О Правилах проведения аттестации специалистов с высшим медицинским и фармацевтическим образованием на присвоение квалификационной категории Күшін жойған
Басқа 0
Жоғары білімді медицина және фармацевтика мамандарын біліктілік санатын беру үшін аттестациядан өткізудің ережесі туралы
Қазақстан Республикасының " Бiлiм беру туралы ", "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" заңдарын , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" қаулысын орындау, сондай-ақ жоғары бiлiмдi медицина және фармацевтика мамандарына білiктiлiк санатын беру үшiн аттестация жүйесiн жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Жоғары бiлiмдi медицина және фармацевтика мамандарын бiлiктiлiк санатын беру үшiн аттестациядан өткiзудiң ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстардың, Астана мен Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң), ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттары, ҚазММУ және медициналық академиялар, колледждер, республикалық медициналық ұйымдардың басшылары осы бұйрықпен бекiтiлген ереже талаптарын орындауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ҚР Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң медициналық ғылым, бiлiм және лицензиялау Департаментiнiң директоры Х. Сағынға жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап күшiне енедi.
"Келісілген"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрлігінің Бірінші
Вице-Министрі
2001 ж. "__" _____N __
Басқа 5. Жоғары бiлiмдi медицина және фармацевтика мамандарын бiлiктiлiк санатын беру үшін аттестациядан өткiзудiң ЕРЕЖЕСI
"Бекітілді"
ҚР Денсаулық сақтау
ісі
жөніндегі агенттігінің
2001 жылғы 1 маусым
N 530 бұйрығымен
Жоғары бiлiмдi медицина және фармацевтика мамандарын бiлiктiлiк санатын беру үшін аттестациядан өткiзудiң ЕРЕЖЕСI
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жоғары бiлiмдi медицина және фармацевтика мамандарын бiлiктiлiк санатын беру үшiн аттестациядан өткiзудiң ережелерi (бұдан әрi - Ережелер) Қазақстан Республикасының " Бiлiм беру туралы ", "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" заңдары , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" қаулысы негiзiнде әзiрленген.
Бiлiктiлiк санатын беру аттестациясы Қазақстан Республика аумағында қарастырылған мамандықтар, дәрiгерлiк және фармацевтикалық мамандықтар номенклатурасы бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 2
2. Бiлiктілiк санатын беру аттестациясынан өтуге жоғары медициналық бiлiмдi, емдеу-профилактикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, дәрiханалық ұйымдар мен денсаулық сақтау iсiн басқару органдар қызметтерiне жiберiлген адамдар, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, денсаулық сақтау iсiнің мемлекеттiк емес саласында (бұдан әрi - денсаулық сақтау ұйымдары) жеке медицина практикасында және жеке фармацевтикалық қызметтермен айналысатын мамандар белгiленген тәртiппен жiберiледi.
Тармақ 3
3. Бiлiктiлiк санатын беру аттестациясының негiзгi мiндеттерi: мамандардың кәсiби даярлық деңгейiн анықтау, бiлiктiлiгi жоғарырақ және талапты мамандарды айқындау, нарықтық қарым-қатынас жағдайында еңбек төлем-ақысының саралану жолымен медициналық қызметкерлердiң әлеуметтiк сақталуын қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Осы ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) аттестация - берiлген құжатқа (куәлiкке) мамандардың кәсiби дайындық деңгейiнiң сәйкестiгiн анықтау мақсатында жасалатын шара;
Тармақша 2
2) бiлiктiлiк санат - нормативтiк өлшемдерге сәйкес қызметкердiң кәсiби мiндеттерiн шешудi қамтамасыз ететiн бiлiктiлiк деңгейi.
Тармақ 5
5. Жоғары медициналық және фармацевтикалық білiмдi маманның бiлiктiлiгiн аттестациялық комиссия үш бiлiктiлiк санат бойынша анықтайды: жоғары, бiрiншi, екiншi.
Тармақ 6
6. Жоғары бiлiктiлiк санат жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi, осы мамандық бойынша кем дегенде он жыл, ал селолық денсаулық сақтау iсiнiң мамандары үшiн кем дегенде жетi жыл жұмыс өтiлi бар, жақсы жұмыс көрсеткiштерiмен сипатталатын мамандарға және мынадай кәсiби талаптарға сай беріледi:
Тармақша 1
1) жоғары бiлiктiлiк санат iзденушiсi Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау жөнiндегi заңдылықтар негiзiн, денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымы мен қағидаттарын, денсаулық сақтау iсiнiң экономикасы мен жоспарлауын бiлуi тиiс;
Тармақша 2
2) жоғары бiлiктiк санаты бар мамандар үшiн мамандық бойынша бiлiктiлiк талаптарда қарастырылған терең теориялық даярлығы мен практикалық дағдылары болуы тиiс;
Тармақша 3
3) мамандығы бойынша соңғы 5 жылда кем дегенде 3 жарияланымы болуы қажет;
Тармақша 4
4) үздiксiз өз кәсiби деңгейiн арттыруы, диагностика немесе емдеудiң жаңа әдiстерiн игеруi және практикаға енгiзуi қажет, соңғы 5 жыл iшiнде кем дегенде 144 сағат дипломнан кейiнгi даярлықтың (курстар, циклдер, тағылымдама және басқаларды) белгiленген нысан бойынша берiлген куәлiкпен расталған бiр түрiн өтуі тиіс;
Тармақша 5
5) теориялық даярлығы, кәсiби бiлiмi мен дағдылары бойынша жоғары білiктi маман денсаулық сақтау iсiнiң республикалық, облыстық және қалалық саласын сәйкес мамандық бойынша бас маман ретiнде жоғары білiктi басшылықпен қамтамасыз ете алады.
Тармақ 7
7. Бiрiншi бiлiктiлiк санат жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi, мамандығы бойынша тағылымы кем дегенде жетi жыл, ал селолық денсаулық сақтау мамандары үшiн кем дегенде бес жыл, жақсы жұмыс көрсеткiштерiмен сипатталатын мамандарға және мынадай кәсiби талаптарға сай берiледi:
Тармақша 1
1) бiрiншi бiлiктiлiк санат iзденушiсi Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жөнiндегi негiзгi заңдылықтарымен, денсаулық сақтау iсiнiң құрылымдарымен және қағидаттарымен таныс болу керек;
Тармақша 2
2) бiрiншi бiлiктiк санаты бар мамандар үшiн мамандық бойынша бiлiктiлiк талаптарда көзделген жақсы теориялық даярлығы мен практикалық дағдылары болуы тиiс;
Тармақша 3
3) өзiнiң кәсiби деңгейiн үздiксiз көтеруi тиiс, диагностика немесе емдеудің жаңа әдiстерiн игеруi және практикаға белсендi түрде енгiзуi қажет, соңғы бес жыл iшiнде кем дегенде 72 сағат дипломнан кейiнгi даярлықтың (курстар, циклдер, тағылымдар және басқалардың), белгiленген нысан бойынша берiлген куәлiкпен расталған бiр түрiн өту керек;
Тармақша 4
4) соңғы бес жыл iшiнде мамандық бойынша кем дегенде 2 жарияланымы болу керек;
Тармақша 5
5) шұғыл жағдайда жедел көмек көрсете білуi тиiс;
Тармақша 6
6) салауатты өмiр салтын насихаттауға белсендi түрде ат салысуға тиiс, орта медициналық қызметтегi жас мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде жұмыс жүргiзуi тиiс;
Тармақша 7
7) бiрiншi бiлiктiлiк санаты бар маман теориялық даярлығы, кәсiби бiлiмi мен дағдылары бойынша республикалық, облыстық және қалалық денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымында бөлiмдi, бөлiмшенi, зертхананы басшылықпен қамтамасыз ете алады және денсаулық сақтау басқармаларының органдарында бас маман мiндетiн атқара алады.
Тармақ 8
8. Екiншi бiлiктiлiк санат жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi, мамандық бойынша жұмыс тағылымы кем дегенде бес жыл, ал селолық денсаулық сақтау iсi мамандар үшiн - кем дегенде үш жыл, жақсы жұмыс көрсеткiштерiмен сипатталатын мамандарға және мынадай кәсiби талаптарға сай берiледi:
Тармақша 1
1) екiншi бiлiктiлiк санат iзденушiсi Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау бойынша заңдылықтардың негiзiн бiлетiнiн көрсетуi керек;
Тармақша 2
2) екiншi бiлiктiк санаты бар мамандар үшiн мамандық бойынша бiлiктiлiк талаптарда қарастырылған жақсы теориялық даярлығы мен практикалық дағдылары болуы тиiс;
Тармақша 3
3) конференциялар, семинарлар, симпозиумдар жұмысына қатысу жолымен үздiксiз өзiнiң кәсiби деңгейiн арттырып отыруы тиiс;
Тармақша 4
4) соңғы бес жылда мамандық бойынша кем дегенде бiр жарияланымы болу керек;
Тармақша 5
5) салауатты өмiр сүру салтын насихаттауға белсендi ат салысуы керек, орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн арттыру бойынша жұмыс жүргiзуi керек;
Тармақша 6
6) теориялық даярлық және кәсiби дағдыларының деңгейi бойынша екiншi бiлiктiлiк санатты маман қалалық және аудандық денсаулық сақтау ұйымының зертханасын, бөлiмшесiн, бөлiмiн басшылықпен қамтамасыз ете алады.
Тарау 2. 2. Аттестациялық комиссия және оның құрамы
2. Аттестациялық комиссия және оның құрамы
Тармақ 9
9. Бiлiктiлiк санатын беруге арналған аттестацияны жүргiзу үшiн денсаулық сақтау ұйымдарында орталық аттестациялық комиссия, аттестацияның нақты өткiзілетiн мерзiмдерiн белгiлейтiн, аттестациядан өтушiнiң жұмысына талдау жасайтын, аттестацияның қорытындысы бойынша шешiмдер шығаратын мамандықтар бейiндерi жөнiндегi мамандандырылған аттестациялық комиссия құрылады.
Тармақ 10
10. Бiлiктiлiк санатын берудегi аттестациялық комиссия қызметкерлерiнің құрамы мен өкiлеттiлiк мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң бұйрығымен белгiленедi.
Тармақ 11
11. Аттестациялық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны жұп саннан (7, 9, 11 адам) тұруға тиiстi. Аттестациялық комиссия мынадай құрамда құрылады: аттестациялық комиссияның төрағасы - денсаулық сақтау ұйымының бастығы немесе бастығының орынбасары, төрағаның орынбасары, хатшы және комиссия мүшелерi. Комиссияның құрамына денсаулық сақтау басқармалары органдарының, медициналық бiлiм беру, ғылыми ұйымдарының, жергiлiктi атқару органдарының басшылары мен қызметкерлерi, кәсiподақ және қоғамдық ұйымдардың өкiлi кiредi.
Тарау 3. 3. Аттестацияны жүргiзу тәртiбi
3. Аттестацияны жүргiзу тәртiбi
Тармақ 12
12. Қызметкерлердiң аттестациясы денсаулық сақтау ұйымдарының уәкiлеттi органдары белгiлеген кесте бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 13
13. Бiлiктiлiк санатын алуға аттестациядан өтуге ықылас бiлдiрген мамандар аттестациялық комиссияға арыз тапсырады.
Арызбен қоса мамандар:
Тармақша 1
1) ұйым басшысымен бекiтiлген және денсаулық сақтау басқармалары органдарының бас мамандары рецензиялаған, аттестациядан өтетiн маманның ауруларды емдеу, оңалту, олардың диагностикасын ұйымдастыру мен жетiлдiруде, сондай-ақ фармацевтикалық қызметтегi үлесiн бейнелейтiн, соңғы үш жылдағы жұмысын сипаттайтын реттi көрсеткiштер талдауымен өндiрiстiк қызмет туралы есебiн;
Тармақша 2
2) нотариустың куәландыруымен берiлген дипломның көшiрмесiн;
Тармақша 3
3) нотариустың куәландыруымен берілген бiлiктілiгiн көтеруден өткенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн;
Тармақша 4
4) ұйым басшысының қолы қойылған өндiрiстiк мiнездемесiн;
Тармақша 5
5) басылымда жарияланған мақалаларының тiзiмiн беруге тиiстi.
Комиссия аттестациядан өтетiн маманның өтiнiш жасап отырған санат талабына сәйкестiгi туралы ұсынысы бар аттестациялық қағазды ресiмдейдi (1-қосымша). Аттестациядан өтетiн қызметкер аттестациялық комиссияның отырысына 10 күн қалғанша аттестациялық қағазбен танысып, оған қолын қоюы керек.
Тармақ 14
14. Қызметкерлердiң аттестациясының нәтижесi дауыс беру арқылы комиссияның қорытынды отырысында анықталады және жазбаша хаттамамен аттестациялық қағазда ресiмделедi. Хаттамаға және аттестациялық қағазға аттестациялық комиссияның төрағасы, хатшысы мен комиссияның мүшелерi қолдарын қояды.
Тармақ 15
15. Егер комиссияның қорытынды отырысына кем дегенде 2/3 адам қатысатын болса шешiм дұрыс деп саналады. Дауыс берудiң нәтижесi комиссияның қорытынды отырысына қатысушы мүшелердiң санының көптiгiмен анықталады. Әрбiр қызметкерге комиссия мына қорытындылардың бiрiн бередi:
өтiнiш жасаған санат талабына сәйкес келедi;
өтiнiш жасаған санат талабына сәйкес келмейдi.
Тармақ 16
16. Қызметкерлерге берiлген бiлiктiлiк санаты келесi кезектi аттестациядан өткенше сақталады.
Тармақ 17
17. Бiлiктiлiк санатын беру кезiнде реттiлiктi сақтау қажет: жоғары, бiрiншi, екiншi санаттар.
Тармақ 18
18. Маман бiлiктiлiк санатын алу үшiн аттестациядан өтуге негiзгi, сондай-ақ қосымша мамандығы бойынша өтiнiш жасауына болады.
Тармақ 19
19. Егер қызметкер аттестациядан өтуге өз тiлегiн бiлдiрiп және оған берген өтiнiшi бойынша бiлiктiлiк санаты берілмесе, ол бұрынғы санатында қалады.
Тармақ 20
20. Аттестацияға байланысты келiспеушiлiктер күшi бар заңға сәйкес қарастырылады.
Тармақ 21
21. Денсаулық сақтау ұйымдарында және денсаулық сақтау iсiн басқару органдарында басшылық (бастығының орынбасары) лауазымында қызмет ететiн, бөлiмдерi бар емханалардың меңгерушiлерi "әлеуметтiк-гигиенист-денсаулық сақтау iсiнiң ұйымдастырушысы" және "провизор-ұйымдастырушы" мамандығы бойынша аттестациядан өтедi. Аталған мамандар дәрiгерлiк қызметтiң қайсыбiр мамандығы бойынша қосымша осы мамандық болу шартымен жалпы негiзде аттестацияланады.
Тарау 4. 4. Аттестациялық комиссия шешiмiн iске асыру
4. Аттестациялық комиссия шешiмiн iске асыру
Тармақ 22
22. Аттестациялық комиссияның жоғары бiлiктiлiк санатын беру туралы шешiмi аттестация өткен күннен кейiн бiр ай iшiнде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
Тармақ 23
23. Аттестация нәтижесi бойынша қызметкерлерге куәлiк берiледi (2-қосымша). Куәлiктiң көшiрмесi қызметкердiң жеке iс-құжаттарында сақталады. Куәлiк беру журналда тiркеледi (3-қосымша).
Тармақ 24
24. Бiлiктiлiк санатын беру туралы ресiмделген куәлiк Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында қолданылады.
Тармақ 25
25. Денсаулық сақтау практикасын дамытуға аса зор үлес қосқан
мамандарға ұжымның кепiлдемесi бойынша одан да жоғары бiлiктiлiк санатын беру үшiн, ерекше ретте мерзiмiнен бұрын өтуге рұқсат берiледi, бiрақ бұрынғы өткен аттестациядан кем дегенде үш жыл уақыт өтуi тиiс.
Басқа 60. АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ ҚАҒАЗ
N 1 қосымша
--------------------------------------------------------------------
(министрлiктiң немесе ведомствоның атауы)
--------------------------------------------------------------------
(денсаулық сақтау ұйымының атауы)
АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ ҚАҒАЗ
___________________________________________________________берiледi.
(тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы, санаты)
Туған жылы________ Ұлты________________
Медицинадағы өтiлi________ соның iшiнде осы ұйымдағы_______________
Білімі______________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бiтiрген жылы және алған мамандығы)
Ғылыми атауы мен ғалым дәрежесi, құрмет белгiлерi___________________
____________________________________________________________________
Қандай санатқа аттестациядан өтетiн қызметкер өтiнiш бердi
____________________________________________________________________
(жазумен)
Аттестациядан өтушiнiң қызметi туралы сын-пікiр
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Денсаулық сақтау ұйымның
бастығы_______________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
Жұмыс туралы сын-пiкiрмен және
тұжырымдармен таныстым "___"_______________________
____________________________
(аттестациядан өтушiнiң қолы)
Аттестациялық комиссияның шешiмi
____ж. "___" ____________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Аттестациялық комиссияның төрағасы _________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
Төрағаның орынбасары_________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
Хатшы___________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
Комиссияның
мүшелері:__________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
Басқа 61. Біліктілік санатын беру туралы
КУӘЛІК
N 2 қосымша
Біліктілік санатын беру туралы
КУӘЛІК
Осы куәлік аттестациялық комиссиясының біліктілік санатын беру туралы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
200__ж. "___"_________ N_______ шешіміне сәйкес
____________________________________________________________беріледі.
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
_____________________________________________________________________
Аттестациялық комиссия
төрағасы ___________ (тегi, аты, әкесiнiң аты)
(қолы)
Аттестациялық комиссияның
хатшысы ___________ (тегi, аты, әкесiнiң аты)
(қолы)
М.О.
Тіркеу нөмірі _________ Берілген күні __ж."___"_______
Басқа 62. Қызметкерлерге біліктілік санатын беру туралы куәлікті
беруді тіркеуге арналған журналдың нысаны
N 3 қосымша
Қызметкерлерге біліктілік санатын беру туралы куәлікті
беруді тіркеуге арналған журналдың нысаны
_________________________________________________
(денсаулық сақтау ұйымның атауы)
____________________________________________________________________
N Тегі,аты, Лауазым Аттестациялық Біліктілік Куәліктің Куәлік
әкесінің атауы мен комиссия шеші. санат беру берілу алғанын
аты берілген мінің шыққан жөніндегі күні қолын
біліктілік күні бұйрықтың қоюмен
санаты нөмірі растау
мен күні
____________________________________________________________________