О внесении изменений в некоторые решения Восточно-Казахстанского областного маслихата Күшін жойған
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының кейбір шешімдеріне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1) «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 19/220-V шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3317, 2014 жылғы 26 мамырдағы № 58 (16995) «Дидар», 2014 жылғы 27 мамырдағы № 59 (19506) «Рудный Алтай» газеттерінде, 2014 жылғы 29 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
аталған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларында:
«Иттер мен мысықтарды асырау шарттары» 2 бөлімінде:
3-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес, бірнеше отбасы қоныстанған тұрғын үй-жайларда, тек өз тұрғын алаңында (пәтерде тұратын барлық тұрғындардың жазбаша келісімдерімен);»;
«4. Қорытынды ережелер» бөлімі алынып тасталсын;
2) «Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі № 29/363-V шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 4028, 2015 жылғы 21 шілдедегі № 81 (17170) «Дидар», 2015 жылғы 22 шілдедегі № 85 (19684) «Рудный Алтай» газеттерінде, 2015 жылғы 27 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
аталған шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларында:
«1. Жалпы ережелер» бөлімінде:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жоюдың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын сақтау мақсатында әзірленді.».
«2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою» бөлімінде:
3-тармақтың екінші бөлімі алынып тасталсын;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Жалпы пайдаланудағы қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда) адамдардың алып жүруінсіз жүрген иттер мен мысықтар, иелері байлап қалдырғандарынан басқа, қаңғыбас деп есептеліп, аулануға және жоюға жатады.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Қаңғыбас иттер мен мысықтар:
олардың санын реттеу:
иелеріне қайтару;
оларды орналастыру мақсатында ауланады.
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жансыздандыру дәрілік жолмен, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған препараттармен жүзеге асырылады.»;
«3. Осы Қағидаларды бұзғандық үшін жауапкершілік» бөлімі алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.