О доступе к информации Қолданыста Заң ·№ 401-V ·16.11.2015
01.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

О доступе к информации · № 401-V

1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатпайтын ақпаратқа қол жеткізумен байланысты қоғамдық қатынастарда пайдаланылады.
2. Осы Заңның күші қарау тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қолданылмайды.
3. Осы Заңның күші "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сұрау салуларды қарау тәртібіне қолданылмайды.
4. Осы Заңның күші "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат беру тәртібіне қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-95458/st-3/