О благотворительности Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қайырымдылық туралы Осы Заң қайырымдылық саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) демеуші – демеушілік қызметті жүзеге асыратын тұлға;
Тармақша 2
2) демеушілік қызмет – демеушінің осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес демеушінің атын көпшілікке танымал ету шарттарымен демеушілік көмек көрсету жөніндегі қызметі;
Тармақша 3
3) демеушінің атын көпшілікке танымал ету – іс-шараны қаржыландырғаны және (немесе) материалдық-техникалық қолдағаны үшін көрнекі және (немесе) дыбыстық нысанда демеушінің жеке аты (атауы), оның тауарлары, тауар белгілері, жұмыстары, көрсететін қызметтері туралы ақпарат тарату;
Тармақша 4
4) ерікті қайырмалдықтар – пайдаланушыларға олардың әлеуметтік сипаттағы мәселелерін шешу үшін берілген ақша, сондай-ақ өзге де мүлік;
Тармақша 4-1
4-1) корпоративтік қайырымдылық – кәсіпкерлік субъектілерінің қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі ерікті қызметі;
Тармақша 4-2
4-2) кіші отан – аумағында жеке тұлға туған және (немесе) өз өмірінің бір бөлігін өткізген Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі;
Тармақша 4-3
4-3) кіші отанға қолдау көрсететін адам – кіші отанға қолдау көрсететін жеке тұлға;
Тармақша 4-4
4-4) кіші отанды қолдау – патриотизмге негізделген, кіші отанға қолдау көрсетуге бағытталған ерікті қызмет;
Тармақша 5
5) қайырымдылық – қайырымдылық көмек көрсетуге және ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет, сондай-ақ кіші отанға қолдау көрсету түрінде ерікті, өтеусіз не жеңілдікті шарттармен жүзеге асырылатын әлеуметтік пайдалы қызмет;
Тармақша 6
6) қайырымдылық бағдарламасы – қайырымдылық көмекті жүзеге асыру мерзімдері мен тәртібін қамтитын шаралар жүйесі;
Тармақша 7
7) қайырымдылық волонтері – қайырымдылық ұйымымен немесе пайдаланушымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде өз тәжірибесін, арнайы дағдыларын, білімін, икемін, жеке байланыстарын қолдану арқылы қаражат жинауға қатысатын жеке тұлға;
Тармақша 8
8) қайырымдылық гранты – пайдаланушыға қаржылай көмек көрсету үшін бөлінетін, нысаналы пайдаланылуы есеппен расталатын ақша;
Тармақша 9
9) қайырымдылық жасаушы – қайырымдылықты жүзеге асыратын адам, филантроп және (немесе) демеуші және (немесе) меценат және (немесе) кіші отанға қолдау көрсететін адам;
Тармақша 10
10) қайырымдылық көмек – пайдаланушыға қаржылық және (немесе) материалдық жағдайын жақсарту үшін жәрдемдесу мақсатында қайырымдылық жасаушы: жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау түрінде; демеушілік көмек түрінде; жарғылық қызметін қолдау мақсатында коммерциялық емес ұйымға; қызметін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалатын әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымға өтеусіз негізде беретін мүлік;
Тармақша 10-1
10-1) қайырымдылық саласындағы уәкілетті орган – қайырымдылық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 11
11) қайырымдылық ұйымы – осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қайырымдылықты жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 11-1
11-1) қаражат жинау – ерікті қайырмалдықтарды және (немесе) қайырымдылық көмекті тарту процесі;
Тармақша 12
12) меценат – меценаттық қызметті жүзеге асыратын тұлға;
Тармақша 13
13) меценаттық қызмет – меценаттың осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес ғылымды, инновацияларды, білімді, мәдениетті, өнерді, спорттық шеберлікті дамытуға, қоғам мен мемлекеттің тарихи және этномәдени игілігін сақтауға өзінің ізгілік еркі негізінде қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі қызметі;
Тармақша 14
Тармақша 15
15) пайдаланушы – әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешуде қайырымдылық көмек алатын тұлға;
Тармақша 16
16) филантроп – филантропиялық қызметті жүзеге асыратын тұлға;
Тармақша 17
17) филантропиялық қызмет – филантроптың осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қоғамның және адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін өзінің жеке ресурстарын бөлуге негізделген ерікті қызметі;
Тармақша 18
18) электрондық қайырымдылық – электрондық тәсілмен жүзеге асырылатын ақша түріндегі ерікті қайырмалдықтарды тарту жөніндегі қызмет.
Бап 2. 2-бап. Қайырымдылықтың мақсаты мен міндеттері
2-бап. Қайырымдылықтың мақсаты мен міндеттері
Тармақ 1
1. Қоғамда қайырымдылықтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, қолдау және нығайту арқылы қоғамның өзін-өзі ұйымдастыруын дамытуға жәрдемдесу қайырымдылықтың мақсаты болып табылады.
Тармақ 2
2. Қайырымдылықтың мақсатына мынадай міндеттерді орындау арқылы қол жеткізіледі:
Тармақша 1
1) бейбітшілікті, достық пен қоғамдық келісімді, халық бірлігін, рухани мәдениетті, отбасының қоғамдағы беделі мен рөлін нығайтуға жәрдемдесу, сондай-ақ ана болуды қорғау, балалар мен жастарды патриоттық тәрбиелеу;
Тармақша 2
2) азаматтар мен қоғамның материалдық, мәдени-білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру;
Тармақша 3
3) қайырымдылық көмек көрсету, оның ішінде әлеуметтік және медициналық мекемелерге, этномәдени бірлестіктерге, мәдениет пен өнер, білім беру, ғылым және инновациялық қызмет, спорт ұйымдарына және Қазақстан халқы үшін мәдени-тарихи маңызы бар объектілерге, сондай-ақ көрсетілген салалардың дамуына үлес қосқан жекелеген қайраткерлерге қайырымдылық көмек көрсету;
Тармақша 4
4) табиғат пайдалануды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, жануарлар дүниесін және өсімдіктер әлемін қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру.
Бап 3. 3-бап. Қайырымдылық қағидаттары
3-бап. Қайырымдылық қағидаттары
Тармақ 1
1. Қайырымдылық жасаушылар, қайырымдылық ұйымдары мен пайдаланушылар қайырымдылыққа заңдылық, тең құқықтылық, еріктілік және жариялылық қағидаттары негізінде қатысады. Заңдылық қағидаты құқықтың шынайы әрекетін белгілейтін құқықтық режимді сақтауды білдіреді, онда барлық тұлғалар Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген құқықтық нормаларды қатаң сақтайды. Тең құқықтылық қағидаты қайырымдылық жасаушылардың, қайырымдылық ұйымдарының және пайдаланушылардың шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымдарына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан, заң мен сот алдындағы тең құқықтарын қамтамасыз ететін құқықтық режимді сақтауды білдіреді. Еріктілік қағидаты қайырымдылық жасаушының, қайырымдылық ұйымының пайдаланушыға қайырымдылық көмек көрсету құқығын және пайдаланушының үшінші тұлғалар тарапынан мәжбүрлеп ықпал етусіз оны алу немесе алмау құқығын белгілейтін құқықтық режимді сақтауды білдіреді. Жариялылық қағидаты қайырымдылық жасаушының, қайырымдылық ұйымының және пайдаланушының қайырымдылыққа ашық түрде қатысу, осындай қатысу нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында еркін жариялау құқығын, сондай-ақ қайырымдылыққа қатысты салық, қаржылық және бухгалтерлік есептілік туралы ақпаратты ашуға кедергі келтірмеу міндетін белгілейтін құқықтық режимді сақтауды білдіреді.
Тармақ 2
2. Осы Заңда көзделген іске асырылатын қайырымдылық міндеттерін таңдау еркіндігі Қазақстан Республикасының заңдарымен ғана шектелуі мүмкін.
Бап 4. 4-бап. Қайырымдылықтың түрлері, объектілері мен субъектілері
4-бап. Қайырымдылықтың түрлері, объектілері мен субъектілері
Тармақ 1
1. Филантропиялық, демеушілік, меценаттық қызмет, кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет қайырымдылықтың түрлері болып табылады.
Тармақ 2
2. Жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстар, жануарлар мен өсімдіктер қайырымдылық объектілері болады.
Тармақ 3
3. Қайырымдылық жасаушылар, қайырымдылық ұйымдары және қайырымдылық волонтерлері қайырымдылық субъектілері болып табылады. 4. Қайырымдылық субъектілері мен объектілері көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Бап 4-1. 4-1-бап. Электрондық қайырымдылық
4-1-бап. Электрондық қайырымдылық Электрондық қайырымдылыққа байланысты ақша аударымдарын қайырымдылық жасаушылар және (немесе) қайырымдылық ұйымдары Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер арқылы электрондық тәсілмен жүзеге асырады.
Бап 4-2. 4-2-бап. Корпоративтік қайырымдылық
4-2-бап. Корпоративтік қайырымдылық
Тармақ 1
1. Корпоративтік қайырымдылықты дамыту туралы шешім қабылдаған жағдайда кәсіпкерлік субъектілері қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі ішкі құжаттарды әзірлейді.
Тармақ 2
2. Ішкі құжаттар қайырымдылық көмектің қағидаттарын, негізгі бағыттарын, пайдаланушыларға оны көрсету тәртібін, кәсіпкерлік субъектісі бюджетінің шығыс бөлігін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Көрсетілетін қайырымдылық көмектің мақсаттары осы Заңның 2-бабына сәйкес айқындалады.
Тарау 2. 2-тарау. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2-тарау. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бап 5. 5-бап. Қазақстан Республикасының қайырымдылық туралы заңнамасы
5-бап. Қазақстан Республикасының қайырымдылық туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының қайырымдылық туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Тармақ 3
3. Қайырымдылық субъектілері арасындағы, сондай-ақ олар мен пайдаланушылар арасындағы шарттық қатынастарды ресімдеу тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес белгіленеді.
Бап 6. 6-бап. Мемлекет және қайырымдылық
6-бап. Мемлекет және қайырымдылық
Тармақ 1
1. Қайырымдылық субъектілерінің және пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мемлекет кепілдік береді.
Тармақ 2
2. Қайырымдылықпен айналысатын қайырымдылық субъектілері ісіне мемлекеттің, ал мемлекет ісіне қайырымдылық субъектілерінің заңсыз араласуына, оларға мемлекеттік органдардың функцияларын жүктеуге жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Пайдаланушының қайырымдылық көмек алуы Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған көмектің, төлемдердің немесе жеңілдіктердің қандай да бір басқа түрлерін шектеуге немесе тоқтатуға негіз болып табылмайды.
Тармақ 4
4. Қайырымдылық жасаушылар филантропиялық және (немесе) демеушілік және (немесе) меценаттық қызметті және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде, қайырымдылық ұйымдары қайырымдылықты жүзеге асырған кезде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай алады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік органдардың бюджет қаражаты есебінен қайырымдылықпен айналысуға, сондай-ақ қайырымдылық жасаушы немесе қайырымдылық ұйымы бекіткен қайырымдылық бағдарламасына біржақты тәртіппен өзгеріс (өзгерістер) енгізуге құқығы жоқ.
Тармақ 6
6. Мемлекет қайырымдылық субъектілеріне Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен мемлекеттік наградалар, сондай-ақ қайырымдылық саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен құрметті атақтар белгілеу және беру арқылы қайырымдылықты ынталандырады.
Тармақ 7
7. Мемлекет қайырымдылық ұйымдарына «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз жеңілдікті шарттармен сенімгерлік басқаруға беру түрінде қолдау көрсетеді.
Бап 7. 7-бап. Қайырымдылықты үйлестіру және бақылау
7-бап. Қайырымдылықты үйлестіру және бақылау
Тармақ 1
1. Жергілікті атқарушы органдардың қайырымдылық жасаушылар, қайырымдылық ұйымдары қайырымдылық көмек көрсету туралы ұсыныстармен өздеріне жүгінген кезде әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде олардың қызметін үйлестіруге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Қайырымдылық ұйымы кірісінің мөлшері мен құрылымы, сондай-ақ оның мүлкінің құрамы, шығыстары, жұмыскерлерінің саны мен құрамы, олардың еңбегіне ақы төлеу туралы мәліметтер коммерциялық құпия болып табылмайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының резиденттері жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында халықаралық ұйымдар, шетелдіктер және (немесе) азаматтығы жоқ адамдар қайырымдылық көмек көрсетуге өтеусіз берген қаражаттың пайдаланылуы туралы есепті жариялауға міндетті.
Тармақ 4
4. Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын шетелдік және (немесе) халықаралық қайырымдылық ұйымының филиалы және (немесе) өкілдігі жыл сайын Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында құрылтайшылары (қатысушылары), мүліктің құрамы, кірістің қалыптасу көздері және ақшаны Қазақстан Республикасында жұмсаудың бағыттары туралы мәліметтерді қамтитын қызметі туралы есепті жариялауға міндетті.
Тармақ 5
Бап 7-1. 7-1-бап. Қайырымдылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті
7-1-бап. Қайырымдылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті Қайырымдылық саласындағы уәкілетті орган: 1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайырымдылық саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 2
2) қайырымдылық саласындағы жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 3
3) қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4
4) қайырымдылық саласындағы құрметті атақ береді; 4-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайырымдылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 5
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 8. 8-бап. Қайырымдылық ұйымының құқықтары мен міндеттері
8-бап. Қайырымдылық ұйымының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Қайырымдылық ұйымының:
Тармақша 1
1) өз қызметі туралы ақпаратты таратуға;
Тармақша 2
2) соттарда, мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде өз мүшелерінің (қатысушыларының) құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғауға;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;
Тармақша 4
4) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;
Тармақша 4-1
4-1) қаражат жинауды жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) осы Заңға және "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайырымдылық саласындағы өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Қайырымдылық ұйымы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
Тармақша 2
2) өз мүшелеріне (қатысушыларына) олардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттармен және шешімдермен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) өз мүшелеріне (қатысушыларына) мүліктің түсуі және жұмсалуы туралы ақпарат беруге;
Тармақша 3-1
3-1) жылына бір реттен сиретпей орындалған қайырымдылық бағдарламасы туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) қайырымдылық ұйымының интернет-ресурсында жариялауға міндетті. Есепте қайырымдылық бағдарламасын орындау шеңберіндегі кірістер мен шығыстар, қол жеткізілген мақсаттар туралы қысқаша ақпарат қамтылуға тиіс;
Тармақша 4
4) осы Заңға және "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайырымдылық саласындағы өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 3
3. Қайырымдылық ұйымы жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
Тармақ 4
4. Ерiктi қайырмалдықтарға жүгінетін қайырымдылық ұйымы Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) , терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
Бап 9. 9-бап. Халықаралық қайырымдылық
9-бап. Халықаралық қайырымдылық
Тармақ 1
1. Халықаралық қайырымдылықты қайырымдылық субъектілері осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік және халықаралық ұйымдар осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қайырымдылықты жүзеге асыруға қатыса алады.
Бап 10. 10-бап. Қайырымдылықты жүзеге асыру кезіндегі салық жеңілдіктері
10-бап. Қайырымдылықты жүзеге асыру кезіндегі салық жеңілдіктері Қайырымдылықты жүзеге асыратын қайырымдылық жасаушы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салық жеңілдіктерін пайдаланады.
Бап 11. 11-бап. Қайырымдылықты жүзеге асыру кезіндегі қаржы-шаруашылық қызмет және бухгалтерлік есептілік
11-бап. Қайырымдылықты жүзеге асыру кезіндегі қаржы-шаруашылық қызмет және бухгалтерлік есептілік
Тармақ 1
1. Қайырымдылық жасаушы немесе қайырымдылық ұйымы қайырымдылықты осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қайырымдылық жасаушы немесе қайырымдылық ұйымы жүзеге асырылатын қайырымдылық қызмет бойынша есепке алуды жүргізеді және уәкілетті мемлекеттік органдарға осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген тәртіппен ақпарат береді.
Тармақ 3
3. Пайдаланушыға өз мүлкін берген қайырымдылық жасаушының немесе қайырымдылық ұйымының одан осы мүлікті пайдалану туралы есепті талап етуге құқығы бар.
Тармақ 4
4. Қайырымдылық жасаушыдан немесе қайырымдылық ұйымынан нысаналы сипаты бар қайырымдылық көмек ретінде ақша алған пайдаланушы қайырымдылық жасаушының немесе қайырымдылық ұйымының талап етуі бойынша осы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес қайырымдылық жасаушы немесе қайырымдылық ұйымы және пайдаланушы арасындағы шарттық қатынастарда айқындалған мерзімдерде және тәртіппен есеп береді.
Бап 12. 12-бап. Қайырымдылық ұйымының кірістері мен шығыстары
12-бап. Қайырымдылық ұйымының кірістері мен шығыстары
Тармақ 1
1. Қайырымдылық ұйымының кірістері мынадай көздер:
Тармақша 1
1) мүлікті, сондай-ақ оған құқықтарды сыйға тарту, өсиет етіп қалдыру немесе өтеусіз беру;
Тармақша 2
2) ерікті қайырмалдықтар;
Тармақша 3
3) қайырымдылық аукциондарынан, конкурстарынан түскен кірістер;
Тармақша 4
4) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін басқарудан түсетін инвестициялық кіріс;
Тармақша 4-1
4-1) қайырымдылық гранттары;
Тармақша 5
5) кәсіпкерлік қызметтен алынған кірістер;
Тармақша 6
6) қайырымдылық жасаушылардың жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден, жеке шығармашылық қызмет нәтижелерін беруден түскен кірістері;
Тармақша 7
7) қайырымдылық жасаушылардың қайырымдылық объектілерін күтіп-ұстау жөніндегі шығындарды өтеуі;
Тармақша 8
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген басқа да көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 2
2. Қайырымдылық жасаушылар кірістерді:
Тармақша 1
1) бір жылдың ішінде бір рет немесе бірнеше рет қайырымдылық көмекке;
Тармақша 2
2) ұзақ мерзімді қайырымдылық көмекке;
Тармақша 3
3) әлеуметтік жарнаманы өткізуге жәрдемдесуге;
Тармақша 4
4) қайырымдылық ұйымының қызметін жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес басқа да іс-шараларға жұмсайды.
Тармақ 3
3. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қайырымдылықты ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар қайырымдылық бағдарламасында көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Ерікті қайырмалдықтар көрсету қайырымдылық бағдарламасында көрсетілмейді.
Бап 13. 13-бап. Қайырымдылық бағдарламасы
13-бап. Қайырымдылық бағдарламасы
Тармақ 1
1. Қайырымдылық бағдарламасын қайырымдылық жасаушы және (немесе) қайырымдылық ұйымы әзірлейді, бекітеді және орындайды.
Тармақ 2
2. Қайырымдылық бағдарламасы мақсаттарды, міндеттерді, іске асыру кезеңін, болжамды кірістер мен шығыстар сметасын қамтиды.
Тармақ 3
3. Қайырымдылық жасаушы және (немесе) қайырымдылық ұйымы бір немесе бірнеше қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыруы мүмкін.
Тармақ 4
4. Қайырымдылық бағдарламасының орындалуы қайырымдылық жасаушының және (немесе) қайырымдылық ұйымының есебімен расталады.
Бап 14. 14-бап. Қайырымдылық ұйымы
14-бап. Қайырымдылық ұйымы
Тармақ 1
1. Қайырымдылық ұйымы осы Заңда көзделген қайырымдылық міндеттерін орындау үшін құрылады.
Тармақ 2
2. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар қайырымдылық ұйымының құрылтайшылары болады.
Тармақ 3
3. Қайырымдылық ұйымының кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар, одан түскен кіріс қайырымдылық көмек көрсетуге пайдаланылады және құрылтайшылар арасында қайта бөлуге жатпайды.
Тармақ 4
4. Қайырымдылық ұйымының кәсіпкерлік қызметінен түсетін кірісі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салуға жатады.
Тарау 3. 3-тарау. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫҢ ҰЙЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3-тарау. ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫҢ ҰЙЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бап 15. 15-бап. Қайырымдылық ұйымының жарғысы
15-бап. Қайырымдылық ұйымының жарғысы
Тармақ 1
1. Қайырымдылық ұйымы жарғының негізінде әрекет етеді.
Тармақ 2
2. Қайырымдылық ұйымының жарғысында:
Тармақша 1
1) қызметтің атауы, нысанасы мен мақсаты;
Тармақша 2
2) орналасқан жері;
Тармақша 3
3) басқару органдарының құрылымы, қалыптасу тәртібі мен құзыреті;
Тармақша 4
4) қайырымдылық ұйымы мүшелерінің (қатысушыларының) құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 5
5) мүлікті қалыптастыру көздері;
Тармақша 6
6) құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
Тармақша 7
7) қызметті қайта ұйымдастыру және тоқтату шарттары;
Тармақша 8
8) таратылған жағдайда мүлікті пайдалану тәртібі;
Тармақша 9
9) филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтер қамтылады.
Тармақ 3
3. Қайырымдылық ұйымының жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа ережелер де қамтылуы мүмкін.
Бап 16. 16-бап. Қайырымдылық ұйымының басқару органдары
16-бап. Қайырымдылық ұйымының басқару органдары
Тармақ 1
1. Қайырымдылық ұйымының жарғысында көзделген тәртіппен қалыптастырылатын алқалы орган – қамқоршылық кеңес қайырымдылық ұйымының жоғары басқару органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Қамқоршылық кеңес қайырымдылық ұйымының атқарушы органын тағайындайды, қайырымдылық ұйымы қызметінің оның жарғысының мақсатына сай болуын бақылауды, сондай-ақ жарғыда бекітілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Қайырымдылық ұйымының жоғары басқару органының құзыретіне:
Тармақша 1
1) жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Тармақша 2
2) қайырымдылық бағдарламасын бекіту;
Тармақша 3
3) алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын, бюджетті, сондай-ақ өткен жылдың есебін бекіту;
Тармақша 4
4) қайырымдылық ұйымын қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдау жатады.
Тармақ 4
4. Қайырымдылық ұйымының атқарушы органы оның жарғысында бекітілген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 17. 17-бап. Қайырымдылық ұйымының мәртебесі
17-бап. Қайырымдылық ұйымының мәртебесі
Тармақ 1
1. Қайырымдылық ұйымдары мәртебесі бойынша халықаралық және республикалық болып бөлінеді. Халықаралық қайырымдылық ұйымдарына қызметі Қазақстан Республикасының аумағына және одан тысқары жерлерге таралатын қайырымдылық ұйымдары жатады. Республикалық қайырымдылық ұйымдарына филиалдары мен өкілдіктерінің қызметі Қазақстан Республикасының аумағына таралатын қайырымдылық ұйымдары жатады.
Тармақ 2
2. Мәртебесіне қарамастан, белгіленген тәртіппен құрылған және тіркелген қайырымдылық ұйымдарының жаңа заңды тұлғаларды құрып, одақтар (қауымдастықтар) қабылдаған құрылтай шарттарының және жарғылардың негізінде қайырымдылық ұйымдарының одақтарын (қауымдастықтарын) құруға, сондай-ақ халықаралық одақтардың (қауымдастықтардың) қатысушысы болуға құқығы бар.
Бап 18. 18-бап. Қайырымдылық ұйымының мүлкі, мүлікті қалыптастыру көздері
18-бап. Қайырымдылық ұйымының мүлкі, мүлікті қалыптастыру көздері
Тармақ 1
1. Қайырымдылық ұйымының меншігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сатып алынған мүлік болады.
Тармақ 2
2. Қайырымдылық ұйымының мүлкі:
Тармақша 1
1) құрылтайшының (құрылтайшылардың) түсімдері;
Тармақша 2
2) жеке және (немесе) заңды тұлғалар, сондай-ақ басқа қайырымдылық ұйымдары берген қайырымдылық қайырмалдықтары, мүліктік жарналар, сыйға тарту, өсиеттер, эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
Тармақша 3
3) қайырымдылық жасаушылардан алынған мүлікті өткізу жөніндегі қайырымдылық аукциондары мен конкурстарын өткізуден түсетін түсімдер;
Тармақша 4
4) қайырымдылық ұйымдарының меншігіндегі акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар мен салымдар (депозиттер) бойынша алынатын дивидендтер (кірістер, сыйақы (мүдде);
Тармақша 5
5) шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдік және (немесе) халықаралық қайырымдылық ұйымдарының қайырымдылық көмегі;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да түсімдер есебінен құрылады.
Тармақ 3
3. Қайырымдылық ұйымының мүлкін саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және сайлау қорларын қолдау үшін пайдалануға болмайды.
Тармақ 4
4. Қайырымдылық ұйымының мүлкі не оның бір бөлігі кепіл нысанасы болып табылмайды.
Бап 19. 19-бап. Нысаналы капиталды (эндаументті) қалыптастыру
19-бап. Нысаналы капиталды (эндаументті) қалыптастыру
Бап 20. 20-бап. Нысаналы капиталды (эндаументті) пайдалану
20-бап. Нысаналы капиталды (эндаументті) пайдалану
Бап 21. 21-бап. Нысаналы капиталды (эндаументті) тарату
21-бап. Нысаналы капиталды (эндаументті) тарату
Тарау 4. 4-тарау. ФИЛАНТРОПИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ
4-тарау. ФИЛАНТРОПИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ
Бап 22. 22-бап. Филантропиялық қызмет объектілері
22-бап. Филантропиялық қызмет объектілері Осы Заңның 4-бабының 2-тармағына сәйкес мыналар:
Тармақша 1
1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, әлеуметтік оңалтуға және олардың арасында қадағалаусыз қалу мен құқық бұзушылық профилактикасы жүргізілуіне мұқтаж кәмелетке толмағандар;
Тармақша 2
2) төтенше жағдайлардан зардап шеккен және өздеріне қайырымдылық көмек көрсетілуіне мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, қандастар, сондай-ақ аумақтар;
Тармақша 3
3) дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға, өмір сүру үшін қолайлы жағдайлар жасалуына мұқтаж мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 4
4) өздерінің құқықтарын өз бетінше іске асыруға және (немесе) өзінің тыныс-тіршілігі мәселелерін (заңды өкілдік, құқықтық көмек көрсету, қорғаншылыққа алу және басқасы) шешуге мүмкіндігі жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, қандастар;
Тармақша 5
5) арнайы медициналық мекемелерде есепте тұрған адамдар;
Тармақша 5-1
5-1) Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінде және (немесе) шетелде шұғыл ақылы емделуге мұқтаж жеке тұлғалар;
Тармақша 6
6) басқа да объектілер филантропиялық қызмет объектілері болып табылады.
Бап 23. 23-бап. Жеке тұлғаның филантропиялық қызметі
23-бап. Жеке тұлғаның филантропиялық қызметі
Тармақ 1
1. Жеке тұлға өзінің жеке меншігіндегі мүлікті және (немесе) өзінің зияткерлік меншік нәтижелерін пайдалана отырып, филантропиялық қызметпен айналысады.
Тармақ 2
Тармақ 3
Тармақ 4
Бап 23-1. 23-1-бап. Қайырымдылық волонтері
23-1-бап. Қайырымдылық волонтері
Тармақ 1
1. Он сегіз жастан асқан адам қайырымдылық волонтері бола алады.
Тармақ 2
2. Қайырымдылық волонтерінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде қайырымдылық ұйымының немесе пайдаланушының пайдасына қаражат жинауды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақ 3
3. Қайырымдылық волонтері қайырымдылық ұйымына немесе пайдаланушыға жасалған шартқа сәйкес қаражат жинау туралы есеп беруге міндетті.
Тармақ 4. 24-бап. Заңды тұлғаның филантропиялық қызметі
4. Мемлекеттік қызметшілер қайырымдылық волонтерлері бола алмайды. 24-бап. Заңды тұлғаның филантропиялық қызметі
Тармақ 1
1. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға ауыртпалықтары жоқ мүліктің бір бөлігін пайдалана отырып, филантропиялық қызметпен айналысады.
Тармақ 2
2. Филантропиялық қызметпен айналысатын заңды тұлғалардың заңды тұлға құрмай, уақытша бірлестіктерді құруға құқығы бар.
Тарау 5. 5-тарау. ДЕМЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ
5-тарау. ДЕМЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ
Бап 25. 25-бап. Демеуші жүзеге асыратын қайырымдылық көмектің көздері
25-бап. Демеуші жүзеге асыратын қайырымдылық көмектің көздері
Тармақ 1
1. Демеуші қайырымдылық көмекті меншік құқығындағы мүліктің және демеушінің атын көпшілікке танымал етуден және (немесе) жарнаманы, оның ішінде әлеуметтік жарнаманы таратудан түскен қаражат есебінен жүзеге асыра алады.
Тармақ 2
2. Демеуші көрсететін қайырымдылық көмек мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылмайды.
Бап 26. 26-бап. Жеке тұлғаның демеушілік қызметі
26-бап. Жеке тұлғаның демеушілік қызметі
Тармақ 1
1. Демеушілік қызметпен айналысатын жеке тұлғаның үшінші тұлғаларға меншік құқығында тиесілі тауар белгісі, өндірілетін тауар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты таратуға құқығы жоқ.
Тармақ 2
2. Демеушілік қызметпен айналысатын жеке тұлғаның оны өткізу үшін өзі қайырымдылық көмек көрсететін қайырымдылық іс-шарасының атауына және мазмұнына өзгеріс (өзгерістер) енгізуге құқығы жоқ.
Тармақ 3
3. Қарапайым серіктестік құрған жеке тұлғалардың қайырымдылық көмек көрсету үшін серіктестік айқындаған, ауыртпалықтары жоқ мүліктің бір бөлігін пайдалана отырып, демеушілік қызметпен айналысуға құқығы бар.
Бап 27. 27-бап. Заңды тұлғаның демеушілік қызметі
27-бап. Заңды тұлғаның демеушілік қызметі
Тармақ 1
1. Демеушілік қызметпен айналысатын заңды тұлға пайдаланушымен жасалған шартқа сәйкес өзінің атауы, тауар белгісі, өндірілген тауар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты таратады.
Тармақ 2
2. Демеушілік қызметпен айналысатын заңды тұлғаның оны өткізу үшін өзі қайырымдылық көмек көрсететін қайырымдылық іс-шарасының атауына және мазмұнына өзгеріс (өзгерістер) енгізуге құқығы жоқ.
Тарау 6. 6-тарау. МЕЦЕНАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ
6-тарау. МЕЦЕНАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ
Бап 28. 28-бап. Меценаттық қызмет объектілері
28-бап. Меценаттық қызмет объектілері Осы Заңның 4-бабының 2-тармағына сәйкес мыналар:
Тармақша 1
1) ғылым және инновациялық қызмет, білім, мәдениет, өнер, қоршаған ортаны қорғау, спорт объектілері, тарихи және этномәдени ескерткіштер, сондай-ақ аталған салаларда жұмыс істейтін не оларды дамытуға үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, қандастар;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) ақылы білім алу және (немесе) кәсіби қабілеттерін арттыру үшін атаулы стипендияларға мұқтаж адамдар;
Тармақша 4
4) авариялардың және (немесе) дүлей зілзаланың салдарынан зардап шеккен және кезек күттірмейтін қайырымдылық көмекті қажет ететін қайырымдылық объектілері;
Тармақша 5
5) басқа да объектілер меценаттық қызмет объектілері болып табылады.
Бап 29. 29-бап. Жеке тұлғаның меценаттық қызметі
29-бап. Жеке тұлғаның меценаттық қызметі
Тармақ 1
1. Меценаттық қызметпен айналысатын жеке тұлғаның қайырымдылық көмек көрсету мақсатында жеке меншік құқығындағы мүлікті не оған мүліктік құқықтарды пайдаланушыға беруге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Жеке тұлғаның пайдаланушыға жедел көмек көрсетуді қажет ететін меценаттық қызметі қайырымдылық бағдарлама әзірленбестен көрсетілуі мүмкін.
Бап 30. 30-бап. Заңды тұлғаның меценаттық қызметі
30-бап. Заңды тұлғаның меценаттық қызметі
Тармақ 1
1. Меценаттық қызметпен айналысатын заңды тұлғаның қайырымдылық бағдарламасында қайырымдылық грантының, жеке стипендияның ақшалай мәндегі мөлшерлерін, мақсатын, тағайындалу және пайдаланылу тәртібін көрсете отырып, оларды белгілеуге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Қайырымдылық грантын, жеке стипендияны пайдалану тәртібін пайдаланушы заңды тұлғаның келісімімен өзгерте алады.
Тармақ 3
3. Қайырымдылық грантының, жеке стипендияның игерілмеген бөлігі қайтарымды қаржылай көмек болып табылады және заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.
Тарау 6-1. 6-1-тарау. Кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі
6-1-тарау. Кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі
Бап 30-1. 30-1-бап. Кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет объектілері
30-1-бап. Кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет объектілері Осы Заңның 4-бабының 2-тармағына сәйкес кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет объектілері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі;
Тармақша 2
2) кіші отанға қолдау көрсететін адамның кіші отанындағы ғылым және инновациялық қызмет, білім беру, мәдениет, өнер, спорт объектілері, аумақтар;
Тармақша 3
3) кіші отанға қолдау көрсететін адамның кіші отанындағы өзге де объектілер.
Бап 30-2. 30-2-бап. Жеке тұлғаның кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметі
30-2-бап. Жеке тұлғаның кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметі Жеке тұлға өзінің жеке меншігіндегі мүлікті және (немесе) өзінің зияткерлік қызметінің нәтижелерін пайдалана отырып, кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметпен айналысады.
Тарау 7. 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 31. 31-бап. Қазақстан Республикасының қайырымдылық туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
31-бап. Қазақстан Республикасының қайырымдылық туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының қайырымдылық туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 32. 32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
32-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.