О доступе к информации Қолданыста Заң ·№ 401-V ·16.11.2015
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

19-бап. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия

О доступе к информации · № 401-V

Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган жанынан консультативтік-кеңесші орган – Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылады. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделер деп ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу мен таратуға әркімнің конституциялық құқығын іске асырудың қолайлы жағдайларын, нысандарын, тетіктері мен тәсілдерін жасау түсініледі. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі өзінің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау және шешу кезінде ашықтық пен бүкпесіздік негізінде жүзеге асырылады. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырыстары тоқсанына бір реттен сиретпей, тоқсанның соңғы айының соңғы онкүндігінде өткізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-95458/st-19/