О государственном аудите и финансовом контроле Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бұзушылықтар – Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған мемлекеттік аудит объектілерінің актілеріне қайшы келетін іс-әрекеттер (әрекеттер немесе әрекетсіздік);
Тармақша 2
2) бұзушылықтар сыныптауышы – құқықтың бұзылған нормалары және оларға сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық түрлерi көрсетiле отырып, мемлекеттік аудит барысында анықталатын бұзушылық түрлерiнiң тiзбесiн, сондай-ақ осы бұзушылықтарды жою тәсiлдерiн қамтитын құжат;
Тармақша 3
3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын Ұлттық әл-ауқат қоры, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді заңды тұлғалар және Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, «Астана» халықаралық қаржы орталығы органдарының, олардың ұйымдарының және қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым, жоғары ғылыми ұйым;
Тармақша 4
4) кемшіліктер – бұзушылықтарға жол беру мүмкіндігіне жағдайлар (бұзушылықтардың туындау тәуекелін) жасайтын іс-әрекеттер (әрекеттер немесе әрекетсіздік);
Тармақша 5
5) қаржылық бақылау – мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған қызмет;
Тармақша 6
6) мемлекеттік аудит – тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген, бюджеттік қаражатты, мемлекет, мемлекеттік аудит объектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен, оның ішінде бюджетті атқаруға байланысты
басқа қызметпен
тартылатын қарыздарды басқару және пайдалану тиімділігін талдау, бағалау және тексеру;
Тармақша 7
7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілері) – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар;
Тармақша 8
8) мемлекеттік аудитор – мемлекеттік аудитті және (немесе) қаржылық бақылауды жүзеге асыратын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар мемлекеттік қызметші;
Тармақша 8-1
8-1) мемлекеттік аудитордың ассистенті – мемлекеттік аудитке қатысуға құқығы бар, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудиторлық қызмет саласында кәсіптік білімі бар мемлекеттік қызметші және мемлекеттік органның құзыреті шегінде өзге саладағы (қызмет аясындағы) маман;
Тармақша 9
9) мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары (бұдан әрі – Кәсіби әдеп қағидалары) –
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық
палатасы және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік аудиторлардың мінез-құлқының әдеп қағидаларының бірыңғай жиынтығы;
Тармақша 10
10) электрондық мемлекеттік аудит – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан жүзеге асырылатын мемлекеттік аудит.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасының күші Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, сондай-ақ оның шегінен тыс жерде әрекет ететін мемлекеттік аудит объектілеріне қолданылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық
палатасымен және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша осы органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Мемлекеттік аудит
3-бап. Мемлекеттік аудит
Тармақ 1
1. Мемлекеттік аудиттің мақсаты бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.
Тармақ 2
2. Субъектіге байланысты мемлекеттік аудит мынадай түрлерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) міндеттері халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың (қаржылық, табиғи, өндірістік, кадрлық, ақпараттық) тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру болып табылатын сыртқы мемлекеттік аудит;
Тармақша 2
2) міндеттері мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген түпкі нәтижелерге қол жеткізуін, қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен анықтығын, мемлекеттік аудит объектілері қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру болып табылатын ішкі мемлекеттік аудит.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік аудит мынадай типтерге бөлінеді:
Тармақша 1
1) қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалау;
Тармақша 2
2) тиімділік аудиті – мемлекеттік аудит объектісінің қызметін тиімділік, үнемділік, өнімділік және нәтижелілік нысанына бағалау және талдау;
Тармақша 3
3) сәйкестік аудиті – мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін сақтауын бағалау, тексеру.
Бап 3-1. 3-1-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы
реттеудің міндеттері
3-1-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы
реттеудің міндеттері
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы реттеудің міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметінің құқықтық негіздерін белгілеу;
Тармақша 2
2) мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мен бағыттарын айқындау болып табылады.
Бап 4. 4-бап. Мемлекеттік аудит көрсеткіштері
4-бап. Мемлекеттік аудит көрсеткіштері
Мемлекеттік аудиттің типіне қарай мынадай көрсеткіштер ескеріледі:
Тармақша 1
1) тиімділік – жоспарланған және алынған нәтижелердің оларға қол жеткізу үшін пайдаланылған ресурстар ескерілгендегі арақатынасы;
Тармақша 2
2) үнемділік – қызметтің бағаланатын нәтижелерінің тиісті сапасын сақтай отырып, осы нәтижелерге қол жеткізу үшін бөлінген ресурстардың құнын барынша азайту;
Тармақша 3
3) өнімділік – санын, сапасын және мерзімдерін ескере отырып бөлінген ресурстарды пайдалана отырып, экономика немесе жекелеген басқару саласы үшін барынша пайдалы нәтиже алу;
Тармақша 4
4) нәтижелілік – әрбір қызмет бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы;
Тармақша 5
5) мәнділік – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық және шаруашылық операцияларын жасауы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің талаптарынан ауытқу, сондай-ақ ең жоғары жол берілетін мөлшері мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне және көрсеткіштер санатына қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, қабылданатын шешімдерге ықпал ететін өзге де қателер;
Тармақша 6
6) перспективалық – жүргізілген шығыстардың белгіленген күтілетін кезеңге қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі.
Бап 5. 5-бап. Қаржылық бақылау
5-бап. Қаржылық бақылау
Тармақ 1
1. Қаржылық бақылауды осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету және (немесе) азайту, нұсқамаларды орындау және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту жолымен қалпына келтіруді қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың ден қою шаралары:
Тармақша 1
1) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері анықталған кезде материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға беру;
Тармақша 3-1
3-1) мемлекеттік аудит объектісі нұсқаманы орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге процестік шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына беру прокуратура органдары арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік аудит объектісі, мүдделерін аудиторлық іс-шаралар қозғаған кәсіпкерлік субъектілері және өзге де тұлғалар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелеріне шағым жасаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге процестік шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына беру дауларды реттеудің апелляциялық және (немесе) сот тәртібі сақталғаннан кейін прокуратура органдары арқылы жүзеге асырылады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) бұзушылықтардың ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген), анықталған сомаларын есепке алу бойынша көрсету және (немесе) азайту арқылы қалпына келтіру және нұсқаманы орындау мақсатында сотқа талап қоюды ұсыну болып табылады.
Тармақ 3
3. Ішкі аудит қызметтері мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге қылмыстық қудалау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға беру бойынша ден қою шараларын жүзеге асырады.
Бап 6. 6-бап. Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары
6-бап. Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары
Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары:
Тармақша 1
1) тәуелсіздік – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының тәуелсіздігіне қол сұғатын араласуға жол бермеу;
Тармақша 2
2) объективтілік – Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде объективті тәсілдерді қолдануы және мүдделер жанжалын болғызбау;
Тармақша 3
3) кәсіби құзыреттілік – мемлекеттік аудиторлардың білікті және сапалы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін білім мен дағдының қажетті көлемінің болуы, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, кәсіби әдеп қағидаларын сақтауы, сондай-ақ кәсіби борышын орындауы;
Тармақша 4
4) құпиялылық – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау барысында алынатын немесе өздері жасайтын құжаттарды үшінші тұлғаларға беру не онда қамтылған мәліметтерді ауызша жария ету құқығынсыз сақтау жөніндегі міндеттемесі;
Тармақша 5
5) анықтық – мемлекеттік аудит нәтижелерін аудиторлық дәлелдемелермен растау;
Тармақша 6
6) ашықтық – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін баяндаудың анықтығы;
Тармақша 7
7) жариялылық – құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін жариялау;
Тармақша 8
8) мемлекеттік аудит нәтижелерін өзара тану – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтаған жағдайда осы органдардың мемлекеттік аудит нәтижелерін тануы.
Бап 7. 7-бап. Бұзушылықтар сыныптауышы
7-бап. Бұзушылықтар сыныптауышы
Тармақ 1
1. Анықталған бұзушылықтарды сыныптау, сондай-ақ оларды жою нәтижелері туралы есептілікті қалыптастыру кезінде бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бұзушылықтар сыныптауышын қолданады.
Бұзушылықтар сыныптауышын
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық
палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата)
ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.
Тармақ 2
2. Бұзушылықтар сыныптауышы мыналарды да қамтиды:
Тармақша 1
1) бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды негізсіз және (немесе) мақсатсыз пайдалануға әкеп соққан қаржылық бұзушылықтар;
Тармақша 2
2) бюджет қаражатының, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың негізсіз пайдаланылуына әкеп соқпаған рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы бюджет өтелуге, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды беру және (немесе) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамасы және (немесе) сот шешімі негізінде есепке алу бойынша көрсету және (немесе) қаржыландыру жоспарын азайту жолымен қалпына келтірілуге жатады.
Бап 8. 8-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары
8-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары
Тармақ 1
1. Мемлекеттік аудитке және қаржылық бақылауға қойылатын талаптар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарында айқындалады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттары мыналарға бөлінеді:
Тармақша 1
1) халықаралық стандарттардың негізінде әзірленетін және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне қойылатын негіз қалайтын талаптарды қамтитын мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттары.
Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын
Жоғары аудиторлық палата әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуге (рәсіміне, тетігіне және әдістеріне) және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне қойылатын рәсімдік талаптарды қамтитын мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары, олар:
Жоғары аудиторлық палата мен ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары;
Жоғары аудиторлық палата әзірлейтін және бекітетін сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары болып бөлінеді. Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын әзірлеу мен бекіту тәртібін
Жоғары аудиторлық палата айқындайды;
Жоғары аудиторлық палатамен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттары болып бөлінеді.
Тиімділік өлшемшарттары сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен аудит объектісінің қызметін алдын ала зерделеу кезеңінде аудит объектісімен талқыланады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, мемлекеттік аудит жүргізуге тартылған жеке және заңды тұлғалар қолдануға міндетті.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ішкі аудит стандарттары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленеді және бекітіледі.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдағы ішкі аудит стандарттарын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Тарау 2. 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 9. 9-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеу
9-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі,
Жоғары аудиторлық палата
және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бап 10. 10-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесі
10-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесін:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын
Жоғары аудиторлық палата;
Тармақша 2
2)
астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың тексеру комиссиялары (бұдан әрі – тексеру комиссиялары);
Тармақша 3
3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың,
астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері;
Тармақша 5
5) көзделген штат саны шеңберінде бірінші басшының қалауы бойынша құрылатын орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметтері;
Тармақша 6
6) штат саны шеңберінде бірінші басшының ұйғаруы бойынша құрылатын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық бағынысты аумақтық органдарының ішкі аудит қызметтері құрайды.
Тармақ 1-1
1-1. Ішкі аудит қызметтері Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратында, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратында, Жоғары аудиторлық палатада, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде құрылмайды.
Тармақ 2
2.
Жоғары аудиторлық палата және тексеру комиссиялары сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары болып табылады.
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметтері ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары болып табылады.
Тармақ 3
3. Ішкі аудит қызметтері заңды тұлғалар болып табылмайды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі ішкі аудит Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдағы ішкі аудит ішкі аудит стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 11. 11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Бап 12. 12-бап. Жоғары аудиторлық палатаның құзыреті
12-бап. Жоғары аудиторлық палатаның құзыреті
Тармақ 1
1.
Жоғары аудиторлық палата мыналардың:
Тармақша 1
1) өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылатын, есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес республикалық бюджетті жоспарлаудың және атқарудың;
Тармақша 2
2) мемлекеттік аудит объектілері қызметінің;
Тармақша 3
3) республикалық бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын іске асырудың;
Тармақша 4
4) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының іске асырылуының;
Тармақша 5
5) квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке алғандағы саласының, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік және басқа да салаларының дамуына әсерінің;
Тармақша 5-1
5-1) бюджеттен тыс қорлардың;
Тармақша 6
6) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты қалыптастырудың және басқарудың;
Тармақша 7
7)
заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді, байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды және мемлекет активтерін пайдаланудың;
Тармақша 8
8) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігінің, олардың іске асырылуының және жүзеге асыруы тиімділігінің;
Тармақша 9
9) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуға бөлінген (жұмсалған) ұлттық қаржы ресурстарының мөлшері мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырманы бағалауды қоса алғанда, баға белгілеудің;
Тармақша 10
10) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың;
Тармақша 11
11) салықтық және кедендік әкімшілендірудің;
Тармақша 12
12) шарттардың;
Тармақша 13
13) қоршаған ортаны қорғау саласындағы;
Тармақша 14
14) ақпараттық технологиялар саласындағы тиімділігіне аудитті жүзеге асырады.
Тармақ 2
2.
Жоғары аудиторлық палата мыналарға:
Тармақша 1
1) республикалық бюджет қаражаты мен ұлттық ресурстарды пайдалану бойынша мемлекеттік аудит объектілері қызметіне;
Тармақша 2
2) мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына;
Тармақша 4
4) республикалық бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығына және уақтылығына, сондай-ақ республикалық бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазу дұрыстығына;
Тармақша 5
5) мемлекеттік төтенше бюджеттің атқарылуына;
6) республикалық бюджет қаражатын, оның ішінде заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді, нысаналы трансферттер мен кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын қаржыландыруға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастыруға және пайдалануға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша ғана Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін пайдалануға, зейнеткерлік активтерін сенімгерлік басқаруға;
Тармақша 8-1
8-1) бюджеттен тыс қорларға;
Тармақша 9
9) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өздеріне бөлінген республикалық бюджет қаражатын қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкес пайдалануына сәйкестік аудитін жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Жоғары аудиторлық палата республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді.
Тармақ 4
4.
Жоғары аудиторлық палата:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) сыртқы мемлекеттік аудит жүргізумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 4
4) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық есептерін сұратады және талдайды әрі мемлекеттік аудит сапасын арттыру жөнінде ұсынымдар береді;
Тармақша 5
5) бюджет қаражатын,
оның ішінде заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді,
кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына және осы Заңға сәйкес жүргізілетін аудит нәтижелерін бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында талдау және зерттеулер жүргізеді, әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, мемлекеттік аудит саласында оқыту бағдарламаларын іске асырады;
Тармақша 7
7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес, сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларға кандидаттардың білімін растау жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді, оның ішінде онда мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша қабылданатын құжаттардың,
Жоғары аудиторлық палата мен тексеру комиссияларының тиісті құжаттарда қолданылатын логотиптерінің нысандары қамтылады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларына және мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларына бағалау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 11
11) мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 12
12) тексеру комиссиялары туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 13
Тармақша 14
14)
Жоғары аудиторлық палата туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге енгізеді;
Тармақша 14-1
Тармақша 15
15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүйесіне кіретін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның, ішкі аудит қызметтерінің тәуекелдерді басқару жүйесін үйлестіреді;
Тармақша 16
16) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен, өзге де мемлекеттік органдармен, мемлекеттік аудит объектілерімен ақпарат алмасу, сондай-ақ электрондық мемлекеттік аудит жүргізу мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорды дамытуды, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын, оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізеді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін әзірлейді және келіседі;
Тармақша 18
18) сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдарының жұмысын үйлестіру үшін, оның ішінде басқа да мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша құқықтық актілер қабылдайды;
Тармақша 19
19) құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, өз қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады;
Тармақша 20
20) тексеру комиссияларына әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 21
21) орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауда тексеру комиссияларының атынан олардың мүддесін білдіреді;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша
астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың мәслихаттарына тексеру комиссиясының төрағасын тағайындауға ұсыныс енгізеді;
Тармақша 22-1
22-1) ревизиялық комиссиялардың төрағасы мен мүшелері лауазымдарына кандидаттарды іріктеу тәртібі мен оларды бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
22-2) ревизиялық комиссия мүшелерін лауазымға тағайындауды және оларды лауазымнан босатуды келіседі;
Тармақша 23
23) өздері қабылдаған актілердің мерзімдік жинақтарын, бюллетеньдер, журналдар және басқа да басылымдар шығарады;
Тармақша 24
24) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 24-1
Тармақша 25
25) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Жоғары аудиторлық палата жергілікті бюджет қаражатына мынадай негіздер бойынша:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардың, ревизиялық комиссиялардың, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша;
Тармақша 3
3) құқық қорғау органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының ақпараты бойынша аудит жүргізуге құқылы.
Тармақ 6
6. Осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жергілікті бюджет қаражатына аудит жүргізу туралы шешім кейіннен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі хабардар етіле отырып, Жоғары аудиторлық палатаның отырысында көпшілік дауыспен қабылданады.
Тармақ 7
7. Жоғары аудиторлық палата заңды күшіне енген сот актілері бар аудит материалдарын қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларын мынадай негіздер бойынша:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша;
Тармақша 2
2) Жоғары аудиторлық палатаның шешімі бойынша қайта қарауға құқылы.
Тармақ 8
8. Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы туралы тоқсан сайын берілетін ақпарат шеңберінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары аудитінің қорытындыларын қайта қараудың жүргізілгені туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне хабар беріледі.
Бап 13. 13-бап. Тексеру комиссиясының құзыреті
13-бап. Тексеру комиссиясының құзыреті
Тармақ 1
1. Тексеру комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мыналардың:
Тармақша 1
1) өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылатын есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджетті жоспарлаудың және атқарудың;
Тармақша 2
2) байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды және мемлекет активтерін пайдаланудың;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке алғандағы саласының, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына әсерінің;
Тармақша 4
4) тиісті бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуының;
Тармақша 5
5) жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігінің, олардың іске асырылуының және жүзеге асырылу тиімділігінің;
Тармақша 6
6) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуға бөлінген (жұмсалған) жергілікті қаржы ресурстарының мөлшері мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырманы бағалауды қоса алғанда, баға белгілеудің;
Тармақша 7
7) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың;
Тармақша 8
8) салықтық әкімшілендірудің;
Тармақша 9
9) шарттардың;
Тармақша 10
10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы;
Тармақша 11
11) ақпараттық технологиялар саласындағы;
Тармақша 12
12) мемлекеттік аудит объектілері қызметінің тиімділік аудитін жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Тексеру комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде мыналарға:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығына;
Тармақша 4
4) жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға;
Тармақша 5
5) жергілікті бюджеттен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өздеріне бөлінген қаражатты қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкестігі бойынша пайдалануына сәйкестік аудитін жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Тексеру комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді.
Тармақ 4
4. Тексеру комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қолдануды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) сыртқы мемлекеттік аудит жүргізумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымдары адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша лауазымды адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы оларды тағайындаған адамдарға ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 5
5) лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша, сондай-ақ тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша мәслихатқа ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 6
6) құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, өз қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 14. 14-бап. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
14-бап. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізеді;
Тармақша 1-1
1-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайынғы аудит жүргізуге қатысу үшін орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен,
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімімен келісу бойынша ішкі аудит қызметін тартады;
Тармақша 2
2) мыналардың:
техникалық-экономикалық негіздемені, қаржылық-экономикалық негіздемені және бюджеттік инвестициялардың сметалық құнын түзетуге байланысты шығыстарға;
республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының, кредиттердің, байланысты гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздардың пайдаланылуына, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекет кепілгерлігімен және кепілдігімен тартылатын қарыздарды алу шарттарын сақтауына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылуына, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері деректерінің мониторингі нәтижелері бойынша;
мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына, бюджеттік кредиттер беруге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктердің және мемлекет кепілгерліктерінің атқарылуын қаржыландыруға, сондай-ақ олардың пайдаланылуына;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерінің сақталуына;
тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет туралы заңнамаларының сақталуына сәйкестік аудитін жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) осы Заңда және камералдық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен камералдық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3-1
3-1) қаржылық есептілік бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі алдында өз қызметінің нәтижелері туралы жыл сайын есеп береді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесіне кіретін ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру мақсатында:
ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек ұсынуды қамтамасыз етеді;
ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша ішкі аудит қызметтерінің есепті ақпаратына талдау жүргізеді;
ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізеді;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу үшін тәуекелдерді басқару жүйесі ұсынған тәуекелі бар объектілер бойынша ішкі аудит қызметтеріне ақпарат жібереді;
ішкі аудит қызметтерінің жұмысы туралы жыл сайынғы есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
мемлекеттік органдардың басшыларына ішкі аудит қызметтері басшыларының, мемлекеттік аудиторларының жауаптылығын қарау туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес, ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларға кандидаттардың білімін растау жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
Тармақша 7
Тармақша 8
8)
Жоғары аудиторлық палатамен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9
9) камералдық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10
10) тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-1
10-1)
Жоғары аудиторлық палатамен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру үшін, оның ішінде басқа мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл жөнінде құқықтық актілер қабылдайды;
Тармақша 11
11) ішкі мемлекеттік аудит жүргізумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының тиісті ақпараттарын тыңдайды;
Тармақша 11-1
11-1) электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 11-2
11-2) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 12
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 15. 15-бап. Ішкі аудит қызметінің құзыреті
15-бап. Ішкі аудит қызметінің құзыреті
Ішкі аудит қызметі:
Тармақша 1
1) орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен,
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімімен келісілген, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін, құрамына осы ішкі аудит қызметі кіретін мемлекеттік органның қаржылық есептілігінің аудитіне қатысады;
Тармақша 2
2) мыналарға:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша;
астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері үшін – жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша тиімділік аудитін жүргізеді;
Тармақша 3
3) мыналарға:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері үшін – жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі процестердің (бизнес-процестердің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) бюджет шығыстарымен өзара байланыстыра отырып, мемлекеттік органның,
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдайды;
Тармақша 4-1
4-1) республикалық және коммуналдық активтер мен мүліктің сақталуына тексеру жүргізеді;
Тармақша 5
5) мыналарға:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері үшін – жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізеді;
Тармақша 6
6) мемлекеттік сатып алуды жүргізу және шарттар талаптарының орындалу рәсіміне, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімі, көлемі, бағасы, саны және сапасы бойынша сәйкестік аудитін жүргізеді;
Тармақша 7
7) тиісті мемлекеттік органдағы тауар-материалдық запастардың және өзге де активтердің сақталуын тексеруді жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) ішкі мемлекеттік аудит жүргізумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларға жол бермеу жөніндегі, анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік органның қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдармен бірге ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есепті мемлекеттік органның басшысына енгізеді;
Тармақша 10
10) жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға тоқсан сайын жібереді;
Тармақша 11
11) орталық мемлекеттік органның басшысы немесе
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі үшін жылдық жұмыс жоспарларының орындалу мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) орталық мемлекеттік органның басшысы немесе
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның алдында атқарылған жұмыс туралы жыл сайын есеп береді;
Тармақша 13
13) мыналарға:
орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері үшін – жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімшілік бағынысты аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында ақпараттық жүйелердің деректерін талдауды жүзеге асырады.
Егер тиісті объектілер Жоғары аудиторлық палатаның, тексеру комиссияларының және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізілмесе, ішкі аудит қызметтері орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының,
астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізеді.
Бап 16. 16-бап. Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес
16-бап. Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес
Ішкі мемлекеттік аудит шеңберінде мемлекеттік органның қызметін жетілдіру мақсатында мемлекеттік органның бірінші басшысы,
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі басқаратын консультативтік-кеңесші орган – Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес құрылады.
Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері, қызметін ұйымдастыру тәртібі ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалады.
Тарау 3. 3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ РӘСІМДІК НЕГІЗДЕРІ
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ РӘСІМДІК НЕГІЗДЕРІ
Бап 17. 17-бап. Мемлекеттік аудитті жүргізу рәсімі
17-бап. Мемлекеттік аудитті жүргізу рәсімі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік аудит мынадай өзара байланысты кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде мемлекеттік аудит ұйымдастыруды көздейтін тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру;
Тармақша 2
2) жеке мемлекеттік аудитті жоспарлау және оны жүргізу. Жеке мемлекеттік аудит жоспарланған кезде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің
116-бабына сәйкес жүргізілетін ағымдағы бақылау нәтижелері ескеріледі;
Тармақша 3
3) мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау және құжаттар жасау.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік аудит жүргізу мерзімін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы мемлекеттік аудиттің типіне, алдағы жұмыстардың көлемдеріне, мемлекеттік аудитпен қамтылатын қаражат көлемдеріне, мемлекеттік аудит объектілерінің санына қарай, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің тиісті қағидаларында көзделген шеңберде белгілейді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы мемлекеттік аудитордың жазбаша өтінішхаты бойынша мемлекеттік аудит жүргізу мерзімін ол аяқталғанға дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне тиісті өзгерістер енгізе отырып ұзартуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік аудит шеңберінде мынадай тексерулер жүргізіледі:
Тармақша 1
1) үстеме тексеру – тексеріліп отырған мәселе шеңберінде, негізгі мемлекеттік аудит объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін, үшінші тұлғаларды тексеру. Үшінші тұлғалар ретінде бюджетке түсетін түсімдерді қалыптастыруға қатысатын және (немесе) бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, байланысты гранттарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдаланатын, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқару мен пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін;
Тармақша 2
2) бірлескен тексеру – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен және (немесе) мемлекеттік органдармен, оның ішінде басқа елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдарымен келісілген мерзімдерде бірыңғай бағдарлама және мемлекеттік аудит тобы шеңберінде бірлесіп жүргізілетін тексеру, оның нәтижелері бойынша бірыңғай қорытынды құжат қабылданады;
Тармақша 3
3) қатар тексеру – кейіннен тексерулер нәтижелерімен алмаса отырып, басқа мемлекеттік органдар, оның ішінде басқа елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдары келісілген мәселелер мен жүргізу мерзімдері бойынша дербес жүргізетін тексеру.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарында қызметтің жекелеген салаларына тексеруді ұйымдастыру және оны жүргізу тәртібінің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде электрондық мемлекеттік аудит жүргізуге жол беріледі.
Бап 18. 18-бап. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру
18-бап. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру
Тармақ 1
1. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру тәуекелдерді басқару жүйелері – мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады, бұлардың негізінде оларды мемлекеттік аудитпен барынша қамту мақсатында мемлекеттік аудит объектісін белгілі бір тәуекел тобына жатқызу туралы шешім қабылданады.
Тәуекелдерді басқару жүйесі
Жоғары аудиторлық палата мен ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп белгілейтін бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерге негізделеді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметі оларға жүктелген міндеттер мен өкілеттіктердің іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында өздерінің бірінші басшылары бекітетін мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ішкі аудит қызметтерінде мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдарда – ішкі аудит қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы;
астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарында
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі бекітеді.
Мыналардың:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын және
Жоғары аудиторлық палата Төрағасының бастамаларын қоспағанда,
Жоғары аудиторлық палатаның;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларына негізделген
Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салуларын, тиісті мәслихаттардың шешімдерін және тексеру комиссиясы төрағасының бастамаларын қоспағанда, тексеру комиссияларының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 3
3.
Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің уәкілеттік берілген адамдарының тапсырмалары міндетті түрде қаралуға және есепке алынуға жатады.
Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің уәкілеттік берілген адамдарының тапсырмалары,
Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салулары міндетті түрде қаралуға және есепке алынуға жатады.
Тармақ 4
4.
Жоғары аудиторлық палатаның және тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелерін қалыптастыру кезінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың ұсыныстарына талдау жасалады, олардың орындылығы мен өзектілігін қарау үшін
Жоғары аудиторлық палатаның немесе тиісті тексеру комиссиясының отырысына талқылауға шығарылады.
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің уәкілеттік берілген адамдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар, прокуратура және қылмыстық қудалау органдарының сұрау салулары міндетті түрде қаралуға және есепке алынуға жатады.
Тармақ 5
5. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның жоспардан тыс аудиті:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша;
Тармақша 1-1
1-1) Қазақстан Республикасы
Құрылтайы депутаттарының жолданымдары бойынша;
Тармақша 2
2) техникалық-экономикалық негіздемені, қаржылық-экономикалық негіздемені және бюджеттік инвестициялардың сметалық құнын түзетуге байланысты мәселелер бойынша;
Тармақша 3
3) тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланыла отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері деректерінің мониторингі нәтижелері бойынша;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша, тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдарды қарау шеңберінде қараған мәселелерді (дәлелдерді) қоспағанда, оларда жазылған мәселелер бойынша ғана жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі, есепті жылда олардың әкімшілік-аумақтық бірлігінде сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен, оның ішінде тиісті облыстың құрамына кіретін аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен қаржыландырылатын және (немесе) қаражат алатын мемлекеттік аудит объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарын және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ететін басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарды қамтиды.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналып, бекітілген тізбелері мен оларға өзгерістер бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
Тармақ 8
8.
Жоғары аудиторлық палата, тексеру комиссиясы, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік аудитті жүргізу үшін мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын (олардың келісімі бойынша), сондай-ақ қажет болған кезде аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды олар көрсететін қызметтеріне тиісті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ақы төлей отырып, тартуға құқылы.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын, есептілікті орналастыруға, сондай-ақ келісілген мерзімдерде мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелері туралы олар бекітілгенге дейін ақпарат алмасуды жүзеге асыруға міндетті.
Тексерулердің қайталануын болғызбау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелерін және оларға өзгерістерді өзара келісуге міндетті.
Жоғары аудиторлық палата бекіткен мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне енгізілген мемлекеттік аудит объектілерінде осы Заңның 15-бабының және осы баптың 5-тармағының ережелерін қоспағанда, жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізуге жол берілмейді.
Тармақ 10
10. Ішкі аудит қызметтерін қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тексерулерді тіркеуді жүзеге асырады.
Бап 19. 19-бап. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану
19-бап. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану
Тармақ 1
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осы баптың 2 – 5-тармақтарына сәйкес басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін, егер оларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес заңсыз деп танымаса, таниды.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның сапаны бақылауынан өткен ішкі аудит қызметтерінің сәйкестігіне мемлекеттік аудиттің нәтижелерін таниды.
Тармақ 2
2. Жоғары аудиторлық палата тексеру комссиялары, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметтері мемлекеттік аудитінің нәтижелерін тану үшін олардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылау жүргізеді.
Тармақ 3
3. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган, егер Жоғары аудиторлық палата, ревизиялық комиссиялар және ішкі аудит қызметтері жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сай емес деп танымаса, оларды таниды.
Тармақ 4
4. Ревизиялық комиссия, егер
Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін
Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сай емес деп танымаса, оларды таниды.
Тармақ 5
5. Ревизиялық комиссия, егер ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметтері жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін
Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сай емес деп танымаса, оларды таниды.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік аудит нәтижелері танылған жағдайларда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит материалдарын негізге ала отырып, мемлекеттік аудит көлемін қысқартады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бірыңғай дерекқорына тиісті ақпаратты енгізе отырып, мемлекеттік аудитті жүргізген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органын және мемлекеттік аудит объектісін басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін танымау фактісі туралы хабардар етеді.
Бап 20. 20-бап. Аудиторлық дәлелдемелер
20-бап. Аудиторлық дәлелдемелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталатын бұзушылық пен кемшілік фактілері аудиторлық дәлелдемелерге және (немесе) өзге құжаттар мен ақпаратқа негізделеді.
Тармақ 2
2. Аудиторлық дәлелдемелер мемлекеттік аудиторлардың жұмыстағы бұзушылықтардың және кемшіліктердің болуын немесе болмауын анықтауына негіз болатын, заңдылығы, анықтығы және қолжетімділігі ескерілген нақты деректер, сондай-ақ аудиторлық есепте жазылған фактілерді растайтын өзге материалдар болып табылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қорытындылар, ұсынымдар мен тапсырмалар қалыптастыруға негіз болатын аудиторлық дәлелдемелер оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес объективті, анық және жеткілікті болуға тиіс.
Тармақ 4
4. Аудиторлық дәлелдемелердің негізі тікелей мемлекеттік аудит объектісінде жиналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, басқа да анық көздерден алынған құжаттар (материалдар мен ақпарат) болып табылады.
Мемлекеттік аудитор квазимемлекеттік сектор субъектілеріне аудит кезінде, оның ішінде іс-шаралар жоспарларының, даму жоспарларының орындалуы туралы есептен ақпаратты, сондай-ақ аудиттің халықаралық стандарттарының талаптарына және Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудиторлық ұйым жасаған аудиторлық есепті, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытындыны пайдалануға құқылы.
Тармақ 5
5. Құжаттарда жазбаша, сол сияқты өзге де нысанда тіркелген мәліметтер қамтылуы мүмкін. Құжаттарға, оның ішінде түсініктемелер, қаржылық және өзге де құжаттар, түгендеу актілері, анықтамалар, бақылап өлшеу актілері, сондай-ақ электрондық ақпаратты, фотосуреттерді қамтитын материалдар жатады.
Тармақ 6
6. Аудиторлық дәлелдемелерді жинау кезінде мемлекеттік аудиторлар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін аудиторлық дәлелдемелерді жинаудың барлық қолжетімді құралдарын пайдаланады. Аудиторлық дәлелдемелерді жинау жалпылама немесе іріктеу әдісімен жүзеге асырылады.
Бап 21. 21-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының талаптары
21-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының талаптары
Тармақ 1
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өз құзыреті шегінде берген талаптары мемлекеттік аудит объектілерінің орындауы үшін міндетті.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының талабы бойынша мемлекеттік аудит объектілері, лауазымды адамдар, жеке және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) ведомстволық ақпараттық жүйелер деректерінің құрамы мен форматтары туралы сұралатын мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүзеге асыру, бюджет жобасын алдын ала бағалау, кейіннен бағалау қорытындылары бойынша қорытындылар және бюджеттің атқарылуын ағымдағы бағалау бойынша есепті ақпарат дайындау үшін, оның ішінде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит саласында зерттеулер жүргізу үшін қажетті құжаттаманы және ақпаратты өтеусіз беруге;
Тармақша 2
2) қажетті материалдарды (дәлелдемелерді): мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыруға және оны мемлекеттік аудит объектісіне шықпай жүргізуге байланысты мәселелер бойынша анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты мәселелер бойынша – бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынуға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және өзге де ақпараттық жүйелерге мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті қолжетімділікті ұсынуға міндетті.
Тармақ 3
3. Талап етілетін ақпарат мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына сұратылатын нысандарда, тәртіпте, сондай-ақ осы Заңда белгіленген мерзімдерде беріледі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына міндеттерін орындауға жәрдем көрсетеді, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтай отырып, олардың сұрау салулары бойынша өздері жүргізген тексерулердің нәтижелері туралы ақпарат береді.
Бап 22. 22-бап. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттар
22-бап. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттар
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мынадай құжаттарды қабылдайды:
Тармақша 1
1) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп – мемлекеттік аудитті тікелей жүргізген мемлекеттік аудиторлар жасаған, қаржылық есептіліктің анықтылығы, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы жазбаша нысанда білдірілген пікірді қамтитын құжат;
Тармақша 2
2) аудиторлық есеп – мемлекеттік аудитті тікелей жүргізген мемлекеттік аудиторлар жасаған, белгілі бір уақыт кезеңі үшін жүргізілген тиімділік аудитінің және (немесе) сәйкестік аудитінің нәтижелерін қамтитын құжат;
Тармақша 3
3) аудиторлық қорытынды – аудиторлық есептер және (немесе) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есептер негізінде жасалатын, тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтитын және өз өкілеттіктері шегінде
Жоғары аудиторлық палатаның, тексеру комиссиясының қаулысымен, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітілетін құжат;
Тармақша 4
4) ішкі аудит нәтижелері туралы есеп – ішкі аудит қызметі жасаған жұмыс тиімділігін арттыру, мемлекеттік аудит объектісі қызметінің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ішкі рәсімдерді, қағидаларды, процестерді жақсарту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын, орталық мемлекеттік органның бірінші басшысына немесе
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкіміне және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын құжат.
Мемлекеттік аудитордың ассистенті мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша құжаттарға (аудиторлық есепке) қол қоймайды.
Бап 23. 23-бап. Қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есептің ерекшеліктері
23-бап. Қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есептің ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Шоғырландырылған немесе жекелеген қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша:
Тармақша 1
1) елеулі қателер болмаған кезде – қаржылық есептілік жөніндегі оң аудиторлық есеп;
Тармақша 2
2) елеулі қателер анықталған кезде – қаржылық есептілік жөніндегі ескертпесі бар аудиторлық есеп қабылданады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік аудит объектісінде бухгалтерлік есеп жүргізілмеген не бухгалтерлік құжаттар жоғалған жағдайларда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы мемлекеттік аудит объектісінің басшысына және мемлекеттік аудит объектісіне басшылықты немесе оны басқаруды жүзеге асыратын жоғары тұрған органға осы жұмыстың аяқталу мерзімін анықтай отырып, мемлекеттік аудит объектісінде бухгалтерлік есепті қалпына келтіру туралы талаппен нұсқама жібереді және мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне тиісті өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік аудитті уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте жекелеген қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша мемлекеттік аудитор пікірін білдіруден бас тарта отырып, аудиторлық есеп береді.
Бап 24. 24-бап. Сапа бақылауы
24-бап. Сапа бақылауы
Тармақ 1
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының басшылары өз қызметі барысында мемлекеттік аудиторлар және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдары жасайтын құжаттарға тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің тиісті қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан тұрақты тексеру және (немесе) талдау жүргізу арқылы сапаны бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық қызметінің барлық кезеңі, мемлекеттік аудиторлардың бүкіл қызметі сапаны бақылауға жатады.
Тармақ 3
3. Сапа бақылауын жүргізу қажеттілігі мен мерзімділігі, оның ішінде мемлекеттік аудит нәтижелерін қайта тексеру қажеттілігі, сондай-ақ сапа бақылауының жеделдігі мен нәтижелігін қамтамасыз ету мақсатында оны жүргізу мерзімдері мен ұзақтығы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің тиісті қағидаларында айқындалған тәртіппен айқындалады.
Бап 25. 25-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттардың мониторингі
25-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттардың мониторингі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары өздері аудиторлық қорытындыда берген ұсынымдардың және міндетті түрде орындалуға бағытталған нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Ұсынымдардың қаралу нәтижелері туралы және нұсқамалардың орындалуы туралы ақпаратты мемлекеттік аудит объектісі және өзге де мүдделі тұлғалар растау құжаттарын қоса бере отырып, тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына тиісті құжаттарда көрсетілген мерзімдерде жіберуге міндетті.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының нұсқамаларын орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылықта болады.
Тарау 4. 4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗГЕ ДЕ БАҒЫТТАРЫ
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗГЕ ДЕ БАҒЫТТАРЫ
Бап 26. 26-бап. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының сараптамалық-талдау қызметі
26-бап. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының сараптамалық-талдау қызметі
Тармақ 1
1. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдарының сараптамалық-талдау қызметі сараптамалық-талдау іс-шараларын, сондай-ақ бюджетті алдын ала, ағымдағы және кейіннен бағалауларды жүргізу түрінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2.
Жоғары аудиторлық палата республикалық бюджетке қатысты, сондай-ақ республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асырады, жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы ақпаратты жинақтап қорытады.
Тармақ 3
3. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте құрылған ревизиялық комиссиялар аумақтарында өздері жұмыс істейтін облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне, сондай-ақ аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке қатысты сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізу үшін
Жоғары аудиторлық палата бюджеттен бөлінген қаражат шегінде зерттеулер жүргізу үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.
Тармақ 5
5.
Жоғары аудиторлық палата, ревизиялық комиссиялар тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген, бюджетті жоспарлау мен атқарудың, бюджет қаражатын, мемлекеттің (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін қоспағанда) және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдаланудың, Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асырудың тиімділігін талдау, бағалау,сондай-ақ олардың экономиканың (немесе экономиканың жекелеген саласының), әлеуметтік саланың дамуына әсерін зерттеу нысанында сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізеді. Сараптамалық-талдау іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
Жоғары аудиторлық палата бекіткен, сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалады.
Жоғары аудиторлық палата, ревизиялық комиссиялар мемлекеттік аудит объектісін сараптамалық-талдау іс-шарасының жүргізілетіні туралы хабардар етеді және шешімі ұсынымдық сипатта болатын оның нәтижелерін мемлекеттік аудит объектісімен талқылайды.
Бұл тәртіп бюджетті ағымдағы және кейіннен бағалауларға қолданылмайды.
Бап 27. 27-бап. Республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау
27-бап. Республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау
Тармақ 1
1. Жоғары аудиторлық палата Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалауды оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Республикалық бюджет жобасын оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау республикалық бюджет жобасы шығыстарының елдің жалпыұлттық басымдықтарына, республикалық бюджет шығыстарының басым бағыттарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және орталық мемлекеттік органдардың өзге де құжаттарын бағалау нәтижелеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне Жоғары аудиторлық палата берген тұжырымдар мен ұсынымдарға сәйкестігі тұрғысынан жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау нәтижелері Қазақстан Республикасының Үкіметі Жоғары аудиторлық палатаға республикалық бюджет жобасын енгізген күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне және
Қазақстан Республикасының Құрылтайына ұсынылады.
Тармақ 4
4. Алдын ала бағалау нәтижелері ұсынымдық сипатта болады.
Бап 27-1. 27-1-бап. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларын алдын ала бағалау
27-1-бап. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің жобаларын алдын ала бағалау
Бап 28. 28-бап. Ағымдағы бағалау
28-бап. Ағымдағы бағалау
Тармақ 1
1. Ағымдағы бағалау Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының
Құрылтайы, Қазақстан Республикасының Үкіметі, мәслихаттар мен әкімдер үшін тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жедел ақпаратты қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады.
Жоғары аудиторлық палата мен тексеру комиссиялары бюджеттердің атқарылу процесінде тиісті бюджет кірісіне салықтық және салықтық емес түсімдердің толықтығын және уақтылығын, тиісті бюджет туралы заңның (мәслихат шешімінің) бекітілген көрсеткіштерімен салыстыра отырып, бюджет қаражатының нақты жұмсалуын талдайды, ауытқу себептерін және олармен байланысты бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасы заңнамасының жетілмегендігін анықтайды, оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 2
2. Ағымдағы бағалауды жүргізу кезінде жүргізілген мемлекеттік аудит материалдары, сондай-ақ жедел есептілікті және тиісті мемлекеттік органдар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және квазимемлекеттік сектор субъектілері электрондық нысанда
Жоғары аудиторлық палата мен тексеру комиссияларына ұсынатын ақпаратты өңдеуге және талдауға негізделген талдамалық ақпарат, оның ішінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор арқылы:
Тармақша 1
1) бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген түпкі нәтижелер туралы есептерді;
Тармақша 2
2) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын;
Тармақша 3
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын;
Тармақша 5
5) осындай өзгерістердің негіздемелерімен бірге осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға енгізілген өзгерістерді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қаржылық есептіліктің барлық нысандарын қоса алғанда, пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Ағымдағы бағалау нәтижелері тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру кезінде ескеріледі.
Бап 29. 29-бап. Кейіннен бағалау
29-бап. Кейіннен бағалау
Тармақ 1
1.
Жоғары аудиторлық палата мен тексеру комиссиялары мемлекеттік аудит барысында бюджеттердің атқарылуының нақты көрсеткіштерінің бюджет туралы тиісті заңмен (мәслихаттардың шешімдерімен) бекітілген көрсеткіштерге сәйкестігін, бюджет көрсеткіштерінің орындалуының толықтығы мен уақтылығын айқындау үшін есепті қаржы жылындағы бюджет туралы заңның (мәслихаттар шешімдерінің) орындалуына, бюджеттердің атқарылу заңдылығын, есеп пен есептіліктің анықтығын, бюджет қаражатын, мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігін айқындау мақсатында бюджеттердің атқарылуы туралы жылдық есептерге, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілігіне кейіннен бағалауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Кейіннен бағалау жүргізу қорытындылары бойынша тиісті бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің есебіне немесе
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының тиісті есебіне қорытынды дайындалады, оларды ұсыну және қарау Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Қорытынды құрылымына және мазмұнына қойылатын талаптар мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың тиісті рәсімдік стандарттарында айқындалады.
Тармақ 3
3. Қорытынды:
Тармақша 1
1) бюджеттің негізгі параметрлерін орындауды:
бюджет түсімдері мен шығыстарын;
салықтық және кедендік әкімшілендіру тиімділігін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардың өздерінің даму жоспарларында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өзге де құжаттарында, оның ішінде алдыңғы кезеңдердегі құжаттарында және бюджеттік бағдарламаларында көзделген нысаналы индикаторларға және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуін;
Тармақша 3
3) бюджет қаражатын, оның ішінде нысаналы трансферттерді және кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері мен активтерін пайдалануды, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын қаржыландыруды;
Тармақша 4
4) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өздеріне бөлінген бюджет қаражатын қаржы-экономикалық негіздемеге, бюджеттік инвестициялар тиімділігіне, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін тиімді басқаруға сәйкестігіне қарай пайдалануды;
Тармақша 5
5) мемлекеттік аудит объектілерінің есеп пен есептілікті жүргізу анықтығы мен дұрыстығын бағалауды қамтиды.
Бап 30. 30-бап. Камералдық бақылау
30-бап. Камералдық бақылау
Тармақ 1
1. Камералдық бақылауды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік аудит объектілеріне бармастан, осы Заңда және камералдық бақылау жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.
Камералдық бақылауды және шағымдарды апелляциялық реттеуді жүзеге асырған кезде камералдық бақылаудың сапасына бақылау жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Тармақ 3
3. Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Тармақ 4
4. Камералдық бақылаудың ден қою шаралары:
Тармақша 1
1) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу;
Тармақша 2
2) осы Заңның 32-бабында және Қазақстан Республикасының басқа да
заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары бойынша (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау болып табылады.
Тармақ 5
5. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы бюджетке өтелуге, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама негізінде есепке алу бойынша көрсету және (немесе) азайту жолымен қалпына келтірілуге жатады.
Тармақ 6
6. Камералдық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелместен жүзеге асырылады.
Бап 31. 31-бап. Камералдық бақылау нәтижелері анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама
31-бап. Камералдық бақылау нәтижелері анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама
Тармақ 1
1. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган камералдық бақылау жүргізу қағидаларында белгіленген нысан бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны ресімдейді және бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде анықталған бұзушылықтар сипатымен қоса мемлекеттік аудит объектілеріне жібереді.
Тармақ 2
2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны ол тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісі орындауға тиіс.
Тармақ 3
3. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға қарсылықтарды жіберу мен қарау тәртібі осы Заңда және камералдық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалады.
Тармақ 4
4. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тексерілетін тұлғаға камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде дербес жойылған жағдайда, лауазымды адам әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
Бап 32. 32-бап. Мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
32-бап. Мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
Тармақ 1
1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын басқаруға және қолдануға байланысты камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның белгіленген мерзімде орындалмауы мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға әкеп соғады.
Осы тармақтың қолданылуы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға қарсылықтарды қарау кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Осы тармақта көзделген ден қою шарасы бұзушылықты жою мүмкін емес жағдайларда қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары бойынша (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жалақы төлеу жөніндегі операциялардан;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бюджетке түсетін барлық түсімдерді, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды төлеу жөніндегі операциялардан;
Тармақша 3
3) ақшаны: өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқарушылық құжаттар бойынша; еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аудару бойынша клиенттің міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқарушылық құжаттар бойынша; салық берешегін өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша алып қоюдан;
Тармақша 4
4) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген операциялар бойынша банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуден басқа, мемлекеттік аудит объектісінің барлық шығыс операцияларына қолданылады;
Тармақша 5
5) әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшадан басқа, мемлекеттік аудит объектісінің барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Тармақ 3
3. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша шығарылады және оны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым алған күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың сөзсіз орындауына жатады.
Бап 33. 33-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін талдау
33-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін талдау
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізілетін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындыларын жүйелі түрде талдайды, бюджеттің атқарылуы, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану процесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері мен салдарларын жинақтап қорытады және зерделейді.
Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды тиісті уәкілетті органдардың қарауына ұсынады.
Бап 34. 34-бап. Халықаралық ынтымақтастық
34-бап. Халықаралық ынтымақтастық
Жоғары аудиторлық палата, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған өкілеттіктер шегінде ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен және олардың халықаралық бірлестіктерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады, ынтымақтастық туралы келісімдер жасасады, бірлескен, қатарлас тексерулер және сараптамалық-талдау іс-шараларын өткізуге қатысады, көрсетілген халықаралық бірлестіктердің құрамына кіреді.
Бап 35. 35-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор
35-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор
Тармақ 1
1. Мемлекеттік аудит жүргізген кезде басқару процестерін оңтайландыру, қайталануды болғызбау және мемлекеттік аудит нәтижелерін тануды қамтамасыз ету үшін "электрондық үкімет" жүйесімен және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі – бірыңғай дерекқор) жұмыс істейді.
Бірыңғай дерекқорды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау тәртібін
Жоғары аудиторлық палата мен тиісті мемлекеттік органдар бірлесіп айқындайды.
Тармақ 2
2. Бірыңғай дерекқор мемлекеттік аудиттің мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі, нәтижелері, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сараптамалық-талдау қызметі бойынша бүкіл ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті өзге де ақпаратты қамтиды. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына бірыңғай дерекқорға тиісті рұқсат деңгейі беріледі.
Тармақ 3
3. Тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру үшін мемлекеттік аудит объектілері, оның қаржылық және өзге де көрсеткіштері жөніндегі ақпарат бірыңғай дерекқорға шоғырландырылады.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бірыңғай дерекқорға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде орналастыруға міндетті.
Мемлекеттік аудит объектілері бірыңғай дерекқорды толықтыру үшін қажетті сұратылатын ақпаратты ұсынуға міндетті.
Бірыңғай дерекқорды
Жоғары аудиторлық палата әкімшілендіреді, оның тиімді жұмыс істеуі, ондағы орналастырылған ақпараттың сақталуы мен қауіпсіздігі үшін жауапты болады.
Мемлекеттік аудит объектілері бірыңғай дерекқорды қалыптастыру үшін ұсынылатын деректердің анықтығы мен толықтығы үшін жауапты болады.
Тарау 5. 5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТКЕ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТКЕ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бап 36. 36-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері
36-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдары мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудит жүргізу шеңберінде қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу туралы белгісі бар тексеруді тағайындау туралы актіні көрсеткен кезде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге рұқсат алуға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік аудиттің міндеттері мен нысанасына сәйкес аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп дайындау үшін өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, ақпаратты, оның ішінде электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге рұқсатты, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де, оның ішінде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты осы Заңда белгіленген мерзімдерде сұратуға және алуға;
Тармақша 3
3) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған актілер мен құжаттарды сұратуға;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік аудит объектілерінің басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудит жүргізу кезінде анықталған бұзушылық фактілері бойынша жазбаша түсініктемелерді беруді, сондай-ақ құжаттардың белгіленген тәртіппен куәландырылған қажетті көшірмелерін талап етуге;
Тармақша 5
5) мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы фактілері бойынша актілер жасауға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі
келтірмеуге;
Тармақша 3
3) бұзушылықтардың алдын алу, оны анықтау және оның жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды қатаң түрде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес жүргізуге;
Тармақша 5
5) қызметтік және кәсіптік әдеп талаптарын сақтауға;
Тармақша 6
6) мемлекеттік аудит объектісі басшысының (лауазымды адамдарының) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсініктер беруге;
Тармақша 7
7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді жария етпеуге;
Тармақша 8
8) мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлауға;
Тармақша 9
9) мемлекеттік аудит нәтижелерін мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпарат пен нақты деректерге ғана негіздеуге;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары мен стандарттарын бұзғаны үшін мемлекеттік аудиторлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылықта болады.
Бап 36-1. 36-1-бап. Мемлекеттік аудитор ассистентінің
құқықтары мен міндеттері
36-1-бап. Мемлекеттік аудитор ассистентінің
құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Мемлекеттік аудитор ассистентінің мынадай құқықтары бар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудит жүргізуге қатысу;
Тармақша 2
2) ішкі аудит қызметін қоспағанда, қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының тексеру тағайындау туралы актісін көрсеткен кезде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге рұқсат алу;
Тармақша 3
3) осы тармақтың 2) тармақшасының талаптарын сақтай отырып, тиісті мемлекеттік аудит объектісіндегі тауар-материалдық запастарға және өзге де активтерге түгендеу жүргізу;
Тармақша 4
4) осы Заңның 22-бабында көзделген құжаттарды қоспағанда, аудит барысында құжаттарды жасау және оларға қол қою;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыру.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік аудитордың ассистенті:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
Тармақша 3
3) бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауға;
Тармақша 5
5) қызметтік әдеп талаптарын сақтауға;
Тармақша 6
6) мемлекеттік аудит объектісі басшысының (лауазымды адамдарының) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсіндірулер беруге;
Тармақша 7
7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді жария етпеуге;
Тармақша 8
8) мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлауға;
Тармақша 9
9) мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша қабылданатын тиісті құжаттарды мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпарат пен нақты деректерге ғана негіздеуге;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік аудитордың ассистенті аудит барысында өзі жасаған және қол қойған құжаттар үшін дербес жауаптылықта болады.
Бап 37. 37-бап. Мемлекеттік аудит объектісі басшысының құқықтары мен міндеттері
37-бап. Мемлекеттік аудит объектісі басшысының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Мемлекеттік аудит объектісі басшысының:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудиттің мақсатымен, ұзақтығымен оның нәтижелерімен, тұжырымдарымен және ұсынымдарымен таныс болуға;
Тармақша 2
2) қаржылық бақылаудың ден қоюының қабылданатын шараларымен таныс болуға;
Тармақша 3
3) тексеру тағайындау туралы актіні ұсынбаған мемлекеттік аудиторларды тексеруге жібермеуге;
Тармақша 4
4) мемлекеттік аудит нәтижелерімен келіспеген жағдайда қол қойылған аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ол тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына өз қарсылығын жіберуге;
Тармақша 4-1
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудиторларды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары сұрататын деректердің уақтылығын, анықтығын, объективтілігін және толықтығын қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне жол бермеуге;
Тармақша 4
4) мемлекеттік аудиторлардың әрекетіне араласпауға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуге кедергі келтірмеуге;
Тармақша 5
5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының заңды талаптарын орындауға;
Тармақша 6
6) аудиторлық қорытындыда берілген, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жіберген ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалуы туралы, сондай-ақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы ақпаратты уақтылы ұсынуға;
Тармақша 6-1
6-1) аудиторлық есепті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мүдделерін мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған бұзушылықтары туралы хабардар етуге;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 3
3. Мүдделері аудиторлық іс-шаралармен қозғалған кәсіпкерлік субъектілері және өзге де тұлғалар анықталған бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өз ұстанымын (қарсылықтарын) мемлекеттік аудит объектісіне жібереді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұлғалардың ұстанымын (қарсылықтарын) мемлекеттік аудит объектісі осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мерзім шегінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына жібереді және ол мемлекеттік аудит объектісінің қарсылықтарымен бірге қаралады.
Бап 38. 38-бап. Мүдделер қақтығысы
38-бап. Мүдделер қақтығысы
Тармақ 1
1. Объективтілік пен тәуелсіздікті қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудит объектісі басшысының, аппараты басшысының, бас бухгалтерінің немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамының, құрылтайшысының, қатысушысының немесе акционерінің жақын туыстары, жекжаттары немесе сенім білдірілген адамдары болып табылатын;
Тармақша 2
2) мемлекеттік аудит объектісінде жұмыс істеген не тексерілетін кезеңде мемлекеттік аудит объектісі басшысының, аппараты басшысының, бас бухгалтерінің немесе олардың өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де адамының құрылтайшысының, қатысушысының немесе акционерінің жақын туыстары, жекжаттары немесе сенім білдірілген адамдары болып табылатын;
Тармақша 3
3) мемлекеттік аудит объектісінің құрылтайшылары, қатысушылары немесе акционерлері, лауазымды адамдары арасынан шыққан, онда жеке мүліктік мүдделері бар мемлекеттік аудиторлардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуіне тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Мүдделер қақтығысы туындаған кезде мемлекеттік аудиторлар бұл жөнінде мемлекеттік аудитті тағайындаған басшыға жазбаша хабарлауға тиіс.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген жағдайларда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы мүдделер қақтығысын жою жөнінде шаралар қолданады.
Бап 39. 39-бап. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
39-бап. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
Тармақ 1
1. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдардың кәсіби, іскерлік қасиеттері мен ықтимал мүмкіндіктерінің жан-жақты және объективті сипаттамасын алу мақсатында оларды сертификаттау жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Сертификаттауды Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) жүргізеді, оның құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Жоғары аудиторлық палатаның, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкілдері, Қазақстан Республикасы Құрылтайының
депутаттары (келісу бойынша) кіреді.
Жоғары аудиторлық палата Ұлттық комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол берілген ұсыныстар негізінде саны кемінде он төрт адам болатын комиссияның дербес құрамын бекітеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау олардың білімін растауды және мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында айқындалатын тәртіппен әңгімелесуді қамтиды.
Тармақ 4
4. Орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдар тізбесін тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары бекітеді.
Тармақ 5
5. Сертификаттау деңгейлік жүйе бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын, Ұлттық комиссия туралы ережені ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша
Жоғары аудиторлық палата бекітеді.
Тармақ 6
6. Ұлттық комиссияның жұмыс органы
Жоғары аудиторлық палата айқындайтын тәртіппен мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізеді.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру
Жоғары аудиторлық палата ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп әзірлейтін және бекітетін Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Ұлттық комиссия мынадай негіздер бойынша:
Тармақша 1
1) кәсіби әдеп талаптарын сақтамағаны үшін сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органының ұсынуы бойынша;
Тармақша 2
2) кәсіби әдеп талаптарын сақтамағаны үшін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ұсынуы бойынша;
Тармақша 3
3) қаржылық бұзушылық фактілерінің көрсетілмеуі орын алған анық емес аудиторлық есеп берген және аудиторлық есебі мемлекеттік аудит материалдарының сапасын бақылаумен расталмаған мемлекеттік аудиторға қатысты тиісті мемлекеттік аудит органының ұсынуы бойынша;
Тармақша 4
4) осы Заңның 19-бабының 2-тармағына сәйкес
Жоғары аудиторлық палата
жүргізген бақылау барысында мемлекеттік аудитордың материалдары танылмауына себеп болған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын бірнеше рет (бір жылда үш реттен көп) бұзғаны үшін мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алуды жүзеге асырады.
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген бұзушылықтарға алғаш рет жол берген мемлекеттік аудиторларға ескерту шығарылады.
Бап 39-1. 39-1-бап. Мемлекеттік аудиторлар лауазымдарына
қойылатын біліктілік талаптары
39-1-бап. Мемлекеттік аудиторлар лауазымдарына
қойылатын біліктілік талаптары
Тармақ 1
1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері болып табылатын мемлекеттік аудиторлар лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша мемлекеттік лауазымдарға тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган) бекітеді.
Тармақ 2
2. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жатқызылатын мемлекеттік аудиторлар лауазымына кандидаттар Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін арнайы біліктілік талаптарына сай келуге тиіс.
Тарау 6. 6-тарау. Жоғары аудиторлық палатаның қызметін ұйымдастыру
6-тарау. Жоғары аудиторлық палатаның қызметін ұйымдастыру
Бап 40. 40-бап. Жоғары аудиторлық палатаның құрамы
40-бап. Жоғары аудиторлық палатаның құрамы
Тармақ 1
1.
Жоғары аудиторлық палата басшылығының құрамы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын
Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы мен оның сегіз мүшесінен тұрады.
Тармақ 2
2. Отставкаға шығу туралы өтініш беру түрінде
Жоғары аудиторлық палата мүшесінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда,
Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі
Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасын отставкаға шығу туралы тиісті өтініш беруінен кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті.
Бап 41. 41-бап. Жоғары аудиторлық палатаға мемлекеттік қызметке кіру
41-бап. Жоғары аудиторлық палатаға мемлекеттік қызметке кіру
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат санының лимиті шегінде
Жоғары аудиторлық палатаның
іркіліссіз қызметін ұйымдастыру үшін
Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы тағайындайтын, аппарат басшысы басқаратын
Жоғары аудиторлық палатаның аппараты құрылады.
Тармақ 2
2.
Жоғары аудиторлық палатаның аппаратына мемлекеттік қызметке кіру Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 42. 42-бап. Жоғары аудиторлық палата мен оның лауазымды адамдары тәуелсіздігінің кепілдігі
42-бап. Жоғары аудиторлық палата мен оның лауазымды адамдары тәуелсіздігінің кепілдігі
Тармақ 1
1.
Жоғары
аудиторлық палатаның лауазымды адамдары өз қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит объектісінен тәуелсіз болады.
Тармақ 2
2.
Жоғары
аудиторлық палатаның қызметіне мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың құқыққа сыйымсыз араласуына жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша
Жоғары
аудиторлық палатаның мемлекеттік аудиторларын және өзге де лауазымды адамдарын мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінде көзделмеген тексерулерді жүргізу үшін тартуға жол берілмейді.
Тармақ 4
4.
Жоғары
аудиторлық палатаның қаржылық қызметін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Тарау 7. 7-тарау. Жоғары аудиторлық палатаның лауазымды
адамдармен, мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл
жасау негіздері
7-тарау. Жоғары аудиторлық палатаның лауазымды
адамдармен, мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл
жасау негіздері
Бап 43. 43-бап. Жоғары аудиторлық палатаның Қазақстан Республикасының Президентімен өзара іс-қимылы
43-бап. Жоғары аудиторлық палатаның Қазақстан Республикасының Президентімен өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1.
Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы тоқсанына бір реттен сиретпей Қазақстан Республикасының Президентіне
Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы туралы ақпарат береді.
Тармақ 2
2.
Жоғары аудиторлық палата жыл қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпараттан басқа, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жұмысының көрсеткіштері туралы ақпаратты ұсынады.
Бап 44. 44-бап. Жоғары аудиторлық палатаның Қазақстан Республикасының Құрылтайымен өзара іс-қимылы
44-бап. Жоғары аудиторлық палатаның Қазақстан Республикасының Құрылтайымен өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1. Жоғары аудиторлық палата есепті жылдан кейінгі жылдың 15 мамырынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының
Құрылтайына есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті талқылау және бекіту үшін енгізеді, ол өзінің мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті есебіне қорытынды болып табылады.
Тармақ 2
2. Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы тоқсанына бір реттен сиретпей Қазақстан Республикасының
Құрылтайына Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы туралы ақпарат береді.
Тармақ 3
3.
Қазақстан Республикасының Құрылтайы жылына екі рет Жоғары аудиторлық палата Төрағасының есебін тыңдайды.
Бап 45. 45-бап. Жоғары аудиторлық палатаның Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзара іс-қимылы
45-бап. Жоғары аудиторлық палатаның Қазақстан Республикасының Үкіметімен өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1.
Жоғары аудиторлық палата бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынғаннан кейін екі ай ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылған ақпараттың объективтілігі бойынша қорытындыны белгіленген мерзімде ұсынады.
Тармақ 2
2. Қорытындыда бүкіл шоғырландырылған есеп бойынша да, бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілері бойынша да тұжырымдар мен ұсынымдар көрсетіледі.
Бап 46. 46-бап. Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимылы
46-бап. Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1. Өз қызметін үйлестіру мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында құқық қолдану практикасын, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтау мәселелерін қарау үшін Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесін құрады.
Үйлестіру кеңесін қалыптастыру және оның қызметін ұйымдастыру
Жоғары аудиторлық палата бекітетін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесі туралы ережеде айқындалады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің шешімдері мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 3
3.
Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимылы осы Заңға және
Жоғары аудиторлық палата мен ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп бекітетін нормативтік құқықтық актіге сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 8. 8-тарау. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
8-тарау. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бап 47. 47-бап. Тексеру комиссиясының құрамы және оны қалыптастыру тәртібі
47-бап. Тексеру комиссиясының құрамы және оны қалыптастыру тәртібі
Тармақ 1
1. Тексеру комиссиясы басшылығының құрамы төраға мен оның төрт мүшесінен тұрады.
Тармақ 2
2. Тексеру комиссиясының төрағасын
астананың, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мәслихаты Жоғары аудиторлық палатаның ұсынуы және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бес жыл мерзімге лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
Тармақ 3
3. Ревизиялық комиссия мүшелерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес, ревизиялық комиссия төрағасының ұсынуы және Жоғары аудиторлық палатамен келісу бойынша
астананың, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мәслихаты бес жыл мерзімге лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тармақ 4
4. Ревизиялық комиссияның төрағасы мен мүшелері лауазымына мемлекеттік аудитор сертификаты және (немесе) бухгалтерлік есеп және аудит саласында халықаралық біліктілігі бар кандидат тағайындалады.
Бап 48. 48-бап. Тексеру комиссиясы төрағасының, тексеру комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктері
48-бап. Тексеру комиссиясы төрағасының, тексеру комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Тексеру комиссиясының төрағасы:
Тармақша 1
1) жалпы басшылықты жүзеге асырады және тексеру комиссиясына жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады;
Тармақша 2
2) тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелерін бекітеді;
Тармақша 3
3) тексеру комиссиясы мен тексеру комиссиясының аппараты мүшелерінің жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) бекітілген штат саны мен жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде тексеру комиссиясы аппаратының құрылымы мен штат кестесін бекітеді.
Облыстың тексеру комиссиясы төрағасының шешімі бойынша тиісті мәслихатқа аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті беру облыстың тексеру комиссиясы мүшелерінің біріне жүктелуі мүмкін.
Тармақ 2
2. Тексеру комиссиясының мүшелері:
Тармақша 1
1) тексеру комиссиясының аудиторлық, сараптамалық-талдау, ақпараттық және өзге де қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Бап 49. 49-бап. Тексеру комиссияларының қызметін ұйымдастыру
49-бап. Тексеру комиссияларының қызметін ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Тексеру комиссиясының жұмыс тәртібі осы Заңда, ережеде және регламентте айқындалады.
Тексеру комисссиясы туралы ережені тексеру комиссиялары туралы үлгілік ереже негізінде тиісті мәслихат бекітеді.
Тексеру комиссиясының регламентін тексеру комиссиясы бекітеді.
Тармақ 2
2. Тексеру комиссияларының аудиторлық іс-шараларын өткізуді, сондай-ақ оның ақпараттық-талдау, құқықтық, консультациялық, ұйымдастырушылық және өзге де қызметін тексеру комиссиясының аппараты қамтамасыз етеді.
Тексеру комиссиясының аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын лауазымды адамдардан тұрады, оны тексеру комиссиясының төрағасы тағайындайтын аппарат басшысы басқарады.
Бап 50. 50-бап. Тексеру комиссиясы және оның лауазымды адамдары тәуелсіздігінің кепілдіктері
50-бап. Тексеру комиссиясы және оның лауазымды адамдары тәуелсіздігінің кепілдіктері
Тармақ 1
1. Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары өз қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит объектісінен тәуелсіз болады.
Тармақ 2
2. Тексеру комиссиясының қызметіне мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың құқыққа сыйымсыз араласуына жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларын және өзге де лауазымды адамдарын мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінде көзделмеген тексерулерді жүргізу үшін тартуға жол берілмейді.
Тармақ 4
4. Тексеру комиссиясының жергілікті бюджет қаражатын пайдалануын мемлекеттік бақылау және қадағалау мәслихаттың келісімімен немесе оның тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
Тарау 9. 9-тарау. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАСУ НЕГІЗДЕРІ
9-тарау. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАСУ НЕГІЗДЕРІ
Бап 51. 51-бап. Тексеру комиссиясының мәслихаттармен өзара іс-қимылы
51-бап. Тексеру комиссиясының мәслихаттармен өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1. Тексеру комиссиясы мәслихаттың қарауына:
Тармақша 1
1)
астана, облыс, республикалық маңызы бар қала мәслихатына ағымдағы жылғы 20 мамырға дейiн;
Тармақша 2
2) тиісті облысқа кіретін аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатына ағымдағы жылғы 20 сәуiрге дейiн жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынады, ол өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылады.
Тармақ 2
2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты тексеру комиссиясынан тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылу мәселелері бойынша жүргізілген мемлекеттік аудит, сараптамалық-талдау іс-шаралары туралы ақпаратты сұратуға құқылы.
Бап 52. 52-бап. Тексеру комиссиясының Жоғары аудиторлық палатамен өзара іс-қимылы
52-бап. Тексеру комиссиясының Жоғары аудиторлық палатамен өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1. Тексеру комиссиясы
Жоғары аудиторлық палатаға есепті кезеңдегі өз жұмысы туралы ақпаратты тоқсан сайын ұсынады. Ұсынылатын ақпараттың нысаны мен құрылымы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың тиісті рәсімдік стандартымен регламенттеледі.
Тармақ 2
2. Тексеру комиссиясы
Жоғары аудиторлық палатамен келісу бойынша
Жоғары аудиторлық палатамен қатарлас (бірлескен) тексеру жүргізуге қатысуға құқылы.
Тарау 10. 10-тарау. ІШКІ АУДИТ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ ОРГАН
10-тарау. ІШКІ АУДИТ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ ОРГАН
Бап 53. 53-бап. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның прокуратура және қылмыстық қудалау органдарымен өзара іс-қимылы
53-бап. Ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның прокуратура және қылмыстық қудалау органдарымен өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1. Прокуратура немесе қылмыстық қудалау органдарының сұрау салуы келіп түскен кезде ішкі аудит жөніндегі уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудиттің тиісті объектісі бойынша бұрын жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері болған жағдайда, қайта мемлекеттік аудит жүргізбей осы нәтижелерді ұсынады;
Тармақша 2
2) егер бұрын жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерінде сұрау салуда қойылған мәселелер көрініс таппаған жағдайда, бұл мәселелер ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның келесі жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде ескеріледі.
Тармақ 1-1
1-1. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мемлекеттік аудиторларды осы Заңда белгіленген құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексеруге қатысу үшін жібереді.
Тармақ 2
2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура, қылмыстық қудалау органдарының тиісті талабы немесе сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған тиісті қаулы, сондай-ақ соттың тиісті ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесін және олардың көрсетілетін қызметтеріне республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ақы төлеуді айқындайды.
Тармақ 3
3. Тексерілетін органдардың сұрау салуы бойынша, кезектілік пен өңірлік ұсынылу қағидаттарын сақтай отырып, аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесінен аудиторлық ұйымды (аудиторды) айқындайды.
Бап 54. 54-бап. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және оның лауазымды адамдары тәуелсіздігінің кепілдіктері
54-бап. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және оның лауазымды адамдары тәуелсіздігінің кепілдіктері
Тармақ 1
1. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудиторлары өз қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит объектісінен тәуелсіз болады.
Тармақ 2
2. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қызметіне мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың құқыққа сыйымсыз араласуына жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ішкі аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудиторларын және өзге де лауазымды адамдарын мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінде көзделмеген тексерулерді жүргізу үшін тартуға жол берілмейді.
Тарау 11. 11-тарау. ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТТЕРІ
11-тарау. ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Бап 55. 55-бап. Ішкі аудит қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру
55-бап. Ішкі аудит қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру
Ішкі аудит қызметтері орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе алқалы органының,
астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің шешімімен құрылады және осы Заң мен орталық мемлекеттік органның бірінші басшысы, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі бекіткен ішкі аудит қызметтері туралы ереже негізінде әрекет етеді.
Бап 56. 56-бап. Ішкі аудит қызметі тәуелсіздігінің кепілдіктері
56-бап. Ішкі аудит қызметі тәуелсіздігінің кепілдіктері
Ішкі аудит қызметі ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуде және ішкі аудит нәтижелері туралы есептер дайындауда тәуелсіз болады.
Ішкі аудит қызметі басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз, орталық мемлекеттік органның бірінші басшысына,
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкіміне бағынады және есеп береді.
Ішкі аудит қызметін орталық мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінің,
астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жататын жұмыстарға, сондай-ақ оның өкілеттіктеріне жатпайтын бағдарламалар мен жобаларды дайындауға немесе орындауға тартуға болмайды.
Бап 57. 57-бап. Ішкі бақылау жүйесі
57-бап. Ішкі бақылау жүйесі
Тармақ 1
1. Ішкі аудит қызметі мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және (немесе) тиісті бюджеттен қаржыландырылатын және (немесе) қаражат алатын, тиісті
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы жергілікті атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі жұмыста консультациялық көмек көрсетеді.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органның ішкі бақылау жүйесі мынадай өзара байланысты құрауыштардан тұрады:
Тармақша 1
1) бақылау ортасы – мемлекеттік органның ішкі (корпоративтік) мәдениеті, ұйымдық құрылымы және есептілік сапасы мен қызметінің тиімділігін алдын ала айқындайтын саясат пен рәсімдердің ішкі жиынтығы;
Тармақша 2
2) тәуекелдерді бағалау – мемлекеттік органның өз мақсаттарына қол жеткізуіне әсер ететін тәуекелдерді анықтау, талдау және олардың алдын алу процесі. Тәуекелдерді бағалау бақылау рәсімдерін жасау және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі іс-шараларды жоспарлау үшін негіз болып табылады;
Тармақша 3
3) бақылау рәсімдері – лауазымды адамдар (құрылымдық бөлімшелер) өз функцияларын орындауы кезінде жүзеге асыратын бақылау рәсімдерінің (техниканың) үйлесімі;
Тармақша 4
4) ақпарат пен байланыс – мемлекеттік орган қызметінің барлық салаларын қамтитын деректердің уақтылы және тиімді анықталуы, оларды тіркеу және оларды алмасу. Мемлекеттік орган ақпаратқа санкциясыз қол жеткізуден қорғау үшін шаралар қабылдайды;
Тармақша 5
5) ішкі бақылау жүйесі тиімділігінің мониторингі және оны бағалау – мемлекеттік органның мақсаттарға қол жеткізуіне және есептілігінің анықтығына әсер ететін қателердің туындау ықтималдығын айқындау, бұл қателердің елеулілігін анықтау және алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге ішкі бақылау жүйесінің қабілетін айқындау.
Бап 58. 58-бап. Мемлекеттік орган басшысының ішкі аудит қызметімен өзара іс-қимылы
58-бап. Мемлекеттік орган басшысының ішкі аудит қызметімен өзара іс-қимылы
Мемлекеттік органның басшысы ішкі аудит қызметімен өзара іс-қимылды:
Тармақша 1
1) ішкі аудит қызметінің жылдық жұмыс жоспарын бекіту;
Тармақша 2
2) мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің ұсынымдарын іске асыру туралы шешімді қарау және қабылдау;
Тармақша 3
3) ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша жылдық есепті қарау арқылы жүзеге асырады.
мемлекеттік орган,
астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ішкі аудит қызметінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын сақтау мәселелері жөніндегі басшысының хаттарды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жіберген кезде қол қою құқығы бар.
Қол қою құқығы бірінші басшының (әкімнің) тиісті бұйрығымен ресімделеді.
Тарау 11-1. 11-1-тарау. Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды қарау және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі
11-1-тарау. Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды қарау және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі
Бап 58-1. 58-1-бап. Апелляциялық комиссия
58-1-бап. Апелляциялық комиссия
Аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтарды (бұдан әрі – қарсылық), ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым жасауды (бұдан әрі – шағым) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның жанындағы апелляциялық комиссия қарайды.
Апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Бап 58-2. 58-2-бап. Қарсылықты, шағымды беру тәртібі мен мерзімдері
58-2-бап. Қарсылықты, шағымды беру тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 1
1. Мемлекеттік аудит объектісінің қарсылығы:
Тармақша 1
1) қол қойылған аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
Тармақша 2
2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде апелляциялық комиссияға беріледі.
1-1. Қарсылық, шағым ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекіткен, камералдық бақылау жүргізу қағидаларында және апелляциялық комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде беріледі.
Тармақ 2
2. Беру тәсіліне қарай:
Тармақша 1
1) келу тәртібімен – ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қарсылықты, шағымды алған күн;
Тармақша 2
2) пошта арқылы – пошта немесе өзге байланыс ұйымы қабылдау туралы белгі қойған күн;
Тармақша 3
3) ақпараттық технологияларды қолдану арқылы – ол электрондық құжат нысанында алынған күн, ал камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтар, шағымдар
бойынша – ол мемлекеттік сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы алынған күн қарсылықты, шағымды апелляциялық комиссияға берген күн болып табылады.
Тармақ 3
3. Қарсылықтың нысаны мен мазмұны:
Тармақша 1
1) аудиторлық есепке және (немесе) қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке қарсылықтар, шағымдар бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында;
Тармақша 2
2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылықтар, шағымдар бойынша камералдық бақылау қағидаларында;
Тармақша 3
3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекіткен апелляциялық комиссия туралы ережеде айқындалады.
Бап 58-3. 58-3-бап. Қарсылықты, шағымды қараудан бас тарту
58-3-бап. Қарсылықты, шағымды қараудан бас тарту
Тармақ 1
1. Апелляциялық комиссия беру тәртібі мен мерзімдері осы Заңның 58-2-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қарсылықты, шағымды қараудан бас тартады.
Тармақ 2
2. Апелляциялық комиссия қарсылықты, шағымды қараудан бас тартқан жағдайда, қарсылық, шағым келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісін, әлеуетті өнім берушіні, арыз берушіні жазбаша нысанда хабардар етеді.
Бап 58-4. 58-4-бап. Қарсылықты, шағымды қарау тәртібі мен мерзімдері
58-4-бап. Қарсылықты, шағымды қарау тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 1
1. Апелляциялық комиссия қарсылықты:
Тармақша 1
1) аудиторлық есепке немесе қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепке қарсылықты қарау мерзімдерін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту жағдайларын қоспағанда, мұндай қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде;
Тармақша 2
2) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қарсылық алынған күннен кейінгі күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі қарсылықты қарау кезеңінде тоқтатыла тұрады.
Тармақ 2
2. Қарсылық мемлекеттік аудит объектісі дау айтатын мәселелер шегінде қаралады.
Тармақ 3
3. Апелляциялық комиссия қарсылықты қарау кезінде мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан қарсылықта жазылған мәселелер бойынша ақпарат немесе құжаттар сұратуға құқылы.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға және өзге де жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарына сұрау салу жіберілген жағдайда, қарсылықты қараудың осы баптың
1-тармағында белгіленген мерзімі жауап алынған кезге дейін тоқтатыла тұрады, бұл туралы қарау мерзімі тоқтатыла тұрған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне хабарланады.
Мемлекеттік аудит объектісі қарсылыққа толықтырулар ұсынған жағдайда, қарсылықты қараудың осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік аудит объектісіне хабарланады.
Тармақ 5
5. Шағымды апелляциялық комиссия Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бекіткен апелляциялық комиссия туралы ережеге сәйкес қарайды.
Тармақ 6
Тармақ 7
7. Қарсылық, шағым мәлімделген талаптар (дәлелдер) шегінде қаралады.
Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Бұл ретте апелляциялық комиссияның шешімін орындау сот шешімі шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Бап 58-5. 58-5-бап. Қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері
бойынша қабылданатын шешімдер
58-5-бап. Қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері
бойынша қабылданатын шешімдер
Тармақ 1
1. Апелляциялық комиссия қарсылықты, шағымды қарау нәтижелері бойынша мынадай:
Тармақша 1
1) қарсылықты, шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
Тармақша 2
2) осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, қарсылықты, шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің бірін шығарады.
Апелляциялық комиссияның шешімі жазбаша нысанда шығарылады және мемлекеттік аудит объектісінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 2
2. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган қарсылықты, шағымды қарау нәтижелерін апелляциялық комиссия шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ресімдейді.
Бап 58-6. 58-6-бап. Дауларды апелляциялық реттеу
58-6-бап. Дауларды апелляциялық реттеу
Тармақ 1
1. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудиті және камералдық бақылауы нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттарға шағым жасау кезінде туындайтын дауларды апелляциялық реттеу осы Заңда көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Осы Заңда көзделген жағдайларда дауларды апелляциялық реттеу міндетті болып табылады.
Тарау 12. 12-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
12-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 59. 59-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
59-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 60. 60-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының
және (немесе) олардың лауазымды адамдарының құқықтық
актілеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі
60-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының
және (немесе) олардың лауазымды адамдарының құқықтық
актілеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бюджеттік қаражатты мақсатсыз және (немесе) негізсіз пайдаланудың анықталған фактілеріне байланысты құқықтық актілеріне шағым жасау оларды орындауды тоқтата тұрмайды.
Тармақ 3
Бап 60-1. 60-1-бап. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның
мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын
құжаттарына және камералдық бақылау нәтижелері
бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы
хабарламаларына шағым жасаған кезде туындайтын
дауларды апелляциялық реттеу тәртібі мен мерзімдері
60-1-бап. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның
мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын
құжаттарына және камералдық бақылау нәтижелері
бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы
хабарламаларына шағым жасаған кезде туындайтын
дауларды апелляциялық реттеу тәртібі мен мерзімдері
Бап 60-2. 60-2-бап. Шағымның нысаны мен мазмұны
60-2-бап. Шағымның нысаны мен мазмұны
Бап 60-3. 60-3-бап. Шағымды қараудан бас тарту
60-3-бап. Шағымды қараудан бас тарту
Бап 60-4. 60-4-бап. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті
органға жіберілген шағымды қарау тәртібі
60-4-бап. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті
органға жіберілген шағымды қарау тәртібі
Бап 60-5. 60-5-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
60-5-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
Бап 60-6. 60-6-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата
тұру және (немесе) ұзарту
60-6-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата
тұру және (немесе) ұзарту
Бап 61. 61-бап. Өтпелі ережелер
61-бап. Өтпелі ережелер
Мемлекеттік аудитор болып табылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшілер 2017 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде осы Заңның
39-бабында айқындалған тәртіппен тиісті сертификаттаудан өтуге міндетті.
Бап 62. 62-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
62-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң:
Тармақша 1
1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8) тармақшасын, 27-бапты;
Тармақша 2
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 12-баптың 3-тармағын, 13-баптың 3-тармағын және 45-бапты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 1-бабының 8) тармақшасы осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"8) мемлекеттік аудитор – мемлекеттік аудитті және (немесе) қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік қызметші;".