О кибербезопасности Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Киберқауіпсіздік туралы
Бөлім 1. 1-БӨЛІМ.
1-БӨЛІМ.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпаратты қорғау құралы – ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге арналған және пайдаланылатын бағдарламалық қамтылым, техникалық және өзге де құралдар;
Тармақша 2
2) артықшылықты құқықтары бар пайдаланушы – цифрлық объектіге қол жеткізу құқықтары жоғары, оның жұмыс істеуінің штаттық пайдалану жағдайларын қамтамасыз ететін пайдаланушы;
Тармақша 3
3) аса маңызды цифрлық объектілер – жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы қолжетімділігі шектелген дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге, әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі, оның ішінде жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылысжайлар, құқық қорғау қызметі, «цифрлық үкімет» инфрақұрылымы үшін елеулі теріс салдарға алып келетін цифрлық объектілер;
Тармақша 4
4) Бастапқы кодтардың ұлттық репозиторийі – бастапқы кодтарды және олардан құрамдалған цифрлық объектілердің орындалатын кодтарын сақтау орны;
Тармақша 5
5) домендік атау – Интернетті адрестеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған, белгілі бір желілік мекенжайға сәйкес келетін және Интернет объектісіне атауы бойынша жүгінуге арналған символдық (әріптік-цифрлық) белгіленім;
Тармақша 6
6) зиянды бағдарлама – цифрлық деректерге санкцияланбаған қол жеткізуді, оларды жоюды, бұғаттауды, модификациялауды не көшіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ цифрлық объектілердің жұмыс істеуін бұзуға мүмкіндік беретін жасалған немесе қолданыстағы бағдарлама немесе енгізілген өзгерістері бар бағдарламалық өнім;
Тармақша 7
7) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі – Интернетке және (немесе) Интернетке шығатын байланыс желілеріне қол жеткізу кезінде цифрлық объектіні қорғауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
Тармақша 8
8) киберқауіпсіздік – цифрлық объектілердің құпиялылығын, тұтастығын немесе қолжетімділігін бұзудан қорғалу жай-күйі;
Тармақша 9
9) киберқауіпсіздік аудиті – цифрлық объектілердің қорғалу жай-күйінің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалау;
Тармақша 10
10) киберқауіпсіздік зерттеушісі – киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасына қатысатын киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы маман;
Тармақша 11
11) киберқауіпсіздік қатері – киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасының туындауына алғышарттар жасайтын жағдайлар мен факторлардың жиынтығы;
Тармақша 12
12) киберқауіпсіздік оқиғаларын басқару жүйесі – цифрлық объектінің оқиғаларды тіркеу журналдарын жинау және талдау арқылы киберқауіпсіздік оқиғаларын автоматтандырылған түрде анықтауға арналған бағдарламалық қамтылым немесе аппараттық-бағдарламалық кешен;
Тармақша 13
13) киберқауіпсіздік оқиғаларының мониторингі – киберқауіпсіздік оқиғаларын басқару жүйесі арқылы киберқауіпсіздік оқиғаларын анықтау және сәйкестендіру мақсатында цифрлық объектіні тұрақты қадағалау;
Тармақша 14
14) киберқауіпсіздік оқиғасы – киберқауіпсіздіктің ықтимал бұзылуын немесе киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысы болуы мүмкін бұрын белгісіз жағдайды көрсететін, цифрлық объектінің жай-күйінің сәйкестендірілген туындауы;
Тармақша 15
15) киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасы – киберқауіпсіздікті зерттеушілердің цифрлық объектілердегі осалдықты анықтау үшін олармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар;
Тармақша 16
16) киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуді мониторингтеу жүйесі – цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалану мониторингін жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар;
Тармақша 17
17) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы – шетелдік заңды және жеке тұлғалардың қатысуынсыз Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, цифрлық объектілерді қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 18
18) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 19
19) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты – киберқауіпсіздік саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
Тармақша 20
20) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі – шетелдік заңды және жеке тұлғалардың қатысуынсыз Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, осы Заңда белгіленген құзыретке сәйкес киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасына ден қоюды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 21
21) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасы – цифрлық объектінің киберқауіпсіздігіне теріс әсер ететін оқиға немесе оқиғалар жиынтығы;
Тармақша 22
22) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасына ден қою – цифрлық объектілердің және олардағы цифрлық деректердің штаттық жұмыс істеуін қорғау және қалпына келтіру үшін қабылданған іс-қимылдарды қоса алғанда, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасын барынша азайту немесе жою үшін қабылданған іс-әрекеттер, цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін оқиғаларды немесе бұзушылықтарды анықтауды, талдауды және оларға қарсы іс-қимыл жасау үшін шаралар қабылдауды қамтитын процесс;
Тармақша 23
23) киберқауіпсіздіктің салалық орталығы – ведомстволық бағынысты ұйымдарға және (немесе) реттелетін басқару саласына қатысты киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 24
24) киберқауіпсіздіктің ішкі аудиті – ұйым өз мүддесі үшін жүзеге асыратын, ұйымдағы цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігінің ағымдағы жай-күйінің сапалық және сандық сипаттамаларын бақылаудың объективті, құжатталған процесі;
Тармақша 25
25) кибермәдениет – цифрлық ортада қауіпсіз және жауапты мінез-құлық нормалары мен құндылықтарының жиынтығы;
Тармақша 26
26) қорғау бейіні – цифрлық объектілердің құрауыштары болып табылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың қауіпсіздігіне қойылатын ең төмен талаптардың тізбесі;
Тармақша 27
27) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған мемлекеттік заңды тұлға;
Тармақша 28
28) осалдық – цифрлық объектінің киберқауіпсіздікке қатер төндіретін кемшілігі;
Тармақша 29
29) техникалық құралдар – цифрлық деректерді жинау, өңдеу, сақтау, коммутациялау және беру үшін пайдаланылатын құрылғылар;
Тармақша 30
30) технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі – нақты уақыт режимінде өндірістік процестерді автоматтандыруға, басқаруға, бақылауға және мониторингтеуге арналған цифрлық инфрақұрылым объектісі;
Тармақша 31
31) цифрлық объектілер сыныптауышы (бұдан әрі – сыныптауыш) – цифрлық объектілерді сәйкестендіруге, санатқа бөлуге, сипаттауға және есепке алуға бағытталған санаттардың жүйеленген тізбесі;
Тармақша 32
32) цифрлық оқиғаларды журналға енгізу – кейіннен талдау, ауытқуларды анықтау және киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын зерттеу мақсатында цифрлық объектілерде болып жатқан оқиғалар туралы цифрлық жазбаларды жүйелі түрде жазу, жинау және сақтау процесі;
Тармақша 33
33) «цифрлық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі – киберқауіпсіздік талаптарына сәйкес «цифрлық үкіметтің» электрондық поштасын қорғауды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың осы Заң алдында басымдығы болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Бап 3. 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның қолданылу аясы Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық объектілердің өмірлік циклінің барлық кезеңінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын киберқауіпсіздік саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
Бап 4. 4-бап. Киберқауіпсіздік саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты мен қағидаттары
4-бап. Киберқауіпсіздік саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты мен қағидаттары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ететін цифрлық объектілердің қорғалуына қол жеткізу және қорғалуын қолдау киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты болып табылады.
Тармақ 2
2. Киберқауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
Тармақша 1
1) заңдылық;
Тармақша 2
2) цифрлық технологияларды қолдану кезінде жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) жеке адам, қоғам мен мемлекет құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің теңгерімі және олардың цифрлық ортадағы өзара жауапкершілігі;
Тармақша 4
4) жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
Тармақша 5
5) жеке және заңды тұлғалардың киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметке қатысу және оның нәтижелерін пайдалану құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің теңдігі.
Тарау 2. 2-тарау. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеу
2-тарау. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеу
Бап 5. 5-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері
5-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері Мыналар киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері болып табылады:
Тармақша 1
1) цифрлық объектілерді және аса маңызды цифрлық объектілерді олардың өмірлік циклінің барлық кезеңінде қорғау;
Тармақша 2
2) киберқауіпсіздік саласын қалыптастыруға және дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) киберқауіпсіздіктің заманауи шешімдерін дамыту және өндірістік процестерге ендіру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) кибермәдениетті арттыру;
Тармақша 5
5) киберқауіпсіздік саласындағы бірыңғай ғылыми, техникалық, мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуді мониторингтеу;
Тармақша 7
7) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының, оның ішінде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайларда алдын алу және оларға жедел ден қою;
Тармақша 8
8) киберқауіпсіздік саласындағы шешімдер мен кадр әлеуетін дамыту;
Тармақша 9
9) халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасын жетілдіру.
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы құзыреті
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институтын айқындайды;
Тармақша 3
3) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарды бекітеді;
Тармақша 4
4) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын бекітеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Бап 7. 7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Бап 7-1. 7-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті
7-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
Тармақша 2
2) стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарды әзірлейді;
Тармақша 4
4) аса маңызды цифрлық объектілердің тізбесін, сондай-ақ цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекітеді;
Тармақша 5
5) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілері мен аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекітеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздігі оқиғаларына мониторинг жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің және аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 8
8) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың орындалуын мониторингтеуді жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 9
9) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) цифрландыру саласында, сондай-ақ электрондық құжатқа және электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде орындау үшін нұсқамалар жібереді;
Тармақша 12
12) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде цифрлық объектілерді басқару жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға беруге қатысады;
Тармақша 14
14) цифрлық ресурстарды алу, көшіру, тарату, модификациялау, жою немесе бұғаттау жөніндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттердің алдын алуды қоса алғанда, цифрлық объектілердің меншік иелеріне, иегерлеріне және пайдаланушыларына цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде жәрдемдесуді ұйымдастырады;
Тармақша 15
15) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын әзірлейді;
Тармақша 16
16) домендік атаулардың әкімшісін және тіркеушісін айқындайды, Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік атауларды тіркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 17
17) цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын, аса маңызды цифрлық объектілердің цифрлық ресурстарын резервтік көшірудің кезеңділігін бекітеді;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және «цифрлық үкіметтің» электрондық поштасы бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19
19) Бастапқы кодтардың ұлттық репозиторийінің жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 20
20) қорғау бейіндерін және қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесін бекітеді;
Тармақша 21
21) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталықтары, киберқауіпсіздіктің салалық орталықтары мен Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы арасында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 22
22) мемлекеттік техникалық қызметтің сараптамалары негізінде инвестициялық ұсыныстарға және бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелеріне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қорытындылар береді;
Тармақша 23
23) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының цифрлық объектілерін қоспағанда, мемлекеттік техникалық қызметтің сараптамалары негізінде «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық құжаттаманы, оның ішінде техникалық тапсырманы киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан келіседі;
Тармақша 24
24) киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 25
25) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институтының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 26
26) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы талаптарды сақтау бөлігінде бұзушылықтарды жою туралы нұсқама немесе акт белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, субъектіні нұсқамада немесе актіде көрсетілген әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу туралы талап қоюды сотқа береді;
Тармақша 27
27) «цифрлық үкіметтің» веб-порталында дербес деректер субъектілерін жеке кабинеті арқылы хабардар ету мақсатында қауіпсіздігі бұзылған дербес деректерді өңдейді;
Тармақша 28
28) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 7-2. 7-2-бап. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы құзыреті
7-2-бап. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы құзыреті Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:
Тармақша 1
1) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган ұсынған кибермәдениеттің базалық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде аса маңызды цифрлық объектілерге жататын цифрлық объектілерді айқындайды;
Тармақша 4
4) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды, арнаулы мемлекеттік органдарды және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қоспағанда, Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық үйлестіру орталығының жұмыскерлерін цифрлық объектілерге қол жеткізетін жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Орталық атқарушы органдардың құзыреті де Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалады.
Бап 7-3. 7-3-бап. Жергілікті атқарушы органдардың киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы құзыреті
7-3-бап. Жергілікті атқарушы органдардың киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы құзыреті Жергілікті атқарушы органдар:
Тармақша 1
1) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) кибермәдениетті арттыру үшін жағдайлар жасайды;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде аса маңызды цифрлық объектілерге жататын цифрлық объектілерді айқындайды;
Тармақша 5
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты цифрландыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) киберқауіпсіздік саласын дамытуға, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы жәрдемдеседі;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық архивін және орталық мемлекеттік архивтерді жасақтау көздерін қоспағанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары электрондық құжатқа және электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Бап 7-4. 7-4-бап. Киберқауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығы
7-4-бап. Киберқауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығы
Тармақ 1
1. Киберқауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығы:
Тармақша 1
1) Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуді мониторингтеу жүйесі арқылы «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздік оқиғаларының мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінде киберқауіпсіздіктің қатерлері мен оқыс оқиғаларын анықтау, жолын кесу және зерттеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады және оларды жою немесе болғызбау жөніндегі ұсынымдарды қалыптастырады;
Тармақша 4
4) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдардың цифрлық объектілері бойынша киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) «цифрлық үкімет» операторымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уәкілетті орган бекітетін «цифрлық үкімет» платформасының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету регламентіне сәйкес «цифрлық үкімет» платформасының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органды дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы ол анықталған кезден бастап үш сағат ішінде хабардар етеді.
Тармақ 2
2. Киберқауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығының жұмыскерлері өз қызметінің нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Бап 7-5. 7-5-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы
7-5-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы
Тармақ 1
1. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы:
Тармақша 1
1) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығына қосылған цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік қатерлерін анықтау, бағалау, болжау, оқшаулау, бейтараптандыру және олардың алдын алу жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) киберқауіпсіздік қатерлерін барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды, цифрлық объектінің меншік иесін және (немесе) иегерін, сондай-ақ Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығын киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары мен қатерлерінің анықталу фактілері туралы дереу хабардар етеді;
Тармақша 3
3) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілеріне жатпайтын аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) киберқауіпсіздіктің салалық орталығымен, Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығымен және киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің басқа да орталықтарымен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығына қосылған цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) киберқауіпсіздік оқиғалары мен оның оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды, талдауды және сақтауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) аса маңызды цифрлық объектілердің иелеріне және (немесе) иегерлеріне цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде киберқауіпсіздік қатерлері, бағдарламалық қамтылымның, құрылғылар мен технологиялардың осалдығы, киберқауіпсіздік қатерлерін іске асыру тәсілдері, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының туындау алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және зардаптарын жою әдістері туралы ақпаратты береді;
Тармақша 7
7) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығына өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде белгілі болған, таралуы шектелген мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы үшін киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығына қосылған «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің оқиғаларын тіркеу журналдарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасаудың меншікті бағдарламасын жасауға немесе киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасын пайдалану қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан сатып алуға құқылы;
Тармақша 10
10) технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органды дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы ол анықталған кезден бастап үш сағат ішінде хабардар етеді;
Тармақша 12
12) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімімен «цифрлық үкіметтің» веб-порталында дербес деректер субъектілерін жеке кабинет арқылы хабардар ету мақсатында қауіпсіздігі бұзылған дербес деректерді өңдеуге құқылы;
Тармақша 13
13) деректерді өңдеу орталықтарына ұлттық техникалық аудит жүргізеді;
Тармақша 14
14) өзінің цифрлық объектілерінде цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 15
15) киберқауіпсіздік аудитін жүргізеді;
Тармақша 16
16) цифрлық объектілердің, оның ішінде дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асыратын цифрлық объектілердің киберқауіпсіздіктің цифрлық оқиғаларына мониторинг пен журналға енгізуді жүргізеді.
Тармақ 2
2. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы өз қызметін ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының жұмыскерлері өз қызметінің нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 2-тармағының талабы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының функцияларын олардың құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне қолданылмайды.
Бап 7-6. 7-6-бап. Электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органның құзыреті
7-6-бап. Электрондық өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Бап 7-7. 7-7-бап. Киберқауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі ұлттық қызмет
7-7-бап. Киберқауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі ұлттық қызмет
Тармақ 1
1. Киберқауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі ұлттық қызмет:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғау және олардың қауіпсіз жұмыс істеуін мониторингтеу, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша цифрлық объектілердің меншік иелеріне, иегерлеріне және пайдаланушыларына жәрдемдеседі;
Тармақша 3
3) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органды дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы ол анықталған кезден бастап үш сағат ішінде хабардар етеді.
Тармақ 2
2. Киберқауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі ұлттық қызметтің жұмыскерлері өз қызметінің нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Бап 7-8. 7-8-бап. Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі
7-8-бап. Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі
Тармақ 1
1. Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі:
Тармақша 1
1) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары және киберқауіпсіздіктің өзекті қатерлері туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асырады, сондай-ақ оларды жою жөнінде ұсынымдар береді;
Тармақша 2
2) киберқауіпсіздік қатерлеріне қарсы іс-қимылға бағытталған ұсынымдар әзірлейді;
Тармақша 3
3) цифрлық объектілердің меншік иелері мен иегерлерін, сондай-ақ Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығын белгілі болған киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары мен қатерлері туралы хабардар етеді;
Тармақша 4
4) киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасаудың меншікті бағдарламасын жасауға немесе киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасын пайдалану қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан сатып алуға құқылы;
Тармақша 5
5) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органды дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы ол анықталған кезден бастап үш сағат ішінде хабардар етеді;
Тармақша 6
6) өзінің цифрлық объектілерінде цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі өз қызметін ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің жұмыскерлері өз қызметінің нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 2-тармағының талабы киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің функцияларын олардың құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне қолданылмайды.
Бап 8. 8-бап. Сарапшылық кеңес
8-бап. Сарапшылық кеңес
Бап 9. 9-бап. Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы
9-бап. Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы
Тармақ 1
1. Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы:
Тармақша 1
1) киберқауіпсіздіктің салалық орталықтары мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталықтарының «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілеріндегі және аса маңызды цифрлық объектілердегі киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Киберқауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі ұлттық қызметтің міндеттері мен функцияларын іске асырады;
Тармақша 3
3) Киберқауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығының міндеттері мен функцияларын іске асырады;
Тармақша 4
4) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органды дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы ол анықталған кезден бастап үш сағат ішінде хабардар етеді.
Тармақ 2
2. Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының жұмыскерлері өз қызметінің нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Бап 9-1. 9-1-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы лицензиялау
9-1-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы лицензиялау
Бап 10. 10-бап. Киберқауіпсіздіктің салалық орталығы
10-бап. Киберқауіпсіздіктің салалық орталығы
Тармақ 1
1. Киберқауіпсіздіктің салалық орталығы мемлекеттік реттеудің тиісті саласының (аясының) цифрлық объектілері меншік иелерінің немесе иегерлерінің киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуін ұйымдастырады және үйлестіреді, оның ішінде:
Тармақша 1
1) ұйымдардың киберқауіпсіздігі қатерлерін талдау, бағалау, болжау және олардың алдын алу жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығымен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) тиісті саланың (аяның) цифрлық объектілерінің меншік иелерінен немесе иегерлерінен келіп түскен киберқауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді жинауды, шоғырландыруды, талдауды және сақтауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) тиісті саланың (аяның) цифрлық объектілерінің меншік иелеріне немесе иегерлеріне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде киберқауіпсіздік қатерлері, тиісті саланың (аяның) цифрлық объектілеріндегі осалдық, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының туындау алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу және зардаптарын жою әдістері туралы ақпаратты береді;
Тармақша 5
5) киберқауіпсіздіктің салалық орталығына өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде белгілі болған таралуы шектелген мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органды дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы ол анықталған кезден бастап үш сағат ішінде хабардар етеді;
Тармақша 7
7) технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің және аса маңызды цифрлық объектілердің құрамына кіретін технологиялық процестерді басқару жүйелерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуді киберқауіпсіздіктің салалық орталығы қызметінің ішкі регламенттерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде үйлестіреді;
Тармақша 8
8) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптар негізінде мемлекеттік реттеудің тиісті саласында (аясында) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қосымша талаптарды әзірлейді.
Тармақ 2
2. Киберқауіпсіздіктің салалық орталығының жұмыскерлері өз қызметінің нәтижесінде алған коммерциялық құпияны, банк құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 3
3. Киберқауіпсіздіктің салалық орталығы өз функцияларын жүзеге асыру үшін киберқауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және алмасу жөніндегі цифрлық объектіні пайдаланады, оны салалық ұйымдардың қосу және пайдалану тәртібін мемлекеттік реттеудің тиісті саласының (аясының) уәкілетті органы айқындайды.
Бап 11. 11-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты
11-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық даму институты
Бап 12. 12-бап. "Электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы
12-бап. "Электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы
Бап 13. 13-бап. Оператор
13-бап. Оператор
Бап 13-1. 13-1-бап. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі
13-1-бап. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі
Бап 13-2. 13-2-бап. Ұлттық жасанды интеллект платформасы операторының құзыреті
13-2-бап. Ұлттық жасанды интеллект платформасы операторының құзыреті
Бап 13-3. 13-3-бап. Деректерді өңдеу орталығы
13-3-бап. Деректерді өңдеу орталығы
Бап 13-4. 13-4-бап. Бұлттық есептеулер
13-4-бап. Бұлттық есептеулер
Бап 14. 14-бап. Мемлекеттік техникалық қызмет
14-бап. Мемлекеттік техникалық қызмет
Тармақ 1
1. Мемлекеттік техникалық қызмет цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және «цифрлық үкіметтің» электрондық поштасы бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізеді;
Тармақша 3
3) инвестициялық ұсынысқа және бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесіне және «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаға киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізеді;
Тармақша 4
4) интернет-ресурстардың мониторингін, сондай-ақ Интернеттің қазақстандық сегменті кеңістігінде домендік атаулар жүйесінің жұмыс істеуіне мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының міндеттері мен функцияларын іске асырады;
Тармақша 6
6) Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қол жеткізу құқықтарын әкімшілендіруді, оның жұмыс істеуін мониторингтеуді және киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) цифрлық объектілерде қамтылған дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының цифрлық объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аса маңызды цифрлық объектілердің цифрлық ресурстарын резервтік көшірудің кезеңділігін белгілейді;
Тармақша 10
10) цифрландыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысады;
Тармақша 11
11) Бастапқы кодтардың ұлттық репозиторийін пайдалану қызметтерін ұсынады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік техникалық қызмет өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілейді.
Бап 14-1. 14-1-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты
14-1-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты:
Тармақша 1
1) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
Тармақша 2
2) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлейді;
Тармақша 3
3) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жобалардың ғылыми-техникалық сараптамасын жүргізеді;
Тармақша 5
5) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асырады.
Бап 15. 15-бап. Бірыңғай байланыс орталығы
15-бап. Бірыңғай байланыс орталығы
Тарау 3. 3-тарау. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы цифрлық объектілердің меншік иелерінің және иегерлерінің құқықтары мен міндеттері, аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иесінің және (немесе) иегерінің міндеттері
3-тарау. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы цифрлық объектілердің меншік иелерінің және иегерлерінің құқықтары мен міндеттері, аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иесінің және (немесе) иегерінің міндеттері
Бап 16. 16-бап. Цифрлық объектілердің меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері
16-бап. Цифрлық объектілердің меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Цифрлық объектілердің меншік иесі:
Тармақша 1
1) цифрлық объектілерді жалға, сенімгерлік басқаруға, шаруашылық жүргізуге немесе жедел басқаруға беруге және оларға өзге де түрде билік етуге;
Тармақша 2
2) өз құзыреті шегінде цифрлық объектілерді өңдеу, қорғау және оларға қол жеткізу режимі мен қағидаларын белгілеуге;
Тармақша 3
3) цифрлық объектілерді сақтау, көшіру және тарату кезінде оларға билік ету шарттарын айқындауға;
Тармақша 4
4) цифрлық объектілерді иелену және пайдалану шарттарын айқындауға;
Тармақша 5
5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
Тармақ 2
2. Цифрлық объектілердің меншік иесі:
Тармақша 1
1) цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес цифрлық ресурстар мен цифрлық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті таратуға, беруге, шектеуге немесе оған тыйым салуға;
Тармақша 3
3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 3
3. Дербес деректерді қамтитын цифрлық объектінің меншік иесі Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.
Тармақ 4
4. Цифрлық объектінің меншік иесі өзіне тиесілі цифрлық объектілерде орналастырылған цифрлық ресурстардың сақталу қауіпсіздігі және қорғалуы үшін цифрлық ресурстардың меншік иесінің және (немесе) иегерінің алдында жауапты болады.
Бап 17. 17-бап. Цифрлық объектілердің иегерінің құқықтары мен міндеттері
17-бап. Цифрлық объектілердің иегерінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Цифрлық объектінің иегері:
Тармақша 1
1) цифрлық объектілерді меншік иесі айқындаған шарттарда иеленуге және пайдалануға;
Тармақша 2
2) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес цифрлық объектілерге қол жеткізу және пайдалану шарттарын айқындауға;
Тармақша 3
3) цифрлық жүйеде цифрлық ресурстарды өңдеу шарттарын айқындауға;
Тармақша 4
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
Тармақ 2
2. Цифрлық объектілердің иегері:
Тармақша 1
1) цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) цифрлық объектілердің меншік иесінің және үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
Тармақша 3
3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 3
3. Дербес деректер қамтылған цифрлық объектінің иегері Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.
Тармақ 4
4. Цифрлық объектінің иегері өзіне тиесілі объектілерде орналастырылған цифрлық ресурстардың, цифрлық объектілердің сақталу қауіпсіздігі және қорғалуы үшін цифрлық ресурстардың, цифрлық объектілердің меншік иесінің және (немесе) иегерінің алдында жауапты болады.
Бап 18. 18-бап. Аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иесінің және (немесе) иегерінің міндеттері
18-бап. Аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иесінің және (немесе) иегерінің міндеттері
Тармақ 1
1. Аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иесі немесе иегері:
Тармақша 1
1) өзінің киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің меншікті орталығын құруға және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге немесе киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы көрсететін қызметтерді Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарда белгіленген көлемде (жиынтықта) сатып алуға;
Тармақша 2
2) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілері болып табылатын аса маңызды цифрлық объектілер үшін киберқауіпсіздіктің цифрлық оқиғаларын журналға енгізу жүйелерін Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуді мониторингтеу жүйесінің техникалық құралдарына дербес немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес үшінші тұлғалардың көрсететін қызметтерін сатып алу арқылы қосуды қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің және аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, аса маңызды цифрлық объектілер қосылған Киберқауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығын дербес анықталған киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы хабардар етуге;
Тармақша 4
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде цифрлық ресурстардың резервтік көшірмелерін цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына беруді жүзеге асыруға міндетті. Цифрлық ресурстың меншік иесін немесе иегерін қоспағанда, цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасында сақталатын цифрлық ресурстардың көшірмесіне қол жеткізуге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Заңмен қорғалатын құпияны қамтитын деректерді өңдейтін аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иесі және (немесе) иегері жылына бір реттен сиретпей киберқауіпсіздік аудитін жүргізеді. Екінші деңгейдегі банктердің киберқауіпсіздік аудиті Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бап 18-1. 18-1-бап. Зияткерлік робот меншік иесінің және иеленушісінің құқықтары мен міндеттері
18-1-бап. Зияткерлік робот меншік иесінің және иеленушісінің құқықтары мен міндеттері
Бап 18-2. 18-2-бап. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік онлайн-платформаның және лездік хабарлар алмасу сервисінің қызметі
18-2-бап. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік онлайн-платформаның және лездік хабарлар алмасу сервисінің қызметі
Бап 19. 19-бап. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің түрлері
19-бап. Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің түрлері
Бап 20. 20-бап. Электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде мәліметтер ұсыну
20-бап. Электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде мәліметтер ұсыну
Бап 20-1. 20-1-бап. Жай электрондық қолтаңбаны пайдалану
20-1-бап. Жай электрондық қолтаңбаны пайдалану
Тармақ 1
1. Жай электрондық қолтаңба кодтарды, парольдерді немесе өзге де сәйкестендіру құралдарын пайдалану арқылы адамның қолтаңбасын растаудың электрондық-цифрлық түрі болып табылады.
Тармақ 2
2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері шетелдіктермен, шетелдік заңды тұлғалармен, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау кезінде жай электрондық қолтаңбаны пайдалануға құқылы.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариаттық куәландыруға немесе міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын мәмілелерді және тізбесін уәкілетті орган бекітетін мәмілелерді қоспағанда, мынадай жағдайлар орындалған кезде:
Тармақша 1
1) мәміле тараптары арасында өзара мәмілелер жасау кезінде жай электрондық қолтаңбаны пайдалану туралы жазбаша нысанда келісімге қол жеткізілсе;
Тармақша 2
2) мәміле тараптары жазбаша нысандағы өзара келісіммен жай электрондық қолтаңба арқылы өзара жасалған мәмілелердің түпнұсқалығы мен жарамдылығын таныса, мәмілелерге қол қоюға өкілеттігі бар тұлғаның жай электрондық қолтаңбасы арқылы куәландырылған мәмілелердің қол қойылған қағаз жеткізгіштердегі құжаттармен мәні бірдей болады. Осы баптың талаптары пилоттық жоба шеңберінде 2026 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.
Бөлім 2. 2-БӨЛІМ.
2-БӨЛІМ.
Тарау 4. 4-тарау. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету субъектілері мен объектілері
4-тарау. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету субъектілері мен объектілері
Бап 21. 21-бап. "Электрондық үкіметтің" жұмыс істеуі
21-бап. "Электрондық үкіметтің" жұмыс істеуі
Бап 22. 22-бап. «Электрондық үкімет» архитектурасы
22-бап. «Электрондық үкімет» архитектурасы
Бап 23. 23-бап. Мемлекеттік органның архитектурасы
23-бап. Мемлекеттік органның архитектурасы
Бап 24. 24-бап. "Электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасы
24-бап. "Электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасы
Бап 25. 25-бап. Мемлекеттік функцияларды автоматтандыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету
25-бап. Мемлекеттік функцияларды автоматтандыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету
Бап 26. 26-бап. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасы
26-бап. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасы
Бап 27. 27-бап. "Электрондық үкіметтің" веб-порталы
27-бап. "Электрондық үкіметтің" веб-порталы
Бап 28. 28-бап. "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі
28-бап. "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзі
Бап 28-1. 28-1-бап. Киберқауіпсіздікті зерттеуші
28-1-бап. Киберқауіпсіздікті зерттеуші
Тармақ 1
1. Киберқауіпсіздікті зерттеуші:
Тармақша 1
1) цифрлық объектінің меншік иесі және (немесе) иегері белгілеген шекараларда осалдықты іздеуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) анықталған осалдық сипатталған есепті ұсынады;
Тармақша 3
3) цифрлық объектілердің меншік иелерін және (немесе) иегерлерін анықталған осалдық туралы хабардар етеді;
Тармақша 4
4) анықталған осалдық туралы мәліметтерді ол толық жойылғанға дейін және цифрлық объектінің меншік иесі және (немесе) иегері тарапынан ресми рұқсат берілгенге дейін ашпайды;
Тармақша 5
5) анықталған осалдықты жеке немесе заңсыз мақсаттарда пайдаланбайды;
Тармақша 6
6) осалдықты іздеу кезінде цифрлық объектінің штаттық жұмыс істеуін бұзбайды.
Тармақ 2
2. Киберқауіпсіздікті зерттеуші өз қызметінің нәтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Бап 28-2. 28-2-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы лицензиялау
28-2-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы лицензиялау
Тармақ 1
1. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялауға жатады.
Тармақ 2
2. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы лицензиаттар лицензиарға есептерді, хабарламаларды, тізбені ұсынады, олардың нысандары мен кезеңділігін біліктілік талаптары шеңберінде лицензиар айқындайды.
Бап 29. 29-бап. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы
29-бап. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы – «цифрлық үкіметтің» инфрақұрылымына кіретін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де цифрлық орта субъектілерінің оқшау (Интернетке қолжетімділігі бар оқшау желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерінің өзара іс-қимыл жасауын киберқауіпсіздіктің қажетті деңгейін сақтай отырып қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған цифрлық ортаның өзге де субъектілері оқшау (Интернетке қолжетімділігі бар оқшау желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік желілердің өзара іс-қимыл жасауы үшін тек қана мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын пайдалануға міндетті.
Тармақ 3
3. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына, жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне және басқа да телекоммуникация желілеріне қосылған оқшау, ведомстволық және корпоративтік желілерді қосу цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 30. 30-бап. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі және «цифрлық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі
30-бап. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі және «цифрлық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иелерінің немесе иегерлерінің цифрлық объектілерін Интернетке қосуды байланыс операторлары Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының цифрлық объектілерін Интернетке қосу цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары жедел мақсаттарда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін пайдаланбай Интернетке қосуды ұйымдастыруы мүмкін. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган киберқауіпсіздіктің салалық орталығының функцияларын іске асыруды ескере отырып, Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін пайдаланбай Интернетке қосылуды ұйымдастыруы мүмкін.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органдар мен аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері электрондық поштасының өзге тұлғалардың сыртқы электрондық поштасымен электрондық өзара іс-қимыл жасауы электрондық хабарларды қайта бағыттау арқылы жүзеге асырылады.
Бап 30-1. 30-1-бап. Ұлттық бейнемониторинг жүйесі
30-1-бап. Ұлттық бейнемониторинг жүйесі
Тармақ 1
1. Ұлттық бейнемониторинг жүйесі – ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық құқық тәртібін қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін бейнекескіндерді жинауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асыратын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығын білдіретін цифрлық жүйе.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көзделмеген міндеттерді шешу үшін Ұлттық бейнемониторинг жүйесі арқылы алынған мәліметтерді пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Мыналар Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне міндетті түрде қосылуға жататын объектілердің санаттары болып табылады:
Тармақша 1
1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бейнебақылау жүйелері;
Тармақша 2
2) террористік тұрғыдан осал объектілерді бейнебақылау жүйелері;
Тармақша 3
3) қоғамдық және жол қауіпсіздігін бейнебақылау жүйелері. Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне міндетті түрде қосылуға жататын объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мен ішкі істер органдары Ұлттық бейнемониторинг жүйесін пайдаланушылар болып табылады. Ұлттық бейнемониторинг жүйесін пайдалануға құқығы бар қызметтердің, бөлімшелердің және қызметкерлер санаттарының тізбесін Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мен ішкі істер органдарының басшылары айқындайды. Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеуі нәтижесінде алынған мәліметтер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда өзге де мемлекеттік органдарға берілуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бекітеді.
Бап 30-2. 30-2-бап. Цифрлық оқиғаларды журналға енгізу
30-2-бап. Цифрлық оқиғаларды журналға енгізу
Тармақ 1
1. Цифрлық оқиғаларды журналға енгізу цифрлық оқиғалар журналдарын жинау, есепке алу мен сақтау және олардың өзгермеуі арқылы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Цифрлық оқиғаларды журналға енгізу мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінде және мемлекеттік органдар өз қызметін цифрландыру үшін пайдаланатын өзге де тұлғалардың цифрлық объектілерінде артықшылықты құқықтары бар пайдаланушылардың іс-әрекеттері нәтижесінде туындайтын цифрлық оқиғалар журналдарын мониторингтеуді, талдауды және сақтауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
Тармақ 3
3. Цифрлық оқиғаларды журналға енгізуді жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Бап 31. 31-бап. "Электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы
31-бап. "Электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы
Тарау 5. 5-тарау.
5-тарау.
Бап 32. 32-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың түрлері
32-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың түрлері
Бап 33. 33-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың құқықтық режимі
33-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың құқықтық режимі
Бап 33-1. 33-1-бап. Цифрлық активтер айналымының құқықтық режимі
33-1-бап. Цифрлық активтер айналымының құқықтық режимі
Тармақ 1
Бап 34. 34-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
34-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
Бап 35. 35-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік
35-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік
Бап 36. 36-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар
36-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар
Тарау 6. 6-тарау.
6-тарау.
Бап 37. 37-бап. Ақпараттық жүйелердiң түрлерi
37-бап. Ақпараттық жүйелердiң түрлерi
Бап 38. 38-бап. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісіне қойылатын киберқауіпсіздік талаптары
38-бап. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісіне қойылатын киберқауіпсіздік талаптары
Тармақ 1
1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісі Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға, «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісінің өмірлік цикліне сәйкес және мыналарды:
Тармақша 1
1) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарды;
Тармақша 2
2) «цифрлық үкімет» архитектурасын, сондай-ақ деректерді басқару жөніндегі талаптарды;
Тармақша 3
3) «цифрлық үкіметтің» басқа да цифрлық объектілерімен интеграциялануын (қажет болған жағдайда);
Тармақша 4
4) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісінің Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының киберқауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауын;
Тармақша 5
5) киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің меншікті орталығын құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді немесе цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарда белгіленген көлемде (жиынтықта) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы көрсететін қызметтерді Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан сатып алуды;
Тармақша 6
6) еркін бағдарламалық қамтылымның басымдығын;
Тармақша 7
7) сыныптауышқа сәйкес сынып беруді;
Тармақша 8
8) мүмкіндігі шектеулі пайдаланушыларға қолжетімділікті қамтамасыз етуді ескере отырып құрылады, пайдаланылады және дамытылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік цифрлық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік заңды тұлғаның цифрлық жүйесі және мемлекеттік емес цифрлық жүйе Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға, цифрлық жүйенің өмірлік цикліне сәйкес және мынадай талаптар:
Тармақша 1
1) уәкілетті органмен және цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісілген техникалық тапсырманың;
Тармақша 2
2) киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижелері бар сынақ хаттамаларының;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органның цифрлық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген «цифрлық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы ғана мемлекеттік емес цифрлық жүйемен интеграциясының талаптары;
Тармақша 4
4) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптар орындалған жағдайда құрылады, пайдаланылады және дамытылады.
Тармақ 3
3. Цифрлық ресурста қамтылған ақпарат, нормативтік-техникалық құжаттама, сондай-ақ мемлекеттік органдардың цифрлық жүйесінің басқа да ілеспе құжаттары қазақ және орыс тілдерінде жасалады және сақталады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органның цифрлық жүйесінің меншік иесі немесе иегері немесе ол уәкілеттік берген тұлға киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингін жүргізу үшін оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік органның цифрлық жүйесіне Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Бап 39. 39-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту
39-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту
Бап 39-1. 39-1-бап. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйесін құру және дамыту тәртібі
39-1-бап. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйесін құру және дамыту тәртібі
Бап 40. 40-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану
40-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалану
Бап 41. 41-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануды тоқтату
41-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануды тоқтату
Бап 41-1. 41-1-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін есептен шығару
41-1-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін есептен шығару
Бап 42. 42-бап. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымының цифрлық ресурстарын өңдеу, сақтау және резервтік көшіру құралдарына қойылатын міндетті талаптар
42-бап. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымының цифрлық ресурстарын өңдеу, сақтау және резервтік көшіру құралдарына қойылатын міндетті талаптар
Тармақ 1
1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымы объектілерінің жұмыс істеу сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін цифрлық ресурстарды сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын техникалық құралдар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге міндетті.
Тармақ 2
2. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымы объектісінің меншік иесі немесе иегері, сондай-ақ «цифрлық үкімет» операторы «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымы объектілерінде қамтылған мемлекеттік цифрлық ресурстарды сақтауды жүзеге асырады және қажет болған жағдайда қалпына келтіруді қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының заңдарында және тараптардың келісімімен белгіленген тәртіппен мемлекеттік цифрлық ресурстардың жоғалуына, модификациялануына немесе сақталуын өзге де қамтамасыз етпеуге жауапты болады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік цифрлық ресурстардың резервтік көшірмесін дайындауды қамтамасыз ету «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектісінің меншік иесі мен иегері немесе «цифрлық үкімет» операторы үшін міндетті болып табылады. Мемлекеттік цифрлық ресурстарды қамтитын резервтік көшірмені жасау және сақтау тәсілі келесі резервтік көшірме жасалғанға дейін цифрлық ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекеттік цифрлық ресурстарды резервтік көшірудің мерзімділігі «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісіне арналған техникалық құжаттамада белгіленеді.
Бап 43. 43-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы
43-бап. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы
Бап 44. 44-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар
44-бап. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар
Тарау 7. 7-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ СЕРВИСТІК МОДЕЛІ
7-тарау. АҚПАРАТТАНДЫРУДЫҢ СЕРВИСТІК МОДЕЛІ
Тарау 8. 8-тарау. Киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар жүргізу, киберқауіпсіздік аудиті
8-тарау. Киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар жүргізу, киберқауіпсіздік аудиті
Бап 48. 48-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәлiметтердi (ақпаратты) құжаттандыру
48-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды және «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәлiметтердi (ақпаратты) құжаттандыру
Бап 49. 49-бап. Киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар жүргізу
49-бап. Киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар жүргізу
Тармақ 1
1. Цифрлық объектілерге киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу міндетті түрде және (немесе) меншік иесінің немесе иегердің бастамасы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне міндетті сынақтар жүргізуге жататын сынақ объектілеріне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) платформалық бағдарламалық өнім;
Тармақша 2
2) «цифрлық үкіметтің» платформасы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің интернет-ресурсы;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің цифрлық жүйесі;
Тармақша 5
5) аса маңызды цифрлық объектілер;
Тармақша 6
6) мемлекеттік цифрлық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік емес цифрлық жүйе.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру жөніндегі сервистерін пайдалану үшін мемлекеттік органның цифрлық жүйесі мен мемлекеттік емес цифрлық жүйеге киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу талап етілмейді.
Тармақ 4
4. Цифрлық объектілерге (меншік иесі (иегері) және (немесе) тапсырыс беруші мемлекеттік орган болып табылатын цифрлық объектілерді қоспағанда) киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан сынақты осы Заңға және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізеді.
Тармақ 5
5. Цифрлық объектілердің сапасын бағалау мақсатында оларға сынақ жүргізу Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Бап 50. 50-бап. Киберқауіпсіздік аудиті
50-бап. Киберқауіпсіздік аудиті
Тармақ 1
1. Цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік аудиті олардың меншік иесінің және (немесе) иегерінің бастамасы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Цифрлық объектілердің меншік иесі және (немесе) иегері ішкі аудит жүргізуге немесе киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында лицензиясы бар заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметті сатып алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Аса маңызды цифрлық объектілердің, заңмен қорғалатын құпиясы бар цифрлық деректерді өңдейтін цифрлық объектілердің иегері жылына бір реттен сиретпей киберқауіпсіздік аудитін жүргізеді. Аудит нәтижелері уәкілетті органға және Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығына жіберіледі.
Бап 51. 51-бап. Аттестаттау
51-бап. Аттестаттау
Бап 52. 52-бап. Цифрлық орта саласындағы сәйкестікті растау
52-бап. Цифрлық орта саласындағы сәйкестікті растау Цифрлық орта саласындағы сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 9. 9-тарау. Цифрлық объектілерді қорғау
9-тарау. Цифрлық объектілерді қорғау
Бап 53. 53-бап. Цифрлық объектілерді қорғау мақсаттары
53-бап. Цифрлық объектілерді қорғау мақсаттары
Тармақ 1
1. Цифрлық объектілерді сақтауға, оларға құқыққа сыйымсыз және (немесе) абайсызда қол жеткізуге және (немесе) әсер етуге жол бермеуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін іске асыру цифрлық объектілерді қорғау болып табылады.
Тармақ 2
2. Цифрлық объектілерді қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сәйкес:
Тармақша 1
1) цифрлық ресурстардың қызметін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) қолжетімділігі шектелген цифрлық ресурстардың құпиялылық режимін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) киберқауіпсіздік субъектілерінің цифрлық ресурстарға қол жеткізу құқығын іске асыру;
Тармақша 4
4) цифрлық ресурстарға қатысты санкцияланбаған және (немесе) абайсызда қол жеткізуге, таралып кетуге және өзге де әрекеттерге, сондай-ақ цифрлық инфрақұрылым объектілеріне санкцияланбаған және (немесе) абайсызда әсер етуге жол бермеу;
Тармақша 5
5) цифрлық объектілер мен аса маңызды цифрлық объектілердің жұмыс істеуінің бұзылуына жол бермеу;
Тармақша 6
6) телекоммуникация желілерінің абоненттері туралы қызметтік ақпаратқа және телекоммуникация хабарларына санкцияланбаған және (немесе) абайсызда қол жеткізуге жол бермеу;
Тармақша 7
7) телекоммуникация желілерінің абоненттік құрылғыларының жұмысын санкцияланбаған және (немесе) абайсызда бұғаттауға жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Мыналар цифрлық объектілерге қатысты өзге де санкцияланбаған және (немесе) абайсызда болған әрекеттер болып табылады:
Тармақша 1
1) цифрлық ресурстар мен цифрлық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді шектеуге немесе жабуға алып келетін әрекеттер түрінде жасалған цифрлық ресурстар мен цифрлық инфрақұрылым объектілерін бұғаттау;
Тармақша 2
2) цифрлық объектілерді санкцияланбаған және (немесе) абайсызда модификациялау;
Тармақша 3
3) цифрлық ресурстарды санкцияланбаған және (немесе) абайсызда көшіру;
Тармақша 4
4) цифрлық ресурстарды санкцияланбаған және (немесе) абайсызда жою, жоғалту;
Тармақша 5
5) цифрлық объектілердің жұмысын бұзу;
Тармақша 6
6) зиянды бағдарламаларды пайдалану.
Тармақ 4
4. Цифрлық объектілерді қорғау сыныптауышқа сәйкес берілген сыныпқа сай жүзеге асырылады.
Бап 54. 54-бап. Цифрлық объектілерді қорғауды ұйымдастыру
54-бап. Цифрлық объектілерді қорғауды ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Цифрлық объектілерді қорғауды:
Тармақша 1
1) цифрлық ресурстарға қатысты – олардың меншік иелері, иегерлері және пайдаланушылары;
Тармақша 2
2) цифрлық инфрақұрылым объектілеріне және аса маңызды цифрлық объектілерге қатысты – олардың меншік иелері немесе иегерлері жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым объектілерінің және аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иелері немесе иегерлері мыналарды:
Тармақша 1
1) санкцияланбаған қол жеткізуге жол бермеуді;
Тармақша 2
2) егер санкцияланбаған қол жеткізудің алдын алу мүмкін болмаса, мұндай санкцияланбаған қол жеткізу фактілерін уақтылы анықтауды;
Тармақша 3
3) қол жеткізу тәртібін бұзудың қолайсыз салдарын барынша азайтуды;
Тармақша 4
4) цифрлық ресурстарды өңдеу және беру құралдарына санкцияланбаған әсер етуге жол бермеуді;
Тармақша 5
5) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын, осалдықты жоюды;
Тармақша 6
6) санкцияланбаған қол жеткізу салдарынан модификацияланған не жойылған цифрлық ресурстарды жедел қалпына келтіруді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын цифрлық ресурстардың меншік иелерін және (немесе) иегерлерін қоспағанда, цифрлық деректерді кейіннен жібере отырып, орын алған киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасы туралы, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасын жою жөнінде қабылданған шаралар туралы Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығын дереу хабардар етуді;
Тармақша 8
8) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі мәселелері бойынша Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығымен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды;
Тармақша 9
9) Киберқауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілеріне және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталықтарына «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің және аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингін іске асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізу үшін аса маңызды цифрлық объектілерге қол жеткізуді беруді қамтамасыз ететін шараларды қабылдауға міндетті.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінің меншік иелері немесе иегерлері мыналарды:
Тармақша 1
1) Интернетке қолжетімділігі бар цифрлық объектілердің «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілері үшін киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасына қатысуын;
Тармақша 2
2) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілері үшін киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасы шеңберінде анықталған осалдықты жоюды;
Тармақша 3
3) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін шараларды қабылдауға міндетті.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыруға арналған мемлекеттік емес цифрлық объектілердің меншік иелері немесе иегерлері мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерімен интеграцияланғанға дейін:
Тармақша 1
1) цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 2
2) киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің меншікті орталығын құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді немесе киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы көрсететін қызметтерді Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан сатып алады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік органдарды, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, мемлекеттік заңды тұлғаларды, квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иелері немесе иегерлері аса маңызды цифрлық объектілер тізбесіне енгізілген күннен бастап алты ай ішінде:
Тармақша 1
1) киберқауіпсіздік саласына жататын, цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарға сәйкестік жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 2
2) киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің меншікті орталығын құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді немесе киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы көрсететін қызметтерді Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан сатып алады;
Тармақша 3
3) киберқауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар рәсімінен өтеді;
Тармақша 4
4) жүргізілген киберқауіпсіздік аудиті жөніндегі ақпаратты киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға береді.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде интернет-ресурстар мен цифрлық инфрақұрылым объектілерін басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бап 54-1. 54-1-бап. Цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптар
54-1-бап. Цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптар
Тармақ 1
1. Цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Тармақ 2
2. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласына жататын, цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың ережелері мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерімен интеграцияланатын немесе мемлекеттік цифрлық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес цифрлық объектілердің меншік иелері мен иегерлерінің, сондай-ақ аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иелері мен иегерлерінің қолдануы үшін міндетті.
Тармақ 3
3. Цифрландыру және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың ережелері мемлекеттік құпияларға жатқызылған қорғалған түрде орындалған цифрлық жүйелерге, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын цифрлық объектілерге, сондай-ақ арнаулы мақсаттағы телекоммуникациялар желісіне және (немесе) президенттік, үкіметтік және қорғалған байланыс желілеріне қолданылмайды.
Бап 55. 55-бап. Цифрлық объектілерді қорғау шаралары
55-бап. Цифрлық объектілерді қорғау шаралары
Тармақ 1
1. Цифрлық объектілерді қорғаудың құқықтық шараларына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын цифрландыру саласындағы стандарттар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының цифрландыру заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;
Тармақша 3
3) цифрлық объектілердің меншiк иесi немесе иегері жасасатын, оларда осы объектілердің жұмыс істеу, оларға қол жеткiзу немесе оларды пайдалану шарттары, сондай-ақ оларды бұзғаны үшiн жауаптылық белгіленетін келісімдер.
Тармақ 2
2. Цифрлық объектілерді қорғаудың ұйымдастырушылық шараларына цифрлық объектілерге қол жеткізу жүзеге асырылуы мүмкін аумаққа (ғимараттарға, үй-жайларға) кіру режимін белгілеу және қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға қол жеткізуді шектеу жатады.
Тармақ 3
3. Цифрлық объектілерді қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларына мыналар жатады:
Тармақша 1
1) ақпаратты қорғау құралдарын пайдалану, ал мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген, дайындалған және (немесе) пайдалануға қабылданып алынған, мемлекеттік құпияларды құрайтын ақпаратты қорғау құралдарын қолдана отырып қана пайдалану;
Тармақша 2
2) цифрлық объектілерге қол жеткізуді бақылау және қол жеткізу фактілерін тіркеу жүйесін пайдалану;
Тармақша 3
3) цифрлық объектілердің меншік иелерінің немесе иегерлерінің қорғау шараларын айқындауы үшін бекітілген қорғау бейіндерінің негізінде қауіпсіздік жөніндегі тапсырманы әзірлеу.
Тармақ 4
4. Цифрлық объектілерді қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын пайдалану жеке тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкіне және мемлекеттік мүлікке зиян келтірмеуге немесе зиян келтіру қатерін туғызбауға тиіс.
Бап 56. 56-бап. Дербес деректерді қамтитын цифрлық ресурстарды қорғау
56-бап. Дербес деректерді қамтитын цифрлық ресурстарды қорғау Дербес деректерді қамтитын цифрлық жүйелердің меншік иелері және иеленушілері, дербес деректерді қамтитын базаның меншік иесі және (немесе) операторы, сондай-ақ үшінші тұлғалар осы Заңға және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес оларды қорғау бойынша шараларды қолдануға міндетті. Бұл міндет дербес деректерді қамтитын цифрлық ресурстар алынған немесе дербес деректер жиналған кезден бастап және олар жойылғанға не иесіздендірілгенге дейін туындайды.
Бап 56-1. 56-1-бап. Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігінде домендiк аттарды қорғау
56-1-бап. Интернеттің қазақстандық сегментiнің кеңістігінде домендiк аттарды қорғау
Тармақ 1
1. .KZ және (немесе) .ҚАЗ домендік аттармен тіркелген интернет-ресурс Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде орналастырылады.
Тармақ 2
2. Интернет-ресурстармен деректерді беру кезінде Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде .KZ және (немесе) .ҚАЗ домендік аттарды пайдалану қауіпсіздік сертификаттарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Бөлім 3. 3-БӨЛІМ.
3-БӨЛІМ.
Тарау 10. 10-тарау.
10-тарау.
Бап 57. 57-бап. Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытындылар
57-бап. Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытындылар
Бап 58. 58-бап. Бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе қаржылық-экономикалық негіздемесіне ақпараттандыру саласындағы сараптаманың қорытындысы
58-бап. Бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе қаржылық-экономикалық негіздемесіне ақпараттандыру саласындағы сараптаманың қорытындысы
Бап 59. 59-бап. Цифрлық орта және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы техникалық құжаттаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша құжаттаманы келісу
59-бап. Цифрлық орта және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы техникалық құжаттаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша құжаттаманы келісу
Тармақ 1
1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманы келісуді киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган цифрландыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырады.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес цифрландыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергілікті жобалары шеңберінде «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін құру және дамыту кезінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды келіседі.
Бап 60. 60-бап. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарына уәкілетті органның қорытындысы
60-бап. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисаптарына уәкілетті органның қорытындысы
Тарау 10-1. 10-1-тарау. Цифрландыру саласындағы, сондай-ақ электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау
10-1-тарау. Цифрландыру саласындағы, сондай-ақ электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау
Бап 60-1. 60-1-бап. Цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылау
60-1-бап. Цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексерулер, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік органдарға қатысты цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылау осы Заңның 60-3-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның құрылымына кіретін ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қолданылмайды.
Бап 60-2. 60-2-бап. Цифрландыру саласында бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
60-2-бап. Цифрландыру саласында бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
Тармақ 1
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай, цифрлық жүйелерді, ашық дереккөздерді, бұқаралық ақпарат құралдарын талдаудың және олардың деректерінің, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтердің негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын бақылау субъектісіне беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
Тармақ 3
3. Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жоюға болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, оларды жою туралы ұсыным жасалады.
Тармақ 5
5. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Тармақ 6
6. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) қолма-қол – ұсынымда алғаны туралы белгі жасалған күннен бастап;
Тармақша 2
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
Тармақша 3
3) электрондық тәсілмен – уәкілетті органның сұрау салуы кезінде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Тармақ 7
7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
Тармақ 8
8. Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Тармақ 9
9. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізіміне енгізуге алып келеді.
Тармақ 10
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Бап 60-3. 60-3-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты цифрландыру саласында мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі
60-3-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты цифрландыру саласында мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдарға (бұдан әрі – тексерілетін мемлекеттік органдар) қатысты цифрландыру саласында мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган тексерулер нысанында жүргізеді. Тексерулер мерзімдік және жоспардан тыс болып бөлінеді. Тексерілетін мемлекеттік органдарға қатысты мерзімдік тексерулер мынадай ақпарат көздеріне:
Тармақша 1
1) алдыңғы тексерулердің нәтижелеріне;
Тармақша 2
2) есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелеріне;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын талдау нәтижелеріне;
Тармақша 4
4) мемлекеттік техникалық қызмет мәліметтеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мерзімдік тексерулер киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына сәйкес жылына бір реттен жиі болмайтын кезеңділікпен жүргізіледі. Уәкілетті орган мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарын тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді. Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспары уәкілетті органның интернет-ресурсында тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей орналастырылады. Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарында мыналар қамтылады:
Тармақша 1
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексерілетін мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 4
4) тексерілетін мемлекеттік органның тұрған жері;
Тармақша 5
5) тексеру жүргізу мерзімдері;
Тармақша 6
6) тексерудің нысанасы;
Тармақша 7
7) жоспарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы. Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін мемлекеттік орган таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген немесе өкілеттіктері тексерілетін мемлекеттік органдар арасында қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган мынадай:
Тармақша 1
1) тексерілетін мемлекеттік органға қатысты жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен, Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы туралы расталған жолданымдар болған;
Тармақша 2
2) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жеке және заңды тұлғалар жүгінген;
Тармақша 3
3) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокурор талап еткен;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ жойылмауы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуының нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдар жүгінген;
Тармақша 5
5) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы болған;
Тармақша 6
6) тексеру нәтижелері туралы актінің орындалуына бақылау жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексерудің нысанасына сәйкес тексерілетін мемлекеттік органның аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
Тармақша 2
2) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін тексерудің нысанасына сәйкес қағаз және цифрлық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) рұқсат алуға;
Тармақша 3
3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Тексерілетін мемлекеттік орган не оның уәкілетті өкілі тексеру жүргізілген кезде:
Тармақша 1
1)  уәкілетті органның тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын: осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (ұзарту туралы қосымша акт болған кезде онда) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен; осы баптың 8-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
Тармақша 2
2) тексеру нәтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Тармақ 6
6. Тексерілетін мемлекеттік орган не оның уәкілетті өкілі тексеру жүргізілген кезде:
Тармақша 1
1)  уәкілетті органның лауазымды адамдарының аумаққа және үй-жайларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін тексерудің нысанасына сәйкес қағаз және цифрлық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) рұқсат беруге;
Тармақша 3
3) тексеруді тағайындау туралы актінің және тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына тексеру аяқталған күні белгі жасауға міндетті.
Тармақ 7
7. Тексеру тексеруді тағайындау туралы акт негізінде жүргізіледі. Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) актінің күні мен нөмірі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі тексерілген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы мен тұрған жері көрсетіледі;
Тармақша 6
6) тексерудің нысанасы;
Тармақша 7
7) тексеру түрі;
Тармақша 8
8) тексеру жүргізу мерзімі;
Тармақша 9
9) тексеру жүргізу негіздері;
Тармақша 10
10) тексерілетін кезең;
Тармақша 11
11) тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 12
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
Тармақша 13
13) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы. Тексеру жүргізу кезінде уәкілетті орган тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын тексерілетін мемлекеттік органды тексеру жүргізудің басталатыны туралы хабардар етуге міндетті. Тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Уәкілетті органның объектіге тексеруге келген лауазымды адамдары тексерілетін мемлекеттік органға:
Тармақша 1
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
Тармақша 2
2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын;
Тармақша 3
3) қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын көрсетуге міндетті.
Тармақ 9
9. Тексеру жүргізу мерзімі тексерудің нысанасы, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді және он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексеру жүргізу мерзімі он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Ұзарту уәкілетті орган басшысының шешімімен жүзеге асырылады. Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін мемлекеттік орган хабардар етіле отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы акт бұйрығының күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі. Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны уәкілетті орган табыс етілгені туралы хабарламамен тексерілетін мемлекеттік органға ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
Тармақ 10
10. Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдары тексеру нәтижелері туралы акт жасайды. Тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыретi шегiнде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органға, екінші данасы тексерілетін мемлекеттік органда түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен бірге танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар мен басқа да әрекеттер қабылдау үшін қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе электрондық нысанда тексерілетін мемлекеттік органға (басшысына не оның уәкілетті адамына) табыс етіледі, үшінші данасы уәкілетті органда қалады.
Тармақ 11
11. Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеруді тағайындау туралы актінің (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде оның) күні мен нөмірі;
Тармақша 4
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
Тармақша 7
7) тексерудің нысанасы;
Тармақша 8
8) тексеру түрі;
Тармақша 9
9) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;
Тармақша 10
10) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар және олардың сипаты туралы мәліметтер;
Тармақша 11
11) орындалу мерзімі көрсетілген, Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы талаптар;
Тармақша 12
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уәкілетті адамының, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба;
Тармақша 13
13) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы. Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттар (олар болған кезде) және олардың көшірмелері қоса беріледі.
Тармақ 12
12. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерілетін мемлекеттік орган оларды жазбаша түрде жазады. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады. Уәкілетті орган тексерілетін мемлекеттік органның тексеру нәтижелері туралы актіге ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарауға және он бес жұмыс күні ішінде уәжді жауап беруге тиіс. Тексеру нәтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар және тексерілетін мемлекеттік органның басшысы не оның уәкілетті өкілі қол қояды. Тексерілетін мемлекеттік орган бас тарту себебі туралы жазбаша түсіндірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.
Тармақ 13
13. Тексеру нәтижелері туралы акт тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
Тармақ 14
14. Тексеру нәтижелері туралы актінің орындалу мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.
Тармақ 15
15. Тексеру нәтижелері туралы актінің орындалу мерзімдерін айқындау кезінде:
Тармақша 1
1) тексерілетін мемлекеттік органда бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктердің болуы;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндетті қорытындыларды, келісулерді және басқа да құжаттарды алу мерзімдері ескеріледі.
Тармақ 16
16. Тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерілетін мемлекеттік орган тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген мерзім ішінде уәкілетті органға растайтын құжаттармен бірге анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті. Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілмеген жағдайда уәкілетті орган осы баптың 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
Тармақ 17
17. Тексеруді жүзеге асыру кезінде тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін мемлекеттік орган уәкілетті органның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.
Бап 60-4. 60-4-бап. Электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау
60-4-бап. Электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдарға қатысты электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. Осы тармақтың талабы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның құрылымына кіретін ұйымдарға және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қолданылмайды.
Бап 60-5. 60-5-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі
60-5-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдарға (бұдан әрі – бақылау субъектілері) қатысты электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган тексерулер нысанында жүргізеді. Тексерулер мерзімдік және жоспардан тыс болып бөлінеді. Бақылау субъектілеріне қатысты мерзімдік тексерулер мынадай ақпарат көздеріне:
Тармақша 1
1) алдыңғы тексерулердің нәтижелеріне;
Тармақша 2
2) есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелеріне;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын талдау нәтижелеріне;
Тармақша 4
4) «цифрлық үкімет» операторының мәліметтеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мерзімдік тексерулер уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына сәйкес жылына бір реттен жиі болмайтын кезеңділікпен жүргізіледі. Уәкілетті орган мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарын тексерулер жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді. Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспары уәкілетті органның интернет-ресурсында тексерулер жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей орналастырылады. Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарында мыналар қамтылады:
Тармақша 1
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) бақылау субъектісінің атауы;
Тармақша 4
4) бақылау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері;
Тармақша 5
5) тексеру жүргізу мерзімдері;
Тармақша 6
6) тексерудің нысанасы;
Тармақша 7
7) жоспарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы. Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектісі таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген немесе өкілеттіктері бақылау субъектілері арасында қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган мынадай:
Тармақша 1
1) бақылау субъектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен, Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасы талаптарының бұзылуы туралы расталған жолданымдар болған;
Тармақша 2
2) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жеке және заңды тұлғалар жүгінген;
Тармақша 3
3) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокурор талап еткен;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ жойылмауы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуының нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдар жүгінген;
Тармақша 5
5) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы болған;
Тармақша 6
6) тексеру нәтижелері туралы актінің орындалуына бақылау жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексерудің нысанасына сәйкес бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
Тармақша 2
2) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін тексерудің нысанасына сәйкес қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) рұқсат алуға;
Тармақша 3
3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын: осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде онда) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен; осы баптың 8-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
Тармақша 2
2) тексеру нәтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Тармақ 6
6. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
Тармақша 1
1) уәкілетті органның лауазымды адамдарының бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін тексерудің нысанасына сәйкес қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) рұқсат беруге;
Тармақша 3
3) тексеруді тағайындау туралы актінің және тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына тексеру аяқталған күні белгі жасауға міндетті.
Тармақ 7
7. Тексеру тексеруді тағайындау туралы акт негізінде жүргізіледі. Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) актінің күні мен нөмірі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі тексерілген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы мен тұрған жері көрсетіледі;
Тармақша 6
6) тексерудің нысанасы;
Тармақша 7
7) тексеру түрі;
Тармақша 8
8) тексеру жүргізу мерзімі;
Тармақша 9
9) тексеру жүргізу негіздері;
Тармақша 10
10) тексерілетін кезең;
Тармақша 11
11) бақылау субъектісінің құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 12
12) бақылау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
Тармақша 13
13) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы. Тексеру жүргізу кезінде уәкілетті орган тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын бақылау субъектісін тексеру жүргізудің басталатыны туралы хабардар етуге міндетті. Бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Уәкілетті органның объектіге тексеруге келген лауазымды адамдары бақылау субъектісіне:
Тармақша 1
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
Тармақша 2
2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын;
Тармақша 3
3) қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын көрсетуге міндетті.
Тармақ 9
9. Тексеру жүргізу мерзімі тексерудің нысанасы, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді және он жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексеру жүргізу мерзімі он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Ұзарту уәкілетті орган басшысының шешімімен жүзеге асырылады. Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту бақылау субъектісі хабардар етіле отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы акт бұйрығының күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі. Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны уәкілетті орган табыс етілгені туралы хабарламамен бақылау субъектісіне ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
Тармақ 10
10. Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдары тексеру нәтижелері туралы акт жасайды. Тексеру нәтижелері туралы актінің бірінші данасы цифрлық нысанда өз құзыретi шегiнде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органға, екінші данасы бақылау субъектісінде түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен бірге танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар мен басқа да әрекеттер қабылдау үшін қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе цифрлық нысанда бақылау субъектісіне (басшысына не оның уәкілетті адамына) табыс етіледі, үшінші данасы уәкілетті органда қалады.
Тармақ 11
11. Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органның атауы;
Тармақша 3
3) тексеруді тағайындау туралы актінің (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде оның) күні мен нөмірі;
Тармақша 4
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері;
Тармақша 7
7) тексерудің нысанасы;
Тармақша 8
8) тексеру түрі;
Тармақша 9
9) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;
Тармақша 10
10) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар және олардың сипаты туралы мәліметтер;
Тармақша 11
11) орындалу мерзімі көрсетілген, Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы талаптар;
Тармақша 12
12) бақылау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба;
Тармақша 13
13) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы. Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттар (олар болған кезде) және олардың көшірмелері қоса беріледі.
Тармақ 12
12. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда бақылау субъектісі оларды жазбаша түрде жазады. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады. Уәкілетті орган бақылау субъектісінің тексеру нәтижелері туралы актіге ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарауға және он бес жұмыс күні ішінде уәжді жауап беруге тиіс. Тексеру нәтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар және бақылау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті өкілі қол қояды. Бақылау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсіндірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.
Тармақ 13
13. Тексеру нәтижелері туралы акт бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
Тармақ 14
14. Тексеру нәтижелері туралы актінің орындалу мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.
Тармақ 15
15. Тексеру нәтижелері туралы актінің орындалу мерзімдерін айқындау кезінде:
Тармақша 1
1) бақылау субъектісінде бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктердің болуы;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндетті қорытындыларды, келісулерді және басқа да құжаттарды алу мерзімдері ескеріледі.
Тармақ 16
16. Тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген мерзім ішінде уәкілетті органға растайтын құжаттармен бірге анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті. Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілмеген жағдайда уәкілетті орган осы баптың 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
Тармақ 17
17. Тексеруді жүзеге асыру кезінде бақылау субъектісінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда бақылау субъектісі уәкілетті органның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.
Тарау 11. 11-тарау. Киберқауіпсіздік саласын дамыту және осы саладағы халықаралық ынтымақтастық
11-тарау. Киберқауіпсіздік саласын дамыту және осы саладағы халықаралық ынтымақтастық
Бап 61. 61-бап. Киберқауіпсіздік саласын дамытуды мемлекеттік қолдау
61-бап. Киберқауіпсіздік саласын дамытуды мемлекеттік қолдау
Тармақ 1
1. Киберқауіпсіздік саласын дамытуды мемлекеттік қолдауды Қазақстан Республикасында киберқауіпсіздік саласын дамытуды ынталандыру мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдар, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты және басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты өз қызметін осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Киберқауіпсіздік саласын дамытуды мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидаттары:
Тармақша 1
1) киберқауіпсіздік саласын жеке кәсіпкерлік және мемлекеттік-жекешелік әріптестік базасында дамыту;
Тармақша 2
2) киберқауіпсіздікті әзірлеуге тапсырыстар алу кезінде отандық заңды тұлғаларға басымдық беру;
Тармақша 3
3) отандық бағдарламалық қамтылым, бағдарламалық өнімдер өндірісін және техникалық құралдар өндірісін дамытуды ынталандыру;
Тармақша 4
4) киберқауіпсіздік нарығының құрылымын дамыту;
Тармақша 5
5) киберқауіпсіздік нарығында адал бәсекелестікті қолдау.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік қолдау қағидаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген шаралардан басқа, мыналар киберқауіпсіздік саласын дамыту жөніндегі шаралар болып табылады:
Тармақша 1
1) киберқауіпсіздік саласындағы қызметтің нормативтік-әдіснамалық базасын қалыптастыру және дамыту, оның ішінде халықаралық стандарттарды ендіру;
Тармақша 2
2) киберқауіпсіздік саласындағы жобаларды қаржыландыру;
Тармақша 3
3) киберқауіпсіздік саласындағы жобаларды венчурлік және өзге де бюджеттен тыс өтеулі қаржыландыру үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 4
4) заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу, заңды тұлғаларды, оның ішінде шет елдердің қатысумен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен құру арқылы киберқауіпсіздік саласындағы жобаларға инвестицияларды жүзеге асыру.
Бап 62. 62-бап. Цифрлық технологиялар саласын кадрлық және ғылыми қамтамасыз ету
62-бап. Цифрлық технологиялар саласын кадрлық және ғылыми қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Мемлекет цифрлық технологиялар саласындағы мамандықтар бойынша техникалық, кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында даярлау және қайта даярлау үшін жағдайлар жасайды.
Тармақ 2
2. Ұйымдар, ұлттық компаниялар, олардың үлестес тұлғалары цифрлық технологиялар саласындағы мамандықтар бойынша кәсіптік, техникалық, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылар үшін практика базасы ретінде әрекет етеді.
Тармақ 3
3. Цифрлық технологиялар саласын ғылыми қамтамасыз ету цифрлық технологиялар саласындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік қолдау арқылы, оның ішінде технологияларды коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 12. 12-тарау.
12-тарау.
Бап 63. 63-бап. Киберқауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастық
63-бап. Киберқауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарына және заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының цифрлық орта субъектілері халықаралық ұйымдар мен бірлестіктерге кіруге, халықаралық және шетелдік жобалар мен бағдарламаларға қатысуға құқылы. Мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша киберқауіпсіздік саласында шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Киберқауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастық:
Тармақша 1
1) шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қатысу;
Тармақша 2
2) цифрлық технологияларды қолдана отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы халықаралық (мемлекетаралық) ақпараттық өзара іс-қимылдың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға көмек көрсету;
Тармақша 3
3) цифрлық технологияларды дамытуды қамтамасыз ету бойынша шетелдік заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ кадрлық даму және ғылыми ынтымақтастық;
Тармақша 4
4) цифрлық технологиялардың дамуына шетелдік заңды тұлғалармен және халықаралық ұйымдармен бірлесіп ұдайы негізде мониторинг және болжау жүргізу;
Тармақша 5
5) цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу, сондай-ақ мемлекеттің цифрлық инфрақұрылымына қол сұғатын және мемлекеттік қызметтің саяси, экономикалық, әлеуметтік және өзге салаларын бұзатын әрекеттерге тыйым белгілеу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасында және шетелде семинарлар, конференциялар және тренингтер өткізу;
Тармақша 7
7) цифрлық технологияларды адамға, қоғамға және мемлекетке зиян келтіру тұрғысынан пайдалануға өзара түсіністік негізінде тыйым белгілеу;
Тармақша 8
8) киберқауіпсіздік саласындағы жобаларды шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен, шетелдік заңды тұлғалармен, шетелдік қоғамдық ұйымдармен және қорлармен бірлесіп қаржыландыру және іске асыру нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Цифрлық технологияларды дамыту, институттық қамтамасыз ету және тәжірибе мен білім алмасу мәселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастық шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, халықаралық ұйымдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылады.
Тарау 13. 13-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
13-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 64. 64-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау
64-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылау
Бап 64-1. 64-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
64-1-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
Бап 64-2. 64-2-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі
64-2-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі
Бап 65. 65-бап. Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
65-бап. Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Бап 66. 66-бап. Өтпелі ережелер
66-бап. Өтпелі ережелер
Бап 67. 67-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
67-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. "Ақпараттандыру туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат) күші жойылды деп танылсын.