (10), (14), (15), (17) тармақшаларында аталған құжаттардың шарттарына лицензиат қызметінің сәйкестігін тексеру енгізіледі.
Тармақ 30
30. Ұлттық комиссия осы Ережелердің сақталысына бақылау жасауды лицензиаттарды тексерудің мерзімділігін және лицензиаттарды тексерістермен қамту белгіленетін жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Инвестициялық қорлардың қызметін реттейтін қолданылып жүрген заңдардың талаптарын лицензиаттың бұзуы туралы ақпарат келіп түскенде жоспардан тыс тексерістер жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 32
32. Тексерістердің нәтижелері актімен ресімделеді.
Тармақ 33
33. Лицензиат Ұлттық комиссияға мерзімді және қолданылып жүрген заң талаптарына сәйкес өзге де есеп беруге міндетті.
Тармақ 34
34. Лицензиат Ұлттық комиссияны лицензия алуға ұсынылған құжаттардағы кез-келген өзгерістер туралы мәліметтердегі өзгерістер болған күннен бастап 10 күн ішінде (осы Ережелердің 5-тармағының (1) тармақшасында аталған қызметкерлердің құрамындағы өзгерістерге қатысты - екі күн ішінде) жазбаша ескертуге міндетті.
Тармақ 35
35. Осы тармақта белгіленген талаптар осы Ережелердің 6-тармағының (9), (10), (14), (15), (17) тармақшаларында аталған, оларға қатысты осы Ережелердің 12-тармағының шарттары қолданылатын құжаттардағы мәліметтерге қолданылмайды.
Тармақ 36
36. Лицензиат Ұлттық комиссияға оның жазбаша талап ету бойынша осындай талап етуді алған күннен бастап он күн ішінде, егер Ұлттық комиссия талап етілген ақпаратты берудің аса ұзақ мерзімін белгілемесе, бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтің субъектісі ретінде өзінің қызметі туралы кез-келген ақпаратты беруге міндетті.