Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
5-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеу
О доступе к информации · № 401-V
1. Ақпаратқа қол жеткізу құқығы тек заңдармен және
конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтау мақсатында қажетті шамада ғана шектеледі.
2. Ақпаратқа қол жеткізуді шектеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті белгілі бір мерзімге ғана жүзеге асырылуға тиіс.
3. Егер осы баптың 1-тармағының талаптарына ақпараттың бір бөлігі ғана сәйкес келетін болса, онда осы бөлікке ғана қол жеткізу шектеледі.
4. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға белгіленген мерзімде қол жеткізілмеген болса, шектеу мерзімі қайта қаралуы мүмкін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-95458/st-5/