Об утверждении Правил плавания и стоянки судов в морских портах Республики Казахстан и на подходах к ним Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының теңiз
порттарында және оларға кiреберiстерде
кемелердiң жүзу және тұрақта тұру
қағидаларын бекiту туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
_____________________ Б. Т. Сұлтанов
2015 жылғы 18 қыркүйекте
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
_____________________ Әбіқаев Н.Ә.
2015 жылғы 31 наурызда
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 162 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидалары
Тарау 1. Тарау 1. Жалпы ережелер
Тарау 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру қағидалар (бұдан әрi – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 4-бабы 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу және тұрақта тұру тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағида:
Тармақша 1
1) порт акваториясы шегiнде және оған кiреберiстерде жүзудi;
Тармақша 2
2) кемелердiң портқа кiруiн және олардың порттан шығуын;
Тармақша 3
3) кемелердiң портта тұруын;
Тармақша 4
4) порт акваториясында кемелердiң жүзуi және тұрақта тұруы кезiнде құрылыстардың қауiпсiздiгiн және сақталуын қамтиды.
Тармақ 3
3. Кемелер теңiз порттары акваториясында және оларға кiреберiстерде жүзген және тұрақта тұрған кезде осы Қағиданың ережелерi және порт капитанының өкімі, соның ішінде Кемелердiң теңiзде соқтығысуының алдын алу халықаралық ережесiн (бұдан әрi – КҚАХЕ-72) ескере отырып, порт бойынша мiндеттi қаулылар сақталады.
Тармақ 3-1
3-1. Теңіз портына кіру (шығу), оның акваториясында жүзу және тұру кезінде теңіз кемелерінен теңіз портының (теңіз терминалының операторы) және навигациялық орталық міндетті түрде көрсететін қызметтері үшін алым алынады, оның тізбесі «Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 77 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10906 болып тіркелген) бекітілген.
Теңіз портының міндетті қызметтерінің құрамына кіретін навигациялық орталықтың қызметтері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы уәкілетті органы бекітетін бағалар бойынша көрсетіледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-Теңіз күштері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери кемелері мен кемелерінен, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және (немесе) оларды жою жөнінде шаралар қабылдау, оларға әзірлікті арттыру жөніндегі іс-шараларға (оқу-жаттығуларға, навигациялық орталықтың қызметтері үшін ақы алынбайды.
Теңіз портының иесімен (теңіз терминалының операторымен) онымен айқындалған шарттарда және тәртіпте осы портта тіркелген кемелерге және халықаралық тасымалдар жүргізетін кемелер үшін кеменің теңізде автономдық жұмысының мерзімінен асып тұруына байланысты жүк тасымалдаудан тыс қызметтерге (қорларды толықтыру, бункерлеу, қалдықтарды тапсыру немесе басқа мәжбүр еткен қажеттілік) теңіз портының міндетті түрде көрсетілетін қызметтеріне мемлекетпен реттелмейтін жеңілдіктер беріледі.
Тармақ 4
4. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
Тармақша 1
1) арнайы жұмыстармен айналысатын кеме – мина қаупiн жоюмен айналысатын кемелердi қоспағанда, теңiзде мұнайдың төгiлуiн жоюмен, су асты кабельдерiн жүргiзумен немесе көтерумен, навигациялық белгiлердi қоюмен немесе алумен, гидрографиялық, су асты немесе басқа да арнайы жұмыстармен айналысатын кеме;
Тармақша 2
2) кемелiк рөл - кеме келген және кеткен кездегi экипаждың саны мен құрамы туралы мәлiметтерден тұратын кеме құжаты.
Тармақша 3
3) сыртқы рейд – теңiз портына кiреберiстерде арнайы бөлiнген және кемелердiң тұрақта тұруына, қызмет көрсетуге және оларды ресiмдеуге арналған су кеңiстiгi;
Тармақша 4
4) теңiзде жүзушiлерге жiберелетiн хабарлама - навигациялық карталарды, теңiзде жүзу үшiн әдiстемелер мен нұсқауларды түзету жөнiндегi гидрографиялық деректердiң өзгерiсiн қамтитын құжат.
Осы Қағидада Заңға сәйкес өзге де ұғымдар пайдаланылады.
Тарау 2. Тарау 2. Порт акваториясы шегiнде және оған кiреберiстерде жүзу тәртiбi
Тарау 2. Порт акваториясы шегiнде және оған кiреберiстерде жүзу тәртiбi
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы ережелер
1-параграф. Жалпы ережелер
Тармақ 5
5. Порт акваториясы шегiнде және оған кiреберiстерде жүзу кезiнде белгiленген қозғалыс жолдарын ұстану, әскери корабльдермен және су түбiн тереңдету кемелерiмен айырылысатын жер ерекшелiктерiн ескеру және жүзу режимi туралы кемелердi хабардар ету жүзеге асырылатын корабльдердiң, брандвахталардың және жағалау посттарының ерекшелiк сигналдарын бiлу керек. Кемелердiң портқа кiруi мен порттан шығуын реттейтiн сигналдар Қағидаға 1-қосымшада көрсетiлген.
Тармақ 6
6. Егер порт капитанының өкімімен өзгеше көзделмесе, онда портқа кiретiн немесе өзен фарватерi бойынша ағысқа қарсы жүзетiн кеме ағыс бойынша жүзген немесе порттан шығатын кемеге жол бередi. Ағысқа қарсы жүзген немесе портқа кiретiн кеме:
Тармақша 1
1) басқару және маневрлеу мүмкiндiгi шектеулi болған және КҚАХЕ-72 сәйкес шамдар мен белгiлердi алып жүрген;
Тармақша 2
2) өз шөгуiмен ығыстырылған және КҚАХЕ-72 сәйкес сигналдар берген жағдайлар ерекшелiктi құрайды.
Тармақ 7
7. Қарсы бағыттардан екi кеме тар орынға, бұрылысқа немесе бiр тұстамадан екiншi тұстамаға өткен орынға жақындаған кезде осындай жерден екi кеменiң бiр мезгiлде өтуi мүмкiн болмағанда немесе қауiптi болғанда, онда басқа кемеге жол беруге мiндеттi кеме алдыңғысының одан қауiпсiз қашықтықта тұрып, бұрылуды аяқтауына мүмкiндiк беруi тиiс.
Тармақ 8
8. Тар жерлерде арнайы және су түбiн тереңдету жұмыстарымен айналысатын кемелерден алшақтау олардан еркiн өту мүмкiндiгi туралы растау алғаннан кейiн жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Арнайы жұмыстар жасап тұрған кемеге жақындаған кезде онымен алдын ала ультрақысқа толқынды радиобайланыстар (бұдан әрі – УҚТ) бойынша байланыс орнатылады және қауіпсіз өту келісіледі, одан әрі КҚАХЕ-72 сәйкес әрекет жасай отырып, бұл ретте қауіпсіз қашықтықты және жылдамдығын КҚАХЕ-72 сәйкес сақтайды.
Тармақ 10
10. Суда қауiптi толқын көтерiлуiн болдырмау үшiн капитан алдын ала кеменiң жылдамдығын:
Тармақша 1
1) тiркеп сүйреу керуендерi мен шағын өлшемдi кемелерден алшақтағанда;
Тармақша 2
2) жүзу крандарының, дебаркадерлердiң, жүзу доктарының, қайта тиеу және басқа да арнайы жұмыспен айналысқан құю кемелердiң жанынан өткенде;
Тармақша 3
3) зәкiрде немесе қайраңда тұрған кемелердi айналып өткенде;
Тармақша 4
4) су асты, гидротехникалық және басқа арнайы жұмыс орындалатын жерден өткенде;
Тармақша 5
5) су түбiн тереңдету кемелерiн айналып өткенде;
Тармақша 6
6) айлақта, кеме бортында жұмыс iстейтiн адамдары бар салдар мен шлюпкалардың маңынан өткенде азайтады.
Тармақ 11
11. Су асты қанаттары бар кемелерге көрiнiм 5 кабельт және одан төмен болған кезде фарватерлер мен каналдар бойынша тек су ығыстырғыштық жағдайларында қозғалуға рұқсат етiледi.
Тармақ 12
12. Каналда немесе фарватерде кеменi зәкiрге қою мынадай:
Тармақша 1
1) одан әрi қозғалу анық қауiп төндiргенде;
Тармақша 2
2) техникалық бұзылу салдарынан кеме тоқтауға мәжбүр болғанда;
Тармақша 3
3) өту жолын басқа кемелер жауып тұрған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Фарватерде және каналда зәкiрге тұруға (немесе айлақтық бағаналарға арқандап байлануға) мәжбүр болған кеменiң капитаны кемелер қозғалысын басқару орталығына (пост) бұл туралы қолда бар байланыс құралдарымен жедел хабарлауға мiндеттi.
Хабарламада кеменiң атауы, кеменiң зәкiрге (арқандап байлау) қойылған уақыты, орны мен себептерi, сондай-ақ тұру ауданында қозғалыстың қаншалықты дәрежеде қиындағаны туралы мәлiметтер көрсетiледi.
Тармақ 14
14. Порт суларында кемелердi тiркеп сүйреуге басшылық етудi Порттың теңіз әкімшілігі жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Тiркеп сүйрету басталғанға дейiн оның басшысы тiркеп сүйреу операциясына қатысатын кемелер капитандарымен бiрлесiп, оны жүргiзу тәртiбiн келiседi. Егер тiркеп сүйреу лоцмандық алып өтумен жүзеге асырылса, онда оны жүргiзу тәртiбiн келiсуге лоцман да қатысады. Барлық туындаған мәселелер мен келiспеушiлiктердi порт капитаны шешедi.
Тармақ 16
16. Тiркеп сүйрейтiн кемелер қозғалтқыштарының қуаты мен икемдiлiк сапасы сүйретiн жүзу керуенiнiң сенiмдi басқарылуын қамтамасыз етпесе (жел мен ағысты ескергенде) тiркеп сүйреу жүргiзiлмейдi.
Тармақ 17
17. Кемелер тез тұтанатын мұнай өнiмдерiмен құйылмалы жүктелген жағдайда лагпен сүйретiп жүзу жүргiзiлмейдi, сондай-ақ бiр тiркеп сүйрегiшпен бiр уақытта мұнай өнiмдерiмен құйылмалы жүктелген бiрнеше кемелер тiркеп сүйретiлген болса, тiркеп сүйреу жүргiзiлмейдi.
Тармақ 18
18. Порт акваториясы бойынша жүзiп сынауға кеме жатқан келе жүзiп сынау ауданына осы кеменiң қауiпсiз өтуiн қамтамасыз ететiн тiркеп сүйрегiштермен алып жүрiледi.
Тармақ 19
19. Өздiгiнен жүретiн кеменi оның бортынан арқандап байлаудан босатылған жүзу құралдарымен тiркеп сүйреу жүргiзiлмейдi.
Тармақ 20
20. Тiркеп сүйрейтiн кеме тiркеп сүйретiлетiн кемедегi жұмыстан тiркеп сүйреу басшылығының командасы бойынша ғана босатылады.
Тiркеп сүйрететiн кеменiң төңкерiлiп кету қаупi тiкелей төнген жағдайда ғана тiркеп сүйретiлетiн кемеден команда берiлместен тiркеп сүйреу арқаны тасталады.
Тармақ 2. 2-параграф. Кемелердi мұзжарғыштармен алып өту тәртiбi
2-параграф. Кемелердi мұзжарғыштармен алып өту тәртiбi
Тармақ 21
21. Қысқы уақытта теңiзде мұз жататын порттарда навигацияның басталуы мен аяқталуын Порттың теңiз әкiмшiлiгi жариялайды.
Тармақ 22
22. Мұздардан кемелердi алын өтудi, сондай-ақ мұзжарғыштар мен тiркеп сүйреу кемелерiнiң барлық басқа жұмыстарына басшылық етудi Порттың теңiз әкiмшiлiгi жүзеге асырады. Порттың теңiз әкiмшiлiгi портқа кiреберiстегi мұз жағдайы туралы кемелер капитандарына хабарлайды, ал мұздан алып өтуге өтiнiм болғанда - мұзжарғышпен кездесу орнын және алып өту кезегiн хабарлайды.
Тармақ 23
23. Портта мұз арқылы кеменi мұздан алып өтуге өтiнiм еркін түрде беріледі және портта порт бастығына, ал теңiзде мұзжарғыш капитанына жолданады.
Тармақ 24
24. Порт капитанының өкімімен өзгеше мерзiмдер белгiленбесе, кеме мұз шетiне жақындағанға дейiн 48, 24, 12 және 4 сағат бұрын барлық мұзжарғышпен қамтамасыз етудiң түрлерiне еркін түрде берілген өтiнiмдер берiледi.
Тармақ 25
25. Мұзжарғышпен алып өтуге бiлiктiлiк қоғамының мұздық сыныбы, мұздан өту үшiн жеткiлiктi отын мен тағам қоры, ағаш бiлеулер, тез қататын цемент, пластырь маттар және басқалары бар кемелер жатады. Кеменiң су төгу құралдары мен кеменiң қабылдағыш радиоқондырғылар кемеде жарамды жай-күйде болуы қажет.
Осы шарттар орындалмаған кезде, сондай-ақ кемеде Кеме қатынасы тіркелімі немесе бiлiктiлiк қоғамы берген жүзуге жарамдылығы туралы куәлiгi және басқа да кеме құжаттары болмаса, порт капитаны, ал мұзжарғыш порт шегiнен тысқары өткен кезде мұзжарғыш капитаны кеменi теңiзге шығарудан немесе оны портқа кiргiзуден бас тартады.
Тармақ 26
26. Мұзжарғышпен алып өткен кезде бiрiн-бiрi басып озбай, бiрiнен соң бiрi мұзжарғышқа iлеседi және дереу артқа толық шегiнiс жасауға дайын, бұл ретте руль "Тiке" жағдайында болады.
Тармақ 27
27. Мұзда мұзжарғыштың тiркеп сүйреуiнде келе жатқан кеме өз қозғалтқышын мұзжарғыш капитанының бұйрығынсыз қоспайды. Кеме мұзжарғыш капитанының алғашқы талап етуi бойынша тiркеп сүйрегiштi беруге, сондай-ақ толық керi шегiнiс жасауға дайын болуы тиiс.
Тармақ 28
28. Кемелердiң мұз арқылы жүзу уақыты мен тәртiбiн, сондай-ақ бiр мезгiлде өткiзiлетiн кемелер санын портта порт капитаны, ал теңiзде - мұзжарғыш капитаны белгiлейдi.
Тармақ 29
29. Бiрiншi кезекте әскери кемелер, жолаушылар кемелерi және жеделдiгi туралы нұсқаулар жасалған жүктерi бар кемелер, ал сонан соң мұз шетiне келу кезегiне қарай немесе порттан шығу дайындығына байланысты барлық басқа кемелер өткiзiледi.
Тармақ 30
30. Мұзжарғышқа iлесiп мұзда жүзiп келе жатқан кеменiң капитаны мұзжарғыш капитанының мұзда қозғалуға қатысты бұйрығына бағынады және соған байланысты iс-қимыл жасайды. Кеме капитаны мұз аймағынан бiрлесiп тезiрек және авариясыз өту үшiн мұзжарғыш капитанына жәрдем көрсету үшiн барлық өз iс-қимылын бағыттайды.
Тармақ 31
31. Мұзжарғыш капитанының өкiмдерiн осы мұзжарғыштың алып өтуiмен келе жатқан кеме капитаны орындамаған жағдайда мұзжарғыштың капитаны кеменi алып өткiзуден бас тартады.
Тармақ 32
32. Мұзжарғышқа iлесiп мұзда жүзiп келе жатқан кемелер мұзжарғыштар мен алып өтетiн кемелер арасындағы байланыс үшiн қолданылатын Халықаралық сигналдарды осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес, сондай-ақ осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес мұз операциялары процесiнде пайдаланылуы мүмкiн дыбыстық және өзге құралдармен, соның iшiнде радио бойынша берiлетiн қосымша сигналдарды басшылыққа алады.
Мұзжарғыш немесе басқа кеме беретiн кез келген сигналды мұзжарғышқа немесе сигнал берген кемеге жақын келген кемеден бастап жүйелi түрде соңында келе жатқан әрбiр кеме қайталайды.
Осы сигналдар көмегiмен берiлетiн мұзжарғыштың талаптарын кемелер жедел орындайды.
Авариялық жағдайда, керуенде келе жатқан кемелердiң қозғалыс режимiн жедел өзгерту қажеттiлiгi туындағанда, радиомен берiлген "Жүрiстi азайтыңдар", "Дереу кеменi тоқтатыңдар" және "Менiң машинам керi шегiнiске жұмыс iстейдi" деген командалар тиiстi дыбыс сигналдарымен қайталанады.
Тармақ 3. 3-параграф. Кемелер қозғалысын басқаруды ұйымдастыру
3-параграф. Кемелер қозғалысын басқаруды ұйымдастыру
Тармақ 33
33. Теңiз порттарында және оларға кiреберiстерде кемелердiң жүзу навигациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету кемелер қозғалысын басқару жүйесі (бұдан әрі – КҚБЖ) арқылы навигациялық орталықпен жүзеге асырылады.
Тармақ 33-1
33-1. Акватория күйі, навигациялық жағдайы және КҚБЖ қолданылатын аудандағы кеме туралы ақпараттарды алуды қамтамасыз ететін КҚБЖ-нің техникалық құралдарын негізі түрлері:
кемелермен дауысты ультрақысқа толқынды радио байланыс құралдары;
жағалаудағы радиолокациялық станциялар;
автоматты ақпараттық (сәйкестендіру) жүйесі;
теледидарлық бақылау жүйесі;
ультрақысқа толқынды радиопеленгаторлар;
метеорологиялық және гидрологиялық аспаптар болып табылады.
Тармақ 34
34. Кемелерге қызмет көрсету мынадай кезекпен жүргiзiледi:
Тармақша 1
1) авариялық кемелер, көмек көрсету үшiн iлескен кемелер және бортында ауыр науқастары бар кемелер;
Тармақша 2
2) кесте бойынша келе жатқан паромдар мен жолаушы кемелер;
Тармақша 3
3) тез бұзылатын жүктерi бар кемелер, егер бұл жүк негізгі болса және оның салмағы басқа бірге тасымалданатын жүктер түрлерінен неғұрлым көп немесе басқа бірге тасымалданатын жүктер түрлерінен 50% астам құраса;
Тармақша 4
4) сүйретiлетiн объектiлерi бар тiркеп сүйрететiн кемелер;
Тармақша 5
5) қауiптi жүктерi бар кемелер, соның iшiнде газ-тасушы, химия-тасушы және мұнайқұю кемелерi;
Тармақша 6
6) желiлiк кемелер;
Тармақша 7
7) өтiнiмдер түсу уақытына сәйкес өзге де кемелер.
Тармақ 35
35. КҚБЖ әрекетінің аймағында кеме қозғалысы (аймаққа кіру, зәкірге қою, айлаққа келу және арқандап байлау және одан кету, қайта арқандап байлау және басқа) теңіз порты капитанының бұйрығымен әр теңіз порты үшін навигациялық орталықтың ұсынымына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 36
36. Навигациялық орталығы:
Тармақша 1
1) КҚБҚ iс-қимылы аймағындағы кiреберiстерде кемелердi табуды, кемелермен байланысты орнату, әрбiр кеме туралы қажеттi деректер тiзбесiн алуды;
Тармақша 2
2) кемелердiң қозғалысына тұрақты радиолокациялық қадағалауды, жағдайдың шиеленiсуi немесе кемелердiң ережелердi бұзған кезде кемелерге нұсқаулар берудi;
Тармақша 3
3) КҚБҚ iс-қимылы аймағындағы қозғалысты реттеудi, кемелердiң арасындағы белгiленген жолдардың, жылдамдық пен қашықтықтардың сақталуын қадағалауды;
Тармақша 4
4) зәкiрге қоятын жерлерде кеме жағдайына радиолокациялық қадағалауды;
Тармақша 5
5) кемелерге навигациялық жабдықтар құралдарының жұмысындағы өзгерiстер туралы деректердi, гидрометеоақпарат, навигациялы-гидрографиялық ақпарат берудi (қажеттiлiк туындаған кезде, сондай-ақ сұрау салу бойынша);
Тармақша 6
6) авариялық жағдайға әкелуi мүмкiн iс-қимылдар немесе жағдайлар байқалған кезде кемелерге ақпараттар мен нұсқаулар берудi;
Тармақша 7
7) кемелердi радиолокациялық алып өтудi, онда КҚҚБ лоцман-операторы алып өтетiн кеменi қабылданған координаттар жүйесiндегi оның орналасқан орны туралы тұрақты түрде хабарлайды;
Тармақша 8
8) кемелер, жағалаулық ұйымдар мен қызметтер арасында байланыс орнатуға жәрдемдесудi;
Тармақша 9
9) КҚҚБ iс-қимылы аймағында авариялық-құтқару, су түбiн тереңдету, тiркеп сүйреу және басқа арнайы жұмыстарда жәрдемдесудi жүзеге асырады.
Тармақ 36-1
Тармақ 36-2
36-2. КҚБЖ жұмысын ұйымдастыру және оның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету КҚБЖ операторларымен және инженерлік-техникалық қызметкерлерімен жүзеге асырылады.
КҚБЖ қызметкерлерінің тиісті біліктілігін қолдау үшін навигациялық орталықпен техникалық, жаттығу, тілдік және басқа да дайындықтың түрлері ұйымдастырылады.
Тармақ 37
37. Кемелердi радиолокациялық алып өту кез келген көрiнiм жағдайында еркін түрде берілген кеменiң өтiнiмi бойынша жүзеге асырылады.
Жағалаудағы радиолокациялық станциялармен (ЖРСЖ) жабдықталған барлық порттар мен каналдар, егер порт капитанының өкімімен өзге талаптар қойылмаса, 2 миль және одан төмен көзбен шолып көру кезiнде мiндеттi радиолокациялық алып өту белгiленедi.
Тармақ 38
38. Радиолокациялық алып өту тәртiбiн КҚҚБ операторы порт капитанымен алып өту басталғанға дейiн келiседi.
Радиолокациялық алып өту процесiнде кемелер орталығынан ақпарат алады және оған қолданылатын iс-қимылдар туралы хабарлайды.
Радиолокациялық алып өтудiң басталуы мен аяқталуын орталығы жариялайды.
Тармақ 39
39. Орындау үшiн:
Тармақша 1
1) қозғалыс кезегiне;
Тармақша 2
2) қозғалыс бағыты мен жылдамдығына;
Тармақша 3
3) зәкiрге қою орнына;
Тармақша 4
4) тiкелей қауiптiң алдын алу iс-қимылдарына қатысты навигациялық орталығының нұсқаулары міндетті болып табылады.
Кеме навигациялық орталығының нұсқауларын орындау мүмкiн болмайтын барлық жағдайлар туралы, себептерi мен өзiнiң одан арғы ниетi туралы хабарлайды.
Тармақ 40
40. КҚБҚ iс-қимылдары аймағына жеткенге дейiн теңiзден келетiн кемелер осы аймақтың қозғалысын реттейтiн навигациялық орталығымен ультроқысқа толқында радиобайланыс жасайды.
Тармақ 41
41. Кеме навигациялық орталығымен бiрiншi байланыс сеансы кезiнде мыналарды:
Тармақша 1
1) кеменiң түрi, атауы мен мемлекеттік тиістілігі (туы);
Тармақша 2
2) аймаққа кiру уақытын;
Тармақша 3
3) маневр жасау режимiндегi жылдамдығын;
Тармақша 4
4) баратын портын;
Тармақша 5
5) жалпы сыйымдылығы мен өлшеу куәлiгi бойынша негiзгi өлшемдерiн;
Тармақша 6
6) нақты шөгуiн;
Тармақша 7
7) жүк түрi мен санын;
Тармақша 8
8) кеме радиолокациялық станциясының жай-күйi туралы мәлiметтердi;
Тармақша 9
9) жүзу және маневр жасау қауiпсiздiгiне әсер ететiн шектеулер туралы ақпаратты хабарлайды.
Тармақ 42
42. Навигациялық орталығының сұратуы кезiнде кеме өзiн таныту мақсатында қандайда бiр белгiнiң қасында өзiнiң орнын көрсетуге (әрбiр жеке жағдайда нақты көрсетiледi) немесе таныту маневрлерiн жасауға мiндеттi.
Тармақ 43
43. Навигациялық орталығы кемеге қозғалыс бағытын, зәкiрге тұру орнын көрсетедi, сондай-ақ басқа қажеттi мәлiметтердi хабарлайды.
Тармақ 44
44. Айлақта немесе зәкiрде тұрған кеме қозғалу басталғанға дейiн ол аймақта орналасқан навигациялық орталығымен радио немесе телефон байланысын құрады.
Тармақ 45
45. Кемелер басқа арна көрсетiлмесе, аймағында болатын навигациялық орталығының жұмыс арнасында тұрақты радиовахтаны (кезекшiлiктi) атқарады.
Тармақ 45-1
45-1. Экипажы орыс тілінде сөйлемейтін, шетелдік тумен жүзетін кемелермен радиотелефон байланысы үшін А.918 (22) бұрыштамасымен мақұлданған Теңіз радиобайланысы үшін Халықаралық теңіз ұйымының стандарттық сөйлемді қолданумен (IMO Standart Marine Communication Phrases) ағылшын тілінде қолданылады.
Тармақ 45-2
45-2. Кемелерден навигациялық орталыққа жіберілетін хабарламалардың форматы мүмкіндігінше Халықаралық теңіз ұйымының А.851 (20) «Кеме қатынастары жүйесінің жалпы қағидаттары және кеме қатынастарына қойылатын талаптар» қарарына сәйкес болуы қажет.
Тармақ 45-3
45-3. Навигациялық орталықпен кемеге жіберілген хабарлама ақпарат, ескерту, ұсыныс немесе нұсқау ретінде анық жіктеледі және тиісті сөзбен сүйемелденеді.
Навигациялық орталықтан ақпарат, ескерту, ұсыныс немесе нұсқау алған кемелер олардың алынғанын, сондай-ақ алынған нұсқауларды орындауға дайындығын растайды.
Кемемен навигациялық орталықтың ұсынысын және нұсқауын орындау кезінде кемені басқарудың тәртібі мен тәсілдері кеме капитанымен айқындалады.
Қауіпсіздік мақсатында навигациялық орталықтың нұсқауларын орындау мүмкін емес болған жағдайда, кеме капитаны дереу ол туралы навигациялық орталықты хабардар етеді және ол туралы вахталық журналында жазба жазылады.
Тармақ 46
46. Навигациялық орталығының кемелермен радиобайланысы, сондай-ақ ағымдағы радиолокациялық ақпарат құжатталады. Жазбалар үш күн бойы сақталады. Егер авариялық оқиға мен авариялық жағдайлар орын алса, жазбалар тергеу жүргiзу аяқталғанға дейiн сақталады.
Тарау 3. Тарау 3. Кемелердiң портқа кiруi және порттан шығу тәртiбi
Тарау 3. Кемелердiң портқа кiруi және порттан шығу тәртiбi
Тармақ 1. 1-параграф. Жақындау туралы ақпарат
1-параграф. Жақындау туралы ақпарат
Тармақ 47
47. Кеменiң баратын портына жақындауы туралы ақпаратты мынадай жағдайда: кеме капитаны Қазақстан Республикасының теңiз портына келе жатқан кезде - порт диспетчерiне, порт капитанына және қажет болған кезде басқа мекенжайларға бередi.
Тармақ 48
48. Жақындау туралы ақпарат 48 сағат бұрын, екiншi рет 24 сағат бұрын берiледi және жақындап келгенге дейiн 4 сағат бұрын нақтыланады. Өту ұзақтығы кемiнде 48 сағат болғанда - жөнелту портынан шыққаннан кейiн 2 сағат шегiнде белгiленедi.
Балық аулау кәсiпшiлiк флоты кемелерiнiң капитандары кәсiптi бiтiру уақытын, сондай-ақ портқа жақындау уақытын 48 сағаттан кешiктiрмей хабарлайды.
Тармақ 49
49. Кеме порт акваториясында телеграфтық және телефондық радиостанциялардан басқа, ультрақысқа толқынды радиостанциялар мен спутниктiк байланысы құралдарын пайдаланады.
Тармақ 50
50. Осы қағиданың 41 пунктінде көрсетілген мәліметке қосымша кеме капитаны (кеме иесi) жақындау туралы ақпаратта мынадай деректердi хабарлайды:
Тармақша 1
1) агент және иесiнiң атын;
Тармақша 2
2) жөнелту портын (соңғы кiрген порты, кәсiп жасау ауданы, бұрғылау қондырғысы және басқалары);
Тармақша 3
3) кеменiң басымен және артымен шөгуiн;
Тармақша 4
4) экипаж мүшелерi мен жолаушылар санын, егер болса, аурулардың санын;
Тармақша 5
5) жүк атауын, оның ерекше қасиеттерiн, фумиганттың атауын (егер жүк кемеде фумигацияға ұшыраса), жүктiң кемеде: палубада, твиндекте, трюмде (толассыз трюмдер бар болғанда - әрбiр люк бойынша) орналасуын, ұзын өлшемдi жүктердiң бiр орнының ұзындығы мен ауыр салмақта жүктердiң массасын (3 т жоғары), ал жүк тиеуге бара жатқан танкер үшiн - айлақ алдындағы балласт массасы мен балластан босату уақытын, бұрын әкелiнген жүктiң атауын;
Тармақша 6
6) жүк алушының атауын;
Тармақша 7
7) бункерге, тұщы суға, жабдықтарға қажеттiлiгiн;
Тармақша 8
8) қосымша техникалық және жөндеу операцияларын орындау қажеттiлiгiн, сондай-ақ мыналарға:
льялды, балластық, шаруашылық-фекальды ағынды суларды және қатты қоқысты тапсыру үшiн жинаушы кемеге;
тiркеп сүйрететiн кемелер мен тiркеп сүйреу қызметiне;
мұз жаруды қамтамасыз етуге;
лоцманға өтiнiм бередi.
Тармақ 51
51. Кеменiң барар мекенжайы өзгергенде капитан алғашқы баратын портқа берiлген өтiнiмдердi радиограммамен жояды.
Тармақ 52
52. Кеме капитаны өзiнiң жақындау туралы ақпаратында кеменiң жүк қондырғыларының (механизмдерiнiң) ақаулары туралы хабарлайды.
Тармақ 53
53. Порттың диспетчерлiк қызметi кеменiң арқандап байланатын орны мен тиеу-түсiру немесе басқа жұмыстардың орындау тәсiлi туралы кеменiң портқа келуiне дейiн 4 сағаттан кешiктiрмей кемеге хабарлайды.
Тармақ 54
54. Еркін түрде берілген мұз жаруды қамтамасыз ету өтiнiмiнде кiру туралы ақпаратқа қосымша мыналар:
Тармақша 1
1) су сыйымдылығы;
Тармақша 2
2) бас қозғалтқыштың үлгiсi мен қуаты;
Тармақша 3
3) мұздық сыныпталуы (мұздық бекiтулердiң бар болуы мен санаты);
Тармақша 4
4) кеменiң мұздан алып өтуiне әсер ететiн техникалық жай-күй ерекшелiктерi;
Тармақша 5
5) есу винтiнiң материалы;
Тармақша 6
6) отын, су, азық-түлiктiң бар болуы және тәулiктiк шығысы хабарланады.
Тармақ 55
55. Кемелердiң ең болмаса бiреуi газ-тасушы, химия-тасушы, мұнай құю кемесi немесе өзiнiң шөгуiмен ығысып қалған, жарылу қаупi бар жүктi таситын кеме, сондай-ақ сүйреткiш керуен болып табылса, олардың портқа/порттан бiр мезгiлдегi кiруге және шығуға жол берілмейді.
Тармақ 2. 2-параграф. Келудi ресiмдеу
2-параграф. Келудi ресiмдеу
Тармақ 56
56. Кеменiң портқа келуi Порттың теңiз әкiмшiлiгiнде шекаралық, кедендiк, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын сақтай отырып келген сәтiнен бастап 24 сағат iшiнде ресiмделедi.
Тармақ 57
57. Шетел кемесiнiң капитаны портқа келген кезде қосымша конвенциялық құжаттарды (теңіз көлігі саласында Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық конвенция анықтамасы, куәлігі және сертификаты) ұсынады.
Капитан мемлекеттік кірістер органына тасылатын жүктерге бар коносаменттi және тасымалдау құжаттарды ұсынады.
Тармақ 58
58. Егер уәкiлеттi орган немесе басқа бiлiктiлiк қоғамы олардың техникалық жай-күйiн бақылауға жауап беретiн қондырғылар немесе жабдықтар мен механизмдер сынып, бүлiнсе кеме капитаны портқа келген бойда осы жөнiнде жазбаша хабарлайды.
Тармақ 59
59. Порт капитанының өкімі және шекаралық бақылау органдарының келісімі бойынша кеменің келуін (шығуын) ресімдеу порттың сыртқы рейдінде жүзеге асырылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Шығуды ресiмдеу
3-параграф. Шығуды ресiмдеу
Тармақ 60
60. Кеменiң рейске шығуын ресiмдеудi Порттың теңiз әкiмшiлiгi кемелердің кіруі мен шығуын есепке алу журналына тиісті жазу енгізумен жүзеге асырады. Ресiмдеу кемеде Кеме қатынасының тіркелімі немесе басқа бiлiктiлiк қоғамы берген құжаттары кеменiң жарамды техникалық және теңiзде жүзу жай-күйiн растайтын құжаттары бар болған, сондай-ақ өрттен қорғау және санитарлық-карантиндiк бақылау тарапынан кедергi болмаған кезде ғана жүргiзiледi.
Тармақ 61
61. Кеменің теңізге шығуға дайындығын Порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы теңіз портының капитаны бекітетін кемені тексеру актісінің (чек-парақ) нысаны бойынша тексереді.
Тармақ 62
62. Теңіз портының капитаны кеменiң теңiз портынан шығуына мына жағдайларда:
Тармақша 1
1) кеме техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмесе;
Тармақша 2
2) тиеуге, жабдықтауға, экипажды жасақтауға қойылған талаптар бұзылғанда немесе кеменiң жүзу қауiпсiздiгiн, ондағы адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн басқа да кемшiлiктер, сондай-ақ теңiз ортасына залал келтiру қаупi болғанда;
Тармақша 3
3) кеме құжаттарына қойылатын талаптар бұзылғанда;
Тармақша 4
4) тиiстi мемлекеттiк органдар (шекаралық, санитарлық-карантиндiк, фитосанитариялық, мемлекеттік кірістер органдары және өзге) ұйғарым бергенде;
Тармақша 5
5) Теңiз портының мiндеттi қызмет көрсеткенi үшiн ақы, төленбегенде рұқсат беруден бас тартады.
Тармақ 63
63. Кемелердi порттан шығуға дайындағанда тексеру кезiнде айқындалған барлық бұзушылықтар мен кемшiлiктер туралы Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң өкiлi инспекциялаушы адамдардың ескертулерi және өкiмдерi журналына еркін түрде ресімделген жазба жазады және еркін түрде актi жасайды. Кеменiң шығуын ресiмдеу кезiнде Порттың теңiз әкiмшiлiгi өкiлiне ескертулер жойылғаны туралы белгiлер соғылған актiнiң данасы ұсынылады.
Тармақ 64
64. Кеме капитаны теңiз портынан шығуды ресiмдеу үшiн Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң өкiлiне:
Тармақша 1
1) жалпы декларацияны немесе шығу құқығына өтiнiштi;
Тармақша 2
2) кеме;
Тармақша 3
3) конвенциялық құжаттары;
Тармақша 4
4) экипаж мүшелерiнiң дипломдары мен бiлiктiлiк куәлiктерiн;
Тармақ 65
65. Тiркеп сүйретiлетiн кеменiң шығуы онда капитан басқаратын экипаж болған кезде осы Қағиданың 69-тармағына сәйкес ресiмделедi. Тiркеп сүйретiлетiн керуеннiң шығуын тiркеп сүйрететiн кеме капитаны ресiмдейдi.
Тiркеп сүйретiлетiн әскери емес кеменiң шығуын ресiмдеу кезiнде Порттың теңiз әкiмшiлiгiне мыналар:
Тармақша 1
1) теңiз тiркеп сүйреулерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нұсқаулық
Тармақша 2
2) өту жоспары;
Тармақша 3
3) тiркеп сүйреу желiсiнiң сызбасы мен есебi ұсынылады.
Шектеулi жүзудегi кемелер мен объектiлердi теңiзде тiркеп сүйреу кезiнде конструкторлық бюро әзiрлеген және Кеме қатынасының тіркелімімен немесе өзге бiлiктi қоғам мақұлдаған конверттеу, әртүрлi конструкцияларды, тiркеп сүйреу қондырғысының бекiтпелерiн, корпусты нығайту жүйесiн және басқаларын ұсынады.
Тiркеп сүйреудi ресiмдеу кезiнде, сондай-ақ тiркеп сүйреушiнiң де тiркеп сүйретiлетiн кеменiң де теңiзде жүзу жай-күйiн тексерудің еркін түрде ресімделген актiсi тiркеп сүйретуге рұқсат етiлетiн жазбамен бiрге ұсынылады.
Тармақ 66
66. Егер кеме табиғи құбылыстар немесе авариялық-құтқару жұмыстарына қатысуға теңіз порты капитанының бұйрығы бойынша порттан шыққан болса, шығуды ресiмдеу талап етiлмейдi. Осындай кеменiң капитаны, егер мүмкiн болған жағдайда Порттың теңiз әкiмшiлiгiне өзiнiң қолында бар барлық құралдармен шығатыны туралы хабардар етедi.
Тармақ 67
67. Шығуға арналған рұқсат 24 сағат iшiнде күшiнде болады, ол телефон бойынша немесе ультрақысқа толқынды радиобайланыста берiледi.
Тармақ 68
68. Портта кеменi белгiленген мерзiмнен артық кiдiрген жағдайда кеме капитаны бұл туралы Порттың теңiз әкiмшiлiгiне хабарлайды және шығуды қайтадан ресiмдейдi.
Тармақ 69
69. Шығуды ресiмдеуден кейiн экипаж құрамында немесе кеменiң техникалық жай-күйiнде өзгерiстер болған жағдайда капитан бұл жөнiнде Порттың теңiз әкiмшiлiгiне хабарлайды және шығуды қайтадан ресiмдейдi.
Тармақ 70
70. Осы Қағиданың 59-тармағында көзделген жағдайларда кеменiң шығуын ресiмдеу порттың сыртқы рейдiнде жүзеге асырылады.
Тарау 4. Тарау 4. Кемелердiң портта тұру тәртiбi
Тарау 4. Кемелердiң портта тұру тәртiбi
Тармақ 1. 1-параграф. Кемелердiң рейдте тұруы
1-параграф. Кемелердiң рейдте тұруы
Тармақ 71
71. Егер портта КҚБҚ болмаса, кемелердi зәкiрге қою немесе тұру орнын өзгерту әрбiр жағдайда теңіз порты капитанының өкімімен орындалады, ол жөнiнде капитан порттың кезекшi диспетчерiне хабарлап отырады.
Тармақ 72
72. Кемелерде және өзге де жүзу құралдарында КҚАХЕ-72 көзделгендерден басқа навигациялық белгi болып көрiнуi мүмкiн оттарды көтеруге рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 73
73. Зәкiрде тұрған кемелер ультрақысқа толқынды радиобайланыста радиовахтаны атқарады, арнасы 16 (156,8 МГц).
Тармақ 74
74. Тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде зәкiрде тұрған кемеде штаттық сыртқы жарықтандыру қосылады.
Тармақ 75
75. КҚАХЕ-72 көзделген оттар мен белгiлерден басқа артқы жағында зәкiрмен (верптермен) бекiтiлiп, рейдте тұрған кеме тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде ақ от, ал күндiз кеменiң артқы жағында борт биiктiгiнiң жарымына дейiн зәкiр шынжырының қасында төмен түсiрiлген қызыл ту бекiтiледi.
Тармақ 76
76. Катерлер мен шлюпкаларды суға түсiру теңiз портының каптанының өкімімен ғана жүргiзiледi.
Осы талап суға батқандарға көмек көрсету және авариялық-құтқару жұмыстарын орындау үшiн кемедегi жүзу құралдарын жедел пайдалану қажет болған жағдайға жатпайды.
Тармақ 2. 2-параграф. Айлақтарды кемелердi арқандап байлауға дайындау
2-параграф. Айлақтарды кемелердi арқандап байлауға дайындау
Тармақ 77
77. Айлақ иесi кемелердiң кiруi мен шығуына айлақ дайындығын қамтамасыз етедi.
Тармақ 78
78. Айлақтарды дайындаған кезде:
Тармақша 1
1) кiретiн кеменi арқандап байлау үшiн айлақтың жеткiлiктi бос ұзындығы қамтамасыз етiледi;
Тармақша 2
2) қалыпты арқандап байлауға (арқаннан босатуға) кедергi болатын жүктер мен басқа заттардан айлақ кордоны босатылады;
Тармақша 3
3) арқандау (арқаннан босатуға) бойынша жұмыстар жүргiзiлетiн айлақтың кордон маңының бөлiгi мұз бен қардан тазартылады және барлық ұзындығы бойына құм шашылады;
Тармақша 4
4) кордон маңының крандары шығарылады;
Тармақша 5
5) арқандап байлау айлағында барлық көлiк түрлерiнiң жұмыстары мен қозғалысы тоқтатылады;
Тармақша 6
6) тәулiктiң қараңғы уақытында айлақтың толық жарықтандыру жүйесi қосылады. Кеменiң арқандап байланатын орны, яғни форштевтiң тұрған жерiн айлақ иесiнiң өкiлi былай көрсетедi: күндiз - қызыл тумен, түнде - қызыл отпен.
Тармақ 79
79. Кеме капитаны арқандап байлауға дейiн порт диспетчерiнен айлақтың жай-күйi, бос кiреберiс өлшемi туралы, айлаққа кiреберiстегi және оның бойындағы тереңдiк туралы ақпарат алады.
Тармақ 3. 3-параграф. Кемелердi арқандап байлау
3-параграф. Кемелердi арқандап байлау
Тармақ 80
80. Кеменi айлаққа арқандап байлау үшiн айлақ иесi осы Қағидаға 4-қосымшада көрсетiлген есептi негiзге алып саны кеменiң жалпы сыйымдылығына байланысты болатын арқандап байлаушыларды бөледi.
Кеменi айлақта тұрған кеме бортына арқандап байлау кезiнде соңғысы өз экипажының күшiмен өз бортының кранцты қорғалуын қамтамасыз етедi және кемеге лақтыратын арқан ұштарын қағып алады. Жағалаудағы арқан ұштарын қағып алуды айлақ иесi қамтамасыз етедi.
Тармақ 81
81. Шағын көлемдi кеме айлаққа теңiз портының капитанының өкімімен ғана арқандап байланады.
Тармақ 4. 4-параграф. Кемелердiң айлақта тұруы
4-параграф. Кемелердiң айлақта тұруы
Тармақ 82
82. Кемелердi айлақ жанында орналастыру порт диспетчерлерi Порттың теңiз әкiмшiлiгi өкілінің келiсiмi бойынша, ал бортта жарылу қаупi бар немесе жеңiл тұтанатын жүктер болса порттың өрттi қадағалау кезекшi инспекторының келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Кемелер арасындағы қашықтық кемiнде 10 метр болады.
Тармақ 83
83. Кемелер мен порттық жүзбелi құралдарды өрт пирстерiне қоюға рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 84
84. Айлақ жанында борты бортына тiрелiп (лагымен) тұратын кемелердiң жеткiлiктi саны әрбiр нақты жағдайда теңіз порты капитанының өкімімен белгiленедi.
Осындай тұруға екi кеменiң капитандары келiскен кезде өндiрiстiк қажеттiлiк жағдайларында теңіз портының капитаны рұқсат бередi.
Тармақ 85
85. Бункерден бункерге тiркеп сүйрейтiн кемелердi жiберу операцияларын қоспағанда, бiреуiнiң бортында жарылыс қаупi немесе жеңiл тұтанатын жүктерi бар, бiр-бiрiне лагымен арқандап байланған екi кеменiң тұруына рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 86
86. Айлақ жанында арқандап байланған кеменiң капитаны су бетiнiң, айлақ пен су түбiнiң ластануы мен қоқыстануын болдырмау, сондай-ақ траптар ауданындағы жерлердi қар мен кiрден тұрақты тазалауды ұйымдастыру үшiн барлық шараларды қабылдайды.
Тармақ 87
87. Порт кемеде жиналған ластанған сулардың және тұрмыстық қалдықтардың кез келген түрiн қабылдауды қамтамасыз етедi.
Тармақ 88
88. Қатты ажыратылған мұнай өнiмдерiнiң қалдықтары, майланған шүберектер, қоқыс, ұсақ ыдыстар, техникалық, тағам және басқа тұрмыстық қалдықтар өтiнiм бойынша кемеден порт ұсынған арнайы ыдыспен шығарылады.
Тармақ 89
89. Портта айлақ маңында тұрған кемеде салқындату суының құю шпигаттарын арнайы қалқандарымен жабу, ал борт сыртына шығарылатын пайдаланылған буларды қосымша құбырлармен суға жiберу қажет. Қалқандар кеме айлаққа келгенге дейiн орнатылады.
Тармақ 90
90. Айлаққа кемеден берiлетiн түскiштер мен траптар берiк бекiтiледi және тұтқалармен немесе леерлермен, басқыштар ауданында жiбi кемiнде 30 м болатын құтқару шеңберiмен жабдықталады.
Траптар мен басқыштар алаңшаларында адамдардың суға құлауын болдырмайтын қоршағыш торлар тартылады. Тәулiктiң қараңғы уақытында траптар (басқыштар) жарықтандырылады.
Тармақ 91
91. Кеме жөндеу зауытының капитаны жөнделетiн кемелер мен жүзу құралдарының қауiпсiз тұруын ұйымдастырады.
Тармақ 92
92. Айлақта тұрған кемеде тәулiктiң қараңғы уақытында сыртқы жарықтандыру, сондай-ақ КҚАХЕ-72 сәйкес оттар қосылады.
Сұйық отыны бар танкер мен бункерлеушi, егер оның жүк танкерi жүк қалдығы мен газдан тазаланбаса, жоғарыда аталған оттардан басқа, бүкiл көкжиектен көрiнетiн, кемiнде 2 миль көрiну ұзақтығымен, неғұрлым көрiнетiн жердi бiр қызыл от, ал осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес портқа кемелердiң кiруi мен порттан шығуын реттейтiн сигналдарға сәйкес күндiз - Халықаралық сигналдар жинағы бойынша В (Браво) туын көтередi.
Тармақ 93
93. Айлақта тұрған кемеде оның мөлшерi мен ведомстволық тиесiлiгiне қарамастан басқыш алдында вахта (кезекшi) қойылады.
Вахталық қызмет Порттың теңiз әкiмшiлiгi телефондарының нөмiрлерiмен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 94
94. Айлақта арқандалған кеме, егер абонентпен жағалаулық телефон желiсiмен байланысу мүмкiн болмаса, спутниктiк немесе ультрақысқа толқын радиобайланысын пайдаланады.
Тармақ 95
95. Бас қозғалтқыштардың, руль, зәкiр және арқанды қондырғылардың iстен шығуына байланысты кеме жұмыстары, сондай-ақ борт сыртында шлюпкадан немесе басқа жүзу құралдарынан iстелетiн жұмыстар тек теңіз порты капитанының рұқсатымен орындалады.
Тармақ 96
96. Авариялық кемеге жақын тұрған немесе оның жанынан өтетiн кемелер адамдарды, кеменi, жүк және басқа мүлiктердi құтқару жөнiнде шаралар қабылдайды. Бұл iс-қимылдарды құтқару үйлестiрушi орталығы, ал ондай болмаған жағдайда Порт теңiз әкiмшiлiгiнiң өкілі үйлестiредi.
Тармақ 97
97. Экипаждың оларда тұрақты болуы үшiн бейiмделмеген шағын көлемдi кемелердiң иелерi кемелердiң тәулiк бойғы күзетi мен олардың тұрағын қадағалауды қамтамасыз етедi.
Тармақ 98
98. Жүк операциялары кезiнде кеменiң 5 0 аспайтын бiр жағына қисаюына рұқсат етiледi. Жүк жұмыстары әрбiр қайта тиеу тетiктерi үшiн паспорт деректерiне сәйкес жел жылдамдығы артық болған кезде жүргiзiледi.
Айлақтың жанында тұратын кемелерге борттан тыс жүк крандарын, жебелердi, траптарды, шлюпбалкаларды және кемеде немесе айлақта жүк операцияларына кедергi жасайтын басқа да заттарды ұстауға рұқсат етілмейді.
Тармақ 5. 5-параграф. Тұру орнын ауыстыру
5-параграф. Тұру орнын ауыстыру
Тармақ 99
99. Тұру орнын алдағы ауыстыру туралы порттың кезекшi диспетчері кеме капитанына жұмыс уақытында, егер теңіз портын капитанының өкімімен өзге мерзiмдер белгiленбесе 2 сағаттан кешiктiрмей хабарлайды.
Тармақ 100
100. Кеме орнын ауыстырған және басқа кеменiң бортына үстiнен арқандап байланған жағдайда, онда соңғы кеме бұл жөнiнде ауысу басталарға дейiн кемiнде 1 сағат бұрын ескертiледi.
Тармақ 101
101. Кеменi бiр айлақтан басқасына ауыстыру немесе оны айлақтан рейдтке апару кемеде капитан немесе кеме капитанының аға көмекшiсi болған кезде жүргiзiледi.
Тармақ 102
102. Айлақ бойы кеменi алдағы қайта тарту жағдайында, оған басқа кемеден әкелiнген арқандар, бұл жөнiнде басқа кеме капитанының вахта көмекшiсiне хабарланғаннан кейiн берiледi. Егер арқандарды беру кезiнде олар басқа кеме арқандарымен қыстырылып қалса, басқа кеменiң вахта қызметi өзiнiң байлау арқандарын осы уақытқа босатады.
Тармақ 6. 6-параграф. Дауыл кезiндегi iс-қимылдар
6-параграф. Дауыл кезiндегi iс-қимылдар
Тармақ 103
103. Порттың теңiз әкiмшiлiгi ауа райының күрт бұзылатыны туралы деректер алысымен порт акваториясындағы кеме иелерiнiң диспетчерлiк қызметiне және порт айлақтарында тұрған барлық кемелердiң капитандарына жедел хабарлайды.
Тармақ 104
104. Кеме капитаны дауыл туралы ескерту алған кезде немесе ауа райы нашарлауының анық белгiлерi болған кезде кеме қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды.
Тармақ 105
105. Теңіз портының капитаны дауыл туралы ескерту алысымен порттың диспетчерлiк қызметiне дауыл кезiнде порттан шығуы тиiс кемелердiң тiзiмiн, сондай-ақ портта қалатын кемелердiң қолайлы жабық жерлерде орналасуын ескере отырып, тұруға көшуiн хабарлайды. Бiр мезгiлде кеме капитандарына, Порттың теңiз әкiмшiлiгiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерiне және диспетчерлiк қызметке портта қалған кемелер мен жүзу құралдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi iс-шаралар жүргiзу туралы нұсқаулар бередi.
Тармақ 7. 7-параграф. Қыстау және портта қазықта тұру
7-параграф. Қыстау және портта қазықта тұру
Тармақ 106
106. Кеме иесiнiң немесе кеме капитанының еркін түрде өтiнiшi бойынша кеменiң қысқы тұру, жөндеуге немесе қазықта тұру мүмкiндiгi туралы шешiмдi әрбiр жағдайда порт иесі қабылдайды, онда әрбiр кеме бойынша мыналар көрсетiледi:
Тармақша 1
1) үлгiсi, атауы, тiркеу нөмiрi, ұзындығы, енi және шөгуi;
Тармақша 2
2) тiркелген порты;
Тармақша 3
3) портта қалаған тұру орны;
Тармақша 4
4) капитанның немесе жауапты адамның тегi;
Тармақша 5
5) кемеде қыстап қалатын экипаж мүшелерiнiң немесе кемеде тұратын күзетшiнiң тектерi;
Тармақша 6
6) команданың (күзетшiлердiң) вахта қызметiн жүргiзу тәртiбi мен кезекшiлiк кестесi;
Тармақша 7
7) кеме иесi мен капитанның мекенжайлары;
Тармақша 8
8) кемелердi орналастыру схемасы.
Өтiнiшке кемеде өртке қарсы iс-шаралар жүргiзiлгенi туралы теңіз портының қорытындысы қоса берiледi.
Бiрнеше кемелер қыстаған кезде кеме иесi керуен қалыптастырады, керуеннiң барлық кемелерiнiң тұру қауiпсiздiгiне жауапты керуен капитанын тағайындайды.
Тармақ 107
107. Кеме капитаны қыстау портынан шыққан жағдайда, ол жоқ кезеңде кемеге және экипажға жауапты адам туралы теңіз порты капитанын хабардар етедi.
Тармақ 108
108. Қыстауға қойылған кемелерде кеме иесi әзiрлеген, бекiткен және теңiз порты капитанымен келiсiлген кеменiң тұрақта тұруы кезеңiнде кеме қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша iс-шаралар жоспары болады.
Тармақ 109
109. Құйылма кемелерiн тұраққа қою алдында танкiлер мен сорғы бөлiмшелерiн толық тазалау және газдарынан желдету орындалады.
Тармақ 110
110. Қыстайтын кемеде сұйық отын қоры порттың өрттен сақтандыру күзетiнiң рұқсатымен ғана қалдырылады.
Тармақ 111
111. Тұру кезiнде кемелер теңіз портының өртке қарсы қауіпсіздік қызметімен және Порттың теңiз әкiмшiлiгiмен байланыспен қамтамасыз етiледi.
Тарау 5. Тарау 5. Кемелер жүзген және тұрған кезде порт акваториясындағы құрылыстардың қауiпсiздiгi және сақталуы
Тарау 5. Кемелер жүзген және тұрған кезде порт акваториясындағы құрылыстардың қауiпсiздiгi және сақталуы
Тармақ 112
112. Порт айлағында бұрмалармен жұмыс iстеуге рұқсат етiлмейдi. Теңiзге шығар алдында қозғалтқышты дайындау кезiнде сақтық шараларын сақтай отырып, бұрманы қысқа уақытқа бұруға рұқсат етiледi.
Тармақ 113
113. Катерлерден, шлюпкалардан және салдардан:
Тармақша 1
1) кеме қатынасы фарватерлерiнде және арналарда;
Тармақша 2
2) кемелер жүзуi мен тұруына арналған рейдтер мен плестерде;
Тармақша 3
3) өнеркәсiп кәсiпорындарының айдыны шегiнде, порттың жүк аудандары мен күзет айлақтарында балық аулауға рұқсат етiлмейдi.
Сонымен қатар кемелер тұруға арналған айлақтардан, пристандардан және басқа құрылыстардан балық аулау жүргiзiлмейдi.
Тармақ 114
114. Навигациялық жабдықтардың жағалаудағы және жүзбелi құралдары навигация кезiнде оларды ауыстырған кезде алынады (сөндiрiледi).
Тармақ 115
115. Портқа (арнаға) кiреберiстерде және портта:
Тармақша 1
1) қандай да бiр навигациялық жабдық құралдарын орнатуға;
Тармақша 2
2) жарық шығару жағалаулық және жүзбелi навигациялық жабдық құралдарының iс-қимылы аймағында қандай да бiр оттарды орнатуға;
Тармақша 3
3) тарту және порт навигациялық белгiлерiнiң iс-қимылы аймағында жүк жинап қоюға;
Тармақша 4
4) навигациялық жабдық құралдарының көрiнуiн нашарлатуы мүмкiн кез келген құрылыстар салуға рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 116
116. Навигациялық жабдық құралдарының көрiнуiн жабатын өсiп тұрған ағаштар мен бұтақтар мерзiмдiлiкпен шабылуға жатады.
Тармақ 117
117. Портта көпiр, әуе кабельдерi өткелдерiн, байланыс және электр беру желiлерiн орнату және салу, құбырларды салу және басқа жұмыстар, сондай-ақ радиожүйе салу теңiз портының капитанымен келiсiм бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 118
118. Жүзбелi маяктарға, буйларға және басқа жүзбелi навигациялық жабдық құралдарына жақындауға және арқанмен байлануға рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 119
119. Навигациялық жабдық құралдарының бүлiнгенiн немесе штаттық орнынан ауысқанын байқаған адамдар бұл жөнiнде Порттың теңiз әкiмшiлiгiне хабарлайды.
Тармақ 120
120. Порттағы кемелердің сыртын сырлау жұмыстарын жүргiзу теңіз порты капитанының келiсiмi бойынша орындалады.
Тармақ 121
121. Басқа кемеден немесе порттан өрттi байқаған кеме дабыл сигналын бередi, ол туралы теңіз портының өртке қарсы қауіпсіздік қызметіне және Порттың теңiз әкiмшiлiгiне жедел хабарлайды және өрт сөндiрудi басқаруды жүзеге асыратын адамның нұсқауы бойынша өрт сөндiруге қатысады.
Тармақ 122
122. Портта немесе кемеде шыққан өрттi сөндiру үшiн Порттың теңiз әкiмшiлiгi порттағы адамдарды немесе кез келген ұйымдар мен кемелердiң өрт сөндiру құралдарын қатыстырады.
Тармақ 123
123. Портта қандай да бiр объектiде шыққан өрттi сөндiруге порттың (қаланың) өрт сөндiру командасы келгенге дейiн адамдарды және материалдық құндылықтарды эвакуациялауға басшылық етудi авариялық объектiнiң бастығы жүзеге асырады.
Тармақ 124
124. Өрт болған жерге өрт сөндiру күзетi өкiлдерi келгенде өрт сөндiрудi басқаруды аға өрт сөндiру бастығы өзiне алады. Өрт сөндiрудi басқарған авариялық объектiнiң бастығы оған өрт көзi, оны жою жөнiнде қабылданған шаралар, сондай-ақ үй-жайлардағы өрт сөндiрумен айналысқан адамдардың саны туралы барлық қажеттi мәлiметтердi хабарлайды.
Тармақ 125
125. Кемеде өрт шыққан кезде өрт сөндiру кеме экипаждары мен жағалаудағы өрт сөндiру күзетi бөлiмшелерiнiң өзара әрекетiмен ұйымдастырылады.
Тармақ 126
126. Порттың барлық ғимараттарына, құрылыстарына және объектiлерiне еркiн кiру қамтамасыз етiледi. Кiрме жолдардың қоқыстануына және оны қоймалау мақсаты үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.
Тармақ 127
127. Кемелер тұрған жерлердегi пристер мен айлақтар халықаралық үлгiдегi "жағалау" жарамды өтпелi жалғағыштармен жабдықталады, олар оған өрт туындаған жағдайда су беру үшiн халықаралық үлгiдегi "кеме" кемелiк өтпелi жалғағышты қосуға мүмкiндiк бередi.
Тармақ 128
128. Кемелер мұнай айлақтары ауданында және танкерлер тұратын жерлерде тұрған кезде ұшқын сөндiргiш қорғанышпен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 129
129. Өрт қаупi бар жүктермен операциялар орындайтын кемелер тұрағына 100 метрден жақын жерде от қолдануға және ашық от жағуға байланысты жұмыстар жүргiзуге рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 130
130. Бункерлейтiн немесе бункерленетiн кемеде өртке қарсы iс-шаралары жүргiзiлмеген жағдайда, сұйық отыны бар кеменi бункерлеуге рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 131
131. Найзағай болған кезде құйылма және ыдыстағы мұнай өнiмдерiн тиеп-түсiру жүргiзiлмейдi. Найзағай болған кезде танкерлер мен газ өткiзу құбырлары жабылады.
Тармақ 132
132. Танкердi тiркеп сүйреген кезде тiркеп сүйрететiн кемедегi өртке қарсы сақтық режимi тiркеп сүйретiлетiн кемедегiдей сақталады.
Тармақ 133
133. Өздiгiнен жүрмейтiн мұнай құю баржасынан мұнай базасына немесе кемеге мұнай өнiмдерiн құйған кезде осы баржаға жақын жерде оны (кеме) мұнай базасынан дереу әкетуге дайын тiркеп сүйрейтiн кеме тұрады.
Тармақ 134
134. Портта құрылыс және өзге жұмыстарды жүргiзген, олар туралы мәлiметтер басшылық құжаттар мен карталарда көрсетiлетiн қажет ұйымдар мен адамдар порт капитанына навигациялық әдiстемелердi кейiннен түзету үшiн қажеттi материалдар ұсынады.
Тармақ 135
135. Жұмыс ауданындағы навигациялық қоршауды осы жұмыстарды жүргiзуге мүдделi, тапсырыс берушi ұйымның есебiнен портта навигациялық жағдайды қамтамасыз ететiн ұйым жүргiзедi.
Тармақ 136
136. Гидротехникалық құрылысқа зақым келтiрген кеме капитаны бұл тұрақ туралы Порттың теңiз әкiмшiлiгiне жедел хабарлайды.
Тармақ 137
137. Портта сүңгуiр жұмыстары тәулiктiң күндiзгi уақытында және теңіз порты капитанның өкімімен ғана жүргiзiледi.
Тармақ 138
138. Сүңгуiр жұмыстарын жүргiзетiн орыннан өткен кезде барлық кемелер, катерлер мен шлюпкалар күнi алдын ала рұқсат етiлетiн шекке дейiн жылдамдықты азайтады және аса сақтықты сақтайды.
Сүңгуiр жұмыстары жүргiзiлетiн жерде зәкiр тастауға рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 139
139. Порттағы сүңгуiр жұмыстары жүргiзiлетiн ауданда кемелердi қайта орналастыру жағдайында кезекшi диспетчер сүңгуiр жұмыстарымен айналысқан кеменi ол туралы 1 сағаттан кешiктiрмей ескертедi.
Басқа 1
Қазақстан Республикасының
теңiз порттарында және оларға
кiреберiстерде кемелердiң
жүзу және тұрақта тұру
қағидаларына 1-қосымша
Портқа кемелердiң кiруi мен порттан шығуын реттейтiн сигналдар
Сигнал
№
Сигнал түрi
Сигнал мәнi
Күндiз
Түнде
1.
Бiрiнiң үстiне бiрi орналасқан үш қара шар
Бiрiнiң үстiне бiрi орналасқан үш қызыл от
Айтарлықтай оқиғалар жағдайында (мысалы фарватердiң жабылуы) кiруге мүлдем тыйым салынады
2.
Екi қара шар арасында төбесi жоғары қарай тiгiнен орналасқан қара конус
Тiгiнен қызыл оттар арасында орналасқан ақ от
Портты пайдаланудың қалыпты жағдайлары кезiнде кiруге тыйым салу (мысалы фарватерге порттан шығатын кемелерге ғана рұқсат етiледi)
3.
Төбесi төменге қараған конус, оның астында ұшы жоғары қараған қара конус, осы конустың астында қара шар
Жоғарыдан төмен тiгiнен: жасыл от, ақ от, қызыл от
Портты пайдаланудың қалыпты жағдайлары кезiнде кiруге және шығуға тыйым салу (мысалы, жер қазу керуенiнiң, кабель кемесiнiң жұмысы кезiнде)
4.
Төбесi төменге тiгiнен қараған қара конустар арасындағы төбесi жоғары қараған қара конус
Жоғарыдан төмен тiгiнен: жасылот, ақ от, жасыл от
Портты пайдаланудың қалыпты жағдайлары кезiнде кiруге тыйым салу (мысалы, фарватерге портқа кiретiн кемелер ғана жiберiледi)
5.
Тiгiнен жоғары қараған ортасында қара шары бар екi қара цилиндр
Ортасында қызыл оты бар екi ақ от
Гавандар мен рейдтер бойынша шағын өлшемдi корабльдермен, катерлермен және шлюпкалармен қозғалуға тыйым салынады
Басқа 2
Қазақстан Республикасының
теңiз порттарында және оларға
кiреберiстерде кемелердiң
жүзу және тұрақта тұру
қағидаларына 2-қосымша
Мұзжарғыштар мен алып өткiзiлетiн кемелер арасындағы байланыс үшiн қолданылатын халықаралық сигналдар
Сигнал
нөмiрi
Сигнал
Сигнал мәнi
мұзжарғыштан
өткiзiлетiн кемеден
(лерден)
1
2
3
4
1
А (Альфа)
.–
Алға жүрiңiз (мұз арнасы бойынша жүрiңiз)
Мен алға жүремiн (мұз арнасы бойынша жүремiн)
2
G (Гольф)
--.
Мен алға жүремiн, соңымнан жүрiңiз
Мен алға жүремiн, соңыңнан жүремiн
3
J (Джулиэт)
---
Соңымнан жүрмеңiз (мұз арнасы бойынша жүрiңiз)
Мен соңынан жүрмеймiн (мұз арнасы бойынша жүремiн)
4
Р (Папа)
.--.
Жүрiстi азайтыңыз
Мен жүрiстi азайтамын
5
N (Новэмбер)
-.
Қозғағышты тоқтатыңыз
Мен қозғағышты тоқтатамын
6
Н (Хотел)
....
Қозғағышқа керi жүрiс берiңiз
Қозғағышқа керi жүрiс беремiн
7
L (Лима)
.-..
Кеменi дереу тоқтатыңыз
Мен кеменi тоқтатамын
8
4 (Картэфоур)
....-
Тоқта. Мен мұзда тұрып қалдым
Тоқта. Мен мұзда тұрып қалдым
9
Q (Кэбэк)
--.-
Кемелер арасындағы
қашықтықты қысқартыңыз
Мен қашықтықты қысқартамын
10
В (Браво)
-...
Кемелер арасындағы
қашықтықты ұлғайтыңыз
Мен қашықтықты ұлғайтамын
11
5 (Пантафайв)
Назар аударыңыз
Назар аударыңыз
12
Y (Янки)
Тiркеп сүйреудi қабылдауға (жiберуге) дайындалыңыз
Тiркеп сүйреудi қабылдауға (жiберуге) дайынмын
Ескертпе:
Тармақ 1
1. Дыбыстық немесе жарықтық құралдармен К (Кило) (- . -) сигналын кемелерге радиосигналдарға үздiксiз бақылау жүргiзу мiндетiн еске алу үшiн мұзжарғыш пайдалануы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Егер бiр кемеден көп алып өтiлетiн болса, онда кемелер арасындағы қашықтық мүмкiндiгiнше тұрақты ұсталады: ол үшiн өз кемеңнiң және алда келе жатқан кеменiң жылдамдығын бақылау қажет. Егер өз кемеңнiң жылдамдығы азайған болса, онда артта келе жатқан кемеге назар аудару сигналын беру қажет.
Тармақ 3
3. Осы сигналдарды пайдалану Кемелердiң теңiзде соқтығысуының алдын алу халықаралық ережелерiн орындаудан ешқандай кеменi босатпайды.
Тармақ 4
4. Мұзжарғыштан берiлген (.. -..) сигналы "Алға жылжуды тоқтатыңыз" дегендi бiлдiредi және мұзжарғыштың алдындағы және оған жақындаған немесе алыстаған мұздық арнадағы кемеге ғана берiледi. Кемеден мұзжарғышқа берiлген осы бiр (.. -..) сигнал "Мен алға жүрудi тоқтаттым" дегендi бiлдiредi. Көрсетiлген сигнал радио арқылы берiлмейдi.
Басқа 3
Қазақстан Республикасының
теңiз порттарында және оларға
кiреберiстерде кемелердiң
жүзу және тұрақта тұру
қағидаларына 3-қосымша
Мұз операциялары үдерiсiне пайдаланылуы мүмкiн қосымша сигналдар
№
Сигнал
Сигнал мәнi
1
* Е (Эко).
Мен бағытымды оңға өзгертемiн
2
* I (Индиа)..
Мен өз бағытымды солға өзгертемiн
3
* S (Сиэра) ...
Менiң қозғағыштарым керi жүрiске жұмыс iстейдi
4
*М (Майк) --
Менiң кемем тоқтатылды және суға қатысты жүрiсi жоқ
Ескертпе:
Жұлдызшамен (*) белгiленген сигналдар, оларды дыбыс ретiнде бергенде Кемелердiң теңiзде соқтығысуының алдын алу халықаралық ережелерiне сәйкес қана қолданылуы мүмкiн.
Мұзжарғыш пен өткiзiлетiн кемелер алмасатын бiр әрiптi сигналдар осы кестеде аталған мәндi бiлдiредi және тек дыбыс пен көру сигналдары арқылы немесе радио арқылы берiлуi тиiс. Мұздан өткiзу кезiнде жоғарыдағы бiр әрiптi сигналдардан басқа қосымша екi әрiптi сигналдар да қолданылуы мүмкiн:
(Уиски Майк) - Мұздан өткiзу қазiр басталды. Мұзжарғыштар мен өткiзiлетiн кемелер арасындағы байланыс үшiн арнайы сигналдарды пайдаланыңыздар және дыбыс, көру және радиосигналдарды бақылауды үздiксiз жүргiзiңiздер.
(Уиски Оска) жүрiңiз - Мұздан өткiзу аяқталды. Алған бағытыңызға жүрiңiз.
Басқа 4
Қазақстан Республикасының
теңiз порттарында және оларға
кiреберiстерде кемелердiң
жүзу және тұрақта тұру
қағидаларына 4-қосымша
Кеменi айлаққа арқандап байлау үшiн арқандап
байлаушылардың қажеттi саны
№
Кеме сыйымдылығы (тiркелiмдiк тоннамен)
Арқандап байлаушылар саны
1
300 дейiн
1
2
300-ден 1500 дейiн
2
3
1500-ден 2500 дейiн
3
4
2500-ден 5000 дейiн
4
5
5000-нан 10000 дейiн
6
6
10000-нан 20000 дейiн
8
7
20000 артық
10
Басқа 5. Кемелердің кіруі мен шығуын есепке алу журналы
Қазақстан Республикасының
теңiз порттарында және оларға
кiреберiстерде кемелердiң жүзу және
тұрақта тұру қағидаларына
5-қосымша
Кемелердің кіруі мен шығуын есепке алу журналы
Кірудің реттік нөмірі
күні
уақыты
Кеменің
атауы
Кеменің түрі
Кеменің туы
Тіркеу порты
Тірк.тонна сыйымдылығы
дедвейт
жалпы
таза
кестенің жалғысы
Кеменің шөгуі
экипаж
жолаушы
Жөнелту порты
жүк
Айлақтың атауы және нөмірі
атауы
саны
Шығудың реттік нөмірі
күні
уақыты
Кеменің
атауы
Кеменің түрі
Кеменің туы
Тіркеу порты
Тірк.тонна сыйымдылығы
дедвейт
жалпы
таза
кестенің жалғысы
Кеменің шөгуі
экипаж
жолаушы
Баратын порты
жүк
Айлақтың атауы және нөмірі
атауы
саны