Об утверждении Правил установления факта утраты или ухудшения качества хлопка-сырца и (или) хлопка-волокна Күшін жойған
Басқа 0
Шитті мақта және (немесе) мақта
талшығы сапасының жойылу немесе
нашарлау фактісін анықтау
қағидаларын бекіту туралы
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісін анықтау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е. Досаев
2015 жылғы 21 қазан
Басқа 7
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 7 қазандағы
№ 4-6/895 бұйрығымен
бекітілген
Тармақ 1
1. Осы Шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісін анықтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісін айқындау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай шартты ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) шитті мақтаның және (немесе) мақта талшығының жоғалуы – шитті мақтаны және (немесе) мақта талшығын сақтау шартына сәйкес иесінен сақтауға қабылданған шитті мақтаның және (немесе) мақта талшығының жойылуы немесе мақта өңдеу ұйымында нақты болмауы;
Тармақша 2
2) шитті мақтаның және (немесе) мақта талшығының жойылуы –пайдалану мүмкін емес дәрежеге дейін шитті мақтаның және (немесе) мақта талшығының тұтыну сапасының жоғалуы;
Тармақша 3
3) шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының нашарлауы – шитті мақтаның және (немесе) мақта талшығының сапа көрсеткіштерінің мақта қолхатында көрсетілген көрсеткіштерге қарағанда нашарлауы.
Тармақ 3
3. Мақта өңдеу ұйымындағы шитті мақтаның және (немесе) мақта талшығының барын анықтау Заңның 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес бекітілетін Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Мақта өңдеу ұйымында шитті мақта және (немесе) мақта талшығы бар болған кезде олардың сапасын сараптау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-5/280 бұйрығымен бекітілген Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12152 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-1/168 бұйрығымен бекітілген Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12009 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Жергілікті атқарушы орган шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісі анықталған сәттен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей ол туралы барлық мүдделі адамдарға мақта өңдеу ұйымы орналасқан жердегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таратылатын мерзімдік баспа басылымдарына мемлекеттік және орыс тілдерінде тиісті хабарландыруды орналастыру арқылы хабарлайды, сондай-ақ шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісі болғаны туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 6
6. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысушы мақта өңдеу ұйымы сақтауға қабылдаған шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісі басталған кезде мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры осы мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін сапасы бойынша жойылған немесе нашарлаған шитті мақтаның және (немесе) мақта талшығының өтеу кезінде қалыптасқан нарықтық құнының кемінде сексен пайызы мөлшерінде ақшамен өтеуді жүргізеді.
Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысушы мақта өңдеу ұйымының мақта қолхатын ұстаушы алдындағы міндеттемелерін өтеуді жүзеге асырған мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорына ол төлеген сома шегінде мақта қолхатын ұстаушының осы мақта өңдеу ұйымына қоятын талап ету құқығы өтеді.
Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысушы мақта өңдеу ұйымдары мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру мақсатында мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорына мақта қолхаттарының тізілімін ұсынуға міндетті.