О создании комиссии по уничтожению деклараций о доходах и сведений о доходах и имуществе физических лиц Күшін жойған
Басқа 0
Жеке тұлғалардың табысы туралы декларацияларды және табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердi жою жөнiнде комиссия құру туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 26.02.2005 № 17 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 2 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуiне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 маусымдағы "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуiне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" Заңын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" № 860 қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заңының 49 бабында көрсетiлген 1995-2000 жылдардағы жеке тұлғалардың табысы туралы декларацияларды және табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердi және декларацияларға қосымша ретiнде берiлген растайтын өзге де құжаттарды, сондай-ақ қосымшаға сәйкес оларды тiркеу жөнiндегi журналдарды (бұдан әрi - декларациялар) жою жөнiндегi комиссия құрылсын (бұдан әрi - комиссия).
Тармақ 2
2. Комиссия 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап 1 тамызға дейiнгi мерзiмде:
декларацияларды жинауды және жеткiзудi қамтамасыз етсiн;
құпия құжаттарды жою жөнiндегi тиiстi талаптарды сақтай отырып, оларды жою үшiн орындарды анықтасын және барлық қажеттi шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Оңтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер бас басқармасының бастығына
(Р.Х.Өзбекғалиев) жүктiң (декларациялардың) сақталуын және оның жою орнына
алып баруын ұйымдастыру жөнiнен шаралар қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары
Т.Б.Дүйсеноваға жүктелсiн.
Басқа 5. Жеке тұлғалардың табысы туралы декларацияларды және табысы
мен мүлкi туралы мәлiметтердi жою жөнiндегi комиссия
ҚҰРАМЫ
Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 12 шілдедегі
№ 181 шешiмiне қосымша
Жеке тұлғалардың табысы туралы декларацияларды және табысы
мен мүлкi туралы мәлiметтердi жою жөнiндегi комиссия
ҚҰРАМЫ
Тамара Босымбекқызы
Дүйсенова
- облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрайымы;
Нұралы Шораұлы
Манапов
- ОҚО бойынша салық комитетiнiң төрағасы, комиссия
төрағасының орынбасары (келiсiмi бойынша);
Нұржан Тастанұлы
Абдуллаев
- Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша салық комитетi
бақылау және күштеп алу бөлiмiнiң бастығы,
комиссия хатшысы (келiсiмi бойынша)
Комиссия мүшелерi:
Жанзақ Ақбергенұлы
Әлiбеков
- мемлекеттiк-құқық жұмысы бөлiмiнiң меңгерушiсi;
Серiк Хамзаұлы
Әминов
- облыс әкiмiнiң көмекшiсi;
Гаухар Қапарқызы
Баймолдаева
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларды
қорғау жөнiндегi агенттiгi ұйымдық-құқық
басқармасының бас маманы (келiсiмi бойынша);
Нұрлан Сырбекұлы
Кәттабеков
- ОҚО IIББ 9 басқармасының бастығы (келiсiмi
бойынша);
Роза Сейiтбекқызы
Мырзақұл
- мемлекеттiк-құқық жұмысы бөлiмi облыс әкiмiнiң бас
инспекторы;
Асқар Станиславұлы
Тынысбеков
- Шымкент қаласы бойынша салық комитетiнiң төрағасы
(келiсiмi бойынша)