Инструкция о порядке расчета и применения пруденциальных нормативов для организаций, осуществляющих деятельность по управлению портфелем ценных бумаг Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтерді есептеудің және қолданудың тәртібі туралы НҰСҚАУЛЫҚ 📌 Ескерту. Нұсқаулықтың атауы өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 82   қаулысымен . Осы Нұсқаулық " Бағалы қағаздар рыногы  туралы" және "Қазақстан Республикасындағы  инвестициялық қорлар  туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі "Басқарушылар" деп аталатын) сақтауға міндетті пруденциялық нормативтерді белгілейді.
Тармақ 1. 1. 1-пруденциялық норматив "Өз капиталы"
1. 1-пруденциялық норматив "Өз капиталы"
Тармақ 1
1. Басқарушының өз капиталына:
Тармақша а
а) жарғылық капитал;
Тармақша б
б) төленген қосымша капитал;
Тармақша в
в) төленбеген қосымша капитал;
Тармақша г
г) резервтік капитал;
Тармақша д
д) есепті жылдың бөлінбеген кірісі;
Тармақша е
е) өткен жылдардың бөлінбеген кірісі; шегерілгенде:
Тармақша ж
ж) төленбеген капитал;
Тармақша з
з) алып қойылған капитал;
Тармақша и
и) есепті жылдың жабылмаған шығыны;
Тармақша к
к) өткен жылдардың жабылмаған шығыны кіреді.
Тармақ 2
2. Басқарушының өз капиталының мөлшері кемінде 20 миллион теңге болуы керек.
Тармақ 2. 2. 2-пруденциялық норматив "Жеткілікті өз қаражаттары"
2. 2-пруденциялық норматив "Жеткілікті өз қаражаттары"
Тармақ 3
3. Басқарушының жеткілікті өз қаражаттары Басқарушының өз капиталы мөлшерінің ол басқаруға алған активтердің мөлшеріне қатысы ретінде есептелінетін К1 коэффициентімен. СК К 1   = -----, формуласы бойынша сипатталады, бұл жерде АПУ К 1   - өз қаражаттарының жеткіліктілік коэффициенті; СК - Басқарушының осы Нұсқаулықтың 1.1-тармағына сәйкес есептелінген өз капиталы; АПУ - Басқарушы басқаруға алған активтердің мөлшері.
Тармақ 4
4. К 1   коэффициентінің мәні кемінде 0,015 болуы керек.
Тармақ 3. 3. 3-пруденциялық норматив "Резервтік капитал"
3. 3-пруденциялық норматив "Резервтік капитал"
Тармақ 5
5. Басқарушының резервтік капиталы кемінде: - Басқарушының басқаруға алған активтерінің мөлшерінің 0,25%-і егер мұндай активтер 5 миллиард теңгеден аспаса; - Басқарушының басқаруға алған активтерінің мөлшерінің 0,25 %-і, егер мұндай активтер 5 миллиард және одан көп теңгені құраса, бірақ осы Басқарушының ұйымдық-құқықтық нысаны үшін қолданылып жүрген заңдармен белгіленген резервтік капиталдың ең аз мөлшерінен аз болмауы керек.
Тармақ 6
6. Басқарушының резервтік капиталы осы Нұсқаулықтың 5-тармағымен белгіленген мөлшерде, бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған күннен бастап екі жыл ішінде қалыптасу керек. Осы норма резервтік капиталы осы Нұсқаулықтың 5-тармағымен белгіленген мөлшерде, бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған күннен бастап бір жыл ішінде қалыптасатын өзара қорлардың Басқарушыларына қолданылмайды.
Тармақ 7
7. Басқарушының резервтік капиталы оның таза кірісінен ақша аудару есебінен қалыптасады.
Тармақ 8
8. Басқарушының таза кірісі жетпесе оның резервтік капиталы Басқарушының қатысушылары қаражатының есебінен қалыптасу керек.
Тармақ 9
9. Егер, осы Нұсқаулықтың 6-тармағында айқындалған мерзімнің аяқталуы бойынша, қандай да болмасын төлемдердің нәтижесінде резервтік капитал осы Нұсқаулықтың 5-тармағында белгіленген мөлшерден аз болып қалған жағдайда Басқарушы резервтік капиталды көрсетілген мөлшерге дейін осындай төлемдерді болған сәттен бастап алты ай ішінде қалыптастыру керек.
Тармақ 4. 4. 4-пруденциялық норматив "Негізгі қаражатқа және айналыстан тыс басқа активтерге салынатын салымдардың ең жоғарғы мөлшері"
4. 4-пруденциялық норматив "Негізгі қаражатқа және айналыстан тыс басқа активтерге салынатын салымдардың ең жоғарғы мөлшері"
Тармақ 10
10. Басқарушының өз қаражатын негізгі қаражатқа және айналысатын тыс басқа активтерге салудың ең жоғарғы мөлшері Басқарушының айналыстан тыс активтері мөлшерінің оның өз капиталының мөлшеріне қатысы ретінде есептелінетін К 2  коэффициентімен И К 2  =-----, формуласы бойынша сипатталады, бұл жерде СК И - мыналар:
Тармақша а
а) баланстық құны бойынша материалдық емес активтер;
Тармақша б
б) баланстық құны бойынша негізгі қаражат;
Тармақша в
в) инвестициялар;
Тармақша г
г) ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар енгізілген айналыстан тыс активтер. СК - Басқарушының осы Нұсқаулықтың 1-тармағына сәйкес есептелінген өз капиталы.
Тармақ 11
11. К 2   коэффициентінің мәні 0,7 аспау керек.
Тармақ 5. 5. Жалпы ережелер
5. Жалпы ережелер
Тармақ 12
12. Басқарушы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясына (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталатын) пруденциялық нормативтердің есебін және негізінде осы есеп Ұлттық комиссия айқындаған тәртіпте жүргізілген қаржылық есеп беру керек.
Тармақ 13
13. Басқарушы пруденциялық нормативтердің есебін күн сайын жүргізеді. Пруденциялық нормативтердің мөлшері Ұлттық комиссияға бұрын берілгендермен салыстырғанда өзгерген жағдайда басқарушы үш жұмыс күні ішінде Ұлттық комиссияға пруденциялық нормативтердің жаңа есебін және негізінде осы есеп жүргізілген қаржылық есеп беру керек.
Тармақ 14
14. Басқарушы осы Ережемен белгіленген пруденциялық нормативтерді бұзған жағдайда, Ұлттық комиссия заң бұзушылықтың ауырлығына қарай Басқарушыға мынадай жазалау шараларын қолдануға құқылы: - заң бұзушылықты жою туралы жазбаша ұйғарым шығару; - Басқарушының кез-келген қызметкерін қызметінен уақытша немесе мүлдем босатуды талап ету; - бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияны қолданылып жүрген заңмен белгіленген тәртіпте тоқтата тұру.
Тармақ 15
15. Басқарушы Ұлттық комиссияны жазбаша ұйғарымның немесе қызметтен босату туралы талап етуді орындау туралы осындай құжатта көрсетілген мерзімде жазбаша ескертуге міндетті.
Тармақ 16
16. Басқарушы Ұлттық комиссияның әрекеті жөнінде сотқа шағымдануға құқылы. Ұлттық комиссияның жазбаша ұйғарымы немесе Ұлттық комиссияның қызметтен босату туралы талап етуі жөніндегі шағымдану олардың орындалысын тоқтатпайды.