О дополнительных мерах по охране и воспроизведению сайгака Қолданыста
Басқа 0
Киiктi қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi қосымша шаралар туралы
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Ғылыми мақсаттарға пайдаланудан басқа, 2005 жылға дейiн Қазақстан Республикасының аумағында киiктердi аулауға тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгі:
Тармақша 1
1) 2001-2005 жылдар iшiнде, жыл сайын, киiктердiң санына есеп жүргiзсiн, солардың негiзiнде Қазақстан Республикасының Yкiметiне киiктi аулауға тыйым салудың күшiн жою, мерзiмiн өзгерту немесе ұзарту туралы ұсыныстар берсiн;
Тармақша 2
2) 2002 жылға арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде киiктердiң санын сақтау жөнiндегi iс-шараларды орындауға арналған қаражатты бекiтiлген шығыстар лимиттерiнiң шегінде көбейтудi көздесiн.
Тармақ 3
3. Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiне Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiмен бiрлесiп, киiктердiң түрлерiн сақтау мақсатында қаскерлiкпен және қасқырларды атып алумен күрестi күшейту жөнiнде бiр ай мерзiмде қосымша шаралар қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары киiктердiң мүйiздерiн және терiлерiн, сондай-ақ басқа да бөлiктерiн алу кезiнде "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N 1467 қаулысын басшылыққа алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және
минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануы
тиіс.